Құжат мәтініне өту

Об утверждении порядка взаимодействия без интеграции информационных систем между Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан и Комитетом по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан

Бұйрық · № 232 · қабылданған 03.11.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-161136/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении порядка взаимодействия без интеграции информационных систем между Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан и Комитетом по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 232 ·03.11.2021
03.11.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.11.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении порядка взаимодействия без интеграции информационных систем между Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан и Комитетом по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 232 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении порядка взаимодействия без интеграции информационных систем между Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан и Комитетом по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті арасындағы ақпараттық жүйелерді интеграцияламай өзара іс-қимыл тәртібін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
232
Қабылданған күні
03.11.2021
Көрсетілген редакция
03.11.2021 161136_557896.kaz
Соңғы өзгеріс
03.11.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21NZA00232
ЭКБ идентификаторы
161136
Редакция идентификаторы
161136_557896
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:08

0

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті арасындағы ақпараттық жүйелерді интеграцияламай өзара іс-қимыл тәртібін бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:

1

1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті арасында ақпараттық жүйелерді интеграцияламай өзара іс-қимыл тәртібі бекітілсін.

2 2. Әкімшілік деректер тізбесі бекітілсін.

3

3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті осы бірлескен бұйрықты сатып алынған құрылыс материалдарының, бұйымдарының, конструкцияларының және инженерлік жабдықтардың нақты құны туралы деректерді ұсыну бойынша жауапты орындаушыларға жеткізсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы осы бірлескен бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде деректерді алуға және талдауға жауапты адамдардың құрамын айқындасын.

5 5. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды;

2

2) осы бірлескен бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

6

6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарына және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасарына жүктелсін.

7 7. Осы бірлескен бұйрық оған мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

1 Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті арасында ақпараттық жүйелерді интеграцияламай өзара іс-қимыл тәртібі

Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің Ұлттық
статистика бюросы басшысының
2021 жылғы «03» қараша № 232
және Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігінің Құрылыс және
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
істері комитетін төрағасының
2021 жылғы «22» қараша № 184-нқ
бірлескен бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті арасында ақпараттық жүйелерді интеграцияламай өзара іс-қимыл тәртібі

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті арасында ақпараттық жүйелерді интеграцияламай өзара іс - қимыл тәртібі (бұдан әрі-тәртіп) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді

2

2. Тәртіп Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің (бұдан әрі – ҚР ИИДМ ҚТҮШІК) сатып алынған құрылыс материалдарының, бұйымдарының, конструкцияларының және инженерлік жабдықтардың нақты құны туралы әкімшілік деректерді Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына (бұдан әрі – Ұлттық статистика бюросы) ұсынуды айқындайды.

3 3. Тәртіп қатысушылары:

1 1) ҚР ИИДМ ҚТҮШІК;

2 2) Ұлттық статистика бюросы болып табылады.

2 2-тарау. Сатып алынған құрылыс материалдарының, бұйымдарының, конструкцияларының және инженерлік жабдықтардың нақты құны туралы әкімшілік деректерді ұсыну тәртібі

4

4. Сатып алынған құрылыс материалдарының, бұйымдарының, конструкцияларының және инженерлік жабдықтардың нақты құны туралы әкімшілік деректер (бұдан әрі-әкімшілік деректер) Ұлттық статистика бюросына мемлекеттік органдардың құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы электрондық кестелер түрінде ұсынылады.

5 5. ҚР ИИДМ ҚТҮШІК Ұлттық статистика бюросына әкімшілік деректерді ұсыну үшін мыналарды қамтамасыз етеді:

1 1) тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 1-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сатып алынған құрылыс материалдарының, бұйымдарының, конструкцияларының және инженерлік жабдықтардың нақты құны туралы деректері бар электрондық кестелерді ұсынады;

2 2) бес күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде деректерді ұсынуға байланысты жоспарланған өзгерістер туралы хабарлайды;

3 3) Ұлттық статистика бюросының жауапты тұлғаларына әкімшілік деректерді пайдалану бойынша әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді;

4 4) әкімшілік деректердің толықтығын, анықтығын және тәжірибелік уақтылығын қамтамасыз етеді.

6 6. Ұлттық статистика бюросы әкімшілік деректерді алғаннан кейін мыналарды қамтамасыз етеді:

1 1) әкімшілік деректерді үшінші тараптарға беру құқығынсыз тек қана статистикалық ақпаратты түзу үшін пайдаланады;

2 2) әкімшілік деректерді қалыптастыруға жауапты адамдардан басқа, бөгде адамдардың әкімшілік деректерді пайдалануға қолжетімділігін болдырмайды;

3 3) әкімшілік деректерді қалыптастыруға жауапты адамдар құрамындағы өзгерістер туралы өзгерістер енгізілген күннен бастап үш күнтізбелік күннен кешіктірмей хабардар етеді.

2 Әкімшілік деректер тізбесі

Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы мен
Қазақстан Республикасы Индустрия
және инфрақұрылымдық
даму министрлігінің Құрылыс және
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
істері комитеті арасында ақпараттық
жүйелерді интеграцияламай өзара
іс-қимыл жасау тәртібіне
қосымша
Әкімшілік деректер тізбесі

Көр­сет­кіш­тің ата­уы
Бө­лі­ніс
1
Ма­те­ри­ал­дық ре­сур­стың ата­уы
Об­лы­стар, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар, аста­на бой­ын­ша
2
Құ­ры­лыс ре­сур­ста­ры­ның жік­те­уі­ші бой­ын­ша ма­те­ри­ал­дық ре­сур­стың ко­ды
Об­лы­стар, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар, аста­на бой­ын­ша
3
ҚҚС ес­ке­ру­мен есеп­ті ке­зең­де са­тып алын­ған ма­те­ри­ал­дық ре­сур­стар­дың ба­ға­сы, өл­шем бір­лі­гіне тең­ге­мен
Об­лы­стар, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар, аста­на бой­ын­ша
4
Құ­ры­лыс ре­сур­ста­ры­ның жік­те­уі­шіне сәй­кес заттай өл­шем бір­лік­те­рін­де есеп­ті ке­зең­де өт­кі­зі­л­ген құ­ры­лыс ма­те­ри­ал­дық ре­сур­ста­рын өт­кі­зу кө­ле­мі
Кә­сі­по­рын­дар бой­ын­ша

Қолданыстағы