Об утверждении Положения государственного учреждения «Управление строительства города Шымкент» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабының 1-тармағына, 39-бабына «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды атқарсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Айманбетовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Басқа 5
Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 1441 қаулысына қосымша «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Басқарма) құрылыс қызметі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарына шоттары бар.
Тармақ 5
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсәт шағын ауданы, Nursultan Nazarbaev даңғылы № 10, индексі 160023.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Басқарма құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Басқарма қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Басқарма кәсіпкерлік субьектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары: Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Шымкент қаласы аумағында құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Құқықтары: мердігер (бас мердігер) орындап жатқан жұмыстардың барысы мен сапасына және олардың орындалу мерзімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асыруға; мердігерден талаптар бұзыла отырып орындалған жұмыстарды қабылдамауға; техникалық қадағалау қызметін бақылауға; сәйкессіздіктер анықталған жағдайда техникалық және авторлық қадағалаулардың қорытындыларын алудан бас тартуға; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Тармақша 2
2) Міндеттері: құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу басталғанға дейін мердігерге (бас мердігерге) бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын беруге; объектіні Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық қажетті рұқсат беру құжаттарымен қамтамасыз етуге; техникалық және авторлық қадағалаулармен қолдау арқылы объектінің құрылысын қамтамасыз етуге; мердігерге (бас мердігерге) техникалық және авторлық қадағалаулардың нұсқауларын орындамағаны не уақтылы орындамағаны және сапасыз орындағаны үшін шаралар қолдануға; техникалық және авторлық қадағалау үшін жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуге; мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының нұсқамаларын орындауды қамтамасыз етуге; техникалық қадағалау қызметін бақылау бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарының объектіге жіберілуін қамтамасыз етуге; объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде объект орналасқан жердегі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына объектінің техникалық сипаттамалары жөніндегі қосымшамен бірге объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін, сәйкестік туралы декларацияны және құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы мен орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындыларды жіберуге; Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) Жаңа нысандардың құрылысын жүргізу, әрекеттегі нысандарды реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу;
Тармақша 2
2) Қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге де жобалау (жобалық-сметалық) құжаттаманы белгіленген тәртіппен әзірлеу, келісу, сараптамадан өткізу және бекіту;
Тармақша 3
3) Аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру объектілерін салу;
Тармақша 4
4) Тиісті сәулет және қала құрылысы органдарынан, сондай-ақ мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорыннан (қол жеткізуге шек қойылатын ақпараттарды немесе құжаттарды қоспағанда) жобалау алдындағы зерттеулерге, техникалық-экономикалық негіздемені дайындауға, құрылыстағы инвестициялар негіздемесіне, аумақты жоспарлауға және онда құрылыс салуға, объектілерді жобалау мен жоспарлауға сондай-ақ оларды кейіннен пайдалануға қажетті ақпаратты (мәліметтерді, деректерді, бастапқы материалдарды немесе құжаттарды) сұратуға және алуға;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен объектілерді (кешендерді) қабылдауға ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) объектілерді (кешендерді)пайдалануға қабылдау актілерін тіркеу және пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;
Тармақша 7
7) салынып жатқан объектілерді (кешендерді)мониторингін жүргізу;
Тармақша 8
8) құрылыстарды, ғимараттарды, инженерлік коммуникацияларын салу, реконструкциялау туралы, сондай-ақ аумақтың инженерлік желілерін әзірлеу, абаттандыру мен көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс нысандарын консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы қала әкімдігіне ұсыныстар енгізу;
Тармақша 9
9) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша қала әкімдігі қаулыларының, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлеу және қала әкімдігінің қарауына енгізу;
Тармақша 10
10) Қала аумағында сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау мемлекеттік органдарының жұмысына жәрдемдесу;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасы заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру;
Тармақша 12
12) «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 қаулысына сәйкес, тұрғын үй салуды және сатып алу жұмыстарын атқару;
Тармақша 13
13) Шымкент қаласының тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы аясында іс-шараларды ұйымдастыруды жүзеге асыру;
Тармақша 14
14) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен көппәтерлі тұрғын үйлердегі лифтілерді жөндеу мен ауыстыруды жүзеге асыру;
Тармақша 15
15) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуді ұйымдастыруды жүзеге асыру;
Тармақша 16
16) Шымкент қаласында тұрғын үй-жайлардың сейсмикалық беріктігін орнықтыруға бағытталған іс-шараларды өткізу.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның, бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның, бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Басқарманы басқаруды Басқарма басшысы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Басқарманың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қала әкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Басқарма басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Басқарманың атынан сенімхатсыз әрекет етеді және басқарманың мемлекеттік мүдделерін барлық ұйымдарда білдіреді;
Тармақша 2
2) заңнамада белгіленген тәртіп шегінде және жағдайларда басқарманың мүлігіне иелік етеді;
Тармақша 3
3) Басқарманың қаржылық-шаруашылық қызметіне және мемлекеттік кәсіпорын мүлкінің сақталуы үшін жеке жауаптылықта болады;
Тармақша 4
4) келісімшарттар жасасады, оның ішінде қайта сенім білдіру құқығымен, сенімхаттар береді, басқарманың іссапарлар мен тағылымдамалар, қызметкерлерінің оқу орталықтарында білім алу және өзге де біліктілігін арттыру түрлері бойынша жұмыс тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
Тармақша 6
6) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) банк шоттарын ашады, басқарманың барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 8
8) Басқарманың қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және босатады, мемлекеттік қызмет туралы, еңбек қатынастары заңнамаларына сәйкес, басқарма қызметкерлеріне көтермелеу шараларын және тәртіптік шара қолданады, өз орынбасарларының және басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;
Тармақша 9
9) сыбайлас жемқорлық көрінісіне қарсы әрекеттерді күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына дербес жауапты;
Тармақша 10
10) Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;
Тармақша 11
11) заңнамамен, осы ережемен және қала әкімдігімен басқармаға жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) сенімхаттар береді;
Тармақша 13
13) Басқарманың жұмыс жоспарын бекітеді;
Тармақша 14
14) Басқарманың ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
Тармақша 15
15) Басқарманың Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығына құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.
Тармақ 22
22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органдарды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органдарды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Басқарманың қарамағында «Тұрғын үй Шымкент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бар.