Об утверждении Правил применения минимального уровня цен в отношении отдельных видов товаров, импортируемых с территории государств-членов Евразийского экономического союза на территорию Республики Казахстан для определения стоимости приобретенных товаров Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Сатып алынған тауарлардың құнын айқындау үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейін қолдану қағидаларын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 444-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берілген Сатып алынған тауарлардың құнын айқындау үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейін қолдану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, ресми жариялануға тиіс және 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданылады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 0. Сатып алынған тауарлардың құнын айқындау үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейін қолдану қағидалары
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция
министрінің м.а.
2021 жылғы 16 қарашадағы
№ 594-НҚ
бұйрыққа қосымша
Сатып алынған тауарлардың құнын айқындау үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейін қолдану қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Сатып алынған тауарлардың құнын айқындау үшін Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейін қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) тізбесі «Өздеріне қатысты ең төмен бағалар деңгейі қолданылатын жекелеген тауарлар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 882 қаулысымен бекітілетін тауарлардың (бұдан әрі – Тізбе) жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейін (бұдан әрі – БТД) қолдану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – сауда саясатын қалыптастыратын және сауда қызметі саласында басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 2
2) мемлекеттік кірістер органы – өз құзыреті шегінде бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган;
Тармақша 3
3) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган - өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 4
4) тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған, айналымнан алынбаған кез келген еңбек өнiмi.
Тармақ 3
3. ЕАЭО мүше-мемлекеттер аумағынан тауарларды әкелу кезінде импорттаушы «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19897 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша толтырылған тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштерде (бұдан әрі – Өтініш) БТД белгіленген өлшемінен төмен құн көрсетсе, мемлекеттік кірістер органы қосылған құн салығын есептеу үшін БТД қолданады.
Тарау 2. 2-тарау. Сатып алынған тауарлардың құнын айқындау үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейін қолдану тәртібі
2-тарау. Сатып алынған тауарлардың құнын айқындау үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейін қолдану тәртібі
Тармақ 4
4. Салық төлеуші (салық агенті) не оның заңды немесе уәкілетті өкілі (бұдан әрі – өкіл) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу кезінде мемлекеттік кірістер органдарына қағаз жеткізгіште (төрт данада) немесе тек электрондық нысанда, лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтініш береді.
Тармақ 5
5. ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлар бойынша ҚҚС есептеу және төлеу тәртібі Кодекстің 456-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Егер импорттаушы мәлімдеген тауардың құны БТД-ның белгіленген мөлшерінен төмен болса, онда ҚҚС есептеу БТД-да көзделген құннан жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган жыл сайын 15 (он бесінші) наурыздан, 15 (он бесінші) маусымнан, 15 (он бесінші) қыркүйектен және 15 (он бесінші) желтоқсаннан кешіктірмей тауардың әрбір түріне БТД-ны есептейді және өзінің ресми интернет-ресурсында жариялайды.
Тармақ 7
7. БТД әрбір тауарға мынадай формула бойынша есептеледі:
Тармақша 1
1) Тізбенің 1-бөліміне:
БТД = (ОБӨК + ОҚЕАЭО) / 2
мұнда:
ОБӨК – осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес берілген деректерге сәйкес есептелген өндіруші кәсіпорындардың орташа бағасы;
ОҚЕАЭО – осы Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілген деректерге сәйкес есептелген, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына әкелінген тауарлардың орташа құны;
Тармақша 2
2) Тізбенің 2-бөліміне:
БТД = (ОМБА + ОҚЕАЭО) / 2
мұнда:
ОМБА – осы Қағидалардың 9-тармағының 2) тармақшасына сәйкес берілген деректерге сәйкес есептелген бағалық ақпараттың орташа мәні;
ОҚЕАЭО – осы Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілген деректерге сәйкес есептелген, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына әкелінген тауарлардың орташа құны.
Тармақ 8
8. Уәкілетті орган жыл сайын 28 (жиырма сегізінші) ақпанға, 31 (отыз бірінші) мамырға, 31 (отыз бірінші) тамызға дейін және 30 (отызыншы) қарашаға дейін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан Тізбенің 1-бөлімінде көрсетілген әрбір тауарға қатысты ақпарат ұсынылған айдың алдындағы 3 (үш) ай үшін тауарларға өндіруші-кәсіпорындардың орташа бағаларын сұратады.
Өндіруші-кәсіпорын орташа бағалары тауардың өлшем бірлігі үшін теңгемен ұсынылады.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік кіріс органы жыл сайын 28 (жиырма сегізінші) ақпанға, 31 (отыз бірінші) мамырға, 31 (отыз бірінші) тамызға дейін және 30 (отызыншы) қарашаға дейін уәкілетті органға:
Тармақша 1
1) Тізбеде көрсетілген әрбір тауарға қатысты ақпаратты ұсыну айының алдындағы 3 (үш) ай үшін Өтініштерде көрсетілген, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына әкелінген тауарлардың орташа құны туралы;
Тармақша 2
2) Тізбенің 2-бөлімінде көрсетілген әрбір тауарға қатысты ақпаратты ұсыну айының алдындағы 3 (үш) ай үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 414 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22669 болып тіркелген) бекітілген Тауарлардың кедендік құнын бақылау кезінде пайдаланылатын бағалық ақпаратты қалыптастыру әдістемесіне сәйкес мемлекеттік кіріс органының ресми сайтында жарияланған бағалық ақпараттың ең төменгі мәні туралы ақпаратты ұсынады.
Әкелінетін тауарлардың орташа құны және бағалық ақпараттың ең төменгі мәні туралы ақпарат ЕАЭО Сыртқы экономикалық қызметі Тауарлар номенкулатурасы кодының 10 (он) белгісі деңгейінде тауардың әрбір түрі бойынша тауардың өлшем бірлігі үшін теңгемен ұсынылады.
Тармақ 10
10. БТД жыл сайын 1 (бірінші) қаңтар мен 31 (отыз бірінші) наурыз, 1 (бірінші) сәуір мен 30 (отызыншы) маусым, 1 (бірінші) шілде мен 30 (отызыншы) қыркүйек және 1 (бірінші) қазан мен 31 (отыз бірінші) желтоқсан аралығындағы кезеңде қолданылады.