Об утверждении Положения о государственном учреждении «Рудненский городской отдел занятости и социальных программ» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулыны Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;
Тармақша 3
3) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Әкімдіктің 2021 жылғы 18 қарашадағы № 1425 қаулысымен бекітілді «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Мекеменің ведомстволық бағынысты мекемелері бар:
Тармақша 1
1) Рудный қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы мемлекеттік тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111500, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Пионерская көшесі, 21 үй.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен Мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) Мекеменің басқаруындағы мекемелердің қызметін үйлестіру;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де мақсаттарды жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: Мекеме мүдделерін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда білдіру; өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұрату және алу; Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де құқықтар;
Тармақша 2
2) міндеттері: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау; Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау; мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы және уақытылы көрсетуін қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
Тармақ 15
15. Функциялар:
Тармақша 1
1) құзыреті шегінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды іске асыру;
Тармақша 2
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға арналған бюджеттік қаражат қажеттілігін болжау;
Тармақша 3
3) мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін белгілейтін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;
Тармақша 4
4) өмірде қиын жағдайда жүрген тұлғаларға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы шешімді қабылдау;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекетке қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі кәмелетке толғандарға қатысты қамқорлыққа алу және қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну;
Тармақша 7
7) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Мекеменің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) директорларды лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады: «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің; Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Мекеменің жұмыскерлерін лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатады;
Тармақша 3
3) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазалар қолдану мәселелерін шешеді;
Тармақша 4
4) бұйрықтарды шығарады және Мекеменің барлық жұмыскері үшін орындалуға міндетті нұсқаулар береді;
Тармақша 5
5) Мекеменің атынан сенімхатсыз әрекет жасайды;
Тармақша 6
6) белгіленген еңбекақы төлеу қоры мен саны шегінде Мекеме мен ведомстволық бағынысты мекемелері жұмыскерлерінің штат кестесін бекітеді;
Тармақша 7
7) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және Мекеменің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын бекітеді;
Тармақша 8
8) өз құзыреті шегінде Мекемесінің қаражаты мен мүлігін басқарады;
Тармақша 9
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауап береді;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Мекеменің бірінші басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.