О передаче полезащитных лесных полос в Государственный лесной фонд Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.06.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алқап қорғайтын тоғай белдеулерді мемлекеттік орман қорына беру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2007 жылғы 10 қаңтардағы № 31 шешімімен. Агроөнеркәсiп кешенi шаруашылықтарын реформалауға, алқап қорғайтын тоғай белдеулердiң күтiмiне шаруашылық бақылаудың жоқтығына байланысты, сондай-ақ тоғай белдеулердiң жаппай кесiлiп жатқанын ескерiп "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының 12-бабына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Бұрынғы кеңшарлар мен ұжымшарлардың аумағында орналасқан, жалпы алаңы 8458 га алқап қорғайтын тоғай белдеулер Мемлекеттiк орман қорына N 1 қосымшаға сәйкес өтеусiз берiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитет (Соловьев В.В.) пен облыстық орман, аң аулау және балық шаруашылығы басқармасы (Қалмақов А.Г.) есеп жүргiзу құжаттамасына тиiстi өзгерiстер енгiзсiн.
Тармақ 3
3. Орман, аң аулау және балық шаруашылығы басқармасы тоғай белдеулердi түгендеуден өткiзсiн, алқап қорғайтын тоғай белдеулердегi екпе ағаштарды бақылауды, күзетудi және үдемелi өсiрудi қамтамасыз етсiн.
Басқа 4
Облыс әкiмiнiң 1998 жылғы 05 маусымдағы N 534/52 шешiмiне N 1 қосымша Шығыс Қазақстан жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетiнiң төрағасы В.Соловьев