О проведении тендера по распределению лимита на вылов рыбы и закреплению рыбохозяйственного фонда Карагандинской области Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Балық аулау лимитін үлестіру және Қарағанды облысының балық шаруашылығы қорын бекіту жөніндегі тендерді өткізу туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қазандағы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1996 жылғы 4 желтоқсандағы № 1480 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының балық және басқа су жануарларын аулау Ережесіне, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2003 жылғы 19 ақпандағы №172 «Балық шаруашылығы су айдындарында балық аулаудың және теңіз аңын (итбалықты) аулаудың 2003 жылға арналаған лимиттері мен квоталарын бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес және балық шаруашылығын бақылау мен реттеу функцияларын Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінің Қарағанды облыстық аумақтық басқармасына беруге байланысты:
Тармақ 1
1. Балық аулау лимитін үлестіру және облыстың су айдындарын бекіту жөніндегі тендерлік комиссияның құрамы бекітілсін (№1 қосымша).
Тармақ 2
2. Балық аулау лимитін үлестіру және облыстың су айдындарын (телімдерін) бекіту жөніндегі тендерді (конкурсты) өткізу Қағидасы бекітілсін, №2 қосымша.
Тармақ 3
3. Облыс әкімінің 1999 жылғы 22 желтоқсандағы №37 «Аң аулау орындарын және су айдындарын бекіту жөніндегі тендерлік комиссия туралы» (2000 жылғы 17 мамырдағы мемлекеттік тіркелу нөмірі 88) шешімінің күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 4
4. Аталмыш шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Т. Тұңғышбековке жүктелсін.
Басқа 1. 2003 жылы балық аулау лимитін үлестіру және Қарағанды облысының су айдындарын (телімдерін) бекіту жөніндегі ТЕНДЕРЛІК КОМИССИЯНЫҢ ҚҰРАМЫ
Облыс әкімінің 2003 жылғы 3 маусым № 25 шешіміне № 1 қосымша «Балық аулау лимитін үлестіру және Қарағанды облысының балық шаруашылығы Қорын бекіту жөніндегі тендерді өткізу туралы» 2003 жылы балық аулау лимитін үлестіру және Қарағанды облысының су айдындарын (телімдерін) бекіту жөніндегі ТЕНДЕРЛІК КОМИССИЯНЫҢ ҚҰРАМЫ Шушиков Кәрібай Мақашұлы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (одан әрі- ҚР АШМ) Қарағанды облыстық аумаақтық басқармасының бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Комиссиия мүшелері: Ахметжанов Жеңіс Мырзағалиұлы - Қарағанды облысының көлік бақылау басқармасының бөлім бастығы (келісім бойынша) Бөкетов Мәжит Евнейұлы - жабайы табиғатты қорғаудың «Арлан» қоғамдық орталығының үйлестірушісі (келісім бойынша) Дю Борис Николаевич - Қарағанды облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша) Екимов Вячеслав Федорович - орман және аң шаруашылығы облыстық аумақтық басқармасының бөлім бастығы (келісім бойынша) Кенжеғозин Марат Әскерұлы - облыс әкімі орынбасарының бас маманы- консультанты Оспанов Еренғай Мұқашұлы - жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттің бас маманы (келісім бойынша) Полянский Алексей Валентинович - ҚР АШМ Қарағанды облыстық аумақтық басқармасының бас маманы- Мембалық инспекторы (келісім бойынша) Сластунов Владимир Павлович - облыс әкімі аппараты әкімшілік органдар және заңдық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің м.а.
Басқа 2. Барлық аулау лимитін үлестіру және облыстың су айдындарын (телімдерін) табиғат пайдаланушыларға бекіту жөніндегі тендерді (конкурсты) өткізу ҚАҒИДАСЫ
Облыс әкімінің 2003 жылғы 3 маусым № 25 шешіміне № 2 қосымша «Балық аулау лимитін үлестіру және Қарағанды облысының балық шаруашылығы Қорын бекіту жөніндегі тендерді өткізу туралы» Барлық аулау лимитін үлестіру және облыстың су айдындарын (телімдерін) табиғат пайдаланушыларға бекіту жөніндегі тендерді (конкурсты) өткізу ҚАҒИДАСЫ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тендерді (конкурсты) су айдындардың (телімдерін) бекіту, балықты кәсіпшілік аулауға құқық беру және қатысушылар арасында көлемдерді бөлу мақсатымен жыл сайын жергілікті атқарушы орган және арнаулы уәкілетті орган өткізеді.
Тармақ 2
2. Уәкілетті орган – балық ресурстарын мемлекеттік басқару органы (Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі).
Тармақ 3
3. Лимит – барлық және басқа да су жанураларын аулудың оңтайлы жол берілетін көлемдері.
Тармақ 4
4. Балық шаруашылығы су айдыны (телімі) – балық шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін немесе көбеюі үшін маңызы бар өзендер, көлдер, тоғандар, су қоймалары және олардың қосалқы сулары – балық шаруашылығы су айдындары болып табылады.
Тарау 2. 2. Тендерді (конкурсты) өткізу тәртібі
2. Тендерді (конкурсты) өткізу тәртібі
Тармақ 5
5. Тендерді (конкурсты) су айдындарын (телімдерін) бекіту, балықты кәсіпшілік аулауға құқық беру және қатысушылар арасында көлемдерді (лимиттерді) бөлу мақсатымен жыл сайын өткізіледі. Қажетті жағдайларда тендер комиссиясы төрағасының ұсынысы бойынша өткізіледі.
Тармақ 6
6. Тендер (конкурс) өткізу құқығы Қарағанды облысы әкімінің шешімімен бекітілген тендер комиссиясына жүктеледі.
Тармақ 7
7. Тендерге қатысу үшін негіздеме табиғат пайдаланушының мәлімдемесі болып табылады.
Тармақ 8
8. Тендерде су айдындарын (телімдерін) бекіту кезінде артықшылықтар меншік нысанына қарамастан табиғат пайдаланушыларға беріледі:
Тармақша 1
1) табиғат пайдаланушы мен арнаулы уәкілетті орган арасында жасалған келісім шарт міндеттемелерін орындаушыларға;
Тармақша 2
2) облыс су айдындарының балық қорларын ұлғайтуға бағытталған балық өсіру мелиоративтік шараларды өткізуге белсенді қатысушыларға;
Тармақша 3
3) қолданыстағы балық шаруашылығы Қағидасын және оның нормативтерін, табиғат қорғаудың басқа да нормотивтік құқықтық актілерін ұстанатындарға;
Тармақша 4
4) су айдындарының биоресурстарын алғандығы үшін ақы төлеуді мезгілінде қамтамасыз ететіндерге;
Тармақша 5
5) кәсіби білікті балықшылардың, аулау жабдықтарының, жүзу құралдарының, кәсіпшілік механизмдерінің, өндірістік қуаттардың болуын, балық қабылдау пунктерінің, көліктің, тоңазытқыштың, қаржы жағдайының және т.б. болуын есепке ала отырып балық аулаудың бөлінген лимиттерін итеруге мүмкіндігі барларға.
Тармақ 9
9. Тендерлік комиссияның шешімі тендерге комиссияның кем дегенде 2/3 мүшелері қатысқан кезде көпшілік дауыспен қабылданады (комиссияның барлық мүшелері қол қойған отырыс хаттамасымен рәсімделеді).
Тармақ 10
10. Табиғат пайдаланушыларға су айдындарын (телімдерін) бекіту, балықты кәсіпшілік аулауға құқық беру және аулаудың көлемдерін (лимиттерін) белгілеу туралы шешімді тендерлік комиссияның шешімі негізінде облыс әкімі қабылдайды.
Тармақ 11
11. Облыс әкімі тендерлік комиссияның шешімін бекіткеннен кейін ҚР АШМ Қарағанды облыстық аумақтық басқармасы табиғат пайдаланушылармен балық шаруашылығы су айдындарын (телімдерін) пайдалануға келісім шарт жасап, барлық қажетті құжаттарды береді. Табиғат пайдалану мерзімдері келісім шартпен белгіленеді.
Тармақ 12
12. Су айдындарын қайта бекіту мына жағдайларда жүргізіледі:
Тармақша 1
1) табиғат пайдаланушы бас тартқанда;
Тармақша 2
2) олар қолданыстағы заңнаманы немесе тиісті құжаттармен расталған келісім шарттарын бұзғанда;
Тармақша 3
3) сот шешімімен қарастырылған банкроттық кезінде;
Тармақша 4
4) табиғат пайдаланушы мен арнаулы уәкілетті орган арасында жасалған келісім шарт міндеттемелерін орындамағанда.
Тармақ 13
13. Балық кәсіпшілігі су айдындарын (телімдерін) бекіту мақсатымен конкурсқа (тендерге) қатысуға тілек білдірген табиғат пайдаланушы ұсынатын конкурстық (тендерлік) мәлімдемеде мыналар болуға тиіс:
Тармақша 1
1) Бос жатқан балық кәсіпшілігінің су айдыны (телімі) және балық аулауға сұралатын лимит пен квота көрсетіле отырып конкурсқа (тендерге) қатысуға мәлімдеме;
Тармақша 2
2) Бюджет алдында мерзімім өткен қарызының жоқтығы туралы салық органдарының анықтамасы;
Тармақша 3
3) Заңды тұлға Жарғысының көшірмесі;
Тармақша 4
4) Мемлекеттік тіркелу туралы куәліктің көшірмесі;
Тармақша 5
5) Қаржы жағдайы туралы қызмет көрсететін банктен алынатын анықтама;
Тармақша 6
6) Аулау жабдықтарының, балық кәсіпшілігі стандартының, өндірістік мекен-жайлардың санитарлық жағдайы туралы санитарлық эпидемиологиялық қызмет органдарының анықтамасы;
Тармақша 7
7) Табиғат пайдаланушының өзіне бұрын алған келісім шарт міндеттемелерін орындауы туралы мемлекеттік органның анықтама-қорытындысы (егер оған бұрын балық кәсіпшілігінің су айдыны (телімі) бекітілген жағдайда ұсынылады);
Тармақша 8
8) Арнаулы уәкілетті мемлкеттік органның сұралатын лимитті игеру үшін қажетті аулау жабдықтарының, кәсіпшілік механизмдерінің, жүзу құралдарының және басқа да материалдық – техникалық ресурстардың болуын және жай-күйін растайтын анықтамасы;
Тармақша 9
9) Басшы бекіткен балық кәсіпшілігі су айдынының (телімінің) экологиялық ахуалын, гидробионттардың тіршілік ету және балық қорларын көбейту жағдайларын жақсарту жөніндегі балық өсіру мелиоративтік жұмыстар көлемдері көрсетіле отырып 2003 жылға арналған табиғат қорғау шараларының жоспары.
Тармақ 14
14. Мәлімдеме мен қажетті құжаттама 2 данамен жапсырылған түрде конкурсты өткізу туралы шешім бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланған күннен бастап бір айлық мерзім (30күн) ішінде тендерлік комиссияға беріледі. Ескерту: Жұмыс тобының құрамын тендерлік комиссия белгілейді.
Тарау 3. 3. Бақылау және есеп беру
3. Бақылау және есеп беру
Тармақ 15
15. Уәкілетті органға (ҚР АШМ Қарағанды облыстық аумақтық басқармасы) жүктелсін.
Тармақ 16
16. Табиғат пайдаланушылардың есеп беру мерзімдері – ай сайын.
Тармақ 17
17. Тексерістерді жүргізу шаралардың бекітілген жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.