Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел физической культуры и спорта акимата Житикаринского района» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жітіқара ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Жітіқара ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Жітіқара ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жітіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Жітіқара ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Жітіқара ауданы әкімдігінің 2021 жылғы «30» қарашадағы № 270 қаулысымен бекітілген «Жітіқара ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1 бөлім. Жалпы ережелер
1 бөлім. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Жітіқара ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Жітіқара ауданының спорт бөлімі) дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Жітіқара ауданының спорт бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Жітіқара ауданының спорт бөлімі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Жітіқара ауданының спорт бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 5
5. Жітіқара ауданының спорт бөлімі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Жітіқара ауданының спорт бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жітіқара ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. «Жітіқара ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, 6-шағын аудан, 71-құрылысы.
Тармақ 9
9. Осы Ереже Жітіқара ауданының спорт бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 10
10. Жітіқара ауданы әкімдігінің спорт бөлімінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Жітіқара ауданының спорт бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Жітіқара ауданының спорт бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Жітіқара ауданының спорт бөліміне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 12
12. Міндеттері:
Тармақша 1
1) ауданда дене шынықтыру мен спортты насихаттау және дамыту, спорт резервін дайындау үшін жағдай жасау.
Тармақ 13
13. Өкілеттіктері: Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті мәліметтерді, материалдар мен құжаттарды сұрату және алу;
Тармақша 2
2) көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін, тұтынушылардың Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Функциялары:
Тармақша 1
1) жеке тұлғалардың спортпен шұғылдануы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда қолжетімділігін ескере отырып, инфрақұрылым жасайды;
Тармақша 2
2) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлері бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткізеді;
Тармақша 4
4) спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында аудандық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
Тармақша 7
7) балалар-жасөспірімдер дене дайындығы, оның ішінде бейімделген дене шынықтыру және спорт клубтарын құрады;
Тармақша 8
8) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы, спорттық разрядтар береді, спортшыларды спорттық разрядтардан айырады.
Тармақша 9
9) біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі, біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;
Тармақша 10
10) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін іске асырады;
Тармақша 11
11) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде аудан аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және облыстың жергілікті атқарушы органына ұсынады;
Тармақша 13
13) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;
Тармақша 14
14) заңнамаға сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
Тармақша 15
15) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
Тармақша 16
16) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
Тармақша 17
17) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
Тармақша 18
18) аудандық және қалалық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептерінің қызметін қамтамасыз етеді;
Тармақша 19
19) халықпен жұмыс істеу үшін дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушылармен қамтамасыз етеді;
Тармақша 20
20) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жеке тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарында дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін жағдайлар жасайды;
Тармақша 21
21) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
Тармақша 21-1
21-1) бюджет қаражатының көлемдері шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты бекітеді;
Тармақша 21-2
21-2) мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 21-3
21-3) мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және мақсатты игерілуінің барлық кезеңі мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 22
22) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3 тарау. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі
3 тарау. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі
Тармақ 15
15. Жітіқара ауданының спорт бөліміне басшылықты Жітіқара ауданының спорт бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Жітіқара ауданының спорт бөлімінің басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 17
17. Жітіқара ауданының спорт бөлімі басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Жітіқара ауданының спорт бөлімінің атынан өкілдік етеді;
Тармақша 2
2) Жітіқара ауданының спорт бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 3
3) Жітіқара ауданының спорт бөлімінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді және «Жітіқара ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;
Тармақша 4
4) бұйрықтарға, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
Тармақша 5
5) Жітіқара ауданының спорт бөлімінің қызметкерлерін тағайындайды, босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;
Тармақша 6
6) өтініштермен жұмысты ұйымдастырады, жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;
Тармақша 7
7) Жітіқара ауданының спорт бөлімі қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін айқындайды;
Тармақша 8
8) белгіленген еңбекақы төлеу қоры және жұмыскерлер саны шегінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша Жітіқара ауданының спорт бөлімін қаржыландыру жоспарын, Жітіқара ауданының спорт бөлімінің құрылымын бекітеді;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Жітіқара ауданының спорт бөлімі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тарау 4. 4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 18
18. Жітіқара ауданының спорт бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Жітіқара ауданының спорт бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 19
19. Жітіқара ауданының спорт бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 20
20. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Жітіқара ауданының спорт бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 21
21. Жітіқара ауданының спорт бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.