Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Ойсылкара Кудыксайского сельского округа Хромтауского района Актюбинской области Күшін жойған
Басқа 0
Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Құдықсай ауылдық округі Ойсылқара ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Хромтау аудандық аумақтық инспекциясы басшысы міндетін атқарушысының 2021 жылғы 11 мамырдағы № 02-16-04/328 ұсынысының негізінде, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Құдықсай ауылдық округі Ойсылқара ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Хромтау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгiзiледi.