Об утверждении Правил деятельности психологической службы в организациях среднего образования Туркестанской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түркістан облысының орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-тармағының 24-6) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Түркістан облысының орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу Қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2.  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Оңтүстік Қазақстан облысының орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 111 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3188 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің орынбасары С.А. Қалқамановқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Түркістан облысының орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары
Түркістан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № 258 қаулысымен бекітілген Түркістан облысының орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Түркістан облысының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) Түркістан облысының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің (бұдан әрі – психологиялық қызмет) жұмысын реттейді.
Тармақ 2
2. Психологиялық қызмет Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2002 жылғы 8 тамыздағы Бала құқықтары туралы Конвенциясы, «Психологиялық және әлеуметтік жұмыс» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 292 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18764 болып тіркелген), «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) және осы саладағы өзге де нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ осы Қағидалар шеңберінде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Психологиялық қызмет орта білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Тармақ 4
4. Психологиялық қызметтің құрылымы білім беру ұйымдарының тұрпатына, түріне және қажеттіліктеріне, сондай-ақ педагог-психологтардың штат бірліктерінің санына қарай айқындалады.
Тармақ 5
5. Психологиялық қызметтің құжаттамасы:
Тармақша 1
1) осы орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын;
Тармақша 2
2) білім беру ұйымының басшысы бекіткен психологиялық қызмет жұмысының күнтізбелік жоспарын;
Тармақша 3
3) осы білім беру ұйымының басшысы бекітетін психологиялық диагностика (бұдан әрі - психодиагностика), психологиялық тренингтер, дамыту және түзету жұмыстары бағдарламаларын;
Тармақша 4
4) психологиялық сабақтардың, тренингтердің және психологиялық жұмыстың басқа да нысандарының әдістемелік әзірлемелерді;
Тармақша 5
5) психодиагностикалық әдістемелердің тізбесі және деректер банкін (әдістеменің авторлары мен әзірлеушілеріне міндетті түрде сілтеме жасай отырып);
Тармақша 6
6) білім алушылардың психологиялық дамуының жеке карталары, топтық психологиялық портреттерін (психологиялық-педагогикалық);
Тармақша 7
7) көпбалалы отбасынан шыққан білім алушыларының және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың (жетім балалардың) дерекқорын;
Тармақша 8
8) денсаулық сақтау ұйымынан міндетті түрде растау ала отырып, денсаулығына байланысты проблемалары бар балалардың дерекқорын;
Тармақша 9
9) девиантты мінез-құлықпен және қарым-қатынас қиындықтарымен білім алушылардың деректерқорын;
Тармақша 10
10) дарынды және үлгерімі төмен балалардың деректерқорын;
Тармақша 11
11) психологиялық тексеру нәтижелері, қорытындылар мен ұсынымдарды;
Тармақша 12
12) білім беру ұйымы басшысының мөрімен бекітілген психологиялық қызметтің жұмыс түрлерін (психодиагностикалық, дамытушылық, түзету, ағартушылық, сараптамалық, әдістемелік жұмыстарды, жеке және топтық консультацияларды, психологиялық қызметтерге сұрау салуларды) есепке алуды тіркеу журналын;
Тармақша 13
13) белгіленген кезеңдердегі (жартыжылдық, жыл) психологиялық қызметтің жұмысы туралы талдамалық есептерді қамтиды:
Тармақ 6
6. Психологиялық қызмет жұмысының қорытындылары жергілікті жерлердегі білім беру органдары бекітетін білім беру ұйымдарының есептік құжаттамасында қамтылады.
Тарау 2. 2. Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің мақсаттары мен міндеттері
2. Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің мақсаттары мен міндеттері
Тармақ 7
7. Психологиялық қызметтің мақсаты - білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және білім беру процесіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
Тармақ 8
8. Психологиялық қызметтің міндеттері:
Тармақша 1
1) мектепте білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) білім алушыларды әлеуметтік құндылықтар жүйесіне бейімдеу;
Тармақша 3
3) білім беру процесінің барлық қатысушыларына психологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) білім алушының әлеуметтік бейімсізденуінің туындау себептерінің алдын алу;
Тармақша 5
5) әлеуметтік бейімсіздену, аддикциялар мен мінез-құлықтың девиациялары туындауының алдын алу іс-шараларын жоспарлау және жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) негізгі жалпы білім бағдарламаларын игеруде, әлеуметтік бейімдеуде және дамуда қиындықтарға тап болған адамдарды психологиялық ағарту және қолдау.
Тармақ 9
9. Психологиялық қызмет мынадай функцияларды жүзеге асырады: мектептегі оқыту және тәрбиелеу процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, білім алушыларға (тәрбиеленушілерге) және білім беру процесінің басқа да қатысушыларына психологиялық көмек көрсету, әлеуметтік бейімсіздіктің туындауының алдын алу, ағарту қызметі.
Тармақ 10
10. Мектептегі оқыту мен тәрбиелеу процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу функциясы мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) оқыту және тәрбиелеу процесінде оқушылардың (тәрбиеленушілердің) психикалық, соматикалық және әлеуметтік амандығын сақтауға бағытталған кәсіби қызметті іске асыру;
Тармақша 2
2) оқушылардың (тәрбиеленушілердің) құқықтарын Бала құқықтары туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғауға жәрдемдесу;
Тармақша 3
3) әртүрлі бағдарларда және тағайындауда психологиялық диагностика жүргізу;
Тармақша 4
4) оқушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, дамыту жұмыс жоспарларын қалыптастыру және іске асыру;
Тармақша 5
5) білім беру ұйымында инновациялық үрдістерді психологиялық сүйемелдеу бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 6
6) белгіленген нысанда құжаттаманы жүргізу және оны тек кәсіби қызмет мақсатында пайдалану;
Тармақша 7
7) оқушылардың жеке тұлғаларына құрмет таныту;
Тармақша 8
8) жалпыға бірдей жалпы адами және ұлттық құндылықтар жүйесіне бейімдеу.
Тармақ 11
11. Білім алушыларға (тәрбиеленушілерге) және білім беру процесінің басқа да қатысушыларына психологиялық көмек көрсету функциясы мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) оқушылапдың (тәрбиеленушілердің) жеке тұлғалық дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтау және оларға әртүрлі психологиялық көрсету бойынша шараларды қолдану (психологиялық-түзету, оңалту және кеңес беру);
Тармақша 2
2) нақты психологиялық-педагогикалық мәселелерді шешуде оқушыларға (тәрбиеленушілерге), ата-аналарға (заңды өкілдеріне) және педагогикалық ұжымға көмек көрсету;
Тармақша 3
3) мұғалімдер ұжымын және ата-аналарды (заңды өкілдерін) оқушылардың (тәрбиеленушілердің) тұлғалық және әлеуметтік даму мәселелеріне бағдарлау мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық-педагогикалық қорытындыларды шығару;
Тармақша 4
4) оқушылардың (тәрбиеленушілердің), мұғалімдер мен ата-аналардың (заңды өкілдердің) психологиялық мәдениетін, оның ішінде жыныстық тәрбие мәдениетін қалыптастыру;
Тармақша 5
5) мектеп қызметкерлерін осы білім беру мекемеің дамуы, әлеуметтік-психологиялық құзыретін арттыруға бағытталған психологияны практикалық пайдалану мәселелері бойынша мектеп қызметкерлеріне кеңес беру.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік бейімсіздіктің туындауының алдын алу функциясы мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) мектептің әлеуметтік саласын үйлестіруге жағдай жасау, әлеуметтік бейімсізденудің туындауына жол бермейтін алдын алу іс-шараларын жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) оқушылардың психологиялық және әлеуметтік жағдайын бағалау рәсімдерін жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) оқушыларпға бейімделу, дағдарысқа дейінгі және дағдарыс кезеңдерінде көмек көрсету бойынша мұғалімдерге, ата-аналарға (заңды өкілдеріне), тәрбиелеушілер мен білім беру ұйымдардың басқа қызметкерлеріне ұсыныстарды әзірлеу;
Тармақша 4
4) оқушылардың (тәрбиеленушілердің) дамуындағы ауытқулар деңгейін, сондай-ақ әлеуметтік дамуындағы әртүрлі бұзылыстар деңгейін анықтау және оларға психикалық-педагогикалық түзетуді жасау;
Тармақша 5
5) әлеуметтік және психологиялық қарым-қатынас тренингтерін өткізу; 6) рефлексия, оқушылардың қиындықтарын анықтау және қызметін түзету әдістері мен амалдарын қолдану;
Тармақша 7
7) оқушылардың психикалық және тұлғалық дамудағы, оның ішінде әлеуметтік тұрғыдан осал және киын өмірлік жағдайға тап болуы ықтимал сәтсіздіктің алдын алу жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру.
Тармақ 13
13. Ағарту қызмет функциясы мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) қойылған мақсаттарға және/немесе нұсқаулар мен талаптарға сәйкес психологиялық материалдарды әзірлеу;
Тармақша 2
2) оқушыларды оқыту үшін қолайлы ортаны құру;
Тармақша 3
3) психологиялық ағартуды жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Психологиялық қызмет жеке және топтық негізде білім алушыларға және педагог қызметкерлерге жұмыстың диагоностикалық, дамытушылық, түзету және профилактикалық түрлері кешенін жүргізу үшін жекелеген ғимараттарға орналасқан және қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген педагог-психолог кабинеті базасында жұмыс істейді.
Тармақ 15
15. Психологиялық қызметтің жұмысын облыстық деңгейдегі әдістемелік орталық, аудандық (қалалық) деңгейдегі білім бөлімдері үйлестіреді.
Тармақ 16
16. Психологиялық қызметтің жұмысы педагогикалық және медициналық қызметкерлермен, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесімен, қамқоршылық және қорғаншылық органдарымен, ата-аналар қауымдастығымен тығыз байланыста жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Психологиялық қызмет педагог-психологтардың әдістемелік бірлестіктерімен, психологиялық орталықтармен, тәжірибелі психологтар кафедралары мен қауымдастықтарымен, білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерімен өзара іс-қимыл жасайды.
Тармақ 18
18. Педагог-психолог өз қызметінде:
Тармақша 1
1) лауазымдық міндеттері: оқушылардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын сақтауға бағытталған қызметті жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) баланың құқықтарын қорғау жөніндегі Конвенцияға сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі;
Тармақша 3
3) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке басын дамытуға кедергі келтіретін факторларды анықтайды және әртүрлі психологиялық көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды (психокоррекциялық, оңалту және консультативтік);
Тармақша 4
4) білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды алмастыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға нақты психологиялық мәселелерді шешуде көмек көрсетеді;
Тармақша 5
5) әр түрлі бейіндегі және арналуындағы психологиялық диагностика жүргізеді;
Тармақша 6
6) оқытушылар ұжымын, сондай-ақ оқушылардың ата-аналарын немесе оларды алмастыратын тұлғалардың білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке және әлеуметтік даму мәселелерінде бағдарлау мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық-педагогикалық қорытынды жасайды. Белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді;
Тармақша 7
7) инклюзивті білім беру қағидасын дамытады;
Тармақша 8
8) білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында киберкультура мен кибергигиенаны дамытады;
Тармақша 9
9) оқушылардың жеке және гендерлік ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда бағдарлауға және кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелерінде дайындығын дамытуға ықпал етеді;
Тармақша 10
10) дарынды білім алушыларды, тәрбиеленушілерді, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың дамуына жәрдемдеседі;
Тармақша 11
11) оқушылардың даму дәрежесін анықтайды, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік дамуының бұзылуына диагностика жасайды, оларға психологиялық-педагогикалық түзету жүргізеді;
Тармақша 12
12) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлердің және оқушылардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ата-аналарының психологиялық мәдениетін қалыптастырады;
Тармақша 13
13) білім беру ұйымының қызметкерлеріне білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтердің, оқушылардың ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігін арттыруға бағытталған психологияны практикалық қолдану мәселелері бойынша кеңес береді;
Тармақша 14
14) педагогикалық, әдістемелік кеңестердің, ата-аналар жиналыстарының, педагогикалық консилиум, сауықтыру, тәрбие және басқа да іс-шаралардың жұмысына қатысады;
Тармақша 15
15) кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады;
Тармақша 16
16) буллинг, суицидтің алдын алу жұмыстарын жүргізеді;
Тармақша 17
17) білім беру процесі кезінде оқушылардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 18
18) еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды;
Тармақша 19
19) білім беру ұйымдарында барлық білім беру процессіне субъектілердің қатысуымен «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын енгізеді, оның ішінде отбасылар балалар.
Тармақша 20
20) білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
Тармақ 19
19. Білім беру ұйымының педогог-психологының «Психология» мамандығы бойынша жоғары білімі немесе бейіні бойынша жоғары медициналық білімі болуы тиіс.
Тармақ 20
20. Үкіметінің Лауазымдық жалақы, еңбек демалысының ұзақтығы, тарифтелген педагогикалық жүктеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес белгіленеді.
Тармақ 21
21. Педагог-психолог мыналарды қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) психологиялық диагностика нәтижелерінің дұрыстығы, пайдаланылған диагностикалық және түзету әдістерінің барабарлығы, ұсынымдар мен тұжырымдардың негізділігі, психологиялық ақпараттың құпиялылығы;
Тармақша 2
2) психологиялық қызметтің есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізу және сақтау;
Тармақша 3
3) кәсіптік психологиялық әдепті сақтау;
Тармақша 4
4) психологиялық қызметтің жұмысына берілген материалдық-техникалық құралдардың сақталуын.
Тармақ 22
22. Педагог-психолог әкімшілік бағыты бойынша білім беру ұйымының басшысына, кәсіптік бағыты бойынша аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинетінің педагог-психологтардың жұмысын жетекшілік ететін маманға бағынады.
Тарау 3. 3. Қорытынды ереже
3. Қорытынды ереже
Тармақ 23
23. Білім беру ұйымының басшысы психологиялық қызметтің жұмысын қамтамасыз етеді.