Об утверждении размера платы за один кубический метр поданной питьевой воды населению из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения по Атырауской области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атырау облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабының екінші бөлігіне және Қазақстан Республикасы Индустия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 470 «Ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйлерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдестемесін бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24170 болып тіркелген) сәйкес Атырау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Атырау облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері бекітілсін:
Тармақша 1
1) ауызсуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін – 50 теңге;
Тармақша 2
2) ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін – 60 тенге.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 16 тамыздан бастап туындаған қатынастарға таратылады.