Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление экономики и бюджетного планирования акимата Костанайской области» Қолданыста
Басқа 0
«Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Қостанай
облысы әкімдігінің
2021 жылғы 22 қарашадағы
№ 531 қаулысымен
бекітілген
«Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) өз құзыретінің шегінде экономика және бюджеттік жоспарлау салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдары жоқ.
Тармақ 3
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ретінде ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Тармақ 6
6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Басқарма өз құзыретiнiң мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiледi.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Басқарманың қызметiн қаржыландыру жергілікті бюджеттен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Басқармаға кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Басқарманың функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.
Егер Басқармаға заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда алынған кiрiс, егер Қазақстан Республикасының заңында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттiк бюджетке жiберiледi.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттiк органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттiк органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) экономика саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
Тармақша 2
2) бюджеттік жоспарлау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
Тармақша 3
3) өңірлік даму саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттер.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
өз құзіреті шегінде құқықтық актілер шығару;
облыс әкімдігіне әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу;
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттар мен құжаттарды сұрату және алу;
өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
Тармақша 2
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
мемлекеттік органдарға ақпараттық-талдамалық материалдар дайындау және ұсыну;
сот органдарында Басқарманың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру;
өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру және өзге де міндеттерді атқару.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) облыстың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзірлейді;
Тармақша 2
2) кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт жобаларына экономикалық сараптаманы жүргiзеді;
Тармақша 3
3) Қостанай облысының даму жоспарын әзірлейді;
Тармақша 4
4) Қостанай облысының даму жоспарына мониторинг жүргізеді;
Тармақша 5
5) өңірлік даму саласындағы бағдарламалық құжаттардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді;
Тармақша 6
6) ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдайды және мониторинг жүргізеді;
Тармақша 7
7) «Дипломмен ауылға» жобасын іске асыру кезінде жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіреді;
Тармақша 8
8) шығыстардың бағыттарын және оларды облыстық бюджеттен қаржыландырудың ең төменгі көлемдерін айқындайды;
Тармақша 9
9) аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджетеріне жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемдерін айқындайды;
Тармақша 10
10) жыл сайын жоспарлы кезеңге облыстық бюджетті әзiрлейді;
Тармақша 11
11) Қостанай облысының облыстық бюджеті туралы облыс мәслихатының шешiмiн iске асыру туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;
Тармақша 12
12) жергiлiктi бюджетке түсетiн түсiмдердi болжайды;
Тармақша 13
13) облыстық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi шығыстарының лимиттерiн, жаңа бастамаларға арналған лимитін айқындайды;
Тармақша 14
14) бюджеттік сұратуларды, облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын қарайды, бюджеттік сұратулар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және Қостанай облысы әкімдігінің бюджеттік комиссиясының қарауына жібереді, облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бөлінісінде нысаналы индикаторлардың тізбесін және бюджеттік бағдарламалар паспорттарының нәтижелерін және облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің паспорттарына қорытындыны қалыптастырады;
Тармақша 15
15) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық, қаржы-экономикалық негіздемелеріне және инвестициялық ұсыныстарына экономикалық қорытындылар береді;
Тармақша 16
16) мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында өз құзыретінің шеңберінде мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 17
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттiк орган басшысының мәртебесі, өкілеттілігі
3-тарау. Мемлекеттiк орган басшысының мәртебесі, өкілеттілігі
Тармақ 16
16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз өкілеттіліктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) Басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 2
2) Басқарманың құрылымын, құрылымдық бөлімдері туралы ережені және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 3
3) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын бекітеді;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Басқарманың атынан мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда әрекет етеді;
Тармақша 5
5) бірінші қол қою құқығына ие;
Тармақша 6
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапкершілікті атқарады;
Тармақша 7
7) Басқарма қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 8
8) Басқарма қызметкерлерін көтермелеу, материалдық көмек көрсету шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
Тармақ 22
22. Басқарманың мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
Тармақ 23
23. Басқармаға бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
Тармақ 24
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25
25. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.