О внесении изменений в некоторые приказы Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 230 бұйрығымен бекітілген Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадрдағы іс қағаздарын жүргізу құжаттарының үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14468 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадрлық іс қағаздарын жүргізу құжаттарының үлгілік нысандарында: комиссия құрамын бекіту туралы құжаттарға қосымша осы тізбеге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесінде: 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау осы мемлекеттік органдардың автоматтандырылған бағалау жүйесі арқылы жүзеге асырылады.»; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасы Кеңсесінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау автоматтандырылған бағалау жүйесі арқылы оны енгізгеннен кейін жүзеге асырылады.».
Басқа 1. Құрамы _______________________ (комиссия атауы)
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне қосымша Нысан _______________________ (лауазымы) 20__ жылғы «___» ______ №___ бұйрығына (өкіміне немесе шешіміне) қосымша Құрамы _______________________ (комиссия атауы) 1. __________________________, (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және (немесе) лауазымы) комиссия төрағасы 2. _________________________, (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және (немесе) лауазымы) комиссия төрағасының орынбасары 3. _______________________________, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және (немесе)лауазымы) комиссия хатшысы Комиссия мүшелері: 4. __________________________ тегі, аты, әкесініңаты (болған жағдайда) және (немесе)лауазымы) 5. __________________________ тегі, аты, әкесініңаты (болған жағдайда) және (немесе)лауазымы)