Об утверждении Правил выдачи разрешения на государственную регистрацию накопительных пенсионных фондов в органах юстиции, изменений и дополнений в их учредительные документы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге рұқсат беру ережесiн бекiту жөнiнде "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi реттеудi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге рұқсат беру ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы күшiне енген күннен бастап мынадай нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Ұлттық зейнетақы агенттігінiң "Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу үшiн лицензиатқа, жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшыларына және басшы қызметкерлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары және аталған талаптарды растайтын құжаттар туралы" 1997 жылғы 3 желтоқсандағы N 31-Ө бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 452 тiркелген, 1998 жылы, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк актiлер жинағында жарияланған, II том);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң "Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу үшiн лицензиатқа, жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшыларына және басшы қызметкерлеріне қойылатын біліктілiк талаптары және аталған талаптарды растайтын құжаттар туралы" бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1998 жылғы 9 наурыздағы N 28-Ө бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмінде N 74 тiркелген, 1998 жылы Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтік актiлер жинағында жарияланған, II том).
Тармақ 3
3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е Л.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов C.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының барлық мүдделi бөлiмшелерiне және жинақтаушы зейнетақы қорларына жiберсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.
Тармақ 5
5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiледi.
Басқа 0. Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге рұқсат беру ережесi
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2003 жылғы 29 мамырдағы N 176 қаулысымен бекiтiлген Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге рұқсат беру ережесi Осы Ереже "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жасалынған және жинақтаушы зейнетақы қорларын (бұдан әрi - Қор), олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстерi мен толықтыруларын әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге рұқсат беру тәртiбiн, мұндай рұқсат беруге бас тарту негiздемелерiн айқындайды.
Тармақ 1
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жинақтаушы зейнетақы қорларын мемлекеттiк тiркеуге рұқсат алу үшiн мынадай құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) рұқсат алуға арналған еркiн нысандағы өтiнiш;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi құрылтай құжаттары үш данамен (түпнұсқа және екi көшiрме);
Тармақша 3
3) осы Ереженiң 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша жасалған құрылтайшылар (заңды және жеке тұлғалар) туралы мәлiметтер, оған мынадай құжаттар қоса берiледi (құрылтайшы заңды тұлғалар үшiн): құрылтайшының соңғы екі жылдағы және құжаттарды соңғы тоқсанның аяғындағы қаржылық есебi; құрылтайшының соңғы аяқталған қаржы жылындағы қаржылық есебiн тексеру нәтижелерi туралы аудиторлық есебi; құрылтайшылардың бағалы қағаз ұстаушыларының тізілім жүйесінен уәкiлеттi органға рұқсат алуға құжаттарды берген күннiң алдындағы күнi оның дауыс берушi акцияларының бес және одан астам процентiне ие болған адамдары көрсетiлген жазбасы; құрылтай құжаттарының, мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктердiң және статистикалық карточкалардың көшiрмелерi; жинақтаушы зейнетақы қорын құру туралы құрылтай жиналысы хаттамасының (жалғыз құрылтайшының шешiмiнiң) көшiрмесi;
Тармақша 4
4) Қызметiнiң стратегиясын, қызметiнiң бағыты мен масштабын, қаржы перспективаларын (бюджет, есеп айырысу балансы, алғашқы үш қаржылық (операциялық) жылдағы кiрiстер мен шығыстар шоты, маркетинг жоспары, еңбек ресурстарын тарту жоспары) ашып көрсететiн Қордың бизнес-жоспары.
Тармақ 2
2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды әдiлет органдарына мемлекеттiк тiркеуге рұқсат алу үшін уәкілеттi органға мынадай құжаттар тапсырылады:
Тармақша 1
1) рұқсат алуға арналған еркiн нысандағы өтiнiш;
Тармақша 2
2) құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы акционерлердiң жалпы жиналысы шешiмiнiң (жалғыз акционер шешiмiнiң) көшiрмесi;
Тармақша 3
3) құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулардың мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi үш данасы (түпнұсқа және екi көшiрме).
Тармақ 3
3. Қорларды әдiлет органдарында, олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларға мемлекеттiк тiркеуге рұқсат беру кезiнде құрылтай құжаттарының титул беттерiнiң оң жақтағы жоғары бұрышына: "20___ жылғы "____"__________ Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органы рұқсат еткен" тұжырымдауымен расталады, уәкiлеттi органның басшысы (басшының орынбасары) қол қояды және уәкiлеттi органның мөрімен бекiтiледi.
Тармақ 4
4. Уәкiлеттi орган әдiлет органдарында Қорды мемлекеттiк тiркеуге рұқсат берудi, осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Жинақтаушы зейнетақы қорларын, сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстерi мен толықтыруларын әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өткізгеннен кейiн екi апта мерзiмде мемлекеттiк және орыс тілдерiндегi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң және статистикалық карточканың көшiрмелерi құрылтай құжаттарының (құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды) нотариат куәландырған көшiрмелерiн уәкiлеттi органға бередi.
Тармақ 5-1
5-1.
Тармақ 5-2
5-2.
Тармақ 6
6. Уәкiлеттi орган Қорларды әдiлет органдарында, олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларға мемлекеттiк тiркеуге рұқсат беруден 6-2-тармақта көрсетiлген мерзiмде:
Тармақша 1
1) осы Ереженің 2 және 3-тармақтарында көзделген құжаттардың толық емес топтамасын берген;
Тармақша 2
2) жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшыларының (акционерлерiнiң) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген жарғылық капиталдың талаптарын және оны төлеу тәртібін бұзған жағдайларда жазбаша нысанда бас тартады.
Тармақ 6-1
6-1.
Тармақ 6-2
6-2. Әдiлет органдарында Қорды мемлекеттiк тiркеуге рұқсат алу үшін ұсынылған құжаттарды, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды осы Ережеде көрсетiлген құжаттар топтамасын берген күннен бастап отыз күнтiзбелiк күннiң iшiнде уәкiлеттi орган қарайды.
Тармақ 7
7. Осы Ережемен реттелмеген өзге де мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
Басқа 1. Құрылтайшы туралы мәліметтер
Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстерi мен толықтыруларын әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге рұқсат беру ережесiне 1 қосымша жоғарғы оң жақ бұрышындағы ", жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісім беруге" деген сөздер алынып тасталды -ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 10 қаулысымен . Құрылтайшы туралы мәліметтер (заңды тұлға) __________________________________________________________________ (жинақтаушы зейнетақы қорының толық атауы) 1. Құрылтайшы __________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы) 2. Тұрған жерi __________________________________________________________________ (почталық мекен-жайы, телефоны, факс) 3. Мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы мәлiметтер __________________________________________________________________ (куәлiктiң номерi, берiлген күнi, кiм берген) 3-1. Қазақстан Республикасының резидентi/резидент емесi_____ 4. Қызметтiң түрi __________________________________________________________________ (қызметтiң негiзгi түрлерi көрсетiлсiн) 5. Құрылтайшылардың арасында орналасқан Қор акцияларының жалпы санына проценттiк арақатынаста құрылтайшы болып сатылып алынатын Қордың дауыс беретiн акцияларының саны___________________ __________________________________________________________________ 6. Жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшы заңды тұлғасының бiрiншi басшысы туралы мәлiметтер __________________________________________________________________ (фамилиясы, аты, бар болса әкесiнiң аты) 7. Құрылтайшының жарғылық капиталындағы акциялардың бес және одан астам процентiне ие болатын акционерлердiң (қатысушылардың) тiзбесi, мыналар көрсетiлсiн: 1) заңды тұлғалардың атауы және мекен-жайы, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы деректер __________________________________________________________________ 2) қызметтiң түрлерi (қызметтiң негiзгi түрлерi көрсетiлсiн) __________________________________________________________________ 3) құрылтайшының жарғылық капиталына акциялар акционерлiк қоғамның дауыс беретiн акцияларының жалпы санынан немесе үлесiнен __________________________________________________________________ 8. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына дауыс берушi акцияларға иелiк етуде және/немесе пайдалануда, және/немесе иеленуде қатысуы (тiкелей немесе жанама) туралы мәлiметтер, мыналар көрсетiлсiн: 1) әрбiр заңды тұлғаның атауы және мекен-жайы __________________________________________________________________ 2) әрбiр заңды тұлғаның қызмет түрлерi (қызметтiң негiзгi түрлерi көрсетiлсiн) __________________________________________________________________ 3) әрбiр заңды тұлғаның жарғылық капиталға дауыс берушi акцияларға иелiк етуде және/немесе пайдалануда, және/немесе иеленуде акциялары (үлестерi) __________________________________________________________________ Құрылтайшы құжаттарға қоса берiлген мәлiметтердiң дұрыстығына, сондай-ақ осы мәлiметтердi қарауға байланысты сұратылған қосымша ақпаратты уәкiлеттi органға уақтылы берiлуiне жауап бередi. Қосымша (жiберiлетiн құжаттардың тiзбесi, олардың әрқайсысы бойынша даналарының және парақтарының саны көрсетiлсiн): Құрылтайшы заңды тұлғаның басшысының қолы Құрылтайшы заңды тұлғаның мөрi
Басқа 2. Құрылтайшы туралы мәліметтер
Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстерi мен толықтыруларын әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге рұқсат беру ережесiне 2 қосымша жоғарғы оң жақ бұрышындағы ", жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісім беруге" деген сөздер алынып тасталды -ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 10 қаулысымен . Құрылтайшы туралы мәліметтер (жеке тұлға) __________________________________________________________________ (жинақтаушы зейнетақы қорының атауы) 1. Құрылтайшы __________________________________________________________________ (Фамилиясы, аты, бар болса әкесiнiң аты) 2. Туған күні ______________________________________________ 3. Азаматтығы ______________________________________________ 4. Жеке басын растайтын құжат (номерi, сериясы, берiлген күнi және кiм берген) _________________________________________________ __________________________________________________________________ 5. Тұрған жерi _____________________________________________ 6. Жұмыс орны, лауазымы ____________________________________ 7. Бiлiмi __________________________________________________ (оқу орны, аяқтаған жылы, мамандығы көрсетiлсiн) 8. Соңғы үш жылдағы еңбек қызметi туралы қысқаша резюме __________________________________________________________________ (ұйымы, атқаратын қызметi, жұмыс кезеңi) 9. Құрылтайшының жеке тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы (тiкелей немесе жанама) туралы мәлiметтер, мыналар көрсетiлсiн: 1) әрбiр заңды тұлғаның атауы және мекен-жайы __________________________________________________________________ 2) әрбiр заңды тұлғаның қызмет түрлерi (қызметтiң негiзгi түрлерi көрсетiлсiн) __________________________________________________________________ 3) әрбiр заңды тұлғаның жарғылық капиталға акциялары акционерлiк қоғамның дауыс беретiн акцияларының жалпы санынан немесе үлесiнен __________________________________________________________________ 10. Құрылтайшылардың арасында орналасқан Қор акцияларының жалпы санына проценттiк арақатынаста құрылтайшы болып сатылып алынатын Қордың дауыс беретiн акцияларының саны. _________________ (қолы, күні)
Басқа 3. Жинақтаушы зейнетақы қорын (жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды) мемлекеттiк тiркеуге берiлген N __ РҰҚСАТ
Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстерi мен толықтыруларын әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге рұқсат беру ережесiне 3 қосымша (Уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген бланкiсiне басылады) Жинақтаушы зейнетақы қорын (жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды) мемлекеттiк тiркеуге берiлген N __ РҰҚСАТ Осы рұқсат _________________________________________________ (жинақтаушы зейнетақы қорының толық атауы) жинақтаушы зейнетақы қорын (жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды) мемлекеттiк тiркеуге берiлдi Жинақтаушы зейнетақы қорын (жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды) мемлекеттiк тiркеуге берiлген рұқсат әдiлет органдарына құрылтай құжаттарымен бiрге берiлуi тиiс. Жинақтаушы зейнетақы қорын (жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды) мемлекеттiк тiркеуге рұқсаттың берiлген күнiнен бастап алты айдың iшiнде заңды күшi бар. Уәкiлеттi органның басшысы (Басшының орынбасары) ________________ _____жылғы "___" _________ мөрдiң орны