О создании консультативного Совета по взаимодействию и сотрудничеству с неправительственными организациями Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттестік және ынтымақтастық жөніндегі консультативтік Кеңес құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 253 «Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарды 2003-2005 жылдары мемлекеттік қолдау бағдарламасы туралы» қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттестік және ынтымақтастық жөніндегі консультативтік Кеңес құрылсын.
Тармақ 2
2. Консультативтік Кеңестің жеке құрамы мәслихаттың сессиясында бекітуге енгізілсін. (Қосымша)
Тармақ 3
3. Үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттестік және ынтымақтастық жөніндегі консультативтік Кеңес туралы Ереже бекітілсін.
Басқа 4
Облыс әкімінің 2003 жылғы 26 06 № а-6/179 қаулысына қосымша Ақмола облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттестік және ынтымақтастық жөніндегі консультативтік Кеңестің ҚҰРАМЫ
Тармақ 1
1. Светлана Жақияқызы Жалмағамбетова - Ақмола облысы әкімінің орынбасары, Кеңестің төрайымы
Тармақ 2. Кеңестің мүшелері
2. Морозова Галина Васильевна - «Феминистер лигасы» ҚБ-нің президенті, Кеңес төрайымының орынбасары Кеңестің мүшелері
Тармақ 1
1. Марченкова Галина Альбертовна - облыстық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы (келісім бойынша)
Тармақ 2
2. Төлеғұл Ғосман Төлеғұлұлы - облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы
Тармақ 3
3. Байдәулетова Күләш Ақанқызы - ішкі саясат департаментінің директоры
Тармақ 4
4. Сейітжанова Нүрикамал – Сейітжанқызы - облыстық мәдениет басқармасының бастығы
Тармақ 5
5. Дмитриенко Елена Александровна - облыстық білім басқармасының бастығы
Тармақ 6
6. Комалдинов Инсафутдин Мавзетдинович - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы
Тармақ 7
7. Трищ Павел Станиславович - облыстық әділет басқармасының бастығы
Тармақ 8
8. Мадияров Әбділрахман Советұлы - облыстық еңбек, жұмыспен қамту халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы
Тармақ 9
9. Шораев Арман Төлегенұлы - облыстық телерадиохабарларын тарату компаниясының төрағасы
Тармақ 10
10. Кәрішалова Күләш Шотбайқызы - «ҚР Қызыл жарты ай және Қызыл Крест қоғамы» ҚБ облыстық филиалы комитетінің төрайымы (келісім бойынша)
Тармақ 11
11. Сүлейменова Қарлығаш Шәкиқызы - «Экос» экологиялық білім жөніндегі ақпарат және үйлестіру Орталығы» ҚБ төрайымы (келісім бойынша)
Тармақ 12
12. Тайшыбаев Әнуарбек Қабдөшұлы - «Қазақстанның саяси қуғын-сүргін құрбандары ассоциациясы» ҚБ Ақмола филиалының төрағасы (келісім бойынша)
Тармақ 13
13. Бәйтенов Нұрлан Ізмұханұлы - «Ақмола облысындағы жастар бірлестігін қолдау Ассоциацияның» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)
Тармақ 14
14. Қазбекова Меруерт Айтқажықызы - «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту Орталығы» ҚБ төрайымы (келісім бойынша)
Тармақ 15
15. Қайырбеков Амангелді Сәмиханұлы - «Ақмола облыстық мүгедек балаларды қолдау» ҚБ төрағасы (келісім бойынша)
Тармақ 16
16. Жұмабеков Марат Қабенұлы - «Ақмола облыстық кәсіпкерлер Ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)
Тармақ 17
17. Шайхесламова Қазына Ахасқызы - «Ноосфера» коғамдық бірлестігінің төрайымы (келісім бойынша)
Тармақ 18
18. Иткин Анатолий Александрович - «Хэсед» еврей қоғамының төрағасы (келісім бойынша)
Тармақ 19
19. Корнеева Светлана Георгиевна - «Видергебург» неміс қоғамының төрайымы (келісім бойынша)
Тармақ 20
20. Чжен Моисей Алексеевич - кәріс ұлттық мәдени орталығының төрағасы (келісім бойынша)
Тармақ 21
21. Ахметов Оразбек Имекенұлы - «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы (келісім бойынша)
Басқа 28
Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы «26» 06 № а-6/179 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН Ақмола облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттестік және ынтымақтастық жөніндегі консультативтік Кеңес туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттестік жөніндегі Кеңес (бұдан әрі - Кеңес) облыс әкімдігі жанындағы консультативтік кеңес органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес кызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
Тармақ 3
3. Облыс әкімінің орынбасары Кеңестің төрағасы болып табылады. Кеңестің жеке құрамы облыстық мәслихат сессиясының шешімімен бекітіледі.
Тарау 2. 2. Кеңестің қызметтері мен міндеттері
2. Кеңестің қызметтері мен міндеттері
Тармақ 4
4. Кеңестің негізгі қызметтері мен міндеттері:
Тармақша 1
1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттестік жөніндегі кешенді аймақтық саясат құру үшін басымдықтарды анықтап ұсыныстар дайындау;
Тармақша 2
2) үкіметтік емес ұйымдарға консультативтік, әдістемелік, ақпараттық, техникалық-ұйымдастыру жұмыстарында қолдау көрсетудің кешенді жүйесін жасау;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара әрекеттестігі мен ынтымақтастығын нығайту;
Тармақша 4
4) Кеңестің құзырына жататын проблемалар бойынша мемлекеттік органдардан, үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтардан түскен ұсыныстарын қарап, облыс әкіміне ұсыныс жасау;
Тармақша 5
5) бағдарламалық құжаттар мен әлеуметтік маңызы бар жобаларды қарау мен дайындауға қатысу;
Тармақша 6
6) үкіметтік емес сектор мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер өткізуге қолұшын беру, облыстағы үкіметтік емес ұйымдар көрсеткіштерінің ақпараттық базасын қалыптастыру;
Тармақша 7
7) үкіметтік емес ұйымдар қызметінің толық аспектісін көрсету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әріптестікті нығайту;
Тармақша 8
8) үкіметтік емес ұйымдар қызметіне қатысты халықтың үндеуін, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарау;
Тармақша 9
9) халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық, үкіметтік емес ұйымдар қызметіне арналған конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысу.
Тарау 3. 3. Кеңестің өкілеттілігі
3. Кеңестің өкілеттілігі
Тармақ 5
5. Кеңес өз құзыры шеңберінде:
Тармақша 1
1) өз отырыстарында жергілікті билік органдарының жетекшілерін тыңдайды;
Тармақша 2
2) жергілікті билік органдарынан үкіметтік емес ұйымдар қызметіне қатысты ақпарат сұрайды;
Тармақша 3
3) Кеңес мәжілістерін, бағдарламалық құжаттарды әзірлеу үшін штаттан тыс эксперттер ретінде қалың жұртшылық пен үкіметтік емес ұйымдардың білікті және беделді өкілдерін тартады;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерге үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы статистикалық, аналитикалық, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жолдайды;
Тармақша 5
5) Азаматтардың өтініштерін, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарау қорытындылары бойынша Кеңес шешім қабылдау үшін материалдарды тиісті жергілікті атқарушы органдар мен лауазымды адамдардың қарауына жолдайды.
Тарау 4. 4. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
4. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Кеңестің құрамын Төраға, орынбасар және Кеңес мүшелері құрайды.
Тармақ 7
7. Кеңестің Төрағасы Кеңес отырысын жүргізеді. Кеңестің Төрағасы Кеңестің шешіміне және басқа да құжаттарына қол қояды, отырыста қаралатын мәселелерді айқындайды, ұйымдастыру-реттеу қызметтерін толықтырады. Кеңес төрағасы қатыспаған жағдайда оның міндетін орынбасары атқарады.
Тармақ 8
8. Отырыс жарты жылда бір реттен кем өткізілмейді.
Тармақ 9
9. Кеңестің мүшелері қаралатын мәселелерді талқылауға қатысуға, ұсыныстар мен ескертулер енгізуге, аудандық әкімдіктермен, облыстық басқармалар және ұйымдармен өзара әрекеттестікте қызмет істеуге құқылы.
Тармақ 10
10. Кеңес шешімін ұсыныс түрінде береді.
Тармақ 11
11. Кеңестің мүшелерінің отырысқа қатысуы жөнінде өкілеттілігін өзгеге беруге құқы жоқ.
Тармақ 12
12. Кеңес шешімін отырысқа қатысушы Кеңес мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылдайды. Дауыс тең болған жағдайда төрағалық етушінің даусы шешуші болып есептеледі.