Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шектеу іс шараларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37- бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2021 жылғы 3 қарашадағы № 1448 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Күршім ауданы Балықшы ауылдық округіне қарасты Жолнұсқау ауылының ірі қара мүйізді малдары арасында сарып ауруының пайда болуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Балықшы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.