Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел занятости и социальных программ акимата Житикаринского района» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қостанай облысы Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жітіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Әкімдіктің 2021 жылғы 25 қарашадағы № 262 қаулысымен бекітілген «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жұмыспен қамту бөлімі) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Жұмыспен қамту бөлімінің ведомстволық бағынысты мекемелері бар: «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Жұмыспен қамту бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Жұмыспен қамту бөлімі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Жұмыспен қамту бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Жұмыспен қамту бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Жұмыспен қамту бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Жұмыспен қамту бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Жұмыспен қамту бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, Досқали Асымбаев көшесі, 51.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Жұмыспен қамту бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Жұмыспен қамту бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Жұмыспен қамту бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Жұмыспен қамту бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Жұмыспен қамту бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) Жұмыспен қамту бөлімінің қарамағындағы мекеменің қызметін үйлестіру;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзірет шеңберінде азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) халықты әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтерді көрсету;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері: Құқықтары:
Тармақша 1
1) осы Ережеге сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның атынан өкілдік ету;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті мәліметтерді, материалдар мен құжаттарды заңда белгіленген тәртіпте сұрату және алу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шеңберінде өзге де құқықтарды жүзеге асыру. Міндеттері:
Тармақша 1
1) жергілікті атқарушы органмен келісім бойынша өзінің негізгі қызметін жоспарлау және халықты жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғау саласының дамуын белгілеу;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені сақтау;
Тармақша 3
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына қолжетімдікті қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шеңберінде өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) ауданда жұмыс күшінің сұранысы мен ұсыныстарына талдау, болжау жүргізу және облыстың жергілікті атқарушы органын хабардар ету;
Тармақша 2
2) облыстың жергілікті атқарушы органдарына халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 3
3) өңірлік жұмыспен қамту картасын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) ұлттық жобалар, облыстың даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы ауданның жұмыс орындарын құруды қолдауды жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру мақсатында облыстың жергілікті атқарушы органдарына адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 7
7) жұмыс орындарын босату және қысқарту тәуекелдері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек ұтқырлығы орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 9
9) қарамағындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді құруды және олардың қызметін қамтамасыз ету;
Тармақша 10
10) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынуын қамтамасыз ету;
Тармақша 11
11) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды үйлестіру;
Тармақша 12
12) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізу;
Тармақша 13
13) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруды және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыру;
Тармақша 14
14) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдау;
Тармақша 15
15) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
Тармақша 16
16) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсетуді және қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 17
17) жеке бағдарламаға сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Тармақша 18
18) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;
Тармақша 19
19) жеке бағдарламаға сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің, есту бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерін қамтамасыз ету;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмектің қосымша шараларын ұсыну;
Тармақша 20-1
20-1) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыру;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шеңберінде әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету;
Тармақша 23
23) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шеңберінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Жұмыспен қамту бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Жұмыспен қамту бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Жұмыспен қамту бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Жұмыспен қамту бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
Тармақ 19
19. Жұмыспен қамту бөлімінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) ведомстволық бағынысты мекеменің басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 2
2) «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;
Тармақша 3
3) өз орынбасарының міндеттері мен өкілеттілік шеңберін белгілейді;
Тармақша 4
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;
Тармақша 5
5) «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлерінің орындауы міндетті бұйрықтар шығарады және оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нұсқаулар береді;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазалар қолдану мәселелерін шешеді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік орган атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 8
8) азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген мерзімдерде қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;
Тармақша 9
9) қызметтік құжаттамаға қол қояды;
Тармақша 10
10) құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Жұмыспен қамту бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 20
20. Жұмыспен қамту бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Жұмыспен қамту бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Жұмыспен қамту бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Жұмыспен қамту бөлімінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. Жұмыспен қамту бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.