О предоставлении льгот по платежам в местный Государственный фонд "Восточно-Казахстанский областной фонд охраны окружающей среды" Күшін жойған
Басқа 0
"Шығыс Қазақстан облыстық айналадағы ортаны қорғау қоры" жергілікті мемлекеттік қорына төлемдер жөнінен жеңілдіктер беру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі № 100 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 тамыздағы № 1212 "Семей қаласындағы Ертiс өзенiндегi көпiр құрылысының жобасын жүзеге асыру туралы" 1997 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабына сйкес ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Ертiс өзенiндегi көпiр құрылысының жобасын жүзеге асыруда Жапонияның халықаралық экономикалық ынтымақтастық қорының инвестициялық қаржылары мен мемлекеттiк бюджет қаржыларын ұтымды пайдалану мақсатында Семей қаласының "Хелфиц" ЖШС, Семей қаласының "Буфал" ЖШС көпiр құрылысы аймағындағы құрылыс қалдықтарын орналастырғаны үшiн "Шығыс Қазақстан облыстық айналадағы ортаны қорғау қоры" жергiлiктi Мемлекеттiк қорына төлем төлеуден босатылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары М.Қ.Татаевқа жүктелсiн.