Об установлении карантинных мероприятий на территории села Мұзбел Нуринского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Нұра ауданы Мұзбел ауылының аумағында карантиндік іс-шаралар белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 – бабына сәйкес және Нұра ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 22 қарашадағы № 02-13-672 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Нұра ауданы Мұзбел ауылының аумағында ұсақ мүйізді малдың арасынан шешек ауруының анықталуына байланысты, ауру ошағын жою және ветеринариялық - санитариялық іс-шараларды өткізу үшін карантиндік іс-шаралар белгіленсін.
Тармақ 2
2. Мұзбел ауылы әкімінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 6 «Нұра ауданының Мұзбел ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25593 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Нұра ауданы Мұзбел ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімді Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешім оның ресми жарияланғанынан кейін Нұра ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.