О рынке ценных бумаг Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бағалы қағаздар рыногы туралы
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңның мақсаттары үшiн мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) агенттік облигация – эмитенті қаржы агенттігі немесе кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлға болып табылатын облигация;
Тармақша 2
2) айырбасталатын бағалы қағаз – акционерлiк қоғамның шығару проспектiсiнде айқындалатын шарттармен және тәртiппен оның басқа түрдегi бағалы қағазына алмастыруға жататын бағалы қағазы;
Тармақша 3
3) андеррайтер – брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды және (немесе) цифрлық қаржы активтерін шығару мен орналастыру жөнiнде қызметтер көрсететiн бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушы;
Тармақша 3-1
3-1) ашық сауда-саттық әдісі – сауда-саттыққа қатысушының өзі өтініш берген және сауда-саттыққа ықтимал шектеусіз қатысушылар саны арасында болжалды бәсеке болатын сауда-саттық әдісі;
Тармақша 3-2
3-2) әлеуметтік облигациялар – орналастырудан түскен қаражаты әлеуметтік проблемаларды шешуге және (немесе) оң әлеуметтік өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған жаңа және (немесе) қолданыстағы жобаларды ішінара немесе толық қаржыландыруға (қайта қаржыландыруға) бағытталатын облигациялар;
Тармақша 4
4) бағалы қағаз – мүлiктiк құқықтарды куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлеулердiң жиынтығы;
Тармақша 5
5) бағалы қағаздарды номиналды ұстау – номиналды ұстау шартына не осы Заңға сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылар атынан және есебiнен белгiлi бiр заңды iс-әрекеттердi жасау, сондай-ақ бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу мен растау және осындай ұстаушылардың бағалы қағаздарымен жасалатын мәмiлелерді тiркеу;
Тармақша 6
6) бағалы қағаздардың бағасын белгiлеу – ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында белгiлi бiр уақыт кезiнде бағалы қағаз бойынша сұраныстың және (немесе) ұсыныстың жарияланған бағасы;
Тармақша 7
7) бағалы қағаздардың бастапқы рыногы – эмитенттiң бағалы қағаздардың қайталама рыногында өзi бұрын сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздарын бұдан әрi орналастыруын қоспағанда, эмитенттiң (андеррайтердiң немесе эмиссиялық консорциумның) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруы;
Тармақша 7-1
7-1) бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесі – қор биржасының материалдық-техникалық құралдары мен ішкі құжаттарының кешені, оларды пайдалана отырып оның пайдаланушылары арасында белгіленімдермен алмасуға қолдау көрсетіледі және мәмілелер жасасу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі;
Тармақша 8
8) бағалы қағаздардың қайталама рыногы – орналастырылған бағалы қағаздардың айналысы процесiнде бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi арасында қалыптасатын құқықтық қатынастар;
Тармақша 8-1
8-1) бағалы қағаздарды шығару шарттары – эмитент, сатылымға болжанатын эмиссиялық бағалы қағаздар, шығарылымның көлемi, шығарылымдағы бағалы қағаздардың саны, олардың шығарылу, орналастырылу, айналыста болу, дивидендтер (сыйақы) төлеу, өтеу рәсiмi мен тәртiбi туралы мәлiметтерді және инвестордың бағалы қағаздар сатып алу туралы шешiмiне ықпал етуi мүмкiн басқа да ақпаратты қамтитын құжат (бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі, жеке меморандум, айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын облигациялардың шығарылымы туралы мәліметтер, шығарылым талаптарын айқындайтын өзге құжат);
Тармақша 9
9) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесi – белгiлi бiр уақыт кезiнде эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқық ұстаушыларды сәйкестендiрудi, бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi тiркеудi қамтамасыз ететін эмитент, эмиссиялық бағалы қағаздар және оларды ұстаушылар туралы мәлiметтердiң жиынтығы, сондай-ақ осы бағалы қағаздар бойынша айналымға немесе құқықтарды жүзеге асыруға арналып тiркелген шектеулердiң сипаты және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiне сәйкес өзге де мәлiметтер;
Тармақша 9-1
9-1) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы – өз қызметін бағалы қағаздар нарығында лицензия негізінде не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы;
Тармақша 10
10) бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау – бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің және өзге тұлғалардың бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына, оның ішінде шетелдік валюталар мен туынды қаржы құралдарына ұсыныс пен сұраныстың объективтi арақатынасы нәтижесiнде орныққан бағалардан (бағамдардан) жоғары немесе төмен бағаларды (бағамдарды) белгiлеуге және (немесе) ұстап тұруға, бағалы қағазбен немесе өзге де қаржы құралымен сауда көрiнiсiн жасауға бағытталған әрекеттерi;
Тармақша 11
Тармақша 12
12) бағалы қағазды ұстаушы – бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесiнде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесiнде тiркелген, бағалы қағаздар бойынша құқықтарға ие тұлға, сондай-ақ пайларын ұстаушылар ортақ үлестiк меншiк құқығында инвестициялық пай қоры активтерiнiң құрамына кiретiн бағалы қағаздар бойынша құқықтарды иеленетiн инвестициялық пай қоры;
Тармақша 13
13) базалық актив – стандартталған тауарлар партиясы, бағалы қағаздар, валюта, қаржы құралдары және сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарында айқындалған өзге де көрсеткiштер;
Тармақша 13-1
13-1) бас қаржылық келісім – талаптарымен туынды қаржы құралдарымен мәмілелер, репо операциялар және (немесе) объектісі бағалы қағаздар, валюта және (немесе) өзге де қаржы құралдары болып табылатын өзге де мәмілелер жасалатын, үлгілік талаптарын кәсіптік ұйым немесе осы Заңда белгіленген жағдайларда шетелдік кәсіптік ұйым әзірлеген келісім;
Тармақша 14
Тармақша 15
Тармақша 15-1
15-1) биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесі – орталық депозитарийдің материалдық-техникалық құралдары мен ішкі құжаттарының кешені, оларды пайдалана отырып ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында белгіленімдермен алмасуға қолдау көрсетіледі және мәмілелер жасасу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі;
Тармақша 16
16) брокер – клиенттiң тапсырмасы бойынша, оның есебiнен және мүдделерiн көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайтын бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы;
Тармақша 17
17) бұйрық – қаржы құралдарын ұстаушы (сатып алушы) өзiне тиесiлi қаржы құралдарына немесе қаржы құралдарын сатып алуға арналған ақшаға қатысты белгiлi бiр iс-әрекеттi жүзеге асыруды көрсете отырып, бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушыға табыс ететiн құжат;
Тармақша 17-1
17-1) бірыңғай оператор – Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор;
Тармақша 18
Тармақша 19
19) дара инвестор – институционалдық инвестор болып табылмайтын инвестор;
Тармақша 20
20) делистинг – бағалы қағаздарды сауда-саттық ұйымдастырушының ресми тiзiмiнен шығарып тастау;
Тармақша 21
21) депозитарийлiк қолхат – осы депозитарийлiк қолхаттың базалық активi болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың белгiлi бiр санына меншiк құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз;
Тармақша 22
22) депозитарийлiк қызмет – басқа номиналды ұстаушылар, орталық депозитарийдің клиенттері болып табылатын ұйымдар үшiн бағалы қағаздарды номиналды ұстау қызметтерiн көрсету және қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру жөнiндегi қызмет;
Тармақша 23
Тармақша 24
24) депонент – орталық депозитарийдiң осы Заңның 59-бабының 1-тармағында айқындалған функцияларды жүзеге асыратын клиентi;
Тармақша 25
25) дефолт – эмиссиялық бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары бойынша мiндеттемелердiң орындалмауы;
Тармақша 26
26) дилер – ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында оған тiкелей кiру құқығымен өз мүдделерiн көздеп және өз есебiнен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайтын бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы;
Тармақша 26-1
26-1) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның лицензиясы негізінде ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;
Тармақша 27
27) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздар – шығарылуын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган тiркеген бағалы қағаздар;
Тармақша 27-1
27-1) «жасыл» облигациялар – орналастырудан түскен қаражаты жаңа және (немесе) қолданыстағы «жасыл» жобаларды ішінара немесе толық қаржыландыруға (қайта қаржыландыруға) бағытталатын облигациялар;
Тармақша 28
28) жеке шот – бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдері жүйесiнде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесiнде қамтылатын, эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары бойынша мәмiлелердi тiркеу және құқықтарды есепке алу мақсатында тiркелген тұлғаны бiржақты сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн жазбалар жиынтығы;
Тармақша 29
29) жеке шоттан үзiндi – орталық депозитарий немесе номиналды ұстаушы беретiн және белгiлi бiр уақыт кезiнде қаржы құралдары бойынша тiркелген тұлғаның құқықтарын растайтын, бағалы қағаз болып табылмайтын құжат;
Тармақша 30
30) жеке шоттардың бiрыңғай жүйесi – жүргiзiлуiн тiркеушiлер жүзеге асыратын бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйелерiндегi мәлiметтер жиынтығын көрсететiн, орталық депозитарий қалыптастырған деректер базасы;
Тармақша 31
31) инвестициялық жоба – инвестициялаудан белгiлi бiр нәтижелерге қол жеткiзуге бағытталған және инвестицияларды көздейтiн, сондай-ақ белгiлi бiр уақыт мерзiмi iшiнде iске асырылатын және аяқталған сипаты бар iс-шаралар кешенi;
Тармақша 32
32) инвестициялық комитет – бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының меншікті активтеріне және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға берілген активтерге қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдауды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының (трансфер-агентті қоспағанда) алқалы органы;
Тармақша 33
33) инвестициялық портфель – бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң меншiгiндегi немесе басқаруындағы әртүрлi қаржы құралдарының не Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық қор мүлкiнiң жиынтығы;
Тармақша 34
34) инвестициялық портфельдi басқарушы – азаматтық құқықтар объектiлерiн басқару жөнiндегi қызметтi клиенттiң мүдделерiн көздеп және соның есебiнен өз атынан жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушы;
Тармақша 35
35) инсайдер – инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізе алатын тұлға;
Тармақша 36
36) инсайдерлік ақпарат – бағалы қағаздар, (туынды қаржы құралдары), олармен жасалатын мәмiлелер туралы, сондай-ақ бағалы қағаздарды (туынды қаржы құралдарын) шығарған (берген) эмитент, ол жүзеге асыратын қызмет туралы коммерциялық құпияны құрайтын дәйекті ақпарат, сондай-ақ үшінші тұлғаларға беймәлім, жария етілуі бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары) құнының өзгеруіне және олардың эмитентінің қызметіне ықпал етуі мүмкін өзге де ақпарат;
Тармақша 37
37) институционалдық инвестор – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестицияларды жүзеге асыру мақсатымен қаражат тартушы заңды тұлға;
Тармақша 38
38) инфрақұрылымдық облигация – эмитент мiндеттемелерiнiң орындалуы мемлекет пен эмитент арасында жасалған инфрақұрылымдық жобаны iске асыру жөнiндегi мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберiнде мемлекет кепiлгерлiгiмен қамтамасыз етiлген, мемлекетке берiлетiн объект құнына сәйкес сомадағы облигация;
Тармақша 39
39) ипотекалық облигация – ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқығы кепілімен (ипотекалық куәлiктер кепiлiн қоса алғанда), сондай-ақ тiзбесi қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленетiн өзге де өтiмдiлiгi жоғары активтер кепiлiмен қамтамасыз етiлген облигация;
Тармақша 40
40) ислам арнайы қаржы компаниясы – ислам бағалы қағаздарын шығаруды жүзеге асыратын, осы Заңға сәйкес акционерлiк қоғамның не жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын заңды тұлға, сондай-ақ мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы;
Тармақша 41
41) ислам арнайы қаржы компаниясы бөлген активтер – ислам арнайы қаржы компаниясы сатып алатын мүлiк және талап ету құқықтары, олар бойынша түсiмдер;
Тармақша 42
42) ислам бағалы қағаздары – шығару шарттары исламдық қаржыландыру принциптерiне сәйкес келетiн, материалдық активтердегi бөлiнбейтiн үлестi иелену құқығын және (немесе) оларды пайдаланудан түскен активтерге және (немесе) табыстарға, қаржыландырылуы үшiн осы бағалы қағаздар шығарылған нақты жобалардың қызметтеріне немесе активтеріне билiк ету құқығын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаздар;
Тармақша 43
43) ислам бағалы қағаздарын өтеу – ұстаушыға тиесiлi ислам бағалы қағаздары санының осы шығарылымдағы ислам бағалы қағаздарының жалпы саны қатынасына барабар үлеске сәйкес келетiн ақша сомасын бөлiнген активтер есебiнен ислам бағалы қағаздарын шығару проспектiсiнде белгiленген мерзiмдерде төлеу;
Тармақша 44
44) ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкiлi – эмитентпен жасалған шарттың негiзiнде ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың мүддесiнде әрекет ететiн ұйым;
Тармақша 45
45) ислам бағалы қағаздарының номиналды құны – ислам бағалы қағаздарын шығару проспектiсiнде белгiленген шарттар бойынша оларды бастапқы орналастыру аясында сатып алу кезiнде инвестор төлейтiн ислам бағалы қағаздары құнының ақшалай түрі;
Тармақша 46
46) кастодиан – қаржы құралдары мен клиенттер ақшасын есепке алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердiң құжаттық қаржы құралдарының сақталуы жөнiнде өзiне мiндеттемелер қабылдай отырып, оларды сақтауды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес өзге де қызметтi жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы;
Тармақша 47
47) клиент – бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы көрсететiн қызметтердi пайдаланатын немесе пайдаланғысы келетiн тұлға;
Тармақша 47-1
47-1) клирингтік қатысушы – клирингтік ұйыммен (орталық контрагентпен) клирингтік қызмет көрсетуді жүзеге асыру туралы шарт жасасқан заңды тұлға;
Тармақша 47-2
47-2) клирингтік қызметті жүзеге асыруға арналған шоттар – клирингтік ұйымның осы Заңның 77-1-бабы 4-1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген активтерін есепке алу үшін клирингтік ұйымның атына ашылған шоттар;
Тармақша 47-3
47-3) клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік қорлары – клирингтік қатысушылардың жарналары есебінен қалыптастырылған және клирингтік қатысушыларға қызмет көрсету, сондай-ақ клирингтік қатысушылардың клирингтік ұйым (орталық контрагент) алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету кезінде клирингтік ұйым (орталық контрагент) қызметінің тәуекелдерін төмендетуге арналған қаражат;
Тармақша 47-4
47-4) клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) резервтік қоры – клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) меншікті активтері есебінен қалыптастырылған және клирингтік ұйым (орталық контрагент) қызметінің тәуекелдерін төмендетуге арналған қаражат;
Тармақша 48
48) қазақстандық депозитарийлiк қолхат – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған қаржы құралдарының белгiлi бiр санына меншiк құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз;
Тармақша 49
49) қамтамасыз етiлген облигация – эмитент мiндеттемелерiн орындау эмитент мүлкiнiң кепiлiмен, банк кепiлдiгiмен және (немесе) мемлекет кепілдігімен және (немесе) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға уәкілеттік берілген банк болып табылатын ұлттық даму институтының кепілдігімен және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, акцияларының бақылау пакеттері ұлттық басқарушы холдингке тиесілі кәсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорының және (немесе) өзге де заңды тұлғаның және (немесе) ұлттық басқарушы холдингтің кепілдігімен толық немесе ішінара қамтамасыз етiлген облигация;
Тармақша 50
50) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметі – қаржы құралдарымен мәмілелерге қатысушылардың талаптары және (немесе) міндеттемелері туралы ақпаратты айқындау, тексеру және беру процесі;
Тармақша 51
51) қаржы құралдарын материалсыздандыру – құжаттық нысанда шығарылған қаржы құралдарымен куәландырылатын құқықтарды растау тәсiлiн осы құқықтарды орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiндегi электрондық жазбалармен растау арқылы өзгерту;
Тармақша 52
52) қаржы рыногы – қаржы қызметiн көрсету мен тұтынуға және қаржы құралдарының айналымына байланысты қатынастар жиынтығы;
Тармақша 52-1
52-1) қатысудың клирингтік сертификаты – орталық контрагенттің функцияларын орындайтын клирингтік ұйым шығаратын және оның иесінің клирингтік ұйымның кепілдік қорындағы активтердің үлесіне құқығын куәландыратын эмиссиялық емес бағалы қағаз;
Тармақша 52-2
52-2) ковенанттар (шектеулер) – басталуы мемлекеттік емес облигациялар эмитентінде мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісінде белгіленген міндеттемелердің туындауына алып келетін жағдайлар;
Тармақша 53
53) қор биржасы – акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының жалпы санының кемінде жиырма бес пайызы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiне тиесілі, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйелерiн пайдалана отырып, оларды тiкелей жүргiзу арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 53-1
53-1) қор биржасының ресми тізімі – енгізу және болу үшін бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар эмитенттері қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актісінің және қор биржасының ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес келетін қор биржасы тізімінің бір бөлігі;
Тармақша 54
54) қор биржасының сауда жүйесi – осы қор биржасының мүшелерi арасында эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер оларды пайдалана отырып жасалатын қор биржасының материалдық-техникалық құралдарының, iшкi құжаттарының және өзге де қажеттi активтерi мен рәсiмдерiнiң кешенi;
Тармақша 55
55) қор биржасының трейдері – осы қор биржасының сауда жүйесін пайдалана отырып, қор биржасы мүшесінің атынан мәмілелер жасасуға және өзге де іс-әрекеттерді орындауға уәкілеттік берілген жеке тұлға;
Тармақша 55-1
55-1) қор биржасының тізімі – қор биржасының сауда жүйесінде айналысқа рұқсат етілген қаржы құралдарының қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес жасалған тізімі;
Тармақша 55-2
55-2) корпоративтік оқиғалар – эмитент қызметіне елеулі әсер ететін, бағалы қағаздарды ұстаушылар мен эмитент инвесторларының осы Заңның 102-бабында айқындалған мүдделерін қозғайтын оқиғалар;
Тармақша 56
56) құжатсыз бағалы қағаз – құжатсыз нысанда (электрондық жазбалардың жиынтығы түрiнде) шығарылған бағалы қағаз;
Тармақша 57
57) құжаттық бағалы қағаздар – құжаттық нысанда шығарылған (қағаздағы немесе арнайы техникалық құралдарды пайдаланбастан бағалы қағаздың мазмұнын тiкелей оқу мүмкін болатын өзге де материалдық жеткiзгiштегi) бағалы қағаздар;
Тармақша 58
58) левередж – эмитенттiң мiндеттемелерi мен өзіндік капиталы мөлшерлерiнiң арасындағы арақатынас;
Тармақша 59
59) листинг – қор биржасының бағалы қағаздарының ресми тізіміне енгізу және онда болу үшін қор биржасының iшкi құжаттарында бағалы қағаздарға және олардың эмитенттерiне арнайы (листингтiк) талаптар белгiленген осы тізімге бағалы қағаздарды енгiзу;
Тармақша 60
60) лицензиат – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган берген лицензия негiзiнде бағалы қағаздар нарығында қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы;
Тармақша 60-1
60-1) маржалық жарна – клирингтік ұйым (орталық контрагент) алдындағы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде клирингтік қатысушы енгізетін ақша және (немесе) өзге қаржы құралдары;
Тармақша 60-2
60-2) маржиналдық мәміле – бағалы қағаздарды номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие брокер және (немесе) дилер өз клиентінің тапсырмасы негізінде жасайтын, брокер және (немесе) дилер клиентке қайтарымдылық, мерзімділік пен төлемділік талаптарында ұсынған ақшаны немесе бағалы қағаздарды пайдалана отырып есеп айырысу жүргізілетін бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілесі;
Тармақша 61
61) мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар – мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылмайтын акциялар, облигациялар және өзге де эмиссиялық бағалы қағаздар;
Тармақша 61-1
61-1) мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң ұйымдық-құқықтық нысанында мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган құратын, мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығаруды жүзеге асыратын ислам арнайы қаржы компаниясы;
Тармақша 62
62) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз – Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және жергiлiктi атқарушы органдар қарыз алушы болатын қарызға қатысты оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын немесе жалдау шарты негiзiнде активтердi пайдаланудан табыстар алуға оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз;
Тармақша 63
63) мінсіз іскерлік бедел – адамның, оның ішінде: аталған адамның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкке реттеу режимін қолдануға алып келген құқыққа қайшы әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасау; аталған адамның алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы, оның ішінде адамға қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы; қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болуы фактілерінің жоқтығымен расталатын кәсіпқойлығы мен адалдығы;
Тармақша 64
64) мүдделер қақтығысы – бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылар мен олардың клиенттерiнiң мүдделерi бiр-бiрiне сай келмейтiн жағдай;
Тармақша 64-1
64-1) нетто-міндеттеме (нетто-талап) – бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда тарату неттингін жүзеге асыру (қолдану) нәтижесінде туындайтын (есептелетін) ақшалай міндеттеме (ақшалай талап);
Тармақша 65
65) номиналды ұстауды есепке алу жүйесi – номиналды ұстау қызметiн көрсететiн бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының бағалы қағаздарды ұстаушылар және оларға тиесiлi бағалы қағаздар туралы мәлiметтерi бар, уақыттың белгiлi бiр кезiнде бағалы қағаздарды сәйкестендiрудi, олармен жасалатын мәмiлелердi тiркеудi қамтамасыз ететiн есепке алу жүйесi, сондай-ақ осы бағалы қағаздардың айналымына немесе олар бойынша құқықтарды жүзеге асыруға арналып тiркелген шектеулердiң сипаты және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзге де мәлiметтер;
Тармақша 66
66) облигацияларды өтеу – эмитенттiң орналастырылған облигацияларды сыйақы және облигацияның номиналды құнын төлеу (кейiннен сату мақсатынсыз) немесе оны облигациялар шығару проспектiсiнде белгiленген тәртiппен сол эмитенттiң акциясына (акцияларына) айырбастау арқылы айналымнан алып қою жөнiндегi iс-әрекетi;
Тармақша 67
67) облигацияларды ұстаушылардың өкiлi – бағалы қағаздардың қайталама рыногындағы облигациялар айналымы, облигациялар бойынша сыйақы төлеу және оларды өтеу процесiнде эмитентпен жасалған шарт негiзiнде облигацияларды ұстаушылардың мүдделерiн көздеп iс-әрекет жасайтын ұйым;
Тармақша 67-1
67-1) облигациялар шығару жөніндегі негіздемелік бағдарлама – эмитенттің орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі жалпы стратегиясын, өзі шығаратын «жасыл» және (немесе) әлеуметтік облигациялардың және (немесе) орнықты даму облигацияларының және (немесе) орнықты дамумен байланысты облигациялардың орнықты даму саласындағы халықаралық танылған стандарттарға сәйкестігін, оның ішінде осы облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны нысаналы пайдалану, осы ақшаны басқару (есепке алу), сыртқы бағалауды алу, верификация, кейіннен ақпаратты ашу бөлігінде сәйкестігін айқындайтын құжат;
Тармақша 68
68) облигациялық бағдарлама – эмитент облигациялардың бiрнеше шығарылымын, оның iшiнде шығарылымның тиiстi проспектiсiнде айқындалатын әртүрлi құрылыммен шығаруды жүзеге асыруға құқылы болатын шекте облигациялар шығару;
Тармақша 69
69) облигацияның номиналды құны – облигация құнының шығарылым шарттарында айқындалған ақшалай мәні;
Тармақша 70
70) оқшаулау – бағалы қағаздардың сақталуына кепiлдiк беру мақсатымен жүзеге асырылатын, бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерi жүйесiнде және номиналды ұстауды есепке алу жүйесiнде бағалы қағаздармен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеуге уақытша тыйым салу;
Тармақша 71
71) оригинатор – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның талаптарына сай келетiн, сатып алу-сату шартының негiзiнде активтердi ислам арнайы қаржы компаниясына беретiн және (немесе) ислам арнайы қаржы компаниясының құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган;
Тармақша 72
72) орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздар – бағалы қағаздардың бастапқы рыногында инвесторлар ақысын толық төлеген эмиссиялық бағалы қағаздар;
Тармақша 72-1
72-1) орнықты дамумен байланысты облигациялар – сипаттамалары эмитенттің өзі айқындаған орнықты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізуіне қарай өзгеруі мүмкін мемлекеттік емес облигациялар;
Тармақша 72-2
72-2) орнықты даму облигациялары – орналастырудан түскен қаражаты «жасыл» және әлеуметтік жобалардың ішінара немесе толық үйлесімін қаржыландыруға (қайта қаржыландыруға) бағытталатын облигациялар;
Тармақша 73
73) орталық депозитарий – осы Заңның 45-бабының 2-1-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыратын мамандандырылған коммерциялық емес акционерлік қоғам;
Тармақша 74
74) орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесi – депозитарлық қызметтi және бағалы қағаздар мен цифрлық қаржы активтерін ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезiнде орталық депозитарий қалыптастыратын мәлiметтер жиынтығы;
Тармақша 75
75) орталық контрагент – қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын және ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында, сондай-ақ тауар биржасында қаржы құралын әрбір сатушы және әрбір сатып алушы үшін жасалатын мәмілелер бойынша тарап ретінде әрекет ететін ұйым;
Тармақша 76
76) кәсіптік ұйым – бағалы қағаздар рыногында өз қызметiнiң бiрыңғай қағидалары мен стандарттарын белгiлеу мақсатымен қауымдастық (одақ) нысанында қаржы ұйымдары құрған заңды тұлға;
Тармақша 77
77) өтiнiш берушi – бағалы қағаздар нарығында қызметтi жүзеге асыру үшiн лицензия алу мақсатында қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органға құжаттарды ұсынған заңды тұлға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы;
Тармақша 78
78) пруденциялық нормативтер – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген және лицензиат сақтауға тиiс нормалардың қаржылық көрсеткiштерi;
Тармақша 79
79) резервтiк қор – қалыптастыру және пайдалану тәртiбi ислам бағалы қағаздарын шығару проспектiсiнде айқындалатын ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған ақшаны инвестициялау нәтижесiнде туындайтын залалдарды жабуға арналған қаражат;
Тармақша 80
80) рейтинг – белгiлi бiр эмитенттiң шамамен алғандағы кредит қабiлетiн немесе оның бағалы қағаздарының сапасы мен сенiмдiлiгiн белгiлейтiн бағаның жеке сандық және әрiппен белгiленген көрсеткiшi;
Тармақша 81
81) сауда-саттықты ұйымдастырушы – осы Заңға сәйкес орталық депозитарийдің клиенттері арасындағы белгіленімдермен алмасу жүйесін пайдалану және оған қолдау көрсету арқылы сауда-саттықты ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыруы кезіндегі қор биржасы немесе орталық депозитарий;
Тармақша 82
82) тарату неттингі – бас қаржылық келісімнің ережесі, оның негізінде бас қаржылық келісімде айқындалған оқиға басталған кезде барлық ақшалай міндеттемелер (ақшалай талаптар), сондай-ақ қамтамасыз ету ақысын беруді (енгізуді) қоса алғанда, бас қаржылық келісім шеңберінде жасалған барлық мәмілелер бойынша мүлікті беру жөніндегі барлық міндеттемелер (талаптар) көрсетілген міндеттемелер (талаптар) осындай оқиға басталған кезде орындалуға жататынына не орындалуға жатпайтынына қарамастан, жаңарту, тоқтату арқылы немесе бас қаржылық келісімде айқындалған өзгеше тәсілмен орындалу мерзімі басталған болып есептелетін бір нетто-міндеттемеге (нетто-талапқа) ауыстырылады (автоматты түрде немесе тараптардың біреуінің таңдауы бойынша);
Тармақша 83
83) төлем агентi – банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым;
Тармақша 84
84) трансфер-агент – өз клиенттерiнiң арасында құжаттар (ақпараттар) қабылдау мен беру жөнiнде қызмет көрсететiн бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы;
Тармақша 85
85) туынды бағалы қағаздар – осы туынды бағалы қағаздардың базалық активіне қатысты құқықтарды куәландыратын бағалы қағаздар (туынды бағалы қағаздар туынды қаржы құралы болып табылмайды, бірақ туынды қаржы құралының базалық активі бола алады);
Тармақша 86
86) тiркелген тұлға – бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушыны есепке алу жүйесiнде ашылған жеке шоты бар тұлға;
Тармақша 87
87) тiркеушi – бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерi жүйесiн қалыптастыруды, сақтауды және жүргiзудi жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы;
Тармақша 88
88) алып тасталды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 89
89) ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы – эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналым саласы, олармен жасалатын мәмiлелер қор биржасының iшкi құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады;
Тармақша 90
90) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығы – бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының айналым саласы, онда бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен, оның ішінде шетел валюталарымен және туынды қаржы құралдарымен жасалатын мәмiлелер қор биржасының iшкi құжаттарында белгiленген талаптар сақталмай жүзеге асырылады;
Тармақша 91
91) халықаралық сәйкестендiру нөмiрi (ISIN коды) – бағалы қағаздарды және басқа да қаржы құралдарын сәйкестендiру және есепке алуды жүйелеу мақсатында оларға орталық депозитарий беретiн әрiптiк-цифрлық код;
Тармақша 92
92) хеджирлеу – хеджирлеу объектiсi бағасының немесе өзге де көрсеткiшiнiң қолайсыз өзгеруi нәтижесiнде туындайтын ықтимал залалды өтеу мақсатында жасалатын туынды қаржы құралдарымен операциялар. Бұл ретте, активтер және (немесе) мiндеттемелер, сондай-ақ көрсетілген активтерге және (немесе) мiндеттемелерге немесе күтiлетiн мәмiлелерге байланысты ақша легi хеджирлеу объектiсi деп танылады; 92-1) цифрлық қаржы активтерін ұстаушылар тізілімдерінің жүйесі – белгілі бір уақыт кезінде цифрлық қаржы активтері бойынша құқық ұстаушыларды сәйкестендіруді, цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мәмілелерді тіркеуді қамтамасыз ететін цифрлық қаржы активтерінің эмитенті, цифрлық қаржы активтері және оларды ұстаушылар туралы мәліметтердің жиынтығы; 92-2) цифрлық қаржы активін ұстаушы – цифрлық қаржы активтерін ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде тіркелген, цифрлық қаржы активі бойынша құқықтарға ие тұлға;
Тармақша 92-3
92-3) шетелдік есепке алу ұйымы – орталық депозитарийдің клиенті болып табылатын, шетелдік есепке алу ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасына сәйкес уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған талаптарды ескере отырып, осы Заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген номиналды ұстаушының функцияларына ұқсас функцияларды жүзеге асыратын шетелдік ұйым;
Тармақша 92-4
92-4) шетелдік кәсіптік ұйым – уәкілетті орган бекіткен тізбеге кіретін, қаржы нарықтарында бірыңғай қағидаларды және (немесе) стандарттарды белгілейтін, заңды тұлға болып табылмайтын халықаралық ұйым, шетелдік заңды тұлға немесе шетелдік ұйым;
Тармақша 93
93) шетелдiк мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаз – қарыз алушы шет мемлекеттiң үкiметi болатын қарызға қатысты оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз не шет мемлекеттiң заңнамасына сәйкес мемлекеттiк бағалы қағаздарға жатқызылған өзге де бағалы қағаз;
Тармақша 94
94) шығарылым құрылымы – шығарылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың саны, олардың түрi, номиналды құны (облигациялар үшiн) туралы мәлiметтер;
Тармақша 95
95) iшкi құжаттар – бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң, оның органдарының, құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдарының, өкiлдiктерiнiң), қызметкерлерiнiң қызмет жағдайлары мен тәртiбiн, қызметтер көрсетуiн және оларға ақы төлеу тәртiбiн реттейтiн құжаттар;
Тармақша 96
96) эмиссиялық бағалы қағаздар – бiр шығарылым шегiнде бiртектi белгiлері мен реквизиттерi болатын, осы шығарылым үшiн бiрыңғай жағдайлар негiзiнде орналастырылатын және айналымға түсетiн бағалы қағаздар;
Тармақша 97
97) эмиссиялық бағалы қағаздар айналымы – бағалы қағаздардың қайталама рыногында бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасасу;
Тармақша 98
98) Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмi – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган қалыптастыратын эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымдары мен олардың эмитенттерi туралы мәлiметтердiң жиынтығы;
Тармақша 99
99) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру – бағалы қағаздардың бастапқы рыногында бағалы қағаздарды сату;
Тармақша 100
Тармақша 101
101) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы – эмиссиялық бағалы қағаздардың азаматтық құқықтар объектiсi ретiнде пайда болуына бағытталған эмитенттiң iс-әрекеттері немесе орналастырылуы, айналымда болуы және өтелуi осы эмиссиялық бағалы қағаздар шығару шарттарына сәйкес жүзеге асырылатын белгiлi бiр бағалы қағаздардың жиынтығы;
Тармақша 102
102) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының күшiн жою – эмиссиялық бағалы қағаздың азаматтық құқықтар объектiсi ретiнде болуын тоқтату;
Тармақша 103
103) эмиссиялық консорциум – эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнiнде қызмет көрсету мақсатында бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде құрылған андеррайтерлердiң бiрлестiгi;
Тармақша 104
104) эмитент – эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асыратын тұлға.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдары
2-бап. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актiлерiнен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Тармақ 3
3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, осы Заңның нормалары банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, инвестициялық қорлар, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздарды, эмиссиялық бағалы қағаздарды, өзге де қаржы құралдарын шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу процесiнде туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады. Осы Заңның нормалары «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында реттелмеген бөлігіндегі «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген цифрлық қаржы активтерін шығару, орналастыру, айналымға (айналысқа) жіберу және өтеу процесінде туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.
Тармақ 4
4. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына және өзге де заңды тұлғаларға осы Заңның және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады.
Бап 2-1. 2-1-бап. Бағалы қағаздар нарығын және оның субъектілерін мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
2-1-бап. Бағалы қағаздар нарығын және оның субъектілерін мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
Тармақ 1
1. Эмиссиялық бағалы қағаздарды және өзге де қаржы құралдарын шығарудың, орналастырудың, айналдыру мен өтеудің, бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiн құру мен олардың қызметi ерекшелiктерiнің, бағалы қағаздар нарығының қауiпсiз, ашық және тиiмдi жұмыс iстеуiн, инвесторлардың және бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарын қорғауды, бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың адал бәсекелестігін қамтамасыз ету мақсатында бағалы қағаздар нарығын реттеу, бақылау және қадағалау тәртiбiн айқындаудың құқықтық негіздерін құру бағалы қағаздар нарығын және оның субъектілерін мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.
Тармақ 2
2. Бағалы қағаздар нарығын және оның субъектілерін мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар қызметінің стандарттарын белгілеу;
Тармақша 2
2) бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымын дамыту және оның тиімділігін арттыру;
Тармақша 3
3) қаржылық тұрақтылықты ұстап тұру мақсатында қадағалау ресурстарын тәуекелдерге неғұрлым бейім бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметіне шоғырландыру;
Тармақша 4
4) бағалы қағаздар нарығында көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін, тұтынушылар үшін бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметі туралы ақпараттың толықтығы мен қолжетімділігін, сондай-ақ халық үшін қаржылық сауаттылық пен қаржылық қолжетімділік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар нарығын және оның субъектілерін мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) реттеу ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;
Тармақша 2
2) бағалы қағаздар нарығы субъектілері қызметінің ашықтығы;
Тармақша 3
3) бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің жауапкершілігі.
Бап 3. 3-бап. Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттiк реттеу
3-бап. Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттiк реттеу
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттiк реттеудi қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Уәкiлеттi орган:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсе отырып, бағалы қағаздар рыногын қалыптастыру мен дамыту саласындағы басымдықтарды айқындайды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар рыногының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және ұлттық бағалы қағаздар рыногының инфрақұрылымын қалыптастыру, бағалы қағаздар рыногында инвесторлардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жүргiзедi;
Тармақша 3
3) осы Заңның 2-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген мақсат пен міндеттерге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің, басқа да жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті бағалы қағаздар нарығын және оның субъектілерінің қызметін реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уәкілетті орган туралы ережеде айқындалады;
Тармақша 4
4) қаржы нарығының активтерiн бағалы қағаздар деп таниды, оларды тіркеу тәртібін, шығару, айналысқа жіберу, өтеу шарттары мен тәртібін айқындайды;
Тармақша 5
Тармақша 6
6) Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiн, лицензиардың электрондық тізілімін және бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға берілетін рұқсаттардың тiзiлiмiн жүргiзедi;
Тармақша 7
7) мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздардың орналастырылуын және айналысын тоқтата тұрады және қайта бастайды, мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымдарының күшін жояды;
Тармақша 7-1
7-1) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне сәйкес мiндеттi түрде жариялануға тиiс бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн пайдаланылуы мүмкiн бұқаралық ақпарат құралдарының түрлерi мен оларға қойылатын талаптарды айқындайды;
Тармақша 7-2
7-2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және шарттарда, эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару талаптарындағы және облигациялардың жеке меморандумдарындағы акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептің бекітілгені туралы, акциялар шығарылымының күшін жою туралы ақпаратты ашып көрсетеді;
Тармақша 8
8) бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметті жүзеге асыру қағидаларын, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмiлелер жасау шарттары мен тәртiбiне, осы мәмiлелердi есепке алуға қойылатын талаптарды айқындайды;
Тармақша 9
9) бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi кәсiби қызмет ретiнде мойындайды;
Тармақша 10
10) бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің түрлерін жүзеге асыруға лицензияларды беру, тоқтата тұру және одан айыру тәртібін белгілейді;
Тармақша 11
11) пруденциялық нормативтердің түрлерiн және лицензиаттардың қаржылық орнықтылығының сақталуға міндетті өзге де нормалары мен лимиттерін, олардың мәндерін есептеу тәртібі мен әдiстемесiн, оның ішінде лицензиат өзіне қабылдайтын тәуекелдерге байланысты пропорционалды түрде белгілейді;
Тармақша 12
12) бағалы қағаздар рыногында қызмет түрлерi бойынша лицензиялар бередi, лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұрады, қайта жаңғыртады және лицензиялардан айырады;
Тармақша 13
13) алып тасталды - ҚР 08.07.2005 № 72 Заңымен;
Тармақша 14
14) мыналардың: орталық депозитарийдің; бірыңғай оператордың; өтініш берушілердің (лицензиаттардың) басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім береді;
Тармақша 16
16) алып тасталды - ҚР 08.07.2005 № 72 Заңымен;
Тармақша 17
17) алып тасталды - ҚР 08.07.2005 № 72 Заңымен;
Тармақша 18
18) алып тасталды - ҚР 19.02.2007 № 230 Заңымен;
Тармақша 19
19) өз құзыретi шегiнде бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметiн реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 19-1
19-1) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына осы Заңның 3-3-бабында белгіленген қадағалап ден қою шараларын және (немесе) осы Заңның 3-6-бабында белгіленген санкцияларды қолданады;
Тармақша 19-2
19-2) бағалы қағаздар нарығының субъектілеріне (бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларды және кәсіптік ұйымдарды қоспағанда) осы Заңның 3-1-бабында белгіленген шектеулі ықпал ету шараларын және (немесе) санкцияларды қолданады;
Тармақша 19-3
19-3) бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мақсатында сотқа жүгiнуге құқылы;
Тармақша 19-4
19-4) кәсіби ұйымға орындалуы үшін міндетті нұсқама жібереді;
Тармақша 20
20) алып тасталды;
Тармақша 21
21) бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi туралы өзiнiң қолындағы мәлiметтердi пайдалана отырып (бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда), бағалы қағаздар рыногының мәселелерi жөнiндегi ақпаратты, сондай-ақ олардың бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiне қолданған шаралары туралы ақпаратты жариялайды;
Тармақша 22
22) бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiнде қолданылатын шараларды үйлестiру, бағалы қағаздар рыногындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мен олардың жолын кесу мәселелерi және өзара мүдделiлiк туғызатын өзге де мәселелер бойынша бағалы қағаздар рыноктарын реттейтiн шетелдiк органдармен өзара iс-әрекет жасайды;
Тармақша 22-1
22-1) қор биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қалпына келтірудің шарттары мен тәртібін айқындайды;
Тармақша 22-2
22-2) номиналды ұстаушылардың электрондық көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібі мен талаптарын айқындайды;
Тармақша 22-3
22-3) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін, оның ішінде бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың өзіне қабылдайтын тәуекелдерге байланысты пропорционалды түрде айқындайды;
Тармақша 23
23) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 3
Бап 3-1. 3-1-бап. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығының субъектілеріне (бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларды және кәсіптік ұйымдарды қоспағанда) қолданатын шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялар
3-1-бап. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығының субъектілеріне (бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларды және кәсіптік ұйымдарды қоспағанда) қолданатын шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялар
Тармақ 1
1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасын бұзушылықтарды анықтаған, бағалы қағаздар нарығы субъектісінің немесе оның лауазымды адамдарының (болған кезде) құқыққа сыйымсыз әрекеттері немесе әрекетсіздігі анықталған, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де талаптары орындалмаған жағдайларда, уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығының субъектісіне мынадай шектеулі ықпал ету шараларының бірін қолдануға:
Тармақша 1
1) орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беруге;
Тармақша 2
2) жазбаша ескерту шығаруға;
Тармақша 3
3) жазбаша келісім жасауға құқылы.
Тармақша 4
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар нарығының субъектісіне анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгіленген мерзімде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қабылдауға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) белгіленген мерзімде ұсыну қажеттілігіне берілген нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады. Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі. Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының осы жазбаша ескерту шығарылған бұзушылыққа ұқсас қайта бұзылғанын анықтаған жағдайда, уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығының субъектісіне осы баптың 10-тармағында көзделген санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы хабарламасы жазбаша ескерту болып табылады.
Тармақ 5
5. Уәкілетті орган мен бағалы қағаздар нарығының субъектісі арасында жасалған, анықталған бұзушылықтарды жою қажеттілігі және осы бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою жөніндегі шаралардың тізбесін және (немесе) анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін бағалы қағаздар нарығының субъектісі өзіне қабылдайтын шектеулердің тізбесін бекіту туралы жазбаша келісім жазбаша келісім болып табылады. Жазбаша келісімге бағалы қағаздар нарығының субъектісі тарапынан міндетті түрде қол қойылуға тиіс.
Тармақ 6
6. Бағалы қағаздар нарығының субъектісі уәкілетті органды осы құжаттарда көзделген мерзімдерде жазбаша нұсқама мен жазбаша келісімде көрсетілген шаралардың орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті.
Тармақ 7
7. Бағалы қағаздар нарығының субъектісіне шектеулі ықпал ету шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
Тармақ 8
8. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығының субъектісіне бұрын қолданылған шектеулі ықпал ету шараларына қарамастан, оған санкциялар қолдануға құқылы.
Тармақ 9
9. Іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде не жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімдерде бағалы қағаздар нарығының субъектісіне байланысты емес себептер бойынша бұзушылықтарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын, жазбаша келісімді не жазбаша нұсқаманы орындау мерзімін уәкілетті орган нормативтік құқықтық актіде белгіленген тәртіппен ұзартуы мүмкін.
Тармақ 10
10. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығының субъектісіне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен әкімшілік жаза қолдану түріндегі санкцияларды қолдануға құқылы.
Тармақ 6
Тармақ 10
Бап 3-2. 3-2-бап. Ертерек ден қою шаралары
3-2-бап. Ертерек ден қою шаралары
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздар рыногында инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган олардың қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген факторларды анықтау үшін көрсетілген ұйымдардың қызметіне талдау жасауды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайына талдау жасау нәтижесінде және (немесе) оларды тексеру қорытындылары бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетілген факторлар анықталған жағдайда, уәкілетті орган бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымға бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауына және бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыруына байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу жөніндегі ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын ұсыну жөнінде жазбаша нысанда талап жібереді. Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым көрсетілген талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әрбір тармақ бойынша орындалу мерзімдерін және жауапты басшы қызметкерлерді көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және уәкілетті органға ұсынуға міндетті. Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым жоспарда белгіленген мерзімдерде оның орындалу нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, жоспарды іске асыруға кіріседі. Іс-шаралар жоспары мақұлданбаған кезде уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымға осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын қолданады.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспары осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде ұсынылмаған , осы жоспардың іс-шаралары орындалмаған немесе уақтылы орындалмаған жағдайда, бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымға осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шаралары қолданылады.
Тармақ 4
4. Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау тәртібі және бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Тармақ 5
5. Банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары және Ұлттық пошта операторы бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде, оларға осы баптың талаптары қолданылмайды.
Бап 3-3. 3-3-бап. Қадағалап ден қою шаралары
3-3-бап. Қадағалап ден қою шаралары
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар клиенттерінің, бағалы қағаздар нарығындағы инвесторлардың заңды мүдделерін қорғау, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету, олардың қаржылық жағдайының нашарлауына және бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметіне байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу мақсатында уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларына, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың басшы қызметкерлеріне қадағалап ден қою шараларын қолданады.
Тармақ 2
2. Қадағалап ден қою шараларын қолдануға мыналар негіз болып табылады:
Тармақша 1
1) уәкілетті органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзу;
Тармақша 2
2) бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметте уәкілетті орган бақылау және қадағалау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру шеңберінде, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып анықтаған, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың тұрақты жұмыс істеуіне және (немесе) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар клиенттерінің және (немесе) бағалы қағаздар нарығындағы инвесторлардың мүдделеріне қатер төндіретін жағдайдың жасалуына алып келуі мүмкін кемшіліктер және (немесе) тәуекелдер;
Тармақша 3
3) басшы қызметкерлердің бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың тұрақты жұмыс істеуіне және (немесе) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар клиенттерінің және (немесе) бағалы қағаздар нарығындағы инвесторлардың мүдделеріне қатер төндіруі мүмкін құқыққа сыйымсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтау;
Тармақша 4
4) басшы қызметкердің (басшы қызметкерлердің) әрекеттері (әрекетсіздігі) уәкілетті органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді және (немесе) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына және (немесе) олардың клиенттеріне және (немесе) бағалы қағаздар нарығындағы инвесторларға залал келтіргенін куәландырады деп тану үшін жеткілікті деректер;
Тармақша 5
5) инвестициялық портфельді басқарушы ірі қатысушысының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаның нәтижесінде инвестициялық портфельді басқарушыға залал келтірген немесе келтірілуі мүмкін әрекеттерді жасауы;
Тармақша 6
6) инвестициялық портфельді басқарушы ірі қатысушысының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаның орнықсыз қаржылық жағдайы;
Тармақша 7
7) осы Заңға сәйкес бұрын қолданылған қадағалап ден қою шараларын орындамау;
Тармақша 8
8) уәкілетті органға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілікті немесе мәліметтерді, сондай-ақ уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сұрататын өзге ақпаратты ұсынбау не оларды анық емес ұсыну;
Тармақша 9
9) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, инвестициялық портфельді басқарушы ірі қатысушысының тексеру жүргізуге оны белгіленген мерзімдерінде жүргізу мүмкіндігін бермей кедергі келтіруі;
Тармақша 10
10) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, инвестициялық портфельді басқарушы ірі қатысушысының аудиторлық есепте көрсетілген, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының қаржылық жағдайына әсер ететін кемшіліктерді осы Заңның 55-1-бабының 6-тармағында көзделген мерзімдерде жоймауы;
Тармақша 11
11) уәкілетті органға осы Заңның 3-2-бабының 2-тармағында көзделген іс-шаралар жоспарын белгіленген мерзімдерде ұсынбау, оны уәкілетті органның мақұлдамауы, осы жоспардың іс-шараларын орындамау немесе уақтылы орындамау, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторды (факторларды) іс-шаралар жоспарында белгіленген және (немесе) уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде жоймау.
Тармақша 12
12) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 16.01.2026 № 259-VIII Заңымен;
Тармақша 13
13) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 16.01.2026 № 259-VIII Заңымен;
Тармақ 3
3. Қадағалап ден қою шараларын қолданудың орындылығын айқындау және қадағалап ден қою шарасын таңдау кезінде мыналар ескеріледі:
Тармақша 1
1) тәуекел деңгейі, бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының сипаты;
Тармақша 2
2) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының ауқымы және маңыздылығы;
Тармақша 3
3) бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің жүйелілігі мен ұзақтығы;
Тармақша 4
4) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің қаржылық жағдайға әсері;
Тармақша 5
5) таңдап алынған қадағалап ден қою шарасын қолдану нәтижесінде жағдайды түзету қабілеті;
Тармақша 6
6) бұрын қолданылған қадағалап ден қою шараларының болуы және тиімділігі (нәтижелілігі);
Тармақша 7
7) қолданылатын қадағалап ден қою шарасының оны қолдану негіздеріне барабарлығы;
Тармақша 8
8) анықталған бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және (немесе) тәуекелдердің туындауына негіз болған себептер;
Тармақша 9
9) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының қызметінде анықталған бұзушылықтарды және (немесе) кемшіліктерді жоюға бағытталған дербес шараларды қолдануы, осыған байланысты қолданылған шараларды іске асыру жөніндегі нақты шараларды жүзеге асырудың (жүзеге асырмаудың) тиімділігі және (немесе) осындай шараларды қолдануға әзірлігі.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган мынадай қадағалап ден қою шараларын қолданады:
Тармақша 1
1) осы Заңның 3-4-бабына сәйкес қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары;
Тармақша 2
2) осы Заңның 3-5-бабына сәйкес қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар;
Тармақша 3
3) осы Заңның 72-3-бабына сәйкес қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шаралары.
Тармақ 5
5. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыға, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаға бұрын қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, оларға осы баптың 4-тармағында айқындалған қадағалап ден қою шараларының кез келгенін қолдануға құқылы.
Тармақ 6
Бап 3-4. 3-4-бап. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары
3-4-бап. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары
Тармақ 1
1. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаның қызметінде, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып анықталған кемшіліктер, тәуекелдер немесе бұзушылықтар бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының қаржылық орнықтылығына елеулі әсер етпейтін, оның қаржылық жағдайына қатер төндірмейтін жағдайларда қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларын қолданады.
Тармақ 2
2. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) анықталған кемшіліктер, тәуекелдер немесе бұзушылықтар туралы бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаның жекелеген органдарының назарына осы ақпаратты жеткізе отырып (қажет болған кезде уәкілетті орган айқындайтын), хабардар ету;
Тармақша 2
2) уәкілетті органның анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымдарын беру;
Тармақша 3
3) уәкілетті орган кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды қайта анықтаған, сондай-ақ қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары орындалмаған жағдайда, қадағалап ден қоюдың өзге шараларын қолдану ықтималдығы туралы ескерту.
Тармақ 3
3. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасы уәкілетті органның хатымен ресімделеді.
Бап 3-5. 3-5-бап. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар
3-5-бап. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар
Тармақ 1
1. Уәкілетті орган анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою мақсатында бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаның қаржылық жағдайын жақсарту және (немесе) тәуекелдерін барынша азайту жөніндегі шараларды: 1) меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентін және (немесе) өтімділік коэффициентін уәкілетті орган белгілеген ең төмен мәндерден жоғары ұстап тұру;
Тармақша 1-1
1-1) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторды (факторларды) жою;
Тармақша 1
Тармақша 2
2) жекелеген операция түрлерін жүргізуді, жекелеген мәміле түрлерін жасауды тоқтата тұру және (немесе) шектеу не оларды жүзеге асырудың ерекше тәртібін белгілеу;
Тармақша 3
3) шығыстарды қысқарту, оның ішінде жұмыскерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, басшы қызметкерлердің ақшалай сыйақыларын және басқа да материалдық көтермелеу түрлерін шектеу арқылы қысқарту;
Тармақша 4
4) белгілі бір актив түрлеріне инвестицияларды тоқтата тұру және (немесе) шектеу және (немесе) олардың көлемін төмендету не оларды жүзеге асырудың ерекше тәртібін белгілеу;
Тармақша 5
5) уәкілетті органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы клиенттерінің және (немесе) бағалы қағаздар нарығындағы инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына ықпал еткен себептерді және (немесе) жағдайларды жою;
Тармақша 6
6) халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша провизияларды (резервтерді) қалыптастыру;
Тармақша 7
7) үлестес тұлғамен мәмілелерді шектеу;
Тармақша 8
8) жай және (немесе) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді есепке жазуды және (немесе) төлеуді тоқтату;
Тармақша 9
9) ішкі саясаттар мен рәсімдерді, тәуекелдің жол берілетін мөлшеріне лимиттерді, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау рәсімін қайта қарау;
Тармақша 10
10) осы Заңның 54-бабында және (немесе) уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық актісінде аталған адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету, оның ішінде бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы осы Заңның 54-бабында аталған адамдарды уәкілетті орган осы қадағалап ден қою шарасын қолданғанға дейін қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткен жағдайда, шеттету жөніндегі талаптарды қою арқылы қолданады. Басшы қызметкерге осы қадағалап ден қою шарасын қолданған кезде уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алады. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілерін иеленуші тұлға уәкілетті органның осы Заңның 54-бабында аталған тұлғаларды шеттету туралы қадағалап ден қою шарасын қолдану жөніндегі жазбаша хабарламасын алған күннен кейінгі күннен бастап алқалы органның шеттетілген тұлғаның қатысуымен болған барлық кейінгі шешімі жарамсыз деп есептеледі;
Тармақша 11
11) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы инвестициялық комитетінің мүшелерін инвестициялық комитеттің құрамындағы міндеттерін орындаудан шеттету не инвестициялық комитеттің құрамын өзгерту;
Тармақша 12
12) брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның (банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын қоспағанда) өз есебінен және өз клиенттерінің есебінен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындауы;
Тармақша 13
13) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына тиесілі мүліктің құнына бағалау жүргізу;
Тармақша 14
14) олардың қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды қою арқылы қолданады.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген шаралар жазбаша нұсқама немесе жазбаша келісім нысанында қолданылады.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаға осы баптың 1-тармағында белгіленген орындалуы міндетті шараларды қабылдауға және (немесе) оларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) белгіленген мерзімде ұсыну қажеттілігіне нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады. Іс-шаралар жоспарында кемшіліктердің, тәуекелдердің немесе бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты басшы қызметкерлер көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою мерзімдерін және (немесе) анықталған кемшіліктер, тәуекелдер және (немесе) бұзушылықтар жойылғанға дейін аталған тұлғалар өздеріне қабылдайтын шектеулердің тізбесін көрсете отырып, уәкілетті орган мен бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлға арасында жасалған, осы баптың 1-тармағында белгіленген шараларды орындау туралы жазбаша келісім жазбаша келісім болып табылады. Жазбаша келісім бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлға тарапынан міндетті түрде қол қоюға жатады.
Тармақ 5
5. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлға уәкілетті органды жазбаша нұсқамада және жазбаша келісімде көрсетілген шаралардың осы құжаттарда көзделген мерзімдерде орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті.
Тармақ 6
6. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаға байланысты емес себептер бойынша бұзушылықтарды жазбаша нұсқамада және (немесе) іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде белгіленген мерзімдерде жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, жазбаша нұсқаманы және (немесе) іс-шаралар жоспарын, жазбаша келісімді орындау бойынша мерзім уәкілетті орган белгілеген күнге дейін ұзартылуы мүмкін.
Тармақ 4
Бап 3-6. 3-6-бап. Санкциялар
3-6-бап. Санкциялар
Тармақ 1
1. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына бұрын оған қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, осы Заңның 51-бабында белгiленген негiздер бойынша бағалы қағаздар нарығында қызметтің барлық немесе жекелеген түрлерін жүргiзуге лицензияның қолданысын тоқтата тұру не одан айыру түріндегі санкцияларды қолдануға құқылы.
Тармақ 2
2. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының бағалы қағаздар нарығында қызметтің барлық немесе жекелеген түрлерін жүргізуге лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы шешім қабылданған күнінен бастап күшiне енедi. Лицензияның қолданылуы осындай шешім бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының назарына жеткізілген күннен бастап тоқтатыла тұрды деп есептеледі.
Тармақ 3
3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе одан айыру жөнінде қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
Тармақ 4
4. Бағалы қағаздар нарығында қызметтің барлық немесе жекелеген түрлерін жүргiзуге лицензиядан айыру туралы шешімге бағалы қағаздар нарығына қатысушы атынан оның акционерлерi ғана шағым жасауға құқылы. Бағалы қағаздар нарығында қызметтің барлық немесе жекелеген түрлерін жүргiзуге арналған лицензиядан айыру туралы шешімге Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы болып табылатын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының атынан Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі ғана шағым жасауға құқылы.
Бап 4. 4-бап. Бағалы қағаздар рыногының объектiлерi
4-бап. Бағалы қағаздар рыногының объектiлерi
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - ұйымдарының шығаруын осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарындабелгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган тiркеген мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының резиденттерi емес ұйымдардың шығаруын уәкiлеттi орган тiркеген немесе Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналысқа жiберiлген мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - ұйымдарының шығаруы шет мемлекеттiң заңдарына сәйкес тiркелген және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногына айналысқа жiберiлген мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
Тармақша 4
4) халықаралық қаржы ұйымдарының шығаруын уәкiлеттi орган тiркеген немесе уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналысқа жiберiлген эмиссиялық бағалы қағаздары;
Тармақша 5
5) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар;
Тармақша 5-1
5-1) шетелдiк мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар;
Тармақша 5-2
5-2) шығарылуы «Астана» халықаралық қаржы орталығының актілеріне сәйкес тіркелген бағалы қағаздар;
Тармақша 6
6) туынды бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногының объектiлерi болып табылады.
Тармақ 2
2. Эмиссиялық бағалы қағаздардың түрлерi Азаматтық кодекспен, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен айқындалады.
Бап 5. 5-бап. Бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi
5-бап. Бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi
Тармақ 1
1. Жеке және институционалдық инвесторлар, эмитенттер, бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары, сауда-саттықты ұйымдастырушылар және кәсіптік ұйымдар бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi болып табылады.
Тармақ 1-1
1-1. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары бейрезиденттердің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін осы Заңда көзделген мақсаттар үшін жинауға құқылы.
Тармақ 2
2. Жеке инвесторлар эмиссиялық бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына инвестицияны дербес немесе брокерлiк және дилерлiк қызметтi немесе инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары көрсететiн қызметтi пайдалана отырып жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Институционалдық инвесторлар, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиялары бар бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушылар көрсететiн қызметтердi пайдалана отырып, инвестицияларды жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Алып тасталды - ҚР 08.07.2005 № 72 Заңымен.
Бап 5-1. 5-1-бап. Білікті инвесторлар
5-1-бап. Білікті инвесторлар
Тармақ 1
1. Мыналар білікті инвесторлар болып табылады:
Тармақша 1
1) заңды тұлғалар;
Тармақша 2
2) осы бапта белгіленген тәртіппен білікті инвесторлар деп танылған жеке тұлғалар.
Тармақ 1-1
1-1. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұлғаларды білікті инвесторлар деп тану тәртібі мен шарттары, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың білікті инвесторлар болып табылмайтын жеке тұлғаларға қызметтер көрсету ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Тармақ 2
Тармақ 3
Тармақ 4
4. Өзін білікті инвестор деп тануға өтініш берген тұлға өзі туралы берген ақпараттың дәйектілігі үшін жауапты болады. Өзі берген дәйексіз ақпараттың негізінде тұлғаны білікті инвестор деп тану оның мүддесін көздейтін және оның есебінен жасалған мәмілелердің жарамсыздығына негіз болып табылмайды.
Тармақ 5
5. Тұлға бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының бір түріне немесе бірнеше түріне, білікті инвесторларға арналған қызметтердің бір түріне немесе бірнеше түріне қатысты білікті инвестор болып танылуы мүмкін.
Тармақ 6
6. Тек қана білікті инвесторлардың қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. Білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдары инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның инвестициялық басқаруындағы инвесторларды білікті инвесторлар деп тануынсыз, осындай инвесторлардың қаражаты есебінен сатып алынуы мүмкін.
Тармақ 7
7. Осы баптың 1-1-тармағында көрсетілген, білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушы:
Тармақша 1
1) білікті инвесторды бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының немесе көрсетілетін қызметтердің қандай түрлеріне қатысты оның білікті инвестор деп танылғаны туралы хабардар етуге;
Тармақша 2
2) білікті инвестор деп танылған тұлғадан оны білікті инвестор деп тану үшін сәйкес болуы қажет талаптардың сақталуын растауды талап етуге және көрсетілген талаптардың сақталуына тұрақты түрде тексеруді жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) өзі білікті инвесторлар деп таныған тұлғалардың тізілімін жүргізуге міндетті.
Тармақ 8
8. Білікті инвесторды білікті инвесторлар тізілімінен шығару ол білікті инвесторлар тізіліміне енгізілу шарттарына сай келмеген жағдайда жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу
2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу
Бап 6. 6-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмi
6-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмi
Тармақ 1
1. Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен, тіркелген эмиссиялық бағалы қағаздар және олардың эмитенттері туралы уәкілетті орган енгізген мәліметтер және басқа да орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының дерекқорлары негізінде қалыптастырылады.
Тармақ 2
2. Шығарылымы жойылған немесе Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне олар туралы мәлiметтер енгiзiлмеген эмиссиялық бағалы қағаздар бағалы қағаздар рыногында мәмiлелердiң объeктici бола алмайды. Осы тармақтың бірінші бөлігі шығарылымы шет мемлекеттің заңнамасына немесе «Астана» халықаралық қаржы орталығының актілеріне сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген бағалы қағаздарға қолданылмайды.
Тармақ 3
Бап 7. 7-бап. Мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар шығару
7-бап. Мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар шығару
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың, оларды тiркеудiң, орналастырудың, айналысқа жiберудiң және өтеудiң талаптары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
Тармақ 2
Бап 8. 8-бап. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу
8-бап. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу уәкiлеттi орган осы Заңда және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген шарттарда және тәртiппен жүзеге асыратын, бағалы қағаздар шығарылымын тіркеуге, сондай-ақ бағалы қағаздар шығарылымының шарттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге байланысты іс-шаралар кешені болып табылады. 2. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу мыналарды: 1) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн қарауды; 2) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағазға орталық депозитарий берген халықаралық сәйкестендіру нөмiрi (ISIN коды) туралы мәліметтерді қоса алғанда, эмитент және оның бағалы қағаздары туралы мәлiметтерді Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзуді; 3) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде эмитентке электрондық нысанда: мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті; бағалы қағаздар шығарылымының шарттарын жіберуді; 4) бағалы қағаздар шығарылымының шарттарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу кезінде эмитентке электрондық нысанда: мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (жарияланған акциялар саны ұлғайған және (немесе) олардың түрі өзгерген және (немесе) эмитенттің атауы және тұрған жері өзгерген немесе жарияланған облигациялар саны азайған кезде); өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, шығарылым шарттарын жіберуді қамтиды.
Тармақ 2
Тармақ 2-1
2-1. Инвестициялық пай қорларының пайларын шығаруды мемлекеттiк тiркеудiң шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының жеке заң актiсiмен айқындалады.
Тармақ 3
3. Егер осы Заңда өзге де мерзімдер айқындалмаса, уәкiлеттi орган мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы туралы құжаттарды олар мемлекеттiк тiркеуге ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды. Эмитент мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге арналған құжаттарды уәкілетті органға электрондық нысанда ұсынады.
Тармақ 4
4. Эмитент пен оның лауазымды адамдары мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге қойылатын талаптарды бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Тармақ 5
5. Уәкiлеттi органның мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздарды мақсатқа сай еместiк желеуiмен мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға құқығы жоқ.
Бап 9. 9-бап. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектiсi
9-бап. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектiсi
Тармақ 1
1. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектiсiнде мыналар қамтылуға тиіс:
Тармақша 1
1) эмитенттің атауы және оның орналасқан жері туралы ақпарат;
Тармақша 2
2) эмиссиялық бағалы қағаздар туралы, оларды төлеу және олар бойынша кіріс алу тәсілдері туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру, айналысы, өтеу шарттары мен тәртібі, сондай-ақ осы Заңның 15 және 18-4-баптарында белгіленбеген облигацияларды сатып алудың қосымша шарттары, олар бар болса;
Тармақша 4
4) ковенанттар (шектеулер), олар бар болса (акциялар шығарылымы проспектісін қоспағанда);
Тармақша 5
5) эмиссиялық бағалы қағаздарды конвертациялау шарттары, мерзімдері мен тәртібі (конвертацияланатын бағалы қағаздарды шығару кезінде);
Тармақша 6
6) шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара қамтамасыз ету болып табылатын облигациялар эмитенті мүлкінің құнын көрсете отырып, осы мүлік туралы мәліметтер (қамтамасыз етілген облигациялар бойынша);
Тармақша 7
7) облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты туралы;
Тармақша 8
8) эмитенттің орналастырылған (акционерлік қоғам сатып алғандарын қоспағанда) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) он және одан көп пайызын иеленетін құрылтайшылары туралы немесе ірі акционерлері (қатысушылары) туралы мәліметтер;
Тармақша 9
9) эмитенттің басқару органы және атқарушы органы туралы мәліметтер (акциялар шығарылымының проспектісін қоспағанда);
Тармақша 10
10) эмитент қызметінің негізгі түрлерін көрсете отырып, эмитенттің қаржы-экономикалық және шаруашылық қызметінің көрсеткіштері;
Тармақша 11
11) эмитент туралы және ол орналастыратын эмиссиялық бағалы қағаздар туралы қосымша мәліметтер.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда, эмитент мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды олар туындаған немесе эмитенттің немесе облигацияларды ұстаушылардың тиісті органдары шешім қабылдаған күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіндегі мәліметтерді өзгертуді эмитент облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысының шешімі негізінде бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:
Тармақша 1
1) орналастырылған (сатып алынғандарын қоспағанда) облигациялардың жалпы санының кемінде сексен бес пайызын иеленетін ұстаушылар осы шешім үшін дауыс берген кезде;
Тармақша 2
2) эмитент сатып алған облигацияларды қоспағанда, облигациялар ұстаушылардың құрамында осы шығарылым облигацияларының он пайызынан астамын дербес иеленген екі және одан көп тұлға болған жағдайда, шығарылым шарттарын өзгерту үшін осындай облигациялар ұстаушылардың жалпы санының жетпіс бес және одан көп пайызы дауыс берген кезде жүзеге асырады. Осы тармақтың талабы реттеу режиміндегі банкке қолданылмайды.
Тармақ 4
4. Эмитент:
Тармақша 1
1) орналастырылған акциялар санын азайтуды көздейтін акциялар шығарылымының проспектісіне;
Тармақша 2
2) жарияланған облигациялар санын ұлғайтуды көздейтін мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы емес.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес арнайы қаржы компаниясы шығаратын облигациялар шығарылымының проспектісіне қойылатын қосымша талаптар Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасында белгіленеді.
Тармақ 6
6. Ислам бағалы қағаздары шығарылымының проспектісі исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңеспен келісуге жатады. Эмитент ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтірілетін жағдайларда, ислам бағалы қағаздары шығарылымының проспектісінде белгіленген ислам бағалы қағаздарын орналастыру, айналысы және өтеу шарттарын өзгертуге құқылы емес.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектiсiн (облигациялық бағдарлама проспектiсiн), мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектiсiне (облигациялық бағдарлама проспектiсiне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды жасау және ресімдеу қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектiсi (облигациялық бағдарлама проспектiсi) уәкiлеттi органға қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады. Шетел валютасында номиналданған мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылған жағдайда, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектiсi уәкілетті органға ағылшын тілінде қосымша ұсынылады.
Тармақ 9
9. Осы баптың талаптары айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын облигацияларға, жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигацияларға қолданылмайды.
Бап 10. 10-бап. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден бас тарту
10-бап. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден бас тарту
Тармақ 1
1. Эмитент мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды ұсыну шарттары мен тәртiбiн бұзған және құжаттарды қapaу процесiнде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiнi анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган шығарылымды мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға құқылы.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Эмитент уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеуден бас тарту туралы шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.
Бап 11. 11-бап. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу
11-бап. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу
Тармақ 1
1. Жарияланған акцияларды шығару туралы шешiмдi акционерлiк қоғамның құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшысы) немесе акционерлердiң жалпы жиналысы (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленетін акционер) қабылдайды. Акционерлiк қоғам жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды:
Тармақша 1
1) акционерлік қоғам заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелген;
Тармақша 2
2) егер бұрын акциялар шығарылымы жарияланған акциялар шығарылымын жарамсыз деп тану туралы сот шешiмi негiзiнде жойылған жағдайда, акционерлердiң жалпы жиналысы (жалғыз акционердің шешімімен) жарияланған акцияларды шығару туралы шешiм қабылдаған күннен кейін күнтiзбелiк бір ай iшiнде ұсынуға мiндеттi.
Тармақ 2
2. Уәкiлеттi орган акционерлiк қоғам заңды тұлға ретiнде тiркелген күннен кейін не жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану туралы сот шешiмi негiзiнде акционерлiк қоғамның акциялар шығарылымы жойылған күннен кейін бiр жыл өткеннен кейін жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуді жүзеге асыруға құқылы емес.
Тармақ 3
3. Егер акционерлiк қоғамның акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу осы баптың 1-тармағында көрсетілген күннен бастап бір жыл өткеннен кейін жүзеге асырылмаса:
Тармақша 1
1) акционерлiк қоғам ерікті түрде таратылуды немесе басқа ұйымдық-құқықтық нысанға қайта ұйымдастырылуды жүзеге асыруға міндетті;
Тармақша 2
2) уәкілетті орган акционерлік қоғамды тарату не қайта ұйымдастыру мақсатында сотқа жүгінуге құқылы.
Тармақ 4
4. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу акционерлік қоғам уәкілетті органға электрондық нысанда ұсынған мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар, еркін нысанда жасалған, акционерлік қоғамның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған өтініш;
Тармақша 2
2) осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасында белгіленген жағдайда, жарияланған акцияларды шығару туралы құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшы шешiмiнiң) немесе акционерлердiң жалпы жиналысы (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленетін акционер шешiмi) хаттамасының көшiрмесi;
Тармақша 3
3) осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасында белгіленген жағдайда жарияланған акциялар шығарылымын жарамсыз деп тану туралы сот шешiмiнің көшірмесі;
Тармақша 4
4) акциялар шығарылымы проспектісі;
Тармақша 5
5) акционерлiк қоғамның құрылтайшылары арасында орналастырылатын жарияланған акцияларға ақы төленгенiн растайтын құжаттар.
Тармақ 5
5. Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті орган жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады және жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті және акциялар шығарылымы проспектісін электрондық нысанда акционерлік қоғамға жібереді. 6. Акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін акционерлік қоғам уәкілетті органға электрондық нысанда мынадай құжаттарды ұсынады: 1) ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар, еркін нысанда жасалған, акционерлік қоғамның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған өтініш; 2) өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескерілген акциялар шығарылымы проспектісі; 3) акционерлік қоғамның акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге негіз болған акционерлік қоғам органының отырысы шешімінің (хаттамасының) көшірмесі немесе хаттамасынан үзінді көшірме; 4) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабында белгіленген жағдайларда, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлі түрде шығару туралы сот шешімінің көшірмесі (акционерлік қоғамның жарияланған акциялары болмаған немесе олар мерзімі өткен салықтық берешекті өтеу үшін жеткіліксіз болған жағдайда). 7. Акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті орган акционерлік қоғамға электрондық нысанда мыналарды жібереді: 1) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (жарияланған акциялар саны ұлғайған және (немесе) олардың түрі өзгерген, акционерлік қоғамның атауы өзгерген және (немесе) тұрған жері өзгерген кезде); 2) өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескерілген проспект. 8. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуден бас тартылған жағдайда, акционерлік қоғам осы баптың 4 және 6-тармақтарында көрсетілген құжаттарды бас тартуды алған күннен бастап қырық бес жұмыс күні ішінде қайта ұсынады, бұл ретте уәкілетті органның құжаттарды қарау мерзімі қайтадан есептеледі. 9. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу тәртібі, сондай-ақ жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге арналған құжаттарға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Тармақ 6
Бап 12. 12-бап. Уәкілетті органның мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тiркеуі
12-бап. Уәкілетті органның мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тiркеуі
Тармақ 1
1. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін эмитент уәкілетті органға электрондық нысанда мынадай құжаттарды: 1) ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар, еркін нысанда жасалған, акционерлік қоғамның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған өтінішті;
Тармақша 2
2) облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу, облигацияларды орналастыру нәтижесiнде эмитент алған қаражатты пайдалану тәртiбi, облигацияларды шығару көлемi, саны мен түрi, облигациялардың номиналды құны, облигацияларды ұстаушылардың құқықтары туралы мәлiметтер қамтылған мемлекеттік емес облигацияларды шығару туралы эмитент органы шешiмiнiң көшiрмесiн не облигациялық бағдарламаның шығарылу көлемі туралы мәліметтер қамтылған облигациялық бағдарламаны шығару туралы эмитент органы шешімінің көшірмесін;
Тармақша 3
3) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектiсiн (облигациялық бағдарлама проспектiсiн);
Тармақша 4
4) эмитент жарғысының көшірмесін (болған кезде);
Тармақша 5
5) қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда, эмитент міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттарды;
Тармақша 6
Тармақша 7
7) облигацияларды ұстаушылардың өкілімен жасалған шарттың көшірмесін (облигацияларды ұстаушылардың өкілімен шарт жасасу міндеті осы Заңның талаптарында көзделген және (немесе) шарт жасасу эмитенттің бастамасымен болған жағдайда);
Тармақша 8
Тармақша 9
9) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған эмитенттер үшін эмитенттің кірісін оның қатысушылары арасында бөлу тәртібін;
Тармақша 10
10) эмитенттің (жаңадан құрылған эмитенттерді қоспағанда) аудиторлық есеппен расталған, соңғы қаржы жылы үшін жылдық қаржылық есептілігінің (эмитенттің еншілес ұйымдары болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілігінің) көшірмесін;
Тармақша 11
11) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берер алдында соңғы тоқсанның аяғындағы не мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берер алдында соңғы тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне дейін ұсынған жағдайда, соңғы тоқсанның алдындағы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша эмитенттің қаржылық есептілігінің көшірмесін ұсынуға міндетті;
Тармақ 2
2. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент-эмитенті уәкілетті органға электрондық нысанда қосымша мынадай құжаттарды ұсынуға міндетті:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент орналасқан мемлекеттің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі, дұрыстығын нотариат куәландырған оның қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы қоса тіркеледі;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің құрылтай құжаттарының көшірмелері, дұрыстығын нотариат куәландырған оның қазақ және орыс тілдеріндегі аудармалары қоса тіркеледі;
Тармақша 3
3) шетел мемлекетінің қаржы нарығын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органының облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге өтініш беру күніне дейін үш айдағы кезеңде Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің пруденциялық нормативтерді және бейрезиденттің уәкілетті органы белгілеген өзге де нормалар мен лимиттерді сақтауы туралы хаты (егер Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент қаржы ұйымы болып табылса);
Тармақ 3
3. Құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) жарғылық капиталды төлегеннен кейін ғана эмитент мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсынуға құқылы.
Тармақ 4
4. Өзара сақтандыру қоғамдарының мемлекеттік емес облигациялар шығаруға құқығы жоқ.
Тармақ 5
5. Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті орган мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады және эмитентке мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік пен облигациялар шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін) электрондық нысанда жібереді.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін эмитент уәкілетті органға электрондық нысанда мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар, еркін нысанда жасалған, эмитенттің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған өтініш;
Тармақша 2
2) өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескерілген электрондық түрдегі облигациялар шығарылымы проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектiсі);
Тармақша 3
3) облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге негіз болған эмитент органы отырысы шешімінің (хаттамасының) көшірмесі немесе хаттамасынан үзінді көшірме.
Тармақ 7
7. Облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті орган эмитентке электрондық нысанда мыналарды жібереді:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк (мемлекеттік емес облигациялар саны азайған және (немесе) олардың түрі, айналыс мерзімі өзгерген және (немесе) эмитенттің атауы өзгерген және (немесе) тұрған жері өзгерген кезде);
Тармақша 2
2) өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескерілген мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі).
Тармақ 8
8. Осы баптың 1-тармағының 4), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, егер осы құжаттар мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) немесе мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы (облигациялық бағдарлама) проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар ұсынылатын күнге дейін қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған болса, эмитент уәкілетті органға ұсынбайды.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттарға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Тармақ 10
10. Осы баптың талаптары айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын облигацияларға, жеке орналастыруға жататын облигацияларға қолданылмайды.
Бап 12-1. 12-1-бап. Жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигацияларды шығару
12-1-бап. Жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигацияларды шығару
Тармақ 1
1. Жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигацияларды шығару деп осы Заңның мақсатына орай инвесторлардың шектеулі саны арасында орналастырылатын облигацияларды шығару танылады.
Тармақ 2
2. Жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигацияларды шығару шарттары жеке меморандумда айқындалады, оның мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Тармақ 3
3. Осы облигацияларды орналастыруға қатысатын инвесторлар саны елуден аспауға тиіс.
Тармақ 4
4. Жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигацияларды білікті инвесторлар болып табылмайтын инвесторлардың арасында орналастыруға тыйым салынады.
Тармақ 5
5. Жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу тәртібі, шарттары және мерзімдері, сондай-ақ жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге, жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеуге арналған құжаттарға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Тармақ 6
6. Жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигацияларды қор биржасының ресми тізіміне енгізуге жол беріледі.
Бап 12-2. 12-2-бап. Өтеу мерзімі жоқ мемлекеттік емес облигацияларды шығару ерекшеліктері
12-2-бап. Өтеу мерзімі жоқ мемлекеттік емес облигацияларды шығару ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Өтеу мерзімі жоқ мемлекеттік емес облигацияларды шығаруды акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған эмитент мынадай талаптар сақталған кезде:
Тармақша 1
1) өтеу мерзімі жоқ мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттар уәкілетті органға ұсынылған күні эмитент өз қызметін кемінде бес жыл жүзеге асырса;
Тармақша 2
2) өтеу мерзімі жоқ мемлекеттік емес облигацияларды шығаруды мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттарды уәкілетті органға ұсыну алдындағы соңғы бес жылдың қорытындылары бойынша осы Заңның 15 және 18-4-баптарында көзделген шарттарды бұзу жағдайлары болмаса, жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Өтеу мерзімі жоқ мемлекеттік емес облигацияларды білікті инвесторлар болып табылмайтын инвесторлар арасында орналастыруға тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Өтеу мерзімі жоқ мемлекеттік емес облигациялар акцияларға айырбасталуға жатпайды.
Тармақ 4
4. Өтеу мерзімі жоқ мемлекеттік емес облигацияларды шығару туралы шешімді және оларды шығару шарттарын айқындауды акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдайды. Бұл шешім қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының жай көпшілік дауысымен қабылданады.
Тармақ 5
5. Өтеу мерзімі жоқ мемлекеттік емес облигациялар шығару көлемі акционерлік қоғамның меншікті капиталы мөлшерінің он пайызынан аспайды.
Тармақ 6
6. Өтеу мерзімі жоқ мемлекеттік емес облигацияларды ұстаушылар мұндай облигацияларды, оның ішінде осы Заңның 15 және 18-4-баптарында көзделген негіздер бойынша сатып алу туралы талап қоя алмайды.
Тармақ 7
7. Осы баптың 3 және 5-тармақтарында белгіленген талаптар өтеу мерзімі жоқ мемлекеттік емес облигациялардың эмитенті банк болып табылатын жағдайларға қолданылмайды.
Бап 13. 13-бап. Облигациялық бағдарламаны және облигациялық бағдарлама шегiнде мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудің ерекшелiктерi
13-бап. Облигациялық бағдарламаны және облигациялық бағдарлама шегiнде мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудің ерекшелiктерi
Тармақ 1. 3-тарау. Облигациялар шығару мен олардың айналысының ерекше талаптары
1. Облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тiркеудi уәкiлеттi орган он жұмыс күні iшiнде жүзеге асырады. Облигациялық бағдарлама шегiнде мемлекеттік емес облигациялардың алғашқы шығарылымын мемлекеттік тiркеу эмитенттiң қалауы бойынша осы облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тiркеумен бiр мезгiлде жүзеге асырылуы мүмкiн, бұл ретте осы құжаттарды уәкілетті орган олар ұсынылған күннен кейін он жұмыс күні ішінде қарауға тиіс. Тiркелген облигациялық бағдарлама шегiнде мемлекеттік емес облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеу үшiн эмитент уәкiлеттi органға ұсынған құжаттарды уәкiлеттi орган олар ұсынылған күннен кейін бес жұмыс күні iшiнде қарауға тиiс. 2. Осы Заңның 10-бабының 1-тармағында айқындалған негіздерден басқа, уәкілетті орган: 1) эмитенттің бастамасы бойынша еркін делистингті қоспағанда, осы облигациялық бағдарлама шегінде жүзеге асырылған мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының делистингі жүргізілген; 2) облигациялық бағдарлама шегінде мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу нәтижесінде айналыста жүрген мемлекеттік емес облигациялар шығарылымдарының жалпы сомасы осындай облигациялық бағдарламаның тіркелген көлемінен асып кеткен жағдайда, эмитентке облигациялық бағдарлама шегінде мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден бас тартуға құқылы. Осы тармақтың күші реттеу режиміндегі банкке қолданылмайды. 3. Эмитент облигациялық бағдарлама шегiнде құрылымы бойынша әртүрлі мемлекеттік емес облигациялар шығарылымдарын жүзеге асыруға құқылы. 3-тарау. Облигациялар шығару мен олардың айналысының ерекше талаптары
Бап 14. 14-бап. Облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығару
14-бап. Облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығару
Бап 15. 15-бап. Мемлекеттік емес облигациялар шығарудың шарттары
15-бап. Мемлекеттік емес облигациялар шығарудың шарттары
Тармақ 1
1. Егер мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттарды уәкiлеттi органға ұсыну күнге эмитентте айналыстағы бағалы қағаздарды (акцияларды қоспағанда) шығару шарттарын (оның ішінде сыйақы төлеу немесе бағалы қағаздарды өтеу жөнiндегi мiндеттемелерiн) уақтылы орындамаған немесе орындамаған, сондай-ақ айналыстағы бағалы қағаздардың (акцияларды және облигацияларды ұстаушылар келіскен жағдайда облигациялардың ерікті делистингін қоспағанда) делистинг жағдайлары болмаса ғана және инфрақұрылымдық облигациялар эмитентiн қоспағанда, эмитент мынадай талаптардың бiрiн сақтаған жағдайда:
Тармақша 1
1) облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттарды уәкiлеттi органға ұсыну күнi эмитентте уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген талаптарға сәйкес рейтинг агенттiктерi бiрінiң талап етілетiн ең төменгi рейтингi болса;
Тармақша 2
2) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды уәкілетті органға ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның қорытындылары бойынша эмитенттiң левередж шамасы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көрсетілген шамадан аспаса;
Тармақша 3
3) жаңадан шығарылған облигациялар ипотекалық облигациялар болып табылса, эмитент облигациялар шығарылымын жүзеге асыруға құқылы. Осы тармақтың талаптары:
Тармақша 1
1) ұлттық басқарушы холдингке;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес айқындалған, осы арнайы қаржы компаниясының жалғыз құрылтайшысы (акционері) болып табылатын оригинатор немесе орындаушы облигациялардың эмитентіне осы тармақта қойылатын талаптарды сақтаған кезде жобалық қаржыландыру немесе секьюритилендіру мәмілелері шеңберінде облигациялар шығаруды жүзеге асыратын арнайы қаржы компаниясына;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес жобалық қаржыландыру мәмілелері шеңберінде облигациялар шығаруды жүзеге асыратын, оларда мемлекет тапсырыс беруші ретінде танылатын арнайы қаржы компаниясына қолданылмайды.
Тармақ 2
2. Осы облигацияларды шығару проспектісінде белгіленген облигациялар айналымы мерзімі ішінде эмитент мынадай шарттарды сақтауға:
Тармақша 1
1) эмитент активтерінің құрамына кіретін мүлікті иеліктен шығару күні эмитент активтерінің жалпы құнының жиырма бес пайызынан асатын сомаға иеліктен шығармауға;
Тармақша 2
2) эмитент облигацияларының шығарылымына байланысты емес міндеттемелерді облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күніне аталған эмитент активтерінің жалпы құнының он пайызынан астамын орындамау фактілеріне жол бермеуге;
Тармақша 3
3) эмитенттің құрылтай құжаттарына эмитент қызметінің негізгі түрлерін өзгертуді көздейтін өзгерістер енгізбеуге;
Тармақша 4
4) ұйымдық-құқықтық нысанын өзгертпеуге міндетті. Эмитент осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шарттарды бұзған жағдайда, облигацияларды ұстаушылардың осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген шарттарды өзгертуге келісімі болған жағдайларды қоспағанда, эмитент жинақталған сыйақыны ескере отырып, облигацияларды ұстаушылардың талап етуі бойынша облигациялардың номиналды құнына сәйкес келетін бағамен облигацияларды сатып алуға міндетті. Осы тармақтың бірінші бөлігі 4) тармақшасының талабы микроқаржы ұйымын шаруашылық серіктестіктен акционерлік қоғам етіп қайта құру кезінде оған қолданылмайды.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ұйым міндеттемелерін қайта құрылымдауды жүргізген кезде оған;
Тармақша 2
2) банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қолданылмайды. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында аталған эмитенттер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда облигациялар шығарылымын жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 4
4. Эмитент мемлекеттік емес облигациялар шығарудың шарттарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
Тармақ 5
5. Осы баптың талаптары айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын облигацияларға, жеке орналастыруға жататын облигацияларға қолданылмайды.
Бап 16. 16-бап. Айналыс мерзiмi он екі айдан аспайтын мемлекеттік емес облигациялар шығару
16-бап. Айналыс мерзiмi он екі айдан аспайтын мемлекеттік емес облигациялар шығару
Тармақ 1
1. Айналыс мерзiмi он екі айдан аспайтын мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру және олардың айналысы қор биржасының сауда жүйесiнде ғана жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу тәртібі, шарттары және мерзімдері, сондай-ақ айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттарға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Бап 17. 17-бап. Айырбасталатын облигациялар шығару
17-бап. Айырбасталатын облигациялар шығару
Тармақ 1
1. Акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған эмитент айырбасталатын облигациялар шығаруды жүзеге асыруға құқылы. Айырбасталатын облигациялар шығару мүмкiндiгi акционерлiк қоғамның жарғысында көзделуге тиiс.
Тармақ 2
2. Облигацияларды акционерлiк қоғамның акцияларына айырбастау облигацияларды эмитенттiң акцияларына айырбастаудың облигациялар шығару проспектiсiнде және (немесе) Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленген талаптары мен тәртiбiне сәйкес жүргiзiледi.
Бап 18. 18-бап. Агенттiк облигациялардың шығарылымы
18-бап. Агенттiк облигациялардың шығарылымы Агенттiк облигациялардың шығарылымы, айналымы және оларды өтеу шарттары мен тәртібі, агенттiк облигациялардың шығарылымын мемлекеттiк тiркеу мақсатында қаржы агенттiгi және кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлға уәкiлеттi органға табыс ететін құжаттардың тізбесі, шығарылымды мемлекеттiк тiркеу тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi.
Бап 18-1. 18-1-бап. Инфрақұрылымдық облигациялар шығарудың, айналысы мен өтелуiнiң ерекшелiктерi
18-1-бап. Инфрақұрылымдық облигациялар шығарудың, айналысы мен өтелуiнiң ерекшелiктерi
Тармақ 1
1. Инфрақұрылымдық облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, инфрақұрылымдық облигациялар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу тәртібі, сондай-ақ инфрақұрылымдық облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, инфрақұрылымдық облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, инфрақұрылымдық облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау үшін құжаттарға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Тармақ 2
2. Инфрақұрылымдық облигацияларды эмитент акциясына айырбастауға тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Инфрақұрылымдық облигациялардың айналысы мерзiмi iшiнде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын облигациялар ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерiн кемсiтуге алып келетіндей етiп өзгертуге жол берiлмейдi не инфрақұрылымдық облигацияларды ұстаушылардың барлығының немесе олардың өкілдерінің келісімімен жол беріледі.
Бап 18-2. 18-2-бап. Облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы
18-2-бап. Облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы
Тармақ 1
1. Эмитенттің осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында және 15-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген, облигацияларды шығару шарттарын өзгерту туралы шешім қабылдауы мақсатында облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы өткізіледі.
Тармақ 2
2. Облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге құқығы бар облигацияларды ұстаушылардың тізімін орталық депозитарий облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы өткізілетін күннен үш жұмыс күні бұрын бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінің негізінде жасайды. Облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге құқығы бар облигацияларды ұстаушылардың тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге енгізілген тұлға өзіне тиесілі облигацияларды иеліктен шығарған жағдайда, облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысу құқығы облигациялардың жаңа ұстаушысына ауысады. Бұл ретте облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысу үшін аталған тұлға облигацияларға меншік құқығын растайтын құжаттарды эмитентке ұсынады.
Тармақ 3
3. Эмитент облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізу туралы ақпаратты облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы өткізілетін күнге дейін кемінде он жұмыс күні бұрын қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында және қор биржасының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде (егер осы облигациялар қор биржасының ресми тізіміне енгізілген жағдайда) орналастырады.
Тармақ 4
4. Облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізу тәртібі эмитенттің басқару органы бекітетін эмитенттің ішкі құжаттарымен белгіленеді. Облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысында дауыс беру "бір облигация – бір дауыс" қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысының шешім қабылдауы осы Заңның 9-бабының 3-тармағында белгіленген талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 4-1
4-1. Егер барлық орналастырылған облигация бір ұстаушыға тиесілі болған жағдайда, облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы өткізілмейді. Осы Заңда облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімді осындай ұстаушы жеке-дара қабылдайды және ол жазбаша түрде ресімделуге жатады.
Тармақ 5
5. Облигацияларды ұстаушылардың (жалғыз ұстаушының) жалпы жиналысының шешімі қабылданған күнінен кейін үш жұмыс күні ішінде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялануға тиіс. Көрсетілген мерзімде эмитент қабылданған шешім туралы уәкілетті органды, орталық депозитарийді хабардар етеді.
Тармақ 6
6. Осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген, облигациялар шығарылымы проспектісіндегі мәліметтерді өзгерту мәселелері бойынша облигацияларды ұстаушылардың (жалғыз ұстаушының) жалпы жиналысы өткізілген күннен бастап облигацияларды ұстаушылардың (облигацияларды ұстаушының) жалпы жиналысында қабылданған шешім қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жарияланған күннен кейінгі күнге дейінгі кезеңде облигацияларды орналастыру және олардың айналысы тоқтатыла тұрады. Облигацияларды ұстаушылар осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген, облигацияларды шығару шарттарын өзгерту туралы шешім қабылдаған жағдайда, облигацияларды орналастыруды және олардың айналысын тоқтата тұру мерзімі облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер мемлекеттік тіркелген күннен кейінгі күнге дейін ұзартылады. Эмитент осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген жағдайларда орталық депозитарий мен қор биржасын (облигациялар қор биржасының ресми тізімінде болған жағдайда) облигацияларды орналастыруды және олардың айналысын тоқтата тұру туралы хабардар етеді.
Бап 18-3. 18-3-бап. Номиналы шетел валютасында көрсетілген мемлекеттік емес облигациялар шығарудың ерекшеліктері
18-3-бап. Номиналы шетел валютасында көрсетілген мемлекеттік емес облигациялар шығарудың ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Эмитенттер Қазақстан Республикасының аумағында номиналды құны шетел валютасында көрсетілген облигацияларды шығаруға құқылы.
Тармақ 2
2. Номиналы шетел валютасында көрсетілген мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, номиналы шетел валютасында көрсетілген мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу тәртібі, сондай-ақ номиналы шетел валютасында көрсетілген мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, номиналы шетел валютасында көрсетілген мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, номиналы шетел валютасында көрсетілген мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау үшін құжаттарға қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актісінде белгіленеді.
Бап 18-4. 18-4-бап. Орналастырылған мемлекеттік емес облигацияларды сатып алу
18-4-бап. Орналастырылған мемлекеттік емес облигацияларды сатып алу
Тармақ 1
1. Эмитент орналастырылған мемлекеттік емес облигацияларды қайталама нарықта сатып алуға құқылы.
Тармақ 2
2. Эмитент орналастырылған мемлекеттік емес облигацияларды:
Тармақша 1
1) эмитенттің органы облигациялардың делистингі туралы шешім қабылдаған;
Тармақша 2
2) тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалған ақпаратты қор биржасына ұсыну бөлігінде арнайы (листингтік) талаптарды орындамау себебімен қор биржасы эмитент облигацияларының делистингі туралы шешім қабылдаған;
Тармақша 3
3) эмитент облигацияларды ұстаушылардың бұрынғы өкілімен шартты бұзған немесе оның қолданысын тоқтатқан күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен асатын мерзімде облигацияларды ұстаушылардың өкілімен шарт жасаспаған (егер облигацияларды ұстаушылардың өкілімен шарт жасасу міндеті осы Заңның талаптарында көзделген және (немесе) оны жасасуға эмитент бастамашылық жасаған жағдайда) жағдайларда сатып алуға міндетті. Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талап «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығарылу шарттары қамтамасыз етілмеген міндеттемені субординарлық борышқа жатқызу шарттарына сай келетін, екінші деңгейдегі банктерге және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына олар шығарған (шығаратын) мемлекеттік емес облигацияларға қатысты қолданылмайды.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектiсiнде қосымша ковенанттар (шектеулер) белгіленуі мүмкін, олар басталған кезде эмитент өзі орналастырған облигацияларды сатып алуға міндетті.
Тармақ 4
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген жағдайларда, эмитент орналастырылған мемлекеттік емес облигацияларды мына бағалардың ең жоғарысы бойынша: жиналған, бірақ төленбеген сыйақыны ескере отырып, мемлекеттік емес облигациялардың номиналды құнына сәйкес келетін бағамен; қор биржасының сауда жүйесіне айналысқа жіберілген қаржы құралдарын бағалау әдістемесіне сәйкес айқындалған мемлекеттік емес облигациялардың нарықтық бағасымен (осындай баға болған кезде); Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындаған бағамен (егер эмитенттің облигациялары бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында айналысқа түспесе) сатып алуды жүзеге асыруға міндетті.
Бап 19. 19-бап. Облигацияларды ұстаушылардың өкiлi
19-бап. Облигацияларды ұстаушылардың өкiлi
Тармақ 1
1. Қамтамасыз етілген, инфрақұрылымдық немесе ипотекалық облигацияларды немесе секьюритилендіру мәмілесі шеңберіндегі облигацияларды шығару, орналастыру, олардың айналысы және оларды өтеу кезiнде эмитент алдында облигацияларды ұстаушылардың мүдделерiн бiлдiрудi облигацияларды ұстаушылардың өкiлi (бұдан әрi – өкiл) жүзеге асырады. Өкiлдi таңдауды бағалы қағаздар рыногында кастодиандық және (немесе) брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылар арасынан эмитент дербес жүзеге асырады. Өкiл эмитенттiң үлестес тұлғасы болмауға тиiс.
Тармақ 2
2. Өкілдің өз функциялары мен міндеттерін орындау тәртібі, эмитент пен өкілдің арасында жасалатын облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар, өкілдің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі мен жағдайлары, сондай-ақ осы Заңның 20-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес уәкілетті органға ақпарат беру мерзімдері уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленеді.
Тармақ 3
3. Осы баптың талаптары жеке орналастыруға жататын облигацияларды шығаруға, орналастыруға, айналысқа жіберуге және өтеуге қолданылмайды.
Бап 20. 20-бап. Өкiлдiң функциялары мен мiндеттерi
20-бап. Өкiлдiң функциялары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Өкiл мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) эмитенттiң облигацияларды ұстаушылар алдындағы облигациялар шығару проспектiсiнде немесе жеке меморандумда белгiленген мiндеттемелерiн орындауын бақылайды;
Тармақша 1-1
1-1) эмитенттің облигацияларды орналастырудан алған ақшаны нысаналы пайдалануын бақылайды;
Тармақша 2
2) эмитенттiң облигацияны ұстаушылар алдындағы мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлiктiң жай-күйiн бақылайды;
Тармақша 3
3) эмитентпен, бөлінген активтердің құрамына кіретін мүлікті қоспағанда, эмитенттiң облигацияларды ұстаушылар алдындағы мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлiкке қатысты кепiл шартын жасасады;
Тармақша 3-1
3-1) эмитенттің қаржылық жағдайына мониторингті және оның корпоративтік оқиғаларына талдау жасауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға бағытталған, оның ішінде меншігінде эмитенттің орналастырылған (сатып алғандарды шегергенде) облигацияларының елу және одан көп пайызы бар облигацияларды ұстаушылардың атынан сотқа эмитенттің облигациялар шығару проспектісінде немесе жеке меморандумда белгіленген міндеттемелерді орындамауы мәселелері бойынша талап-арыз беру арқылы шаралар қолданады;
Тармақша 4-1
4-1) «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерін басқаруды (бөлінген активтерді өткізу және кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану құқығымен және бөлінген активтердің құрамына кіретін өзге де қамтамасыз ету) жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) облигацияларды ұстаушыларға және уәкілетті органға осы тармақтың 1), 1-1), 2), 3), 3-1) және 4) тармақшаларына сәйкес өзiнiң iс-әрекеттерi туралы және мұндай iс-әрекеттерінiң нәтижелерi туралы тоқсанына кем дегенде бір рет хабарлайды.
Тармақ 1-1
1-1. Инфрақұрылымдық облигацияларды ұстаушылардың өкiлi осы баптың 1-тармағында айқындалған функцияларымен қатар, жобаның уақтылы және сапалы iске асырылуының, сондай-ақ оның инфрақұрылымдық облигациялар шығарудың талаптарына сәйкес келуiнiң мониторингiн жүргiзедi.
Тармақ 2
2. Өкiл облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында:
Тармақша 1
1) облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерін бұзуға әкеп соғуы мүмкiн мән-жайларды анықтауға және көрсетiлген мән-жайлар туралы оларға күнтiзбелiк үш күн iшiнде хабарлауға;
Тармақша 2
2) эмитенттiң облигацияларды ұстаушылардың алдындағы мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлiкке кепiл құқығын ресiмдеуге және тiркеуге байланысты құқықтық қатынастарда облигацияларды ұстаушылардың мүдделерiн бiлдiруге;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген тәртiппен эмитенттiң облигацияларды ұстаушылар алдындағы мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлiктiң жай-күйiне бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) облигациялар бойынша сыйақының уақтылы төленуiн бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 5
5) уәкiлеттi орган мен облигацияларды ұстаушыларға эмитенттiң облигацияларды ұстаушылар алдындағы мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлiктiң жай-күйi туралы хабарлауға;
Тармақша 6
6) уәкiлеттi орган мен облигацияларды ұстаушыларға эмитентпен шартты бұзған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде өзiнiң өкiл ретiндегi өкiлеттiктерiнiң тоқтатылғаны туралы хабарлауға;
Тармақша 7
7) уәкiлеттi орган мен облигацияларды ұстаушыларға олардың сұратуы бойынша өзiнiң өкiл ретiндегi қызметiне қатысты ақпарат пен құжаттарды беруге;
Тармақша 8
8) коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етпеуге;
Тармақша 9
9) эмитент облигацияларды ұстаушылар алдындағы өз мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кепiлге салынған мүлiктi өткiзуге мiндеттi.
Тармақ 2-1
2-1. Өкіл облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында:
Тармақша 1
1) облигацияларды шығару проспектісінде белгіленген облигацияларды ұстаушылардың алдындағы өзінің міндеттемелерін орындау туралы талаптармен эмитентке;
Тармақша 2
2) уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарына;
Тармақша 3
3) сотқа жүгінуге құқылы.
Тармақша 2-2
2-2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген функцияларды іске асыру мақсатында өкіл облигацияларды ұстаушылардың тізімі туралы ақпаратты сұратуға және алуға құқылы. Эмитент уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және өкілмен жасалған шартта көзделген тәртіппен және шарттарда өкілге осы баптың 1-тармағында көрсетілген функцияларды іске асыру үшін оның сұратқан ақпаратын ұсынуға міндетті.
Тармақ 3
3. Өкiлдiң осы баптың 1 және 2-тармақтарында айқындалған функциялар мен мiндеттердi орындау тәртібі мен мерзімдері уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi.
Тармақ 4
4. Өкіл өзінің интернет-ресурсында осы баптың 1-тармағының 1), 1-1), 2), 3), 3-1) және 4) тармақшаларына сәйкес өзiнiң iс-әрекеттерiнің нәтижелерi туралы ақпаратты, сондай-ақ эмитент пен өкіл арасында жасалған шартқа сәйкес эмитент ұсынатын ақпаратты орналастыруға міндетті.
Тарау 3-1. 3-1-тарау. Орнықты дамудың мемлекеттік емес облигацияларын және орнықты дамумен байланысты мемлекеттік емес облигацияларды шығару ерекшеліктері
3-1-тарау. Орнықты дамудың мемлекеттік емес облигацияларын және орнықты дамумен байланысты мемлекеттік емес облигацияларды шығару ерекшеліктері
Бап 20-1. 20-1-бап. Орнықты дамудың мемлекеттік емес облигациялары және орнықты дамумен байланысты мемлекеттік емес облигациялар
20-1-бап. Орнықты дамудың мемлекеттік емес облигациялары және орнықты дамумен байланысты мемлекеттік емес облигациялар
Тармақ 1
1. Орнықты дамудың мемлекеттік емес облигацияларына мыналар жатады:
Тармақша 1
1) «жасыл» облигациялар;
Тармақша 2
2) әлеуметтік облигациялар;
Тармақша 3
3) орнықты даму облигациялары.
Тармақ 2
2. Орнықты дамудың мемлекеттік емес облигацияларын және орнықты дамумен байланысты мемлекеттік емес облигацияларды шығару шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Тармақ 3
3. «Жасыл» облигацияларды шығару мен орналастыру нәтижесінде алынған қаражат тек қана мынадай салалардағы жобаларды қаржыландыруға (қайта қаржыландыруға) бағытталуға тиіс:
Тармақша 1
1) жаңартылатын энергия;
Тармақша 2
2) энергетикалық тиімділік (жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан өнеркәсіптік объектілердің, ғимараттардың, құрылыстардың, құрылысжайлардың энергетикалық тиімділігін арттыру);
Тармақша 3
3) қоршаған ортаның ластануын болғызбау және бақылау;
Тармақша 4
4) су мен қалдықтарды орнықты пайдалану (су үнемдеу, қалдықтар мен сарқынды сулар, су ресурстарын сақтау және қалпына келтіру);
Тармақша 5
5) ауыл және орман шаруашылығын орнықты жүргізу, жер пайдалану, биологиялық әртүрлілікті сақтау;
Тармақша 6
6) экологиялық туризм;
Тармақша 7
7) экологиялық таза көлік (оның ішінде төмен көміртекті көлік құралдары, экологиялық таза көліктік инфрақұрылым);
Тармақша 8
8) климаттың өзгеруіне бейімделу (климаттың өзгеруі салдарына инфрақұрылымның төзімділігін арттыру, климаттың өзгеруін байқау және осындай өзгерістердің ерте алдын алу жүйесі);
Тармақша 9
9) «жасыл» облигациялар арқылы қаржыландырылуға жататын, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен «жасыл» жобалардың сыныптамасына (таксономиясына) және (немесе) Халықаралық капитал нарықтары қауымдастығының «жасыл» облигациялар стандартын қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, орнықты даму саласындағы халықаралық танылған стандарттарда көзделген сыныптамаларға сәйкес келетін өзге де жобалар.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік облигацияларды шығару мен орналастыру нәтижесінде алынған қаражат тек қана мынадай салалардағы жобаларды қаржыландыруға (қайта қаржыландыруға) бағытталуға тиіс:
Тармақша 1
1) қолжетімді инфрақұрылым құру (халықты таза ауызсумен қамтамасыз ету, сарқынды суларды тазарту, санитариялық жағдайларды жақсарту, көлік, энергетика);
Тармақша 2
2) денсаулық сақтауға, білім беруге, оның ішінде кәсіптік оқытуға, қаржыландыруды алуға және қаржылық көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) қолжетімді тұрғынжай салу;
Тармақша 4
4) халыққа көмек, жұмыссыздықпен күрес жөніндегі бағдарламалар;
Тармақша 5
5) азық-түлік қауіпсіздігі (оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің еңбек өнімділігін арттыру саласында);
Тармақша 6
6) қолайлы әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау және оларды дамыту (мүліктік теңсіздікті қысқартуды, мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау бағдарламаларын, әйелдер кәсіпкерлігін, гендерлік теңдік саласындағы жобаларды қоса алғанда, активтерге, көрсетілетін қызметтерге, ресурстарға және оларды бақылауға тең құқықпен қол жеткізу, тең құқықпен нарыққа шығу және қоғам өміріне араласу);
Тармақша 7
7) Халықаралық капитал нарықтары қауымдастығының әлеуметтік облигацияларының стандартын қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, орнықты даму саласындағы халықаралық танылған стандарттарда айқындалған өзге де әлеуметтік жобалар.
Тармақ 5
5. Орнықты даму облигацияларын шығару мен орналастыру нәтижесінде алынған қаражат осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген тек қана «жасыл» және әлеуметтік жобалардың үйлесімін қаржыландыруға (қайта қаржыландыруға) бағытталуға тиіс.
Тармақ 6
6. Орнықты дамумен байланысты мемлекеттік емес облигацияларды шығару кезінде эмитент болашақта алдын ала белгіленген мерзімдерде орнықты даму саласындағы қызметтің нақты нәтижелерін жақсартуға міндеттенеді. Эмитенттің орнықты даму саласындағы қызметінің көрсетілген нәтижелері сандық бағалауға, салыстырмалы талдауға және сыртқы бағалауға болатын тиімділіктің өлшенетін түйінді көрсеткіштері түрінде көрсетілуге тиіс. Осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген сипаттамаларды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, орнықты дамумен байланысты мемлекеттік емес облигациялардың қаржылық және (немесе) құрылымдық сипаттамалары тиімділіктің түйінді көрсеткіштеріне эмитенттің қол жеткізу нәтижелеріне қарай өзгеріп отырады. Эмитент оларға қол жеткізген жағдайда қолданысқа енгізілетін, эмитенттің орнықты даму саласындағы қызметі тиімділігінің түйінді көрсеткіштері, сондай-ақ орнықты дамумен байланысты облигациялардың қаржылық және (немесе) құрылымдық сипаттамалары осы облигацияларды шығарудың шарттары шеңберінде және (немесе) облигацияларды шығару жөніндегі негіздемелік бағдарламада көрсетілуге жатады.
Бап 20-2. 20-2-бап. Сыртқы бағалау (верификация)
20-2-бап. Сыртқы бағалау (верификация)
Тармақ 1
1. Эмитенттер «жасыл», әлеуметтік облигациялардың, орнықты даму облигацияларының және орнықты дамумен байланысты облигациялардың, сондай-ақ осы облигацияларды шығару жөніндегі негіздемелік бағдарламаның орнықты даму саласындағы халықаралық танылған стандарттардың негізгі қағидаттарына сәйкестігі тұрғысынан облигацияларды шығару алдында сыртқы бағалауды алу үшін тәуелсіз сарапшыға жүгінеді.
Тармақ 2
2. «Жасыл» және (немесе) әлеуметтік облигациялар және (немесе) орнықты даму облигациялары және (немесе) орнықты дамумен байланысты облигациялар шығарылғаннан және орналастырылғаннан кейін эмитенттер осы облигацияларды орналастырудан түсетін кірістер мен қаражатты пайдалану мен бөлуге және олардың облигацияларды шығару жөніндегі негіздемелік бағдарламада және (немесе) облигацияларды шығару шарттарында мәлімделген мақсаттарға сәйкестігіне қатысты бағалау мен талдау жүргізу (верификация) үшін сыртқы аудиторлық ұйымды немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған өзге де ұйымдарды тартады.
Тармақ 3. 4-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру
3. «Жасыл», әлеуметтік облигацияларды, орнықты даму облигациялары мен орнықты дамумен байланысты облигацияларды шығаруға жүргізілген тәуелсіз сыртқы бағалаудың және (немесе) оны верификациялаудың нәтижелері туралы ақпарат тәуелсіз сыртқы бағалау және (немесе) верификациялау нәтижесі алынғаннан кейін он жұмыс күні ішінде эмитенттің интернет-ресурсында ашып көрсетілуге жатады. Эмитент өзінің интернет-ресурсында эмитенттің осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген облигацияларды орналастырудан алынған қаражатты пайдалану қорытындылары, сондай-ақ орнықты даму саласындағы мәлімделген мақсаттарға қол жеткізу нәтижелері туралы ақпаратты ашып көрсетуді жүзеге асырады. 4-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру
Бап 21. 21-бап. Инвесторлардың эмиссиялық бағалы қағаздар шығару туралы ақпарат алуға құқығы
21-бап. Инвесторлардың эмиссиялық бағалы қағаздар шығару туралы ақпарат алуға құқығы
Тармақ 1
1. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру кезiнде эмитент (андеррайтер, эмиссиялық консорциум) инвестордың бiрiншi талап етуi бойынша оған танысу үшiн эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектiсiн немесе оның көшiрмесiн беруге мiндеттi.
Тармақ 2
2. Эмитент (андеррайтер, эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнiң көшiрмесiн бергенi үшiн инвестордан оны дайындауға жұмсалған шығыс көлемiнен аспайтын мөлшерде ақы алуға құқылы.
Тармақ 3
3. Инвестор эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсi көшiрмесiнiң уәкiлеттi органдағы проспектiсiне сәйкес келуiн тексеру туралы, ocы мақсатта мұндай көшiрменi уәкiлеттi органға бере отырып, уәкiлеттi органға өтiнiш жасауға құқылы.
Бап 22. 22-бап. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру тәртiбi
22-бап. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру тәртiбi
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген шектеулер ескерiле отырып жүзеге асырылады. Акцияларының бақылау пакеті тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі эмитент Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін іске асыру мақсатында акцияларын бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында орналастырған кезде акцияларды шетелдiк азаматтарға және (немесе) заңды тұлғаларға, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарға сатуға құқылы емес. Эмитент (андеррайтер, эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздар орналастыруды ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында аукцион немесе жазылым жүргізу арқылы жүзеге асыруға құқылы. Шығару проспектісінде ұйымдастырылған рынокта не ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған рыноктарда осы облигациялардың айналымы көзделген облигациялар ұйымдастырылған рынокта ғана орналастырылуға тиіс. Эмиссиялық бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында орналастыру сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Эмитенттің тиiстi органы эмиссиялық бағалы қағаздарды инвесторлардың шек қойылмаған тобы арасында орналастыру туралы шешiм қабылдағаннан кейiн эмитент күнтiзбелiк он күн iшiнде мемлекеттік және орыс тiлдерiнде бұқаралық ақпарат құралдарында эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру туралы хабарлама жариялауға мiндеттi. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру туралы хабарда:
Тармақша 1
1) эмитенттiң толық атауы және орналасқан жерi;
Тармақша 2
2) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу күнi, олардың түрi және орналастырылуға тиiстi саны;
Тармақша 2-1
2-1) акционерлердің акцияларды артықшылықпен сатып алу құқығын iске асырудың мерзiмдерi мен тәртiбi туралы мәлiметтер;
Тармақша 3
3) эмитенттiң бөлiмшелерi мен лауазымды адамдары, эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiмен немесе олар туралы өзге де ақпараттармен танысуға мүмкiн болатын андеррайтердiң (эмиссиялық консорциумның) атауы мен орналасқан жерi туралы мәлiметтер;
Тармақша 4
4) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру бағасы мен оларды төлеу туралы мәлiметтер болуға тиiс.
Тармақ 3
3. Эмиссиялық бағалы қағаздарды ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында орналастыру эмитентке (андеррайтерге, эмиссиялық консорциумға) инвесторлар табыс еткен жазбаша өтiнiмдер негiзiнде аукцион өткiзу немесе жазылым жүргiзу арқылы жүзеге асырылады. Аукциондар немесе жазылуды өткізу шарттары мен тәртібі эмитенттің ішкі құжаттарымен белгіленеді және ол орналастырылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуға ниеті бар инвесторларға қойылатын талаптарды қамтуға тиіс.
Тармақ 4
4. Алып тасталды - ҚР 05.06.2006 № 146 Заңымен.
Тармақ 5
5. Эмитентке (андеррайтерге, эмиссиялық консорциумға) акцияларды орналастыру кезінде:
Тармақша 1
1) эмитенттің орналастырылған акцияларды кері сатып алуын жүзеге асыру құқығын не міндетін көздейтін мәмілелерді жасасуға (жасауға);
Тармақша 2
2) талаптарында (шығарылым талаптарында) эмитенттің орналастырған акцияларын эмитенттің сатып алу құқығы немесе міндеті көзделетін шарттар жасасуға (туынды бағалы қағаздарды сатып алуға) тыйым салынады. Эмитенттің (андеррайтердің, эмиссиялық консорциумның) облигацияларды орналастыру кезінде облигациялардың жекелеген ұстаушыларына облигацияларды шығару проспектісінде белгіленбеген қосымша құқықтарды беруіне тыйым салынады.
Тармақ 6
6. Бағалы қағаздарға ақы төлеу «төлеміне қарай беру» қағидаты бойынша орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жүзеге асырылған жағдайларды қоспағанда, эмитент (андеррайтер, эмиссиялық консорциум) инвестор бағалы қағаздарға ақы төлеу жөнiндегi мiндеттемесiн орындаған күннен кейін екi жұмыс күнi iшiнде бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiндегi инвестордың жеке шотына сатып алынған эмиссиялық бағалы қағаздарды аудару туралы бұйрықты орталық депозитарийге (нақтылы ұстаушыға) табыс етуге мiндеттi.
Тармақ 7
7. Эмитент мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру тәртібін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
Бап 22-1
Тармақ 1
Бап 22-1. 22-1-бап. Шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және (немесе) орналастыру шарттары мен тәртібі, сондай-ақ шет мемлекеттің аумағында бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы хабарлама
22-1-бап. Шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және (немесе) орналастыру шарттары мен тәртібі, сондай-ақ шет мемлекеттің аумағында бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы хабарлама
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы базалық активі осы бағалы қағаздар болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды және (немесе) туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастырудың басталуымен бір мезгілде оларды Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы және (немесе) «Астана» халықаралық қаржы орталығының қор биржасы арқылы мынадай көлемде: 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін – орналастыруға жоспарланатын жалпы көлемнің кемінде жиырма пайызы; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – орналастыруға жоспарланатын жалпы көлемнің кемінде отыз пайызы; 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – орналастыруға жоспарланатын жалпы көлемнің кемінде елу пайызы көлемінде шет мемлекеттің аумағындағыдай орналастыру шарттарымен иеленуге ұсынуға тиіс. Бұл ретте орналастыруға жоспарланатын жалпы көлемнің кемінде жиырма пайызы Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында және (немесе) «Астана» халықаралық қаржы орталығының қор биржасында орналастырылуға тиіс.
Тармақ 2
2. Базалық активі осы бағалы қағаздар болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды және (немесе) туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыруды жүзеге асырған Қазақстан Республикасының резидент ұйымы уәкілетті органды осы баптың 1-тармағының талаптарын ескере отырып, осы бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде хабардар етеді.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздардың қайталама нарығында Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының бағалы қағаздарын депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі аталған ұйымдардың эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару және орналастыру арқылы өткізуді жоспарлайтын тұлға уәкілетті органды осы бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде хабардар етеді.
Тармақ 4
4. Депозитарлық қолхаттарды шығару қағидаларында депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар туралы ақпаратты орталық депозитарийге және уәкілетті органға оның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес беру тәртібі қамтылуға тиіс.
Тармақ 2
Бап 23. 23-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздарға ақы төлеу
23-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздарға ақы төлеу
Тармақ 1
1. Акцияларға ақы төлеудiң тәртiбi мен ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi.
Тармақ 2
2. Облигацияларды төлеу:
Тармақша 1
1) айналым мерзімі өткен, осы эмитент бұрын орналастырған (эмитент сатып алған облигацияларды шегере отырып) облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен облигацияларды;
Тармақша 2
2) реттеу режиміндегі банктің облигацияларын төлеген жағдайларды қоспағанда, ақшамен ғана жүзеге асырылады. Орналастырылатын облигация толық төленгенге дейiн эмитент облигацияларды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiндегi (номиналды ұстаушыны есепке алу жүйесiндегi) оны сатып алушының жеке шотына осы облигацияны есепке жатқызу туралы бұйрық беруге құқылы емес. Бұрын талап ету құқықтарымен төленген облигациялар бойынша талап құқықтарымен облигацияларды төлеуге жол берілмейді.
Тармақ 2-1
2-1. Ислам бағалы қағаздарына төлем жасау тек қана ақшалай жүзеге асырылады. Эмитенттің орналастырылатын ислам бағалы қағаздарына толық төлем жасалғанға дейін осы ислам бағалы қағазын ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың тізілімі жүйесіндегі (номиналды ұстаушыны есепке алу жүйесіндегі) оны сатып алушының жеке шотына есепке жатқызу туралы бұйрық беруге құқығы жоқ.
Тармақ 3
3. Облигацияларды жазылым жүргiзу арқылы орналастыру облигацияларды шығару шарттарында белгiленген талаптар мен тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптары «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылданған, банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, реттеу режиміндегі банкке қолданылады.
Бап 24. 24-бап. Акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп және акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғамның акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есеп
24-бап. Акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп және акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғамның акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есеп
Тармақ 1
1. Акционерлік қоғам акционерлік қоғамның акцияларын толық орналастырғанға дейін акцияларды орналастырудың әрбір есепті кезеңінің қорытындылары бойынша акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есептерді акционерлік қоғамның акцияларын орналастырудың есепті кезеңі аяқталған күннен кейін немесе оларды толық орналастырған күннен кейін күнтізбелік қырық бес күн ішінде уәкілетті органға ұсынуға міндетті. Андеррайтер акционерлік қоғамның акцияларын одан әрі орналастыру мақсатында оларды қатаң міндеттемелер әдісімен сатып алған жағдайда, акционерлік қоғам акцияларды орналастырудың есепті кезеңінің қорытындылары бойынша акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті уәкілетті органға ұсынуға міндетті. Егер есепті кезеңде акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру жүзеге асырылмаған жағдайда, есепті кезеңнің қорытындылары бойынша акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп уәкілетті органға ұсынылмайды.
Тармақ 2
2. Қатарынан күнтізбелік он екі ай акцияларды орналастырудың есепті кезеңі болып табылады. Акционерлік қоғамның жарияланған акцияларының шығарылымы мемлекеттік тіркелген күн акционерлік қоғамның акцияларын орналастырудың бірінші есепті кезеңі басталған күн болып табылады. Өткен он екі айлық есепті кезеңнің аяқталған күнінен кейінгі күн акционерлік қоғамның акцияларын орналастырудың келесі есепті кезеңі басталған күн болып табылады. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына акционерлік қоғамның жарияланған акцияларын есептен шығару бойынша соңғы операция күні акционерлік қоғамның жарияланған акциялары толық орналастырылған күн болып табылады, осы операция жүргізілгеннен кейін эмитенттің осы жеке шотында акционерлік қоғамның жарияланған акциялары қалмайды.
Тармақ 3
3. Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті қарау және бекіту үшін акционерлік қоғам уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) еркін нысанда жасалған ілеспе хатты;
Тармақша 2
2) акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті;
Тармақша 3
3) акционерлік қоғамның акцияларына ақы төлеуді растайтын құжаттардың көшірмелерін;
Тармақша 4
4) акцияларды орналастырудың есепті кезеңі аяқталған айдың немесе акционерлік қоғамның барлық жарияланған акциялары орналастырылған кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жасалған шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті ұсынады.
Тармақ 4
4. Акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастаған жағдайда, акционерлік қоғам уәкілетті органға акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті осындай айырбастау күнінен кейінгі күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ұсынуға міндетті.
Тармақ 5
5. Акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті қарау және бекіту үшін акционерлік қоғам уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) еркін нысанда жасалған ілеспе хатты;
Тармақша 2
2) акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті;
Тармақша 3
3) акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастауға негіз болған шешімнің (хаттаманың) көшірмесін ұсынады.
Тармақ 6
6. Акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті немесе акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті уәкілетті орган сегіз жұмыс күні ішінде қарайды. Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті орган акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті немесе акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекітеді.
Тармақ 7
7. Егер осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттарды қарау процесінде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеу фактілері анықталатын болса, уәкілетті орган акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті немесе акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекітуден бас тартады. Акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті немесе акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекітуден бас тартылған жағдайда, акционерлік қоғам бас тарту алынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде пысықталған есепті уәкілетті органға қайта ұсынуға міндетті.
Тармақ 8
8. Акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту тәртібі, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту үшін құжаттарға қойылатын талаптар, сондай-ақ акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті жасау және ресімдеу қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Бап 25. 25-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұpу
25-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұpу
Тармақ 1
1. Уәкiлеттi орган:
Тармақша 1
1) эмитент акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есептi табыс етпеген;
Тармақша 2
2) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi қарау процесiнде есепте көрсетiлген мәлiметтердiң эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн табыс етiлген құжаттарға сәйкес еместiгi анықталған;
Тармақша 3
3) эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару, орналастыру және өтеу шарттары бұзылған;
Тармақша 4
4) сыйақы төлеу немесе бұрын шығарылған облигацияларды өтеу жөніндегі міндеттемелерді уақтылы орындамау немесе орындамау фактілері болған жағдайларда эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға құқылы.
Тармақ 2
2. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiмдi уәкiлеттi орган эмитентке және орталық депозитарийге жiбередi. Орталық депозитарий уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiмiн алған кезден бастап осы бағалы қағаздарды орналастыру жөнiндегi мәмiлелердi тiркеудi тоқтата тұруға мiндетті.
Тармақ 3
3. Эмитент анықталған бұзушылықтарды уәкілетті орган белгілеген мерзімде жоюға ықпал ететін барлық әрекетті жасауға міндетті. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды қайта бастау анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейiн уәкiлеттi органның жазбаша хабарламасы негiзiнде жүзеге асырылады. Уәкілетті орган эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешім шығарылған күннен кейінгі келесі күнтізбелік күннен кешіктірмей, эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында, сондай-ақ қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастырады.
Бап 26. 26-бап. Инвесторларға эмиссиялық бағалы қағаздар орналастыруды тоқтата тұру туралы хабарлау
26-бап. Инвесторларға эмиссиялық бағалы қағаздар орналастыруды тоқтата тұру туралы хабарлау
Тармақ 1
1. Инвесторларға эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудың тоқтатыла тұратыны туралы хабарлауды эмитент ақпаратты қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастыру арқылы жүргізеді.
Тармақ 2
2. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы хабарда:
Тармақша 1
1) эмитенттiң толық атауы мен орналасқан жерi;
Тармақша 2
2) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу күнi;
Тармақша 3
3) уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру жөнiндегi шешiмi туралы мәлiметтер болуға тиiс.
Бап 27. 27-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеудi жарамсыз деп тану
27-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеудi жарамсыз деп тану
Тармақ 1
1. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу сот тәртiбiмен жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеудi жарамсыз деп тануға:
Тармақша 1
1) эмитенттiң Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуы;
Тармақша 2
2) эмитенттi заңды тұлға ретінде мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыруға негiз болған құжаттардан дәйектемесiз ақпараттың табылуы;
Тармақша 3
3) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу жүргiзуге негiз болған құжаттардан дәйектемесiз ақпараттың табылуы негiз болып табылады.
Тармақ 3
3. Соттың эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жарамсыз деп тануы уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын жоюы үшiн негiз болып табылады. Акционерлiк қоғам акциялар шығарылымы жойылған күннен бастап үш айдың iшiнде акциялардың жаңа шығарылымын тiркеу немесе қоғамды қайта ұйымдастыру не тарату туралы шешiм қабылдайды.
Тарау 5. 5-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысы
5-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысы
Бап 28. 28-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысының тәртiбi
28-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысының тәртiбi
Тармақ 1
1. Эмиссиялық бағалы қағаздардың қайталама бағалы қағаздар рыногындағы айналысы бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында осы бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасасуы арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасудың және оларды бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiнде немесе бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде тiркеудiң талаптары мен тәртiбi осы Заңға және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес белгiленедi.
Бап 29. 29-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысын тоқтата тұру
29-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысын тоқтата тұру
Тармақ 1
1. Уәкiлеттi орган осы Заңда және Қазақстан Республикасының:
Тармақша 1
1) инвесторлардың эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуы процесiнде олардың құқықтары мен мүдделерiн;
Тармақша 2
2) эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасудың талаптары мен тәртiбiн белгiлейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген талаптар бұзылған жағдайда, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiнде және (немесе) бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде барлық немесе жекелеген жеке шоттардағы эмиссиялық бағалы қағаздардың бәрiн немесе бiр бөлiгiн оқшаулау арқылы эмиссиялық бағалы қағаздар айналысын тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауға құқылы.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген негiздер бойынша эмиссиялық бағалы қағаздар айналысын тоқтата тұру туралы шешiм қабылданған жағдайда уәкiлеттi орган эмитентке және мәмiле жасасуға қатысатын (қатысқан) тұлғаларға анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқама жiбередi. Аталған тұлғалар анықталған тәртiп бұзушылықтарды уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде жоюға және нұсқаманың орындалғаны туралы не анықталған бұзушылықтарды жою мүмкiн еместiгi туралы уәкiлеттi органға жазбаша есеп беруге мiндеттi.
Тармақ 3
3. Уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздар айналысын тоқтата тұру туралы шешiмдi эмитентке және орталық депозитарийге жiбередi.
Тармақ 4
4. Орталық депозитарий уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздардың айналысын тоқтата тұру туралы хабарламасын алған кезден бастап бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiндегi және нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiндегi айналысы тоқтатыла тұрған бағалы қағаздармен мәмiлелердiң тiркелуiн тоқтата тұруға мiндеттi.
Тармақ 5
5. Нақтылы ұстаушы орталық депозитарийдiң хабарламасын алған кезден бастап жиырма төрт сағаттың iшiнде өзiнiң клиентiн клиенттiң нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiндегi шоты бойынша бағалы қағаздармен мәмiле жасасуын тiркеудi тоқтата тұруы туралы жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.
Тармақ 6
6. Бұзушылықтар жойылғаннан кейiн бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiндегi және бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiндегi бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеудi қайта жаңғырту уәкiлеттi органның эмитентке және орталық депозитарийге бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеудi қайта жаңғырту туралы шешiм қабылданған кезден бастап күнтiзбелiк үш күннен кешiктiрiлмей жiберiлген жазбаша хабарламасы негiзiнде жүзеге асырылады.
Бап 30. 30-бап. Акциялар шығарылымын жою
30-бап. Акциялар шығарылымын жою
Тармақ 1
1. Акционерлік қоғам:
Тармақша 1
1) акциялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімін алған;
Тармақша 2
2) ерікті түрде таратылатын акционерлік қоғамның тарату балансын бекіткен;
Тармақша 3
3) акционерлік қоғамды мәжбүрлеп тарату туралы заңды күшіне енген сот шешімін алған;
Тармақша 4
4) акционерлік қоғамды шаруашылық серіктестік немесе өндірістік кооператив етіп қайта құру кезінде беру актісіне қол қойған;
Тармақша 5
5) беру актісіне қол қойған (бірігу арқылы қайта ұйымдастырылатын акционерлік қоғамдар үшін);
Тармақша 6
6) беру актісіне қол қойған (осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген қосылатын акционерлік қоғамды қоспағанда, қосылу арқылы қайта ұйымдастырылған жағдайда қосылатын акционерлік қоғам үшін);
Тармақша 7
7) бөлу балансына қол қойған (бөліну арқылы қайта ұйымдастырылған жағдайда, бөлінетін акционерлік қоғам үшін) күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей акциялар шығарылымының күшін жою үшін уәкілетті органға өтініш жасауға міндетті. Қаржы ұйымы болып табылатын қосылатын акционерлік қоғам қосылу арқылы қайта ұйымдастырылған жағдайда уәкілетті органның лицензияның қолданысын тоқтату туралы хатын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей акциялар шығарылымының күшін жою үшін уәкілетті органға жүгінуге міндетті.
Тармақ 1-1
1-1. Таратылатын акционерлік қоғам таратылатын қоғамның тарату теңгерімі бекітілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде акциялар шығарылымын жою мақсатында уәкілетті органға өтініш білдіреді.
Тармақ 1-2
1-2. Акциялардың күшін жоюға қажеттi құжаттарды ұсынбай-ақ, уәкiлеттi орган Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде таратылуы немесе қайта ұйымдастырылуы (осы акционерлiк қоғамға басқа заңды тұлғаның біріктіру немесе осы акционерлiк қоғамнан жаңа акционерлiк қоғамның бөлiнiп шығу жағдайларын қоспағанда) туралы мәлiметтер қамтылатын акционерлiк қоғамдардың акциялар шығарылымының күшін жою туралы шешiм қабылдауға құқылы.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 2-1
2-1. Сот не сот орындаушылары жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жарамсыз деп тану немесе мәжбүрлеп тарату туралы заңды күшiне енген сот шешiмiн табыс еткен жағдайда уәкiлеттi орган акциялар шығарылымын жою туралы шешiм қабылдайды және бұл жөнiнде эмитенттi хабардар етедi.
Тармақ 3
3. Жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою тәртібі, жарияланған акциялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесі және оларға қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актісінде айқындалады. Уәкілетті орган жарияланған акциялардың шығарылымын, егер құжаттарды қарау процесінде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеу фактілері анықталса, жоюдан бас тартуға құқылы.
Тармақ 4
4. Шығарылымына қатысты уәкiлеттi орган жою туралы шешiм қабылдаған акциялармен азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасасуға тыйым салынады.
Тармақ 5
Тармақ 6
6. Акциялар шығарылымының күшін жою туралы шешімді уәкілетті орган эмитентке жібереді.
Бап 30-1. 30-1-бап. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын жою
30-1-бап. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын жою
Тармақ 1
1. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын жою туралы шешiмдi уәкiлеттi орган мынадай негіздердің бірі бойынша:
Тармақша 1
1) мынадай шарттардың бірі сақталған кезде: осы шығарылымдағы бірде-бір мемлекеттік емес облигация орналастырылмаған; бағалы қағаздардың қайталама нарығында эмитент осы шығарылымның барлық орналастырылған мемлекеттік емес облигациясын сатып алған; осы шығарылымның мемлекеттік емес облигацияларының айналыста болу мерзімі өткен соң; реттеу режиміндегі банк эмитент болған кезде мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын жою туралы эмитент органының шешімі болғанда;
Тармақша 2
2) тарату үдерісінің аяқталғанын растайтын құжаттарды мәжбүрлі тәртіппен таратылатын эмитенттің тарату комиссиясы ұсынғанда қабылдайды. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға қажетті құжаттарды ұсынбай-ақ, уәкілетті орган Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде таратылуы туралы мәліметтер қамтылатын эмитенттің мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою туралы шешім қабылдауға құқылы. Мемлекеттік емес облигациялар айналысының мерзімі өткен соң олардың шығарылымының күшін жою кезінде орталық депозитарий мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының шарттарында көзделген барлық міндеттемелерді эмитент орындағанға дейін осы мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы эмитентінің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын есепке алуды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою тәртібі, мемлекеттік емес акциялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесі және оларға қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актісінде айқындалады. Уәкілетті орган мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын, егер құжаттарды қарау процесінде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеу фактілері анықталса, жоюдан бас тартуға құқылы.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік емес облигациялар эмитентінің ерікті түрде тарату туралы шешімді, егер осындай шешім қабылданған күні ол шығарған мемлекеттік емес облигациялар толық көлемде өтелмесе немесе мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы жойылмаса, қабылдауға құқығы жоқ.
Бап 31. 31-бап. Бағалы қағаздар бойынша кірісті төлеу. Төлем агенті. Облигацияларды өтеу
31-бап. Бағалы қағаздар бойынша кірісті төлеу. Төлем агенті. Облигацияларды өтеу
Тармақ 1
1. Қайталама бағалы қағаздар рыногындағы эмиссиялық бағалы қағаздар айналысы кезеңiнде эмитент Қазақстан Республикасының заңдарында және эмиссиялық бағалы қағаздар шығару шарттарында белгiленген бағалы қағаздар бойынша кiрiс төлеу тәртiбiн сақтауға мiндеттi.
Тармақ 2
2. Облигацияларды өтеу кезінде олардың номиналды құны және (немесе) облигациялар бойынша табыс осы төлемдер жүзеге асырылатын кезеңнiң соңғы күнiнiң басындағы жағдай бойынша (бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзудi жүзеге асыратын орталық депозитарий орналасқан жердегi уақыт бойынша) оларды алуға құқығы бар тұлғаларға төленедi.
Тармақ 3
3. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кіріс төлеуді (облигацияларды өтеу кезінде төленетін облигациялар бойынша соңғы купондық сыйақыны қоспағанда) эмитент дербес немесе төлем агентінің көрсетілетін қызметтерін пайдалана отырып жүзеге асырады.
Тармақ 3-1
3-1. Банктік аударым операцияларын жүргізуге лицензиясы бар эмитенттерді қоспағанда, эмитент соңғы купондық сыйақыны қоса алғанда, облигацияларды өтеуге арналған ақшаны облигацияларды өтеуге (мерзімінен бұрын өтеуге) арналған соманы есепке жатқызу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде, әрбір облигация ұстаушыға төленуге жататын сома туралы ақпараты бар облигацияларды ұстаушылардың тізімін қоса бере отырып аударады. Орталық депозитарий облигацияларды өтеуге (мерзімінен бұрын өтеуге) арналған ақшаны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен осы облигацияларды ұстаушылардың банктік шоттарына аударуды жүзеге асырады. Банктік аударым операцияларын жүргізуге лицензиясы бар эмитенттер облигацияларды ұстаушыларға осы эмитенттер шығарған облигацияларды өтеуге (мерзімінен бұрын өтеуге) арналған ақшаны төлеуді дербес жүзеге асыруға құқылы. Өз облигацияларын өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындағаннан кейін банктік аударым операцияларын жүргізуге лицензиясы бар эмитенттер орталық депозитарийге әрбір облигация ұстаушыға төлем сомасының мөлшері туралы ақпарат бар облигацияларды ұстаушылардың тізімін қоса бере отырып, облигацияларды өтеуге (мерзімінен бұрын өтеуге) арналған ақшаны облигацияларды ұстаушыларға төлеу туралы хабарламаны беруге міндетті. Сәйкестендірілмеген («жоғалған») облигацияларды ұстаушылар болған жағдайда, банктік аударым операцияларын жүргізуге лицензиясы бар бағалы қағаздар эмитенті осы ұстаушыларға тиесілі төлем сомасын орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орталық депозитарийге аударуды жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Yкiметi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы шығарған мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кіріс төлеудi жүзеге асырудың шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленедi.
Тармақ 5
5. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кiрiстi төлеудi жүзеге асыру үшiн төлем агентiн сайлау туралы шешiмдi эмитенттiң органы өз жарғысына сәйкес қабылдайды.
Тармақ 6
6. Төлем агентiнің көрсетілетiн қызметтерін пайдалану туралы шешiм қабылданған жағдайда, эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектiсiнде төлем агентi туралы мынадай мәлiметтер қамтылуға тиiс:
Тармақша 1
1) төлем агентiнiң толық атауы;
Тармақша 2
2) төлем агентiнiң және оның бағалы қағаздар бойынша кiрiс төлеудi жүзеге асыратын барлық филиалдарының тұрған жерi, деректемелері.
Тармақша 1
Тармақша 2
Тармақ 7
Тармақ 8
8. Эмитенттiң кiнәсiнен эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша табыс және (немесе) оларды өтеу кезінде облигациялардың номиналды құны төленбеген, сондай-ақ толық төленбеген жағдайда, эмитент бағалы қағаздарды ұстаушыларға негiзгi мiндеттеме сомасын және әрбір мерзiмi өткен күн үшiн ақшалай мiндеттеменi немесе оның тиiстi бөлiгiн орындау күнiне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін негiзге ала отырып есептелетін өсiмпұл төлеуге мiндеттi.
Тармақ 9
9. Төлем агентi қызметiн жүзеге асырудың талаптары мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
Бап 31-1. 31-1-бап. Лицензиаттың қаржы өнімдерін бекітуі туралы хабардар етуі
31-1-бап. Лицензиаттың қаржы өнімдерін бекітуі туралы хабардар етуі
Бап 32. 32-бап. Мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабардар ету
32-бап. Мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабардар ету Орталық депозитарий эмитенттің мемлекеттік емес облигацияларды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде өтегені туралы уәкілетті органды хабардар етеді.
Тарау 5-1. 5-1-тарау. Ислам бағалы қағаздарын шығарудың және олардың айналымының ерекшеліктері
5-1-тарау. Ислам бағалы қағаздарын шығарудың және олардың айналымының ерекшеліктері
Бап 32-1. 32-1-бап. Исламдық қаржыландырудың негізгі принциптері
32-1-бап. Исламдық қаржыландырудың негізгі принциптері Мыналар исламдық қаржыландырудың негізгі принциптері болып табылады:
Тармақша 1
1) эмитенттің ислам бағалы қағаздарын шығару кезінде ислам бағалы қағаздары құнының проценті түріндегі сыйақыны есептеп шығаруға, сондай-ақ ислам бағалы қағаздары бойынша табысқа кепілдік беруге құқығы жоқ;
Тармақша 2
2) ислам бағалы қағаздарын шығару және орналастыру нәтижесінде алынған қаражат темекі, алкогольдік өнімдерді, қару-жарақ пен оқ-дәріні шығаруға және (немесе) саудалауға, құмар ойын бизнесімен байланысты қызметті, сондай-ақ исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес қаржыландыруға тыйым салған кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін қаржыландыруға бағытталмауға тиіс. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес ислам бағалы қағаздары эмитентінің қызметіне қойылатын сақталуға міндетті өзге де талаптарды қосымша айқындауға құқылы.
Бап 32-2. 32-2-бап. Ислам бағалы қағаздарының түрлері
32-2-бап. Ислам бағалы қағаздарының түрлері
Тармақ 1
1. Ислам бағалы қағаздарына:
Тармақша 1
1) ислам инвестициялық қорларының акциялары мен пайлары;
Тармақша 2
2) исламдық жалдау сертификаттары;
Тармақша 3
3) исламдық қатысу сертификаттары;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ислам бағалы қағаздары болып танылған өзге де бағалы қағаздар жатады.
Тармақ 2
2. Инвестициялық портфельді басқарушылар ислам инвестициялық қорлары пайларының эмитенттері болып табылады. Ислам арнайы қаржы компаниялары исламдық жалдау сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттарының эмитенттері болып табылады.
Бап 32-3. 32-3-бап. Исламдық жалдау сертификаттары
32-3-бап. Исламдық жалдау сертификаттары
Тармақ 1
1. Ислам арнайы қаржы компаниясы шығарылу кезiнде айналыс мерзiмiн алдын ала белгiлей отырып шығаратын, ұстаушылары жалдау (қаржы лизингi) шарты бойынша кірістер алу құқығына ие болатын ислам бағалы қағаздары исламдық жалдау сертификаттары болып табылады.
Тармақ 2
2. Исламдық жалдау сертификаттары оларды ұстаушыларға мынадай:
Тармақша 1
1) жалдау (қаржы лизингi) шарты бойынша кірістер алу;
Тармақша 2
2) егер мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы ислам арнайы қаржы компаниясы болып табылатын жағдайда, мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға кері сатудан түсетін кірісті алу;
Тармақша 3
3) бөлiнген активтердi құрайтын мүлiк үлесiне сәйкес келетiн, ұстаушыға тиесiлi исламдық жалдау сертификаттары санының орналастырылған исламдық жалдау сертификаттарының жалпы санына пропорционалды мөлшерде ақша сомасын алу;
Тармақша 4
4) эмитенттiң (оригинатордың) қызметi туралы ақпарат алу, оның iшiнде исламдық жалдау сертификаттарын шығару проспектiсiнде айқындалған тәртiппен эмитенттiң (оригинатордың) қаржылық есептiлiгiмен танысу;
Тармақша 5
5) ұстаушылардың исламдық жалдау сертификаттарына орталық депозитарийден немесе номиналды ұстаушыдан меншiк құқығын растайтын үзiндi көшірмелерді алу құқықтарын;
Тармақша 6
6) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, сондай-ақ ислам бағалы қағаздарын шығару шарттарында көзделген өзге де құқықтарды бередi.
Тармақ 3
3. Ислам арнайы қаржы компаниясы исламдық жалдау сертификаттарын шығару, оларды орналастырудың нәтижесiнде алынған ақшаға мүлiкті иелену, сондай-ақ осы мүлiктi жалға беру (қаржы лизингi) шарты бойынша түскен төлемдердi исламдық жалдау сертификаттарын ұстаушылар арасында бөлу үшiн құрылады. Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын (исламдық жалдау сертификаттарын) шығару және онымен байланысты мемлекеттік мүлікті иелену және осы мүлікті тиісті саланың уәкілетті органына жалға беру, сондай-ақ мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару шарттарына сәйкес мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын өтеу үшін ғана құрылады. Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару шарттарына сәйкес оларды кері сатып алу міндеттемесімен бөлінген активтерді сатып алу-сату шартын және тиісті саланың уәкілетті органымен осы бөлінген активтерді жалдау шартын жасайды. Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерінің құрамына мүлікті сатуды мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару туралы шешімінің негізінде жүзеге асырады. Бөлінген активтерді мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясынан кері сатып алуды мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару шарттарына сәйкес жүзеге асырады. Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерін құрайтын мүлікті басқа мүлікке ауыстыруға мұндай ауыстыру мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару шарттарына сәйкес жүзеге асырылатын жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жол беріледі.
Тармақ 4
4. Исламдық жалдау сертификаттарының айналысы ислам арнайы қаржы компаниясының бөлiнген активтерiне кiретiн мүлiктi жалдау (қаржы лизингi) шартын жасасқаннан кейiн мүмкін болады.
Тармақ 5
5. Оригинатор ислам арнайы қаржы компаниясынан мүлiктi иеленген жағдайда, исламдық жалдау сертификаттарын шығару проспектiсiнде исламдық жалдау сертификаттарын мерзiмiнен бұрын өтеу шарты көзделуi мүмкiн.
Тармақ 6
6. Исламдық жалдау сертификаттарын шығарудың, орналастырудың, олардың айналысының және өтеудiң өзге де шарттары уәкілетті органның нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалады.
Бап 32-4. 32-4-бап. Исламдық қатысу сертификаттары
32-4-бап. Исламдық қатысу сертификаттары
Тармақ 1
1. Ислам арнайы қаржы компаниясы бағалы қағаздарды шығару кезінде олардың айналым мерзімін алдын ала белгілей отырып, жаңа инвестициялық жобаны ұйымдастыру, қолда бар инвестициялық жобаны дамыту немесе қарапайым серіктестік шарты негізінде кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру үшін тартылған қаражатты пайдалану мақсатымен не акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында заңды тұлға құру арқылы шығарылатын ислам бағалы қағаздары исламдық қатысу сертификаттары болып табылады.
Тармақ 2
2. Оригинатор инвестициялық жобаға мүлікті енгізу арқылы және (немесе) ислам арнайы қаржы компаниясына тиесілі акцияларды (қатысу үлестерін) сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыра отырып, инвестициялық жобаға қатысады.
Тармақ 3
3. Исламдық қатысу сертификаттарының айналымы инвестициялық жобаны іске асыру басталғаннан кейін мүмкін болады. Исламдық қатысу сертификаттарын орналастыру нәтижесінде алынған қаражаттың кемінде он процентін инвестициялау инвестициялық жобаны іске асыруды бастау болып табылады. Эмитент инвестициялық жобаны іске асыру басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде исламдық қатысу сертификаттарын ұстаушыларға исламдық қатысу сертификаттарын шығару проспектісінде көзделген бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлама жариялау жолымен оларды айналымға енгізу мүмкіндігі туралы хабарлауға міндетті.
Тармақ 4
4. Инвестициялық жоба бойынша табыс ислам арнайы қаржы компаниясы мен оригинатор арасында исламдық қатысу сертификаттарын шығару проспектісі талаптарына сәйкес бөлінеді.
Тармақ 5
5. Оригинатор исламдық қатысу сертификаттарын шығару проспектісінде белгіленген мөлшерде комиссиялық сыйақы алуға құқылы.
Тармақ 6
6. Оригинатор исламдық қатысу сертификаттарын:
Тармақша 1
1) исламдық қатысу сертификаттарын шығару проспектісінде белгіленген жағдайларда;
Тармақша 2
2) исламдық қатысу сертификаттары бойынша дефолт жағдайында;
Тармақша 3
3) ислам арнайы қаржы компаниясын тарату туралы шешім қабылданған жағдайда сатып алады.
Тармақ 7
7. Инвестициялық жобаны іске асырушы заңды тұлға оригинатордың бастамасы бойынша таратылған жағдайда оригинатор исламдық қатысу сертификаттарын мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асыруға міндетті.
Тармақ 8
8. Оригинатор таратылған жағдайда қарапайым серіктестік шарты өз қолданылуын тоқтатады. Осы инвестициялық жобаны құрайтын мүлікті исламдық қатысу сертификаттарын ұстаушылардың өкілі исламдық қатысу сертификаттарын ұстаушыларға аталған мүлікті өткізуден алынған ақшаны исламдық қатысу сертификаттарын шығару көлеміндегі үлестеріне сәйкес төлей отырып өткізуге тиіс.
Тармақ 9
9. Исламдық қатысу сертификаттарын ұстаушылар исламдық қатысу сертификаттарын шығару талаптарында көзделген жағдайларда оригинатормен бірлесіп, қаржыландыруға арналған инвестициялық жобаларды іріктеу кезінде шешімдер қабылдауға құқылы.
Бап 32-5. 32-5-бап. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің қызметі
32-5-бап. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің қызметі
Тармақ 1
1. Ислам бағалы қағаздарын шығару және орналастыру нәтижесінде алынған қаражат есебінен қаржыландыру объектілерінің исламдық қаржыландыру принциптеріне сәйкестігін айқындауды:
Тармақша 1
1) осы Заңның 32-2-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген ислам бағалы қағаздарына қатысты – Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген тәртіппен тағайындалатын, ислам банкінің, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын, әмбебап банк лицензиясы бар банктің исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес немесе сатып алу-сату шартының негiзiнде активтердi ислам арнайы қаржы компаниясына беретiн және (немесе) ислам арнайы қаржы компаниясының немесе мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының құрылтайшысы болып табылатын мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның құрылтайшылары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының шешімі бойынша жеке шарттың негізінде тартылған исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес;
Тармақша 2
2) осы Заңның 32-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ислам бағалы қағаздарына қатысты - ислам акционерлік инвестициялық қоры акционерлерінің жалпы жиналысының немесе басқару органдарының ұсынымы бойынша ислам пайлық инвестициялық қорының басқарушы компаниясының шешімі бойынша жеке шарттың негізінде тартылған исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес жүзеге асырады. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес шешімдер қабылдауда тәуелсіз.
Тармақ 2
2. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес мәміле жасасу сатысындағы ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған қаражат есебінен қаржыландыру жөніндегі мәмілені осы Заңның 32-1-бабында көрсетілген исламдық қаржыландыру принциптеріне сай емес деп таныған жағдайда, мұндай мәміле жасалмайды және орындалмайды.
Тармақ 3
3. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған қаражат есебінен қаржыландыру жөніндегі жасалған, бірақ орындалмаған немесе ішінара орындалған мәмілені осы Заңның 32-1-бабында көрсетілген исламдық қаржыландыру принциптеріне сай емес деп таныған жағдайда, мұндай мәміле оригинатордың не ислам инвестициялық қорының басқарушы компаниясының талабы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
Бап 32-6. 32-6-бап. Ислам арнайы қаржы компаниясы
32-6-бап. Ислам арнайы қаржы компаниясы
Тармақ 1
1. Ислам арнайы қаржы компаниясын ислам арнайы қаржы компаниясына мүлікті және (немесе) бөлінген активтерді беретін оригинатор құрады. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, оригинаторға қойылатын талаптар, сондай-ақ мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясын қоспағанда, ислам арнайы қаржы компаниясын құруға және оның қызметіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленеді.
Тармақ 2
2. Ислам арнайы қаржы компаниясының жарғылық капиталы тек қана ақшадан құралады.
Тармақ 3
3. Ислам бағалы қағаздарын бастапқы орналастыру кезіндегі олардың номиналды құны бір шығарылым шеңберіндегі барлық ислам бағалы қағаздары үшін бірдей болып табылады және ислам бағалы қағаздарын шығару проспектісінде айқындалады.
Тармақ 4
4. Ислам арнайы қаржы компаниясының атауында "ислам арнайы қаржы компаниясы" деген сөздер жазылуға тиіс.
Тармақ 4-1
4-1. Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының атауында "Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы" деген сөздер болуға тиіс.
Тармақ 5
5. Ислам бағалы қағаздарының бұған дейінгі шығарылымын өтеу аяқталғанға дейін ислам бағалы қағаздарын одан әрі шығаруға тыйым салынады.
Тармақ 6
6. Ислам арнайы қаржы компаниясы жылдық қаржылық есептілік аудитін жүргізуге міндетті.
Тармақ 7
7. Ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату ислам арнайы қаржы компаниясы шығарған ислам бағалы қағаздары шығарылымын өтеудің қорытындылары туралы есеп бекітілгеннен кейін жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 7-1
7-1. Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясын тарату тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік-құқықтық актісінде айқындалады.
Тармақ 8
8. Алып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 9
9. Ислам арнайы қаржы компаниясы ислам бағалы қағаздары бойынша тиісті резервтік қорлар құруды қоса алғанда, бөлінген активтер бойынша түсімдерді өзі шығарған ислам бағалы қағаздары бойынша міндеттемелерін орындауға ғана пайдаланады.
Тармақ 10
10. Бөлінген активтер ислам арнайы қаржы компаниясының меншікті қаражатынан бөлек есепке алынады.
Тармақ 10-1
10-1. Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтері мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының басқа меншікті қаражатынан және кез келген өзге тұлғаға тиесілі, не мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару бойынша кез келген өзге мәмілеге жататын кез келген өзге активтерден бөлек есепке алынады.
Тармақ 11
11. Осы Заңға сәйкес ислам арнайы қаржы компаниясының ислам бағалы қағаздарын шығару проспектісі мемлекеттік тіркелген күннен бастап ислам арнайы қаржы компаниясының ислам бағалы қағаздарының осы шығарылымын қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтерге қатысты өндіріп алу ислам арнайы қаржы компаниясы бөлінген активтерден басқа, өзге де активтер есебінен міндеттемелерін орындағаннан кейін ғана қолданылуы мүмкін.
Тармақ 11-1
11-1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатылған активтер исламдық жалдау сертификаттары бойынша қамтамасыз ету болып табылмайды.
Тармақ 12
12. Ислам арнайы қаржы компаниясы бухгалтерлік есепті жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен меншікті қаражаты мен бөлінген активтер бойынша қаржылық есептілікті бөлек табыс етеді.
Тармақ 13
Тармақ 14
14. 1, 3, 4-1, 7-1, 9, 10-1 және 11-1-тармақтарды қоспағанда, осы баптың талаптары мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының қызметіне қолданылмайды.
Бап 32-7. 32-7-бап. Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі. Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар өкілінің функциялары мен міндеттері
32-7-бап. Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі. Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар өкілінің функциялары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Акцияларды қоспағанда, ислам бағалы қағаздарын шығару және олардың айналымы кезінде ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың эмитент және үшінші тұлғалар алдындағы мүдделерін білдіруді жүзеге асырады. Эмитент бағалы қағаздар нарығында кастодиандық және (немесе) брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары қатарынан ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілін таңдауды дербес жүзеге асырады. Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі эмитенттің үлестес тұлғасы болмауға тиіс.
Тармақ 2
2. Эмитент пен ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі арасында жасалған ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар, сондай-ақ ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар өкілінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатудың тәртібі мен мән-жайлары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Тармақ 3
3. Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) эмитенттің ислам бағалы қағаздарын шығару проспектісінде белгіленген, ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар алдындағы міндеттемелерді орындауын бақылайды;
Тармақша 2
2) қаржыландыру объектілерінің ислам бағалы қағаздарын шығару талаптарына сәйкес келуін бақылайды;
Тармақша 3
3) ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларының құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған шаралар қабылдайды;
Тармақша 4
4) ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған қаражат есебінен сатып алынған мүлікке, ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған қаражат есебінен қаржыландыру жөніндегі мәмілені жүзеге асыру бөлігінде эмитенттің қаржылық есептілігіне, сондай-ақ көрсетілген қаражат активтеріне инвестицияланған заңды тұлғаларға мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) исламдық қатысу сертификаттарын шығару кезінде, егер бұл оларды шығару талаптарында көзделген болса, ислам арнайы қаржы компаниясының мүдделерін білдіреді;
Тармақша 6
6) осы тармақтың 1)-4) тармақшаларына сәйкес ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларға өзінің іс-әрекеттері туралы және осындай іс-әрекеттердің нәтижелері туралы хабарлайды.
Тармақ 4
4. Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі:
Тармақша 1
1) ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін мән-жайларды анықтауға және ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларды аталған мән-жайлар туралы күнтізбелік үш күн ішінде хабардар етуге;
Тармақша 2
2) уәкілетті органға және ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларға ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған қаражат есебінен сатып алынған мүліктің жай-күйі туралы хабарлауға;
Тармақша 3
3) уәкілетті органды және ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларды өкіл ретіндегі өз өкілеттіктерін тоқтатқаны туралы эмитентпен жасалған шарт бұзылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде хабардар етуге;
Тармақша 4
4) уәкілетті органға және ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларға олардың сұратулары бойынша ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі ретінде өз қызметіне қатысты ақпарат пен құжаттар беруге;
Тармақша 5
5) коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жарияламауға міндетті.
Тармақ 5
5. Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар өкілінің осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген функциялар мен міндеттерді орындау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Тармақ 6
6. Осы бап мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару кезінде қолданылмайды.
Тарау 6. 6-тарау. Туынды бағалы қағаздардың және туынды қаржы құралдарының айналымы
6-тарау. Туынды бағалы қағаздардың және туынды қаржы құралдарының айналымы
Бап 33. 33-бап. Репо операциялар, туынды бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен мәмiлелер
33-бап. Репо операциялар, туынды бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен мәмiлелер
Тармақ 1
1. Биржалық брокерлер және биржалық дилерлер қызметін жүзеге асыруға сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның лицензиясы бар брокер және (немесе) дилер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және шарттармен тауар биржасындағы туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасасады.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында аталған брокерге және (немесе) дилерге тауар биржасында, нысанасы туынды қаржы құралдары болып табылатын, базалық активі тауар болып табылатын мәмілелерді қоспағанда, тауарлармен мәмілелер жасасуға (жасауға) тыйым салынады. Тауар биржасында орталық контрагенттің қатысуынсыз мәміле жасалған жағдайда брокер және (немесе) дилер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген, тапсырма шартының нормалары қолданылатын брокерлік қызмет көрсетуге арналған шарт негізінде тек қана клиенттің есебінен және тапсырмасы бойынша әрекет етеді.
Тармақ 3
3. Клиринг ұйымы, орталық депозитарий немесе қор биржасы орталық контрагент бола алады. Қор биржасының ішкі құжаттарында осы қор биржасының сауда жүйесінде мәмілелер жасасқан кезде орталық агенттің функцияларын өзге де ұйымдардың орындау мүмкіндігі көзделуі мүмкін.
Тармақ 4
4. Орталық контрагент қатыса отырып, туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыру тәртібі мен шарттары орталық контрагент болып табылатын клиринг ұйымының, орталық депозитарийдің, қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.
Тармақ 5
5. Номиналды ұстаушылар туынды бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеуді және олар бойынша құқықтарды растауды осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында репо операцияларды және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді жасау тәртібі мен шарттары қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.
Тармақ 7
7. Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында репо операцияларды және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді жасау тәртібі мен шарттарын тараптар тиісті шартта айқындайды.
Тармақ 8
8. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген шарт бас қаржылық келісім түрінде жасалуы мүмкін. Резиденттер арасында жасалатын бас қаржылық келісімді кәсіптік ұйым әзірлейді. Егер шетелдік тұлға бас қаржылық келісімнің тарапы болып табылса, бас қаржылық келісімді шетелдік кәсіптік ұйым әзірлеуі мүмкін. Бас қаржылық келісімде бұдан басқа, тарату неттингін қолдану тәртібі мен шарттары айқындалады. Тараптар бас қаржылық келісімнің үлгілік шарттарына, оның ішінде тарату неттингін қолдану тәртібіне және (немесе) шарттарына қатысты өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы.
Бап 34. 34-бап. Эмитенттердiң - Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активi болып табылатын депозитарийлiк қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығару
34-бап. Эмитенттердiң - Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активi болып табылатын депозитарийлiк қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығару
Тармақ 1
Бап 35. 35-бап. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығару
35-бап. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығару Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды орталық депозитарий жүзеге асырады. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығару және орналастыру тәртібі, шарттары орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалады.
Тарау 7. 7-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу және олар бойынша құқықтарды бастау
7-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу және олар бойынша құқықтарды бастау
Бап 36. 36-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу
36-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу
Тармақ 1
1. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелер, сондай-ақ эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқығын басқаға беру осы Заңның 38-1-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, номиналдық ұстауды есепке алу жүйесінде және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тіркелуге жатады.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында жасалатын эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу тәртібі орталық депозитарийдің қағидалар жинағында және қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.
Тармақ 4
Тармақ 5
Тармақ 6
Тармақ 7
7. Соттың шешімі бойынша бағалы қағаздар бойынша құқықтардың өзгеруін немесе тоқтатылуын тіркеуді орталық депозитарий (номиналды ұстаушы), заңды күшіне енген, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 226-бабына сәйкес ресімделген сот шешімі негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 8
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер болмаған кезде орталық депозитарий, номиналды ұстаушы тіркелген тұлғалардың жеке шоттары (қосалқы шоттары) бойынша өз бетінше жазбалар енгізуге құқылы емес.
Тармақ 10
10. Жеке шоттар (қосалқы шоттар) бойынша жазбалар енгізу үшін негіз болып табылатын құжаттар (тіркелген тұлғаны сәйкестендіретін құжаттарды қоспағанда) бес жыл бойы сақтауға жатады.
Тармақ 11
11. Шетелдік бағалы қағаздарға немесе осы Заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларды жүзеге асыратын шетелдік ұйымдарға қатысты құқықтарды есепке алу мен растау ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды тіркеу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
Бап 37. 37-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепiлiн тiркеу
37-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепiлiн тiркеу
Тармақ 1
1. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепiлiн тiркеу тәртібі осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленеді.
Тармақ 2
2. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепiлiн тiркеудi орталық депозитарий (номиналды ұстаушы) кепiл берушi және кепiл ұстаушының бұйрықтары негізінде жүзеге асырады. Жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы эмиссиялық бағалы қағаздардың ауыртпалығына байланысты операцияларға қатысты кепіл беруші мен кепіл ұстаушының бұйрықтарын беруге жол беріледі. Жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы эмиссиялық бағалы қағаздардың ауыртпалығына байланысты операцияларға қатысты кепіл беруші мен кепіл ұстаушының бұйрықтарын орындау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалады.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68, 97, 98-баптарында және 132-бабы 1-тармағының 11) тармақшасында көзделген операцияларды жүзеге асыру кезінде эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепiлiн тiркеу кепілге берілетін эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар көрсетіле отырып, ауыртпалық алынбастан, кепіл ұстаушының осы мәмілені тіркеу үшін қажет барлық мәліметтер қамтылған бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Депонент пен оның клиенті арасында есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде депонентке кепілге берілген және маржиналдық мәміле бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бағалы қағаздар кепілін және осы бағалы қағаздарға меншік құқығының ауысуын тіркеу кепіл ұстаушының бұйрығы және маржиналдық мәмілелерді жасау шарттары қамтылған брокерлік қызметтерді көрсету туралы шарт негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясынан депонентті айырған немесе депонент лицензияны өз еркімен қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда, орталық депозитарий ауыртпалық салынған депоненттің клиентіне тиесілі бағалы қағаздарды орталық депозитарийдің қағидалар жинағында көзделген тәртіппен ауыртпалықты алмастан, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде осы клиенттің шотына аударуды жүзеге асырады.
Бап 37-1. 37-1-бап. Банктерді біріктіру нысанында қайта ұйымдастыру кезінде кепіл затын ауыстыру және акциялар бойынша құқықтар кепілін тіркеу
37-1-бап. Банктерді біріктіру нысанында қайта ұйымдастыру кезінде кепіл затын ауыстыру және акциялар бойынша құқықтар кепілін тіркеу
Тармақ 1
1. Банктерді біріктіру нысанында қайта ұйымдастыру кезінде біріктірілетін банктің олар бойынша құқықтары кепіл заты болып табылатын акцияларына (кепіл беруші болып табылатын) акционердің меншік құқығы өзімен біріктіру жүзеге асырылатын банктің осы акцияларды сатып алуы негізі бойынша тоқтатылады.
Тармақ 2
2. Біріктіру нысанында қайта ұйымдастырылатын банктердің (кепіл беруші болып табылатын) акционерлеріне акциялар орналастырылған кезде, қайта ұйымдастырылатын банктердің акциялары бойынша құқықтар орналастырылатын акциялар бойынша құқықтарға ауыстырылады және кепіл құқығы қайта ұйымдастырылатын банктердің акциялары бойынша құқықтар кепілі оларды қамтамасыз ету болып табылатын қайта ұйымдастырылатын банктердің (кепіл берушілер болып табылатын) акционерлерінің тиісті міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін орналастырылатын акциялар бойынша құқықтарға қолданылады.
Тармақ 3
3. Қайта ұйымдастырылатын банктердің акцияларымен және қайта ұйымдастыру процесінде орналастырылатын акциялармен әрекеттер кепіл ұстаушының келісімінсіз жасалады.
Тармақ 4
4. Банктер біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде олардың акциялары бойынша құқықтар кепілін тіркеудің ерекшеліктері мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
Бап 38. 38-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау
38-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау
Тармақ 1
1. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау осы Заңның 38-1-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді көшірмені беру арқылы жүзеге асырылады. Үзінді көшірмені берудің талаптары мен тәртібі осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленеді.
Тармақ 2
2. Номиналды ұстаушы номиналды ұстау жүйесіндегі жеке шоттан үзіндіде көрсеткен бағалы қағаздардың саны, түрлері туралы мәліметтер номиналды ұстаушының орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі жеке шоты (номиналды ұстаушы клиентінің қосалқы шоты) бойынша мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде қамтылған мәліметтер басымдыққа ие болады.
Бап 38-1. 38-1-бап. Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған шетелдік есепке алу ұйымының дербес шотындағы эмиссиялық бағалы қағаздарға құқықтарды есепке алудың және растаудың ерекшеліктері
38-1-бап. Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған шетелдік есепке алу ұйымының дербес шотындағы эмиссиялық бағалы қағаздарға құқықтарды есепке алудың және растаудың ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Шетелдік есепке алу ұйымы клиенттерінің эмиссиялық бағалы қағаздарға құқықтарын есепке алу және олармен жасалатын мәмілелерді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде атына дербес шот ашылған шетелдік есепке алу ұйымының есепке алу жүйесінде тіркеу шетелдік есепке алу ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде шетелдік есепке алу ұйымының дербес шотын ашу, жүргізу және жабу Қазақстан Республикасының заңдарына, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, сондай-ақ осы Заңның 78-бабы 1-1-тармағының ережелері ескеріліп жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған шетелдік есепке алу ұйымының дербес шотындағы эмиссиялық бағалы қағаздарға клиенттердің құқықтарын растауды шетелдік есепке алу ұйымы осы шетелдік есепке алу ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Шетелдік есепке алу ұйымы орталық депозитарийдің сұратуы бойынша орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған шетелдік есепке алу ұйымының дербес шотындағы эмиссиялық бағалы қағаздарға құқығы бар тұлғалар туралы ақпаратты және осы шетелдік есепке алу ұйымының клиенттері беретін ақпарат негізінде орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген жағдайларда, көлемде және мерзімдерде өзге де ақпаратты береді.
Бап 39. 39-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiленiтiркеу туралы бұйрық
39-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiленiтiркеу туралы бұйрық
Бап 40. 40-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттары бойынша операцияларды тоқтата тұру. Эмиссиялық бағалы қағаздарды тәркiлеу
40-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттары бойынша операцияларды тоқтата тұру. Эмиссиялық бағалы қағаздарды тәркiлеу
Тармақ 1
1. Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесiндегi немесе бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiндегi жеке шоттар бойынша жазба жасауды немесе эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеудi тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай шешiм қабылдауға уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмi негiзiнде жүргiзiледi.
Тармақ 2
2. Эмиссиялық бағалы қағаздарды тәркiлеу заңды күшiне енген сот актiсi негiзiнде ғана жүргiзiлуi мүмкiн.
Тарау 7-1. 7-1-тарау. Цифрлық қаржы активтерінің айналысы
7-1-тарау. Цифрлық қаржы активтерінің айналысы
Бап 40-1. 40-1-бап. Цифрлық қаржы активтерін шығару
40-1-бап. Цифрлық қаржы активтерін шығару Цифрлық қаржы активтерін шығаруды оның эмитенті «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен цифрлық қаржы активтерінің платформасы операторының цифрлық платформасында жүзеге асырады.
Бап 40-2. 40-2-бап. Цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мәмілелерді тіркеу және олар бойынша құқықтарды растау
40-2-бап. Цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мәмілелерді тіркеу және олар бойынша құқықтарды растау
Тармақ 1
1. Цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мәмілелер, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің міндеттемелері бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру: цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесінде осындай цифрлық платформада шығарылған цифрлық қаржы активтеріне қатысты тіркелуге; орталық депозитарийдің бағалы қағаздар мен цифрлық қаржы активтерін ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде көрсетілуге тиіс.
Тармақ 2
2. Цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды растау цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық активтерді ұстаушыларды есепке алу жүйесінен және (немесе) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінен цифрлық қаржы активін ұстаушыға қатысты мәліметтерді ұсыну арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде қамтылған мәліметтер басым болады.
Тармақ 3
3. Цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесінде цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мәмілелерді тіркеу және осы мәмілелерді орталық депозитарийдің бағалы қағаздар мен цифрлық қаржы активтерін ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде көрсету тәртібі, цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды есепке алу ерекшеліктері, цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды растау шарттары мен тәртібі, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтар кепілін тіркеу тәртібі мен ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарий қағидаларының жинағында белгіленеді.
Тарау 8. 8-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпия
8-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпия
Бап 41. 41-бап. Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпия
41-бап. Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпия Эмитенттің ірі акционерлері және осы эмитенттің өздеріне тиесілі акцияларының саны туралы, эмитент және номиналды ұстауды есепке алу жүйесiндегi және (немесе) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу және сатып алынған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу бойынша эмитенттің жеке шоттарындағы эмиссиялық бағалы қағаздардың қалдықтары туралы мәліметтерді қоспағанда, орталық депозитарийдің және номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шоттың бар-жоғы туралы, орталық депозитарийдің және номиналды ұстауды есепке алу жүйесiндегi жеке шоттардағы эмиссиялық бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының бар-жоғы, қалдықтары, қозғалысы және иелері туралы ақпарат бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны құрайды.
Бап 42. 42-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiк құпия
42-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiк құпия
Бап 43. 43-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны ашу
43-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны ашу
Тармақ 1
1. Осы бапта белгiленген жағдайларды қоспағанда, бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтер жария етiлмеуге тиiс. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, уәкілетті орган және «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті арасында ақпарат, оның ішінде бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер алмасуды жүзеге асыру бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны жария ету болып табылмайды. Қылмыстық қудалау органына қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабар жіберу кезінде мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқарушылық функцияларды атқаратын адамның растаушы құжаттар мен материалдар ретінде бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны құрайтын құжаттар мен мәліметтерді ұсынуы бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны жария ету болып табылмайды.
Тармақ 2
Тармақ 2-1
Тармақ 2-2
2-2. Бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді уәкілетті орган осы Заңның 55-1-бабы 9-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес аудиторлық ұйымға ұсынуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтер:
Тармақша 1
1) прокурордың санкциясымен өздері жүргiзiп жатқан қылмыстық iстер бойынша анықтау және алдын ала тергеу органдарына;
Тармақша 1-1
1-1) прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына және Мемлекеттік күзет қызметіне барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, оларды әшкерелеу және жолын кесу үшін қажет болатын ақпаратты беру туралы олардың талап етуі бойынша;
Тармақша 2
2) соттың ұйғарымы, қаулысы негiзiнде өздерi жүргiзiп жатқан iстер бойынша соттарға;
Тармақша 2-1
2-1) бірінші басшы не бірінші басшының активтерді қайтару жөніндегі жұмысқа жетекшілік ететін орынбасары қол қойған, «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген тізілімнің үзінді-көшірмесі қоса берілген жазбаша сұрау салу бойынша активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға;
Тармақша 3
3) олардың құзыретi шегiнде тексеру жүргiзу туралы қаулы негiзiнде өздерi қарап жатқан материал бойынша прокуратура органдарына;
Тармақша 3-1
3-1) "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсатта және тәртіппен қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға;
Тармақша 4
4) мемлекеттік мен жеке сот орындаушыларына: әділет органының мөрімен немесе жеке сот орындаушысының мөрімен расталған, сот орындаушысының прокурор санкциялаған қаулысы негізінде өздері жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша;
Тармақша 5
5) тек салықтық әкімшілендіру мақсатында ғана: тексерілетін тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша; республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 150 еселенген мөлшерінен астам, туындаған күнінен бастап төрт ай ішінде өтелмеген салық берешегі бар тұлғаға қатысты; өзіне қатысты банкрот деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімі бар борышкерге қатысты мемлекеттік кіріс органдарына;
Тармақша 6
6) уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне олардың сұрау салулары бойынша;
Тармақша 7
7) олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша нотариустерге;
Тармақша 8
8) олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша шетелдiк консулдық мекемелерге;
Тармақша 9
9) эмиссиялық бағалы қағазды немесе басқа да қаржы құралын ұстаушыға: оның эмиссиялық бағалы қағаздар немесе басқа да қаржы құралдары бойынша құқықтарына қатысты, ұстаушының жазбаша нысанда берген келісімі негізінде не бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің және (немесе) номиналды ұстау жүйесінде ұстаушы үшін ашылған жеке шот бойынша оның сәйкестендіру құралы арқылы кез келген үшінші тұлғаға;
Тармақша 10
10) эмитентке: өзі эмиссиялаған бағалы қағаздарға қатысты;
Тармақша 11
11) лицензиаттың бас ұйымына: Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда пруденциялық нормативтерді есептеу, сондай-ақ тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру мақсаттары үшін;
Тармақша 12
12) қор биржасына: оның ішкі құжаттарында айқындалған көлемде;
Тармақша 13
13) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымға, оның өз жарғылық қызметін жүзеге асыру үшін қажетті көлемде;
Тармақша 14
14) өзінің пайдасына эмиссиялық бағалы қағаздардың немесе басқа да қаржы құралдарының ауыртпалығы, оның ішінде кепіл тіркелген тұлғаға: эмиссиялық бағалы қағаздар немесе басқа да қаржы құралдары бойынша оның құқықтарына қатысты;
Тармақша 15
15) өзіне қатысты төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғалған Қазақстан Республикасының азаматы бойынша сұрау салу негізінде, соттың рәсімді қолдану туралы іс қозғау жөніндегі ұйғарымы негізінде және прокурордың санкциясымен қаржы басқарушысына;
Тармақша 16
16) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рәсімдерді қолдану туралы арыз берген азаматқа қатысты сұрау салу берілгенге дейінгі үш жыл ішіндегі кезең үшін осындай сұрау салу негізінде Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті органға ұсынылады. Коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтердiң тізбесі және мұндай мәліметтерді осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаларға ұсыну тәртібі осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгiленедi.
Тармақ 4
Тармақ 5
5. Бейрезидент жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ бенефициарлық меншік иелері бейрезиденттер болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға:
Тармақша 1
1) бейрезидент жеке тұлғаларға және бейрезидент заңды тұлғаларға, сондай-ақ бенефициарлық меншік иелері бейрезиденттер болып табылатын заңды тұлғаларға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес жолданған шет мемлекеттің уәкілетті органының сұрау салуында көрсетілген жеке және заңды тұлғаларға қатысты ұсынылады. Осы тармақта көрсетілген мәліметтерді ұсынудың тәртібін, мерзімін және нысанын, уәкілетті органмен келісу бойынша салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Бап 44. 44-бап. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларына қойылатын талаптар
44-бап. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларына қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы өзiнiң клиенттерiне қызмет көрсету процесiнде бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтердi және инсайдерлік ақпаратты пайдалануды болғызбауға мүмкiндiк беретiн талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тармақ 2
2. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтердi және инсайдерлік ақпаратты пайдалануға және табиғи баға белгiлеудi бұзу мен бағалы қағаздар рыногының тұрақсыздануына әкеп соғуы мүмкiн iс-әрекеттерге жол беруге құқылы емес.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушысының iшкi құжаттарында бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтердiң және инсайдерлік ақпараттың сақталуын қамтамасыз ететiн және оларды кәсiби қатысушының, оның қызметкерлерiнiң немесе үшiншi тұлғалардың өз мүдделерiнде пайдалануына жол бермейтiн талаптар болуға тиiс.
Тармақ 4
4. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы жеке тұлғаның тапсырмасы бойынша, соның есебінен және мүддесінде мәмілелерді жүзеге асырған жағдайда Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген талаптарды сақтау мақсатында ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздарды өткізу кезінде жеке тұлғалардың құн өсімінен түсетін кірісін есепке алуды және есептеуді қамтамасыз етуге міндетті. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы тапсырмасы бойынша, соның есебінен және мүддесінде мәмілелер жүзеге асырылған жеке тұлғаға әрбір өткізу бойынша оң және теріс айырмалар бойынша таратып жазуды қоса алғанда, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс бойынша мәліметтерді күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей ұсынуға міндетті.
Тарау 9. 9-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру тәртібі
9-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру тәртібі
Бап 45. 45-бап. Бағалы қағаздар рыногының инфрақұрылымы
45-бап. Бағалы қағаздар рыногының инфрақұрылымы
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздар рыногында уәкiлеттi органның лицензиялауына жататын мынадай қызмет түрлерi:
Тармақша 1
1) брокерлiк;
Тармақша 1-1
1-1) дилерлiк;
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 3
3) инвестициялық портфельдi басқару;
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 5
5) кастодиандық;
Тармақша 6
6) трансфер-агенттiк;
Тармақша 6-1
6-1) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметі;
Тармақша 7
7) алып тасталды - ҚР 08.07.2005 № 72 Заңымен;
Тармақша 8
8) бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда ұйымдастыру жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағының 1), 1-1), 2), 3), 4), 5), 6), 6-1), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген қызмет, сондай-ақ депозитарийлік қызмет, бағалы қағаздарды және цифрлық қаржы активтерін ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызмет және бірыңғай оператордың мемлекетке, тізбесін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган бекітетін квазимемлекеттік сектор субъектілеріне (бұдан әрі – квазимемлекеттік сектор субъектілері) тиесілі немесе өздеріне қатысты мемлекеттің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мүліктік құқықтары бар бағалы қағаздарды номиналды ұстауды жүзеге асыру жөніндегі қызметі бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызмет болып табылады. Бірыңғай оператор мемлекетке, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі немесе өздеріне қатысты мемлекеттің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мүліктік құқықтары бар бағалы қағаздарды номиналды ұстауды уәкілетті органның лицензиясынсыз жүзеге асырады.
Тармақ 2-1
2-1. Орталық депозитарий бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің мынадай түрлерін:
Тармақша 1
1) депозитарийлік қызметті;
Тармақша 2
2) бағалы қағаздар мен цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесін және олардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті;
Тармақша 2-1
2-1) цифрлық активтерді, оның ішінде Ұлттық стратегиялық крипторезерв құрамына кіретін цифрлық активтерді есепке алу және сақтау жөніндегі қызметті;
Тармақша 3
3) бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызметті;
Тармақша 4
4) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті уәкілетті органның лицензиясынсыз жүзеге асырады. Орталық депозитарий депозитарийлік қызметті және бағалы қағаздарды және цифрлық қаржы активтерін ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті, сондай-ақ Ұлттық стратегиялық крипторезерв құрамына кіретін цифрлық активтерді есепке алу және сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз ұйым болып табылады.
Тармақ 2-2
2-2. Клиринг ұйымының брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтiң белгiлi бiр түрiн немесе өзара қоса атқаратын түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар өзiнiң қызметiн үйлестiру мақсатында кәсіптік ұйым құрады.
Тармақ 4
4. Бағалы қағаздар нарығында қызметтi жүзеге асыру тәртiбi осы Заңда, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде, кәсіптік ұйымдардың және лицензиаттардың ішкі құжаттарында белгiленедi. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтiң түрлерiн қоса атқарудың талаптары мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi. Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет түрлерін және цифрлық қаржы активтері нарығындағы қызметті қоса атқару шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Тармақ 4-1
4-1. Лицензиат бағалы қағаздар нарығындағы қызметті: бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру шарттары мен тәртібін; операцияларды жүргізудің жалпы шарттарын; лицензиат пен оның клиентінің құқықтары мен міндеттерін, олардың жауапкершілігін. Осы тармақта көзделген ішкі құжаттарды лицензиаттың басқару органы бекітуге тиіс.
Тармақ 5
5. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы клиенттерінің, сондай-ақ клирингтік қатысушылардың, қор биржасы мүшелерінің қаржы құралдарын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы өз меншігіндегі активтерінен бөлек есепке алады және ол банкрот болған жағдайда, мүліктік массаға және (немесе) таратылған кезде оның мүлкінің құрамына енгізілмейді.
Тармақ 6
6. Бағалы қағаздар рыногында көрсеткен қызметтерi үшiн лицензиатқа клиенттiң сыйақы төлеуiнiң талаптары мен тәртiбi лицензиаттың iшкi құжаттарымен және (немесе) лицензиаттың өз клиентiмен жасалған шартымен белгiленедi.
Тармақ 7
7. Алып тасталды - ҚР 08.07.2005 № 72 Заңымен.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаруға берген, сондай-ақ Ұлттық стратегиялық крипторезервті (бұдан әрі осы бапта – активтер) басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің акционерлік қоғамы брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті лицензиясыз жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібі мен шарттарына қойылатын талаптары активтерге қатысты бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтің жоғарыда көрсетілген түрлерін жүзеге асырған кезде, осы баптың 8-тармағында көрсетілген акционерлік қоғамға қолданылмайды. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген акционерлік қоғам активтерге қатысты брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және активтерді сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті осы акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына және активтерді сенімгерлік басқару жөніндегі инвестициялық декларацияларға сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылмайтын клиенттермен брокерлік қызметтерді көрсету туралы және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шарттар жасалған жағдайда, осы баптың 8-тармағында көрсетілген акционерлік қоғам осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Бірыңғай оператор өз қызметін жүзеге асыру барысында осы Заңның 47-1, 49-1, 53 және 53-1-баптарында белгіленген талаптарды сақтайды. Осы Заңның 54-бабының және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-4-бабының бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыға қатысты талаптары бірыңғай оператордың басшы қызметкерлеріне қолданылады.
Бап 46. 46-бап. Өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) жарғылық капиталын қалыптастыру
46-бап. Өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) жарғылық капиталын қалыптастыру
Тармақ 1
1. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын лицензиат қайта ұйымдастырылған жағдайда оның акцияларға төлем жасау жағдайларын қоспағанда, өтініш берушінің (лицензиаттың) акцияларына оларды орналастырған кезде төлем жасау ақшалай Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүзеге асырылады. Өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi. Заңды тұлға акцияларға төленген ақы және (немесе) басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесi ретiнде енгiзiлген активтер сомасын шегере отырып, меншікті капиталы шегiнде өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) акцияларын төлеуге құқылы.
Тармақ 2
2. Мәмiлелердiң нәтижесiнде пруденциалдық нормативтер және қаржылық тұрақтылықтың уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген өзге де көрсеткiштерi немесе өлшемдерi (нормативтерi) бұзылмайтын жағдайда, лицензиат акцияның он және одан да көп процентi тиесiлi акционерлерден өз акцияларын сатып алу жөнiнде мәмiлелер жасасуға құқылы.
Тармақ 3
3. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолданылмайды.
Бап 47. 47-бап. Өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) құрылтайшылары мен акционерлерi
47-бап. Өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) құрылтайшылары мен акционерлерi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының резиденті мен резиденті емес жеке және заңды тұлғалары осы баптың 2-тармағында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгiленген шектеулердi ескере отырып, өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) құрылтайшылары және акционерлерi бола алады.
Тармақ 2
2. Тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн оффшорлық аймақтарда тiркелген заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының резиденті өтініш берушінің (лицензиаттың) дауыс беретін акцияларын тікелей немесе жанама иелене алмайды және (немесе) пайдалана алмайды және (немесе) оларға билік ете алмайды. Көрсетілген шектеу өтініш беруші жүзеге асырғысы келетін (лицензиат жүзеге асыратын) қызмет түрлерін жүзеге асыратын, рейтинг агенттiктерi бiрінің талап етілетiн ең төмен рейтингi бар Қазақстан Республикасының резидентi емес ұйымдардың еншілес ұйымдары болып табылатын өтiнiш берушiлерге (лицензиаттарға) қолданылмайды. Рейтинг агенттіктерінің тізбесі және талап етілетін ең төменгі рейтинг уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Тармақ 3
3. Қаржы ұйымының және (немесе) банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционер) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы өзіне қатысты заңды күшіне енген сот үкімі бар жеке тұлға өтініш берушінің (лицензиаттың) дауыс беретін акцияларына дауыс беретін акцияларының он және одан да көп пайызы мөлшерінде тікелей немесе жанама түрде иелік ете алмайды және (немесе) пайдалана алмайды және (немесе) билік ете алмайды.
Тармақ 4
4. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолданылмайды.
Бап 47-1. 47-1-бап. Лицензиаттың ұйымдық-құқықтық нысаны және органдары
47-1-бап. Лицензиаттың ұйымдық-құқықтық нысаны және органдары
Тармақ 1
1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылуы мүмкін және қызметін жүзеге асыруы мүмкін трансфер-агенттерді, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлерді және (немесе) дилерлерді қоспағанда, лицензиат акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады және қызметін жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Лицензиат (трансфер-агентті қоспағанда) міндетті түрде ішкі аудит қызметін құрады және мынадай алқалы органдарды қалыптастырады:
Тармақша 1
1) басқару органы;
Тармақша 2
2) атқарушы орган.
Тармақ 2-1
2-1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлер және (немесе) дилерлер байқаушы кеңесін құрады.
Тармақ 3
3. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолданылмайды.
Бап 48. 48-бап. Өтiнiш берушiге қойылатын бiлiктiлiк талаптары
48-бап. Өтiнiш берушiге қойылатын бiлiктiлiк талаптары
Тармақ 1
1. Өтiнiш берушi лицензия алу үшiн мынадай бiлiктiлiк талаптарына сай болуға тиiс:
Тармақша 1
1) өтініш берушінің басқару органы бекіткен, жуырдағы үш жылға арналған бизнес-жоспарының болуы. Бизнес-жоспарда мынадай мәселелер: лицензияны алу мақсаттары; қызметінің негізгі бағыттарының сипаттамасы және оған өтініш беруші бағдар жасаған нарық сегментіне шолу; қызмет шеңберіндегі көзделген қызмет көрсету, оларды бағалау тәртібі туралы ақпарат, сондай-ақ оларды сатудың шарттары мен көлемі бойынша жоспарлар; қызметіне байланысты негізгі тәуекелдер, оларды бағалау және меншікті капиталы есебінен өтеу тәсілдері, меншікті капиталының жеткіліктілік мәні, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау рәсімдері туралы ақпарат; қаржы жоспары, оның ішінде алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы кірістер мен шығыстар болжамы, көрсетілген кезең ішінде жол берілетін залалдылық коэффициенттері; инвестициялық саясат, компания қызметін қаржыландыру көздері; инвестициялық комитет пен ішкі аудит қызметін қоса алғанда, өтініш берушінің ұйымдық құрылымы, корпоративтік басқару рәсімін іске асыру тәсілдерінің сипаттамасы, сондай-ақ мамандардың білім деңгейіне қойылатын талаптар көрсетілуге тиіс;
Тармақша 2
2) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес, бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға қажеттi бағдарламалық-техникалық құралдары мен жабдықтары болуы;
Тармақша 3
3) алып тасталды - ҚР 08.07.2005 № 72 Заңымен;
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР 08.07.2005 № 72 Заңымен;
Тармақша 5
5) осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін ұйымдық құрылымның болуы;
Тармақша 6
6) алып тасталды - ҚР 08.07.2005 № 72 Заңымен;
Тармақша 7
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР 08.07.2005 № 72 Заңымен.
Тармақ 3
3. Алып тасталды - ҚР 19.02.2007 № 230 Заңымен.
Тармақ 4
4. Осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының талаптары сақтандыру ұйымына бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін қолданылмайды.
Бап 49. 49-бап. Лицензиаттың сақтауға мiндеттi пруденциялық нормативтерi, қаржы тұрақтылығының өзге де көрсеткiштерi мен өлшемдерi (нормативтерi)
49-бап. Лицензиаттың сақтауға мiндеттi пруденциялық нормативтерi, қаржы тұрақтылығының өзге де көрсеткiштерi мен өлшемдерi (нормативтерi)
Тармақ 1
1. Лицензиат бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң тиiстi түрiне қатысты уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген пруденциялық нормативтердi және қаржылық тұрақтылықтың сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерін сақтауға мiндеттi.
Тармақ 2
2. Лицензиат Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне пруденциялық нормативтердiң, қаржы тұрақтылығының өзге де көрсеткiштерi мен өлшемдерiнiң (нормативтерiнiң) сақталуын сипаттайтын көрсеткiштердiң есептерiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес табыс етуге мiндеттi.
Тармақ 3
3. Пруденциялық нормативтердiң түрлері, лицензиаттың сақтауы міндетті қаржылық тұрақтылықтың өзге де нормалары мен лимиттері, олардың мәндерін есептеу тәртібі және әдістемелері бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң әр түрiне қатысты уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
Тармақ 3-1
3-1. Лицензиат уәкілетті органның жазбаша нұсқамасында көрсетілген қаржылық және (немесе) өзге де есептіліктегі деректерді түзету жөніндегі талаптарды орындамаған кезде, пруденциалдық нормативтерді және басқа да міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуді уәкілетті орган өздері түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Осы Заңның лицензиат сақтауға міндетті пруденциялық нормативтер, қаржылық тұрақтылықтың өзге де көрсеткіштері мен өлшемдері (нормативтері) туралы нормалары ұлттық басқарушы холдингке және дауыс беретін акцияларының жүз проценті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін заңды тұлғаларға қолданылмайды.
Тармақ 5
5. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлға уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген, инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенттерін және (немесе) өтімділік коэффициентін қолдау жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті. Инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлға уәкілетті органның талап етуі бойынша инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жағдайын жақсарту, оның ішінде инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталын ұлғайту жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті. Осы тармақта көзделген талаптар орындалмаған кезде уәкілетті орган инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаға осы Заңның 72-3-бабында көзделген қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган лицензиаттан пруденциялдық нормативтерді есептеу кезінде есепке алынатын активтерге бағалаушының бағалау жүргізуді және уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде бағалау туралы есепті ұсынуды талап етуге құқылы. Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес уәкілетті органның талап етуі бойынша жүзеге асырылатын, лицензиаттың пруденциялдық нормативтерін есептеу кезінде есепке алынатын активтер құнын бағалауды бұрын осы активке бағалау жүргізген бағалаушы жүргізуге құқылы емес. Лицензиат осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес уәкілетті органның талаптарын орындамаған жағдайда, тиісті активтің құны уәкілетті органға соңғы есепті күнге ұсынылған пруденциялық нормативтің есеп-қисабынан алып тасталады. Пруденциалдық нормативтің есеп-қисабына енгізілген активтің құны осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес бағалаушы айқындаған осы активтің құны сәйкес келмеген жағдайда, лицензиат уәкілетті органға бағалау туралы тиісті есепті қоса бере отырып, соңғы есепті күнге пруденциалдық нормативтің түзетілген есеп-қисабын ұсынады.
Бап 49-1. 49-1-бап. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі
49-1-бап. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады, онда:
Тармақша 1
1) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар органдарының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттері, олардың жауапкершілігі;
Тармақша 2
2) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі ішкі саясат пен рәсімдер;
Тармақша 3
3) жасалатын операциялардың түрлері бойынша жеке алғанда жол берілетін тәуекелдер мөлшеріне лимиттер;
Тармақша 4
4) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар органдарына тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі есептілікті ұсынудың ішкі рәсімдері;
Тармақша 5
5) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі өлшемшарттары қамтылуға тиіс.
Тармақша 6
Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы ішкі аудит қызметінің басшысы (ішкі аудит функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын аудитор) лауазымына жұмыскерлерді тағайындау кезінде олардың тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін айқындайтын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келуін өз бетінше тексереді. Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. Уәкілетті орган тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің осы бапта белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалауды жүзеге асырады. Осы баптың талаптары трансфер-агенттерге қолданылмайды.
Бап 50. 50-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiлицензиялау
50-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiлицензиялау
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру үшiн лицензиялар берудiң талаптары мен тәртiбi осы Заңмен және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
Тармақ 2
2. Лицензия алу үшiн табыс етiлген құжаттарды уәкiлеттi орган қарайды және өтiнiш берушi мен ол табыс еткен құжаттар осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сәйкес болған жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттарды табыс еткен күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешiктiрмей лицензия бередi. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген негiздемелер бойынша лицензия беруден бас тартуға құқылы.
Тармақ 3
3. Егер лицензия алу үшiн табыс етiлген құжаттарды қарау процесiнде осы құжаттарда өтiнiш берушi, оның құрылтайшылары немесе олардың қызметi туралы анық емес мәлiметтер бар екенi белгілі болса, сондай-ақ уәкілетті органға ұсынылған мәліметтердің анық екендігін тексеру қажет болған кезде, уәкiлеттi орган ол құжаттарды қapaу мepзiмiн тоқтата тұруға құқылы. Өтініш беруші ескертпелердi жойғаннан кейiн және құжаттарды тапсырғаннан кейiн олардың қарау мерзiмi қайта жаңғыртылады. Уәкiлеттi органның құжаттарды кейiнгi қарау мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
Бап 51. 51-бап. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру. Лицензиядан айыру және қолданылуын тоқтату
51-бап. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру. Лицензиядан айыру және қолданылуын тоқтату
Тармақ 1
1. Уәкiлеттi орган:
Тармақша 1
1) лицензия алу немесе лицензиаттың қызметi туралы есептi қарау үшiн табыс етiлген құжаттарда дәйектемесiз ақпарат анықталған;
Тармақша 2
2) лицензия алу үшiн табыс етiлген құжаттардағы өзгерiстер туралы ақпарат берiлмеген;
Тармақша 3
3) осы Заңда белгiленген бiлiктiлiк талаптары сақталмаған;
Тармақша 4
4) уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шаралары орындалмаған;
Тармақша 5
5) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының қызметі процесінде осы Заңның 54-бабының және (немесе) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-4-бабының талаптары сақталмаған;
Тармақша 5-1
Тармақша 5-2
Тармақша 6
6) лицензияның қолданылуын ерiктi түрде тоқтата тұру туралы жазбаша өтiнiш болған;
Тармақша 7
7) жүзеге асыруға лицензия берiлген қызметтi алты және одан да көп ай iшiнде лицензиат жүзеге асырмаған;
Тармақша 8
8) бағалы қағаздар рыногындағы қызмет туралы мәлiметтердi мемлекеттiк органдарға табыс ету жөнiндегi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарды орындамаған;
Тармақша 9
9) осы Заңның 53-бабына сәйкес лицензиаттар үшiн тыйым салынған және шектелген қызметтердi жүзеге асырған;
Тармақша 10
10) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі уәкілетті органның талаптарына сәйкес келмеген;
Тармақша 11
11) "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптар бұзылған;
Тармақша 12
12) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы осы Заңның 72-3-бабында белгіленген мәжбүрлеу шараларын орындамаған;
Тармақша 13
13) лицензиат аудиторлық есепте көрсетілген бұзушылықтарды осы Заңның 55-1-бабының 6-тармағында көрсетілген мерзімдерде жоймаған;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің барлық немесе мәні бойынша ұқсас жекелеген қызмет түрлерін жүргізуге арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұрған (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына берілген лицензияға қатысты) жағдайларда, лицензияның қолданысын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
Тармақ 1-1
1-1. Қор биржасының мүшесі қор биржасының қағидаларын тиісінше орындамауы немесе орындамауы себебінен қор биржасының мүшелігі тоқтатыла тұрған немесе оны жоғалтқан жағдайда, уәкілетті орган қор биржасы мүшесінің бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясының қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру туралы немесе лицензиядан айыру туралы шешім қабылдауға құқылы.
Тармақ 2
2. Уәкiлеттi органнан лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы жазбаша хабарлама алғаннан кейiн бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң лицензияланатын түрiн жүзеге асыру заңсыз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Тармақ 3
3. Алып тасталды - ҚР 08.07.2005 № 72 Заңымен.
Тармақ 4
4. Уәкiлеттi орган:
Тармақша 1
1) лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерi жойылмаған;
Тармақша 2
2) бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы, акционерлік қоғамдар туралы, инвестициялық қорлар туралы заңнамасының нормаларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай iшiнде үш және одан көп рет) бұза отырып жүзеге асырылған;
Тармақша 3
3) уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шаралары жүйелi түрде (соңғы күнтізбелік он екі ай iшiнде үш рет және одан көп) орындалмаған;
Тармақша 3-1
3-1) осы Заңның 51-бабы 1-тармағының 11) тармақшасында көзделген негіздер бойынша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде санкция қолданылған, "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптар қатарынан соңғы он екі ай ішінде қайтадан бұзылған;
Тармақша 3-2
3-2) лицензиаттар ақшаны жылыстатумен, терроризмді қаржыландырумен немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты мәмілелерге қатысқан жағдайларда;
Тармақша 3-3
3-3) лицензиат өзіне берілген лицензияға сәйкес бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде жүзеге асырмаған;
Тармақша 3-4
3-4) лицензиат аудиторлық есепте көрсетілген бұзушылықтарды осы Заңның 55-1-бабының 6-тармағында көрсетілген мерзімдерде жоймаған;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де негiздер бойынша лицензиядан айыруға құқылы.
Тармақ 4-1
4-1. Санкцияларды қолданудың орындылығын айқындау және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру не одан айыру түрінде санкцияларды таңдау кезінде мыналар ескеріледі:
Тармақша 1
1) тәуекел деңгейі, бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының сипаты;
Тармақша 2
2) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының ауқымы мен маңыздылығы;
Тармақша 3
3) бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің жүйелігі мен ұзақтығы;
Тармақша 4
4) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің қаржылық жағдайға әсері;
Тармақша 5
5) анықталған бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің туындауына негіз болған себептер;
Тармақша 6
6) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының қызметте анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жоюға бағытталған дербес шаралар қолдануы.
Тармақ 5
5. Лицензияның қолданысы Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгiленген негiздер бойынша тоқтатылады.
Тармақ 6
6. Лицензиат уәкiлеттi органның лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы хабарламасын алғаннан кейiн оның клиенттер алдындағы мiндеттемелерiн орындау тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi. Брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын және клирингтік қатысушы болып табылатын, уәкілетті органның лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы хабарламасын алған лицензиаттың міндеттемелерін клирингтік ұйым (орталық контрагент), оның ішінде клирингтік қызмет жүзеге асырылатын мәмілелер бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара қамтамасыз ету, маржалық жарналар, клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік қорларына жарналар болып табылатын қаржы құралдарын клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және осы клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен толық пайдалануы есебінен орындайды.
Бап 52. 52-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қызмет туралы есептер
52-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қызмет туралы есептер
Тармақ 1
1. Лицензиаттар, орталық депозитарий және бірыңғай оператор уәкiлеттi органға, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бағалы қағаздар рыногындағы қызмет туралы анық және толық есептерді уақтылы ұсынуға мiндеттi.
Тармақ 2
2. Лицензиаттар, орталық депозитарий мен бірыңғай оператор Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілікті ұсынады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес бағалы қағаздар нарығының субъектілері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бастапқы статистикалық деректерді беруге міндетті.
Бап 53. 53-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға шектеулер және тыйым салу
53-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға шектеулер және тыйым салу
Тармақ 1
1. Мынадай жағдайларды:
Тармақша 1
1) өз мұқтаждығы үшін сатып алынған мүлікті жалға беруді қоса алғанда, өз мүлкіне билік етуді;
Тармақша 2
2) осы Заңның 53-2-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, бағалы қағаздар нарығындағы қызметпен байланысты мәселелер бойынша консультациялық және ақпараттық көрсетілетін қызметтерді ұсынуды;
Тармақша 3
3) бағалы қағаздар рыногындағы қызмет мәселелері жөніндегі арнайы әдебиеттерді ақпарат жеткізгіштердің кез келген түрлерінде өткізуді;
Тармақша 4
4) бағалы қағаздар рыногындағы қызмет саласында оқытуды ұйымдастыруды;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген өзге де жағдайларды қоспағанда, лицензиат қаржы рыногындағы қызметке жатпайтын кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқылы емес.
Тармақ 2
2. Қор биржасы осы баптың 1-тармағында белгіленген жағдайлардан басқа:
Тармақша 1
1) қор биржасының интернет-ресурсында қор биржасы мен оның мүшелері ұсынатын көрсетілетін қызметтер туралы жарнаманы, сондай-ақ қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалған өзге де ақпаратты жариялауды;
Тармақша 2
2) қор биржасының материалдық-техникалық құралдарын және өзге де жабдықтарын жалдауға (жалға) беруді жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 3
3. Банктердiң, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бағалы қағаздар нарығындағы қызметi Қазақстан Республикасының осы ұйымдардың қызметiн реттейтiн заңдарының талаптары ескерiле отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Осы баптың 1-тармағының күші трансфер-агенттің қызметіне қолданылмайды.
Бап 53-1. 53-1-бап. Лицензиат тарататын және орналастыратын жарнама
53-1-бап. Лицензиат тарататын және орналастыратын жарнама
Тармақ 1
1. Лицензиатқа: 1) жөнсіз жарнама жасауға;
Тармақша 2
2) уәкілетті орган белгілеген, қаржы өнімдерін басқаруға қойылатын талаптарда айқындалған қаржы өніміне тән тәуекелдер туралы ақпаратты қамтымайтын жарнама жасауға тыйым салынады. Қаржы өнімдерін басқаруға қойылатын талаптар, іс-қимылды қадағалау субъектісі уәкілетті органды бекіту, өзгерту және ұсынуды тоқтату туралы хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесі (мөлшерлемелері мен тарифтерін көрсете отырып), осындай хабардар ету тәртібі, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
Тармақ 2
2. Уәкілетті орган лицензиаттан шындыққа сай келмейтін жарнамаға өзгерістер енгізуді, оның тоқтатылуын немесе оны теріске шығаруды жариялауды талап етуге құқылы. Осы талаптар уәкілетті орган белгілеген мерзімде орындалмаған жағдайда уәкілетті орган жарнамадағы мәліметтердің шындыққа сай келмейтіндігі туралы ақпаратты жариялауға не мұндай жарнаманы жариялаған лицензиат есебінен оларды нақтылауға құқылы.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар нарығында ұсынылатын көрсетілетін қызметтерге жарнама беруші ретінде мына тұлғаларға: уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына; лицензиаттардың қызметкерлері болып табылмайтын және лицензиаттар уәкілеттік бермеген жеке тұлғаларға; Қазақстан Республикасының бейрезидент-тұлғаларына әрекет етуге тыйым салынады.
Бап 53-2. 53-2-бап. Инвестициялық консультация беру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну ерекшеліктері
53-2-бап. Инвестициялық консультация беру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Инвестициялық консультация беру деп дара инвесторларға бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасау жөнінде инвестициялық ұсынымдар (бұдан әрі – инвестициялық ұсыным) беру бойынша көрсетілетін қызметтер түсініледі. Инвестициялық консультация беру бойынша көрсетілетін қызметтерді бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар көрсетуге құқылы.
Тармақ 2
2. Инвестициялық ұсыным дара инвесторға уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен беріледі.
Тармақ 3
3. Инвестициялық ұсынымды бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және лицензиаттың ішкі құжаттарында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін қызметкері ғана беруге құқылы.
Тармақ 4
4. Инвестициялық консультация беру бойынша қызметтер көрсету кезінде брокер және (немесе) дилер, инвестициялық портфельді басқарушы және олардың қызметкерлері тиісті сақтықпен адал және тек қана клиенттің мүдделері үшін іс-қимыл жасауға міндетті. Мүдделер қақтығысы туындаған және (немесе) болған жағдайда, брокер және (немесе) дилер, инвестициялық портфельді басқарушы және олардың қызметкерлері клиент мүдделерінің өз мүдделерінен басымдығын негізге ала отырып әрекет етуге міндетті.
Тармақ 5
5. Брокер және (немесе) дилер, инвестициялық портфельді басқарушы:
Тармақша 1
1) инвестициялық консультация беру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі талаптарды бұзу;
Тармақша 2
2) жаңылыстыратын ақпарат немесе көрінеу жалған ақпарат беру;
Тармақша 3
3) егер клиент осы ұсынымды алған кезде мүдделер қақтығысының туындау ықтималдығы мен фактілері туралы тиісті түрде хабардар етілмеген жағдайда, мүдделер қақтығысы болған кезде қаржы құралымен мәміле жасасуға инвестициялық ұсыным беру нәтижесінде клиент шеккен залалдар үшін жауаптылықта болады.
Бап 54. 54-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының басшы қызметкерлері
54-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының басшы қызметкерлері
Тармақ 1
1. Мыналар бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының басшы қызметкерлері деп танылады:
Тармақша 1
1) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының басқару органының басшысы мен мүшелері;
Тармақша 2
2) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының атқарушы органының басшысы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында құрылған бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адам) және мүшелері;
Тармақша 3
3) бас бухгалтер, бас бухгалтердің орынбасары (трансфер-агенттің бас бухгалтерін және оның орынбасарын қоспағанда);
Тармақша 4
4) өзінің оқшауланған бөлімшелерінің басшылары мен бас бухгалтерлерін қоспағанда, бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыратын, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының бір немесе бірнеше құрылымдық бөлімшесінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және клиенттермен жасасылған шарттарда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген түрлі есептілік нысандарын қоса алғанда, клиенттермен жасалатын кез келген шарттарға, клиенттерге және (немесе) уәкілетті органға берілетін ақпаратқа, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының клиенттерінің шоттарындағы активтердің қозғалысы мен қалдығына салыстырып тексеру жүргізілгенін растайтын құжаттарға қол қою құқығы бар өзге де басшылар;
Тармақша 5
5) уәкілетті органның уәжді пайымдауын пайдалана отырып, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының басшы қызметкерлері деп танылған өзге де адамдар.
Тармақ 2
2. Уәкілетті органның уәжді пайымдауын пайдалана отырып, адамды бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының басшы қызметкері деп таныған және бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыға осы Заңның 3-5-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында көзделген қадағалап ден қою шарасы қолданылған жағдайда, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы уәкілетті органның уәжді пайымдауын пайдалана отырып, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының басшы қызметкері деп танылған адамның «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабында белгіленген талаптарға сай келуін растайтын, басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) келісім алу үшін құжаттарды уәкілетті орган белгілеген мерзімде ұсынуға міндетті. Құжаттар уәкілетті орган белгілеген мерзімде ұсынылмаған жағдайда бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы уәкілетті органның уәжді пайымдауын пайдалана отырып, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының басшы қызметкері деп танылған адаммен еңбек шартын бұзуға және (немесе) осы адамның өкілеттіктерін тоқтату жөнінде өзге де шаралар қабылдауға міндетті.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ оларды келісу тәртібі «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабында белгіленеді.
Тармақ 4
4. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының басшы қызметкерлеріне басқару органының басшысы мен мүшелері бөлігінде қойылатын талаптар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлердің және (немесе) дилерлердің байқаушы кеңесінің басшысы мен мүшелеріне қолданылады.
Тармақ 5
5. Лауазымдық міндеттеріне брокерлік, дилерлік және трансфер-агенттік қызметті жүзеге асырумен байланысты мәселелерге жетекшілік ету кіретін Ұлттық пошта операторы атқарушы органының мүшелері Ұлттық пошта операторының басшы қызметкерлері деп танылады. Осы тармақта аталған адамдар «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабында белгіленген талаптарға сай келуге тиіс. Көрсетілген талаптарға сай келген жағдайда атқарушы органның мүшелері лауазымдарға уәкілетті органның келісімінсіз тағайындалады (сайланады). Атқарушы органның мүшесі «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабында белгіленген талаптарға сай келмеген жағдайда Ұлттық пошта операторы оны уәкілетті органның талабы бойынша осындай адаммен еңбек шартын бұзу және (немесе) оның өкілеттіктерін тоқтату бойынша өзге де шаралар қабылдау арқылы шеттетеді.
Бап 55. 55-бап. Ұйымдық құрылымға қойылатын талаптар
55-бап. Ұйымдық құрылымға қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыруға екi және одан да көп лицензиясы бар лицензиаттың ұйымдық құрылымы қызметтiң әр түрi бойынша жекелеген бөлiмшелерден тұруға тиiс.
Тармақ 2
2. Лицензиаттың бiр бөлiмше қызметкерлерiнiң функциялары мен мiндеттерiн орындауды екiншi бөлiмшенiң қызметкерлерiне жүктеуге құқығы жоқ.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптарын қолдану ерекшелiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
Бап 55-1. 55-1-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың және инвестициялық портфельді басқарушылар ірі қатысушыларының аудиті
55-1-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың және инвестициялық портфельді басқарушылар ірі қатысушыларының аудиті
Тармақ 1
1. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, заңды тұлға болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушы ірі қатысушысының аудитін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқылы және осы баптың 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін аудиторлық ұйым жүргізеді. Қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргізу акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы, заңды тұлға болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы үшін міндетті болып табылады. Аудиторлық есептің көшірмесі уәкілетті органға көрсетілген құжат алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ұсынылуға тиіс.
Тармақ 2
2. Аудиторлық ұйым: бағалы қағаздар нарығының тексерілетін кәсіби қатысушысына, оның акционерлеріне және басшы қызметкерлеріне тәуелсіз екенін; лицензияға сәйкес аудиторлық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті және аудиторлық қызмет саласында мемлекеттік реттеу мен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеген, қаржы ұйымдарына міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең төмен талаптарға сәйкес келген не резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының лицензиясына сәйкес аудиторлық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті болған жағдайда, аудиторлық есеп жарамды деп танылады.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының жылдық қаржылық есептілігін, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін аудиторлық ұйым растауға тиіс.
Тармақ 4
4. Инвестициялық портфельді басқарушының және Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлға болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының (ол бар болса) аудитін сол бір аудиторлық ұйым жүзеге асырады. Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын, инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының жиырма бес пайызын тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), Қазақстан Республикасының бейрезиденті-заңды тұлға болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін осы Қазақстан Республикасының бейрезидент-ірі қатысушысы орналасқан елде қаржы ұйымдарына аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым растауға тиіс. Қазақстан Республикасының бейрезидені-заңды тұлғасы болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы уәкілетті органға аудиторлық ұйымның аудиторлық есебінің және ұсынымдарының көшірмелерін қазақ немесе орыс тілінде ұсынады.
Тармақ 5
5. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, инвестициялық портфельді басқарушы ірі қатысушысының аудиторлық есебі коммерциялық құпияны құрамайды.
Тармақ 6
6. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы аудиторлық есепте көрсетілген, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының қаржылық жағдайына әсер ететін кемшіліктерді уәкілетті орган айқындаған мерзім ішінде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган кемшіліктер жойылғанға дейін: бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына – қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөнінде осы Заңның 3-5-бабында көзделген шараларды; инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына осы Заңның 72-3-бабының 2-тармағында көзделген қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы аудиторлық есепте көрсетілген, инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жағдайына әсер ететін кемшіліктерді аталған тұлғалар осы есепті алған күннен бастап бір жыл ішінде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган кемшіліктер жойылғанға дейін инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына осы Заңның 72-3-бабының 3-тармағында көзделген қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
Тармақ 7
7. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының активтерін және (немесе) міндеттемелерін тану бөлігінде аудиторлық есепте жазылған, қаржылық есептілік және (немесе) қаржылық есептілікке байланысты өзге де ақпарат туралы пікірлер мен тұжырымдардың уәкілетті орган жүргізген тексеру нәтижелерінен ауытқуы анықталған жағдайда, уәкілетті орган аудиторлық ұйымнан осындай ауытқу себептерін түсіндіруді талап етуге құқылы.
Тармақ 8
8. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының қызметінде тәуекелдер мен кемшіліктерді анықтаған жағдайда, одан тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін бағалауға, оның ішінде стратегия мен бизнес-моделге қатысты, корпоративтік басқару жүйесін бағалауға, ақпараттық технологиялар тәуекелдерін басқару жүйесін бағалауға, ақпараттық қауіпсіздік жүйесінің тиімділігін, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалауға қатысты өзге ақпаратқа аудит (бұдан әрі – өзге ақпарат аудиті) жүргізуді тексеруге жататын мәселелер тізбесін, аудиттелетін кезеңді және аудиторлық ұйымның уәкілетті органға өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытынды ұсыну мерзімін көрсете отырып, талап етуге құқылы. Уәкілетті органның талап етуі бойынша өзге ақпарат аудитін жүргізу бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар үшін міндетті. Осы баптың 10-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы өзге ақпарат аудитін жылына бір реттен артық жүргізбейді, бір мәселе бойынша өзге ақпарат аудиті үш жылда бір реттен жиілетпей жүргізіледі. Өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелердің тізбесі, өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, оны аудиторлық ұйымның ұсыну мерзімдеріне қойылатын талаптар, өзге ақпарат аудитіне тартылатын аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторларға қойылатын талаптар аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу мен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді. Аудиттің болжамды бағыттары, көлемі, жүргізілу сипаты, аудит жүргізу кезінде пайдаланылатын әдістер мен стандарттардың ерекшеліктері сипатталған өзге ақпарат аудиті бойынша тексеру жоспары аудиторлық ұйымның уәкілетті органмен алдын ала келісуіне жатады. Аудиторлық ұйым өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындыны уәкілетті органға ұсынады және ол жариялауға жатпайды. Өзге ақпарат аудитінің нәтижелерін уәкілетті орган қадағалап ден қою шараларын қолданған кезде ескеруі мүмкін.
Тармақ 9
9. Аудитті немесе өзге ақпарат аудитін жүзеге асыру үшін бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы уәкілетті органмен келісу бойынша аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу мен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган әзірлеген, қаржы ұйымдарына міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең төмен талаптарға сәйкес келетін аудиторлық ұйымды тартады. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы аудит немесе өзге ақпарат аудитін жүргізуге шарт жасасқаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органды аудиторлық ұйымды таңдағаны туралы хабардар етеді. Өзге ақпарат аудиті жағдайында бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы уәкілетті органның алдында өзге ақпаратқа аудиторлық ұйым болып табылмайтын ұйымның аудиттен басқа өзге тәсілмен тексеру жүргізуі туралы өтінішхат беруге құқылы. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының өтінішхатын уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде қарайды. Өзге ақпарат аудитін жүргізу тәртібіне осы бапта белгіленген талаптар өзге ақпаратқа аудиттен басқа өзге тәсілмен тексеру жүргізу тәртібіне қолданылады. Уәкілетті орган өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық есепті және (немесе) аудиторлық қорытындыны аудиторлық ұйым шығарғанға дейін аудиторлық ұйымға осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалардың келісімінсіз, құпиялылық жөніндегі талаптарды ескере отырып, осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаларды тексеру нәтижелері бойынша ақпаратты және түсініктемелерді, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоса алғанда, олардың қызметіне байланысты, оның ішінде уәкілетті органның уәжді пайымдауына негізделген өзге де ақпаратты беруге құқылы. Аудиторлық ұйым осы тармақтың бесінші бөлігіне сәйкес уәкілетті орган жіберген ақпаратқа міндетті бағалау мен талдау жүргізеді. Аудиторлық ұйым жүргізілген бағалау мен талдау нәтижелерін өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық есепте немесе аудиторлық қорытындыда қамтылған пікірлер мен тұжырымдарды білдірген кезде пайдаланады.
Тармақ 10
10. Сот өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық есепті және (немесе) аудиторлық қорытындыны жарамсыз деп таныған жағдайда, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы аудитті және (немесе) өзге ақпарат аудитін қайта жүргізуге міндетті.
Тармақ 11
11. Уәкілетті орган аудиторлық ұйымнан бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрайтын, оның ішінде клиенттер тізбесі жөніндегі мәліметтерді қоса алғанда, ақпаратты талап етуге құқылы. Клиенттер жөніндегі мәліметтер аудиторлық ұйым клиенттерінің келісуімен беріледі.
Тармақ 12
12. Осы баптың 8, 9, 10 және 11-тармақтарының талаптары трансфер-агентке және бірыңғай операторға қолданылмайды.
Бап 56. 56-бап. Жосықсыз іс-қимылға тыйым салу. Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау
56-бап. Жосықсыз іс-қимылға тыйым салу. Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздар нарығында:
Тармақша 1
1) бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің бағалы қағаздар нарығындағы іс-қимылын өзгерту мақсатында оларға кез келген нысанда ықпал етуге;
Тармақша 2
2) бағалы қағаздар нарығында қалыптасатын ахуалға ықпал ету мақсатында анық емес мәліметтер таратуға;
Тармақша 3
3) бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасауға;
Тармақша 4
4) инсайдерлік ақпаратты таратуға және (немесе) оны пайдалана отырып мәмілелер жасауға тыйым салынады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптарын бұзған тұлғалар осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген жауаптылықта болады. Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған мәмілені сот мүдделі тұлғалардың талап қоюы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін.
Тармақ 2
2. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және өзге де тұлғалардың әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тануды уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығы субъектісінің әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тану мәселелерін қарау мақсатында құрылған сараптама комитетінің (осы бапта бұдан әрі – сараптама комитеті) қорытындысын қарау нәтижелері бойынша жүзеге асырады.
Тармақша 1
Тармақ 3
Тармақ 4
4. Сараптама комитетін құру және оның жұмыс істеу тәртібі, сондай-ақ оның сандық құрамы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. Сараптама комитеті туралы ереже уәкілетті органның шешімімен бекітіледі. 5. Бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің бағалы қағаздарға бағаларды сұраныстың және (немесе) ұсыныстың объективті арақатынасы нәтижесінде белгіленген бағалардан жоғары немесе төмен белгілеуге және (немесе) ұстап тұруға және (немесе) бағалы қағаздар сұранысына және (немесе) ұсынысына және (немесе) бағасына қатысты анық емес және (немесе) жаңылыстыратын ұсыныс қалыптастыруға және (немесе) бағалы қағазбен сауда көрінісін жасауға бағытталған, мыналар: 1) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздарды сатып алуға және (немесе) сатуға мәміле жасау және (немесе) өтінімді жариялау; 2) бағалы қағаздар, олармен жасалған мәмілелер туралы, сондай-ақ бағалы қағаздар эмитенті, ол жүзеге асыратын қызмет туралы анық емес және (немесе) жаңылыстыратын ақпаратты кез келген тәсілмен тарату арқылы жасалған әрекеттері бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау фактілерін анықтау тұрғысынан мониторингтеуге және талдауға жатады. Бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің және өзге де тұлғалардың өзге қаржы құралдарына қатысты әрекеттері айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп анықтау тұрғысынан мониторингтеуге және талдауға жататын шарттар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде айқындалады. 6. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және өзге тұлғалардың әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тану тәртібі мен шарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалады.
Тармақ 5
Тармақша 3
Тармақ 7
Тармақ 8
Бап 56-1. 56-1-бап. Инсайдерлiк ақпаратқа билiк етудi және оны пайдалануды шектеу
56-1-бап. Инсайдерлiк ақпаратқа билiк етудi және оны пайдалануды шектеу
Тармақ 1
1. Эмитенттің ішкі құжаттарында:
Тармақша 1
1) инсайдерлікке жататын ақпарат тізбесі;
Тармақша 2
2) инсайдерлік ақпаратты ашып көрсету тәртібі мен мерзімдері;
Тармақша 3
3) инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу құқықтарының аражігін ажырату және инсайдерлердің мұндай ақпаратты заңсыз пайдалану мүмкіндігіне жол бермеу үшін ішкі бақылау қағидалары;
Тармақша 4
4) инсайдерлік ақпаратқа қолжетімділігі бар тұлғалардың тізімін жүргізу, сайма-сай қалпында ұстау, сондай-ақ оларды тізімнен шығару тәртібі;
Тармақша 5
5) тұлғаларды осы баптың 5-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тізімге енгізген (тізімнен шығарған) жағдайларда оларға хабарлама жіберу, сондай-ақ осы баптың 5-тармағының 5) тармақшасында белгіленген жағдайда тұлғаларға хабарлау тәртібі мен мерзімдері;
Тармақша 6
6) осы баптың 3-тармағының 2), 3), 4) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың эмитентке өзінің қызметтік жағдайына және еңбек міндеттеріне қарай эмитенттің инсайдерлік ақпаратына қолжетімділігі бар өз қызметкерлері туралы ақпарат беру тәртібі мен мерзімдері;
Тармақша 7
7) эмитентке инсайдерлік ақпаратқа билік етуге және оны пайдалануға бақылауды жүзеге асыруына мүмкіндік беретін өзге де ережелер белгіленеді. Эмитенттің осы тармақта көрсетілген ішкі құжаттарын (осы бапта бұдан әрі – ішкі бақылау қағидалары) эмитенттің басқару органы бекітуге тиіс.
Тармақ 2
2. Мыналар инсайдерлік ақпаратқа жатпайды:
Тармақша 1
1) инвестициялық шешімдер қабылдау және (немесе) бағалы қағаздармен (туынды қаржы құралдарымен) операцияларды жүзеге асыру туралы ұсынымдар немесе ұсыныстар әзірлеу мақсатында жасалған бағалы қағаз (туынды қаржы құралы) құнына, эмитенттің мүліктік жағдайына қатысты зерттеуді, болжауды және бағалауды қоса алғанда, жалпыға қолжетімді мәліметтер негізінде әзірленген ақпарат;
Тармақша 2
2) бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған ақпарат;
Тармақша 3
3) дерек көзі беймәлім, қалың қауымға таралатын, расталмаған ақпарат, сондай-ақ эмитенттің ағымдағы немесе жоспарланған қызметіне қатысты болжамдар.
Тармақ 3
3. Мына адамдар инсайдерлер болып танылады:
Тармақша 1
1) өзінің қызметтік жағдайына және еңбек міндеттеріне қарай инсайдерлік ақпаратқа қолжетімділігі бар эмитент қызметкерлері;
Тармақша 2
2) эмитенттің дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленуіне, пайдалануына және (немесе) оларға билік етуіне қарай инсайдерлік ақпаратқа қолжетімділігі бар адамдар;
Тармақша 3
3) аудиторлық ұйым, бағалаушы, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылар және талаптарында инсайдерлік ақпаратты ашып көрсету көзделіп жасалған (оның ішінде ауызша) шартқа сәйкес эмитентке қызметтер көрсететін басқа да адамдар;
Тармақша 4
4) эмитент шығарған (берген) бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары) оның тізіміне енгізілген сауда-саттықты ұйымдастырушы;
Тармақша 5
5) сауда жүйесінде эмитенттің бағалы қағаздарымен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасалатын қор биржасы директорлар кеңесінің және листинг комиссиясының мүшелері;
Тармақша 6
6) өздеріне берілген функциялар мен өкілеттіктерге қарай инсайдерлік ақпаратқа қолжетімділігі бар уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер;
Тармақша 7
7) мүшелері эмитенттер болып табылатын қоғамдық бірлестіктер мен кәсіптік ұйымдар және осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, өздеріне берілген өкілеттіктерге қарай инсайдерлік ақпаратқа қолжетімділігі бар ұйымдар;
Тармақша 8
8) осы тармақтың 2), 3), 4) және 7) тармақшаларында көрсетілген ұйымдардың өзінің қызметтік жағдайына және еңбек міндеттеріне қарай инсайдерлік ақпаратқа қолжетімділігі бар қызметкерлері;
Тармақша 9
9) осы тармақтың 1) - 8) тармақшаларында аталған адамдардан инсайдерлік ақпаратты алған адамдар.
Тармақ 4
4. Мыналарға:
Тармақша 1
1) бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасаған кезде инсайдерлік ақпаратты пайдалануға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, инсайдерлік ақпаратты үшінші бір адамдарға беруге немесе үшінші бір адамдар үшін қолжетімді етуге;
Тармақша 3
3) инсайдерлік ақпаратқа негізделген, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау туралы ұсынымдарды немесе ұсыныстарды үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.
Тармақ 5
5. Эмитент мынадай іс-шараларды жүргізу арқылы:
Тармақша 1
1) оның қызметіне қатысты болатын және жалпыға бірдей қолжетімді болып табылмайтын ақпаратты, егер салдарына байланысты эмитенттің мүліктік және қаржылық жағдайы үшін бұл ақпараттың осы эмитент шығарған (берген) бағалы қағаздардың (туынды қаржы құралдарының) құнына әсер етуге ықпалы болса, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және шарттарда ашып көрсету;
Тармақша 2
2) ішкі бақылау қағидаларын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ эмитенттің және оның қызметкерлерінің осы қағидалардың талаптарын орындауына бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) міндетіне эмитенттің және оның лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының және ішкі бақылау қағидаларының талаптарын сақтауына бақылауды жүзеге асыру кіретін құрылымдық бөлімше құру не лауазымды адамды тағайындау;
Тармақша 4
4) эмитенттің инсайдерлік ақпаратына қолжетімділігі бар, осы баптың 3-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында аталған адамдар тізімін жүргізу және сайма-сай қалпында ұстау;
Тармақша 5
5) осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген тізімге енгізілген адамдарға олардың тізімге (тізімнен) енгізілгені (шығарылғаны) туралы хабарлама жіберу, аталған адамдарға инсайдерлік ақпаратқа билік ету және оны пайдалану бөлігінде осы Заң мен ішкі бақылау қағидаларының талаптарын хабарлау;
Тармақша 6
6) осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген тізімге енгізілген адамдардың тізімін уәкілетті органға оның талап етуі бойынша табыс ету;
Тармақша 7
7) ішкі бақылау қағидаларында көзделген өзге де іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, алайда олармен шектелмей, эмитент және ол шығарған (берген) бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары) туралы инсайдерлік ақпаратқа билік еткені және оны пайдаланғаны үшін бақылауды қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 6
6. Осы баптың 3-тармағының 2), 3), 4) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар:
Тармақша 1
1) осы заңды тұлғалар оларға қатысты инсайдерлер деп танылған, өзінің қызметтік жағдайына және еңбек міндеттеріне қарай эмитенттердің инсайдерлік ақпаратына қолжетімділігі бар өз қызметкерлерінің тізімін жүргізуге;
Тармақша 2
2) осы заңды тұлғалар оларға қатысты инсайдерлер деп танылған, инсайдерлік ақпаратты пайдалануға тыйым салу бөлігінде осы Заңның және ішкі бақылау қағидаларының талаптары туралы өз қызметкерлеріне хабарлауға;
Тармақша 3
3) осы заңды тұлғалар оларға қатысты инсайдерлер деп танылған эмитенттерді өзінің қызметтік жағдайына және еңбек міндеттеріне қарай эмитенттердің инсайдерлік ақпаратына қолжетімділігі бар өз қызметкерлері туралы ішкі бақылау қағидаларында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде хабарлауға міндетті.
Тарау 10. 10-тарау. Бағалы қағаздарын нақтылы ұстау
10-тарау. Бағалы қағаздарын нақтылы ұстау
Бап 57. 57-бап. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды жүзеге асыру тәртiбi
57-бап. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды жүзеге асыру тәртiбi
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар орталық дипозитарий, кастодиан және брокер және (немесе) дилер, «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын ұйым және мемлекетке, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі немесе өздеріне қатысты мемлекеттің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мүліктік құқықтары бар бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды жүзеге асыру бөлігінде бірыңғай оператор нақтылы ұстау қызметтерін көрсетуге құқылы.
Тармақ 2
2. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды клиентпен жасалған, лицензиаттың нақтылы ұстауға берiлген бағалы қағаздарға қатысты құқықтарын белгiлейтiн шарттың талаптарына сәйкес лицензиат жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Номиналды ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргізу құқығы бар кастодиан және брокер және (немесе) дилер клиентпен номиналды ұстау туралы шарт жасалғаннан кейiн үш жұмыс күні iшiнде клиентке уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған тәртіппен, номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шот, сондай-ақ орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде шоттар (қосалқы шоттар) ашуға міндетті. Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмi жүйесiнде нақтылы ұстауға берiлген мемлекеттiк емес бағалы қағаздарды есепке алу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады. Нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде жеке шот ашу тәртiбi нақтылы ұстаушының iшкi құжаттарымен белгiленедi.
Тармақ 4
4. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды жүзеге асыру тәртiбi осы Заңның талаптарына және нақтылы ұстау туралы шарттың талаптарына сәйкес лицензиаттардың iшкi құжаттарымен белгiленедi.
Тармақ 5
5. Номиналды ұстаушының міндеттемелері бойынша номиналды ұстаушының клиенттеріне тиесілі қаржы құралдарынан ақы өндіріп алуға жол берілмейді.
Бап 58. 58-бап. Нақтылы ұстаушының мiндеттерi
58-бап. Нақтылы ұстаушының мiндеттерi Нақтылы ұстаушы:
Тармақша 1
1) клиенттiң жеке шотындағы қателiктер мен ақпаратты бұрмалаудың алдын алу мақсатымен тұрақты бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде бар және клиенттiң жеке шоты бойынша өзгерiстер енгiзудiң ретiн белгiлеуге немесе қалпына келтiруге мүмкiндiк беретiн ақпаратты сақтауға;
Тармақша 3
3) осы Заңда белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде клиенттiң жеке шоты бойынша өзгерiстер енгiзуге; 3-1) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінен орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіне уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген көлемде, тәртіппен және мерзімдерде электрондық деректерді ұсынуға;
Тармақша 4
4) нақтылы ұстау туралы жасалған шартқа сәйкес клиентке анық ақпарат беруге мiндеттi.
Бап 59. 59-бап. Нақтылы ұстаушының функциялары. Нақтылы ұстаушының функцияларын жүзеге асыруға байланысты тыйым салу
59-бап. Нақтылы ұстаушының функциялары. Нақтылы ұстаушының функцияларын жүзеге асыруға байланысты тыйым салу
Тармақ 1
1. Нақтылы ұстаушының функциялары:
Тармақша 1
1) клиенттiң бағалы қағаздарын есепке алу және осы бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасу кезiнде олардың болуын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) клиенттiң бағалы қағаздарымен жасаған мәмiлелерiн тiркеу;
Тармақша 3
3) клиенттердiң бағалы қағаздар бойынша құқықтарын растау;
Тармақша 4
4) нақтылы ұстауға берiлген бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасу кезiнде клиенттердiң мүдделерiн бiлдiру;
Тармақша 4-1
4-1) акционерлердің жалпы жиналысында клиенттер атынан сенімхатсыз, сол клиенттерден алынған жазбаша нұсқаулыққа сәйкес, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, дауыс беру;
Тармақша 5
5) нақтылы ұстауға берiлген бағалы қағаздарға қатысты ақпаратты клиенттiң назарына жеткiзу;
Тармақша 6
6) нақтылы ұстау туралы шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де функциялар болып табылады.
Тармақ 2
2. Нақтылы ұстаушының:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн бағалы қағаздармен мәмiленi тiркеудi жүзеге асыруына;
Тармақша 1-1
1-1) клиенттің жеке шоты (қосалқы шоты) бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін өзгерістер енгізуге;
Тармақша 2
2) осы Заңда және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, клиенттiң бұйрығынсыз бағалы қағаздармен мәмiленi тiркеудi жүзеге асыруына;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, клиенттiң тиiстi жазбаша рұқсатынсыз оның ақшасы мен бағалы қағаздарын өз мүддесiне немесе үшiншi тұлғалардың мүддесiне пайдалануына тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының аумағында нақтылы ұстаушының:
Тармақша 1
1) орталық депозитарийдi;
Тармақша 2
2) шетелдiк бағалы қағаздарға немесе осы баптың 1-тармағында белгiленген функцияларды жүзеге асырушы шетелдiк ұйымдарға қатысты өзiнiң нақтылы ұстау қызметiн көрсеткен кезде, кастодиандарды;
Тармақша 3
3) «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын ұйымды қоспағанда, басқа нақтылы ұстаушыға өзiне нақтылы ұстауға берiлген бағалы қағаздарға қатысты нақтылы ұстау қызметiн көрсетуге құқығы жоқ.
Тармақ 4
4. Шетелдік есепке алу ұйымы орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған дербес шоттағы эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды жүзеге асыруға байланысты әрекеттерді осы эмиссиялық бағалы қағаздарға құқығы бар адамдардан алынған жазбаша нұсқаулықтарға сәйкес сенімхатсыз жасауға құқылы. Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған шетелдік есепке алу ұйымының дербес шотындағы эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақыларды төлеу осы эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушыларға шетелдік есепке алу ұйымы арқылы жүзеге асырылады.»
Бап 60. 60-бап. Нақтылы ұстау туралы шарт
60-бап. Нақтылы ұстау туралы шарт
Тармақ 1
1. Нақтылы ұстаушы мен оның клиентi арасындағы құқықтық қатынастар олардың арасында жасалған нақтылы ұстау туралы шартпен реттеледi. Нақтылы ұстау туралы шартқа Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес тапсырма шартының нормалары қолданылады.
Тармақ 2
2. Нақтылы ұстау туралы шартты жасасар алдында нақтылы ұстаушы клиенттi өзiнiң нақтылы ұстаушы ретiндегi қызметтi орындау талаптарымен таныстыруға мiндеттi.
Тармақ 3
3. Нақтылы ұстау туралы шартта:
Тармақша 1
1) шарттың нысанасы;
Тармақша 2
2) нақтылы ұстаушының клиенттiң жеке шоты туралы коммерциялық құпияны caқтaу жөнiндегі мiндеттемелерiн қоса алғанда, тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;
Тармақша 2-1
2-1) клиентке қосалқы шот ашу және ол туралы ақпаратты орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашып көрсету шарттары;
Тармақша 3
3) (алып тасталды)
Тармақша 4
4) клиенттердiң нақтылы ұстауға берiлген бағалы қағаздар жөнiндегi құқықтарын растау тәртiбi;
Тармақша 5
5) нақтылы ұстаушының көрсеткен қызметiне ақы төлеудiң мөлшерi мен тәртiбi;
Тармақша 6
6) нақтылы ұстаушының клиент алдындағы есептiлiк нысаны және кезеңдiлiгi;
Тармақша 7
7) тараптардың шарттың талаптарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi;
Тармақша 8
8) бағалы қағаздар бойынша кiрiс алу талаптары мен тәртiбi болуға тиiс. Жоғарыда тiзiлiп көрсетiлген ережелерден бөлек шартта Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де талаптар болуы мүмкiн.
Бап 61. 61-бап. Нақтылы ұстаудағы бағалы қағаздармен мәмiленi тiркеу
61-бап. Нақтылы ұстаудағы бағалы қағаздармен мәмiленi тiркеу
Тармақ 1
1. Номиналды ұстаудағы бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеудi номиналды ұстаушы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiнде ол туралы мәліметтер ашып көрсетілген депоненттiң клиентi орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiндегi өзiнiң қосалқы шотының жай-күйi туралы үзiндi көшірме алуға құқылы. Нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiндегi жеке шоттан үзiндiде көрсетiлген бағалы қағаздардың саны, түрi туралы мәлiметтер орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiндегi қосалқы шоты бойынша сондай мәлiметтерге сәйкес келмеген жағдайда орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiнде көрсетiлген мәлiметтер басымдыққа ие болады. Орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiндегi қосалқы шоттан үзiндiнi табыс ету тәртiбi оның iшкi құжаттарымен белгiленедi.
Тармақ 3
3. алып тасталды.
Тармақ 4
4. Номиналды ұстаушы болып табылатын брокердің клиенті кастодианға өтініш жасауға және кастодиандық қызмет көрсетуге берілген өзіне тиесілі бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары туралы үзінді көшірмені алуға құқылы. Үзінді көшірмені берудің шарттары мен тәртібі осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде, кастодианның ішкі құжаттарында белгіленеді.
Бап 62. 62-бап. Нақтылы ұстаушының ақпаратты ашуы
62-бап. Нақтылы ұстаушының ақпаратты ашуы
Тармақ 1
1. Нақтылы ұстаушы орталық депозитарийдiң және эмитенттiң талап етуi бойынша, өзiнiң нақтылы ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы мәлiметтердi табыс етуге мiндеттi. Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде аталған ақпаратты табыс ету тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР 08.07.2005 № 72 Заңымен.
Тарау 11. 11-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлік және дилерлік қызмет
11-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлік және дилерлік қызмет
Бап 63. 63-бап. Брокерлiк және (немесе) дилерлiк қызметтi жүзеге асыру тәртiбi
63-бап. Брокерлiк және (немесе) дилерлiк қызметтi жүзеге асыру тәртiбi
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк қызмет және дилерлiк қызмет брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензия негiзiнде жүзеге асырылады. Брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығымен немесе клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығынсыз болуы мүмкiн. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда уәкiлеттi орган дилерлік қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензия беруге құқылы. Брокер және (немесе) дилер уәкілетті органның банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған тиісті лицензиясы негізінде мынадай банк операцияларын жүзеге асыруға құқылы: 1) заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу; 2) жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу; 3) аударым операциялары: төлемдер мен ақша аударымдары бойынша жеке және заңды тұлғалардың тапсырмаларын орындау; 4) ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен банктік қарыз операциялары; 5) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын қоспағанда, шетел валютасымен айырбастау операциялары. Брокердің және (немесе) дилердің осы тармақта көзделген банк операцияларын жүргізу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
Тармақ 2
2. Брокер және (немесе) дилер осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасу тәртiбiне және шарттарына қойылатын талаптарды сақтауға мiндеттi. Эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасаудың осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртібін және (немесе) шарттарын бұзғаны үшін брокер және (немесе) дилер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
Тармақ 3
3. Брокер мен оның клиенттерiнiң арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтықкодексiнде белгiленген тапсырма немесе комиссия шартының нормалары қолданылатын брокерлiк қызмет көрсету туралы шарт негiзiнде туындайды. Тапсырма шартының нормалары – номиналды ұстау қызметтерін ұсыну бөлігінде, ал комиссия шартының нормалары ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында брокерлік қызметтер көрсету бөлігінде қолданылады. Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында брокерлік қызметтер көрсету брокерлік шарт тараптарының келісімі бойынша тапсырма шартының немесе комиссия шартының негізінде ұсынылады.
Тармақ 3-1
3-1. Номиналды ұстаушы болып табылатын брокер және (немесе) дилер уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және шарттарда өзінің клиенттеріне электрондық көрсетілетін қызметтер, оның ішінде жеке шот ашу бойынша, бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу бойынша, сондай-ақ ақпараттық операциялар жасау бойынша көрсетілетін қызметтер ұсынуға құқылы.
Тармақ 3-2
3-2. Брокер және (немесе) дилер осы Заңда белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, өз клиенттеріне ұйымдастырылмаған (биржадан тыс) шетелдік валюта және қор нарықтарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарықтарында мәмілелер жасауға байланысты мәселелер бойынша консультациялық, ақпараттық көрсетілетін қызметтер және (немесе) клиенттердің есебінен және мүдделерінде осы нарықтарда мәмілелер жасасу бойынша көрсетілетін қызметтер ұсынуға құқылы. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қызметтерді жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында брокерлер және (немесе) дилерлер ғана көрсетуге құқылы.
Тармақ 4
4. Нақтылы ұстаушы ретiндегi клиенттердiң шотын жүргiзу құқығы бар брокер және (немесе) дилердiң ұйымдық құрылымына мынадай құрылымдық бөлiмшелер:
Тармақша 1
1) қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасуды жүзеге асыратын сауда бөлiмшесi;
Тармақша 2
2) қаржы құралдарымен мәмiлелердiң орындалуын, қаржы құралдарын және сол брокер және (немесе) дилер мен оның клиенттерiнiң ақшасын есепке алуды жүзеге асыратын есеп айырысу бөлiмшесi;
Тармақша 3
3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне және номиналды ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығы бар брокердің және (немесе) дилердiң ішкі құжаттарына сәйкес өзге де құрылымдық бөлімшелері енуге тиiс.
Тармақ 5
5. Нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығы бар брокер және (немесе) дилердiң сауда бөлiмшесi басшы қызметкерлерiнiң сол брокер және (немесе) дилердiң есеп айырысу бөлiмшесiнiң басшы қызметкерiнiң мiндеттерiн орындауға және керiсiнше жасауға құқығы жоқ.
Тармақ 6
6. Алып тасталды - ҚР 19.02.2007 № 230 Заңымен.
Бап 64. 64-бап. Брокер және (немесе) дилердiң мәмiлелер жасауы
64-бап. Брокер және (немесе) дилердiң мәмiлелер жасауы
Тармақ 1
1. Брокер және (немесе) дилер клиенттің бұйрығына сәйкес және (немесе) клиент бұрын жасасқан маржалық мәмілелер шеңберінде көзделген шарттар негізінде қаржы құралдарымен мәмілелер жасайды. Клиенттер бұйрықтарының түрлерi, олардың мазмұны және ресiмделуi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсінде және брокердің және (немесе) дилердiң iшкi құжаттарында айқындалады.
Тармақ 2
2. Клиенттiң бұйрығын орындауды брокер және (немесе) дилер сол бұйрықта көрсетiлген мәмiле жacaу талаптарын сақтай отырып жүзеге асырады. Егер мәмiле жасау кезiнде мәмiленiң талаптарын өзгерту қажет болса, брокер және (немесе) дилер өз iс-әрекетiн клиентпен келiсiп алуға мiндеттi. Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда брокер және (немесе) дилер мәмiленi өз мүддесiнен клиенттiң мүддесi басым екендiгiн негiзге ала отырып жасауға мiндеттi.
Тармақ 2-1
2-1. Алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Тармақ 2-2
2-2. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызмет шеңберінде брокер және (немесе) дилер брокердің шоттарындағы өз клиенттерінің ақшасын, бағалы қағаздары мен туынды қаржы құралдарын өз мүдделерінде немесе үшiншi тұлғалардың мүдделерiнде пайдалануға құқылы емес.
Тармақ 3
3. Брокер және (немесе) дилер эмитентке:
Тармақша 1
1) андеррайтер ретiнде немесе эмиссиялық консорциум құрамында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру;
Тармақша 2
2) қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қаржы құралдары бойынша баға белгілеуді жариялау және ұстау;
Тармақша 3
3) бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болу мәселелері бойынша консультациялық қызметтер ұсыну жөніндегі қызметтерді көрсетуге құқылы. Брокер және (немесе) дилер эмитентке осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында аталған қызметтерді көрсеткен кезде осы эмитенттің облигацияларын ұстаушылар өкілі болуға құқылы емес.
Тармақ 4
4. Эмиссиялық консорциумға қатысушылардың эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнiндегi бiрлескен қызметiн жүзеге acырудың талаптары мен тәртiбi эмиссиялық консорциумға қатысушылар болып табылатын андеррайтерлердiң бiрлескен қызметi туралы шартта белгiленедi, онда мынадай мәлiметтер:
Тармақша 1
1) эмиссиялық консорциумға қатысушылардың функциялары;
Тармақша 2
2) эмиссиялық консорциумға қатысушылар арасындағы құқықтарды, мiндеттердi және жауапкершiлiктi бөлiсу;
Тармақша 3
3) бiрлескен қызмет туралы шарттың қолданылу мерзiмi болуға тиiс.
Тармақ 5
5. Эмитент пен андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасындағы қатынастар жазбаша нысанда жасалған шартпен реттеледi.
Тармақ 6
6. Андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздарды, цифрлық қаржы активтерін орналастыруды мынадай тәсiлдермен:
Тармақша 1
1) андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмитенттен кейіннен басқа инвесторларға сату мақсатында барлық орналастырылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды, цифрлық қаржы активтерін сатып алатын «тұрақты мiндеттемелер» тәсiлiмен;
Тармақша 2
2) андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздарды, цифрлық қаржы активтерін инвесторларға ұсыну арқылы оларды орналастыру бойынша өзінің барлық ықтимал күш-жiгерiн салуға мiндеттенетiн «ең үздік күш салу» тәсiлiмен;
Тармақша 3
3) және эмитент пен андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасында жасалған шарт талаптарына сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарды, цифрлық қаржы активтерін орналастырудың өзге де тәсiлдерiмен жүзеге асыруға құқылы.
Бап 64-1. 64-1-бап. Өтініш берушілердің жолданымдарын қарау
64-1-бап. Өтініш берушілердің жолданымдарын қарау
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым жеке және заңды тұлғалардың бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асырумен байланысты жолданымдарын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру тәртібіне сәйкес қарайды.
Тармақ 2
2. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның жолданымдарды қарау мерзімі олар бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымға келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс. Жолданымды дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау қажет болған кезде қарау мерзімі он бес жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін, бұл туралы өтініш берушіге мерзімді ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады.
Тармақ 3
3. Жолданымды қарау нәтижелері бойынша бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым өтініш берушіге оның жолданымының мәні бойынша жауап (шешім) жіберуге міндетті.
Тармақ 4
4. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым өтініш берушінің жолданымдарын:
Тармақша 1
1) жолданымда жауап жіберілуге тиіс мекенжай көрсетілмеген;
Тармақша 2
2) жолданымда өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және оның жеке сәйкестендіру нөмірі немесе толық атауы және оның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетілмеген;
Тармақша 3
3) жолданымда былапыт не балағат сөздер, бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның мүлкіне қауіптер, оның жұмыскерінің және (немесе) оның отбасы мүшелерінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне қауіптер болған;
Тармақша 4
4) жолданым мәтіні оқуға келмейтін;
Тармақша 5
5) жолданымды уәкілетті емес тұлға берген жағдайларда қараусыз қалдыруға тиіс. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым өтініш берушінің жолданымын қараусыз қалдыру себептерін көрсете отырып, жолданым алынған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жауап жібереді.
Тармақ 5
5. 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 16.01.2026 № 259-VIII Заңымен.
Тармақ 6
6. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органға тізбесі, нысандары, ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін, жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен жолданымдары бойынша есептілікті ұсынады.
Тармақ 7
7. Осы бапта белгіленген талаптар бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның брокерлік қызметтер көрсету туралы шарт жасасуға (брокерлік қызметтер көрсету туралы шарттың талаптарына қосылуға) берілген өтініштерді қарауына қолданылмайды.
Тарау 12. 12-тарау. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызмет
12-тарау. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызмет
Тарау 13. 13-тарау. Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызмет
13-тарау. Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызмет
Бап 69. 69-бап. Инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегiқызметтi жүзеге асыру
69-бап. Инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегiқызметтi жүзеге асыру
Тармақ 1
1. Инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде және (немесе) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi. «Өмірді сақтандыру» саласындағы қызметті жүзеге асыратын және бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар сақтандыру ұйымының инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. Бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушылардың қызметі «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет қызметтің мынадай кіші түрлерін:
Тармақша 1
1) ерікті зейнетақы жарналарын (ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры) тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті;
Тармақша 2
2) ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті қамтиды.
Тармақ 3
3. Инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызмет клиенттiң мүдделерiн көздеп табыс табу мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Инвестициялық портфельдi басқарушылардың басқаруындағы қаржы құралдарына қатысты құқықтарын номиналды ұстаушылар өздерiнiң iшкi құжаттарына сәйкес ескереді.
Бап 70. 70-бап. Инвестициялық портфельдi басқарушылардың функциялары
70-бап. Инвестициялық портфельдi басқарушылардың функциялары
Тармақ 1
1. Инвестициялық портфельдi басқарушылардың функциялары:
Тармақша 1
1) уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актiсiнің талаптарына сәйкес ақшаны эмиссиялық бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына инвестициялау туралы шешiмдер қабылдау;
Тармақша 2
2) қабылданған инвестициялық шешiмдердi орындау мақсаттарында инвестициялық портфельдi басқару процесiнде бағалы қағаздар нарығының субъектiлерiмен өзара iс-қимыл жасау;
Тармақша 3
3) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде және өздерінің iшкi құжаттарында белгiленген тәртiппен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалатын мәмiлелердi есепке алуды жүргiзу;
Тармақша 4
4) инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi шарттың талаптарын орындау болып табылады.
Тармақ 2
2. Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығы бар инвестициялық портфельді басқарушы осы баптың 1-тармағында көзделген функциялардан басқа, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде көзделген функцияларды жүзеге асырады. «Өмірді сақтандыру» саласындағы қызметті және инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы осы баптың 1-тармағында көзделген функциялардан басқа, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, инвестициялық портфельдi басқарушылар басқаруындағы эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарына қатысты пайдалану және билiк ету жөнiндегi құқықтарын жүзеге асыруға құқылы.
Бап 71. 71-бап. Инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты тыйым салу
71-бап. Инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты тыйым салу
Бап 72. 72-бап. Инвестициялық комитеттің қызметі. Инвестициялық комитет мүшелеріне қойылатын талаптар
72-бап. Инвестициялық комитеттің қызметі. Инвестициялық комитет мүшелеріне қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының меншікті активтеріне және (немесе) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы (инвестициялық портфельді басқарушы) инвестициялық басқаруға қабылдаған активтерге қатысты инвестициялық шешімдер қабылдауды құрамында кемінде үш адам болуға тиіс инвестициялық комитет жүзеге асырады. Инвестициялық комитет мүшелерінің кемінде жартысы өздерін кәсіби қатысушының басшы қызметкерлеріне тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімін алған бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының басшы қызметкерлері болуға тиіс. Осы тармақтың талаптары трансфер-агентке, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында кастодиандық және (немесе) брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар банкке және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолданылмайды.
Тармақ 2
2. Инвестициялық комитеттің мүшелерін сайлауды бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушының атқарушы органы жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық комитетінің құрамына осы инвестициялық портфельді басқарушының қызметкерлері болып табылмайтын адамдар кірмеуге тиіс.
Тармақ 3-1
3-1. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқарушының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен жасалған шартқа сәйкес зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық комитетінің құрамына қойылатын қосымша талаптар белгіленеді.
Тармақ 4
4. Инвестициялық комитеттің отырысы инвестициялық комитеттің сайланған мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы, бірақ инвестициялық комитеттің кемінде үш мүшесі қатысқан жағдайда өткізіледі. Инвестициялық комитеттiң шешiмдерi оның отырысына қатысатын мүшелердің көпшiлiк дауысымен қабылданады және жазбаша түрде ресiмделедi.
Тармақ 5
5. Инвестициялық комитет мүшесі инвестициялық шешімдерді қабылдау бөлігінде өзіне жүктелген функцияларды орындауды өзге тұлғаларға беруге құқылы емес.
Тармақ 6
6. Инвестициялық комитет мүшелері осы инвестициялық комитет мүшесінің мүдделері мен бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушының және (немесе) оған активтері инвестициялық басқаруға берілген клиенттердің мүдделері бір-біріне сәйкес келмеуіне байланысты мән-жайлардың болуы туралы ақпаратты бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушының атқарушы органының назарына жеткізуге міндетті. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар басталған кезде инвестициялық комитет мүшесі инвестициялық комитеттің отырысына қатысуға және инвестициялық комитет қабылдайтын шешімдерге қандай да бір ықпал етуге құқылы емес.
Тармақ 7
7. Инвестициялық комитет отырысының қорытындылары бойынша хаттама жасалады, оған инвестициялық комитеттің төрағасы мен инвестициялық комитеттің отырысына қатысушы барлық мүшелері қол қояды және онда инвестициялық комитеттің әрбір мүшесінің пікірі мен қабылданған шешімнің негіздемесі қамтылады.
Тармақ 8
8. Инвестициялық комитет бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушының өз активтері не клиенттерінің бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушының инвестициялық басқаруына берілген активтері есебінен мәмілелер жасау туралы, осы активтерді мақсатқа сай емес пайдалану, Қазақстан Республикасы заңнамасының, инвестициялық декларацияның талаптарын бұзу көзделетін шешімдерді жүйелі түрде (соңғы он екі ай ішінде үш және одан көп рет) қабылдаған жағдайда уәкілетті орган осындай шешімдердің қабылдануы үшін дауыс берген адамды не адамдарды инвестициялық комитет мүшелерінің міндеттерін орындаудан шеттетуге құқылы. Уәкілетті органның адамды не адамдарды инвестициялық комитет мүшелерінің міндеттерін орындаудан шеттету туралы хабарламасы бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушының атқарушы органының назарына жеткізіледі, ол мұны уәкілетті органның хабарламасын алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей уәкілетті орган инвестициялық комитет мүшелерінің міндеттерін орындаудан шеттеткен адамдардың назарына жеткізуге міндетті.
Тармақ 9
9. Уәкілетті органның осы баптың 8-тармағында көрсетілген хабарламасы инвестициялық комитет мүшесінің назарына жеткізілген кезден бастап осы адам инвестициялық комитеттің жұмысына қатысуға құқылы емес және уәкілетті орган инвестициялық комитет мүшесінің міндеттерін орындаудан шеттету туралы шешім қабылдағаннан кейінгі үш жыл ішінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген ұйымдардың инвестициялық комитетінің құрамына сайлана алмайды.
Бап 72-1. 72-1-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы
72-1-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы
Тармақ 1
1. Уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмастан, бірде-бір тұлға өз бетінше немесе басқа тұлғамен (басқа тұлғалармен) бірлесіп: жиынтығында инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей және (немесе) жанама иеленуге және (немесе) пайдалануға және (немесе) оларға билік етуге; инвестициялық портфельді басқарушыға бақылауды жүзеге асыруға; инвестициялық портфельді басқарушы қабылдайтын шешімдерге инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен тікелей және (немесе) жанама ықпал етуге (дауыс беруге) құқылы емес.
Тармақ 2
2. Жиынтығында инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын, оның ішінде базалық активі инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акциялары болып табылатын, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей және (немесе) жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін, тек қана:
Тармақша 1
1) инвестициялық портфельді басқарушы акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру;
Тармақша 2
2) инвестициялық портфельді басқарушының директорлар кеңесі инвестициялық портфельді басқарушы акционерлерінің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда, оны шақыру туралы талап қоюмен сотқа жүгіну;
Тармақша 3
3) инвестициялық портфельді басқарушының акционерлері жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелерді енгізу;
Тармақша 4
4) инвестициялық портфельді басқарушының директорлар кеңесінің отырысын шақыру;
Тармақша 5
5) аудиторлық ұйымның өз есебінен инвестициялық портфельді басқарушыға аудит жүргізуі мәселелері бойынша бірлескен шешімдер қабылдауын көздейтін өздерінің арасында жасалған шарт негізінде әрекет ететін тұлғалар инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы деп танылмайды. Жиынтығында инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын, оның ішінде базалық активі инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акциялары болып табылатын, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей және (немесе) жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе инвестициялық портфельді басқарушыға бақылауды жүзеге асыратын немесе инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен инвестициялық портфельді басқарушы қабылдайтын шешімдерге тікелей және (немесе) жанама ықпал ететін (дауыс беретін) тұлғаларға қойылатын талаптар, сондай-ақ мұндай тұлғалардың инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу тәртібі «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабында белгіленеді.
Тармақ 3
3. Жиынтығында инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздардың он немесе одан көп пайызын тікелей және (немесе) жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін тұлғалар мынадай шарттардың кез келгені болған:
Тармақша 1
1) аталған тұлғалар өздерінің арасында жасалған шартқа (растайтын құжаттарға) орай инвестициялық портфельді басқарушының шешімдеріне бірлесіп ықпал еткен;
Тармақша 2
2) аталған тұлғалар жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болған;
Тармақша 3
3) брокерлік қызметтерді, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметтерді және (немесе) бағалы қағаздарды номиналды ұстау жөніндегі қызметтерді көрсетуге байланысты жағдайларды қоспағанда, аталған тұлғалардың бірі басқа аталған тұлғаға өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларын, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы сатып алуға уәкілеттік берген (міндеттеген);
Тармақша 4
4) аталған тұлғалардың бірі басқа аталған тұлғаға инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларын және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды сатып алу үшін ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті өтеусіз берген;
Тармақша 5
5) аталған тұлғалардың бірі басқа аталған тұлғаның лауазымды тұлғасы болған;
Тармақша 6
6) аталған тұлғалардың бірі, өкіл өкілдік берген тұлғаның нұсқауларына қатаң сәйкестікте әрекет ететін және өкілдік берген тұлғаның атынан өзінің жеке қалауы бойынша әрекет жасауға құқылы емес жағдайларды қоспағанда, басқа аталған тұлғаның өкілі болған;
Тармақша 7
7) аталған тұлғалар жақын туыстар немесе ерлі-зайыптылар болған;
Тармақша 8
8) аталған тұлғалар уәкілетті орган белгілеген жағдайларда инвестициялық портфельді басқарушының шешімдеріне өзгеше түрде бірлесіп ықпал еткен кезде инвестициялық портфельді басқарушының бірлескен ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар деп танылады. Инвестициялық портфельді басқарушы Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес банк конгломератына кірген жағдайда, инвестициялық портфельді басқарушы Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес шоғырландырылған қадағалауға жатады.
Тармақ 4
4. Акциялары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен банк біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде сатып алынған немесе «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68, 97 және 98-баптарында көзделген операция жүзеге асырылған кезде берілген банктің инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін сатып алуына уәкілетті органның келісімі бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері (номиналды ұстау) жүйесінде операция тіркелгеннен кейін берілді деп саналады.
Тармақ 5
5. Тұлға уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілеріне сай болған жағдайда, мұндай тұлға «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабына сәйкес уәкілетті органның жазбаша келісімін алғанға дейін инвестициялық портфельді басқарушы қабылдайтын шешімдерге ықпал етуге бағытталған ешқандай әрекет жасауға және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының акцияларымен, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы дауыс беруге құқылы емес. Уәкілетті орган инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының белгілеріне уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз сай келетін тұлғаға осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын қолдануға, оның ішінде аталған тұлғадан инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларын және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды алты айдан аспайтын мерзімде өткізуді талап етуге құқылы.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган тұлғаның уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының белгілеріне сай келетіні туралы мәліметтерді растайтын немесе теріске шығаратын ақпаратты талап етуге құқылы. Көрсетілген ақпаратты уәкілетті орган оған ие кез келген тұлғадан, сондай-ақ осындай тұлғаның бақылауындағы кез келген ұйымнан талап ете алады.
Тармақ 7
7. Инвестициялық портфельді басқарушы жиынтығында инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы он және одан көп пайызын иеленетін тұлғалар құрамының өзгергені туралы уәкілетті органды осы факт анықталған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде хабардар етуге міндетті.
Тармақ 8
8. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары болып табылатын резидент жеке тұлғалар, сондай-ақ олардың жұбайы (зайыбы) жыл сайын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынуға міндетті.
Бап 72-2. 72-2-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы болуға ниет білдіретін тұлғаларға уәкілетті органның келісім беруден бас тарту негіздері
72-2-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы болуға ниет білдіретін тұлғаларға уәкілетті органның келісім беруден бас тарту негіздері
Тармақ 3
Бап 72-3. 72-3-бап. Қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шаралары
72-3-бап. Қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шаралары
Тармақ 1
1. Уәкілетті орган инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларына:
Тармақша 1
1) осы Заңның 49-бабының 5-тармағында, 55-1-бабының 6-тармағында, 72-1-бабының 3-тармағында көзделген;
Тармақша 2
2) қадағалап ден қоюдың өзге де шараларын қолдану инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің заңды мүдделерін қорғауды, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметпен байланысты тәуекелдерді барынша азайтуды қамтамасыз ете алмаған;
Тармақша 3
3) инвестициялық портфельді басқарушының және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының әрекеттері (әрекетсіздігі) инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жағдайын одан әрі нашарлатуға алып келуі мүмкін жағдайларда, қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолданады.
Тармақ 2
2. Уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар орын алған кезде:
Тармақша 1
1) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғадан, сондай-ақ ірі қатысушысынан олардың тікелей немесе жанама түрде иелік ету үлесін инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының он пайызынан төмен деңгейге дейін азайтуды;
Тармақша 2
2) инвестициялық портфельді басқарушыдан ірі қатысушыға қатысты инвестициялық портфельді басқарушыны тәуекелге ұрындыратын олардың арасындағы операцияларды (тікелей және жанама түрде) жүзеге асыруды тоқтата тұруды;
Тармақша 3
3) инвестициялық портфельді басқарушыдан, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысынан инвестициялық портфельді басқарушыны қосымша капиталдандыру жөнінде шаралар қолдануды талап етуге құқылы.
Тармақ 3
3. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы не ірі қатысушысы белгілері бар тұлға осы баптың 2-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкілетті органның шешімі негізінде инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына не ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаға тиесілі инвестициялық портфельді басқарушының акцияларына сенімгерлік басқару тағайындалады. Осы акциялар уәкілетті органға сенімгерлік басқаруға үш айға дейінгі мерзімге беріледі. Уәкілетті орган инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына не ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаға тиесілі инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдауға құқылы. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына не ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаға тиесілі инвестициялық портфельді басқарушының акциялары ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға берілген жағдайда, акцияларды сенімгерлік басқару тағайындалатын мерзім уәкілетті органның сенімгерлік басқаруды тағайындау туралы тиісті шешімінде айқындалады. Уәкілетті орган не ұлттық басқарушы холдинг инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру кезеңінде акциялардың меншік иесі сенімгерлік басқарудағы акцияларға қатысты қандай да бір іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы емес. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы не ірі қатысушысы белгілері бар тұлға уәкілетті органға инвестициялық портфельді басқарушының барлық өзіне тиесілі акцияларын өтінішхатта көрсетілген тұлғаларға сату туралы өтінішхат беруге құқылы. Өтінішхатта көрсетілген акцияларды иемденушілер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарын орындаған жағдайда уәкілетті орган өтінішхатты қанағаттандырады. Сенімгерлік басқару белгіленген мерзім өткенге дейін инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сенімгерлік басқаруға беруге негіздер жойылмаған кезде уәкілетті орган не ұлттық басқарушы холдинг сенімгерлік басқарудағы акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында акцияларды өткізу туралы шешім қабылданған күнге қалыптасқан нарықтық құн бойынша оларды өткізу арқылы иеліктен шығарады. Акциялардың нарықтық құны туралы ақпарат болмаған жағдайда, бағалаушы акцияларды өткізу бағасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындауы мүмкін. Аталған акцияларды сатудан түскен ақша акциялары сенімгерлік басқаруға берілген тұлғаларға аударылады. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына не ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаға тиесілі инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сату жөніндегі іс-шаралар инвестициялық портфельді басқарушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына не ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаға тиесілі инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру, сондай-ақ уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің сенімгерлік басқару кезеңіндегі іс-әрекеттері тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Бап 72-4. 72-4-бап. Инвестициялық портфельді басқарушы ірі қатысушысының есептілігі
72-4-бап. Инвестициялық портфельді басқарушы ірі қатысушысының есептілігі
Тармақ 1
1. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржылық және өзге де есептілікті ұсынады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасы болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы осы баптың 1-тармағында көзделген есептіліктен басқа салық органына кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде салық органына декларацияны ұсынғаны туралы растаумен бірге уәкілетті органға оның көшірмесін ұсынуға тиіс.
Бап 72-5. 72-5-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының аудиті
72-5-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының аудиті
Тарау 14. 14-тарау. Кастодиандық қызмет
14-тарау. Кастодиандық қызмет
Бап 73. 73-бап. Кастодиандық қызметтi жүзеге асыру тәртiбi
73-бап. Кастодиандық қызметтi жүзеге асыру тәртiбi
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметтi кастодиандық қызмет пен сейфтiк операцияларға лицензиялары бар банктер, кастодиандық қызметке арналған лицензиясы болған кезде орталық депозитарий және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 2
2. Кастодиан өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына және клиентпен жасалған кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi шартқа сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Орталық депозитарий немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылмайтын кастодиан: 1) зейнетақы активтеріне; 2) ашық және (немесе) аралық инвестициялық пай қорының активтеріне; 3) сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша, сақтанушылардан инвестициялау мақсаттары үшін алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шеккен залалдар) есебінен қалыптастырылған активтерге қатысты инвестициялық портфельді үлестес басқарушымен кастодиандық қызмет көрсету шартын жасасуға құқылы емес.
Тармақ 4
4. Кастодианға кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi шартқа сәйкес клиент берген ақша мен қаржы құралдары кастодиандық қызмет объектiлерi болып табылады.
Тармақ 5
Тармақ 6
6. Кастодиан «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушыларға кастодиандық қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетуге құқылы.
Бап 74. 74-бап. Кастодианның функциялары мен мiндеттерi
74-бап. Кастодианның функциялары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Кастодиан мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) ақшаға, эмиссиялық бағалы қағаздарға және кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген өзге де қаржы құралдарына қатысты клиентке шоттар ашу;
Тармақша 2
2) ақшаны, эмиссиялық бағалы қағаздарды және кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген өзге де қаржы құралдарын есепке алуды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) нақтылы ұстауды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) эмиссиялық бағалы қағаздармен және кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша төлем агентiнiң функциясын атқару;
Тармақша 5
5) клиенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарымен мәмiлелердi тiркеу және осы бағалы қағаздар бойынша оның құқықтарын растау;
Тармақша 6
6) эмиссиялық бағалы қағаздар және кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген өзге де қаржы құралдары бойынша кiрiс алу және оны клиенттiң шотына есептеу;
Тармақша 7
7) эмитенттiң тапсырмасы бойынша клиентке ақпарат беру;
Тармақша 8
8) клиентке кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi шартта көзделген өзге де қызметтер көрсету;
Тармақша 9
9) құжатты бағалы қағаздарды және құжатты нысанда шығарылған өзге де қаржы құралдарын сақтау.
Тармақ 2
2. Кастодиан:
Тармақша 1
1) кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi шарттың талаптарын, сондай-ақ клиенттiң бұйрықтарын олардың мазмұнына сәйкес орындауға;
Тармақша 2
2) эмиссиялық бағалы қағаздардың және өз активтерiне қатысты кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген өзге де қаржы құралдарының бөлек сақталуы мен есепке алынуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес, клиенттердiң шоттарын жүргiзу технологиясын сақтауға;
Тармақша 4
4) клиентке тұрақты негiзде немесе оның талап етуi бойынша шоттарының жай-күйi туралы есеп беруге;
Тармақша 4-1
4-1) бағалы қағаздарды және кастодиандық қызмет көрсетуге берілген өзге де қаржы құралдарын ұстаушыға талап етуі бойынша оның шоттарының жай-күйі туралы есептілікті ұсынуға;
Тармақша 5
5) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi.
Бап 75. 75-бап. Кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi шарт
75-бап. Кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi шарт
Тармақ 1
1. Кастодиан мен оның клиентi арасындағы қатынастар кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi шарт негiзiнде туындайды, оған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген сақтау және тапсырма шартының нормалары қолданылады.
Тармақ 2
2. Кастодиан кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi шартты жасасу кезiнде клиенттi өзiнiң iшкi құжаттарымен таныстыруға мiндеттi.
Тармақ 3
3. Кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi шартта:
Тармақша 1
1) клиентке кастодиандық қызмет көрсету жөнiнде қызметтер ұсыну тәртiбi;
Тармақша 2
2) кастодианның және оның клиентiнiң құқықтары мен мiндеттерi;
Тармақша 3
3) кастодианның қызметiне ақы төлеу тәртiбi;
Тармақша 4
4) кастодианның кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген бағалы қағаздары бойынша кiрiс алуының талаптары мен тәртiбi және оны клиенттiң шотына есептеу;
Тармақша 5
5) кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi шартты бұзу тәртiбi;
Тармақша 6
6) тараптардың жауапкершiлiгi;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де талаптар болуға тиiс.
Тарау 15. 15-тарау. Трансфер-агенттік қызмет
15-тарау. Трансфер-агенттік қызмет
Бап 76. 76-бап. Трансфер-агенттiк қызметтi жүзеге асырудың талаптары мен тәртiбi
76-бап. Трансфер-агенттiк қызметтi жүзеге асырудың талаптары мен тәртiбi
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттiк қызмет трансфер-агент клиенттерiнiң арасындағы құжаттарды (ақпаратты) қабылдау және беру мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттiк қызметтi жүзеге асырудың талаптары мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен және лицензиаттың iшкi құжаттарымен белгiленедi.
Бап 77. 77-бап. Трансфер-агенттiң функциялары
77-бап. Трансфер-агенттiң функциялары
Тармақ 1
1. Трансфер-агент мынадай функцияларды:
Тармақша 1
1) өзi тапсыру үшiн алған құжаттарды тiркеу және есепке алу;
Тармақша 2
2) клиенттерге берiлген құжаттарды тiркеу және есепке алу;
Тармақша 3
3) трансфер-агенттiк қызметтi жүзеге асырған кезде қолданылатын электрондық деректер базасының сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) трансфер-агенттiк қызметтi жүзеге асырған кезде қолданылатын электрондық жүйелердi жұмысқа қабiлеттi жағдайда ұстау;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Трансфер-агент пен оның клиенттерi арасындағы қатынастар трансфер-агенттiк қызмет көрсету жөнiндегi шарт негiзiнде туындайды, оған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тапсырма шартының нормалары қолданылады.
Тарау 15-1. 15-1-тарау. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметі
15-1-тарау. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметі
Бап 77-1. 77-1-бап. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асырудың шарттары мен тәртібі
77-1-бап. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асырудың шарттары мен тәртібі
Тармақ 1
1. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметіне лицензиясы бар ұйымдар, орталық депозитарий қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін (бұдан әрі осы тарауда – клиринг ұйымдары) жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 2
2. Орталық депозитарий және (немесе) қор биржасы және (немесе) клирингтік ұйым және (немесе) аударым операцияларына арналған лицензиясы бар өзге де ұйым есеп айырысу ұйымы болып табылуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Есеп айырысу ұйымы клиринг ұйымының бұйрықтары және (немесе) қор биржасының мәміле жасасу фактісін растайтын құжаты және (немесе) есеп айырысу ұйымы өзінің қағидаларына сәйкес есеп айырысулар үшін негіз ретінде қабылдайтын өзге де құжат негізінде қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асырады.
Тармақ 3-1
3-1. Орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын клирингтік ұйым клирингтік қатысу сертификаттарын шығаруға құқылы.
Тармақ 3-2
3-2. Орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын клирингтік ұйымның клирингтік қатысу сертификаттарын шығару, сондай-ақ клирингтік ұйымның кепілдік немесе резервтік қорындағы активтерді есепке алу тәртібі клирингтік ұйымның қағидаларында айқындалады.
Тармақ 3-3
3-3. Клирингтік қатысу сертификаттарын орналастыру, олардың айналысы мен өтеу тәртібі клирингтік ұйымның қағидаларында айқындалады.
Тармақ 4
4. Клиринг ұйымының директорлар кеңесі қаржы құралдарымен мәмілелердің орындалмауы тәуекелдерін төмендету үшін клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жүйесін құруды және оның жұмыс істеуін, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтыруларды қамтамасыз етуге міндетті. Клиринг ұйымының орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын немесе мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындаудың қандай да бір кепілдіктерін ұсынатын тәуекелдерді басқару жүйесі клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларын қалыптастыруды қамтиды. Клирингтік ұйым өз міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамауға не тиісінше орындамауға жол берген клирингтік қатысушының қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындауы үшін клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік қорларының активтерін осы клирингтік ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен қолдануға құқылы. Клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік қорларының активтерін осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мақсаттар үшін пайдаланған жағдайда, клирингтік ұйым қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша өз міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамауға не тиісінше орындамауға жол берген клирингтік қатысушыдан осы активтерді толық көлемде өтеуді талап етуге құқылы. Клирингтік қатысушы қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша өз міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамаған жағдайда, клирингтік ұйым орындалмаған міндеттемелердің мөлшерінен аспайтын мөлшерде осы клирингтік қатысушының көрсетілген мәмілелер бойынша қарсы талаптарын орындамайды.
Тармақ 4-1
4-1. Клирингтік ұйым клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларының және клирингтік қатысушылардың өзге де қамтамасыз етуінің құрамына кіретін маржалық жарналар мен ақшаны клирингтік ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен және шарттарда инвестициялайды. Клирингтік ұйым клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарналардың, маржалық жарналардың, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз етудің клирингтік ұйымның басқа активтерінен оқшауланған есебін, сондай-ақ клирингтік ұйымның клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарналардың, маржалық жарналардың, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз етудің инвестициялары нәтижесінде сатып алынған активтерін есепке алуды қамтамасыз етеді. Клирингтік ұйымның осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген оқшауланған активтерін клирингтік ұйым клирингтік қызметті жүзеге асыруға арналған шоттарда есепке алады. Клирингтік қызметті жүзеге асыруға арналған шоттарда осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілгеннен өзгеше активтерді сақтауға жол берілмейді.
Тармақ 4-2
4-2. Клирингтік ұйымның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шоты, клирингтік ұйымның орталық депозитарийдегі корреспонденттік шоты, клирингтік ұйымның Қазақстан Республикасының банктеріндегі және шетелдік банктердегі корреспонденттік шоттары, клирингтік ұйымның номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде ашылған, клирингтік қатысушылар клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарналар, маржалық жарналар, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету ретінде аударған қаражат есебінен жүзеге асырылған клирингтік ұйымның инвестицияларын есепке алуға арналған шот болып табылатын жеке шоты осы баптың 4-1-тармағының үшінші бөлігінде белгіленген шоттар болып табылады.
Тармақ 4-3
4-3. Клирингтік ұйым клирингтік қызметті жүзеге асыруға арналған шоттарда есепте тұрған қаржы құралдарын меншікті активтерден бөлек есепке алады және бұлар оның банкрот болу жағдайында мүліктік массаға және (немесе) таратылған кезде оның мүлкінің құрамына осы баптың 4-4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, енгізілмейді.
Тармақ 4-4
4-4. Клирингтік ұйымның резервтік қорының қаражаты ол банкрот болған жағдайда мүліктік массаның құрамына және (немесе) таратылған кезде оның мүлкінің құрамына клирингтік ұйым өзінің клирингтік қатысушылары алдындағы барлық міндеттемелерін атқарғаннан кейін қалған бөлігінде енгізіледі.
Тармақ 5
5. Клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымындағы тәуекелдер мониторингінің, оларды бақылау мен басқарудың шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде және клиринг ұйымының ішкі құжаттарында белгіленеді.
Тармақ 6
6. Клиринг ұйымының директорлар кеңесі клиринг ұйымының көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын субъектілермен клиринг ұйымының өзара қарым-қатынастарын айқындайтын, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асырудың қағидаларын бекітуге тиіс. Клиринг ұйымының қағидаларын сақтау клиринг ұйымының көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады.
Тармақ 6-1
6-1. Клирингтік ұйым қағидалар бекітілген не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органды растайтын құжаттарды қоса бере отырып хабардар етеді.
Тармақ 7
7. Клиринг ұйымы есеп айырысу ұйымы мен клиринг қатысушылары арасындағы тиісті қосылу шарттарында белгіленген талаптармен және тәртіппен есеп айырысу ұйымына клиринг қатысушыларының есеп айырысу ұйымында ашылған шоттары бойынша қаржы құралдарын аударуға (есептен шығаруға, есепке жазуға), оларға ауыртпалық салуға бұйрықтар береді.
Тармақ 8
8. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асырудың шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленеді.
Тармақ 9
9. Клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) клирингтік қатысушысы дефолт, банкрот болған және (немесе) таратылған, клирингтік қатысушы қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік ұйым алдындағы өз міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметтің нысанасы болып табылатын клирингтік қатысушының міндеттемелері жасалған мәмілелер бойынша өз міндеттемелерін, оның ішінде мәмілелер бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара қамтамасыз ету, маржалық жарналар, клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарналар болып табылатын қаржы құралдарын осы клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) толық пайдалануы есебінен орындаған жағдайда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және осы клирингтік ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген шарттарда және тәртіппен тоқтатылады.
Бап 77-2. 77-2-бап. Клиринг ұйымының функциялары
77-2-бап. Клиринг ұйымының функциялары
Тармақ 1
1. Мыналар клиринг ұйымының функциялары болып табылады:
Тармақша 1
1) жасалған мәмілелер бойынша ақпаратты клиринг ұйымының ішкі құжаттарына сәйкес қабылдау және өңдеу, оны салыстырып тексеру және түзету;
Тармақша 2
2) жасалған мәмілелердің өлшемдерін, оларды растау, толық немесе ішінара орындалуы немесе орындалмауы туралы ақпаратты есепке алу;
Тармақша 3
3) қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу нәтижесінде қаржы құралдарымен мәмілелер қатысушыларының, есеп айырысуларға қатысатын субъектілердің (қаржы құралдарының төленуін және аударылуын жүзеге асыратын мәміле тараптарының) талаптарын және (немесе) міндеттемелерін айқындау;
Тармақша 4
4) есеп айырысу ұйымының клиринг қызметінің нәтижелері бойынша бұйрықтарды дайындау және беру;
Тармақша 4-1
4-1) клирингтік ұйым орталық контрагенттің функцияларын орындаған жағдайда, клирингтік қатысу сертификаттарын шығару;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында және клиринг ұйымының ішкі құжаттарында көзделген өзге де функциялар.
Тармақ 2
2. Клиринг ұйымы мен оның клиенттері арасындағы қатынастар клиринг қызметін көрсетуді жүзеге асыру туралы шарт негізінде туындайды, онда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген қосылу шартының нормалары қолданылады.
Бап 77-3. 77-3-бап. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидалары
77-3-бап. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидалары
Тармақ 1
1. Клиринг ұйымының қағидаларын оның атқарушы органы әзірлейді, оны клиринг ұйымының директорлар кеңесі бекітеді.
Тармақ 2
2. Клиринг ұйымының қағидалары клиринг ұйымы көрсететін қызметтерді пайдаланатын субъектілермен клиринг ұйымының өзара қарым-қатынастарын, сондай-ақ қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асырудың шарттары мен тәртібін айқындайды және мыналарды:
Тармақша 1
1) сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларға қойылатын талаптарды, оның ішінде сауда-саттыққа клирингтік қатысушысының қаржылық тұрақтылығын ұстап тұру жөніндегі міндетті;
Тармақша 2
2) сауда-саттыққа клирингтік қатысушы мәртебесін берудің (қолданысын тоқтата тұрудың, айырудың) тәртібі мен шарттарын;
Тармақша 3
3) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың клиринг ұйымына сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың қаржылық жай-күйіне мониторингті жүзеге асыру, сауда-саттыққа клирингтік қатысушылары клиринг ұйымы қағидаларының талаптарына сәйкес келуі үшін беретін олардың қызметі туралы ақпарат тізбесін, сондай-ақ осы ақпаратты ұсынудың тәртібі мен мерзімдерін;
Тармақша 4
4) клиринг ұйымы сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардан және уәкілетті органнан алған ақпаратқа билік ету тәртібін;
Тармақша 5
5) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың қаржылық жай-күйінің мониторингі, сондай-ақ сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың клиринг ұйымы қағидаларының талаптарына сәйкес келу тәртібін;
Тармақша 6
6) клирингтік ұйымның кепілдік қорларын қалыптастыру тәртібі мен шарттарын, клирингтік ұйымның кепілдік қорларындағы активтерді есепке алу тәртібін, сондай-ақ клирингтік ұйымның жарналары мен алымдарын төлеу тәртібі мен шарттарын;
Тармақша 6-1
6-1) клирингтік қатысу сертификаттарын шығару, орналастыру, олардың айналысы мен өтеу тәртібін;
Тармақша 7
7) резервтік қорлардың түрлерін, клирингтік ұйымның резервтік қорларды қалыптастыру тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ клирингтік ұйымның резервтік қорларындағы активтерді есепке алу тәртібін;
Тармақша 8
8) жасалған мәмілелер бойынша ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау, алшақтықтар болған кезде, оны салыстырып тексеру мен түзету тәртібін;
Тармақша 9
9) клиринг ұйымының қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің өлшемдерін есепке алуы мен растауы тәртібін;
Тармақша 10
10) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың талаптарын және (немесе) міндеттемелерін айқындау тәртібін;
Тармақша 11
11) клиринг қызметінің нәтижелері бойынша міндеттемелерді орындаудың тәртібін, шарттарын және тәсілдерін;
Тармақша 12
12) клиринг ұйымының сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларға қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметінің нәтижелері жөніндегі есептерді ұсыну тәртібін;
Тармақша 13
13) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметінің нәтижелері жөніндегі ақпаратты дайындау және есеп айырысу ұйымына, сауда-саттықты ұйымдастырушыға және (немесе) тауар биржасына беру тәртібін;
Тармақша 14
14) клиринг ұйымы мен сауда-саттыққа клирингтік қатысушылар арасындағы қатынастарды айқындайтын клирингтік қызмет көрсетуді жүзеге асыру туралы шарттардың үлгі нысандарын;
Тармақша 15
15) клиринг ұйымы есеп айырысу ұйымымен, сауда-саттықты ұйымдастырушымен және (немесе) тауар биржасымен жасайтын шарттың мазмұнына қойылатын талаптарды;
Тармақша 16
16) клиринг ұйымының орталық контрагенттің функцияларын орындауы тәртібі мен шарттарын айқындайтын ережелерді;
Тармақша 17
17) осы Заңның 77-2-бабында белгіленген, клиринг ұйымының функцияларын іске асыру үшін айқындалуы қажет ережелерді қамтиды.
Тармақ 3
3. Осы баптың 2-тармағында санамаланған құжаттар клиринг ұйымының қағидаларын құрайды және клиринг ұйымының жекелеген құжаттары ретінде ресімделеді не клиринг ұйымының бірыңғай қағидаларының құрамына енгізіледі.
Тарау 16. 16-тарау. Орталық депозитарий
16-тарау. Орталық депозитарий
Бап 78. 78-бап. Орталық депозитарий қызметiнiң негiзгiқағидаттары
78-бап. Орталық депозитарий қызметiнiң негiзгiқағидаттары
Тармақ 1
1. Орталық депозитарийдің бағалы қағаздар нарығында және цифрлық активтер нарығында қызметті жүзеге асыру шарттары мен тәртібі осы Заңда, «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде, сондай-ақ орталық депозитарийдің ішкі құжаттарында – қағидалар жинағында белгіленеді.
Тармақ 1-1
1-1. Орталық депозитарий шарт негізінде шетелдік қаржы ұйымдарына және «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген ұйымдарға қызмет көрсетуге құқылы. Орталық депозитарий мен шетелдік қаржы ұйымы немесе «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген ұйым арасында жасалған шартта көрсетілетін қызметтер тізбесі қамтылуға тиіс, оларды көрсету шарттары мен тәртібі, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, тараптардың келісімімен таңдалған елдің құқығына сәйкес немесе «Астана» халықаралық қаржы орталығының актілеріне сәйкес айқындалады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және халықаралық қаржы ұйымдары ғана орталық депозитарийдiң құрылтайшылары мен акционерлері бола алады. Орталық депозитарийдiң акцияларын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тікелей және (немесе) жанама иелену үлесі орталық депозитарийдiң дауыс беретін акцияларының жалпы санының елу пайызынан астамын құрайды. Қор биржасын қоспағанда, бағалы қағаздар нарығына әрбір кәсіби қатысушының және әрбір халықаралық қаржы ұйымының орталық депозитарийінің акцияларын иелену үлесі орталық депозитарийдің орналастырылған акцияларының жалпы санының бес пайызынан аспайды.
Тармақ 3
3. Мыналар орталық депозитарийдің клиенттері болып табылады:
Тармақша 1
1) уәкілетті органның лицензиясы негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес номиналды ұстау шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
Тармақша 2
2) уәкілетті органның лицензиясы негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес номиналды ұстау шоттарын жүргізу құқығынсыз бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
Тармақша 3
3) уәкілетті органның лицензиясы негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
Тармақша 4
4) шетелдiк депозитарийлер, қаржы құралдарының кастодиандары және (немесе) номиналды ұстаушылары болып табылатын депоненттер;
Тармақша 5
5) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті және (немесе) орталық контрагенттің қызметін жүзеге асыратын ұйымдар;
Тармақша 6
6) шетелдік дилерлер және (немесе) қор биржасының мүшелері және (немесе) клирингтік ұйымның клирингтік қатысушылары болып табылатын өзге де заңды тұлғалар;
Тармақша 6-1
6-1) «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын ұйым;
Тармақша 6-2
6-2) цифрлық қаржы активтерінің эмитенттері;
Тармақша 6-3
6-3) цифрлық қаржы активтері платформасының операторлары;
Тармақша 6-4
6-4) цифрлық активтер сауда платформасының операторлары;
Тармақша 7
7) номиналды ұстау туралы шарт талаптарына және орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес осы тұлғалардың жекелеген деректемелерін ашып көрсетпей, депонент ұсынған мәліметтердің негізінде орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде қосалқы шоттар ашылған тұлғаларды қоспағанда, депоненттердің клиенттері;
Тармақша 8
8) іскерлік қатынастар орнату рәсімінен өткен өзге де жеке және заңды тұлғалар.
Бап 79. 79-бап. Орталық депозитарийдi басқару
79-бап. Орталық депозитарийдi басқару
Тармақ 1
1. Орталық депозитарийдiң органдары, олардың функциялары мен өкiлеттiктерi, олардың шешiмдерiн қалыптастыру және қабылдау тәртiбi осы Заңмен, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен, орталық депозитарийдiң жарғысымен және оның iшкi құжаттарымен белгiленедi.
Тармақ 1-1
1-1. Осы Заңның 54-бабының және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-4-бабының бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыға қатысты талаптары орталық депозитарийдің басшы қызметкерлеріне қолданылады.
Тармақ 2
2. Орталық депозитарийдің директорлар кеңесінің құрамына уәкілетті органның жазбаша хабарламасы негізінде уәкілетті органның өкілі тұрақты негізде дауыс беру құқығымен кіреді.
Бап 80
Бап 79-1. 79-1-бап. Консультативтік кеңес
79-1-бап. Консультативтік кеңес
Тармақ 1
1. Консультативтік кеңес орталық депозитарий клиенттерінің мүдделерін білдіретін алқалы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Консультативтік кеңес мүшелерінің негізгі міндеттері, өкілеттік мерзімі және оларды сайлау тәртібі, олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ консультативтік кеңестің отырыстарын шақыру, дайындау және өткізу тәртібін қоса алғанда, оның қызметін ұйымдастыру тәртібі орталық депозитарийдің директорлар кеңесі бекітетін консультативтік кеңес туралы ережеде айқындалады.
Тармақ 3
3. Консультативтік кеңестің құзыретіне консультативтік кеңес туралы ережеде айқындалған, орталық депозитарий қызметінің мәселелерін алдын ала қарау жатады.
Тармақ 4
4. Консультативтік кеңестің шешімдері жазбаша түрде ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.
Бап 80. 80-бап. Орталық депозитарийдiң қызметiн жүзеге асыру тәртiбi
80-бап. Орталық депозитарийдiң қызметiн жүзеге асыру тәртiбi
Тармақ 1
1. Депозитарийлік қызметтi жүзеге асыру процесiнде орталық депозитарий:
Тармақша 1
1) депоненттерге қаржы құралдарын номиналды ұстау қызметтерiн көрсетедi;
Тармақша 2
2) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелер бойынша және оның депоненттерінің, сондай-ақ өзге де клиенттердің қатысуымен ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелер бойынша қаржы құралдарымен есеп айырысуларды жүзеге асырады;
Тармақша 2-1
2-1) Қазақстан Республикасының резидент-қаржы ұйымдарына және (немесе) шетелдік депозитарийлер, кастодиандар және (немесе) қаржы құралдарының номиналды ұстаушылары болып табылатын депоненттерге олардың клиенттері-Қазақстан Республикасының резиденттерін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсаттары үшін тиісінше тексеру жөніндегі қызмет көрсету шарты негізінде көрсетеді;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына және өзiнiң қағидалар жинағына сәйкес мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарға депозитарийлік қызмет көрсетудi жүзеге асырады;
Тармақша 3-1
3-1) бағалы қағаздар нарығында қызметтің барлық немесе жекелеген түрлерін жүргізуге арналған лицензиядан айырылған және өз клиентіне активтерді қайтару жөніндегі міндеттемелерді орындамаған номиналды ұстаушының клиентіне номиналды ұстаудағы активтерді қайтаруды жүзеге асырады, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған тәртіппен мұндай клиенттің активтеріне қатысты басқа операцияларды жүзеге асырады; 3-2) құжаттама нысанында шығарылған бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының сақталуын жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да қызмет түрлерiн көрсетедi.
Тармақ 4-1
Тармақ 2
2. Орталық депозитарий банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға арналған лицензиясы болған кезде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді;
Тармақша 2
2) жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді;
Тармақша 3
3) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашуды және жүргізуді;
Тармақша 4
4) аударым операцияларын: төлемдер мен ақша аударымдары бойынша жеке және заңды тұлғалардың тапсырмаларын орындауды;
Тармақша 5
5) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын қоспағанда, шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқылы.
Тармақша 6
Орталық депозитарийде уәкілетті органның осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы болған кезде, орталық депозитарий қаржы құралдарын өтеу және (немесе) олар бойынша кірісті төлеу кезінде төлем агентінің функцияларын жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 3
3. Орталық депозитарий қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асырады немесе клирингтік ұйымдарға және (немесе) ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығының орталық контрагенттеріне уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген шарттармен және тәртіппен қызметтер көрсетеді.
Тармақ 3-1
3-1. Орталық депозитарий бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген шарттармен және тәртіппен жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Орталық депозитарий бағалы қағаздарды және цифрлық қаржы активтерін ұстаушылардың тiзiлiмдері жүйесiн жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру процесiнде:
Тармақша 1
1) бағалы қағаздарды және цифрлық қаржы активтерін ұстаушылардың тiзiлiмдері жүйесiн қалыптастыруды, жүргізуді және сақтауды;
Тармақша 2
2) тіркелген тұлғаға бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдері жүйесiнде жеке шот ашуды;
Тармақша 3
3) тіркелген тұлғаның жеке шоты бойынша бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеуді;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мәмілелерді көрсетуді;
Тармақша 5
5) тіркелген тұлғаның бағалы қағаздары және цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды растауды;
Тармақша 6
6) бағалы қағаздарды және цифрлық қаржы активтерін ұстаушылардың тiзiлiмдері жүйесiн жаңартылған күйде ұстап тұруды;
Тармақша 7
7) бағалы қағаздардың қайталама нарығында айналыстағы бағалы қағаздар санының уәкілетті орган тіркеген санға сәйкестігін бақылауды;
Тармақша 8
8) орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған мәселелердің тізбесі бойынша бағалы қағаздарды ұстаушыларға хабарлауды;
Тармақша 9
9) эмитентке оның сұрау салуы негізінде бағалы қағаздарды және цифрлық қаржы активтерін ұстаушылардың тiзiлiмдері жүйесiн құрайтын ақпаратты беруді;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бағалы қағаздарды және цифрлық қаржы активтерін ұстаушылардың тiзiлiмдері жүйесiн құрайтын мәліметтерді алу құқығына ие мемлекеттік органдарға осы Заңның 43-бабына сәйкес ақпарат беруді;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 4-1
4-1. Орталық депозитарий цифрлық активтерді, оның ішінде Ұлттық стратегиялық крипторезерв құрамына кіретін активтерді есепке алу және сақтау жөніндегі қызметті, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне, сондай-ақ орталық депозитарий қағидаларының жиынтығына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.»;
Тармақ 5
5. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдері жүйесiн жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленеді.
Тармақ 5-1
5-1. Цифрлық қаржы активтерін ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін қалыптастыру, жүргізу және сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленеді.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың эмитенті орталық депозитариймен бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізуге арналған шарт жасасуға міндетті.
Тармақ 6-1
6-1. Цифрлық қаржы активінің эмитенті, цифрлық қаржы активтері платформасының операторы және цифрлық активтердің сауда платформасының операторы, орталық депозитарий цифрлық қаржы активтері платформасының операторы және (немесе) цифрлық активтер сауда платформасының операторы ретінде әрекет ететін жағдайларды қоспағанда, цифрлық қаржы активтерін ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуге орталық депозитариймен шарт жасасуға міндетті.
Тармақ 7
7. Бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының саудасын ұйымдастыру жөніндегі қызмет шеңберінде орталық депозитарий мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) бағалы қағаздардың биржадан тыс нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалану және ұстау;
Тармақша 2
2) өз клиенттеріне бағалы қағаздардың биржадан тыс нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесіне қол жеткізуді ұсыну;
Тармақша 3
3) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу үшін орталық депозитарий клиенттерінің арасында бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының белгіленімдерімен алмасуды ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) орталық депозитарий клиенттерінің арасында бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу туралы хабарлар алмасуды ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) осы Заңда көзделген өзге де функциялар.
Тармақ 8
8. Орталық депозитарий уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған тәртіппен ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында туынды қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер тізілімдерінің жүйесін қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады.
Тармақ 8-1
8-1. Орталық депозитарий өз қызметін жүзеге асыру үшін пайдаланылатын меншікті бағдарламалық өнімді әзірлеуге және одан әрі жетілдіруге құқылы.
Тармақ 9
9. Орталық депозитарий мынадай:
Тармақша 1
1) өз мұқтажы үшін сатып алынған мүлікті жалдауға (жалға) беруді қоса алғанда, өз мүлкіне билік ету;
Тармақша 2
2) бағалы қағаздар нарығындағы қызметке, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша консультациялық және ақпараттық көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
Тармақша 3
3) бағалы қағаздар нарығындағы қызмет мәселелері бойынша арнайы әдебиеттерді ақпарат жеткізгіштерінің кез келген түрлерінде өткізу;
Тармақша 4
4) бағалы қағаздар нарығындағы қызмет саласында оқытуды ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) орталық депозитарийдің интернет-ресурсында орталық депозитарий мен оның клиенттері ұсынатын көрсетілетін қызметтер туралы жарнаманы, сондай-ақ орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған өзге де ақпаратты жариялау;
Тармақша 6
6) орталық депозитарийдің материалдық-техникалық құралдары мен жабдықтарын жалдауға (жалға) беру жағдайларын қоспағанда, қаржы нарығындағы қызметке жатпайтын кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқылы емес.
Тармақ 9-1
9-1. Орталық депозитарий мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен, сондай-ақ мемлекет қатысатын кредиттік бюро жүйесінен осы бапта көрсетілген қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын ақпаратты растау мақсатында қажет болатын ақпаратты алуға құқылы;
Тармақ 10
10. Орталық депозитарийдiң қызметiн жүзеге асыру талаптары мен тәртiбi осы Заңда, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде және орталық депозитарийдiң қағидалар жинағында белгіленеді.
Тармақ 11
11. Орталық депозитарий уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тәртіппен және шарттарда инвесторлар үшін эмитент және оның бағалы қағаздары, цифрлық қаржы активтері туралы ақпарат беруді жүзеге асырады.
Бап 81
Бап 80-1. 80-1-бап. Талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотта есепте тұрған активтерді басқару тәртібі
80-1-бап. Талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотта есепте тұрған активтерді басқару тәртібі
Тармақ 1
1. Орталық депозитарийдегі және талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін ашылған шотта есепке алынатын активтерді сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен орталық депозитарий арасында жасалатын сенімгерлік басқару шарты негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.
Тармақ 2. 81-бап. Орталық депозитарийдiң ережелер жинағы
2. Уәкілетті орган сенімгерлік басқаруға берілген және талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотта есепке алынатын активтерді басқарудан түсетін инвестициялық кірісті бөлу тәртібін айқындайды. 81-бап. Орталық депозитарийдiң ережелер жинағы
Тармақ 1
1. Орталық депозитарийдiң қағидалар жинағы орталық депозитарийдiң бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiмен өзара қарым-қатынасын айқындайды. Орталық депозитарийдің қағидалар жинағын сақтау орталық депозитарийдің көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады. Орталық депозитарийдің қағидалар жинағын орталық депозитарийдің директорлар кеңесі бекітеді.
Тармақ 2
2. Орталық депозитарийдiң қағидалар жинағында:
Тармақша 1
1) депозитарийлік қызметті жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) бағалы қағаздарды, цифрлық қаржы активтерін ұстаушылар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) мемлекеттік бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу;
Тармақша 4
4) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензия болған кезде);
Тармақша 5
5) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) төлем агентінің функцияларын жүзеге асыру (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензия болған кезде);
Тармақша 6-1
6-1) Қазақстан Республикасының резидент-қаржы ұйымдарына қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсаттары үшін тиісінше тексеру жүргізу бойынша қызметтер көрсету;
Тармақша 6-2
6-2) қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу;
Тармақша 7
7) ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтарда, туынды қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
Тармақша 7-1
7-1) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінен орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіне деректер ұсыну, сондай-ақ орталық депозитарийдің көрсетілген электрондық деректерді қабылдауды, өңдеуді және сақтауды жүзеге асыруы;
Тармақша 8
8) бағалы қағаздарға халықаралық сәйкестендіру нөмірлерін (ISIN кодтарын) және үлестер мен өзге де қаржы құралдарына сәйкестендіргіштер беру;
Тармақша 9
9) бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібі мен шарттары;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де қағидалар қамтылуға тиiс.
Тармақ 3
3. Орталық депозитарий қағидалар жинағы қабылданған не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен кейін он жұмыс күнi iшiнде бұл жөнінде уәкілетті органды осы құжаттарды қоса бере отырып, хабардар етеді.
Бап 82. 82-бап. Орталық депозитарийдiң қызметiн шектеу
82-бап. Орталық депозитарийдiң қызметiн шектеу
Тармақ 1
1. Орталық депозитарий:
Тармақша 1
1) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына және орталық депозитарийдiң қағидалар жинағына сәйкес өз функцияларын орындауды басқа да тұлғаларға беруге;
Тармақша 2
Тармақша 2-1
2-1) алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 3
3) орталық депозитарийдің клиенті (орталық депозитарий депонентінің клиентi), орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі жеке шоттарда (қосалқы шоттарда) ескерiлетiн қаржы құралдары туралы коммерциялық құпияны жария етуге;
Тармақша 4
4) орталық депозитарий клиенттерінің және орталық депозитарий депоненттері клиенттерiнiң құқықтарын және мүдделерiн бұзатын iс-әрекеттер жасауға құқылы емес.
Тармақ 2
2. Уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, орталық депозитарий заңды тұлғаларды құруға және оның қызметiне қатысуға құқылы емес.
Тарау 17. 17-тарау. Сауда-саттықты ұйымдастырушы
17-тарау. Сауда-саттықты ұйымдастырушы
Бап 83. 83-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымы
83-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымы
Тармақ 1
1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
Тармақ 2
2. Қор биржасының сауда жүйесінде қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерге мониторинг жүргізуді және талдауды жүзеге асыру мақсатында қор биржасының ұйымдық құрылымына қор биржасының сауда жүйесiнде жасалатын мәмiлелердi қадағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшесi кiруге тиіс. Қор биржасының аталған құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметiн жүзеге асыру тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
Бап 84. 84-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушыны басқару
84-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушыны басқару
Тармақ 1
1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының органдары, олардың функциялары және өкілеттіктері, олардың шешімдерді қалыптастыру және қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, сауда-саттықты ұйымдастырушының жарғысымен және оның ішкі құжаттарымен айқындалады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі акционері болып табылатын жағдайды қоспағанда, сауда-саттықты ұйымдастырушының әрбір акционерінің өзінің үлестес тұлғаларымен бірлескен үлесі орналастырылған акциялардың жалпы санының жиырма пайызынан аспауға тиіс. Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі орталық депозитарий сауда-саттықты ұйымдастырушының функциясын жүзеге асырған кезде оған қолданылмайды.
Тармақ 3
3. Сауда-саттықты ұйымдастырушының әрбір акционері, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, "бір акция - бір дауыс" принципі бойынша дауыс береді. Сауда-саттықты ұйымдастырушының "алтын акциясының" иесі сауда-саттықты ұйымдастырушы органдарының шешімдеріне вето қоюға құқығы бар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады.
Тармақ 4
4. Сауда-саттықты ұйымдастырушының директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және уәкілетті органның жазбаша хабарламалары негізінде уәкілетті органнан және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен бір-бір өкіл тұрақты негізде дауыс беру құқығымен кіреді. 5. Листинг, делистинг, бағалы қағаздардың ресми тiзiмiнiң санаттарын немесе алаңын алмастыру мәселелерi бойынша шешiмдерді қор биржасының листинг комиссиясы қабылдайды. Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы листинг, делистинг, оңайлатылған рәсім бойынша бағалы қағаздардың ресми тiзiмiнiң санаттарын немесе алаңын алмастыру мәселелерiне қолданылмайды, олар бойынша шешімдерді қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалған тәртіппен оның атқарушы органы қабылдайды. Листинг комиссиясының құрамына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi. Листинг комиссиясының құрамына уәкiлеттi органның өкiлi тұрақты негiзде дауыс беру құқығымен кiредi. Листинг, делистинг, бағалы қағаздардың ресми тiзiмiнiң санаттарын немесе алаңын алмастыру мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдау кезінде: 1) көрсетілген шешiмге сәйкес бағалы қағаздары қор биржасының ресми тiзiмiне енгiзiлетiн, осы тiзiмнен шығарылатын немесе осы тiзiмнiң өзге санатына немесе алаңына ауыстырылатын эмитенттiң (осы тармақта бұдан әрi – мүдделi эмитент); 2) мүдделi эмитентке қатысты еншiлес ұйымдар немесе тәуелдi акционерлiк қоғамдар болып табылатын ұйымдардың; 3) өздеріне қатысты мүдделi эмитент еншiлес ұйым немесе тәуелдi акционерлiк қоғам болып табылатын ұйымдардың; 4) мүдделi эмитентпен бiрге үшiншi ұйымға қатысты еншiлес ұйымдар немесе тәуелдi акционерлiк қоғамдар болып табылатын ұйымдардың; 5) мүдделі эмитентке қызметтер көрсететін қаржы консультантының, маркет-мейкердің, андеррайтердің; 6) осы бөліктің 1) және 5) тармақшаларында аталған тұлғалармен үлестес тұлғалардың қызметкерлері және (немесе) өкілдері болып табылатын листинг комиссиясы мүшелерінің дауыс беруге құқығы жоқ. Осы баптың төртінші бөлігінің талаптары листинг комиссиясының мүшесі - уәкілетті органның өкіліне қолданылмайды.
Тармақ 5
Тармақ 6
6. Листинг комиссиясы шығару шарттарында ұйымдастырылған рынокта олардың айналымы көзделген облигацияларды шығаруды жоспарлаушы эмитентке беру үшін инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге қажетті қосымша шектеулерді эмитенттің бағалы қағаздар шығару шарттарына енгізу жөнінде ұсынымдар әзірлейді. Листинг комиссиясының ұсынымдарын эмитенттің қабылдағаны не қабылдамағаны туралы ақпарат қор биржасының интернет-ресурсында орналастырылады.
Тармақ 7
7. Осы баптың талаптары орталық депозитарийге қолданылмайды.
Бап 85. 85-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидалары
85-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидалары
Тармақ 1
1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын оның атқарушы органы әзiрлейдi, сауда-саттықты ұйымдастырушының директорлар кеңесi бекiтедi. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын сақтау сауда-саттықты ұйымдастырушының көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 3
3. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидалары қор биржасының сауда жүйесінде айналымға жiберiлген қаржы құралдарымен мәмiлелер жасаған кезде сауда-саттықты ұйымдастырушы мүшелерiнiң қызметiн, сондай-ақ сауда-саттықты ұйымдастырушы, оның мүшелері, клиенттері және сауда-саттықты ұйымдастырушының көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын өзге де тұлғалар арасында туындайтын қатынастарды реттейдi.
Тармақ 4
4. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидалары сауда-саттықты ұйымдастырушының функцияларына кiретiн мәселелердi реттейтiн сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарын қамтиды.
Тармақ 5
5. Қор биржасының қағидалары:
Тармақша 1
1) қор биржасындағы мүшелiк санаттарын, қор биржасының мүшелiгiне кiру шарттары мен тәртiбiн, қор биржасы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, қор биржасындағы мүшелiктi тоқтата тұрудың және тоқтатудың шарттары мен тәртiбiн;
Тармақша 2
2) қор биржасының мүшесі атынан қор биржасының сауда жүйесі айналымындағы бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттыққа қатысатын, сондай-ақ осы қор биржасының сауда жүйесін пайдаланып, өзге де іс-әрекеттерді орындайтын трейдерлерге қойылатын талаптарды;
Тармақша 3
Тармақша 4
Тармақша 5
5) бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзілуі көзделетін және енгiзiлген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды;
Тармақша 6
6) бағалы қағаздарды қор биржасының тiзiмiне енгiзу, оларды осы тiзiмнен алып тастау және тiзiм санатын алмастыру бойынша шарттар мен талаптарды; 6-1) бағалы қағаздар болып табылмайтын қаржы құралдарын қор биржасында айналысқа жіберу шарттары мен талаптарын;
Тармақша 6-2
6-2) цифрлық қаржы активтерін қор биржасында айналысқа жіберу шарттары мен талаптарын; 7) бағалы қағаздары қор биржасының ресми тiзiмiне енгiзiлген эмитенттердiң мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн (оның iшiнде ақпаратты ашып көрсету бойынша); 8) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген бағалы қағаздарды жіберуге бастамашының ашып көрсетуіне жататын ақпараттың тізбесін, мерзімдерін және оған қойылатын талаптарды; 9) бағалы қағаздармен биржалық сауда-саттық өткiзу шарттары мен әдістерін;
Тармақша 6-1
Тармақша 9-1
9-1) қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілін;
Тармақша 10
10) биржалық сауда-саттықта қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртiбiн;
Тармақша 11
11) қор биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қайта бастаудың шарттары мен тәртібін;
Тармақша 12
12) қор биржасының сауда жүйесiнде айналымға жiберiлген қаржы құралдарын бағалаудың әдiстемесiн;
Тармақша 13
13) биржалық сауда қағидаларын бұзғаны үшiн қор биржасы мүшелерiнiң және қор биржасы трейдерлерінің жауапкершiлiгiн, қор биржасы өндiрiп алатын айыппұлдарды төлеудiң мөлшерi мен тәртiбiн;
Тармақша 14
14) қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асыру процесінде туындайтын даулар мен жанжалдарды шешу тәртiбiн;
Тармақша 15
Тармақша 16
16) листинг комиссиясы қызметінің тәртібін;
Тармақша 17
Тармақша 18
18) инсайдерлік ақпаратты заңсыз қолдану, бағалы қағаздар рыногында айла-шарғы жасау жағдайларын анықтау және болғызбау қағидаларын;
Тармақша 19
Тармақша 20
Тармақша 21
Тармақша 21-1
Тармақша 21-2
Тармақша 22
22) осы Заңда белгіленген өзге де ережелер мен рәсімдерді айқындауға тиіс.
Тармақ 6
6. Сауда-саттықты ұйымдастырушы қағидалар қабылданған не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде бұл жөнінде уәкілетті органды осы құжаттарды қоса бере отырып, хабардар етеді.
Тармақ 6-1
6-1. Осы баптың 5-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарын сауда-саттықты ұйымдастырушының атқарушы органы әзірлейді және бекітеді.
Тармақ 7
7. Осы баптың талаптары орталық депозитарийге қолданылмайды.
Бап 86. 86-бап. Қор биржасының мүшелерi
86-бап. Қор биржасының мүшелерi
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, бағалы қағаздардан басқа, өзге қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асыру құқығы бар өзге де заңды тұлғалар қор биржасының мүшелерi болып табылады.
Тармақ 2
2. Қор биржасында бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларының кемiнде он мүшесi болуға тиiс.
Тармақ 3
3. Уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарға сәйкес келетiн шетелдiк заңды тұлғалар, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушылар қор биржасының мүшелерi бола алады.
Тармақ 4
4. Қор биржасының мүшелiгiне кандидаттарға қойылатын талаптар, мүшелiкке қабылдау, мүшелiктi тоқтата тұру және одан айыру тәртiбi, сондай-ақ қор биржасы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттемелерi Қор биржасының ережелерiнде белгiленедi.
Тармақ 5
5. Қор биржасының мүшелерi мәмiлелердi жасау осы мүшелер үшiн қор биржасының ережелерiнде жол берiлетiн қаржы құралдарының түрлерi бойынша сауда-саттыққа қатысуға құқылы.
Тармақ 6
6. Қор биржасының мүшелері қор биржасына тізбесі мен беру мерзімдері қор биржасының қағидаларында айқындалатын қаржылық есептілік пен өзге де ақпаратты беруге міндетті.
Бап 87. 87-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметiн қаржыландыру
87-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметiн қаржыландыру
Тармақ 1
1. (алып тасталды)
Тармақ 2
2. Сауда-саттықты ұйымдастырушы мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшелiгiне кiргенi үшiн;
Тармақша 2
2) сауда-саттықты ұйымдастырушының мүлкiн пайдаланғаны үшiн;
Тармақша 3
3) бағалы қағаздар листингi үшiн және олардың сауда-саттықты ұйымдастырушысының тiзiмiнде болғаны үшiн;
Тармақша 4
4) мәмiлелердi тiркеу және ресiмдеу үшiн;
Тармақша 5
5) ақпараттық қызмет көрсеткенi үшiн;
Тармақша 6
6) сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерiмен көзделген өзге де жағдайларда ақшалай жарналар мен алымдар алады.
Бап 88. 88-бап. Қор биржасының қызметi
88-бап. Қор биржасының қызметi
Тармақ 1
1. Қор биржасы Қазақстан Республикасының заңнамасына және қор биржасының iшкi құжаттарына сәйкес бағалы қағаздардан өзге қаржы құралдарымен, оның ішінде цифрлық қаржы активтерімен сауда-саттық ұйымдастыруға және өткiзуге құқылы.
Тармақ 2
2. Қор биржасы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) сауда жүйелерiн пайдалану және қолдау;
Тармақша 2
2) бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзілуі көзделетін немесе енгiзiлген эмитенттерге, сондай-ақ қор биржасында айналымға жiберiлетiн (жiберiлген) бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 2-1
2-1) бағалы қағаздар және цифрлық қаржы активтері болып табылмайтын қаржы құралдарын қор биржасында айналысқа жіберу және осындай айналысты тоқтату шарттары мен тәртібін айқындау;
Тармақша 3
3) қор биржасында айналымға жiберiлген бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасау мақсатында өз мүшелерінің сауда жүйелерiне кіруіне мүмкiндiк жасау;
Тармақша 4
Тармақша 5
5) қор биржасының трейдерлеріне сауда-саттыққа қатысуға рұқсат беру және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарын, қор биржасының қағидаларын бұзған жағдайларда, сондай-ақ қор биржасының қағидаларында белгіленген өзге де жағдайларда оларды сауда-саттыққа қатысудан шеттету;
Тармақша 6
6) сауда-саттыққа жіберілген, сауда-саттыққа қатысудан шеттетілген (шеттету себебін көрсете отырып) қор биржасы трейдерлерінің тізілімін жүргізу және оны қор биржасының интернет-ресурсында орналастыру;
Тармақша 7
7) қор биржасында айналымға жiберiлген бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары бойынша сауда-саттықты ұйымдастыру және өткiзу;
Тармақша 8
8) қор биржасының сауда жүйесінде бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерге мониторингті және талдауды жүзеге асыру;
Тармақша 9
Тармақша 10
10) уәкілетті органға қор биржасының сауда жүйесінде жасалған мәмілелерді мониторингтеудің және талдаудың нәтижелері туралы, сондай-ақ қор биржасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарын, қор биржасының қағидаларын бұзуы туралы ақпаратты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен беру;
Тармақша 11
11) барлық бағалы қағазы оңайлатылған рәсім бойынша қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитенттерді қоспағанда, қор биржасының ресми тізіміндегі бағалы қағаздар эмитенттерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында және қор биржасының ішкі құжаттарында талап етілетін көлемде ақпаратты ашып көрсетуін мониторингтеу;
Тармақша 12
12) бағалы қағаздармен, цифрлық қаржы активтерімен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүзеге асыру не мұндай есеп айырысуларды жүзеге асыруға қажетті ақпаратты әзірлеу;
Тармақша 13
Тармақша 14
14) бағалы қағаздар рыногы және өзге де қаржы құралдары мәселелерi бойынша талдамалық зерттеулер жүргiзу;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленген тәртiппен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыру;
Тармақша 16
16) қор биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қайта бастаудың шарттары мен тәртiбiн айқындау;
Тармақша 17
17) қор биржасы мүшелерінің қаржылық жағдайына мониторинг;
Тармақша 18
18) интернет-ресурста барлық корпоративтік оқиғалар, бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитенттердің және қор биржасы мүшелерінің тоқсан сайынғы қаржылық есептілігі туралы ақпаратты қор биржасының қағидаларында белгіленген тәртіппен жариялау;
Тармақша 18-1
18-1) дефолтты реттеуі және орталық контрагенттің функцияларын орындауы кезінде бағалы қағаздар және қор биржасында айналысқа жіберілген өзге де қаржы құралдары бойынша сауда-саттыққа қатысу;
Тармақша 18-2
18-2) егер бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесінің болуы сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында көзделген болса, осындай жүйенің жұмыс істеуін және оны техникалық қолдап отыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 19
19) осы Заңда және қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген өзге де функциялар.
Тармақ 3
3. Қор биржасы дефолтты реттеуі, орталық контрагенттің функцияларын орындауы кезінде өзінің сауда жүйесінде қаржы құралдарымен сауда-саттыққа қатысады.
Тармақ 4
4. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында жасалған мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда, тараптардың осы мәміле бойынша барлық алғандарын қайтаруына жол берілмейді. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында жасалған мәміленің жарамсыздығын туындатқан әрекеттерді жасаудағы кінәлі тарап залал шеккен мәміле тарапына немесе аталған мәмілені жасау нәтижесінде құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған тұлғаға залалды өтеуге міндетті.
Тармақ 5
5. Егер бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесінің болуы сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында көзделген болса, қор биржасы өзінің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен осындай жүйенің жұмыс істеуін және оны техникалық қолдап отыруды қамтамасыз етеді. Қор биржасының мүшелері, өзге де заңды және жеке тұлғалар бағалы қағаздар биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдаланушылар бола алады. Бағалы қағаздар биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесіне жіберу тәртібі қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді. Қор биржасының ресми тізіміне енгізілген бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары бағалы қағаздар биржалық нарығының ақпараттық жүйесіне орналастыруға және айналысқа жіберілмейді. Қор биржасы бағалы қағаздар биржалық нарығының ақпараттық жүйесінде айналысқа жіберілетін бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының тізбесін қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қалыптастырады.
Бап 89
Тармақ 1
Бап 89. 89-бап. Қор биржасының тiзiмi
89-бап. Қор биржасының тiзiмi
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздарын қор биржасының тізіміне енгізу болжанатын немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптар мен шарттар оның қағидаларында белгіленеді. Уәкiлеттi орган эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жiберiлетiн бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының ресми тiзiмiнiң жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Акциялары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, қор биржасының ресми тізімінің санаттарына енгiзiлген эмитенттер, сондай-ақ оларды жіберуге бастамашылар орналастырылған және еркiн айналыстағы акциялардың қор биржасының қағидаларында белгiленген ең төмен көлемiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тармақ 3
3. Эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу үшін эмитент брокермен және (немесе) дилермен осы Заңның 64-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында аталған қызметтерді көрсетуге арналған шартты жасасуға міндетті. Осы тармақтың талабы қаржы ұйымы болып табылатын эмитентке қолданылмайды.
Тармақ 4
4. Эмиссиялық бағалы қағаздары қор биржасының ресми тiзiмiне енгiзiлген эмитенттер, сондай-ақ осы бағалы қағаздарды жіберуге бастамашылар осы Заңда, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде және қор биржасының қағидаларында эмитенттiң қызметi және қор биржасының ресми тiзiмiне енгiзiлетiн бағалы қағаздар туралы ақпаратты ашып көрсетуге қатысты белгiленген талаптарды сақтауға мiндеттi.
Тармақ 5
5. Эмиссиялық бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитент үшін корпоративтік басқару кодексінің болуы міндетті. Эмиссиялық бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитент Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық кеңес қабылдаған қазақстандық (елдік) корпоративтік басқару кодексін пайдалануға құқылы. Эмиссиялық бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитент қазақстандық (елдік) корпоративтік басқару кодексін пайдалану кезінде жыл сайын қазақстандық (елдік) корпоративтік басқару кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде, жылдық есеп шеңберінде оны өзінің корпоративтік интернет-ресурсында жариялау арқылы қазақстандық (елдік) корпоративтік басқару кодексінің сақталуы туралы ақпаратты ашып көрсетеді. Осы тармақтың талаптары тек қана жеке орналастыруға жататын облигацияларды шығаруды жүзеге асыратын эмитенттерге, сондай-ақ шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын эмитенттерге қолданылмайды.
Бап 90. 90-бап. Биржадан тыс рыноктың баға белгiлейтiн ұйымының қызметi
90-бап. Биржадан тыс рыноктың баға белгiлейтiн ұйымының қызметi
Бап 90-1. 90-1-бап. Орталық контрагенттің қызметін жүзеге асыру шарттары мен тәртібі
90-1-бап. Орталық контрагенттің қызметін жүзеге асыру шарттары мен тәртібі
Тармақ 1
1. Клиринг ұйымы, орталық депозитарий немесе қор биржасы уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген шарттарда және тәртіппен орталық контрагент болуға құқылы.
Тармақ 2
2. Орталық контрагент өз қызметінің тәуекелдерін азайту үшін:
Тармақша 1
1) тәуекелдерді басқару жүйесін құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) орталық контрагенттің меншікті активтері есебінен қалыптастырылған резервтік қорды және клирингтік қатысушылардың жарналары есебінен қалыптастырылған кепілдік қорларды ең төмен деңгейде ұстап тұруға;
Тармақша 3
3) уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыруға міндетті.
Тармақ 3
3. Орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару жүйесіне, орталық контрагенттің тәуекелдері мониторингінің, оларды бақылау мен басқарудың шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленеді.
Бап 90-2. 90-2-бап. Орталық контрагенттің шектеулі жауапкершілігі және құқықтары
90-2-бап. Орталық контрагенттің шектеулі жауапкершілігі және құқықтары
Тармақ 1
1. Орталық контрагент жаңалау немесе өзге тәсіл арқылы мәміленің тарапы мәртебесін қабылдаған қаржы құралдарымен мәмілелерді орындау бойынша оның жауапкершілігі қаржы құралдарының белгілі бір түрі (типі, атауы) үшін (немесе белгілі бір нарық, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығының секторы үшін) оның резервтік қорын құрайтын, орталық контрагенттің ішкі құжаттарында белгіленген мөлшердегі активтерімен шектеледі.
Тармақ 2
2. Уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде және (немесе) орталық контрагенттің ішкі құжаттарында белгіленген іске асыру шарттарымен және тәртібімен орталық контрагенттің:
Тармақша 1
1) клирингтік қатысушының төлем қабілетсіздігін немесе оның қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемені орындауға қабілетсіздігін анықтау;
Тармақша 2
2) клирингтік қатысушының мәмілелерін (позицияларды мәжбүрлеп жабу, қаржы құралдарының төлемдері, аударымдары бойынша) орындау немесе оның активтерін басқару (кез келген мәмілелерді, шарттарды жасау және орындау), ол жол берген дефолтты реттеу үшін оны ішінара қамтамасыз етуді немесе басқа активтерді қолдану (пайдалану);
Тармақша 3
3) дефолттың залалдарын жабу үшін маржа жарналарын, клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларының активтерін қоса алғанда, оның иелігіндегі қаржы активтерін пайдалану;
Тармақша 4
4) орталық контрагенттің көрсетілетін қызметтерін пайдалана отырып, клирингтік қатысушы өз клиентінің мүдделері үшін жасасқан мәміле бойынша дефолтты реттеу үшін орталық контрагент пен осы брокер арасындағы тиісті қосылу шартында белгіленген шарттармен және тәртіппен осы клирингтік қатысушының (орталық депозитарийдің және (немесе) клиринг ұйымына қызмет көрсететін есеп айырысу ұйымының шоттарындағы) меншікті активтерін пайдалану бойынша құқықтары белгіленуі мүмкін.
Тармақ 3
3. Орталық контрагенттің осы баптың 2-тармағында көрсетілген құқықтарды іске асырудың және рәсімдерді жүргізудің шарттары мен тәртібіне қатысты ішкі құжаттары орталық контрагенттің барлық клиенттеріне танысу үшін қолжетімді болуға тиіс.
Тармақ 4
4. Орталық контрагент сауда-саттыққа адал қатысушылардың заңды талаптарын орындау мақсатында дефолтты реттеу үшін қолданатын және оның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылған әрекеттер соттың шешімі бойынша ғана жарамсыз деп танылуы мүмкін. Бұл ретте осы әрекеттерге сотқа шағым жасау олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
Тарау 18. 18-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсіптік ұйымдар және өзара сақтандыру қоғамдары
18-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсіптік ұйымдар және өзара сақтандыру қоғамдары
Бап 91. 91-бап. Кәсіптік ұйымның мiндеттерi
91-бап. Кәсіптік ұйымның мiндеттерi Кәсіптік ұйымның негiзгi мiндетi кәсіптік ұйым мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асырудың бiрыңғай жағдайларын жасауды қамтамасыз ету болып табылады.
Бап 92. 92-бап. Кәсіптік ұйымдардың құқықтық жағдайы
92-бап. Кәсіптік ұйымдардың құқықтық жағдайы Кәсіптік ұйымның атауы осы ұйым мүшелерiнiң негiзгi қызмет түрiн көрсетуге, сондай-ақ "қауымдастық", "одақ" немесе "бiрлестiк" деген сөздерді қамтуға тиiс. Кәсіптік ұйым коммерциялық емес ұйым түрінде құрылады.
Бап 93. 93-бап. Кәсіптік ұйымның функциялары
93-бап. Кәсіптік ұйымның функциялары
Тармақ 1
1. Кәсіптік ұйым өзінің жарғысына және ішкі құжаттарына сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асыруға:
Тармақша 1
1) уәкілетті органға нормативтік құқықтық актілердің жобалары, бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша ұсыныстар беруге;
Тармақша 2
2) мемлекеттік, қоғамдық, шетелдік және халықаралық ұйымдарда кәсіптік ұйым мүшелерінің мүдделерін білдіруге;
Тармақша 3
3) кәсіптік ұйым мүшелері арасындағы бағалы қағаздар нарығында туындайтын дауларды және мүшелер мен олардың клиенттері арасындағы дауларды қарауға;
Тармақша 4
4) оқу бағдарламаларын әзірлеуге және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға ниетті адамдарды оқытуды жүргізуге;
Тармақша 5
5) кәсіптік ұйым мүшелерінің кәсіби қызметінің бірыңғай қағидалары мен стандарттарын белгілеуге, сондай-ақ кәсіптік ұйым мүшелерінің оларды сақтауын қамтамасыз етуге;
Тармақша 6
6) кәсіптік ұйым мүшелерінің рейтингтерін жасауға және жариялауға;
Тармақша 7
7) кәсіптік ұйым мүшелерінің қызметіне тексерулер жүргізуге;
Тармақша 8
8) уәкілетті органға кәсіптік ұйым мүшесінің лицензиясын тоқтата тұру және одан айыру туралы өтінішхат жіберуге;
Тармақша 9
9) өз мүшелерінің бағалы қағаздар нарығындағы қызметін бақылауды жүзеге асыруға және оның ішкі құжаттарында белгіленген ықпал ету шараларын Қазақстан Республикасының заңнамасын және кәсіптік ұйымның ішкі құжаттарын бұзуға жол берген кәсіптік ұйым мүшелеріне қолдануға құқылы.
Тармақ 2
2. Кәсіптік ұйым өз мүшелерiнен, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, олардың бағалы қағаздар рыногындағы қызметi туралы ақпарат табыс етудi талап етуге құқылы.
Тармақ 3
3. Кәсіптік ұйым өз мүшелерiнiң қызметi мәселелерi бойынша уәкiлеттi орган беретiн ақпаратты өзiнiң мүшелерiне жеткiзiп отыруға мiндеттi.
Бап 94. 94-бап. Кәсіптік ұйымның iшкi құжаттары
94-бап. Кәсіптік ұйымның iшкi құжаттары
Тармақ 1
1. Кәсіптік ұйымның iшкi құжаттары:
Тармақша 1
1) кәсіптік ұйымның мүшелерi қызметiнiң ережелерi мен стандарттарын;
Тармақша 2
2) кәсіптік ұйымның өз мүшелерiнiң қызметiне қатысты бақылау iс-шараларын жүргiзу ережелерiн;
Тармақша 3
3) кәсіптік ұйымның мүшелерi арасындағы дауларды шешу ережелерiн;
Тармақша 4
4) кәсіптік ұйымның мүшелiгiне қабылдау, мүшелiктi тоқтата тұру және кәсіптік ұйымның мүшелiгiнен шығару ережесiн;
Тармақша 5
5) кәсіптік ұйым мүшелерiнiң кәсiби этика ережелерiн;
Тармақша 6
6) (алып тасталды)
Тармақша 7
7) кәсіптік ұйымның бөлiмшелерi, комитеттерi, филиалдары мен өкiлдiктерi қызметiнiң тәртiбiн белгiлеуге тиiс.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген кәсіптік ұйымның iшкi құжаттарын кәсіптік ұйым мүшелерiнiң жалпы жиналысы бекiтедi. Кәсіптік ұйымның iшкi құжаттары кәсіптік ұйымның мүшелерi үшiн оның мүшелерiнiң жалпы жиналысы белгiлеген күннен бастап мiндеттi болады.
Бап 95. 95-бап.
95-бап.
Бап 96. 96-бап.
96-бап.
Бап 97. 97-бап. Кәсіптік ұйымның уәкiлеттi органмен өзара қатынастары
97-бап. Кәсіптік ұйымның уәкiлеттi органмен өзара қатынастары
Тармақ 1
1. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi органның кәсіптік ұйымның қызметiне араласуға құқығы жоқ.
Тармақ 2
2. Кәсіптік ұйым өз мүшесiнiң Қазақстан Республикасының заңдарын, кәсіптік ұйымның iшкi құжаттарын бұзғаны туралы, сондай-ақ кәсіптік ұйым мүшелерiне қатысты қолданылған ықпал ету шаралары туралы ақпаратты уәкiлеттi органның назарына жеткiзуге мiндеттi. Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары ішкі құжаттарында және жарғысында осы Заңның 93-бабы 1-тармағының 3), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген функцияларды жүзеге асыру көзделген кәсіптік ұйымдарға қолданылады.
Тармақ 3
3. Уәкiлеттi орган кәсіптік ұйым мүшелерiнiң және оның клиенттерінің мүдделерi қозғалатын нормативтiк құқықтық актіні әзiрлеу кезiнде кәсіптік ұйымның мамандарын тартады не оның сараптама қорытындысын сұратады.
Бап 98. 98-бап. Кәсіптік ұйымның мүшелiгiне қабылдау тәртiбi
98-бап. Кәсіптік ұйымның мүшелiгiне қабылдау тәртiбi
Тармақ 1
1. Кәсіптік ұйымның мүшелiгiне қабылдау тәртiбi кәсіптік ұйымның iшкi құжаттарымен белгiленедi.
Тармақ 2
2. Кәсіптік ұйымның мүшелiгiне қабылдау туралы өтiнiш оның кәсіптік ұйымға түскен кезiнен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады. Өтiнiшке тiзбесi кәсіптік ұйымның iшкi құжаттарында айқындалатын құжаттар қоса тiркеледi. Кәсіптік ұйымның мүшелiгiне қабылдау туралы шешiмдi кәсіптік ұйым мүшелерiнiң кеңесi қабылдайды.
Тармақ 3
3. Кәсіптік ұйымның мүшелiгiне қабылдаудан бас тарту туралы шешiм жөнiнде сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
Бап 99. 99-бап. Кәсіптік ұйымға мүшелiктiң тоқтатылуы
99-бап. Кәсіптік ұйымға мүшелiктiң тоқтатылуы
Тармақ 1
1. Кәсіптік ұйымның мүшелiгiнен шығару кәсіптік ұйымның iшкi құжаттарына сәйкес мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) кәсіптік ұйым мүшесiнiң өтiнiшi бойынша;
Тармақша 2
2) кәсіптік ұйымның мүшесін бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырған немесе лицензияның қолданылуы тоқтатылған;
Тармақша 3
3) кәсіптік ұйымның мүшесi Қазақстан Республикасының заңдарын және кәсіптік ұйымның iшкi құжаттарын бұзған жағдайларда жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Кәсіптік ұйымның мүшелiгiнен шығаруға кәсіптік ұйым мүшелерi кеңесiнiң мүшелiктен шығару туралы шешiмiнiң көшiрмесi берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
Бап 100. 100-бап. Кәсіптік ұйым мүшелерi клиенттерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау
100-бап. Кәсіптік ұйым мүшелерi клиенттерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау
Тармақ 1
1. Кәсіптік ұйым өз мүшелерi клиенттерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғауды олардың өтiнiштерiн қарау арқылы жүзеге асырады. Кәсіптік ұйым клиенттердiң өтiнiштерiн қарау қорытындылары бойынша және негiздемелер болған жағдайда кәсіптік ұйым мүшесiне қатысты ықпал ету шараларын қолданады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары ішкі құжаттарында және жарғысында осы Заңның 93-бабы 1-тармағының 3), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген функцияларды жүзеге асыру көзделген кәсіптік ұйымдарға қолданылады.
Тармақ 2
2. Өтiнiштi қараудан заңсыз бас тартуға кәсіптік ұйым мүшесiнiң клиентi уәкiлеттi органға шағым жасай алады.
Бап 100-1. 100-1-бап. Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының жауапкершілігін өзара сақтандыру қоғамдары
100-1-бап. Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының жауапкершілігін өзара сақтандыру қоғамдары
Тармақ 1
1. Инвесторларға бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары келтірген залалдарды өтеуді қамтамасыз ету мақсатында бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен өзара сақтандыру қоғамдарын құруға құқылы.
Тармақ 2
2. Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының өзара сақтандыру қоғамдарын құрудың және олардың жұмысының ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Тарау 19. 19-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы ақпарат
19-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы ақпарат
Бап 101. 101-бап. Эмитенттiң бастапқы бағалы қағаздар рыногында эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру процесiнде ақпаратты ашып көрсетуi
101-бап. Эмитенттiң бастапқы бағалы қағаздар рыногында эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру процесiнде ақпаратты ашып көрсетуi
Бап 102. 102-бап. Эмитенттiң ақпаратты жария етуi
102-бап. Эмитенттiң ақпаратты жария етуi
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздар нарығында ақпаратты жария ету деп Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес осы ақпаратты алу мақсаттарына қарамастан, осыған мүдделі барлық тұлғаларға оның қолжетімділігін қамтамасыз ету түсініледі. Осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, бағалы қағаздар шығару шарттарында қамтылған ақпарат осыған мүдделі барлық тұлғаларға қолжетімді болып табылады.
Тармақ 2
2. Эмитент эмиссиялық бағалы қағаздардың айналысы кезеңінде осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында:
Тармақша 1
1) орталық депозитарий ашып көрсететін, осы баптың 5-тармағының 3), 5) 6) және 6-1) тармақшаларында көрсетілген оқиғалар туралы ақпаратты қоспағанда, эмитенттің корпоративтік оқиғалары туралы ақпаратты;
Тармақша 2
2) жыл қорытындысы бойынша акционерлік қоғамның атқарушы органы мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты; 3) акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді; 4) эмитенттiң қатысу үлестерiнің он және одан көп пайызын иеленетiн қатысушылардың құрамын; 5) эмитент әрбiр осындай ұйым акцияларының (үлестерiнің, пайларының) он және одан көп пайызын иеленетiн ұйымдардың тiзiмiн; 6) эмитенттің жылдық қаржылық есептілігін және эмитенттің аудиторлық есептерін (аудиторлық есептерді ашып көрсетуді «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті аудитке жататын эмитенттер жүзеге асырады); 7) акционерлік қоғам ұйымдастырылмаған нарықта акцияларды сатып алған кезде олардың құнын айқындау әдістемесін ашып көрсетуді жүзеге асыруға міндетті. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында көзделген талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерін және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқаруға байланысты ақпарат пен мәліметтерге қолданылмайды. Бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитент осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпаратқа қосымша ретінде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті ашып көрсетуді жүзеге асыруға міндетті.
Тармақша 3
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитент қор биржасының интернет-ресурсында осы баптың 2-тармағында көрсетілген ақпаратты, сондай-ақ қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалған өзге де ақпаратты жария етуді қосымша қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 4
4. Шығарылымы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген эмиссиялық бағалы қағаздардың айналысы кезеңі деп мыналар түсініледі: акциялар үшін – уәкілетті орган акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдаған күннен бастап және осы акциялар шығарылымының күші жойылған күнге дейінгі кезең, оның ішінде акциялармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалуы мүмкін; облигациялар үшін – облигацияларды шығару проспектісінде айқындалған кезең, оның ішінде облигациялармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалуы мүмкін; пайлар үшін – уәкілетті орган пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдаған күннен бастап және инвестициялық пай қорының қызметі тоқтатылған күнге дейінгі кезең, оның ішінде пайлармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалуы мүмкін; өзге эмиссиялық бағалы қағаздар үшін – эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару шарттарында айқындалған кезең, оның ішінде осы бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалуы мүмкін.
Тармақ 5
5. Корпоративтік оқиғалар туралы ақпарат деп:
Тармақша 1
1) акционерлердiң (қатысушылардың) жалпы жиналысы немесе жалғыз акционер (қатысушы) қабылдаған шешiмдер;
Тармақша 2
2) эмитенттің басқару органының (байқаушы кеңесінің), атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) құрамын көрсете отырып, эмитенттің басқару органын (байқаушы кеңесін), атқарушы органын (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаны) сайлау, сондай-ақ эмитенттің басқару органының (байқаушы кеңесінің), атқарушы органының (атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) құрамындағы өзгерістер;
Тармақша 3
3) эмитенттiң дауыс беретiн акцияларының он және одан көп пайызын иеленетiн акционерлердің құрамындағы өзгерістер;
Тармақша 3-1
3-1) эмитенттiң қатысу үлестерінің он және одан көп пайызын иеленетiн қатысушылардың құрамындағы өзгерістер;
Тармақша 4
4) эмитенттің директорлар кеңесі қабылдаған немесе акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің мынадай шешімдерді қабылдауға уәкілеттік берілген тиісті органы қабылдаған: акционерлердің (қатысушылардың) жылдық және кезектен тыс жалпы жиналыстарын шақыру; жарияланған акцияларды орналастыру (өткізу), оның ішінде олардың саны шегінде орналастырылатын (өткізілетін) акциялардың саны, оларды орналастыру (өткізу) тәсілі мен бағасы; егер қоғам сатып алатын акциялардың саны орналастырылған акциялардың жалпы санының бір пайызынан асып түссе, эмитенттің орналастырылған акцияларды сатып алуы және оларды сатып алу бағасы; облигациялар мен туынды бағалы қағаздарды шығару; ірі мәмілелерді және (немесе) бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: акционерлік қоғамның оларды жасасуға мүдделігі бар және акционерлік қоғамның уәкілетті органы осындай мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдаған күнге құны акционерлік қоғам активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алуға немесе иеліктен шығаруға байланысты мәмілелер болып табылатын мәмілелерді жасасу туралы шешімдер;
Тармақша 5
5) акционерлік қоғамның бағалы қағаздарын және (немесе) өзге де ақшалай міндеттемелерін акционерлік қоғамның жай акцияларына конвертациялау;
Тармақша 6
6) акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғамның акцияларының басқа түріне айырбастау;
Тармақша 6-1
6-1) акцияларды бөлшектеу;
Тармақша 7
7) эмитент әрбір осындай ұйым акцияларының (үлестерінiң, пайларының) он және одан көп пайызын иеленетiн ұйымдар тізіміндегі өзгерістер;
Тармақша 8
8) акционерлік қоғамның ірі мәмілелерді және (немесе) бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: акционерлік қоғамның оларды жасасуға мүдделілігі бар және акционерлік қоғамның уәкілетті органы осындай мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдаған күнге құны акционерлік қоғам активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алуға немесе иеліктен шығаруға байланысты мәмілелер болып табылатын мәмілелерді жасауы туралы мәліметтер түсініледі. Нәтижесінде акционерлік қоғам активтері мөлшерінің он және одан көп пайызы сомасына мүлік сатып алынатын не иеліктен шығарылатын мәміле туралы ақпаратта мәміленің тараптары, сатып алынған немесе иеліктен шығарылатын активтер, мәміленің мерзімдері мен шарттары туралы мәліметтер, сондай-ақ болған кезде, мәміле туралы өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс;
Тармақша 9
9) эмитентті мәжбүрлеп тарату немесе қайта ұйымдастыру туралы, сондай-ақ оның еншілес және тәуелді ұйымдарын мәжбүрлеп тарату немесе қайта ұйымдастыру туралы сот шешімі;
Тармақша 10
10) эмитенттің мүлкін осы эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын сомаға кепілге (қайта кепілге) беру, сондай-ақ эмитенттің мүлкін осы эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын сомаға кепілден (қайта кепілден) шығару;
Тармақша 11
11) құны эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан астам пайызын құрайтын эмитенттің мүлкіне тыйым салу (мүліктен тыйымды алу);
Тармақша 12
12) эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің жиырма бес және одан көп пайызын құрайтын мөлшерде эмитенттің қарыз алуы, сондай-ақ осы қарыз бойынша негізгі борышты және есепке жазылған сыйақыны толық өтеу туралы;
Тармақша 13
13) солардың нәтижесінде баланстық құны эмитент активтерінің жалпы мөлшерінің он және одан көп пайызын құраған эмитенттің мүлкі жойылған төтенше сипаттағы мән-жайлардың басталуы;
Тармақша 14
14) сотта корпоративтік дау бойынша істі қозғау;
Тармақша 15
15) бірінші санаттағы рұқсаттарды алу (тоқтату, тоқтата тұру);
Тармақша 16
16) мемлекеттік емес бағалы қағаздар эмитентінің негізгі қызмет түрлерін өзгертуі;
Тармақша 17
17) эмитенттің жарғысына және эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісіне сәйкес эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) және (немесе) инвесторлардың мүдделерін қозғайтын өзге де оқиғалар туралы мәліметтер түсініледі.
Тармақ 6
6. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты жариялаудың (бағалы қағаздарды ұстаушылардың назарына жеткізудің) өзге мерзімдері көзделмеген жағдайда, эмитент осы ақпаратты ол туындаған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде жария етеді. Эмитент қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында және қор биржасының интрнет-ресурсында осы баптың талаптарына сәйкес ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде жария етуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 7
7. Эмитенттің ақпаратты жария ету тәртібі, эмитенттің жария етуіне жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптар, сондай-ақ эмитенттің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария ету мерзімдері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. Эмитенттің ақпаратты жария ету тәртібі, жария етілуге жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптар, сондай-ақ ақпаратты қор биржасының интернет-ресурсында жария ету мерзімдері қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.
Тармақ 7-1
7-1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптары тек қана жеке орналастыруға жататын, қор биржасының ресми тізіміне енгізілмеген облигацияларды шығаруды жүзеге асыратын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қолданылмайды.
Тармақ 7-2
7-2. Осы баптың 2-тармағының талаптары «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асырған Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарына қолданылады.
Тармақ 8
8. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының бейрезидент-эмитенттеріне және халықаралық қаржы ұйымдарына қолданылмайды.
Бап 103. 103-бап. Лицензиаттың ақпаратты ашып көрсетуi
103-бап. Лицензиаттың ақпаратты ашып көрсетуi Лицензиат:
Тармақша 1
1) шартқа сәйкес өз клиентiнiң aлдындa оның құқықтары мен мүдделерi қозғалатын ақпаратты ашып көрсетуге;
Тармақша 2
2) клиентке қаржы құралдары мен эмитенттер туралы лицензиаттың қолында бар ақпаратпен (бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны және заңдармен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда) танысуға мүмкiндiк беруге;
Тармақша 3
3) өзiнiң клиентiн осы клиенттiң бұйрығы бойынша қаржы құралдарымен мәмiле жасасу және (немесе) оған инвестициялық консультация беру жөніндегі қызметтерді көрсету процесiнде мүдделер қақтығысының туындау мүмкiндiктерi мен фактiлерi туралы хабардар етуге;
Тармақша 4
4) өзiнiң клиентiн қаржы құралдарымен жасалады деп жорамалданып отырған мәмiлелерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулер мен ерекше талаптар туралы хабардар етуге;
Тармақша 5
5) өзiнiң клиентiне оның бұйрығын орындаудан бас тартылу себептерiн түсiндiруге;
Тармақша 6
6) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңдарында ашып көрсету мiндеттi болып белгiленген қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелер туралы ақпаратты, сондай-ақ өз бұйрықтары бойынша осындай мәмiлелер жасалған клиенттер туралы ақпаратты табыс етуге;
Тармақша 7
7) эмитенттерден алынған және таратуға арналған ақпаратты клиенттердiң назарына жеткiзуге;
Тармақша 8
8) клиенттердiң алдында лицензиат қызметiне қатысты ақпаратты уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген көлемде және тәртiппен ашып көрсетуге;
Тармақша 8-1
8-1) комиссиялық сыйақы мөлшерін бекіткен лицензиат органының атауын, лицензиат органының оларды бекіту туралы шешімінің күні мен нөмірін көрсете отырып, бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыру шеңберінде қызметтер көрсеткені үшін клиенттерден – жеке тұлғалардан алынатын комиссиялық сыйақының мөлшері туралы ақпаратты интернет-ресурста немесе клиенттердің танысуы үшін қолжетімді орында орналастыруға және оны жаңартылған қалпында ұстауға;
Тармақша 9
9) лицензияны алу кезiнде табыс етiлетiн құжаттарға өзгерiстер мен толықтыруларды уәкiлеттi органның назарына мұндай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде жеткiзуге мiндеттi.
Бап 104. 104-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ақпаратты ашып көрсетуi
104-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ақпаратты ашып көрсетуi
Тармақ 1
1. Сауда-саттықты ұйымдастырушы кез келген мүдделi тұлғаның алдында өзiнiң тiзiмiне енгiзiлген бағалы қағаздар және олардың эмитенттерi туралы өзiнде бар мәлiметтердi (бағалы қағаздар рыногында коммерциялық құпияны құрайтын ақпараттарды қоспағанда) ашып көрсетуге мiндеттi.
Тармақ 2
2. Сауда-саттықты ұйымдастырушы осы баптың 1-тармағына сәйкес ашып көрсетуге тиiс ақпаратты ол «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) сауда-саттықты ұйымдастырушы үшiн қолжетiмдi әдiстермен таратады.
Тармақ 3
3. Сауда-саттықты ұйымдастырушының осы баптың 1-тармағына сәйкес ашып көрсетуге жататын ақпаратты осы сауда-саттықты ұйымдастырушы мүшелерiнiң арасында тарату тәртiбi және өзiндегi аталған ақпарат бар құжаттардың көшiрмелерiн мүдделi тұлғаларға табыс ету тәртiбi сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарымен белгiленедi.
Бап 105. 105-бап. Инвестордың және тiркелген тұлғаның ақпаратты жария етуi
105-бап. Инвестордың және тiркелген тұлғаның ақпаратты жария етуi
Тармақ 1
1. Тiркелген тұлға орталық депозитарийге (нақтылы ұстаушыға) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі және (немесе) нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiндегi өз деректерiнiң өзгерiстерi туралы мұндай өзгерiстер туындаған кезден бастап он жұмыс күні iшiнде хабарлауға мiндеттi.
Тармақ 2
2. Орталық депозитарий (нақтылы ұстаушы) тіркелген тұлғадан бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiндегi және (немесе) нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiндегi деректердiң өзгерiстерi туралы мәлiметтер алмауы немесе уақтылы алмауы салдарынан келтiрiлген шығын үшiн тіркелген тұлғаның алдында жауапты болмайды.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде инвестордың (бағалы қағазды ұстаушының) эмиссиялық бағалы қағаздарға инвестицияларды жүзеге асыру кезiнде өзi және өзiнiң үлестес тұлғалары туралы ақпаратты мемлекеттiк органдардың алдында ашып көрсетуге мiндеттi екенi белгiленуi мүмкiн.
Бап 106. 106-бап. Уәкiлеттi органның ақпаратты ашып көрсетуi
106-бап. Уәкiлеттi органның ақпаратты ашып көрсетуi
Бап 107. 107-бап. Уәкiлеттi органның ақпарат алу құқығы
107-бап. Уәкiлеттi органның ақпарат алу құқығы Уәкiлеттi органға жүктелген функцияларды сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ ақша-кредит статистикасын қалыптастыру, экономикалық ахуалды талдау мақсатында уәкілетті орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыретi шегінде эмитенттен, лицензиаттан және кәсіптік ұйымнан, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалардан қажеттi (оның iшiнде бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрайтын) ақпаратты алады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, алынған мәлiметтер жария етуге жатпайды. Осы Заңда белгiленген жарияланған акциялар шығарылымын тiркеу мерзiмдерiнiң сақталуын бақылау мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және (немесе) әділет органдары уәкiлеттi органға оның сұрау салуы бойынша акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында тiркелген заңды тұлғалар туралы ақпарат ұсынады.
Тарау 20. 20-тарау. Бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің қызметін бақылау
20-тарау. Бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің қызметін бақылау
Бап 108. 108-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, инвестициялық портфельді басқарушы ірі қатысушыларының, кәсіби ұйымдар мен эмитенттердің қызметін тексеру
108-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, инвестициялық портфельді басқарушы ірі қатысушыларының, кәсіби ұйымдар мен эмитенттердің қызметін тексеру
Тармақ 1
1. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, инвестициялық портфельді басқарушы ірі қатысушыларының, кәсіби ұйымдар мен эмитенттердің қызметіне тексеруді жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 2
2. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларды, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларын, кәсіби ұйымдар мен эмитенттерді тексеруді уәкілетті орган дербес не басқа мемлекеттік органдарды және (немесе) ұйымдарды тарта отырып жүргізеді. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметіне тексеру жүргізген кезде уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың үлестес тұлғаларының қызметін тек олардың бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметіне әсер ету дәрежесі мен сипатын айқындау мақсатында ғана тексеруге құқылы.
Бап 109. 109-бап. Бағалы қағаздар рыногының субъектiсiне тексеру жүргiзу тәртiбi
109-бап. Бағалы қағаздар рыногының субъектiсiне тексеру жүргiзу тәртiбi
Бап 110. 110-бап. Эмитенттің қызметін бақылау және қадағалау
110-бап. Эмитенттің қызметін бақылау және қадағалау Эмитенттердің қызметін бақылау және қадағалау тексеру жүргізу нысанында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де нысандарда мынадай мәселелер бойынша жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы шарттарында және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында белгіленген, оның ішінде мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірісті төлеу тәртібі жөніндегі шарттарды сақтауы;
Тармақша 2
2) ірі мәмілелерді және жасалуына мүдделілік бар мәмілелерді жасасу кезінде Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын сақтау;
Тармақша 3
3) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің өз қызметі туралы ақпаратты жариялауы жөніндегі осы Заңда белгіленген талаптарды сақтау;
Тармақша 4
4) бағалы қағаздарды ұсатушылардың құқықтары мен мүдделерін сақтау;
Тармақша 5
5) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсынған, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеген, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті және акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіткен кезде Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын сақтауы.
Бап 111. 111-бап. Лицензиаттың қызметiн бақылау
111-бап. Лицензиаттың қызметiн бақылау Уәкiлеттi орган бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн лицензиатқа мынадай мәселелер:
Тармақша 1
1) бағалы қағаздар рыногында жүзеге асырылатын қызметтiң Қазақстан Республикасының заңдарына, кәсіптік ұйымның және лицензиаттың iшкi құжаттарына сәйкестiгі;
Тармақша 2
2) лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыру процесiнде клиенттердiң құқықтары мен мүдделерін сақтау;
Тармақша 3
3) лицензиаттың қаржылық тұрақтылығының пруденциялық нормативтерін және өзге де көрсеткіштерін немесе өлшемдерін (нормативтерін) сақтау;
Тармақша 4
4) ерiктi түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату;
Тармақша 5
5) лицензияны ерікті түрде қайтаруына байланысты лицензияның қолданылуын тоқтату мәселелері бойынша тексеру жүргізуге құқылы.
Бап 112. 112-бап. Кәсіптік ұйымның қызметiн бақылау
112-бап. Кәсіптік ұйымның қызметiн бақылау Кәсіптік ұйымға қатысты бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн уәкiлеттi орган:
Тармақша 1
1) кәсіптік ұйымның қызметi туралы, сондай-ақ оның мүшелерiнiң қызметi туралы ақпарат табыс етудi талап етуге;
Тармақша 2
2) кәсіптік ұйымға орындалуы мiндеттi ұйғарымдар жiберуге және олардың орындалуы туралы есеп табыс етудi талап етуге құқылы.
Тарау 21. 21-тарау. Қорытынды ережелер
21-тарау. Қорытынды ережелер
Бап 113. 113-бап. Уәкілетті органның шешімдеріне және әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау
113-бап. Уәкілетті органның шешімдеріне және әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. Уәкiлеттi органның бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың кәсіби қызметін реттеу саласындағы әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкiн. Уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына қатысты қадағалап ден қою шараларын (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) және (немесе) санкцияларды қолдану туралы шешіміне шағым жасау шағым жасалып отырған шешімнің немесе әрекеттердің (әрекетсіздіктің) орындалуын тоқтата тұрмайды.
Бап 113-1. 113-1-бап. Акциялар эмиссиясы осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн тiркелген акционерлiк қоғамдарда акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жарамсыз деп не акциялар эмиссиясы жасалмады деп танудың салдарлары
113-1-бап. Акциялар эмиссиясы осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн тiркелген акционерлiк қоғамдарда акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жарамсыз деп не акциялар эмиссиясы жасалмады деп танудың салдарлары
Тармақ 1
1. Акциялар эмиссиясы осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн тiркелген акционерлiк қоғамдарда акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жарамсыз деп таныған жағдайда осы акционерлiк қоғам акцияларының барлық эмиссиясы жойылуға тиiс.
Тармақ 2
2. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн қоғамның акциялар эмиссиясы жасалмады деп танылған жағдайда қоғам акцияларының эмиссиясы жасалмады деп тану туралы шешiм негiзiнде бұл эмиссия жойылуға тиiс.
Бап 113-2. 113-2-бап. Нақтылы ұстаушының клиенттері туралы ақпаратты ашу
113-2-бап. Нақтылы ұстаушының клиенттері туралы ақпаратты ашу
Бап 114. 114-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
114-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
Тармақ 1
1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Тармақ 1-1
1-1. Осы Заңның 22-бабы 1-тармағының екінші бөлігі 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Тармақ 2
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 1997 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 5, 52-құжат; N 12, 184-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 15-16, 238-құжат; 2003 жылғы 23 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2003 жылғы 21 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне бағалы қағаздар рыногы және акционерлiк қоғамдар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2003 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2003 жылғы 10 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне ипотекалық кредиттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы);
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу туралы" 1997 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 5, 53-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 17-18, 224-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 238-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; 2003 жылғы 23 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2003 жылғы 21 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне бағалы қағаздар рыногы және акционерлiк қоғамдар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2003 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы).