О проведении месячника ветеринарно-профилактических мероприятий в хозяйствах всех форм собственности Күшін жойған
Басқа 0
Меншіктің барлық нышандарының шаруашылықтарында малдәрігерлік-профилактикалық шаралар айлығын өткізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі № 100 шешімімен.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына және "Агроқұрылымдарды малдәрiгерлiк қызметпен қамту және малға түгендеу жүргiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 14 қарашадағы № 1386 Қаулысына сәйкес, облыстағы қалыптасқан эпизоотиялық жағдайды, адамдар денсаулығын қорғауды қамтамасыз етудi ескерiп және меншiктiң барлық нышандарының шаруашылықтарында таңбалау арқылы малдың барлығын ерекше қауiптi iндетке қарсы малдәрiгерлiк-профилактикалық шаралармен толык қамту мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Облыстық жұмыс комиссиясы мына құрамда құрылсын:
Қалиев А.Б.
облыс Әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы
Тоқсейiтова Р.Ә.
облыстық малдәрiгерлiк комитет төрайымы
Томашенко А.П.
облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
Лұқпанов Т.М.
облыстық iшкi iстер басқармасының бастығы
Хисамбинов С.Х.
табиғат қорғау және малдәрiгерлiк полиция басқармасының бастығы
Мусин Н.Р.
облыстық статистика және талдау басқармасының бастығы
Черепанов В.П.
облыстық малдәрiгерлiк комитет төрағасының орынбасары
Тармақ 2
2. Аталған комиссияға 1998 жылдың 1 қазанына дейiн малдәрiгерлiк-профилактикалық шаралар жөнiнде айлық өткiзу және меншiктiң барлық нышандарының шаруашылықтарында малды таңбалауды жүргiзу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. "Малдәрiгерлiк-профилактикалық шаралар өткiзу және мал таңбалау тәртiбi туралы" ереже бекiтiлсiн (№ 1 қосымша).
Тармақ 4
4. Қалалар мен аудандардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi осындай аудандық комиссиялар құруға, малды таңбалауды жүргiзу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыруға және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабының талаптарын барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауын қамтамасыз етуге мiндеттелсiн.
Тармақ 5
5. Облыстық малдәрiгерлiк комитетке (Тоқсейiтова Р.Ә.) мыналар мiндеттелсiн:
Тармақша 1
1) күзгi малдәрiгерлiк-профилактикалық шараларды жүргiзу үшiн диагностикумдардың, антигельминтиктердiң және қотырларға қарсы құралдардың қажеттi мөлшерiн алуды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасында бiрегей малдәрiгерлiк куәлiктер енгiзу және нөмiрлердi мемлекеттiк малдәрiгерлiк мекемелерге бекiту туралы" Қазақстан Республикасы малдәрiгерлiк комитетiнiң 1998 жылғы 22 маусымдағы № 11-1/349 бұйрығына сәйкес малдардың түгендеу нөмiрлерi көрсетiлген бiрегей малдәрiгерлiк куәлiк енгiзу;
Тармақша 3
3) жеке үйлердегi және заңды тұлға ретiнде ресiмделген шаруа қожалықтарындағы малдың таңбалану қорытындыларының кенттiк және ауылдық округтер әкiмшiлiктерiнiң шаруашылық жүргiзу кiтаптарында толық көрiнiс табуын бақылауға алу.
Тармақ 6
6. Облыстық iшкi iстер басқармасының бастығы (Лұқпанов Т.М.) мал өнiмдерiн және шикiзатын тасымалдау және облыс базарларында өткiзу кезiнде оларға малдәрiгерлiк куәлiктердiң болуын және сәйкестiгiн бақылауға алсын.
Белгiленген үлгiдегi малдәрiгерлiк куәлiк болмаған жағдайда өнiм эпизоотиялық жай-күйi анықталғанға және толық лабораториялық зерттеуден өткiзiлгенге дейiн ұсталсын.
Облыстық малдәрiгерлiк комитет (Тоқсейiтова Р.Ә.) ұсталған өнiмдi сақтайтын орынды және пайдалану тәртiбiн айқындасын.
Тармақ 7
7. Меншiктiң барлық нышандарының шаруашылықтарындағы малға таңба салуды және есеп жүргiзу жөнiнде әдiстемелiкпен қамтамасыз ету, алынған нәтижелердi қорыту және жариялау облыстық статистика және талдау жөнiндегi басқармаға (Мусин Н.Р.) жүктелсiн.
Тармақ 8
8. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс Әкiмiнiң орынбасары А.Б. Қалиевқа жүктелсiн.
Басқа 12. Малдәрiгерлiк-профилактикалық шаралар айлығын өткiзу және меншiктiң барлық нышандарының шаруашылықтарында мал таңбалауды жүргiзу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнiң
1998 жылғы«17 қыркүйек
№ 580 шешіміне № 1 қосымша
Малдәрiгерлiк-профилактикалық шаралар айлығын өткiзу және меншiктiң барлық нышандарының шаруашылықтарында мал таңбалауды жүргiзу туралы
ЕРЕЖЕ
Тармақ 1. 1. Мақсаттар мен мiндеттер
1. Мақсаттар мен мiндеттер
Осы Ереженiң мақсаты меншiктiң барлық нышандарындағы эпизоотиялық жай-күйдi зерттеу, малдәрiгерлiк-профилактикалық шаралар өткiзу және малға таңба салу болып табылады.
Мiндеттер мыналар болып табылады:
жұқпалы аурулары бар малдарды анықтау, паразитоздар мен гельминтоздарға профилактика;
малдың барлық түрлерiнiң қолда бар санының нақты көрiнiс табуы;
сапалы ауылшаруашылық өнiмiн өндiру.
Тармақ ii. II. Малдәрiгерлiк-профилактикалық шаралар өткiзу және малды таңбалау механизмi
II. Малдәрiгерлiк-профилактикалық шаралар өткiзу және малды таңбалау механизмi
Малды малдәрiгерлiк өңдеу және таңбалау жұмысы меншiктiң барлық нышандарының шаруашылықтарында жүргiзiледi.
Әрбiр аудандағы әкiм жанында аудандық мекемелердiң, ауыл әкiмдерiнiң, малдәрiгерлiк қызмет қызметкерлерiн және жұртшылықты тарта отырып малдәрiгерлiк өңдеу және малға таңба салу жөнiнде комиссия құрылады.
Ауыл әкiмдерiнiң жанындағы шаруашылық жүргiзу кiтаптарында малдәрiгерлiк өңдеудiң және малды таңбалаудың қорытындылары көрсетiлсiн.
Малдәрiгерлiк-профилактикалық мына шаралар жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) мүйiздi iрi қара малы бойынша - барлық басты бруцеллезге серологиялық тексеруден өткiзу (эмкарға, пастереллезге қарсы егу) және ен салу;
Тармақша 2
2) қой шаруашылығы бойынша - терi эктопаразиттерiне және гельминттерге қарсы профилактикалық тоғытумен бiр уақытта ен салуды жүргiзу;
Тармақша 3
3) шошқа шаруашылығы бойынша - шошқалардың қотырына және iндетiне қарсы егумен бiр уақытта таңбалау;
Тармақша 4
4) жылқы шаруашылығы бойынша - Сiбiр iндетiне қарсы егумен бiр уақытта таңба салу.
Ауылшаруашылық малдардың құлақтарына ен салған, таңбаланған және таңба салған кезде әр ауданда бiлдiретiн айыру белгiлерi қолданылады.
Малдәрiгерлiк қызмет малдәрiгерлiк куәлiктер берген кезде малдардың түгендеу номiрлерiн ескередi.
Малды өткiзу, сату, басқадай шығару және тасымалдау кезiнде жергiлiктi жерлерде (ауыл әкiмдерi, малдәрiгерлiк инспекторлар) тек шаруашылық жүргiзетiн кiтаптан көшiрме негiзiнде және құлақтарында нөмiрлер, таңба, ен, бирка болған жағдайда ғана iлеспе құжаттар бередi.
Iлеспе құжаттар болмаған, биркалар, таңбалар, ен жоқ болған жағдайда мал эпизоотиялық жай-күйi, иесi анықталғанға және толық лабораториялық диагностикаға дейiн ұсталады.
Ауылдық, аудандық және қалалық комиссиялар малдәрiгерлiк- профилактикалық шаралардың және мал таңбалаудың нәтижелерiн облыс Әкiмiнiң аппаратына және облыстық малдәрiгерлiк комитетке есеп берудiң белгiленген үлгiсi бойынша апта сайын берiп отырады.
Өткiзiлетiн шаралар туралы мәлiметтер жергiлiктi газеттер, радио мен теледидар арқылы облыстың барлық тұрғындарына жеткiзiлсiн.
Облыс Әкiмi аппаратының
басшысы
Т. Ибраев