Об утверждении Порядка расчетов прогнозных объемов доходов и затрат бюджетов сел и сельских округов Денисовского района Күшін жойған
Басқа 0
Денисов ауданының ауыл және ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу Қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы «Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы» № 139 бұйрығына сәйкес, Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Денисов ауданының ауыл және ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу қағидасы осы қаулының қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Денисов ауданының ауыл және ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібі
Денисов
ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 16 қарашадағы
№ 218 қаулысына
қосымша
Денисов ауданының ауыл және ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібі
Тарау 1. 1-тарау. Негізгі ережелер
1-тарау. Негізгі ережелер
Тармақ 1
1. Осы аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 45 және 65-баптарына сәйкес әзірленді және ауыл және ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу кезінде қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Денисов ауданының ауыл және ауылдық округтер бюджеттері кірістерінің болжамды көлемін айқындау
2-тарау. Денисов ауданының ауыл және ауылдық округтер бюджеттері кірістерінің болжамды көлемін айқындау
Тармақ 2
2. Денисов ауданының ауылдар мен ауылдық округтер бюджеттері кірістерінің болжамды көлемі, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен, бюджет түсімдерін болжау Әдістемесіне сәйкес есептеледі.
Тарау 3. 3-тарау. Денисов ауданының ауыл және ауылдық округтер бюджеттері шығындарының болжамды көлемін айқындау
3-тарау. Денисов ауданының ауыл және ауылдық округтер бюджеттері шығындарының болжамды көлемін айқындау
Тармақ 3
3. Ауыл және ауылдық округтер бюджеттері шығындарының болжамды көлемі Бюджет кодексінің 56-1-бабында белгіленген функционалдық белгісі бойынша шығыстар бағыттарын ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша және бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемінің сомасы ретінде есептеледі.
Бұл ретте тұрақты сипаты бар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функцияларын және мемлекеттің міндеттемелерін орындау жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсатына қол жеткізуге, нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың болжамды көлемдері:
еңбекақы төлеуге, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, өнімдер мен дәрілік заттарды сатып алуға, жәрдемақылар төлеуге, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жұмыс істеуі, шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру, азаматтық хал актілерінің жазбасы жөніндегі қызметті қамтамасыз ету, шұғыл жағдайларда науқасы ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін жақын жердегі денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру, мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру, елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету, жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқ адамдарды жерлеу, елді мекендерде көшелерді жарықтандыру, елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру, жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау, аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау, елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру, жергілікті деңгейде халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке трансферттер (бұдан әрі – ағымдағы шығындар);
материалдық-техникалық базаны нығайтуға, күрделі жөндеуге, мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстарына, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттік мекемелердің кадрларды қайта даярлау және жұмыскерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі шығыстарына, бюджеттік инвестициялық жобаларға (бұдан әрі - күрделі сипаттағы шығындар) тұрады.
Тарау 4. 4-тарау. Ауыл және ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
4-тарау. Ауыл және ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
Тармақ 4
4. Ағымдағы шығындарды есептеу үшін тұтастай алғанда ауыл, ауылдық округтердің аудандық бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі айқындалады.
Тармақ 5
5. Ауыл, ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін айқындау кезінде есепке алынады:
Тармақша 1
1) әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және бюджеттік параметрлеріне сәйкес жоспарланған кезеңде тұтыну бағаларының индексіне ағымдағы шығындардың ұлғаюын ескере отырып, ағымдағы шығындардың жиынтық көлемі (еңбекақыны қоспағанда);
Тармақша 2
2) ауыл, ауылдық округтер бюджеттерінің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Заңдарының ережелері;
Тармақша 3
3) бұрын ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар;
Тармақша 4
4) ауыл және ауылдық округ бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін аудандық өкілді және атқарушы органдар шешімдерінің ережелері.
Тармақ 6
6. Ауыл және ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық үстемеақы төлеуге, материалдық көмек көрсетуге және мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне қосымша демалыстарға арналған қаражат алынып тасталады және ауыл, ауылдық округтер бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі есептелгеннен кейін абсолюттік сомалар қосылады.
Тармақ 7
7. Ауыл және ауылдық округ бюджеттерінің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есеп айырысу базасына жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың нақтыланған жоспарына сәйкес ағымдағы шығындардың көлемі қабылданады.
Тармақ 8
8. Ауыл және ауылдық округ бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу осы Тәртіпке қосымшаға сәйкес мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың тізбесі, оларға көрсеткіштер мен коэффициенттердегі келтірілген көрсеткіштер мен коэффициенттерді ескере отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың функционалдық кіші топтар бөлінісінде жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Жеке функционалдық кіші топ бойынша жекелеген ауыл және ауылдық округтердің ағымдағы шығындарының есебі мынадай формула бойынша жүргізіледі:
мұнда:
– і ауыл, ауылдық округтің j-функционалдық кіші тобы бойынша ағымдағы есептік шығындары;
Зj –ауданның барлық өңірлерінің ауыл, ауылдық округ бюджеттеріне j-функционалдық кіші тобы бойынша ағымдағы шығындардың жиынтық болжамды көлемі;
– і ауыл, ауылдық округтің j-функционалдық кіші тобы бойынша мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар саны;
– і ауыл, ауылдық округте j-ші функционалдық кіші топ бойынша орташа аудандық деңгейден мемлекеттік қызметтер көрсету құнындағы айырмашылықтарды негіздейтін объективті факторларды ескеретін коэффициенттер.
Тармақ 10
10. Ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеу кезінде мемлекеттік қызметтерді көрсету құнындағы айырмашылықтарды негіздейтін объективті факторларды көрсететін мынадай коэффициенттер қолданылады:
Тармақша 1
1) урбандалу коэффициенті:
мұнда:
Халіқала – i ауыл, ауылдық округтің халқы санының болжамы;
Халі – i- ауыл, ауылдық округтегі халық санының болжамы.
Урбандалу коэффициенті жеке функционалдық кіші топтар бойынша қалалық жерлердегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты шығындардың барынша жоғары орташа аудандық деңгейін ескереді;
Тармақша 2
2) қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті:
мұнда:
Халікіш – халық саны 500 адамнан аз елді мекендерде тұратын і ауыл, ауылдық округтегі халық санының болжамы;
Халі – і ауыл, ауылдық округтегі халықтың жалпы санының болжамы.
Қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті елді мекеннің мөлшеріне тәуелсіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің белгілі бір жинағын, оның ішінде қосымша көлік және өзге де шығыстарды ескере отырып, қамтамасыз ету қажеттігіне негізделген шығындардың орташа аудандық деңгейімен салыстырғандағы барынша жоғары деңгейін ескереді;
Тармақша 3
3) ауқым коэффициенті:
мұнда:
–ауыл, ауылдық округ халқы санының орташа аудандық деңгейден ауытқуы есепке алынатын салмақ;
– бір ауыл, ауылдық округ халқының орташа санының болжамы;
Халi – i- ауыл, ауылдық округтегі халық санының болжамы.
Ауқым коэффициенті тұтынушылар санының өсуімен, бір тұтынушыға шаққандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынуға арналған шығындар көлемінің төмендеуін көрсететін ауқымның тиімділігін ескереді;
Тармақша 4
4) халықтың жас ерекшелігі құрылымының коэффициенті:
мұнда:
Халітоп – i- ауыл, ауылдық округ белгілі бір жас ерекшелігі тобы бойынша халық санының болжамы;
Халі – і ауыл, ауылдық округтің халық санының болжамы.
Халықтың жас ерекшелігі құрылымының коэффициенті халықтың жекелеген санаттарының денсаулық сақтауға және білім беруге байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қойылатын жоғары сұранысын ескереді;
Тармақша 5
5) ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті:
мұнда:
Халіауыл – i- ауыл, ауылдық округтің ауыл халқы санының болжамы;
– j-функционалдық кіші топ бойынша (барлық ауыл, ауылдық округтер бойынша жиынтық сомада) ағымдағы шығындардың жалпы көлеміндегі жалақының үлесі.
Ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті жекелеген функционалдық кіші топтар бойынша ауылдық жерлердегі жалақыға қосымша шығыстар қажеттілігін ескереді;
Тармақша 6
6) тығыздық коэффициенті:
мұнда:
– аудан бойынша халықтың орташа тығыздығы;
рi – i- ауыл, ауылдық округте халықтың тығыздығы;
–ауыл, ауылдық округтер халқының тығыздығының орташа аудандық деңгейден ауытқуы ескерілетін салмақ.
Тығыздық коэффициенті аудан халқы тығыздығының төмендеуіне байланысты ауыл, ауылдық округтер бюджеттерінің шығындарының ұлғаюын ескереді;
Тармақша 7
7) жолдарды күтіп-ұстау коэффициенті:
мұнда:
Ni – i ауыл, ауылдық округтің жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативі;
– аудан бойынша автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландырудың орташа нормативі;
Тармақша 8
8) кедейлікті есепке алу коэффициенті (табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі негізінде):
мұнда:
bi – і ауыл, ауылдық округтегі жалпы халық саны ішінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі.
Кедейлікті есепке алу коэффициенті аудан өңірлері бюджеттерінің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халық үлесінің өсуіне байланысты әлеуметтік көмек төлемдеріне шығындардың ұлғаюын ескереді;
Тармақша 9
9) жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті:
мұнда:
di – i- ауыл, ауылдық округтегі жылыту маусымының кезеңі;
– аудан бойынша жылыту маусымының орташа кезеңі; – ауыл, ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жалпы көлеміндегі жылу шығындарының үлесі.
–ауыл, ауылдық округ бюджеттердің ағымдағы шығындарының жалпы көлеміндегі жылытуға жұмсалатын шығындардың үлесі.
Жылыту маусымының ұзақтығын есептеу коэффициенті аудан өңірлері бюджеттерінің жылытуға жұмсайтын шығындарының аудандағы жылыту маусымының ұзақтығына байланысын ескереді.
Тармақ 11
11. Келесі екі жылдардағы ауыл және ауылдық округ бюджеттерінің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есептік базасына тұтыну бағаларының индексін ескере отырып, үш жылдық кезеңнің бірінші жылының ауыл, ауылдық округ бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі қабылданады.
Тарау 5. 5-тарау. Ауыл және ауылдық округ бюджеттердің күрделі сипаттағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
5-тарау. Ауыл және ауылдық округ бюджеттердің күрделі сипаттағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
Тармақ 12
12. Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі ауыл және ауылдық округтің ағымдағы шығындарын қаржыландырудың жалпы көлеміне пайыздық қатынасына сәйкес жылдар бойынша бөле отырып айқындалады.
Әрбір ауыл және ауылдық округ бойынша жеке күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
КШі = k* ЕШі,
мұнда:
КШі – і ауыл, ауылдық округтің күрделі сипаттағы есептік шығындары;
ЕШі – і ауыл, ауылдық округтің ағымдағы есептік шығындары;
k – күрделі сипаттағы шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.
Аудандық бюджет пен ауыл және ауылдық округтер бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін k коэффициентінің шамасы аудандық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.
Тарау 6. 6-тарау. Ауыл, ауылдық округ бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемін есептеу
6-тарау. Ауыл, ауылдық округ бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемін есептеу
Тармақ 13
13. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемі ауыл, ауылдық округтің ағымдағы шығындарының болжамды көлеміне және кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынаста жылдар бөлінісінде айқындалады.
Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемін есептеу әрбір ауыл және ауылдық округтер бойынша жеке мына формула бойынша жүргізіледі:
БДБШi = (r1*ЕШі) + (r2*КБКі),
мұнда:
БДБШi – i ауыл, ауылдық округтің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша есептік шығындары;
ЕШі – i ауыл, ауылдық округтің ағымдағы есептік шығындары;
КБКі – і ауыл, ауылдық округтің кірістерінің болжамды көлемі;
r1 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы;
r2 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ауыл, ауылдық округ бюджеттердің кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.
Тармақ 14
14. r1 және r2 коэффициентерінің шамасы аудандық бюджет пен ауыл, ауылдық округтер бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін аудандық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.
Ауыл,
ауылдық округтер
бюджеттерінің кірістері
мен шығындарының
болжамды көлемдерін
есептеу тәртібіне
қосымша
Функционалдық кіші топтардың атаулары
Көрсеткіштері
Коэффициенттері
1
2
3
1. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар
Тұрақты халық саны
қоныстандыру дисперсиялығы; тығыздық; ауқым; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу
Қаржылық қызмет
қоныстандыру дисперсиялығы;
тығыздық;
ауқым;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу
7. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
Елді мекендерді көркейту
Тұрақты халық саны
қоныстандыру дисперсиялығы; тығыздық; ауқым
8. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік
Спорт
Тұрақты халық саны
қоныстандыру дисперсиялығы; тығыздық
12. Көлік және коммуникации
Автомобиль көлігі
Жергілікті маңызы бар автожолдардың, оның ішінде елді мекендер мен көшелер ішіндегі автожолдар ұзындығы (километр)
жолдарды күтіп ұстау;
13. Басқалар
Басқалар
Тұрақты халық саны
қоныстандыру дисперсиялығы; тығыздық; ауқым