О некоторых вопросах лицензирования деятельности по осуществлению археологических и реставрационных работ памятников истории и культуры Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Археология және тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қалпына келтiру жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың кейбiр мәселелерi туралы "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Археология және тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қалпына келтiру жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиялардың) тiзбесi: мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 42-жолмен толықтырылсын: "42. Қазақстан Республикасы археология және Мәдениет, ақпарат және тарих пен мәдениет қоғамдық келiсiм ескерткiштерiн қалпына келтiру министрлiгiнiң Мәдениет жұмыстарын жүзеге асыру кoмитeтi жөнiндегi қызмет
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 0. Археология және тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қалпына келтiру жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 7 шiлдедегi N 662 қаулысымен бекітілген Археология және тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қалпына келтiру жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары Бiлiктiлiк талаптары лицензия алуға үмiткер заңды тұлғаларға қолданылады және:
Тармақша 1
1) тарих пен мәдениет ескерткiштерiне қатысты археологиялық жұмыстар жүргiзуге құқық беретiн Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы далалық комитетінің ұсынымы;
Тармақша 2
2) ғылыми-өндiрiстiк (жөндеу-қалпына келтiру) базасы, мамандандырылған ғылыми-зерттеу зертханасын, жабдықтар;
Тармақша 3
3) мамандығы бойынша бiр жылдан кем емес практикалық жұмыс тәжiрибесi бар ғылыми жетекшiлердiң бiлiктi құрамын (археология, тарих, сәулет);
Тармақша 4
4) тарих пен мәдениет ескерткiштерiне қатысты археологиялық және қалпына келтiру жұмыстары бойынша жобалары;
Тармақша 5
5) жабдықтарды, құрылғылар мен жарақтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетудi қамтамасыз ететiн қызметтердiң болуын қамтиды.