Об установлении ограничительных мероприятий в селе Косбармак Күшін жойған
Басқа 0
Қосбармақ ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Атбасар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2021 жылғы 20 қазандағы № 01-28-351 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Атбасар ауданы Ақан Құрманов ауылдық округінің Қосбармақ ауылы аумағында ірі қара малда инфекциялық ринотрахеит ошағының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.