Об утверждении Правил определения стоимости исследований, консалтинговых услуг и государственного задания Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Қаржы және активтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Басқа 0. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің м.а. 2021 жылғы 29 қарашадағы № 612-НҚ бұйрығымен бекітілген Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың (бұдан әрі – қызметтер) құнын айқындау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) зерттеулер – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері тиісінше ғылыми әдістермен және құралдармен жүзеге асыратын қолданбалы, іргелі, стратегиялық ғылыми зерттеулер;
Тармақша 2
2) консалтингтік көрсетілетін қызметтер – «Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13301 болып тіркелген) бекітілген Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесіне сәйкес мемлекеттік орган қызметі процесінде туындайтын проблемаларды, мүмкіндіктерді айқындау және бағалау жөніндегі не ахуалды егжей-тегжейлі талдау; жұмыстың қаржылық және басқарушылық тиімділігін (мынадай негізгі қызмет түрлері шеңберінде: басқару консалтингі, әкімшілік-кадрлық консалтинг, қаржылық консалтинг, ІТ-консалтинг, заң консалтингі, мамандандырылған консалтинг, қорғаныс саласындағы консалтинг, техникалық консалтингтік қызметтер) арттыру үшін одан әрі іс-қимылды түзеу бойынша тиімді ұсынымдар әзірлеу бойынша консалтингтік қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындар;
Тармақша 3
3) мемлекеттік тапсырма – жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Ұлттық әл - ауқат қоры тобына кіретін ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын оның ұйымдарына, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетіне, дербес кластерлік қорға, «Aстана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне, дербес білім беру ұйымдарына және олардың ұйымдарына, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын «Елбасы Aкадемиясы» корпоративтік қорына, жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға және мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын және (немесе) әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мiндеттердi орындауға арналған тапсырыс.
Тарау 2. 2- тарау. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібі
2- тарау. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібі
Тармақ 3
3. Көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау кезінде осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес қызметтер көрсетуге арналған шығыстарда көрсетілген негіздеуші құжаттармен расталған шығыстар ескеріледі.
Тармақ 4
4. Шығыстар осы көрсетілетін қызметтерге тікелей байланысты шығындар жататын, қызметтерді көрсету үшін қажетті ресурстар негізге алына отырып айқындалады.
Тармақ 5
5. Келесі жоспарлы кезеңге көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау кезінде қаржы нарығының валюталардың айырбастау бағамдарына әсері, инфляция коэффициенті және шарттық міндеттемелерді орындау мерзімінің ұзақтығы ескеріледі.
Тармақ 6
6. Көрсетілетін қызметтер құны осы Қағидалардың 2-қосымшасына сай көрсетілетін қызметтер құнының есебіне сәйкес айқындалады.
Басқа 1. Қызметтер көрсетуге арналған шығыстар
Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларына 1-қосымша Қызметтер көрсетуге арналған шығыстар
Тармақ 1
1. Шығыстар зерттеуді орындау үшін қажетті ресурстарға сүйене отырып айқындалады, оларға негізгі құрауыштары мыналар болып табылатын зерттеулерді жүзеге асыруға арналған шығындар жатады:
Тармақша 1
1) қызмет көрсетуге тікелей қатысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар;
Тармақша 2
2) жұмыс берушiлердiң жарналары (әлеуметтік салық, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, жұмыс берушілердің Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдары);
Тармақша 3
3) іссапар шығыстары;
Тармақша 4
4) көрсетілетін қызметті іске асыру үшін сыртқы сарапшыларды (консалтинг) тарту бойынша шығыстар;
Тармақша 5
5) тікелей қызметті орындау үшін қажетті полиграфиялық шығыстар (бланк өнімдерін: сауалнамаларды, бағыт парақтарын, карточкаларды, зерттеу есептерін, тест тапсырмаларын көбейту, құжаттарды түптеу, тігу және өңдеу);
Тармақша 6
6) қажет болған жағдайда конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу жалдау ақысы;
Тармақша 7
7) көлік қызметтері;
Тармақша 8
8) байланыс қызметтері;
Тармақша 9
9)курьерлік қызметтер (материалдарды тарату);
Тармақша 10
10) аударма қызметтері. 2. Ақпараттық-талдау және консалтингтік жұмыстар мен қызметтерді көрсетуге сыртқы сарапшыларды (консалтинг) тартқан кезде, құны орындалуы сыртқы сарапшыларға айқындалған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемін ескермей, уәкілетті ұйымдардың орындайтын жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерінің нақты көлеміне қарай айқындалатын болады. 3. Әр шығыстар құжаттармен (есеп айырысулар, коммерциялық немесе кем дегенде үш баға ұсынысы) негізделіп, расталуы керек. Жалақы бойынша шығыстарды қоспағанда, шығыстарға баға ұсынысына «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының не салалық қауымдастықтарының сараптамалық қорытындысы қоса беріледі.
Басқа 2. Қызметтер құнының есебі
Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларына 2-қосымша Қызметтер құнының есебі
Тармақ 1
1. Көрсетілетін қызмет құны мына формула бойынша есептеледі: Қ = Ш + Бш + ҚҚС, мұнда: Ш – қызмет көрсетуге тікелей қатысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу және жұмыс берушiлердiң жарналары бойынша шығыстарын қоспағандағы шығыстар; Бш – қызмет көрсетуге тікелей қатысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстарды, жұмыс берушiлердiң жарналарын қамтитын еңбек шығынына қарай бөлінетін шығыстар; ҚҚС – қосылған құн салығы.
Тармақ 2
2. Қызмет құнының бөлінетін бөлігі мына формула бойынша есептеледі: Бш = ЕШ * СМ, мұнда: ЕШ – қызмет көрсетуге тікелей қатысатын бір қызметкерге адам-сағаттағы еңбек шығындары; СМ – қызмет көрсетуге тікелей қатысатын қызметкердің сағаттық мөлшерлемесі.
Тармақ 3
3. Қызмет көрсетуге тікелей қатысатын бір қызметкерге адам-сағаттағы еңбек шығындары мына формула бойынша есептеледі: ЕШ = А * Сағ * ЖКО, мұнда: А – қызметті орындау айларының саны; Сағ – бір күнгі қызметті орындау сағаттарының саны; ЖКО – тиісті жылға арналған жұмыс уақыты балансына сәйкес жұмыс күндерінің орташа айлық саны.
Тармақ 4
4. Қызмет көрсетуге тікелей қатысатын бір қызметкерге сағаттық мөлшерлеме мына формула бойынша есептеледі: СМ = ЕА/ЖСО, мұнда: ЕА – қызмет көрсетуге тікелей қатысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстар, жұмыс берушiлердiң жарналары; ЖСО – тиісті жылға арналған жұмыс уақытының балансына сәйкес жұмыс сағаттарының орташа айлық саны.