Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление ветеринарии акимата Костанайской области» Қолданыста
Басқа 0
«Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрде көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін, жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Қостанай облысы әкімдігінің
2021 жылғы 15 қарашадағы
№ 518 қаулысымен
бекітілген
«Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарманың осы Ережеге қосымшада көрсетілген ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.
Тармақ 3
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Басқарманың, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Басқарма өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, О. Шипин көшесі, 153/3-үй.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттер:
Тармақша 1
1) жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;
Тармақша 2
2) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де міндеттер.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктер:
Тармақша 1
1) құқықтар:
өз қызметін басқа атқарушы билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылда жүзеге асыру;
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес заңды және жеке тұлғалармен шарттар жасасу, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды сатып алу, Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда өз мүдделерін білдіру;
өңірдің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу үшін басқа ұйымдардың, басқармалар мен ведомстволардың мамандарын тарту;
белгіленген тәртіппен эпизоотияға қарсы төтенше комиссиялар құру туралы ұсыныс шығару;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар;
Тармақша 2
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру;
Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты басқару органының функцияларын жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
Тармақ 15
15. Функциялар:
Тармақша 1
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастырады және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 3
3) облыстың аумағында орналасқан екі және одан да көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдайды;
Тармақша 4
4) осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан да көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді алып тастау туралы шешімдер қабылдайды;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптаманы лицензиялауды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы Жеке және заңды тұлғалардан хабарламалар қабылдайды, сондай-ақ «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді;
Тармақша 7
7) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды ұйымдастырады және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) облыстың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, үй жануарларын асырау және серуендету қағидаларын, жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 9
9) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
Тармақша 10
10) Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияны ұйымдастырады, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымды қамтамасыз етеді;
Тармақша 11
11) Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) және қайта өңдеуді ұйымдастырады;
Тармақша 12
12) Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеуді ұйымдастырады;
Тармақша 13
13) Ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
Тармақша 15
15) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығарады;
Тармақша 16
16) уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекітеді;
Тармақша 17
17) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралардың ұйымдастырылуын және өткізілуін үйлестіреді;
Тармақша 18
18) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық препараттарды сақтауды, тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастырады;
Тармақша 19
19) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
Тармақша 20
20) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындайды және процессингтік орталыққа ақпарат береді;
Тармақша 21
21) Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді ұйымдастырады;
Тармақша 22
22) Эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізеді;
Тармақша 23
23) Эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін береді;
Тармақша 24
24) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтауды, талдауды және оларды уәкілетті органға ұсынуды жүзеге асырады;
Тармақша 25
25) жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, ветеринариялық препараттарды сақтауды және тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды жүргізеді;
Тармақша 26
26) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 27
27) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;
Тармақша 28
28) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастырады;
Тармақша 29
29) Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысады;
Тармақша 30
30) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін әзірлейді;
Тармақша 31
31) мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізіліміне енгізу үшін мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) жинауды және жинақтауды ұйымдастырады;;
Тармақша 32
32) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Бірінші басшының мәртебесі, өкілеттігі мемлекеттік органның атауы
3-тарау. Бірінші басшының мәртебесі, өкілеттігі мемлекеттік органның атауы
Тармақ 16
16. Басқармаға басшылықты ветеринария басқармасына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерінің шеңберін белгілейді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді, орындалуы міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 4
4) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
Тармақша 5
5) басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен барлық өзара қарым-қатынастарда басқарманың атынан өкілдік етеді;
Тармақша 7
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 8
8) белгіленген еңбекақы төлеу қоры және қызметкерлер саны шегінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша Басқарманың қаржыландыру жоспарын, басқару құрылымын бекітеді;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24. «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Қостанай облысы әкімдігінің
ветеринария басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы ережеге
қосымша
«Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Алтынсарин ауданының ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 2
2. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Амангелді ауданының ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 3
3. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Әулиекөл ауданының ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 4
4. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Бейімбет Майлин ауданының ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 5
5. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Денисов ауданының ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 6
6. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Жангелдин ауданының ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 7
7. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Жітіқара ауданының ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 8
8. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының» «Қамысты ауданының ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 9
9. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Қарабалық ауданының ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 10
10. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Қарасу ауданының ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 11
11. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Қостанай ауданының ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 12
12. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Меңдіқара ауданының ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 13
13. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Науырзым ауданының ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 14
14. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Сарыкөл ауданының ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 15
15. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Ұзынкөл ауданының ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 16
16. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Федоров ауданының ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 17
17. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Арқалық қаласының ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 18
18. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Қостанай қаласының ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 19
19. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Лисаков қаласының ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 20
20. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Рудный қаласының ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.