"Об утверждении Правил использования средств, предусмотренных в республиканском бюджете по программе "Представительские затраты", и норм представительских затрат" Қолданыста
Басқа 0
Облыстық бюджетте «Өкілдік шығындар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану Қағидасын және өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына , Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2003 жылғы 20 наурыздағы "Республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесiн және өкiлдiк шығындардың нормаларын бекiту туралы" № 281 қаулысына сәйкес, сондай-ақ облыстық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану тәртiбiн белгiлеу мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Мыналар:
қосымшаға сәйкес облыстық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидасы (бұдан әрi - қағида);
қосымшаға сәйкес өкiлдiк шығындар нормасы бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Өкiлдiк шығындар қағидасы мен нормаларының сақталуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Б.С. Демеуовке жүктелсiн.
Басқа 3. Облыстық бюджетте "өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидасы
Облыс әкiмдiгiнiң
2003 жылғы 4 мамыр
"Облыстық бюджетте "Өкiлдiк
шығындар" бағдарламасы бойынша
көзделген қаражатты пайдалану
қағидасын және өкiлдiк шығындардың
нормаларын бекiту туралы" қаулысымен
бекiтiлдi
Облыстық бюджетте "өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидасы
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы қағида облыстық бюджетте "өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Өкiлдiк шығындар - тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджетте көзделген және облыстық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi Қазақстан Республикасы Президентiн, Қазақстан Республикасының басқа да сыйлы адамдарын, шетелдiк делегацияларды қабылдауға, кеңестер, семинарлар, салтанатты және ресми iс-шаралар өткiзуге, сондай-ақ облыс әкiмiнiң шетелдiк сапарлары кезiндегi өкiлдiк мақсаттарына бөлiнетiн қаражат.
Өкiлдiк шығындарға:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңнамада көзделген жағдайларда облыс әкiмi шақыратын тұлғалардың тұру және баратын пунктiне дейiнгi көлiк шығындарына ақы төлеуге;
Тармақша 2
2) ресми қонақасыға, кешкi астарға, кофе-брейктерге, фуршеттерге;
Тармақша 3
3) ресми қабылдаулар өткiзу кезiндегi музыкалық сүйемелдеуге;
Тармақша 4
4) кәдесыйлар, ескерткiш сыйлықтар сатып алуға;
Тармақша 5
5) автокөлiк қызметiн көрсетуге;
Тармақша 6
6) аудармашылардың қызметiне ақы төлеуге;
Тармақша 7
7) залды жалға алуға арналған шығындар;
Тармақша 8
8) VIР-орындары үшiн жабдықтар сатып алуға, ағымдағы жөндеуге байланысты және соған ұқсас басқа да шығындарға рұқсат еткен өзге де шығыстар жатады.
Тарау 2
Тармақ 2. 2. Облыстық бюджеттiң өкiлдiк шығындарға бөлiнетiн қаражатын пайдалану тәртiбi
2. Облыстық бюджеттiң өкiлдiк шығындарға бөлiнетiн қаражатын пайдалану тәртiбi
Тармақ 3
3. Облыс әкiмiнiң iс басқармасы облыстық бюджетте тиiстi қаржылық жылға арналған өкiлдiк шығындарға көзделген қаражат көлемiне сүйене отырып, өкiлдiк шығындарды талап ететiн жылдық iс-шаралар жоспарын (бұдан әрi - Iс-шаралар) жасайды.
Тармақ 4
4. Облыстық бюджетте өкiлдiк шығындарға арналып көзделген қаражат:
Тармақша 1
1) iс-шараны өткiзу қажеттiлiгiнiң негiздемесi;
Тармақша 2
2) деңгейi мен форматы бойынша делегацияның болу бағдарламалары;
Тармақша 3
3) iс-шаралар дайындау мен өткiзудiң жұмыс жоспары;
Тармақша 4
4) iс-шараға қатысушылардың iс жүзiндегi санын растайтын құжаттар;
Тармақша 5
5) шығыстардың әрбiр ерекшелiктерi негiзделген қаржыландыру жоспарлары;
Тармақша 6
6) Осы Ереженiң 3-тармағына сәйкес Жоспарда тиiстi iс-шара болған кезде жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Осы қағиданың 2-тармағының 3), 4), 7) тармақшаларында белгiленген өкiлдiк шығындар бойынша облыс әкiмiнiң iс басқармасы облыс қаржы департаментiне товарлар мен қызметтердiң құнын, сондай-ақ көрсетiлген товарлар мен қызметтердi ұсынатын ұйымдардың реквизиттерiн көрсете отырып, заңнамада белгiленген тәртiптiң сақталуын растайтын құжаттарды ұсынады.
Тармақ 6
6. Облыс қаржы департаментi Жоспардың негiзiнде осы қаулымен бекiтiлген өкiлдiк шығындардың нормаларына сәйкес өкiлдiк шығындарға арналған қаражат бөлудi жүзеге асырады.
Басқа 28. Өкiлдiк шығындардың нормалары
Облыс әкiмдiгiнiң
2003 жылғы 4 мамыр
"Облыстық бюджетте "өкiлдiк
шығындар" бағдарламасы бойынша
көзделген қаражатты пайдалану
қағидасын және өкiлдiк шығындардың
нормаларын бекiту туралы" № 96/4
қаулысына қосымша
Өкiлдiк шығындардың нормалары
р/с
Шығыстардың атауы
құны теңгемен
1
Ресми түстiктердi, кешкi астарды беруге арналған шығындар делегациялар үшiн күнiне бiр адамға арналған есеппен жүргiзiледi; Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Хатшысы-Сыртқы iстер министрiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентi палаталары Төрағаларының, басқа да аса қадiрлi адамдардың қатысуымен ресми түстiктерi, кешкi астарды беруге күнiне бiр адамға арналған есеп бойынша
6500-ге дейiн
12500-ге дейiн
2
Келiссөздер, мәдени бағдарламалар iс-шаралары кезiндегi буфеттiк қызмет көрсету күнiне бiр адамға
1040-қа дейiн
3
Делегацияны қабылдайтын мемлекеттiк органның штатында тұрмайтын аудармашының еңбегiне ақы төлеу (iлеспе аудармадан басқа) бiр сағатқа ақы төлеу есебi бойынша
700-ге дейiн
4
Автомобиль көлiгiмен шетелдiк делегацияларға қызмет көрсетуге арналған көлiктiк шығындарға ақы төлеу бiр сағатқа ақы төлеу бойынша қаржыландыру жоспарларында көзделедi
1200-ге дейiн
Ескерту:
Тармақ 1
1. Ресми түстiктердi, кешкi астарды беру кезiнде облыс тарапынан қатысушылардың саны делегациялар тарапынан қатысушылар санынан аспауы тиiс.
Тармақ 2
2. Делегациялардың құрамы 5 адамнан артық болған кезде делегацияға қызмет көрсететiн iлесiп жүрген адамдар мен аудармашылардың (iлеспе аудармадан басқа) саны делегацияның 5 мүшесiне 1 аудармашы немесе бiрге жүрушi есебiнен айқындалуы тиiс.