Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология кодексінің 340-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 0. Иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
бұйрығымен бекітілген/ бірлескен қаулысы мен шешіміне қосымша/ бірлескен қаулысы мен шешімімен бекітілген Иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 340-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес әзірленді және: сот шешімімен коммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті емес қалдықтарды; сот шешімімен мемлекеттік меншікке (республикалық немесе коммуналдық) түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) аумақтық орган – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы;
Тармақша 2
2) аумақтық бөлімше – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі;
Тармақша 3
3) әлеуетті өнім беруші – «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум), сондай-ақ кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға;
Тармақша 4
4) қауіпті емес қалдықтар – сот шешімімен коммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті емес қалдықтар;
Тармақша 5
5) қауіпті қалдықтар – сот шешімімен мемлекеттік меншікке (республикалық немесе коммуналдық) келіп түсті деп танылған қауіпті қалдықтар;
Тармақша 6
6) қауіпті қалдықтарды зерттеу – сот шешімімен мемлекеттік меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі іс-шара: қауіпті қалдықтарды зертханалық зерттеу, қауіпті қалдықтардың қасиеттерін зерделеу, қауіпті қалдықтардың қоршаған ортаға әсерін айқындау, қауіпті қалдықтардың санын (көлемін) айқындау, Кодекстің 343-бабына сәйкес қауіпті қалдықтардың паспортын жасау;
Тармақша 7
7) қауіпті қалдықтар туралы есеп – қауіпті қалдықтарды зертханалық зерттеу хаттамаларын қоса бере отырып, қауіпті қалдықтардың қауіпті қасиеттері туралы, қауіпті қалдықтардың қоршаған ортаға әсері туралы, қауіпті қалдықтардың сандық сипаттамалары туралы ақпаратты (мәліметтерді) қамтитын қауіпті қалдықтарды зерттеу нәтижелері бойынша уәкілетті заңды тұлғалар қалыптастырған жазбаша құжат;
Тармақша 8
8) қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату және (немесе) жою: қалдықтарды көмуге немесе жоюға дайындау жөніндегі (оның ішінде оларды сұрыптау, өңдеу, залалсыздандыру жөніндегі) қосалқы операцияларды қоса алғанда, қалдықтарды көму немесе жою жөніндегі кез келген, қалпына келтіру болып табылмайтын операция; қалдықтарды қайта пайдалануды, оның ішінде қалдықтарды тікелей мақсаты бойынша қайта пайдалануды (қайта өңдеу), оларды тиісті дайындықтан кейін өндірістік циклге қайтаруды қоса алғанда, тауарларды (өнімдерді) өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету үшін қалдықтарды пайдалану деп түсінілетін қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі рәсімдерді жүзеге асыруды көздейтін сот шешімімен мемлекеттік меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі іс-шаралар;
Тармақша 9
9) қауіпті қалдықтардың орналасқан жері – сот шешімімен иесіз және мемлекеттік (республикалық немесе коммуналдық) меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды сақтау немесе өтеусіз сақтау жүзеге асырылатын аумақ, алаң, ғимарат немесе құрылысжай;
Тармақша 10
10) мемлекеттік сатып алу туралы шарт – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35328 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары) көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында веб-портал арқылы жасалған, электрондық цифрлық қолтаңбалар арқылы куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт;
Тармақша 11
11) негізгі шарт – сот шешімімен иесіз және республикалық меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі іс-шараларды ұйымның жүзеге асыруы шеңберінде уәкілетті орган мен ұйым арасында Заңның талаптарына сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт;
Тармақша 12
12) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының қауіпті қалдықтарды басқаруы – сот шешімімен иесіз деп және коммуналдық меншікке түсті деп танылған облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы жүзеге асыратын қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі іс-шаралар.
Тармақша 13
13) тарихи анықтама – қауіпті қалдықтарды басқару шеңберінде қалыптастырылатын, қауіпті қалдықтардың орналасқан жері, оларды мемлекеттік меншікке бергенге дейінгі қауіпті қалдықтардың пайда болу тарихы туралы мәліметтерді және өзге де ілеспе ақпаратты қамтитын құжат;
Тармақша 14
14) ұйым – сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы;
Тармақша 15
15) уәкілетті орган – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган;
Тармақша 16
16) ұйымның қауіпті қалдықтарды басқаруы – сот шешімімен иесіз және республикалық меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі ұйым жүзеге асыратын іс-шаралар; Өзге ұғымдар мен қысқартулар осы Қағидаларда Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында айқындалған мағынада пайдаланылады.
Тарау 2. 2-тарау. Қауіпті қалдықтарды басқару тәртібі
2-тарау. Қауіпті қалдықтарды басқару тәртібі
Тармақ 3
3. Иесіз қауіпті емес қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Қауіпті емес қалдықтарды кәдеге жаратқаннан және (немесе) жойғаннан кейін қауіпті емес қалдықтар объектілері орналастырылған аумақтарды рекультивациялауды Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар жүргізеді.
Тарау 3. 3-тарау. Қауіпті қалдықтарды басқару тәртібі
3-тарау. Қауіпті қалдықтарды басқару тәртібі
Тармақ 5
5. Кодекстің 340-бабының 3-тармағына сәйкес аумақтық орган немесе облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – ЖАО) өз аумағындағы иесіз қалдықтарды анықтайды.
Тармақ 6
6. Иесіз қалдықтар анықталғаннан кейін ЖАО немесе аумақтық орган 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органды хабардар етеді.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығымен бекітілген «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 8-тармағына сәйкес ЖАО немесе аумақтық орган иесіз қалдықтар анықталғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде қалдықтардың көлемі мен қауіптілік сыныбын көрсете отырып, қауіпті қалдықтарды иесіз деп тану және оларды республикалық және коммуналдық меншікке беру туралы талаппен сотқа жүгінеді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21934 болып тіркелген).
Тармақ 8
8. Аумақтық органдар және (немесе) ЖАО осындай қауіпті қалдықтарды иесіз деп тану және мемлекеттік (республикалық немесе коммуналдық) меншікке беру туралы соттың отырыстарына қатысады.
Тармақ 9
9. Мұндай қауіпті қалдықтарды иесіз деп тану және мемлекеттік (республикалық немесе коммуналдық) меншікке беру туралы мәселені сотта қарау кезінде ЖАО немесе аумақтық орган қауіпті қалдықтарды 1, 2, 3-қауіптілік сыныбына республикалық меншікке беру, қауіпті қалдықтарды 4-қауіптілік сыныбына коммуналдық меншікке беру туралы сот алдында өтініш жасайды, республикалық меншікке беру жөніндегі түпкілікті шешім немесе істің нақты мән-жайларын ескере отырып, сот коммуналдық меншікті қабылдайды.
Тармақ 10
10. Қауіпті қалдықтарды иесіз деп тану және мемлекеттік (республикалық немесе коммуналдық) меншікке беру туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде ЖАО құрамына уәкілетті органның немесе оның аумақтық органының, ЖАО және аумақтық бөлімшенің өкілдері кіретін комиссия құрылады. ЖАО шешімі жарияланған күннен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күннен кешіктірмей комиссия мүшелері ЖАО шешіміне сәйкес комиссия құрамына енгізілгені туралы хабардар етіледі. Комиссия мүшелері комиссия құрамына енгізу туралы хабарлама жасалған күннен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күннен кешіктірмей жұмысқа кіріседі. Комиссияның жұмысы басталған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде комиссия қауіпті қалдықтар анықталған жерге баруды жүзеге асырады және сот шешімімен иесіз деп танылған және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік (республикалық немесе коммуналдық) меншікке түскен иесіз қауіпті қалдықтарды қабылдау актісін жасайды. Комиссия республикалық немесе коммуналдық меншікке жауапты сақтауға қабылданған қауіпті қалдықтарды беруді сот шешімімен иесіз деп танылған және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік (республикалық немесе коммуналдық) меншікке келіп түскен қауіпті қалдықтарды жауапты сақтауға беру туралы акт жасау арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Қауіпті қалдықтарды өтеусіз сақтауды кәдеге жарату және (немесе) жою күніне дейін оларды республикалық немесе коммуналдық меншікке қабылдаған күннен бастап ЖАО қамтамасыз етеді. ЖАО-ның уәкілетті өкілдері жыл сайын, 1 қыркүйектен кешіктірілмейтін мерзімде қауіпті қалдықтардың орналасқан жерлеріне шығуды жүзеге асырады, қауіпті қалдықтарды видеожазбамен көзбен шолып қарауды жүргізеді, оның қорытындысы бойынша сот шешімімен иесіз деп танылған және коммуналдық меншікке түскен қауіпті қалдықтарды қарау актісін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасайды.
Тармақ 12
12. Ұйымның қауіпті қалдықтарды басқаруы мынадай:
Тармақша 1
1) тарихи анықтаманы қалыптастыру;
Тармақша 2
2) қауіпті қалдықтарды зерттеу;
Тармақша 3
3) қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату және (немесе) жою;
Тармақша 4
4) қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі есепті қалыптастыру және уәкілетті органға ұсыну шараларын қамтиды.
Тармақ 13
13. Ұйымның қауіпті қалдықтарды басқаруы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген іс-шаралар шеңберінде республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Уәкілетті орган мен ұйымның өзара қарым-қатынасы тиісті қаржы жылының 31 наурызынан кешіктірілмей жасалатын негізгі шартпен регламенттеледі.
Тармақ 14
14. Ұйым қауіпті қалдықтарды басқаруды негізгі шартқа техникалық ерекшелікке сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Ұйым негізгі шарт шеңберінде уәкілетті органға: тарихи анықтаманы дайындау; қауіпті қалдықтарды тексеру, қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату және (немесе) жою жөніндегі үшінші тұлғалардан көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу; Өнім берушінің көрсетілетін қызметтер процесін әкімшілендіру және нәтижелерін қарау жөніндегі қызметтерді көрсетеді.
Тармақ 16
16. Егер негізгі шарт тарихи анықтама дайындауды көздесе, ұйым негізгі шарт жасалған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде мынадай әрекеттерді:
Тармақша 1
1) Ұйымның корпоративтік интернет-ресурсында қауіпті қалдықтар туралы ақпарат жинау туралы хабарландыруды орналастыру;
Тармақша 2
2) ресми жалпыға қолжетімді көздерден қауіпті қалдықтар туралы ақпаратты, оның ішінде мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың интернет-ресурстарында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты интернет-ресурсының «Сот кабинеті» сервисінде, мерзімді баспа немесе электрондық басылымдарда және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылған мәліметтер мен құжаттарды жинау және талдау;
Тармақша 3
3) қауіпті қалдықтар, олардың шығу тегі, орын ауыстыруы және тарихи анықтаманы қалыптастыру үшін маңызы бар өзге де мән-жайлар туралы қажетті ақпараттың әлеуетті иелері болып табылатын мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардың атына жазбаша сұрау салулар жіберуді жүзеге асырады. Тиісті жазбаша сұрау салуды әлеуетті ақпарат иелері келіп түскен күннен бастап 15 күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде қарайды. Көрсетілген қарау мерзімі жазбаша сұрау салу келіп түскен күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күнді құрауы мүмкін, егер: сұрау салуды алған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей ұйымның жазбаша сұрау салуды қарауға қосымша уақыт қажет екендігі туралы жазбаша хабарламаса; қауіпті қалдықтар бойынша белгілі бір ақпараттың болуы және (немесе) ақпаратқа және (немесе) құжаттарға қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болса. Ақпараттың әлеуетті иелері (жергілікті атқарушы органдар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері, мұрағат саласындағы мемлекеттік органдар) ұйымға растайтын құжаттардың қосымшаларымен (бар болса) жауаптарды уақтылы жібереді. Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес алынған ақпаратты алғаннан кейін ұйым алынған ақпаратты талдауды және өңдеуді, тарихи анықтаманы қалыптастыруды жүзеге асырады. Ұйым, тарихи анықтаманы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өнім беруші көрсеткен қызметтер процесін әкімшілендіру жөніндегі есеппен бірге негізгі шартқа техникалық ерекшелікте көрсетілген мерзімдерден кешіктірмей мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыруға тиіс.
Тармақ 17
17. Бұл жағдайда негізгі шарт қауіпті қалдықтарды зерттеп-қарауды және (немесе) қауіпті қалдықтарды тәуелсіз бағалауды және (немесе) қауіпті қалдықтарды кәдеге жаратуды және (немесе) жоюды көздесе, онда ұйым мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) негізгі шартқа техникалық ерекшелік негізінде ұйым негізгі шарт жасалған күннен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде үшінші тұлғалардан сатып алынатын қызметтерге қойылатын техникалық ерекшелік пен біліктілік талаптарының жобасын әзірлеуді жүзеге асырады. Ұйым техникалық ерекшелікте мемлекеттік сатып алуды ұйымның негізгі шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауы шеңберінде жүзеге асыратыны туралы талаптардың болуын қамтамасыз етеді.
Тармақша 2
2) Ұйым әзірленген күннен бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде дайындалған құжаттардың жобаларын (техникалық ерекшелікті, біліктілік талаптарын) уәкілетті органға жібереді. Уәкілетті орган 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей дайындалған құжаттарды келіседі немесе ескертулерді және (немесе) ұсыныстарды көрсете отырып, пысықтауға қайтарады. Ұйым уәкілетті органның ескертулерін және (немесе) ұсыныстарын алған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде пысықтауды жүзеге асырады және осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды уәкілетті органға қайта жібереді. Уәкілетті орган ұйым пысықтаған құжаттарды енгізген күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей оларды қайта қарауды және келісуді жүзеге асырады.
Тармақша 3
3) әлеуетті өнім берушіні іріктеп алғаннан және шарт жасасқаннан кейін, ұйым процесті әкімшілендіруді және шарт шеңберінде өнім беруші көрсететін қызметтердің нәтижелерін қарауды жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Қауіпті қалдықтарды тексеру және (немесе) қауіпті қалдықтарды тәуелсіз бағалау бойынша қызметтер көрсетуді көздейтін шарт жасалған күннен бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде ұйым өнім берушінің шартта көрсетілген электрондық пошта мекенжайына мынадай құжаттардың: қауіпті қалдықтарды тексеру кезінде – қауіпті қалдықтарды иесіз және мемлекеттік (республикалық немесе коммуналдық) меншікке түсті деп тану туралы соттың, қауіпті қалдықтарды мемлекеттік (республикалық немесе коммуналдық) меншікке қабылдау туралы комиссияның заңды күшіне енген шешімінің көшірмелерін жібереді;
Тармақ 19
19. Қауіпті қалдықтарды тексеру және (немесе) қауіпті қалдықтарды тәуелсіз бағалау жөніндегі қызметтер көрсетуді көздейтін шарт жасалған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде ұйымның уәкілетті өкілдері уәкілетті органның және өнім берушінің өкілдерімен бірлесіп осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қауіпті қалдықтарды тексеру және (немесе) қауіпті қалдықтарға тәуелсіз бағалау жүргізу үшін сот шешімімен республикалық меншікке түскен деп танылған қауіпті қалдықтарға қол жеткізу туралы акт жасай отырып, қауіпті қалдықтардың орналасқан жеріне шығуды жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату және (немесе) жою жөнінде қызметтер көрсетуді көздейтін шарт жасалған күннен бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде ұйым шартта көрсетілген өнім берушінің электрондық пошта мекенжайына қауіпті қалдықтар туралы есептің және қауіпті қалдықтар паспортының көшірмелерін жібереді.
Тармақ 21
21. Қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату және (немесе) жою жөніндегі қызметтер көрсетуді көздейтін шарт бойынша өнім берушінің көрсетілетін қызметтерін әкімшілендіру барысында ұйымның уәкілетті өкілдері уәкілетті органның және өнім берушінің өкілдерімен бірлесіп 10 (он) күнтізбелік күн ішінде: қызмет көрсету алдында қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату және (немесе) жою жөніндегі қызметтері көрсетілетін қолданып отырған жабдықты (қондырғыны) және (немесе) полигонды көзбен шолып қарау үшін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жабдықты (қондырғыны) немесе полигонды көзбен шолып қарау актісін жасай отырып, жабдықтың (қондырғының) және (немесе) полигонның техникалық және біліктілік ерекшелігіне сәйкестігін тексеру үшін қауіпті қалдықтарды кәдеге жаратуды және (немесе) жоюды жүзеге асыру орнына; қызмет көрсету алдында қауіпті қалдықтарды өнім берушіге беру үшін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қауіпті қалдықтарды кәдеге жаратуға және (немесе) жоюға қабылдау-беру актісін жасай отырып, қауіпті қалдықтар орналасқан жерге; Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату және (немесе) жою кезеңдерінің бірінде болу актісін жасай отырып, өнім берушінің жабдығында (қондырғысында) және (немесе) полигонында қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату және (немесе) жою кезеңдерінің бірінде болу үшін; қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату және (немесе) жою орнына әкету аяқталғаннан кейін осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қауіпті қалдықтардың бұрынғы орналасқан жерін көзбен шолып тексеру актісін жасай отырып, қауіпті қалдықтардың болуы немесе болмауы тұрғысынан көзбен шолып қарау үшін шығуды жүзеге асырады. Ұйым шығу жүзеге асырылғанға дейін 3 (үш) күнтізбелік күн бұрын аумағында қауіпті қалдықтарды өтеусіз жауапты сақтау жүзеге асырылатын тұлғаға қауіпті қалдықтарға рұқсат ұсыну қажет өнім берушінің уәкілетті өкілдерінің деректерін көрсете отырып хабарлама жібереді.
Тармақ 22
22. Өнім беруші қауіпті қалдықтарды зерттеу және (немесе) қауіпті қалдықтарды тәуелсіз бағалау және (немесе) кәдеге жарату және (немесе) қауіпті қалдықтарды жою жөніндегі ұйымның қызметтерін көрсету процесінде қауіпті қалдықтардың орналасқан жерлеріне кез келген күні (қауіпті қалдықтардың орналасқан жері иесінің келісімі бойынша) сағат 9:00-ден 18:00-ғе дейін кедергісіз баруды жүзеге асырады.
Тармақ 23
23. Өнім беруші көрсетілген қызметтердің қорытындылары бойынша Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы ұйымдарға көрсетілген қызметтердің актісін мынадай құжаттарды: қауіпті қалдықтарды зерттеген жағдайда-қауіпті қалдықтар туралы есеп және қауіпті қалдықтардың паспортын; қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату және (немесе) жою жағдайында – қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату және (немесе) жою бойынша көрсетілген қызметтер туралы есепті қоса бере жібереді.
Тармақ 24
24. Шарт жасасу және оны орындау Заңға, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 25
25. Көрсетілген қызметтердің қорытындысы бойынша ұйым уәкілетті органға көрсетілген қызметтердің актісіне: тарихи анықтаманы; қауіпті қалдықтарды зерттеу және (немесе) кәдеге жарату және (немесе) жою бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, процесті әкімшілендіру және көрсетілген қызметтердің нәтижелерін қарау жөніндегі есепті; қауіпті қалдықтарды зерттеу және (немесе) кәдеге жарату және (немесе) жою есептері мен құжаттарын қоса ұсынады.
Тармақ 26
26. Мемлекеттік сатып алу заңда көзделген негіздер бойынша өтпеген деп бірнеше рет (3 реттен артық) танылған немесе ұйым шарт бойынша өнім берушінің көрсетілген қызметтерінің актілерін қабылдаудан негізді бас тартқан жағдайда, ұйым тиісті қаржы жылының 10 желтоқсанынан кешіктірмей қосымша келісімге қол қою арқылы негізгі шарттың сомасын өзгерту жөніндегі негізгі шартқа өзгерістер енгізуге бастамашылық жасайды.
Тармақ 27
27. Ұйым жыл сайын, жылдың 1 ақпанына дейін интернет-ресурста қауіпті қалдықтардың көлемі, түрлері және қауіпті қалдықтардың орналасқан жерлері туралы ақпаратты орналастырады.
Тармақ 28
28. Ұйымның уәкілетті өкілдері аумақтық органның уәкілетті өкілдерінің қатысуымен (келісім бойынша) жыл сайын 1 қыркүйектен кешіктірілмейтін мерзімде қауіпті қалдықтардың орналасқан жеріне шығуды жүзеге асырады, қауіпті қалдықтарды видеожазбаға түсіре отырып, көзбен шолу арқылы тексеру жүргізеді және оның қорытындысы бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес акт жасайды және 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 29
29. ЖАО Заңға сәйкес коммуналдық меншікке берілген қауіпті қалдықтарды кәдеге жаратуды және (немесе) жоюды жүзеге асырады.
Тармақ 30
30. Республикалық немесе коммуналдық меншікке олар кәдеге жаратылғаннан және (немесе) жойылғаннан кейін берілген қауіпті қалдықтар орналастырылған аумақтарды рекультивациялауды жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жүргізеді.
Басқа 1
Иесіз қалдықтарды басқару қағидаларына 1-қосымша Нысан 20____ ж. «___» ___________ __________________ (актіні жасау орны) Комиссия құрамында: _______________________________________________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) _______________________________________________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) _______________________________________________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) сот шешімімен иесіз және мемлекеттік (республикалық немесе коммуналдық) меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды қабылдау актісін жасады, ол және соттың заңды күшіне енген шешіміне (ұйғарымына) сәйкес _______________________________________________________________________________________ (соттың атауы, азаматтық істің нөмірі, шешімнің күні (ұйғарымдары)) ___________________________ меншікке келесі қауіпті қалдықтар қабылданды: (республикалық немесе коммуналдық) № р / с Қа­уіп­ті қал­дық­тар­дың ата­уы Сот ак­ті­сіне сәй­кес қа­уіп­ті қал­дық­тар­дың ша­ма­мен са­ны (мас­са­сы неме­се кө­ле­мі) Қа­был­дау кү­ніне қал­дық­тар­дың ор­на­лас­қан же­рі Қа­уіп­ті қал­дық­тар­дың жай-күй­і­нің си­патта­ма­сы (сұй­ық неме­се қат­ты) Қа­уіп­ті қал­дық­тар­дың ыдыс­ы­ның, қап­та­ма­сы­ның си­патта­ма­сы (тү­рі, са­ны, жай-күйі) Ко­мис­си­я­ның пі­кі­рі бой­ын­ша си­патта­у­ға жа­та­тын қа­уіп­ті қал­дық­тар­дың өзге де си­патта­ма­ла­ры Комиссия мүшелері: ____________________________ _________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) ____________________________ _________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) ____________________________ _________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Басқа 2
Иесіз қалдықтарды басқару қағидаларына 2-қосымша Нысан 20____ ж. «___» ___________ __________________ (актіні жасау орны) Комиссия, тұлға атынан __________________________________________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) сенімхат негізінде әрекет етеді __________________________________________________________________ (сенімхаттың күні мен нөмірі) тапсырды, _______________________________________________________, атынан (жеке немесе заңды тұлға) __________________________________________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) сенімхат негізінде әрекет ететін ______________________________________ (сенімхаттың күні мен нөмірі) __________________________________________________________________ (республикалық немесе коммуналдық) 20____ ж. «___» _____________ №__________ сот шешімі бойынша иесіз және мемлекеттік (республикалық немесе коммуналдық) меншікке келіп түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды өтеусіз сақтауға қабылдайды № р / с Қа­уіп­ті қал­дық­тар­дың ата­уы Сот ак­ті­сіне сәй­кес қа­уіп­ті қал­дық­тар­дың ша­ма­мен са­ны (мас­са­сы неме­се кө­ле­мі) Қа­был­дау кү­ніне қал­дық­тар­дың ор­на­лас­қан же­рі Қал­дық­тар­дың жай-күй­і­нің си­патта­ма­сы (сұй­ық неме­се қат­ты) Қа­уіп­ті қал­дық­тар­дың ыдыс­ы­ның, қап­та­ма­сы­ның си­патта­ма­сы (тү­рі, са­ны, жай-күйі) Ко­мис­си­я­ның пі­кі­рі бой­ын­ша си­патта­у­ға жа­та­тын қа­уіп­ті қал­дық­тар­дың өзге де си­патта­ма­ла­ры Тапсырды:______________________________________ ________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) Қабылдады:_____________________________________ ________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Басқа 3
Иесіз қалдықтарды басқару қағидаларына 3-қосымша Нысан 20____ ж. «___» ______________ __________________ (актіні жасау орны) Біз, төменде қол қойғандар, сот шешімімен (ұйғарымымен) қауіпті және мемлекеттік (республикалық немесе коммуналдық) меншікке түсті деп танылған қалдықтарды тексердік ____________________________________________________________________ (соттың атауы, азаматтық істің нөмірі, шешімнің күні (ұйғарымдары)) ____________________________________________________________________ (республикалық немесе коммуналдық) қарау актісін жасады. № р / с Қа­уіп­ті қал­дық­тар­дың ата­уы Қа­был­дау кү­ніне қал­дық­тар­дың ор­на­лас­қан же­рі Қал­дық­тар­дың жай-күй­і­нің си­патта­ма­сы (сұй­ық неме­се қат­ты) Қа­уіп­ті қал­дық­тар­дың ыдыс­ы­ның, қап­та­ма­сы­ның си­патта­ма­сы (тү­рі, са­ны, жай-күйі) Ко­мис­си­я­ның пі­кі­рі бой­ын­ша си­патта­у­ға жа­та­тын қа­уіп­ті қал­дық­тар­дың өзге де си­патта­ма­ла­ры Қатысқандар:_ ________________________________________________ ________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) ________________________________________________ ________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) ________________________________________________ ________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Басқа 4
Иесіз қалдықтарды басқару қағидаларына 4-қосымша Нысан 20____ ж. «___» ___________ __________________ (актіні жасау орны) Біз, төменде қол қойғандар, 20___ ж. «___» ____________ № ____ сот шешімімен иесіз және республикалық меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарға өнім берушінің өкілдеріне қауіпті қалдықтарды тексеру және (немесе) бағалау жүргізу үшін қолжетімділік беру туралы осы актіні жасадық _________________________________________________________________ (қауіпті қалдықтардың сынамаларын алу үшін көрсету) № р / с Қа­уіп­ті қал­дық­тар­дың ата­уы Сот ак­ті­сіне сәй­кес қа­уіп­ті қал­дық­тар­дың са­ны (мас­са­сы неме­се кө­ле­мі) Қа­был­дау кү­ніне қал­дық­тар­дың ор­на­лас­қан же­рі Қал­дық­тар­дың жай-күй­і­нің си­патта­ма­сы (сұй­ық неме­се қат­ты) Қа­уіп­ті қал­дық­тар­дың ыдыс­ы­ның, қап­та­ма­сы­ның си­патта­ма­сы (тү­рі, са­ны, жай-күйі) Ко­мис­си­я­ның пі­кі­рі бой­ын­ша си­патта­у­ға жа­та­тын қа­уіп­ті қал­дық­тар­дың өзге де си­патта­ма­ла­ры Қатысқандар: ______________________________________ ________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) ______________________________________ ________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) ______________________________________ ________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Басқа 5
Иесіз қалдықтарды басқару қағидаларына 5-қосымша Нысан 20____ ж. «___» ___________ __________________ (актіні жасау орны) Біз, төменде қол қойғандар, жабдықты (қондырғыны) немесе полигонды көзбен шолып тексеру актісін жасадық __________________________________________________________________ (өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келмейтінін немесе сәйкес келмейтінін көрсету, біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда негіздемесін/себептерін көрсету). № р / с Қа­уіп­ті қал­дық­тар­дың ата­уы Қа­уіп­ті қал­дық­тар­дың са­ны (мас­са­сы неме­се кө­ле­мі) Қал­дық­тар сы­нып­та­уы­шы бой­ын­ша қал­дық­тың ко­ды Қа­уіп­ті қа­был­дау кү­ніне қал­дық­тар­дың ор­на­лас­қан же­рі Қа­уіп­ті қал­дық­тар­дың жай-күй­і­нің си­патта­ма­сы (сұй­ық неме­се қат­ты) Қа­уіп­ті қал­дық­тар­дың ыдыс­ы­ның, қап­та­ма­сы­ның си­патта­ма­сы (тү­рі, са­ны, жай-күйі) Ко­мис­си­я­ның пі­кі­рі бой­ын­ша си­патта­у­ға жа­та­тын қа­уіп­ті қал­дық­тар­дың өзге де си­патта­ма­ла­ры Қатысқандар: ______________________________________ ________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) ______________________________________ ________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) ______________________________________ ________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Басқа 6
Иесіз қалдықтарды басқару қағидаларына 6-қосымша Нысан 20____ ж. «___» ___________ __________________ (актіні жасау орны) Біз, төменде қол қойғандар, _____________________________________________ (қауіпті қалдықтардың орналасқан жерін көрсету) ______________________________________ орналасқан және соттың 20___ ж. «___» ________________ № ________ шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды кәдеге жаратуға және (немесе) жоюға қабылдау-беру актісін жасадық № р / с Қа­уіп­ті қал­дық­тар­дың ата­уы Қа­уіп­ті қал­дық­тар­дың са­ны (мас­са­сы неме­се кө­ле­мі) Қал­дық­тар сы­нып­та­уы­шы бой­ын­ша қал­дық­тың ко­ды Қа­уіп­ті қа­был­дау кү­ніне қал­дық­тар­дың ор­на­лас­қан же­рі Қа­уіп­ті қал­дық­тар­дың жай-күй­і­нің си­патта­ма­сы (сұй­ық неме­се қат­ты) Қа­уіп­ті қал­дық­тар­дың ыдыс­ы­ның, қап­та­ма­сы­ның си­патта­ма­сы (тү­рі, са­ны, жай-күйі) Ко­мис­си­я­ның пі­кі­рі бой­ын­ша си­патта­у­ға жа­та­тын қа­уіп­ті қал­дық­тар­дың өзге де си­патта­ма­ла­ры Осы Акт қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату және (немесе) жою қызметтері бойынша ұйым мен өнім беруші арасында жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау шеңберінде иесіз қауіпті қалдықтарды кәдеге жаратуға және (немесе) жоюға беру мақсатында жасалды. ____________________________________________________________________ (шарттың нөмірі, күні) Ұйымнан тапсырды: ______________________________________ ________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) ______________________________________ ________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) Өнім берушіден қабылдады: ______________________________________ ________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) Қатысқандар: _________________________________________ ________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) _________________________________________ ________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Басқа 7
Иесіз қалдықтарды басқару қағидаларына 7-қосымша Нысан 20____ ж. «___» ___________ __________________ (актіні жасау орны) Біз, төменде қол қойғандар, соттың күшіне енген шешімімен (ұйғарымымен) берілген қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату және (немесе) жою кезеңдерінің бірінде болудың осы актісін жасадық _________________________________________________________________________ (соттың атауы, азаматтық істің нөмірі, шешімнің күні (ұйғарымдары)) ___________________________________________________________ меншікке. (республикалық немесе коммуналдық) Жоюдың және (немесе) кәдеге жаратудың көрсетілген кезеңі____________ №_________ Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қосымшалары мен ажырамас бөліктері болып табылатын техникалық ерекшелікке және біліктілік талаптарына сәйкес өткізілді Қатысқандар: Ұйымның атынан: ______________________________________ ______________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) ______________________________________ ______________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) Өнім берушіден: ______________________________________ _______________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Басқа 8
Иесіз қалдықтарды басқару қағидаларына 8-қосымша Нысан 20____ ж. «___» ___________ __________________ (актіні жасау орны) Біз, ұйымның және өнім берушінің төменде қол қойған уәкілетті өкілдері _____________________________________________________________________ (соттың атауы, азаматтық істің нөмірі, шешімнің күні (ұйғарымдары)) соттың күшіне енген шешімімен (ұйғарымымен) қауіпті қалдықтардың бұрынғы орналасқан жерін визуалды тексеру актісін жасадық __________________________________________________________ меншікте. (республикалық немесе коммуналдық) Ұйым мен өнім берушінің уәкілетті өкілдері жоғарыда көрсетілген қауіпті қалдықтардың бұрынғы орналасқан жерін визуалды тексерді және оларды растады _____________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (қауіпті қалдықтардың толық немесе ішінара жоқтығын немесе болуын көрсету) Қатысқандар: Ұйымның атынан: ______________________________________ ______________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) ______________________________________ ______________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) ______________________________________ ______________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) Өнім берушіден: ______________________________________ _______________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Басқа 9
Иесіз қалдықтарды басқару қағидаларына 9-қосымша Нысан