Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел культуры и развития языков акимата Житикаринского района» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қостанай облысы Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жітіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Жітіқара ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 272 қаулысымен бекітілген «Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі) мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ тілінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 5
5. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. «Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, 6-шағын ауданы, 66-үй.
Тармақ 9
9. Осы ереже Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 10
10. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 12
12. Міндеттері:
Тармақша 1
1) жалпыұлттық мәдени-ақпараттық және тілдік ортаны нығайту;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органның құзыреті шегінде мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 3
3) мәдениетті дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру, мемлекеттік тілді және басқа тілдерді серпінді дамыту, тарихи-мәдени мұраны сақтау, ұлт бірлігін нығайту, жалпы мәдени құндылықтарды нығайту, мемлекет пен азаматтық сектор әріптестігінің тиімді жүйесін қолдау болып табылады.
Тармақ 13
13. Өкілеттіктері: Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) мәдениеттің кәсіпорындары мен мекемелерін ұстауға арналған бюджетті қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 2
2) мәдениеттің ведомстволық бағынысты кәсіпорындарына және мекемелеріне бюджеттік бөлінген қаржылардың сомасын анықтау;
Тармақша 3
3) мәдениет және тілдерді дамыту саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың ұтымдылығын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 4
4) мемлекеттік мекеме құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық-сараптамалық материалдарды және құжаттарды әзірлеу;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Тіл туралы» Заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 6
6) ведомстволық бағынысты мекемелер мен кәсіпорындар мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) өзінің қызметтерін атқаруы үшін мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан қажетті ақпаратты сұратуға;
Тармақша 8
8) мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған, мәдени-көпшілік іс-шараларды әзірлеу және өткізу мәселелері бойынша өзге де органдармен өзара іс-әрекет жасау;
Тармақша 9
9) Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, аудан әкімдігінің мәжілісіне ұсыныстар енгізу;
Тармақша 10
10) сотта талапкер және жауапкер болуға, сондай-ақ, заңнамаға қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
Тармақша 11
11) құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктемелер беру;
Тармақша 11-1
11-1) азаматтарды тіл қағидаты бойынша кемсітушілікке жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Функциялары:
Тармақша 1
1) жергілікті маңызды тарихи ескерткіштерді, рухани және материалдық мәдениетті пайдалану және қорғау, есепке алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) ауданның мәдени-көпшілік ойын-сауық іс шараларын, сондай-ақ көріністерді, фестивальдарды және сайыстарды аудан ұйымдарының, мекемелердің және кәсіпорындардың арасында өткізуді жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) ауданның мәдени мемлекеттік ұйымдарына аттестациялау өткізу;
Тармақша 4
4) мемлекеттік және өзге де тілдерді дамытуға бағытталған, аудандық деңгейдегі іс шараларды өткізу;
Тармақша 5
5) аудан аумағындағы жұмыс істейтін этномәдени орталықтарға жәрдем беру және қолдау көрсету;
Тармақша 6
6) ведомстволық бағынысты мекемелеріне әдістемелік және кеңестік көмек көрсету;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де функцияларды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жітіқара ауданының Жітіқара қаласында, Жітіқара ауданының ауылдары мен ауылдық округтерінде маңдайшаны орналастыру туралы хабарламаларды қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;
Тармақша 8-1
8-1) бюджет қаражатының көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерін қаржыландыруға арналған мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекітеді;
Тармақша 8-2
8-2) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерінде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 8-3
8-3) мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 8-4
8-4) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және облыстың жергілікті атқарушы органына ақпаратты, сондай-ақ белгіленген нысандағы статистикалық есептерді ұсынады;
Тармақша 8-5
8-5) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды дамытуға жәрдемдеседі.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі
3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі
Тармақ 15
15. Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне басшылықты мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын жетекші жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 17
17. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) жұмысты ұйымдастырады және басшылық жасайды, қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттік шеңберін айқындайды;
Тармақша 2
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады және қызметкерлерге орындауға міндетті нұсқаулар береді;
Тармақша 4
4) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органның атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 6
6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де ұйымдармен барлық өзара қарым-қатынастарда мемлекеттік органның атынан өкілдік етеді;
Тармақша 7
7) белгіленген еңбекке ақы төлеу қоры және жұмыскерлер саны шегінде мемлекеттік органның міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын, құрылымы мен штат кестесін бекітеді;
Тармақша 8
8) азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамамен белгіленген мерзімдерде қарайды, олар бойынша қажетті шараларды қабылдайды;
Тармақша 8-1
8-1) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 18
18. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 19
19. Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 20
20. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 21
21. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 22
22. «Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволық бағынысты ұйымдары болып табылады:
Тармақша 1
1) «Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) «Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) «Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Аудандық Мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.