Об утверждении Единых правил проставления апостиля Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Апостиль қоюдың бірыңғай қағидаларын бекіту туралы «Шетелдiк ресми құжаттарды заңдастыру талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 24 сәуiрдегi № 545 қаулысының 3-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Апостиль қоюдың бірыңғай қағидалары осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қоюдың тәртібі мен шарттары туралы бірыңғай қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 4 маусымдағы № 67 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1536 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының әділет, білім және ғылым, қаржы, қорғаныс, мәдениет және спорт, ішкі істер вице-министрлеріне, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарына және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі __________М. Бектанов Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі __________А. Аймагамбетов Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі __________Е. Тургумбаев Қазақстан Республикасының Қаржы министрі __________Е. Жамаубаев Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі __________А. Раимкулова Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы __________Н. АХМЕТЗАКИРОВ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушы __________Б. Асылов Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің м.а. __________Н. Пан
Басқа 0. Апостиль қоюдың бірыңғай қағидалары
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 851, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2021 жылғы 29 қарашадағы № 574, Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2021 жылғы 15 қарашадағы № 702, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 16 қарашадағы № 1182, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2021 жылғы 24 қарашадағы № 363, Департамент басшысы 2021 жылғы 16 қарашадағы № 30, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушы 2021 жылғы 24 қарашадағы № 155 мен Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің м.а. 2021 жылғы 4 қарашадағы № 950 Бірлескен бұйрыққа қосымша Апостиль қоюдың бірыңғай қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Апостиль қоюдың бірыңғай қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) апостиль қою тәртібі мен шарттарын белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) апостиль - құжатқа қол қойған адамның қолын және оның өкiлеттiктерiн, сондай-ақ осы қағаз немесе электрондық нысандағы құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба;
Тармақша 2
2) апостиль қоятын адамдар – уәкілетті мемлекеттік органдардың апостиль қою жөніндегі функцияларды орындайтын лауазымды адамдары;
Тармақша 3
3) «Е-Апостиль» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - Е-Апостиль АЖ) – құжаттарды тіркеуге және апостиль «мөртаңбасын» электрондық түрде беруге арналған, апостиль қойылған құжаттардың орталықтандырылған есебі мен бірыңғай архивін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;
Тармақша 4
4) «жұлдызша» - құжат парақтары бекітілген жерге жабыстырылатын және оған апостиль қойған мемлекеттік органның елтаңбалы мөрі қойылатын тығыз қағаз;
Тармақша 5
5) құжат - материалдық жеткізгіште дәлме-дәл жазып алынған, сәйкестендіруге мүмкіндік беретін ақпарат;
Тармақша 6
6) құжаттарды тіркеу кітабы - қағаз тасығышта ұсынылған апостиль қойылған құжаттарды тіркеу;
Тармақша 7
7) «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесі – (бұдан әрі – ҚБЭА АЖ) бұл құжаттарды ақпараттық іздеу функционалы бар Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын автоматтандырылған есепке алудың бірыңғай жүйесі;
Тармақша 8
8) уәкілетті мемлекеттік органдар – «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысын орындау үшін апостиль қоятын мемлекеттік органдар;
Тармақша 9
9) электрондық құжат - ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
Тармақша 10
10) электрондық тіркелім - апостиль қойылған құжаттардың электрондық тізбесі;
Тармақша 11
11) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің «ортақ терезесін» білдіретін ақпараттық жүйе;
Тармақша 12
12) «Электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) – «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін өзге де ақпараттандыру объектілерімен интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе.
Тармақша 13
13) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
Тармақ 3
3. Апостиль қоюға жататын ресми құжаттар ретінде «Қазақстан Республикасының Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын Конвенцияның (бұдан әрі - Конвенция) 1-бабына сәйкес құжаттар қабылданады.
Тармақ 4
4. Апостиль:
Тармақша 1
1) шет елде Қазақстан Республикасының елшiлiктерi немесе консулдық мекемелерi жасаған құжаттарға;
Тармақша 2
2) коммерциялық немесе кедендік операцияларға тікелей қатысы бар әкімшілік құжаттарға қойылмайды.
Тармақ 5
5. Апостиль «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулыға (бұдан әрі - Қаулы) сәйкес жасалған шаршы клише - мөртаңба нысанында болады.
Тармақ 6
6. Апостиль мөртаңбасы нысанынан тыс, төменде «Осы апостиль тек қол қойған адамның қолының, лауазымының/атағының түпнұсқалылығын және құжатқа қойылған мөр мен мөртаңбаның түпнұсқалылығын куәландырады және ол қойылған құжаттың мазмұнын растамайды» деген мәтін көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Конвенцияға қатысушы мемлекеттер аумағында жасалған, Конвенция талаптарына сәйкес апостиль қойылған ресми құжаттар Қазақстан Республикасы аумағында қосымша заңдастырусыз танылады.
Тармақ 8
8. Қаулыға сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдар өздерінің аумақтық органдарына ресми құжаттарға апостиль қою өкілетін беруге құқығы бар. Мөртаңбадағы бағандар мемлекеттік тілде ғана толтырылады.
Тармақ 9
9. Уәкілетті мемлекеттік органдарда өздерінің ведомстволық бағынысты органдарының лауазымды адамдарының және апостиль қоюға ресми құжаттар келіп түсетін басқа да адамдардың қолдарының үлгілері сақталады.
Тармақ 10
10. Апостильдi қою үшiн ұсынылатын құжаттар анық және нақты жазылуға, лауазымды адамдардың қолдары және мөрлердiң бедерi анық болуға тиiс. 11. Ресми құжаттарға апостиль қою саласында мемлекеттік қызметтер көрсету «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2- тарау. Қағаз түрінде апостиль қою тәртібі мен шарттары
2- тарау. Қағаз түрінде апостиль қою тәртібі мен шарттары
Тармақ 12
12. Қағаз нысанда апостиль қою Конвенцияның қатысушысы ретiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарынан (мекемелерiнен), лауазымды адамдарынан немесе нотариустарынан ғана шығатын ресми құжаттардың түпнұсқаларында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының аумағында түпнұсқаларға апостильдi қою үшiн өзге егемендi мемлекеттердiң (КСРО құрамындағы бұрынғы одақтас республикалардың) мемлекеттiк органдары (мекемелерi), лауазымды адамдары немесе нотариустары берген құжаттар қабылданбайды.
Тармақ 13
13. Апостиль құжаттың мәтiннен бос орнында не оның арғы бетiнде қойылады және уәкiлеттi мемлекеттiк органның елтаңбалық мөрiмен бекiтiледi. Көлемі бір парақтан асатын құжатта парақтар тігілуі, баумен байлануы және мөрмен бекітілуі тиіс.
Тармақ 14
14. Апостиль, оны ұсынылған құжатқа қою мүмкін емес болған жағдайда қағаздың бөлек парағында қойылады. Бұл жағдайда құжаттың парақтары мен апостилi бар парақ кез келген түстi жiппен (не арнайы жiңiшке баумен, лентамен) бiрге тiгу жолымен бекiтiледi және нөмiрленедi, бұл туралы «жұлдызшада» тиiстi жазу жүргiзiледі. Құжаттардың соңғы парағы бекiтiлген жерде елтаңбалық мөр қойылатын «жұлдызшамен» желiмденедi. Бұл ретте қойылған мөрдiң бедерi «жұлдызшада» және парақта бiркелкі орналасуға тиiс. Бекiтiлген парақтардың саны апостильдi қоятын адамның қолымен расталады. Апостиль қойылған парақ көрсетiлген әдiспен және құжаттың мұқабасы қатты болған жағдайда да құжатқа тiгiлуге тиiс.
Тармақ 15
15. Апостильдегі мәтін теріледі немесе қолмен анық жазылады, өшірулерге жол берілмейді. Апостильдiң мәтiнiне өзгерiстер енгiзуге және оның мөртаңбасындағы жолдардың орналасу ретiн өзгертуге жол берiлмейдi. Апостильдiң мөртаңбасын ксерокөшiрме әдiсiмен немесе куәландырылатын құжаттарға тiгу үшiн өзге де жолмен апостильдi парақтан дайындауға жол берiлмейдi. Апостиль нақ мөртаңбаның бедерi ретiнде қойылады.  Апостильдің мөртаңбасы компьютерлік тәсілмен орындалуы мүмкін.
Тармақ 16
16. Егер құжатқа бiрнеше адам қол қойса, апостильде жоғары тұратын лауазымды адамның қолы куәландырылады.
Тармақ 17
17. Құжатта лауазымды адамның қолы мен оның тегi көзделмеген, ал құжат мемлекеттiк органнан (мекемеден) шыққан жағдайларда апостиль мөртаңбасының 2-шi жолында «қолы көзделмеген» деп көрсетiледi, ал 3 және 4-шi жолдарда құжат шығатын органның атауы жазылады.
Тармақ 18
18. Апостиль қою үшін ұсынылған құжаттарды тіркеу осы Қағидаларға 1 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды тіркеу кітабында (бұдан әрі-Кітап) жүргізіледі.
Тармақ 19
19. Кітап тігіледі, оның парақтары нөмірленеді және апостиль қоятын адамның қолымен және осы Кітап жүргізілетін уәкілетті мемлекеттік органның елтаңбалы мөрімен бекітіледі.
Тармақ 20
20. Кітапқа жазу мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек ұсынылғаннан және құжатқа апостиль қойылғаннан кейін жүргізіледі.
Тармақ 21
21. Кітапта өшіруге жол берілмейді, ал түзетулер апостиль қоятын, Кітапты жүргізуге жауапты адамның қолы қойылып ескертілуі тиіс.
Тарау 3. 3- тарау. Электрондық нысанда апостиль қою тәртібі мен шарттары
3- тарау. Электрондық нысанда апостиль қою тәртібі мен шарттары
Тармақ 22
22. Электрондық форматтағы апостиль берілген Portable Document Format (PDF) файылы түрінде уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе оны ауыстыратын адамның ЭЦҚ қойылған ресми құжаттың электрондық немесе сканерленген көшірмесімен бірге қойылады.
Тармақ 23
23. Апостиль қою үшін ұсынылған құжат электрондық түрде немесе құжаттың түпнұсқасын сканерлеу арқылы ұсынылады (ксерокөшірмелерден сканерлеуге жол берілмейді).
Тармақ 24
24. Апостиль қою үшін ұсынылған құжат қағаз жеткізгіштегі құжатты сканерлеу арқылы түпнұсқаға дәл сәйкес келуге тиіс (мәтінді түзетуге немесе өшіруге жол берілмейді).
Тармақ 25
25. Лауазымды тұлға апостиль қоюға жататын электрондық құжатта Е-Апостиль АЖ немесе ҚБЭА АЖ арқылы электрондық апостиль қалыптастырады және ЭҮШ арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін порталдағы өтініш берушінің «Жеке кабинетіне» жібереді.
Тармақ 26
26. Электрондық апостиль портал арқылы уәкілетті мемлекеттік орган өтініш беру кезінде берген қорғаныс кодын қолдана отырып, жүктеп алу жолымен береді.
Тармақ 27
27. Электрондық апостиль мөртабанының астында мемлекеттік органның электрондық парағының мекен-жайы (веб параққа сілтеме) көрсетіледі.
Тармақ 28
28. Электрондық тіркелім қағаз, сондай-ақ электрондық форматта берілген барлық апостильдердің архивін қарастырады.
Тармақ 29
29. Апостиль электрондық форматта қойылатын құжаттар бойынша тіркеу құжаттардың электрондық тіркелімінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
Басқа 1
Апостиль қоюдың бірыңғай қағидаларына 1-қосымша Нысан № Апо­стиль­ді қою мер­зі­мі Апо­стиль­ді қой­ды­ру­ға жү­гін­ген адам­ның те­гі, аты мен әке­сі­нің аты (егер бар бол­са), түр­ғы­лық­ты ме­кен-жайы Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың нө­мі­рі, бе­рі­л­ген кү­ні және ор­га­ны Апо­стиль­ді қой­ды­ру үшін ұсы­ны­л­ған құ­жат­тың ата­уы мен маз­мұ­ны, нө­мі­рі, бе­рі­л­ген кү­ні және ор­га­ны Құ­жат­қа қол қой­ған адам­ның те­гін, атын, әке­сі­нің атын (егер бар бол­са), ал қол қой­ыл­ма­ған құ­жат­тар­ға қа­ты­сты – мөр­ді неме­се мөр­таң­ба­ны қой­ған ор­ган­ды көр­се­ту Құ­жат жі­бе­рі­ле­тін ел Апо­стиль­ді қой­ды­ру­ға жү­гін­ген адам­ның құ­жат­ты алу­да қой­ы­л­ған қо­лы не дай­ын құ­жат­тың бе­рі­лу­ін рас­тай­тын құ­жат Апо­стиль­ді қой­ған адам­ның те­гі, аты,әке­сі­нің аты (егер бар бол­са) және ла­у­а­зы­мы 1 2 3 4 5 6 7 8 9
Басқа 2
Апостиль қоюдың бірыңғай қағидаларына 2-қосымша Нысан № Апо­стиль­ді қою мер­зі­мі Апо­стиль­ді қой­ды­ру­ға жү­гін­ген адам­ның те­гі, аты мен әке­сі­нің аты (егер бар бол­са), түр­ғы­лық­ты ме­кен-жайы Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың нө­мі­рі, бе­рі­л­ген кү­ні және ор­га­ны Апо­стиль­ді қой­ды­ру үшін ұсы­ны­л­ған құ­жат­тың ата­уы мен маз­мұ­ны, нө­мі­рі, бе­рі­л­ген кү­ні және ор­га­ны Құ­жат­қа қол қой­ған адам­ның те­гін, атын, әке­сі­нің атын (егер бар бол­са), ал қол қой­ыл­ма­ған құ­жат­тар­ға қа­ты­сты – мөр­ді неме­се мөр­таң­ба­ны қой­ған ор­ган­ды көр­се­ту Құ­жат жі­бе­рі­ле­тін ел Апо­стиль­ді қой­ған адам­ның те­гі, аты,әке­сі­нің аты (егер бар бол­са) және ла­у­а­зы­мы 1 2 3 4 5 6 7 8