Об утверждении размера платы за один кубический метр поданной питьевой воды населению из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения по Западно-Казахстанской области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Батыс Қазақстан облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 38-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 470 «Ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24170 болып тіркелген), Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерлері бекітілсін:
Тармақша 1
1) ауызсуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін – 30 теңге;
Тармақша 2
2) ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін – 40 теңге;
Тармақша 3
3) ауызсуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін – 90 теңге;
Тармақша 4
4) ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін – 200 теңге.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 1 тармағының 1) және 2) тармақшалары оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 16 тамыздан бастап туындаған қатынастарға таратылады және 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін әрекет етеді, осы шешімнің 1 тармағының 3) және 4) тармақшалары 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.