Об утверждении Правил лицензирования отдельных видов деятельности в сфере гражданской авиации Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы қызметтің жекелеген түрлерiн лицензиялау ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы қызметтің жекелеген түрлерiн лицензиялау ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің мынадай шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) "Жолаушылар мен жүктердi әуе көлiгімен тасымалдауды және Қазақстан Республикасының әуежайларында әуе кемелерiне, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты әуежайлық қызметтердi лицензиялау туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1997 жылғы 23 шiлдедегі N 1150 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 34, 310-құжат);
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 23 шiлдедегi N 1150 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 1 сәуiрдегi N 279 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 10, 73-құжат).
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы қызметтің жекелеген түрлерiн лицензиялау ережесi
Қазақстан Республикасы
Yкiметінің
2003 жылғы 7 шілдедегі
N 667 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы қызметтің жекелеген түрлерiн лицензиялау ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы қызметтің жекелеген түрлерiн лицензиялау ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңына , "Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзiрленген.
Тармақ 2
2. Осы Ереже азаматтық авиация саласындағы қызметтің лицензияланатын түрлерiне бiлiктiлiк талаптарын белгiлейдi және уәкiлеттi органның лицензия беру тәртiбiн анықтайды.
Тарау 2. 2. Мiндеттi лицензиялауға жататын қызмет түрлерi
2. Мiндеттi лицензиялауға жататын қызмет түрлерi
Тармақ 3
3. Азаматтық авиация саласында мiндеттi лицензиялауға қызметтің мынадай түрлерi жатады:
Тармақша 1
1) әуе көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi тасымалдау;
Тармақша 2
2) авиациялық жұмыстар;
Тармақша 3
3) қауiптi жүктердi тасымалдау;
Тармақша 4
4) алынып тасталды
Тармақша 5
5) алынып тасталды
Тарау 3. 3. Қызметтің лицензияланатын түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары
3. Қызметтің лицензияланатын түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары
Тармақ 4
4. Әуе көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру құқығына лицензия:
Тармақша 1
1) уәкiлетті орган берген қолданылып жүрген азаматтық әуе кемесi пайдаланушысының сертификаты болуы.
Шетел азаматтарына немесе заңды тұлғаларға қатысты шетелдiк мемлекеттiң құзыреттi билiк органдары беретiн және Қазақстан Республикасында белгіленген талаптарға жауап беретiн пайдаланушының сертификаттары немесе оларға ұқсас құжаттар танылады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасында немесе басқа мемлекетте мемлекеттік тiркеуден өткен және уәкілетті орган немесе шетелдік мемлекет берген Қазақстан Республикасында жарамды деп танылған қолданыстағы ұшу жарамдылығы сертификаттары бар әуе кемелерiн пайдалануы;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген тәртiппен мiндеттi сақтандырудың түрлерiн қамтамасыз етуi;
Тармақша 4
4) санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы болуы;
Тармақша 5
5) тұрақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру үшiн тұлғаның қосымша:
Тармақша а
а) Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ICAO) авиакомпанияның тiркелгенi туралы куәлiгi;
Тармақша б
б) пайдалану мақсаты үшiн үш әрiптi (ICAO) коды;
Тармақша в
в) халықаралық жолаушылар және жүк тасымалдарын ресiмдеу үшiн тасымалдау құжаттамасының белгiленген тiзбесi болуы тиiс тұлғаға беріледi.
Тармақ 5
5. Авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру құқығына лицензия осы Ереженің 4-тармағының 1)-3) тармақшаларында көрсетілген талаптарға сәйкес болуы тиiс тұлғаға берiледi.
Авиациялық-химиялық жұмыстарды жүзеге асыру үшiн тұлғада қосымша санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы болуға тиiс.
Тармақ 6
6. Қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру құқығына лицензия осы Ереженің 4-тармағының 1)-4) тармақшаларында көрсетiлген талаптарға сәйкес болуы тиiс тұлғаға берiледi.
Тармақ 7
7.
Тармақ 8
8.
Тарау 4. 4. Қызметтiң лицензияланатын түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін қажетті құжаттар
4. Қызметтiң лицензияланатын түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін қажетті құжаттар
Тармақ 9
9. Қызметтің лицензияланатын түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензияны ресiмдеу үшiн өтiнiш берушi азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу саласындағы уәкілеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нысан бойынша өтінішті;
Тармақша 2
2) осы Ереженің 4-6-тармақтарында көрсетiлген қызметтің осы түрiне арналған біліктілiк талаптарына өтiнiш берушiнің сәйкестiгiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн;
Тармақша 3
3) лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшiрмесi.
Тарау 5. 5. Лицензияны беру туралы өтiнiштi қарау мерзiмдерi
5. Лицензияны беру туралы өтiнiштi қарау мерзiмдерi
Тармақ 10
10. Егер заңнамалық кесiмдерде өзгеше мерзiм белгіленбесе, лицензияны барлық қажеттi құжаттарымен өтiнiштi берген күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектiлерi үшiн - он күндiк мерзiмнен кешiктiрмей азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу саласындағы уәкілеттi орган бередi.
Тарау 6. 6. Лицензиялық алым
6. Лицензиялық алым
Тармақ 11
11. Азаматтық авиация саласындағы қызметтердiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымдар ставкасы Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес белгiленедi. Лицензиялық қызметпен айналысудың барлық кезеңiне берiлетiн лицензия лицензияны беру сәтіндегi лицензиялық алымның бір жолғы төлемiмен жүзеге асырылады.
Тарау 7. 7. Лицензияның әрекет ету шарттары
7. Лицензияның әрекет ету шарттары
Тармақ 12
12. Лицензияның әрекет ету шарттары, соның iшінде лицензия беруден бас тарту, лицензияның әрекетiн тоқтату, лицензияны қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтата тұру тәртiбi "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледi.