Аудан аумағындағы мемлекеттік емес орман қорындағы ағаштар мен бұталарды, жасыл желектерді кесу және ретке келтіру Ереже туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.11.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан аумағындағы мемлекеттік емес орман қорындағы ағаштар мен бұталарды, жасыл желектерді кесу және ретке келтіру Ереже туралы Екінші сайланған Райымбек аудандық мәслихаттың кезекті ХХХІV сессиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының6-бабының негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аудан аумағындағы мемлекеттік емес орман қорындағы ағаштар мен бұталарды, жасыл желектерді кесу және ретке келтіру туралы Ереже   1 қосымшаға сәйкес бекітілсін. (қосымша қоса тіркеледі).
Тармақ 2
2. Осы ереженің жергілікті жерлерде жүзеге асырылуын қадағалау мақсатында төмендегі құрамда аудандық комиссия бекітілсін.
Тармақ 1. Мүшелері:
1. Әбішов Болат - Алматы облыстық - аумақтық қоршаған ортаны қорғау Қожамбердіұлы басқармасының Райымбек ауданы бойынша бас инспекторы, комиссия төрағасы. Мүшелері: 2. Жо­ла­ев Ер­жан Сыр­лан­құ­лұ­лы аудан­дық іш­кі іс­тер бө­лі­мі ба­стығ­ы­ның орын­ба­са­ры, по­ли­ция под­пол­ков­ни­гі. 3. Би­ха­нов Ер­кін Ижди­я­тұ­лы аудан әкі­мі ап­па­ра­ты­ның тө­тен­ше жағ­дай­лар жө­нін­де­гі бас ма­ма­ны. 4. Қо­қым­ба­ев Қа­зы­бек Құл­жа­бай­ұ­лы аудан­дық жер ре­сур­ста­ры ко­ми­те­ті­нің ба­стығы 5. Жақ­сы­ба­ев Иб­ра­гим Жыл­кел­ді­ұ­лы аудан­дық электр жүй­е­сі­нің ба­стығы 6. Әу­ел­бе­ков Жан­бо­лат Әу­ел­бе­кұ­лы аудан­ның бас сәу­лет­ші­сі. 7. Қо­жах­ме­тов Сү­лей­мен аудан­дық те­ле­ком­му­ни­ка­ция то­ра­бы­ның те­ле­ком­му­ни­ка­ция қыз­ме­тін са­ту бө­лі­мі­нің ба­стығы
Тармақ 3
3. Ереженің жергілікті жерлерде мүлтіксіз орындалуына басшылық жасау селолық поселкелік округ әкімдерінің және аудандық комиссияның назары аударылсын.
Тармақ 4. Аудан аумағындағы мемлекеттік емес орман қорындағы ағаштар мен бұталарды, жасыл желектерді кесу және ретке келтіру туралы ЕРЕЖЕ
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың Заңдылық және қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі тұрақты комиссияға (Әбек Ұлықпан) міндеттелінсін. Аудандық мәслихаттың ХХХIV - сессиясының төрағасы Аудандық мәслихаттың хатшысы Аудандық мәслихаттың 2003 жылғы 9 маусымдығы N 34-127 шешіміне қосымша Аудан аумағындағы мемлекеттік емес орман қорындағы ағаштар мен бұталарды, жасыл желектерді кесу және ретке келтіру туралы ЕРЕЖЕ І. Ереженің мақсаты Бұл ереже аудан көлеміндегі қураған көлік қозғалысына, телекоммуникация және электрлендіру желілеріне қауіп төндіретін, сонымен қатар, елді мекендерді көгалдандыру, абаттандыру, құрылыс жұмыстарын жүргізу нормаларына сай келмейтін ағаштарды кесуді тәртіпке келтіру үшін жасалынды. ІІ. Ережені жүзеге асыруды ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Арыз беруші азамат, жеке және заңды тұлғалар (бұдан былай талапкер) өз өтінішімен ауылдық, кенттік округ әкіміне жүгінеді.
Тармақ 2
2. Ауылдық, кенттік округ әкімдері үш күн ішінде аудан әкімі шешімімен құрылған. Мемлекеттік емес орман қорындағы ағаштар мен бұталарды жасыл желекті заңсыз кесуді табиғи өскіндерді қорғау мен реттеу жәйлі құрылған комиссияның қарауына ұсынады. (комиссия төрағасы аудандағы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор).
Тармақ 3
3. Комиссия бір аптаның ішінде талапкердің арызын, оған байланысты ауылдық, кенттік округ әкімдерінің ұсынысын қарай келіп, арнайы формада мерзімін көрсете отырып рұқсат береді, немесе рұқсат берілмегені жөніндегі комиссия шешімінен көшірме беріледі.
Тармақ 4
4. Комиссия төрағасы қол қойған мөрі басылған рұқсат қағаз ауылдық, кенттік округте бақылауға алу үшін тіркеуден өтеді.
Тармақ 5
5. Ауылдық, кенттік округте талапкер техникалық қауіпсіздік жөніндегі арнайы инструктаждан өтіп, ол жөнінде журналға қол қояды.
Тармақ 6
6. Жұмыс орындалғаннан кейін талапкер барлық құжаттарды ауылдық, кенттік округ әкіміне, орындалғаны жөнінде белгі соғып, қайтарады. Бұл құжаттар аудан көлемінде есеп жүргізу үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға өткізілді.
Тармақ 7
7. Талапкер ағашты кесілген алаңды қоқыстан толықтай тазалап жерді тырмалап, қалыпқа келтіреді.
Тармақ 8
8. Өтініш иесі кесілген ағаштардың орнына көгалдандыру мақсатында жылдың тиісті мерзімінде ағаштар отырғызуды ұйымдастыруға құқықты.
Тармақ 9
9. Ағаш кесу мен көшет отырғызу жұмыстары комиссия мүшелерінің, ауылдық, кенттік округ әкімдерінің тікелей бақылауында жүргізіледі.
Тармақ 10. ІІІ. Осы талаптарды орындамаған жағдайда заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілік жүктелінеді
10. Аталған жұмыстарды орындау кезінде талапкер техникалық және басқа да қауіпсіздіктерді қатаң сақтауға міндетті. ІІІ. Осы талаптарды орындамаған жағдайда заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілік жүктелінеді