Об учреждении Грамоты Восточно-Казахстанской области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысының Грамотасын белгілеу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2007 жылғы 20 мамырдағы № 1178 шешімімен. Азаматтардың еңбек, творчестволық және қоғамдық белсендiлiгiн арттыру, олардың облысты экономикалық, әлеуметтiк дамытуда сiңiрген еңбегi мен жетiстiктерiн көтермелеу мақсатында және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2676 Заң күшi бар Жарлығына, сондай-ақ облыстық Мәслихаттың 1998 жылғы 30 маусымдағы ХVII сессиясының N 17/4 шешiмiне сәйкес ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысының Грамотасы белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысының Грамотасы туралы Ереже бекiтiлсiн (қоса берiлуде).
Тармақ 3
3. <*> 📌 Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2002.05.20. N 1178 шешімімен.
Тармақ 2002.05.20
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы басқармасы Грамоталарды әзiрлеуге шығындарды көздесiн. 📌 Ескерту. 4-тармақ өзгертілді - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2000.12.12. N 958 шешімімен.
Тармақ 2000.12.12
Басқа 7. Шығыс Қазақстан облысының Грамотасы туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң 1998 жылғы 22 шiлдедегi N 550 шешiмiне N 1 қосымша Шығыс Қазақстан облысының Грамотасы туралы ЕРЕЖЕ Шығыс Қазақстан облысының Грамотасымен марапаттау моральдық ынталандырулардың бiрi, марапатталғандардың ерекше сiңiрген еңбектерiн, олардың қабілеттерiн, дарындылығы мен инициативасын қоғамдық танудың белгiсi болып табылады.
Тармақ i. I тармақ
I тармақ Негiзгi ерекшелiктер
Тармақ 1
1. Грамотаны Шығыс Қазақстан облысының әкiмi белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Экономиканы, шағын және орташа бизнестi, әлеуметтiк саланы, ғылымды, мәдениеттi, бiлiмдi дамытуға едәуiр үлес қосқан азаматтар, үлгiлi құқық қорғау және әскери қызметi, белсендi мемлекеттiк және қоғамдық қызмет үшiн сiңiрген еңбектерiн тану ретiнде Грамотамен марапатталады. Грамотамен марапаттау "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2676  Заң күшi бар Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Халықтар арасында мәдени байланыстарды, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететiн гастрольдық сапарлардың қорытындылары бойынша творчестволық ұжымдар Грамотамен марапатталады.
Тармақ 4
4. Грамотамен екiншi рет марапаттау тек ерекше жағдайда жүргiзiледi.
Тармақ 5
5. Грамотамен марапаттау мәселелерiн облыс әкiмi жанында құрылған комиссия қарайды. Комиссия құрамын облыс әкiмi бекiтедi.
Тармақ 6
6. Грамотаға облыс әкiмi және облыстық Мәслихаттың хатшысы қол қояды.
Тармақ 7
7. <*> 📌 Ескерту. 7-тармақ алып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2000.12.12. N 958 шешімімен.
Тармақ 2000.12.12
Тарау ii. II тарау
II тарау Шығыс Қазақстан облысының Грамотасымен марапаттауға ұсыныс жасау тәртiбi
Тармақ 1
1. Марапаттау үшiн кандидатураларды меншiктiң барлық нысандарындағы кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң ұжымдары қарайды және ұсынады.
Тармақ 2
2. Ұжымның өтiнiшi және марапатталатынның сiңiрген еңбегi мен жетiстiктерiн дәлелдi баяндаған, ұжым басшылығы қол қойған және мөрмен расталған мiнездеме қарау үшiн қала немесе аудан әкiмiнiң аппаратына жiберiледi, ол жоғарыда тұрған органға ұсыныс әзiрлейдi. Марапаттау туралы өтiнiштiң нәтижелерi туралы облыс әкiмi аппаратының басшысы кандидатураны ұсынған органға хабарлайды.
Тармақ 3
3. Шығыс Қазақстан облысының Грамотасымен марапаттау туралы құжаттар мазмұны облыстық, қалалық және аудандық газеттерде жарияланады.
Тарау iii. III тарау
III тарау Шығыс Қазақстан облысының Грамотасын тапсыру тәртiбi туралы
Тармақ 1
1. Грамотаны облыс әкiмi немесе облыстық Мәслихат хатшысы салтанатты жағдайда және жариялы түрде тапсырады. Грамотаны облыс әкiмiнiң тапсырмасы бойынша мыналар тапсыра алады: - облыс әкiмiнiң орынбасарлары; - облыс әкiмiнiң аппарат басшысы, оның орынбасары; - облыстық марапаттау комиссиясының мүшелерi; - қалалар мен аудандардың әкiмдерi; - жеке жағдайларда комитеттердiң, басқармалар мен қоғамдық ұйымдардың басшылары; - әскери қызметшiлерге - әскери бөлiмдер мен бөлiмшелердiң командирлерi. Шығыс Қазақстан облысы әкiмi аппаратының басшысы Т.Ибраев
Басқа 23
Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң 1998 жылғы 22 шiлдедегi N 550 шешiмiне N 2 қосымша 📌 Ескерту. N 2 қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2000.12.12. N 958 шешімімен.
Тармақ 2000.12.12. Шығыс Қазақстан облысының әкiмi жанындағы марапаттау комиссиясының
Шығыс Қазақстан облысының әкiмi жанындағы марапаттау комиссиясының ҚҰРАМЫ Шығыс Қазақстан облысы әкiмi аппаратының басшысы Т.Ибраев