Об утверждении перечня, наименований и индексов автомобильных дорог общего пользования районного значения Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 3-бабының 7-тармағына және 6-бабының 2-тармағына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қарғалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қарғалы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтөбе облысының жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары
басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Басқа 7
Қарғалы ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 12 қарашадағы
№ 212 қаулысымен бекітілді
Аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері
№
Автомобиль жолдары индексі
Автомобиль жолдарының атауы
Жалпы ұзындығы, километр
1
KD-KA-51
Қарабұтақ-Бадамша
24,86
2
KD-KA-52
Кемпірсай-Ащылысай
22,46
3
KD-KA-53
Донское-Бадамша-Қайрақты «Ақтөбе-Орск»
22,36
4
KD-KA-54
Бородиновка-Степной
23,01
5
KD-KA-55
«Ақтөбе-Орск»-Анастасьевка-Ащылысай
39,72
6
KD-KA-56
«Ақтөбе-Орск»-Сарыбұлақ
12,0
7
KD-KA-57
«Ақтөбе-Орск»-Велиховка-Ақжайық
16,0
8
KD-KA-58
Шандыаша ауылына кіреберіс
12,5
9
KD-KA-59
Қосестек ауылына кіреберіс
6,0
10
KD-KA-60
Кемпірсай ауылындағы ШӨК кіреберіс
1,0
11
KD-KA-61
Кемпірсай стансасына кіреберіс
3,48
12
KD-KA-62
Кемпірсай ауылына кіреберіс
5,2
13
KD-KA-63
Ш.Қалдаяқов ауылына кіреберіс
1,785
Барлығы
190,375