О государственном регулировании, контроле и надзоре финансового рынка и финансовых организаций Қолданыста
Басқа 0
МАЗМҰНЫ
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап.
Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасы
3-бап.
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың негізгі мақсаты, мiндеттерi мен қағидаттары
4-бап. Қаржы рыногында уәкiлеттiк берiлмеген қызметке тыйым салу
5-бап. Пруденциялық нормативтер және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер
6-бап. Алынып тасталды
2-тарау.
Уәкілетті органның функциялары мен өкілеттіктері
7-бап. Алынып тасталды
8-бап. Алып тасталды
9-бап. Уәкiлеттi органның функциялары мен өкiлеттiктерi
9-1-бап. Өкілдің мақсаты, функциялары, құқықтары мен міндеттері
9-2-бап. Қашықтықтан қадағалау
9-3-бап. Бақылау және қадағалау шеңберіндегі тәуекелге бағдарланған тәсіл
9-4-бап. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар
9-5-бап. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру тәртібі
9-6-бап. Банкке, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншілес ұйым құруға немесе иеленуге, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымның капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру тәртібі
9-7-бап. Банк, бейрезидент банк филиалы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, сақтандыру холдингі, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы қызметінің негізгі көрсеткіштерін жариялау
10-бап. Банк қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi
10-1-бап. Алынып тасталды
11-бап. Сақтандыру қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi
12-бап. Бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары нарығы субъектiлерiнiң қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi
12-1-бап. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мониторингі
12-2-бап. Микроқаржылық қызметті мемлекеттік реттеу,бақылау және қадағалау ерекшеліктері
12-3-бап. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметін мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау
13-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi
13-1-бап. Алынып тасталды
13-2-бап. Қаржы нарығы саласындағы өзге ақпарат аудиті саласындағы өкілеттіктер
13-3-бап. Ерекше реттеу режимін енгізу мақсаттары және оның шеңберінде қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары
13-4-бап. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру
13-5-бап. Уәкілетті органның уәжді пайымдауды пайдалану жөніндегі өкілеттіктері
13-6-бап. Қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы өкілеттіктер
14-бап. Ақпарат алу жөніндегі өкiлеттiктер
15-бап. Уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттiк органдарымен және басқа мемлекеттердiң қаржы рыноктары мен қаржылық ұйымдарды реттеудi және қадағалауды жүзеге асыратын органдарымен өзара әрекетi
2-1-тарау. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі
15-1-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалау
15-2-бап. Тексеру түрлері
15-3-бап. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеруді, жоспардан тыс тексеруді ұйымдастыру мен жүргізудің жалпы тәртібі
15-4-бап. Құжаттық тексеруді жүргізу ерекшеліктері
15-5-бап. Тексерулердің өзге де мәселелері
15-6-бап. Бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандары
15-7-бап. Қашықтықтан қадағалау
15-8-бап. Бақылау және қадағалау шеңберіндегі тәуекелге бағдарланған тәсіл
15-9-бап. Өкілдің міндеті, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15-10-бап. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мониторингі
2-2-тарау. Уәкілетті органның жұмыскерлері
15-11-бап. Уәкілетті орган жұмыскерлері лауазымдарының құрамы
15-12-бап. Уәкілетті органның қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату
15-13-бап. Уәкілетті орган қызметшілерінің құқықтары мен міндеттері
15-14-бап. Уәкілетті орган жұмыскерлерінің жауаптылығы
15-15-бап. Уәкілетті орган жұмыскерлерінің демалыстары
15-16-бап. Уәкілетті органның жұмыскерлеріне іссапарлар кезіндегі кепілдіктер мен өтемақылар
15-17-бап. Уәкілетті органның қызметін тексеру
2-3-тарау. Банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы
15-18-бап. Банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы
15-19-бап. Оператор
15-20-бап. Операторлардың қызметін мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау ерекшеліктері
15-21-бап. Жазбаша нұсқама және санкциялар
2-4-тарау. Іс-қимылды қадағалау
15-22-бап. Қаржы нарығындағы жауапты іскерлік практикалар
15-23-бап. Қаржы өнімдерін басқару
15-24-бап. Қаржы өнімдері туралы ақпаратты ашып көрсету
15-25-бап. Қаржы нарығында жосықсыз практикаларға жол бермеу
15-26-бап. Қаржы өнімдерін ұсыну кезінде уәкілетті агенттердің қызметі үшін іс-қимылды қадағалау субъектілерінің жауапкершілігі
15-27-бап. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының жолданымдарын қарау
2-5-тарау. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың дауларын сотқа дейін реттеу тәртібі. Қаржы омбудсманы, оның мәртебесі, оны сайлау және өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі, қаржы омбудсманы қызметі
15-28-бап. Дауларды сотқа дейін реттеу тәртібі
15-29-бап. Қаржы омбудсманы
15-30-бап. Қаржы омбудсманы қызметі
15-31-бап. Қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі
15-32-бап. Қаржы омбудсманы қызметін қаржыландыру
15-33-бап. Қаржы омбудсманының жолданымдарды қарау тәртібі
15-34-бап. Міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды реттеу ерекшеліктері
3-тарау. Қорытынды ережелер
16-бап. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
17-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртiбi
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы
Осы Заң қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын арттыруға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеуге жағдайлар жасауға бағытталған.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жосықсыз практикалар – түрлері мен белгілері осы Заңның 15-25-бабының 2-тармағында белгіленген іс-қимылды қадағалау субъектілерінің әрекеттері (әрекетсіздігі);
Тармақша 2
2) қаржылық көрсетілетін қызметтер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялар негізінде жүзеге асырылатын, сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылардың (актуарийлерді қоспағанда), бағалы қағаздар нарығына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына кәсіби қатысушылардың қызметі, банк қызметі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі, сондай-ақ:
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының;
орталық депозитарийдің;
мемлекетке, тізбесін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган бекітетін квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі бағалы қағаздарды немесе мемлекеттің, көрсетілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің соларға қатысты мүліктік құқықтары бар бағалы қағаздарды номиналды ұстау функцияларын жүзеге асыру бөлігінде мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың;
өзара сақтандыру қоғамдарының;
сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның лицензиялауға жатпайтын қызметі;
Тармақша 3
3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы – қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының көрсетілетін қызметтерін сатып алу ниеті бар немесе көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын, сондай-ақ өз қаражатын қаржы құралдарына инвестициялайтын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 4
4) қаржы нарығы – қаржылық қызметтерді көрсету мен тұтынуға, сондай-ақ қаржы құралдарын шығарумен және олардың айналысына байланысты қатынастардың жиынтығы;
Тармақша 5
5) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 6
6) қаржы нарығындағы жауапты іскерлік практикалар – іс-қимылды қадағалау субъектілерінің қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға адал, ашық және әділ қарым-қатынасын қамтамасыз етуге бағытталған қағидаттар мен әрекеттер жиынтығы;
Тармақша 7
7) қаржы нарығындағы кәсiби қызмет – қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
Тармақша 8
8) қаржы өнімі – қаржы ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы және Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы қаржы нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру шеңберінде қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға ұсынатын қызмет;
Тармақша 9
9) қаржы ұйымы – қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 10
10) мінсіз іскерлік бедел – адамның, оның ішінде:
аталған адамның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкке реттеу режимін қолдануға алып келген құқыққа қайшы әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасау;
аталған адамның алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы, оның ішінде адамға қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы;
қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болуы фактілерінің жоқтығымен расталатын кәсіпқойлығы мен адалдығы;
Тармақша 11
11) тексеру материалдары – тексеру барысында және нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау органы қалыптастыратын материалдар;
Тармақша 12
12) уәкілетті агент – іс-қимылды қадағалау субъектісінің коммерциялық өкілдігін жүзеге асыратын тұлға, оның ішінде сақтандыру агенті;
Тармақша 13
13) іс-қимылды қадағалау – уәкілетті органның осы Заңның 2-4-тарауында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген, іс-қимылды қадағалау субъектілерінің және (немесе) олардың уәкілетті агенттерінің әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзудың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге бағытталған қызметі;
Тармақша 14
14) іс-қимылды қадағалау субъектісі – банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, микроқаржы ұйымы, жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген коллекторлық агенттік, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасы
2-бап. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Тармақ 3
Бап 3. 3-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк
реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың негізгі
мақсаты, мiндеттерi мен қағидаттары
3-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк
реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың негізгі
мақсаты, мiндеттерi мен қағидаттары
Тармақ 1
1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың негізгі мақсаты қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылады.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген негізгі мақсатты іске асыру үшін уәкілетті органға қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың мынадай міндеттері жүктеледі:
Тармақша 1
1) қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары қызметiнiң стандарттарын белгiлеу, қаржы ұйымдарын корпоративтiк басқаруды жақсарту үшiн ынталандыру жағдайларын жасау;
Тармақша 2
2) қаржы нарығында адал бәсекелестікті қолдауға бағытталған, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметі үшін тең құқылы жағдайлар жасау;
Тармақша 3
3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін, тұтынушылар үшін қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметі және олар көрсететін қаржылық қызметтер туралы ақпараттың толықтығы мен қолжетімділігін, сондай-ақ қаржылық сауаттылықтың және халық үшін қаржылық қолжетімділіктің деңгейін арттыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) қаржы жүйесінің орнықтылығын сақтау мақсатында қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарын мониторингтеу;
Тармақша 5
5) қаржылық тұрақтылықты қолдап отыру мақсатында қаржы нарығының тәуекелдерге неғұрлым бейім салаларында қадағалау ресурстарын шоғырландыру;
Тармақша 6
6) осы баптың 1-тармағында көзделген, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың негізгі мақсатына қол жеткізуге бағытталған, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттер.
Тармақ 3
3. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау қағидаттары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) реттеу ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;
Тармақша 2
2) қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары қызметінің және қаржылық қадағалаудың ашықтығы;
Тармақша 3
3) қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының жауапкершілігі.
Бап 4. 4-бап. Қаржы рыногында уәкiлеттiк берiлмеген қызметке тыйым салу
4-бап. Қаржы рыногында уәкiлеттiк берiлмеген қызметке тыйым салу
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлген тиiстi лицензиясы жоқ тұлғалардың қаржы рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыруына жол берiлмейдi.
Тармақ 2
2.
Тиісті лицензиясыз жасалған қаржылық қызмет көрсету бойынша мәмiлелер жарамсыз болып табылады.
Бап 5. 5-бап. Пруденциялық нормативтер және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер
5-бап. Пруденциялық нормативтер және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер
Уәкiлеттi органның қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары үшiн олардың қаржы тұрақтылығын және қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында белгiлейтiн экономикалық шектеулер пруденциялық нормативтер болып табылады.
Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда уәкiлеттi орган пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi шоғырландырылған негiзде белгiлеуге құқылы.
Бап 6. 6-бап. Қаржы рыногын монополияға қарсы реттеу
6-бап. Қаржы рыногын монополияға қарсы реттеу
Тарау 1-1. 1-1-тарау. Уәкілетті органның мәртебесі, құрылымы және органдары
1-1-тарау. Уәкілетті органның мәртебесі, құрылымы және органдары
Бап 6-1. 6-1-бап. Уәкілетті органның мәртебесі және қызметінің
құқықтық негізі
6-1-бап. Уәкілетті органның мәртебесі және қызметінің
құқықтық негізі
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін, өзі туралы Ереже негізінде әрекет етеді.
Уәкілетті орган өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, осы Заңды, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын басшылыққа алады.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылатын республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
Уәкілетті орган бес жылдық кезеңге арналған стратегиялық жоспарды әзірлейді, онда уәкілетті орган қызметінің стратегиялық бағыттарын, мақсаттары мен нысаналы индикаторларын айқындайды.
Стратегиялық жоспарды уәкілетті органның төрағасы Қазақстан Республикасының Президентімен не оның уәкілеттік беруі бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысымен келісу бойынша бекітеді.
Бап 6-2. 6-2-бап. Уәкілетті органның құрылымы мен жалпы штат саны
6-2-бап. Уәкілетті органның құрылымы мен жалпы штат саны
Уәкілетті органның құрылымы мен жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Бап 6-3. 6-3-бап. Уәкілетті органның Төрағасы
6-3-бап. Уәкілетті органның Төрағасы
Қазақстан Республикасының Президенті уәкілетті органның Төрағасын лауазымға алты жыл мерзімге тағайындайды.
Уәкілетті органның Төрағасы уәкілетті органның атынан әрекет етедi және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және өзге де тұлғалармен
қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкілдік етеді.
Уәкілетті органның Төрағасына осы Заңда уәкілетті органның Басқармасы үшін айтылған өкiлеттiктердi қоспағанда, уәкілетті органның қызметi мәселелері бойынша жедел және атқарушылық-өкiмдік шешiмдер қабылдау, уәкілетті органның атынан шарттар жасасу өкiлеттiктерi берiлген.
Уәкілетті органның Төрағасы уәкілетті органның қызметi үшiн жауапты.
Уәкілетті органның Төрағасы отставкаға кетерден екi ай бұрын Қазақстан Республикасының Президентiне өзiнiң жазбаша өтiнiшiн беріп, отставкаға кетуге құқылы.
Қазақстан Республикасының Президентi уәкілетті органның Төрағасын лауазымынан босатады.
Бап 6-4. 6-4-бап. Уәкілетті орган Төрағасының орынбасарлары
6-4-бап. Уәкілетті орган Төрағасының орынбасарлары
Қазақстан Республикасының Президентi уәкілетті орган Төрағасының орынбасарларын лауазымға уәкілетті орган Төрағасын тағайындау мерзiмдерiне қарамастан, уәкілетті орган Төрағасының ұсынуымен алты жыл мерзiмге тағайындайды.
Уәкілетті орган Төрағасының орынбасарлары уәкілетті орган атынан сенiмхатсыз өкілдік етеді, өз құзыреті шегiнде құжаттарға қол қояды.
Уәкілетті орган Төрағасының орынбасарларын уәкілетті орган Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi лауазымынан босатады.
Уәкілетті орган Төрағасының орынбасарлары отставкаға кетерден екi ай бұрын уәкілетті органның Төрағасы арқылы Қазақстан Республикасының Президентiне өзiнiң жазбаша өтiнiшiн беріп, отставкаға кете алады.
Бап 6-5. 6-5-бап. Уәкілетті органның Басқармасы және оның өкiлеттiктерi
6-5-бап. Уәкілетті органның Басқармасы және оның өкiлеттiктерi
Басқарма уәкілетті органның жоғары органы болып табылады.
Уәкілетті органның Басқармасы:
Тармақша 1
1) қаржы нарығын қалыптастыру және дамыту саласындағы басымдықтарды айқындайды;
Тармақша 2
2) осы Заңның 3-бабының 1 және 3-тармақтарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының, сондай-ақ өзге де тұлғалардың қызметін реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уәкілетті орган туралы ережеде айқындалады;
Тармақша 3
3)
қаржы ұйымдарына және өзге тұлғаларға өзінің құзыретіне кіретін мәселелер
бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету
шараларын, қадағалап ден қою шараларын қолдану тәртібін айқындайды;
Тармақша 4
Тармақша 5
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған бағдарламаларды бекітеді;
Тармақша 7
Тармақша 8
Тармақша 9
9) уәкілетті органның құрылымын, жалпы штат санын және Уәкілетті орган туралы ережені, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтыруларды қарайды, мақұлдайды және Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге ұсынады;
Тармақша 9-1
9-1) Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша уәкілетті орган жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесін бекітеді;
Тармақша 10
10) уәкілетті органның жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу және оларды әлеуметтiк-тұрмыстық жағынан қамтамасыз ету шарттарын бекітеді;
Тармақша 11
11) уәкілетті органның жұмысы туралы жылдық есепті қарайды, қабылдайды және Қазақстан Республикасының Президентінің бекітуіне ұсынады;
Тармақша 12
12) уәкілетті органның қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен жасалған еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекітеді;
Тармақша 13
Тармақша 14
14) акционерлік қоғамдар мен қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті жариялауы қағидаларын бекітеді, оларда жариялануға жататын қаржылық есептіліктің тізбесін қоса алғанда, оны жариялау тәртібі және оны жариялау мерзімдері айқындалады;
Тармақша 15
15) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 16
16) банктік депозиттік сертификаттарды шығару және олардың айналысы қағидаларын бекітеді;
Тармақша 17
Тармақша 18
18) уәкілетті органның қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алуы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 18-1
18-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірлесіп, кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 18-2
18-2) «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін пайдаланылатын таргеттелетін шығындылықтың, анықтық факторының және түзету коэффициенттерінің мөлшерлерін бекітеді;
Тармақша 18-3
18-3) «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2) және 3) тармақшаларында көзделген цифрлық қаржы активтерін шығару, орналастыру, айналымға (айналысқа) жіберу және өтеу шарттары мен тәртібін айқындайды;
Тармақша 18-4
18-4) «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтерінің базалық активі бола алатын мүліктің тізбесін (түрлерін), сондай-ақ осындай цифрлық қаржы активтері бойынша базалық активті есепке алу және сақтау тәртібін бекітеді;
Тармақша 18-5
18-5) «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтеріне қатысты цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдар ретінде әрекет етуге құқылы ұйымдарға қойылатын талаптарды бекітеді;
Тармақша 19
19) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар мен өкiлеттiктерді жүзеге асырады.
Осы баптың екінші бөлігі 2), 3), 14), 15) және 17) тармақшаларының талаптары Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қатысты осы баптың екінші бөлігінің 14) тармақшасын қолдану мақсатында бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептілік қаржылық есептілік деп түсініледі.
Бап 6-6. 6-6-бап. Уәкілетті орган Басқармасының құрамы
6-6-бап. Уәкілетті орган Басқармасының құрамы
Уәкілетті органның Басқармасы
жеті адамнан тұрады.
Уәкілетті орган Басқармасының құрамына уәкілетті органның Төрағасы, уәкілетті органның
төрт
лауазымды адамы, Қазақстан Республикасының Президентiнен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен бір-бір өкiл кiредi.
Қазақстан Республикасының Президентiнен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен және уәкілетті органнан уәкілетті орган Басқармасының мүшелерiн тиiсiнше Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы және уәкілетті органның Төрағасы тағайындайды және босатады.
Бап 6-7. 6-7-бап. Уәкілетті орган Басқармасының отырыстары
6-7-бап. Уәкілетті орган Басқармасының отырыстары
Уәкілетті орган Басқармасының отырыстары уәкілетті органның Төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес қажеттілігіне қарай өткiзiледi.
Уәкілетті орган Басқармасының кезектен тыс отырыстары уәкілетті орган Төрағасының немесе Басқарманың екі мүшесiнiң талап етуi бойынша өткізіледі.
Уәкілетті орган Басқармасының мүшелерi Басқарма отырыстарының тағайындалғаны туралы уақтылы хабардар етiледi.
Уәкілетті орган Басқармасының отырысын – уәкілетті органның Төрағасы, ал ол болмаған кезде оны алмастыратын адам өткiзедi.
Басқарма мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысқан кезде уәкілетті органның Басқармасы шешiм қабылдауға құқылы, олардың қатарында уәкілетті органның Төрағасы не оны алмастыратын адам болуға тиiс.
Уәкілетті орган Басқармасының шешiмi Басқарма мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда уәкілетті орган Төрағасының даусы шешушi болып табылады.
Уәкілетті органның Төрағасы өзi бiлдiрген қарсылығын қосып, Басқарма шешiмiн бір апта мерзiмнен кешiктiрмей қайта талқылау және дауыс беру үшiн қайтаруға құқылы. Егер Басқарма бұрын қабылданған шешiмдi өз мүшелерiнiң жалпы санының үштен екi даусымен растаса, уәкілетті орган Төрағасы шешiмге қол қояды.
Басқарма өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қаулы қабылдайды.
Тарау 2. 2-тарау. Уәкілетті органның функциялары мен өкілеттіктері
2-тарау. Уәкілетті органның функциялары мен өкілеттіктері
Бап 7. 7-бап. Уәкiлеттi органның мәртебесi
7-бап. Уәкiлеттi органның мәртебесi
Бап 8. 8-бап. Уәкiлеттi органның мiндеттерi
8-бап. Уәкiлеттi органның мiндеттерi
Бап 9. 9-бап. Уәкiлеттi органның функциялары мен өкiлеттiктерi
9-бап. Уәкiлеттi органның функциялары мен өкiлеттiктерi
Тармақ 1
1. Уәкiлеттi орган
осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге заңдарына сәйкес қаржы ұйымдарының, сондай-ақ өзге тұлғалардың қызметiн мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау мақсатында:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын ашуға (құруға), оларды ерiктi түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға, оның ішінде банк және сақтандыру холдингтерін ерікті түрде қайта ұйымдастыруға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсаттар бередi, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды беру тәртiбiн айқындайды;
Тармақша 1-1
1-1)
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, банкке айналдыру
нысанында микроқаржы ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсаттар береді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк холдингтерінің, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерi лауазымдарына адамдарды сайлауға (тағайындауға) келiсiм бередi не келiсiм беруден бас тартады, сондай-ақ аталған келiсiмдi берудiң не мінсіз іскерлік беделінің болмау өлшемшарттарын қоса алғанда, беруден бас тартудың тәртiбiн айқындайды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген құзыреті шегінде қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
Тармақша 3-1
Тармақша 3-2
3-2) коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеуді және олардың тізілімін жүргізуді жүзеге асырады;
Тармақша 3-3
3-3) кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсатты және кредиттік тарихтардың дерекқорын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні береді;
3-4) екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының және Ұлттық пошта операторының
үй-жайларды жайластыруға қойылатын талаптарды сақтауына бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 3-5
Тармақша 4
4)
қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары, қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының аумағында орындалуы мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер
қабылдайды;
Тармақша 5
5) қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары үшiн, оның iшiнде шоғырландырылған негiзде пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бекiтедi;
Тармақша 5-1
Тармақша 6
Тармақша 6-1
6-1) құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының және Қазақстан Даму Банкінің бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді автоматтандыру тәртібін сақтауына бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 7
Тармақша 7-1
7-1) қаржы ұйымдары, банк және сақтандыру холдингтері акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысына қатысу үшін өз өкілін жібереді;
Тармақша 8
8) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда және шекте, оның iшiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және аудиторлық ұйымды тарта отырып, осы Заңның
15-1-бабының 1-тармағында аталған қаржы ұйымдарының және өзге де тұлғалардың қызметiн тексередi;
Тармақша 8-1
8-1) қаржы рыногында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы уәкілетті органға өтініш білдірген заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде тексереді;
Тармақша 8-2
8-2) қаржы ұйымдарының, олардың ірі қатысушыларының, банк және сақтандыру холдингтерінің, банк конгломераты мен сақтандыру тобына кіретін ұйымдардың, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қашықтықтан қадағалауды, оның ішінде шоғырландырылған негізде жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) қаржы ұйымдарына және өзге де тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды және өзге де шараларды қолданады, сондай-ақ қадағалап ден қою шараларын қолдану тәртібін айқындайды;
Тармақша 9-1
9-1) банктердің, банк холдингтерінің, банк конгломераттарының, сақтандыру (қайта) сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру топтарының, сақтандыру холдингтерінің,
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметінде туындайтын тәуекелдерді бағалау әдістерін қолданады;
Тармақша 10
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының
уақытша әкімшіліктерінің, тарату комиссияларының қызметiн бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) бұқаралық ақпарат құралдарында қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары, коллекторлық агенттіктер, кредиттік бюролар, банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңдарының операторлары туралы мәлiметтердi (қызметтiк, коммерциялық, банктік немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда), оның iшiнде оларға қолданған шаралар туралы ақпаратты жариялайды;
Тармақша 12-1
12-1) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 12-2
12-2) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 13
13) банктердің, банк конгломераттарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржы ұйымдарының, сақтандыру (қайта) сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру топтарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржы ұйымдарының қызметін бақылау және қадағалау шеңберінде тәуекелге бағдарланған тәсілді қолданады, оның ішінде осы Заңның 13-5-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда уәжді пайымдауды пайдаланады;
Тармақша 14
14) қаржы ұйымдарына және (немесе) өзге де заңды тұлғаларға қатысты ерекше реттеу режимін енгізеді және құзыреті шегінде олардың қызметін реттейді;
Тармақша 15
Тармақша 16
16) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы
бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының ақпараттық қауіпсіздігінің салалық орталығының функцияларын жүзеге асырады;
Тармақша 17
17) ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, банктердің, Қазақстан Республикасы
бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігінің оқыс оқиғалары туралы ақпаратқа талдау жүргізеді;
Тармақша 18
18) өзі дербес және (немесе) олардың құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ ұйымдармен бірлесіп, исламдық қаржы құралдарының және исламдық қаржылық көрсетілетін қызметтердің халықаралық стандарттарын ескере отырып, исламдық қаржыландыруды дамытуды жүзеге асырады;
Тармақша 19
19) екінші деңгейдегі, оның ішінде мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты есебінен қаржыландырылатын банктерді сауықтыру жөніндегі шаралар шеңберінде қабылданған міндеттемелерді банктердің орындауына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 19-1
19-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің соңғы сатыдағы қарыз бойынша кепілге қабылдауы үшін қолайлы, банктердің нарықтық емес активтерін айқындау жөніндегі алдын ала рәсімді (кепіл препозициясы) және кепіл препозициясындағы нарықтық емес активтер мониторингін жүргізеді;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары арқылы жүзеге асырылатын жеке тұлғалардың ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламаларын іске асыруды, сондай-ақ банктердің осы бағдарламалар шеңберінде қабылданған міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 20-1
20-1) құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 20-2
20-2) құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының жасанды интеллект жүйелерін пайдалануын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 21
21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2.
Уәкiлеттi орган қаржы ұйымдарына және олардың үлестес тұлғаларына, Қазақстан
Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы
бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан
Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына, оның iшiнде
аудиторлық ұйымдарды, қаржы технологиялары саласындағы бағалаушылар мен
мамандарды тарта отырып:
Тармақша 1
1) қаржы ұйымдары мен олардың үлестес тұлғаларының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының қаржылық жай-күйiн айқындау;
Тармақша 2
2) қаржы ұйымдары мен олардың үлестес тұлғаларының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының басқарма құрылымының және шешiмдер қабылдау рәсiмдерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгiн айқындау;
Тармақша 3
3) қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының үлестес тұлғаларын айқындау;
Тармақша 4
4) қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар құқықтарының бұзылуын анықтау және оның алдын алу;
Тармақша 5
5) қаржылық қызмет көрсету немесе қаржы құралдарын шығару жөнiндегi уәкiлеттiк берiлмеген қызметтi анықтау және оның
алдын
алу;
Тармақша 6
6) қаржылық
операцияларды жасау кезінде ақпараттық технологияларға тән тәуекелдерді анықтау
және (немесе) алдын алу;
Тармақша 7
7) қаржы құралдарының құнын айқындаудың
объективтілігін бағалау мақсатында тексеру жүргiзуге құқылы.
Тармақ 2-1
2-1. Уәкiлеттi орган өз құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, Ұлттық пошта операторының, «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2) және 3) тармақшаларында көзделген цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауына бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.
Тармақ 2-2
2-2.
Уәкілетті орган қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында банктерде,
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Қазақстан
Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының
филиалдарында, банк холдингтерінде, инвестициялық портфельді басқарушыларда,
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында, сақтандыру холдингтерінде,
сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін
жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымда сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда
өз өкілінің (бұдан әрі – өкіл) болуына құқылы.
Тармақ 2-3
2-3. Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген макропруденциялық нормативтер мен лимиттердің мәндерін сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Уәкiлеттi орган осы баптың
1, 2, 2-1 және 2-2-тармақтарында көзделген функциялар мен өкiлеттiктерден басқа, осы Заңның 10-13-баптарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарын, банк және сақтандыру холдингтерін, банк конгломераттарын және сақтандыру топтарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Уәкiлеттi орган, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметiне араласуға құқылы емес.
Тармақ 5
5. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің соңғы сатыдағы қарызды беруі мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мынадай мәліметтерді:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының соңғы сатыдағы қарызды ұсыну туралы мәселені қарауы үшін соңғы сатыдағы қарызды берудің орындылығы және банктің «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-3-бабы
1-тармағының 1) тармақшасында көзделген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны;
Тармақша 2
2) соңғы сатыдағы қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қабылдауы үшін қолайлы банк активтерін айқындау туралы;
Тармақша 3
3) соңғы сатыдағы қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету ретінде қабылданатын және (немесе) қабылданған банк активтерінің ағымдағы
жай-күйі туралы мәліметтерді;
Тармақша 4
4) соңғы сатыдағы қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету болып табылатын активтерді өткізу туралы шешімді қабылдау үшін екінші деңгейдегі банктердің тізбесін ұсынады.
6. Уәкілетті органның қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын операциялардың барлық түрін және қызметті жүргізуге арналған лицензиядан айыру, банкке реттеу режимін және реттеу құралдарын қолдану туралы шешімдерінің, сондай-ақ банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің банктің активтері мен міндеттемелерін беру, сақтандыру портфелін беру жөніндегі операцияны жүргізу туралы шешімдерінің күшін жою көрсетілген шешімдерді қабылдау нәтижесінде туындаған құқықтық салдардың өзгеруіне немесе тоқтатылуына алып келмейді.
Бап 9-1. 9-1-бап. Өкілдің мақсаты, функциялары, құқықтары мен міндеттері
9-1-бап. Өкілдің мақсаты, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Бап 9-2. 9-2-бап. Қашықтықтан қадағалау
9-2-бап. Қашықтықтан қадағалау
Бап 9-3. 9-3-бап. Бақылау және қадағалау шеңберіндегі тәуекелге
бағдарланған тәсіл
9-3-бап. Бақылау және қадағалау шеңберіндегі тәуекелге
бағдарланған тәсіл
Бап 9-4. 9-4-бап. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, банк, сақтандыру хол
9-4-бап. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Осы баптың мақсаттары үшін:
Тармақша 1
1) нарық субъектісі деп банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры (бұдан әрі – Қор), бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы, банк, сақтандыру холдингтері түсініледі;
Тармақша 2
2) филиал деп Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы түсініледі;
Тармақша 3
3) басшы қызметкер лауазымына кандидат деп нарық субъектісінің басшы қызметкері лауазымын атқаруға ниеті бар жеке тұлға немесе нарық субъектісінің басқару органының мүшесі лауазымына сайланған адам түсініледі;
Тармақша 4
4) басшы лауазым деп мынадай лауазымдар түсініледі:
қаржы ұйымының, филиалдың басшы қызметкері;
қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды тікелей қаржы ұйымының басқару органы, атқарушы органының басшысы, мүшесі немесе қаржы ұйымының өзге де басшы қызметкері жүзеге асыратын қаржы ұйымының құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды тікелей филиал басшысы, басшының орынбасары, өзге де басшы қызметкері жүзеге асыратын филиалдың құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу саласындағы және (немесе) қаржы ұйымдарының аудиторлық қызметі саласында мемлекеттік реттеу және бақылау саласындағы мемлекеттік органның бірінші басшысы, оның орынбасары, дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы, басшысының орынбасары;
экономика, қаржы немесе мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік саяси қызметші;
ұлттық басқарушы холдингтің, Қазақстанның Даму Банкінің, жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорының, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің басқару органының басшысы, атқарушы органының басшысы, сондай-ақ оның қаржылық мәселелерге және (немесе) еншілес қаржы ұйымдарының қызметіне жетекшілік ететін орынбасары;
мынадай:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарының;
қаржы ұйымдарына, оның ішінде шетелдік ұйымдарда, заңды тұлғаларда аудит жүргізетін ұйымдардың;
қаржы ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды әзірлеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың бірінші басшысы, оның орынбасары, дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы, басшысының орынбасары;
қызметі қаржылық қызметтер көрсетумен байланысты бір немесе бірнеше құрылымдық бөлімшеге жетекшілік ететін, қаржы ұйымының, филиалдың өзге де басшысы.
Тармақ 2
2. Нарық субъектісінің басшы қызметкері лауазымына орналасу (лауазымға тағайындау (сайлау) үшін жеке тұлғаның:
Тармақша 1
1) мінсіз іскерлік беделінің болуы;
Тармақша 2
2) жоғары білімінің болуы;
Тармақша 3
3) мынадай еңбек өтілінің болуы қажет:
басқару органының басшысы үшін – кемінде бес жыл;
басқару органының мүшесі үшін – кемінде екі жыл;
бас қаржы ұйымының атқарушы органының мүшесі болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі, атқарушы органның (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) басшысы, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшысы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшысы үшін – кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымда кемінде үш жыл;
атқарушы орган басшысының орынбасары, мүшелері, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы басшының орынбасары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы басшысының орынбасары, сақтандыру брокерінің басшысы, оның орынбасары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының басшысы, оның орынбасары үшін – кемінде үш жыл, оның ішінде басшы лауазымда кемінде екі жыл;
бас бухгалтер үшін – кемінде үш жыл;
бас бухгалтердің орынбасары үшін – кемінде екі жыл;
өзге де басшы қызметкерлер үшін – кемінде бір жыл.
Мыналар:
қаржы ұйымының, банк, сақтандыру холдингтерінің атқарушы органының тек қана қауіпсіздік мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне, ақпараттық технологиялар мәселелеріне жетекшілік ететін мүшелері лауазымдарына кандидаттар;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшесі, орналастырылған акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басқару органының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшысы лауазымына кандидат болып табылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы басшысының орынбасары;
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқару органының мүшесі лауазымына кандидат болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органның дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы, басшысының орынбасары;
ұлттық басқарушы холдингтің басқару органының, атқарушы органының басшысы, сондай-ақ орналастырылған акцияларының елу пайызынан астамы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі лауазымына кандидат болып табылатын, қаржы мәселелеріне және (немесе) ұлттық басқарушы холдингтің еншілес қаржы ұйымдарының қызметіне жетекшілік ететін оның орынбасары үшін еңбек өтілінің болуы талап етілмейді;
Тармақша 4
4) басшы қызметкер лауазымына келісу туралы өтінішхат берілген күннің алдындағы он жыл ішінде адамның:
банкке реттеу режимі қолданылғанға дейін;
қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын, филиалды таратуға және (немесе) олардың қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиясынан айырғанға дейін;
қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, оның орынбасары немесе атқарушы органының мүшесі, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының басшысы, басшысының орынбасары, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары, ірі қатысушы жеке тұлға, қаржы ұйымына, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк холдингі) заңды тұлғаның басшысы болмағаны туралы мәліметтердің болуы қажет.
Осы тармақшаның талабы Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің не реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін тағайындалған (сайланған) реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің не реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің басшы қызметкерлеріне қолданылмайды;
Тармақша 5
5) басшы қызметкер лауазымына келісу туралы өтінішхат берілген күннің алдындағы соңғы он екі ай ішінде адамнан басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алу және (немесе) оны қадағалап ден қою шарасын қолдану арқылы осы және (немесе) өзге де нарық субъектісінде қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету жағдайларының болмауы;
Тармақша 6
6) мынадай:
адамға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін заңды күшіне енген соттың айыптау үкімінің болмауы;
басшы қызметкер лауазымына келісу туралы өтінішхат берілген күннің алдындағы үш жыл ішінде адамның Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылмағаны, сондай-ақ әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылмағаны туралы мәліметтердің болуы;
Тармақша 7
7) басшы қызметкер лауазымына келісу туралы өтінішхат берілген күннің алдындағы бес жыл ішінде адамның мынадай мән-жайлардың бірі болған:
шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлемеу төрт немесе одан көп қатар кезеңге созылған;
дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешек сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан көп мөлшерін құраған;
шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құраған кезде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген эмитент қаржы ұйымының басшы қызметкері, ірі қатысушы (ірі акционер) жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) эмитент заңды тұлғаның басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері (оның орынбасары) болмағаны туралы мәліметтердің болуы қажет.
Тармақ 3
3. Еңбек өтілін есептеу кезінде:
қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша, оның ішінде шетелдік ұйымдарда, заңды тұлғаларда;
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау бойынша, оның ішінде шетелдік ұйымдарда;
қаржы ұйымдарына аудит жүргізу, қаржы ұйымдарына аудит жүргізу жөнінде көрсетілетін қызметтерді реттеу бойынша, оның ішінде шетелдік ұйымдарда, заңды тұлғаларда;
экономика, қаржы немесе мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарындағы;
ұлттық басқарушы холдингте, Қазақстанның Даму Банкінде, жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорында, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінде осы баптың 1-тармағы 4) тармақшасының жетінші абзацында көзделген лауазымдардағы;
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарындағы;
қаржы ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды әзірлеу бойынша;
сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарий ретіндегі;
«Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында қаржылық қызметтер көрсетуге арналған лицензиясы бар ұйымдардағы жұмыс өтілі есепке алынады.
Еңбек өтілін есептеу кезінде қаржы ұйымындағы, филиалдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, әкімшілік-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға, ақпараттық технологияларды дамытуға байланысты (ақпараттық технологияларды дамытуды және (немесе) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшенің басшысын қоспағанда) жұмыс, өзара сақтандыру қоғамындағы жұмыс есепке алынбайды.
Халықаралық сертификаттармен расталған кәсіби біліктілігі бар, басшы қызметкер лауазымына кандидаттар үшін еңбек өтілінің болуы жөніндегі ерекшеліктер және осындай сертификаттардың тізбесі уәкілетті органның тиісті нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарында көзделген жұмыс өтілінің болуы банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшы қызметкері лауазымына кандидат үшін есепке алынбайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігі сегізінші абзацының талабы бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының басшы қызметкері лауазымына кандидатқа қолданылмайды.
Осы тармақтың ережелері банк, сақтандыру холдингтерінің басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына кандидаттарға қолданылмайды.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабында белгіленген талаптарға сай келмейтін адам банктің директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры бола алмайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты және (немесе) оны лауазымға келісу туралы өтінішхат берілген күннің алдындағы үш жыл ішінде сондай лауазымда болған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры бола алмайды.
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларды қоспағанда, директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор аталған лауазымды бір банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысында, Қорда бірінші тағайындалған күннен бастап қатарынан тоғыз жылдан астам атқаруға құқылы емес.
Тармақ 5
5. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы осы банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының атқарушы органының басшысы лауазымына сайлана алмайды.
Акционерлік қоғам нысанында құрылған нарық субъектісінің атқарушы органы мүшелерінің саны кемінде үш адамды құрауға тиіс.
Тармақ 6
6. Мыналарды:
тағайындалған (сайланған) күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын басқару органының мүшесін;
уәкілетті органның банк, сақтандыру холдингтері мәртебесін иеленуге келісімі болған кезде тұлға банк, сақтандыру холдингтерінің белгілерін иеленген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспаған банк, сақтандыру холдингтері мәртебесін иеленетін тұлғаның басшы қызметкерлерін қоспағанда, уәкілетті органның тиісті келісімі жоқ адамның нарық субъектісінің басшы қызметкерінің функцияларын орындауына жол берілмейді.
Тармақ 7
7. Филиалды қоспағанда, нарық субъектісінің басқару органының мүшесі лауазымына адам кемінде күнтізбелік тоқсан күннен кейін, бірақ:
басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден уәкілетті органның бас тартуын алғаннан кейін;
уәкілетті органның келісімі берілгенге дейін басқару органы мүшесінің өкілеттіктері тоқтатылғаннан кейін;
осы баптың 6-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін және оны келісу үшін құжаттар ұсынылмағаннан кейін қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес қайта тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
Осы тармақта көзделген тыйым салу банк, сақтандыру холдингтеріне қолданылмайды.
Тармақ 8
8. Мыналарды орындау:
атқарушы орган басшысының міндеттері атқарушы органның мүшесін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімі бар адамға;
бас бухгалтердің міндеттері бас бухгалтердің орынбасарын тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімі бар адамға күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімге жүктелген жағдайларды қоспағанда, осы баптың талаптарына сай келмейтін және уәкілетті органмен келісілмеген адамдардың нарық субъектісінің басшы қызметкерінің міндеттерін атқаруына (уақытша болмаған адамды алмастыруға) тыйым салынады.
Уәкілетті органмен келісілген кандидатураның болмауына байланысты осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдарға атқарушы орган басшысының не бас бухгалтердің міндеттерін атқаруды (уақытша болмаған адамды алмастыруды) қатарынан он екі ай ішінде жиынтығында күнтізбелік бір жүз сексен күннен артық жүктеуге жол берілмейді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде және осы баптың 6-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға келісуге ұсынылмаған не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда басшы қызметкер лауазымына кандидат басшы қызметкердің өкілеттіктерін жүзеге асыруға құқылы емес.
Тармақ 9
9. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органының басшысы, бас бухгалтері басқа, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын банктерде, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында атқарушы органның мүшесі (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшысы, басшысының орынбасары), бас бухгалтері лауазымын атқаруға құқылы емес.
Егер:
банктер бір-біріне қатысты бас және еншілес ұйым болса;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бір-біріне қатысты бас және еншілес ұйым болса көрсетілген шектеу қолданылмайды.
Филиал басшысы, басшысының орынбасары, бас бухгалтері:
қаржы ұйымындағы, басқа филиалдардағы басшы қызметкер;
атқарушы органның басшысы не заңды тұлғаның атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға лауазымын атқаруға құқылы емес.
Тармақ 10
10. Нарық субъектісі басшы қызметкерлерді тағайындау (сайлау) кезінде олардың осы баптың талаптарына сай келуін, оның ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылатын ақпаратты ескере отырып, өз бетінше тексереді.
Тармақ 11
11. Уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
Басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімін беру тәртібі мінсіз іскерлік беделі болмауының өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды, халықаралық сертификаттармен расталған кәсіби біліктілігі бар кандидаттар үшін еңбек өтілінің болуы бойынша ерекшеліктерді және осындай сертификаттардың тізбесін қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымын қоспағанда, басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім берген үшін алым алынады, оның мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.
Басшы қызметкердің (басшы қызметкер лауазымына кандидаттың) іскерлік беделін бағалауды уәкілетті орган, оның ішінде осы Заңның 13-5-бабына сәйкес уәжді пайымдауды пайдалана отырып жүзеге асырады.
Уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына кандидатқа қатысты уәжді пайымдауды қалыптастыру кезінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды қарау мерзімін тоқтата тұрады. Көрсетілген мерзім уәжді пайымдаудың жобасы басшы қызметкер лауазымына кандидатты келісу үшін құжаттарды ұсынған тұлғаға жіберілген кезден бастап уәкілетті орган уәжді пайымдауды қабылдаған күнге дейін тоқтатыла тұрады.
Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану кезінде уәкілетті орган нарық субъектісіне тиісті хабарлама жібереді.
Тармақ 12
12. Басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімі бар адам көрсетілген келісімді алған кезден бастап он екі ай ішінде келісілген лауазымға тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
Басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімі бар басшы қызметкер, көрсетілген келісімнің қолданысы тоқтаған жағдайды қоспағанда, уәкілетті органның келісімін қайта алмастан, басшы қызметкердің өкілеттіктері тоқтатылған күннен бастап он екі ай ішінде келісілген лауазымға тағайындалуы мүмкін.
Қаржы ұйымының директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры лауазымына уәкілетті органмен келісілген адам өкілеттіктері тоқтатылған күннен бастап он екі ай ішінде осы бапта және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 20) тармақшасында белгіленген талаптарға сай келген жағдайда уәкілетті органның келісімін алмастан, осы қаржы ұйымында көрсетілген лауазымға қайта сайлануы мүмкін.
Тармақ 13
13. Басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімі мынадай:
Тармақша 1
1) басшы қызметкер лауазымына келісілген кандидат осы баптың 12-тармағында белгіленген мерзімдерде тағайындалмаған (сайланбаған);
Тармақша 2
2) уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алған жағдайларда өз қолданысын тоқтатады.
Тармақ 14
14. Уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
Тармақша 1
1) басшы қызметкер лауазымына кандидаттың осы бапта, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында және «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында белгіленген талаптарға сай келмеуі;
Тармақша 2
2) тестілеудің теріс нәтижесі.
Мыналар:
басшы қызметкер лауазымына кандидатты тестілеу нәтижесі дұрыс жауаптардың жетпіс пайызынан аз болуы;
басшы қызметкер лауазымына кандидаттың уәкілетті орган айқындаған тестілеу тәртібін бұзуы;
уәкілетті органның басшы қызметкер лауазымына кандидатты келісу мерзімі өткенге дейін белгіленген уақытта тестілеуге келмеуі тестілеудің теріс нәтижелері болып табылады;
Тармақша 3
3) уәкілетті орган ескертулерінің жойылмауы немесе уәкілетті органның ескертулері ескеріле отырып пысықталған құжаттардың осы баптың 6-тармағында және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсынылуы;
Тармақша 4
4) кандидатты басшы қызметкер лауазымына сайлаудың (тағайындаудың) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібінің бұзылуы;
Тармақша 5
5) басшы қызметкер өз лауазымын осы баптың 6-тармағында белгіленген мерзім ішінде уәкілетті органның келісімінсіз атқарып отырған мерзім өткеннен кейін құжаттардың ұсынылуы;
Тармақша 6
6) басшы қызметкер лауазымына кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) залал келтіруге алып келген деп танылған әрекеттер жасағаны туралы ақпараттың уәкілетті органда болуы.
Осы талап санамаланған оқиғалардың бірі неғұрлым ертерек туындаған күннен бастап бір жыл ішінде қолданылады:
уәкілетті органның басшы қызметкер лауазымына кандидаттың әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тануы;
уәкілетті органның мұндай әрекеттерді жасау салдарынан үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) залал келтірілген фактіні растайтын ақпаратты алуы;
Тармақша 7
7) басшы қызметкер лауазымына кандидаттың қаржы ұйымына қатысты бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған әрекеттерді жасағаны үшін уәкілетті орган қадағалап ден қою шараларын қолданған және (немесе) оған Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 259-бабы бойынша әкімшілік жаза қолданылған осы қаржы ұйымының басшы қызметкері (оның міндетін атқарушы адам) болғаны туралы ақпараттың уәкілетті органда болуы;
Тармақша 8
8) басшы қызметкер лауазымына кандидаттың қаржы ұйымының басшы қызметкері (оның міндетін атқарушы адам), әрекеттері мәмілеге қатысатын қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) залал келтіруге алып келген қор биржасының трейдері болғаны туралы ақпараттың уәкілетті органда болуы;
Тармақша 9
9) басшы қызметкер лауазымына кандидаттың осы тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген бұзушылықтарға алып келген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау құзыретіне кіретін қор биржасының трейдері болғаны туралы ақпараттың уәкілетті органда болуы.
Осы тармақтың 7), 8) және 9) тармақшаларында белгіленген талаптар санамаланған оқиғалардың бірі неғұрлым ертерек туындаған күннен бастап бір жыл ішінде қолданылады:
уәкілетті органның қаржы ұйымының әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тануы;
басшы қызметкер лауазымына кандидаттың әрекеттері салдарынан қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) залал келтірілгенін растайтын ақпаратты уәкілетті органның алуы.
Уәкілетті орган резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан алған ақпарат да осы тармақтың бірінші бөлігінің 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген ақпаратқа жатады.
Тармақ 15
15. Уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда:
Тармақша 1
1) басшы қызметкер лауазымына кандидатты келісу жөніндегі құжаттар уәкілетті орган оны тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап қатарынан он екі ай өткен соң уәкілетті органға қайта ұсынылуы мүмкін;
Тармақша 2
2) қаржы ұйымының басқару органының мүшесі уәкілетті орган оны сайлауға келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап қатарынан он екі ай өткен соң қаржы ұйымының басшы қызметкері болып сайлануы мүмкін.
Тармақ 16
16. Уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді мынадай негіздер бойынша кері қайтарып алады:
Тармақша 1
1) басшы қызметкердің осы бапта, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-2-бабында, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында және 59-бабының 2-тармағында, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келмеуі;
Тармақша 2
2) келісім беруге негіз болған анық емес мәліметтердің анықталуы;
Тармақша 3
3) уәкілетті органның «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 11) тармақшасында, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-3-бабы 1-тармағының 11) тармақшасында, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-5-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабының 2-тармағында көзделген қадағалап ден қою шарасын қолдануы;
Тармақша 4
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының міндетті немесе төтенше жарналарды, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға бастапқы біржолғы және қосымша жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді соңғы он екі ай ішінде екі және одан көп рет орындамауы немесе тиісінше орындамауы;
Тармақша 5
5) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 16.01.2026 № 259-VIII Заңымен.
Тармақша 6
6) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 16.01.2026 № 259-VIII Заңымен.
Тармақша 7
7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқорға ақпарат беру жөніндегі талаптарды қатарынан он екі ай ішінде екі және одан көп рет орындамауы немесе тиісінше орындамауы, оның ішінде оны бұрмалауы және (немесе) толық және (немесе) уақтылы бермеуі;
Тармақша 8
8) осы бапта белгіленген талаптардың сақталмауы.
Уәкілетті органның басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алуы нарықтың өзге де субъектілерінде осы басшы қызметкерге бұрын берілген келісімді (келісімдерді) кері қайтарып алу үшін негіз болып табылады.
Уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алған басшы қызметкердің өкілеттіктері мұндай кері қайтарып алуды алған кезден бастап тоқтатылады.
Тармақ 17
17. Нарық субъектісі мынадай:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алған;
Тармақша 2
2) басшы қызметкер лауазымына кандидатты сайлаудың (тағайындаудың) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібі бұзылған;
Тармақша 3
3) уәкілетті органның уәжді пайымдауы негізінде басшы қызметкер деп танылған адамды уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына келіспеген жағдайда басшы қызметкермен еңбек шартын бұзуға және (немесе) оның өкілеттіктерін тоқтату жөнінде өзге де шаралар қабылдауға міндетті.
Тармақ 18
18. Уәкілетті органды нарық субъектісі (банк, сақтандыру холдингтерін қоспағанда) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен басшы қызметкерлерге байланысты барлық өзгеріс туралы, оның ішінде:
басшы қызметкерді тағайындау (сайлау), оны басқа лауазымға ауыстыру;
басшы қызметкермен еңбек шартын бұзу және (немесе) оның өкілеттіктерін тоқтату;
басшы қызметкерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық, әкімшілік жауаптылыққа тарту;
басшы қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) өзгергені туралы хабардар етеді.
Тармақ 19
19. Осы баптың талаптары мынадай шарттардың бірі орындалған:
банк, сақтандыру холдингтерінде тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің «А-» рейтингісінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ банк, сақтандыру холдингтері резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан мұндай холдингтер шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растамасы болған;
уәкілетті орган және резиденті банк, сақтандыру холдингтері болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім болған, сондай-ақ банк, сақтандыру холдингтерінде рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі болған кезде Қазақстан Республикасының бейрезидент банк холдингтерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлеріне қолданылмайды. Ең төмен рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Тармақ 20
20. Осы баптың 2-тармағының 1), 4), 5) және 7) тармақшаларын қоспағанда, осы баптың талаптары:
банктің акцияларына және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды көрсетілген банктің акцияларына және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі көрсетілген банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарға тікелей иеленетін Қазақстан Республикасының резидент банк холдингінің акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оларға билік ету арқылы жанама иеленетін банк холдингіне;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды көрсетілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі көрсетілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарға тікелей иеленетін Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру холдингінің акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оларға билік ету арқылы жанама иеленетін сақтандыру холдингіне қолданылмайды.
Бап 9-5. 9-5-бап. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының,
инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы,
банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге
келісім беру тәртібі
9-5-бап. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының,
инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы,
банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге
келісім беру тәртібі
Тармақ 1
1. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алғысы келетін тұлға осы баптың 8, 9, 10, 11, 13 және 14-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша уәкілетті органға банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иелену туралы өтінішті ұсынуға міндетті.
Тармақ 2
2. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін алым төленеді, оның мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.
Тармақ 3
3. Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидалары және көрсетілген келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғалары банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін оларда не олардың бас ұйымында рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі болған кезде ала алады. Рейтингтік агенттіктердің ең төмен рейтингі мен тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген рейтингтің болуы банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздары арқылы (бұдан әрі осы баптың мақсатында – акциялар) жиынтығында он немесе одан көп пайызын жанама иеленуді, пайдалануды және оларға билік етуді немесе банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, инвестициялық портфельді басқарушы акцияларының жиынтығында он немесе одан көп пайызын тікелей иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы болып табылатын және талап етілетін ең төмен рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент басқа заңды тұлғасының дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену арқылы банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, инвестициялық портфельді басқарушы қабылдайтын шешімдерге жанама әсер етуді (дауыс беруді) болжайтын Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасы үшін талап етілмейді.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасы рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі болған кезде зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушының акционері бола алады. Рейтингтік агенттіктердің талап етілетін ең төмен рейтингі мен тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Қазақстан Республикасының бейрезидент жеке тұлғасының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын иелену үлесі зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының жалпы санының он пайызынан аспауға тиіс.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы ғана мынадай шарттар орындалған кезде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымында өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша қаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған қолданыстағы лицензия (рұқсат) болса, мұндай лицензия (рұқсат) осы мемлекеттің заңнамасы бойынша талап етілетін жағдайларда;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын иеленуге келісім (рұқсат) болса, мұндай келісім (рұқсат) осы мемлекеттің заңнамасы бойынша талап етілетін жағдайларда;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымында немесе оның бас ұйымында тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі болса;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы өзі резиденті болып табылатын мемлекетте шоғырландырылған қадағалауға жатса, банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын тікелей иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін Қазақстан Республикасының бейрезидент банк холдингі, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру холдингі бола алады.
Тармақ 7
7. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары – жеке тұлғалар банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын өздеріне меншік құқығында тиесілі мүліктің құнынан аспайтын мөлшерде төлейді. Бұл ретте мүліктің құны (банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының бұрын сатып алған акцияларының құнын шегергенде) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының бұрын сатып алған және сатып алатын акцияларының жиынтық құнынан кем болмауға тиіс.
Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көзі өтініш беруші:
Тармақша 1
1) жеке тұлға үшін:
кәсіпкерлік, еңбек және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шет мемлекеттің заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтен түсетін кірістер ретінде;
банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының сатып алынатын акциялары құнының жиырма бес пайызынан аспайтын мөлшерде – сыйға тарту, мұра, ұтыстар және (немесе) өтеусіз алынған мүлікті, мұра ретінде алынған мүлікті сатудан түсетін кірістер түрінде;
Тармақша 2
2) заңды тұлға үшін:
кәсіпкерлік және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шет мемлекеттің заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтен түсетін кірістер, түсімдер ретінде;
өтініш берушінің жарғылық капиталына салым түрінде алған өтініш берушінің банктік шотындағы ақша болуы мүмкін.
Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерін, өтімділік коэффициенттерін немесе өзге де нормативтерді (лимиттерді) қаржы ұйымының бұзуына алып келмеген жағдайда, қаржы ұйымының активтері қаржы ұйымы болып табылатын заңды тұлға үшін банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көзі болуы мүмкін.
Тармақ 8
8. Жеке тұлға банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін мынадай құжаттар мен мәліметтерді:
Тармақша 1
1) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу шарттары мен тәртібін растайтын құжаттардың көшірмелерін;
Тармақша 2
2) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көзі (пайда болу көзі) туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Жеке тұлға банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сыйға тарту, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрінде алынған қаражат есебінен сатып алған жағдайда, өтініш беруші сыйға тартушы және сыйға тартушыда осы қаражаттың, мүліктің пайда болу көзі туралы мәліметтерді де ұсынады;
Тармақша 3
3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша өтініш беруші ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлғалар жөнінде мәліметтерді ұсынады. Егер өтініш беруші Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасының ірі қатысушысы болып табылса, өтініш берушінің Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасына ірі қатысуын растайтын құжаттардың көшірмелері қосымша ұсынылады;
Тармақша 4
4) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жағдайы нашарлауы мүмкін болған жағдайларда, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының қайта капиталдандыру жоспарын;
Тармақша 5
5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша өтініш берушінің кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді, барлық міндеттемелер бойынша қолда бар берешегі туралы ақпаратты ұсынады.
Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасы салық органының қабылдағаны туралы белгісі бар, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтініш уәкілетті органға берілген күннің алдындағы күнтізбелік отыз күннен ерте емес күнге Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияның көшірмесін де ұсынады.
Көрсетілген мәліметтерге өтініш берушінің қаржылық жағдайын талдау үшін қажетті құжаттар, сондай-ақ бағалаушы өтініш берілген күннің алдындағы соңғы алты ай ішінде айқындаған мүліктің құнын растайтын құжаттар қоса беріледі;
Тармақша 6
6) еңбек қызметі, мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нысан бойынша өтініш беруші туралы мәліметтерді ұсынады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент жеке тұлғалары өздерінің мінсіз іскерлік беделін растау үшін өздері азаматы болып табылатын елдің және өздері тұрақты тұратын елдің, ал азаматтығы жоқ адамдар – өздері тұрақты тұратын елдің құзыретті мемлекеттік органы берген, оларда алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының жоқтығын растайтын құжаттарды ұсынады (көрсетілген құжаттардың берілген күні өтініш берген күннің алдындағы алты айдан аспауға тиіс);
Тармақша 7
7) келісім бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.
Осы тармақшаның бірінші абзацында көзделген құжат:
«электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасалған;
инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алған жағдайда ұсынылмайды.
Тармақ 9
9. Егер жеке немесе заңды тұлға сыйға тарту шартының, сенімгерлік басқару шартының негізінде немесе мұраны қабылдау нәтижесінде уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің белгілеріне сай келген болса, ол тиісті мәртебені иелену туралы өтініш берген кезде:
Тармақша 1
1) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларына қатысты сыйға тарту, сенімгерлік басқару, мұраға беру шарттары мен тәртібін растайтын құжаттардың көшірмелері;
Тармақша 2
2) осы баптың 8-тармағының 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген құжаттар;
Тармақша 3
3) егер өтініш беруші заңды тұлға болса, осы баптың 10-тармағының 7) тармақшасында көзделген құжаттар;
Тармақша 4
4) егер өтініш беруші Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасы болса, осы баптың 11-тармағының 3) тармақшасында көзделген құжат;
Тармақша 5
5) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, сыйға тарту шартының, сенімгерлік басқару шартының, мұраға берудің нысанасы болып табылатын акциялардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындаған құны туралы мәліметтер қосымша ұсынылады.
Сыйға тарту немесе мұраға беру нәтижесінде банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын меншігіне алған өтініш беруші банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін нарықтық құны банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының бұрын алынған (сатып алынған) акцияларының құнын шегергенде банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының қайта капиталдандыру жоспарына сәйкес банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жағдайын қалпына келтіру үшін өтініш берушіден талап етілуі мүмкін қаржы салымдарының сомасынан кем болмауға тиіс мүліктің меншік иесі болуға тиіс.
Егер тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмастан банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің белгілеріне сай келген болса, ол банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының басқаруына және (немесе) стратегиясына (саясатына) ықпал етуге бағытталған ешқандай әрекет жасауға және (немесе) осы баптың ережелеріне сәйкес уәкілетті органның жазбаша келісімін алғанға дейін осындай акциялар бойынша дауыс беруге құқылы емес.
Көрсетілген жағдайда банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің белгілеріне сай келетін тұлға банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің белгілеріне сай келетіні белгілі болған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
Тиісті мәртебені иелену туралы өтініш уәкілетті органға, егер бұл тұлға банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің белгілеріне сай келетіні белгілі болған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде акцияларды иеліктен шығаруды жоспарламаса, көрсетілген мерзімнің ішінде ұсынылады. Акцияларды иеліктен шығару жөнінде шешім қабылдау туралы ақпарат уәкілетті органға осындай шешім қабылданған күннен бастап дереу беріледі.
Уәкілетті орган банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің белгілеріне сай келетін тұлғаға келісім беруден бас тартқан жағдайда, мұндай тұлға жазбаша хабарламаны алған кезден бастап алты ай ішінде банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының өзіне тиесілі акцияларының санын тұлға мұндай белгілерге сай келуін тоқтататын деңгейге дейін азайтуға міндетті.
Тармақ 10
10. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы мынадай құжаттар мен мәліметтерді:
Тармақша 1
1) өтініш берушінің тиісті органының банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесін (шешім қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында болмаған жағдайда);
Тармақша 2
2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген, өтініш беруші акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін тұлғалар және өтініш берушіге қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін;
Тармақша 3
3) өтініш берушінің үлестес тұлғаларының тізімін (тізім қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында болмаған жағдайда);
Тармақша 4
4) осы баптың 8-тармағының 1), 3), 4) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді;
Тармақша 5
5) еңбек қызметі, мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді ұсынады.
Өтініш берушінің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын басшы қызметкерлері бойынша өтініш беруші олардың мінсіз іскерлік беделін растау үшін өздері азаматы болып табылатын елдің және өздері тұрақты тұратын елдің, ал азаматтығы жоқ адамдар бойынша өздері тұрақты тұратын елдің құзыретті мемлекеттік органы берген, оларда алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының жоқтығын растайтын құжаттарды ұсынады (көрсетілген құжаттардың берілген күні өтініш берген күннің алдындағы алты айдан аспауға тиіс);
Тармақша 6
6) өтініш берер алдында өтініш берушінің аудиторлық есептермен расталған, соңғы екі қаржы жылындағы жылдық қаржылық есептілігінің (өтініш берушінің еншілес ұйымдары болған жағдайда, шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін, сондай-ақ өтініш берушінің соңғы аяқталған тоқсандағы қаржылық есептілігінің көшірмесін ұсынады.
Ағымдағы жылғы 1 қаңтар – 1 маусым аралығындағы кезеңде соңғы аяқталған қаржы жылына қаржылық есептілікті растайтын аудиторлық есеп болмаған жағдайда, өтініш беруші өтініш берер алдында соңғы аяқталған қаржы жылына және соңғы аяқталған тоқсанға қаржылық есептіліктің (өтініш берушінің еншілес ұйымдары болған жағдайда, шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін, сондай-ақ аудиторлық есептермен расталған, соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екі жылдағы жылдық қаржылық есептіліктің (өтініш берушінің еншілес ұйымдары болған жағдайда, шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін ұсынады.
Осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілік мынадай жағдайда:
осы қаржылық есептілік қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылса;
егер өтініш беруші заңды тұлға ретінде бір жылдан аз уақыт тіркелген болса және өтініш беруші ірі қатысушы мәртебесін иеленуге өтініш берген қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесі бар тұлға оның ірі қатысушысы болып табылса, ұсынылмайды;
Тармақша 7
7) тұлғаның өтініш беруге өкілеттіктерін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Тармақ 11
11. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасы мынадай құжаттар мен мәліметтерді:
Тармақша 1
1) осы баптың 10-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді;
Тармақша 2
2) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын иеленуге өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті мемлекеттік органы (қаржылық қадағалау органы) берген келісімнің (рұқсаттың) көшірмесін не өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті мемлекеттік органынан (қаржылық қадағалау органынан) мұндай келісім (рұқсат) талап етілмейтіні туралы растаудың көшірмесін;
Тармақша 4
4) егер өтініш беруші Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы болса, өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша өтініш берушінің қаржылық қызметті жүзеге асыруына арналған лицензияның (рұқсаттың) көшірмесін не өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы лицензияның (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы берген растаудың көшірмесін ұсынады.
Тармақ 12
12. Өтініш берушінің Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасына ірі қатысуын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну бөлігінде осы баптың 8-тармағы 3) тармақшасының және өтініш беруші акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін тұлғалар және өтініш берушіге қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну бөлігінде осы баптың 10-тармағы 2) тармақшасының талаптары Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасы болып табылатын өтініш берушіге мынадай шарттардың бірі орындалған кезде:
Тармақша 1
1) өтініш берушіде тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің «А-»-тен төмен емес кредиттік рейтингі болса;
Тармақша 2
2) өтініш беруші ірі қатысушы болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғалары туралы, өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушіге қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтер өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының интернет-ресурсында болса, қолданылмайды.
Осы баптың 10-тармағы 5) тармақшасының мақсаттары үшін басқару органының басшысы, оның орынбасары және басқару органының мүшелері, атқарушы органның басшысы, оның орынбасары және атқарушы органның мүшелері, бас бухгалтер Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасының (Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымының) басшы қызметкерлері деп танылады.
Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын, Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы өтініш берушісінің басшы қызметкерлеріне қатысты өтініш беруші осы баптың 10-тармағы 5) тармақшасының мақсаттары үшін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген нысан бойынша олардың мінсіз іскерлік беделін растайтын мәліметтерді ұсынады.
Өтініш беруші Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы болып табылған және осы қаржылық есептілік қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымының немесе шетелдік қор биржасының интернет-ресурсында орналастырылған және қолжетімді болған жағдайларда, осы баптың 10-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген қаржылық есептілік ұсынылмайды.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі банк холдингі мәртебесін, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымы сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымында тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің «А-»-тен төмен емес кредиттік рейтингі болған кезде өтініш беруші осы баптың 8-тармағының 4) және 7) тармақшаларында, 10-тармағының 1), 2), 6) және 7) тармақшаларында және 11-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді ұсынады.
Тармақ 14
14. Дауыс беретін акциялардың жиырма бес немесе одан көп пайызын иелену үлесімен акцияларды сатып алу кезінде банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленгісі келетін жеке тұлғалар, сондай-ақ банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленгісі келетін заңды тұлғалар осы бапта көрсетілген құжаттар мен мәліметтерге қосымша таяудағы бес жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады, оған қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.
Тармақ 15
15. Осы баптың талаптарына сәйкес банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін алу үшін берілген өтініш бойынша шешімді уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін елу жұмыс күні ішінде қабылдауға тиіс.
Уәкілетті орган осы Заңның 13-5-бабына сәйкес өтініш берушіге қатысты уәжді пайымдауды қалыптастырған кезде, уәкілетті орган банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін алу үшін ұсынылған құжаттарды қарау мерзімін тоқтата тұрады. Бұл мерзім уәжді пайымдау жобасы банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін алу үшін құжаттарды ұсынған тұлғаға жіберілген кезден бастап уәкілетті орган уәжді пайымдауды қабылдаған күнге дейін тоқтатыла тұрады.
Банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат алу шеңберінде берілген банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иелену туралы өтінішті уәкілетті орган банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат беруге арналған өтінішті қарау үшін белгіленген мерзімдерде қарайды.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алу шеңберінде берілген банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иелену туралы өтінішті уәкілетті орган микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беруге арналған өтінішті қарау үшін белгіленген мерзімдерде қарайды.
Уәкілетті орган өтініш берушіні өз шешімінің нәтижелері туралы жазбаша хабардар етуге міндетті, бұл ретте тиісті мәртебені иеленуге келісім беруден бас тартылған жағдайда, жазбаша хабарламада бас тартудың негіздері көрсетіледі.
Уәкілетті орган банкке басқа банктің ірі қатысушысы, банк холдингі мәртебесін иеленуге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушы, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім берген кезде өтініш беруші тиісті рұқсат алған кезде бір мезгілде банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталына қомақты қатысуға не еншілес банкті, еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға (иеленуге) рұқсат береді.
Тармақ 16
16. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі болғысы келетін тұлғаларға келісім беруден уәкілетті органның бас тартуы мынадай негіздердің кез келгені бойынша:
Тармақша 1
1) осы Заңның 9-4-бабы 2-тармағының 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында белгіленген талаптар сақталмағанда (жеке тұлғаға немесе өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкерлеріне қатысты);
Тармақша 2
2) өтініш берушінің қаржылық жағдайы орнықсыз болғанда жүргізіледі.
Өтініш берушінің қаржылық жағдайының орнықсыз болуы деп мынадай белгілердің біреуінің болуы түсініледі:
өтініш беруші ірі қатысушы мәртебесін иеленуге өтініш берген қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесі бар тұлға өтініш берушінің ірі қатысушысы болатын жағдайларды қоспағанда, өтініш беруші заңды тұлғаның өтініш берілген күнге дейін екі жылдан аз уақыт бұрын құрылуы;
өтініш берушінің міндеттемелері басқа заңды тұлғалардың акциялары мен жарғылық капиталына қатысу үлесіне орналастырылған және банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу болжанатын активтер сомасын шегергенде оның активтерінен асып түсуі;
аяқталған екі қаржы жылының әрқайсысының нәтижелері бойынша залал шегуі;
өтініш беруші міндеттемелерінің мөлшері банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жай-күйіне айтарлықтай қауіп төндіруі;
банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының алдында өтініш берушінің мерзімі өткен және (немесе) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының балансына жатқызылған берешегінің болуы;
өтініш берушінің банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарын талдау өтініш берушінің қаржылық жай-күйінің нашарлайтынын болжауы;
өтініш беруші мүлкінің құны (өтініш берушінің міндеттемелерін шегергенде) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу үшін жеткіліксіз болуы;
өтініш берушінің қаржылық жағдайының орнықсыздығын және (немесе) банкке және (немесе) оның депозиторларына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) оның клиенттеріне, инвестициялық портфельді басқарушыға және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларына залал келтіруі мүмкін екенін куәландыратын, уәжді пайымдауды пайдалана отырып анықталған өзге де негіздер;
Тармақша 3
3) ұсынылған құжаттар осы баптың талаптарына сәйкес келмегенде немесе ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулері жойылмағанда;
Тармақша 4
4) өтініш берушінің банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуі нәтижесінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптары бұзылғанда;
Тармақша 5
5) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган белгілейтін офшор аймақтарда тіркелген заңды тұлға банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленетін тұлға болып табылатын жағдайларда;
Тармақша 6
6) өтініш беруші «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының үшінші бөлігінде көзделген талаптарды, сондай-ақ банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне, сақтандыру холдингтеріне қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өзге де талаптарды сақтамағанда;
Тармақша 7
7) өтініш берушінің банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарын талдау тиісінше банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жай-күйінің нашарлайтынын болжағанда;
Тармақша 8
8) өтініш беруші – Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымында өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша қаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия (рұқсат) осындай мемлекеттің заңнамасы бойынша талап етілетін жағдайларда, мұндай лицензия (рұқсат) болмағанда;
Тармақша 9
9) өтініш беруші – Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасында не оның бас ұйымында осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган айқындайтын халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төмен қажетті рейтингі болмағанда;
Тармақша 10
10) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жай-күйінің нашарлауы мүмкін болған жағдайда, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ұсынылған қайта капиталдандыру жоспары тиімсіз болғанда;
Тармақша 11
11) өтініш беруші – жеке тұлғада, өтініш берушінің басшы қызметкері – заңды тұлғада мінсіз іскерлік беделі болмағанда;
Тармақша 12
12) уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім, оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлға бұрын ірі қатысушы жеке тұлға не ірі қатысушының бірінші басшысы заңды тұлға және (немесе) қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не болып табылатын жағдайларда жүргізіледі.
Көрсетілген талап уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім, оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін он жыл бойы қолданылады.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін қаржы ұйымы деп Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы түсініледі;
Тармақша 13
13) банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленгісі келетін Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы осы баптың 6-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмегенде;
Тармақша 14
14) өтініш беруші – Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы өзінің орналасқан елінде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайларда;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының бейрезидент банк конгломератының қатысушылары орналасқан елдердің заңнамасы олардың және банк конгломератының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген талаптарды орындауына мүмкіндік бермеуіне байланысты банк конгломератына шоғырландырылған қадағалау жүргізу мүмкін болмағанда;
Тармақша 16
16) банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат беруден бас тарту үшін негіздер болғанда жүргізіледі.
Егер банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы еншілес банкті, еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру, иелену не банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталына қомақты қатысуды иелену үшін басқа банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленгісі келсе, уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарау кезінде осы Заңның 9-6-бабының 3-тармағында көзделген бас тарту негіздерін ескереді. Еншілес ұйымды құруға, иеленуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту негіздері болған кезде уәкілетті орган банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тартады;
Тармақша 17
17) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған заңды тұлға – өтініш берушінің бенефициарлық меншік иесінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру саласындағы қылмыстары үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы болғанда жүргізіледі.
Тармақ 17
17. Уәкілетті орган банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісімді мынадай:
Тармақша 1
1) келісім беруге негіз болған мәліметтердің анық еместігі белгілі болған;
Тармақша 2
2) өтініш берушінің ірі қатысушы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуі нәтижесінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталған;
Тармақша 3
3) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары, банк холдингі, сақтандыру холдингі осы Заңның талаптарын сақтамаған;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының бейрезидент ірі қатысушысында, банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, инвестициялық портфельді басқарушыда, Қазақстан Республикасының бейрезидент банк холдингінде, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру холдингінде тізбесін уәкілетті орган айқындайтын рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төмен қажетті рейтингі болмаған жағдайларда кері қайтарып алуға құқылы.
Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленуге келісімді кері қайтарып алған кезде уәкілетті орган келісімді кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факті анықталған күннен бастап екі ай ішінде бұрын берілген келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдайды.
Келісімді кері қайтарып алған жағдайда, мұндай шара қолданылатын тұлға осындай келісімді кері қайтарып алған күннен бастап алты ай ішінде банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының өзіне тиесілі акцияларының санын ірі қатысушы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алуды талап етпейтін деңгейге дейін азайтуға және уәкілетті органға растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.
Осы бапқа сәйкес берілген келісімі кері қайтарып алынған тұлға банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын басқа тұлғаға сенімгерлік басқаруға беруге құқылы емес.
Уәкілетті орган тиісті келісімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдаған тұлғалар осы тармақтың талаптарын орындамаған жағдайда, уәкілетті орган осы тұлғалардың уәкілетті органның талаптарын орындауы үшін сотқа жүгінуге құқылы.
Тармақ 18
18. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі уәкілетті органды банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының өзіне тиесілі акциялары санының банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының өзі тікелей және (немесе) жанама иеленетін дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы өзгерген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, мұндай өзгеріс банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, инвестициялық портфельді басқарушы немесе банк холдингі, сақтандыру холдингі өз акцияларын өзге акционерлерден сатып алуы салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, хабардар етуге міндетті.
Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына, банк холдингіне, сақтандыру холдингіне тиесілі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акциялары санының банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының санына ұлғаю жағына өзгерген жағдайда (пайыздық немесе абсолюттік мәнде), банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері (пайда болу көзі) туралы мәліметтерді уәкілетті органға осындай мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып ұсынуға тиіс. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары жеке тұлғалар банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын қосымша сатып алу үшін пайдалануы мүмкін қаражат көздері осы баптың 7-тармағында көрсетілген.
Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акциялары санының пайыздық арақатынасы банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының санына банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына, банк холдингіне, сақтандыру холдингіне тиесілі он немесе жиырма бес пайыздан кем санға дейін өзгерген жағдайда, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің өтініші бойынша не уәкілетті орган берілген келісімнің күшін жою үшін негіз болып табылатын фактілерді өз бетінше анықтаған жағдайда, уәкілетті органның бұрын берген жазбаша келісімі уәкілетті орган көрсетілген өтінішті алған не уәкілетті орган берілген келісімнің күшін жою үшін негіз болып табылатын фактілерді анықтаған күннен кейінгі күннен бастап күші жойылды деп есептеледі.
Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы өзіне тиесілі акциялардың саны банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызына дейін ұлғайған жағдайда, құжаттарға қосымша және осы тармақта көрсетілген мерзімдерде таяудағы бес жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады, оған қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.
Тармақ 19
19. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін алу жөніндегі талаптар:
Қазақстан Республикасының Үкіметіне;
ұлттық басқарушы холдингке;
зейнетақы активтері есебінен банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларын және (немесе) туынды бағалы қағаздарын иеленетін инвестициялық портфельді басқарушының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына;
банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларын және (немесе) туынды бағалы қағаздарын номиналды ұстаушы, сондай-ақ көрсетілген туынды бағалы қағаздардың эмитенті функцияларын жүзеге асыратын тұлғаға;
банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы (банк холдингі, сақтандыру холдингі) мәртебесі бар басқа қаржы ұйымының акцияларын иелену (шартқа орай немесе өзгеше түрде дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы көрсетілген банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын және (немесе) туынды бағалы қағаздарын жанама иеленетін (шартқа орай немесе өзгеше түрде дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар) деп танылатын тұлғаға;
өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын және банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы (банк холдингі, сақтандыру холдингі) мәртебесі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент басқа қаржы ұйымының акцияларын иелену (шартқа орай немесе өзгеше түрде дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы көрсетілген банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын және (немесе) туынды бағалы қағаздарын жанама иеленетін (шартқа орай немесе өзгеше түрде дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының бейрезидент тұлғасына қолданылмайды.
Тармақ 20
20. Осы баптың рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингінің болуы жөніндегі талаптары және уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім өтініш беруші – Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы ұлттық басқарушы холдингтен Қазақстан Республикасының резидент банкінің жүз пайыз акцияларын сатып алған жағдайларға қолданылмайды.
Бап 9-6. 9-6-бап. Банкке, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншілес
ұйым құруға немесе иеленуге, банктің, сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымының ұйымның капиталына қомақты
қатысуына рұқсат беру тәртібі
9-6-бап. Банкке, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншілес
ұйым құруға немесе иеленуге, банктің, сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымының ұйымның капиталына қомақты
қатысуына рұқсат беру тәртібі
Тармақ 1
1. Банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болған кезде ғана «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 2-тармағында және «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабында белгіленген тізбеге сәйкес еншілес ұйым құруға немесе иеленуге, сондай-ақ ұйымның капиталына қомақты қатысуға құқылы.
Еншілес ұйым құруға, иеленуге және (немесе) ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру үшін алым алынады, оның мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.
Тармақ 2
2. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйым құруға, иеленуге рұқсат алуға өтініші уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша, мынадай құжаттар:
Тармақша 1
1) еншілес ұйым құрған жағдайда – құру туралы шешім не құрылтай шарты немесе жарғы жобасы;
Тармақша 2
2) еншілес ұйымды иеленген жағдайда – еншілес ұйымды иелену туралы шешім және жарғы;
Тармақша 3
3) талаптары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын еншілес ұйымның бизнес-жоспары;
Тармақша 4
4) өтініш берер алдында иеленетін еншілес ұйымның соңғы аяқталған қаржы жылына аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігі, сондай-ақ иеленетін еншілес ұйымның соңғы аяқталған тоқсанға қаржылық есептілігі қоса беріле отырып ұсынылады.
Ағымдағы жылғы 1 қаңтар – 1 маусым аралығындағы кезеңде соңғы аяқталған қаржы жылына қаржылық есептілікті растайтын аудиторлық есеп болмаған жағдайда, өтініш берер алдында соңғы аяқталған қаржы жылына және соңғы аяқталған тоқсанға қаржылық есептіліктің көшірмелері, сондай-ақ соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы жылға аудиторлық есеппен расталған жылдық қаржылық есептілік ұсынылады.
Егер иеленетін еншілес ұйым қызметін бір жылдан аз жүзеге асырған болса, қаржылық есептілік өтініш берер алдында соңғы аяқталған тоқсанға ұсынылады.
Тармақша 5
5) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, рұқсат беру үшін алымның төленгенін растайтын құжат;
Тармақша 6
6) тұлғаның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелері;
Тармақша 7
7) бақылаудың туындау негізін көрсете отырып, еншілес ұйымды бақылауды иелену көзделетін немесе бақылауды растайтын өзге де құжаттар қоса беріле отырып ұсынылады.
Осы тармақтың 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында болған жағдайда, олар ұсынылмайды.
Тармақ 3
3. Еншілес ұйым құруға, иеленуге рұқсат беруден бас тарту мынадай негіздердің кез келгені:
Тармақша 1
1) уәкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулері уәкілетті орган белгілеген мерзімде жойылмағанда;
Тармақша 2
2) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымы болжамды болуы нәтижесінде банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы пруденциялық нормативтерді сақтамағанда;
Тармақша 3
3) еншілес ұйымның қызметі немесе банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жоспарлаған инвестициялар салдарынан банктің, банк конгломератының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының қаржылық жай-күйінің нашарлауын болжайтын қаржылық салдарды талдау бойынша;
Тармақша 4
4) иеленетін еншілес ұйым резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайларда, уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде иеленетін еншілес ұйым белгіленген пруденциялық нормативтер мен лимиттерді сақтамағанда;
Тармақша 5
5) банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында және (немесе) иелену болжанатын еншілес ұйымда өтініш берілген күнге және (немесе) құжаттарды қарау кезеңіне «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 8) және 13) тармақшаларында, 81-бабында, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-3-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларында көзделген қолданыстағы қадағалап ден қою шаралары және (немесе) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 213-бабының алтыншы және сегізінші бөліктерінде, 227, 229, 230-баптарында және 239-бабының төртінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар болғанда;
Тармақша 6
6) банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының резиденттері – банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының еншілес ұйымын құрған немесе иеленген жағдайларда, Қазақстан Республикасының резиденттері – банк холдингі, сақтандыру холдингі, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беруге қатысты осы Заңда, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген талаптарды сақтамағанда;
Тармақша 7
7) банктің еншілес ұйымдарын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының еншілес ұйымдарын құруға, банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не ұйымның капиталына үлестік қатысудың басқа да нысандарын иеленуге қатысты «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23 және 50-баптарында, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-1 және 48-баптарында белгіленген талаптарды банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтамағанда жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға өтініші осы баптың 2-тармағының 2), 3), 4) 5) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса беріле отырып, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынылады.
Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы баптың 3-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін елу жұмыс күні ішінде рұқсат береді немесе рұқсат беруден бас тартады.
Уәкілетті орган рұқсат беруден бас тартқан жағдайда, өтініш берушіні бас тарту негіздері туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.
Банк басқа банк құрған немесе банк басқа банктің капиталына қомақты қатысуды иеленген жағдайда, банк ашуға немесе микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алу шеңберінде берілген еншілес ұйым құруға немесе ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға өтінішті уәкілетті орган көрсетілген рұқсаттарды беруге өтініштерді қарау үшін белгіленген мерзімдерде қарайды.
Тармақ 6
6. Банкке, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншілес ұйым құруға немесе иеленуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Еншілес ұйым құруға, иеленуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруді кері қайтарып алу және (немесе) оның күшін жою тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Тармақ 7
7. Еншілес ұйым құруға, иеленуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға бұрын берілген рұқсаттың күші мынадай:
Тармақша 1
1) еншілес ұйым құруға, иеленуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат:
рұқсат беруге негіз болған мәліметтердің анық еместігі белгілі болған;
банктің еншілес ұйымының қызметіне байланысты Қазақстан Республикасы заңнамасының банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің бұзылуына алып келген талаптарын банк сақтамаған;
банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымы, сондай-ақ банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы капиталына қомақты қатысатын ұйым қызметінің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 2-тармағының, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған кезде кері қайтарып алынған;
Тармақша 2
2) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымының не банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы капиталына қомақты қатысатын ұйымның қызметі қайта ұйымдастыру (бірігу, қосылу нысанында) немесе тарату арқылы тоқтатылған;
Тармақша 3
3) банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында еншілес ұйымды бақылау белгілері болмаған;
Тармақша 4
4) банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында ұйымның капиталына қомақты қатысу белгілері болмаған жағдайларда жойылады.
Тармақ 8
8. Уәкілетті органның еншілес ұйым құруға, иеленуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсаты уәкілетті орган осы баптың 7-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтінішін алған күннен кейінгі не уәкілетті орган берілген рұқсаттың күшін жою үшін негіз болып табылатын фактілерді анықтаған күннен кейінгі күннен бастап күші жойылды деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Осы баптың 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша еншілес ұйым құруға, иеленуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу кезінде уәкілетті орган рұқсатты кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факт анықталған күннен бастап екі ай ішінде шешім қабылдайды.
Еншілес ұйым құруға, иеленуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат кері қайтарып алынған жағдайда, банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мұндай рұқсат кері қайтарып алынған күннен бастап алты ай ішінде осы банкпен, осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастармен байланысты емес тұлғаларға өздеріне тиесілі акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не көрсетілген ұйымдардың капиталына үлестік қатысудың басқа да нысандарын иеліктен шығаруды жүргізуге және уәкілетті органға растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.
Тармақ 10
10. Егер банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленгісі келген банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы еншілес банкті, еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құрса немесе иеленсе не банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталына қомақты қатысуды иеленсе, уәкілетті орган еншілес ұйым құруға, иеленуге немесе капиталына қомақты қатысуға рұқсатты еншілес ұйым құруға, иеленуге немесе ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға өтінішті және рұқсат бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжатты қоспағанда, осы бапта көзделген құжаттарды ұсынбай, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімі бар құжатты бір мезгілде бере отырып, банкке, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына береді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген, рұқсат бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжат осы алым «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайда ұсынылмайды.
Тармақ 11
11. Осы баптың талаптары:
Тармақша 1
1) банктің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабында көзделген шарттарда еншілес ұйымды құру (иелену) жағдайларына;
Тармақша 2
2) банктің басқа банктің акцияларын не басқа банкке тиесілі заңды тұлғалардың акциялары мен жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін олар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қосылу нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде сатып алу жағдайларына қолданылмайды.
Бап 9-7. 9-7-бап. Банк, бейрезидент банк филиалы, банк холдингі,
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру
брокері, сақтандыру холдингі, Қазақстан
Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан
Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің
филиалы қызметінің негізгі көрсеткіштерін жариялау
9-7-бап. Банк, бейрезидент банк филиалы, банк холдингі,
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру
брокері, сақтандыру холдингі, Қазақстан
Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан
Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің
филиалы қызметінің негізгі көрсеткіштерін жариялау
Тармақ 1
1. Банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйым (ұйымдар) болмаған жағдайда – шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті аудиторлық ұйым оларда ұсынылған мәліметтердің анықтығын растағаннан кейін және банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері қатысушыларының жылдық жалпы жиналысы жылдық қаржылық есептілікті бекіткеннен кейін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды.
Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы уәкілетті органның талап етуі бойынша банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының интернет-ресурсында уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тізбеге және мерзімдерге сәйкес өзге де есептілікті орналастырады.
Банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін бухгалтерлік балансты, пайда мен залал туралы есепті аудиторлық растаусыз, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тоқсан сайын жариялайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының резиденттері банк холдингтері, Қазақстан Республикасының резиденттері сақтандыру холдингтері шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйым (ұйымдар) болмаған жағдайда, шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде:
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша жылдық есептілікті;
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін, ал еншілес ұйым (ұйымдар) болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілігін, сондай-ақ аудиторлық есепті аудиторлық ұйым оларда ұсынылған мәліметтердің анықтығын растағаннан кейін және Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері қаржылық есептілікті бекіткеннен кейін жариялайды.
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін активтер мен міндеттемелер туралы есепті, кірістер мен шығыстар туралы есепті аудиторлық растаусыз, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тоқсан сайын жариялайды.
Бап 10. 10-бап. Банк қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi
10-бап. Банк қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi
Уәкiлеттi орган банк қызметiн мемлекеттік реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:
Тармақша 1
1) жеке және заңды тұлғалардың банктің және банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуына келісім беру және келісім беруден бас тарту, банктердің және банк холдингтерінің еншілес ұйым құруына және оған ие болуына рұқсат беру, сондай-ақ банктердің және банк холдингтерінің заңды тұлғалардың капиталына қомақты қатысуына ие болуына рұқсат беру тәртібін айқындайды, аталған келісімдерді және рұқсаттарды береді не беруден бас тартады;
Тармақша 2
2) банктердiң меншiктi капиталының ең аз мөлшерiн белгiлейдi;
Тармақша 3
3) банктердiң резервтiк капиталын қалыптастыру жөнiндегi талаптарды белгiлейдi;
Тармақша 4
4) банк конгломераттары үшiн пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бекiтедi;
Тармақша 5
5) алып тасталды;
Тармақша 6
6) активтердi және шартты мiндеттемелердi сыныптау мен оларға қарсы провизиялар құру тәртiбiн белгiлейдi. Активтер мен шартты мiндеттемелердi күмәндi және сенiмсiз санаттарға жатқызу тәртiбiн мемлекет алдында салық мiндеттемелерiнiң орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органмен келiсе отырып айқындайды;
Тармақша 7
Тармақша 8
8) банктің үлестес тұлғаларына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртiбiн айқындайды және оларды қолдану туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленген жағдайларда банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына күшейтілген қадағалау режимін, қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру режимін, банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілікті тағайындайды;
Тармақша 9-1
9-1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда тұрақтандыру банкін құру және оның қызметін тоқтату туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген операциялардың барлық немесе жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айыру туралы шешiм қабылдайды және банктің уақытша әкiмшiлiгін, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату комиссиясын тағайындайды;
Тармақша 10-1
10-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде немесе мәжбүрлеп тоқтату рәсімін аяқтау туралы шешiм қабылдайды;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Бап 10-1. 10-1-бап. Уәкілетті органның банктердегі өкілінің міндеті, функциялары, құқықтары мен міндеттері
10-1-бап. Уәкілетті органның банктердегі өкілінің міндеті, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Бап 11. 11-бап. Сақтандыру қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi
11-бап. Сақтандыру қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi
Уәкiлеттi орган сақтандыру қызметiн мемлекеттік реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:
Тармақша 1
1) жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуына келісім беру және келісім беруден бас тарту, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің еншілес ұйым құруына және оған ие болуына рұқсат беру, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру холдингтерінің заңды тұлғалардың капиталына қомақты қатысуына ие болуына рұқсат беру тәртібін айқындайды, аталған келісімдерді және рұқсаттарды береді не оларды беруден бас тартады;
Тармақша 2
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының сақтандыру резервтерін қалыптастыруына, сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарды белгілейді;
Тармақша 2-1
2-1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес сақтандыру міндеттемелерін бағалау мен олардың құрылымына және оларды бағалауды автоматтандыруға, сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесіне қойылатын талаптарды, оларды келісу тәртібі мен мерзімдерін бекітеді;
Тармақша 3
Тармақша 4
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтерiн орналастыру және инвестициялау тәртiбiн айқындайды;
Тармақша 5
5) сақтандыру полистерiнiң мазмұнына және оларды ресімдеу тәртібіне қойылатын талаптарды белгiлейдi;
Тармақша 6
6) актуарийлiк қорытынды және оның мазмұнына талаптар негiзiнде аннуитет шарттарын қолдану кезеңiнде тұрақты сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерiн көбейту тәртiбi мен талаптарын айқындайды;
Тармақша 7
7) жинақтаушы сақтандыру бойынша қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына заемдарды беру тәртiбi мен талаптарын айқындайды;
Тармақша 8
8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын, оның iшiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы белгiленген (шарттарда немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында) мерзiмдердi бұза отырып орындаған шарттарды есепке алу тәртібін айқындайды;
Тармақша 9
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметiн жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы шешiм қабылдайды және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгін (уақытша әкiмшісін), қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясын тағайындайды;
Тармақша 10-1
10-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде немесе мәжбүрлеп тоқтату рәсімін аяқтау туралы шешiм қабылдайды;
Тармақша 11
11) мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша сақтандыру төлемдерiне мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру тәртiбiн айқындайды;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Бап 12. 12-бап. Бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары нарығы субъектiлерiнiң қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi
12-бап. Бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары нарығы субъектiлерiнiң қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi
Уәкiлеттi орган бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары нарығы субъектiлерiнiң қызметiн мемлекеттік реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:
Тармақша 1
1) қаржы рыногының активтерiн бағалы қағаздар ретiнде таниды;
Тармақша 1-1
1-1) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мониторингін жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы
қағаздардың, исламдық бағалы қағаздардың, туынды бағалы қағаздардың
шығарылымдарын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырады;
акцияларды орналастыру қорытындылары
туралы есептерді, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін
осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есептерді,
исламдық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздарды орналастыру немесе өтеу
қорытындылары туралы есептерді қарайды және бекітеді;
акциялар мен облигациялар шығарылымдарының күшін
жоюды жүргізеді;
Тармақша 3
3) бағалы қағаздарды, оның iшiнде туынды бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу шарттары мен тәртiбiн айқындайды;
Тармақша 4
4) бағалы қағаздардың, оның
iшiнде туынды бағалы қағаздардың шығарылымдарын мемлекеттiк тiркеудiң, оларды орналастырудың
қорытындылары туралы есептерді, исламдық бағалы қағаздар мен
туынды бағалы қағаздарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есептердi
қараудың, сондай-ақ олардың
күшін жоюдың шарттары мен тәртiбiн белгiлейдi;
Тармақша 5
5) алып тасталды - ҚР 2007.02.19 № 230 Заңымен;
Тармақша 6
6) алып тасталды - ҚР 2007.02.19 № 230 Заңымен;
Тармақша 7
7) алып тасталды - ҚР 2007.02.19 № 230 Заңымен;
Тармақша 8
8) бағалы қағаздардың және туынды бағалы қағаздардың орналастырылуы мен айналысын тоқтату және қайта бастау талаптары мен тәртiбiн айқындайды;
Тармақша 9
9) Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiн, лицензиардың электрондық тізілімін және бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыруға берілетін рұқсаттардың тiзiлiмiн жүргiзедi;
Тармақша 9-1
9-1) жеке және заңды тұлғалардың инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуіне келісімді беру және оны беруден бас тарту тәртібін, аталған келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды айқындайды, мұндай келісімді береді не беруден бас тартады;
Тармақша 9-2
9-2) бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың жарғылық капиталының ең аз мөлшерін, оны қалыптастыру тәртібін және оның құрамын белгілейді;
Тармақша 9-3
9-3) бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылар үшін пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бекітеді;
Тармақша 10
10) бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыру шарттары мен тәртiбiн, оның iшiнде бағалы қағаздармен операциялар жасау шарттары мен тәртiбiне қойылатын талаптарды белгiлейдi;
Тармақша 11
11) инвестициялық портфельді басқарушының және институционалдық инвесторлардың инвестициялау тәртiбiн белгiлейдi;
Тармақша 11-1
11-1) инвестициялық портфельді басқарушының салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы ерікті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу тәртібін белгілейді;
Тармақша 11-2
11-2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат береді;
Тармақша 12
12) бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың және кәсіптік ұйымдардың қызметiн жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi;
Тармақша 13
13) бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының, оның iшiнде туынды бағалы қағаздар мен шетел валюталарының бағаларымен (бағамдарымен) айла-шарғы жасауға, бағалы қағаздар нарығында инсайдер ақпаратын немесе қызметтiк, коммерциялық, банктiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты пайдаланып, мәмiлелер жасауға бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) инвестициялық қорлардың жұмыс iстеуiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеу мен бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 14-1
14-1) алып тасталды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 14-2
14-2) бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуы жөніндегі талаптарды белгілейді;
Тармақша 14-3
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Бап 12-1. 12-1-бап. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар
эмитенттерінің мониторингі
12-1-бап. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар
эмитенттерінің мониторингі
Бап 12-2. 12-2-бап. Микроқаржылық қызметті мемлекеттік реттеу,
бақылау және қадағалау ерекшеліктері
12-2-бап. Микроқаржылық қызметті мемлекеттік реттеу,
бақылау және қадағалау ерекшеліктері
Уәкілетті орган микроқаржылық қызметті мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:
Тармақша 1
1) микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларын, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекітеді;
Тармақша 2
2) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізілімін жүргізеді;
Тармақша 3
3) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық және меншікті капиталдарының ең төмен мөлшерлерін белгілейді;
Тармақша 4
4) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бекітеді;
Тармақша 5
5) берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидаларын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
Тармақша 6
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Бап 12-3. 12-3-бап. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін
ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы
өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметін мемлекеттік
реттеу, бақылау және қадағалау
12-3-бап. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін
ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы
өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметін мемлекеттік
реттеу, бақылау және қадағалау
Тармақ 1
1. Уәкілетті орган микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметін мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:
Тармақша 1
1) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарын келіседі;
Тармақша 2
2) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімдерін жүргізеді;
Тармақша 3
3) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін жүзеге асыру тәртібін белгілейді;
Тармақша 4
4) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде, микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидаларында, сондай-ақ стандарттарында белгіленген талаптарды сақтамауы фактілерін анықтау және (немесе) олардың алдын алу мақсатында микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметін тексеруді жүргізеді;
Тармақша 5
5) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын, санкцияларды қолданады;
Тармақша 6
6) бұқаралық ақпарат құралдарында микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар туралы мәліметтерді (қызметтік, коммерциялық, банктік немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда), оның ішінде оларға қабылданған шаралар туралы ақпаратты жариялайды;
Тармақша 7
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметін бақылау мен қадағалауды уәкілетті орган осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес және өзінің бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың Қазақстан Республикасы заңнамасының, уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын, микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидаларын, стандарттарын бұзушылықтарын, сондай-ақ қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды анықтау мақсатында жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Уәкілетті орган микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдарға қатысты:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар ұсынатын ақпаратты және есептілікті талдау;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қашықтан қадағалау арқылы бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын жүзеге асырады.
Бап 13. 13-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi
13-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi
Уәкiлеттi орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн мемлекеттік реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсаттарында:
Тармақша 1
1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерiне қойылатын талаптарды белгiлейдi;
Тармақша 2
2) салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
Тармақша 3
3) ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензиядан айырылған жағдайда, салымшылардың ерікті зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару тәртібін белгілейді;
Тармақша 4
4) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін айқындайды;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Бап 13-1. 13-1-бап. Қаржылық ұйымдарды және олардың аффилиирленген тұлғаларын, бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiжүзеге асыратын заңды тұлғаларды, бағалы қағаздар эмитенттерiн, кредиттік бюроларды, банктердiң тарату комиссияларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, жинақтаушы зейнетақы қорларын тексерудi ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбiнiң ерекшелiктерi
13-1-бап. Қаржылық ұйымдарды және олардың аффилиирленген тұлғаларын, бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiжүзеге асыратын заңды тұлғаларды, бағалы қағаздар эмитенттерiн, кредиттік бюроларды, банктердiң тарату комиссияларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, жинақтаушы зейнетақы қорларын тексерудi ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбiнiң ерекшелiктерi
Бап 13-2. 13-2-бап. Қаржы нарығы саласындағы өзге ақпарат аудиті
саласындағы өкілеттіктер
13-2-бап. Қаржы нарығы саласындағы өзге ақпарат аудиті
саласындағы өкілеттіктер
Тармақ 1
1. Уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының өзге ақпарат аудитін жүргізуді талап етеді;
Тармақша 2
2) аудиторлық қызмет саласында мемлекеттік реттеуді және аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелердің тізбесін, өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, аудиторлық ұйымның оны ұсынуы мерзімдеріне қойылатын талаптарды, аудиторлық ұйымның құрамындағы өзге ақпарат аудитіне тартылатын аудиторларға қойылатын талаптарды белгілейді.
Бап 13-3. 13-3-бап. Ерекше реттеу режимін енгізу мақсаттары және оның
шеңберінде қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары
13-3-бап. Ерекше реттеу режимін енгізу мақсаттары және оның
шеңберінде қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары
Тармақ 1
1. Ерекше реттеу режимі уәкілетті орган белгілейтін, қаржы саласындағы қызметті, қаржы ресурстарын шоғырландыруға және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асырудың арнайы шарттарының жиынтығын білдіреді.
Тармақ 2
2. Ерекше реттеу режимі мынадай мақсаттарға қол жеткізуге:
Тармақша 1
1) қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығындағы бәсекелестікті және қаржы нарығының инвестициялық тартымдылығын арттыруға;
Тармақша 2
2) қанағаттану дәрежесін арттыру және тұтынушылардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және мемлекеттің мүдделеріне сәйкес келу үшін жаңа көрсетілетін қызметтерді ендіруге және қаржы нарығын дамытуға;
Тармақша 3
3) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын оңтайлы реттеу мен қадағалауды қалыптастыруға, қаржылық тұрақтылықты және тұтынушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Тармақ 3
3. Мыналар:
Тармақша 1
1) ерекше реттеу режимі шеңберінде қатысу шарттарының теңдігін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) ерекше реттеу режимі қатысушыларының тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін сақтауы ерекше реттеу режимінің қағидаттары болып табылады.
Тармақ 4
4. Ерекше реттеу режимі
уәкілетті орган Басқармасының шешімімен енгізіледі, онда қаржы саласындағы
қызметтің (көрсетілетін қызметтер, өнімдер), қаржы ресурстарын шоғырландыруға және (немесе) көрсетілетін
төлем қызметтеріне байланысты қызметтің түрлері, оларды ерекше реттеу режимі
шеңберінде жүзеге асырудың арнаулы шарттары, қатысушылар тізбесі, ерекше реттеу
режимінің қатысушыларына Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын
қолданудың тәртібі мен шарттары көрсетіледі.
Көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметке қатысты ерекше реттеу режимін енгізу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган Басқармасының шешімімен жүзеге асырылады.
Ерекше реттеу режимінің жалпы мерзімі бес жылдан аспайды.
Тармақ 5
5. Ерекше реттеу режимі енгізілген мерзім өткеннен кейін өз қолданысын тоқтатады.
Тармақ 6
6. Ерекше реттеу режимін енгізу және оның күшін жою, ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде бекітіледі.
Бап 13-4. 13-4-бап. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру
13-4-бап. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру
Тармақ 1
1. Қаржы ұйымдары және (немесе) қаржы саласындағы қызметті, қаржы ресурстарын шоғырландыруға және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар ерекше реттеу режимінің қатысушылары (бұдан әрі – ерекше реттеу режимінің қатысушылары) бола алады.
Тармақ 2
2. Ерекше реттеу режимі қатысушысының қызметі уәкілетті органмен жасалатын, ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
Ерекше реттеу режимі шеңберінде көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асыру туралы шарт ерекше реттеу режимінің қатысушысы, уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалады.
Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шартты уәкілетті орган бекітеді.
Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шартта ерекше реттеу режимінің қатысушысы көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды өзінің ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыратыны туралы хабардар етуі міндетті болатын талап қамтылуға тиіс.
Тармақ 3
3. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасасу үшін құжаттарды іріктеу өлшемшарттары және қарау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде бекітіледі.
Тармақ 4
4. Мәлімделген қызмет түрі ерекше реттеу режимін енгізу мақсаттарына сәйкес келмеген, ерекше реттеу режимінің қатысушысы болғысы келетін тұлға іріктеу өлшемшарттарына сәйкес келмеген және (немесе) ұсынылған құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, уәкілетті орган ерекше реттеу режимінің қатысушысы болғысы келетін тұлғаға ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасудан бас тартады.
Тармақ 5
5. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданысы:
Тармақша 1
1) ерекше реттеу режимі енгізілген мерзімнің өтуіне байланысты оның қолданысы тоқтатылған не оның күші жойылған кезде;
Тармақша 2
2) ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың мерзімі өткен немесе ол мерзімінен бұрын бұзылған кезде;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында немесе ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартта көзделген өзге де жағдайларда, тоқтатылады.
Тармақ 6
6. Ерекше реттеу режимінің қатысушысы шартта көзделген міндеттемелерді орындамаған жағдайда, сондай-ақ, егер ерекше реттеу режимінің қатысушысы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келуді тоқтатқан жағдайда, уәкілетті орган ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
Уәкілетті орган ерекше реттеу режимінің қатысушысын ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартта айқындалған міндеттемелердің орындалмағаны және бұзушылықтарды хабардар етілген күннен бастап алпыс жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жою қажеттігі туралы хабардар етеді.
Ерекше реттеу режимінің қатысушысы анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әзірлейді және уәкілетті органға ұсынады. Іс-шаралар жоспарында жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, ерекше реттеу режимінің қатысушысы оны іске асыруға кіріседі және іс-шараларды орындау туралы есепті уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде уәкілетті органға ұсынады.
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарымен келіспеген жағдайда, ерекше реттеу режимінің қатысушысы уәкілетті органның ескертулерін жояды.
Іс-шаралар жоспары мақұлданбаған және (немесе) ерекше реттеу режимінің қатысушысы көрсетілген ескертулерді жою бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда, уәкілетті орган ерекше реттеу режимінің қатысушысын ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты біржақты тәртіппен бұзатыны туралы хабардар етеді.
Тармақ 7
7. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданысы тоқтатылғаннан кейін бұрын ерекше реттеу режимінің қатысушысы болған тұлға ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялануға жататын немесе өзіне қатысты рұқсат беру тәртібі қолданылатын қызметті дереу тоқтатуға, сондай-ақ өзінің клиенттері алдындағы міндеттемелерді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындауға міндетті.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялануға жататын немесе өзіне қатысты рұқсат беру тәртібі қолданылатын қызметті ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданысы тоқтатылғаннан кейін жүзеге асыру заңсыз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Тармақ 9
9. Уәкілетті органның осы баптың 4 және 6-тармақтарында көзделген көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметке қатысты өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша жүзеге асырылады.
Бап 13-5. 13-5-бап. Уәкілетті органның уәжді пайымдауды
пайдалану жөніндегі өкілеттіктері
13-5-бап. Уәкілетті органның уәжді пайымдауды
пайдалану жөніндегі өкілеттіктері
Тармақ 1
1. Уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, банк холдингтеріне, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларына, сақтандыру холдингтеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру топтарына және (немесе) сақтандыру топтарының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру брокерлеріне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарийлерге, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларға (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларына, микроқаржы ұйымдарына;
Тармақша 2
2) банктің, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлеріне, басшы қызметкерлері лауазымына кандидаттарға қатысты уәжді пайымдауды пайдалануға құқылы.
Тармақ 2
2. Уәкілетті органның алқалы органының негізделген кәсіби пікірі уәжді пайымдау деп түсініледі, ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қадағалап ден қою шараларын қолдану үшін, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де жағдайларда шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады.
Уәкілетті орган уәжді пайымдауды мынадай:
Тармақша 1
1) банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат, банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім, ұйымдардың капиталдарына банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуына рұқсат, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйым құруына немесе иеленуіне рұқсат, сондай-ақ банк, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі, сақтандыру брокері, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым басшы қызметкерлерді тағайындау (сайлау) туралы хабардар еткен кезде банктің, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беру (келісім беруден бас тарту), банк лицензияларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға, сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыруға, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияларды беру кезінде мінсіз іскерлік беделінің болуы не болмауы тұрғысынан іскерлік беделін бағалау, сондай-ақ орнықсыз қаржылық жағдайының болуы не болмауы тұрғысынан қаржылық жағдайын бағалау;
Тармақша 2
2) банктің, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерінің өз міндеттерін жүзеге асыруы кезеңінде немесе банктің, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімнің қолданылуы кезеңінде мінсіз іскерлік беделінің болуы не болмауы тұрғысынан іскерлік беделін бағалау;
Тармақша 3
3) қызметкердің банктің, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерінің функцияларына тән қызметті жүзеге асыру белгілерінің болуын айқындау;
Тармақша 4
4) банкпен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп танылатын тұлғаларды айқындау, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өздерімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті шарттар беру фактілерін анықтау, сондай-ақ банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған мәмілелерді жеңілдікті шарттары бар мәмілелерге жатқызу;
Тармақша 5
5) бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында өзара байланысты тұлғалар деп танылатын тұлғаларды айқындау;
Тармақша 6
6)
банктегі және банк конгломератындағы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы және сақтандыру тобындағы, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыдағы (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), микроқаржы ұйымындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің сапасын банктің, банк конгломератының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, микроқаржы ұйымының қызмет сипатына, ауқымына және күрделілігіне, сондай-ақ олардың көлемдеріне сәйкес келетін тиімді ішкі саясат пен рәсімдердің болуы және іске асырылуы тұрғысынан бағалау;
Тармақша 7
7) банктің, микроқаржы ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) провизияларының (резервтерінің), сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарий есептеген сақтандыру резервтерінің барабарлығын, оның ішінде оларды қалыптастыру жөніндегі әдістемелердің банктің, микроқаржы ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының тәуекелдеріне сәйкестігі, сондай-ақ оларды қалыптастыру үшін пайдаланылатын ақпараттың анықтығы тұрғысынан бағалау;
Тармақша 8
8) банктің директорлар кеңесі мүшесінің – банктің тәуелсіз директорының тәуелсіздікке қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалау;
Тармақша 9
9) аудиторлық есептерді аудиторлық ұйымның мүдделі болуы аудит жүргізілетін субъектінің қаржылық есептілігінің анықтығы туралы пікірге әсер етуі мүмкін мүдделер қақтығысының бар-жоғы тұрғысынан бағалау;
Тармақша 10
10) банк жасайтын (жасау болжанатын) мәмілені жоғары тәуекел белгілерінің бар-жоғы тұрғысынан бағалау;
Тармақша 11
11) қаржы ұйымдарының, уәкілетті агенттердің және қаржы нарығының басқа да қатысушыларының қызметін (операцияларын) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға қаржы өнімдерін ұсыну кезінде жосықсыз практикалардың бар-жоғы тұрғысынан бағалау жағдайларында пайдалануға құқылы.
Тармақ 3
3. Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген уәкілетті органның алқалы органының құрамын уәкілетті орган Төрағасының орынбасарлары, уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатарынан уәкілетті органның Басқармасы бекітеді. Уәкілетті органның алқалы органының отырысын уәкілетті органның Төрағасы орынбасарларының бірі жүргізеді.
Уәкілетті орган уәжді пайымдауды заңдылық, негізділік, объективтілік және біркелкі тәсіл қағидаттарын сақтай отырып пайдаланады.
Уәжді пайымдау уәкілетті
органның осы баптың 1-тармағының
1) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың қызметіне бақылау мен
қадағалауды жүзеге асыруы шеңберінде алынған ақпарат пен жеке
және заңды тұлғалардан, халықаралық ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, оның
ішінде шетелдік қадағалау органдары мен ұйымдарынан, өзге де қолжетімді
көздерден алынған және уәжді пайымдауды қалыптастыру үшін маңызды болып
табылатын өзге де ақпаратқа негізделеді.
Уәкілетті орган уәжді пайымдауды қалыптастыру кезінде осы баптың
1-тармағында аталған тұлғалардың түсініктері болған кезде оларды назарға алады.
Уәжді пайымдаудың жобасы осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаға жіберіледі. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлға бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға уәжді пайымдаудың жобасымен келісетіні не келіспейтіні туралы уәжді жауап ұсынуға тиіс. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаның белгіленген мерзімде уәжді жауапты ұсынбауы уәжді пайымдаудың жобасымен келісу деп есептеледі.
Осы баптың 1-тармағында аталған тұлға уәжді пайымдаудың жобасымен келіспейтіні туралы уәжді жауапты ұсынған жағдайда, оны қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган уәжді пайымдаудың жобасын уәкілетті органның алқалы органының қарауына шығару қажеттігін айқындайды.
Тармақ 4
4. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлға уәкілетті орган уәжді пайымдау негізінде қолданған қадағалап ден қою шарасымен келіспеген жағдайда, қадағалап ден қою шарасы қолданылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өз қарсылықтарын уәкілетті органға жазбаша түрде ұсынуға құқылы.
Қадағалап ден қою шарасын қолдануға қатысты қарсылықтар уәкілетті органның Төрағасы қатысатын кеңесте қаралады не уәкілетті орган Төрағасының ұсынысы бойынша уәкілетті орган Басқармасының қарауына шығарылады. Егер уәжді пайымдау негізінде қолданылған қадағалап ден қою шарасы пруденциялық нормативтердің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің белгіленген мәндерден төмен төмендеуіне алып келуі мүмкін болған жағдайда, алынған қарсылықтарды уәкілетті орган Басқармасы қарайды. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаның өкілдері қарсылықтарды қарауға қатысуға құқылы.
Қарсылықтар келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Қарсылықтарды қарау мерзімі он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет ұзартылуы мүмкін.
Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаның қарсылықтарын қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган қарсылықтармен негізді түрде келіспейтіні не уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шарасының күшін жою туралы жазбаша хабарлама жібереді.
Уәжді пайымдау негізінде қолданылған қадағалап ден қою шарасы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткен соң не қарсылықтар ұсынылған жағдайда, осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаға қарсылықтармен негізді түрде келіспейтіні туралы жазбаша хабарлама жіберілген күннен бастап күшіне енеді.
Осы баптың 1-тармағында аталған тұлға уәжді пайымдау негізінде қолданылған қадағалап ден қою шарасына сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.
Уәкілетті орган уәжді пайымдау негізінде қабылданған, заңсыз деп танылған шешімдер үшін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жауапты болады.
Тармақ 5
5. Уәкілетті орган құпиялылық жөніндегі талаптарды ескере келе, уәжді пайымдауды пайдалана отырып қадағалап ден қою шараларын қолданудың қорытылған практикасын жариялайды.
Тармақ 6
6. Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Тармақ 7
7. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасы
бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.
Бап 13-6. 13-6-бап. Қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздігін
қамтамасыз ету саласындағы өкілеттіктер
13-6-бап. Қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздігін
қамтамасыз ету саласындағы өкілеттіктер
Қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган тиісті бағыттар бойынша:
Тармақша 1
1) ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінен қорғалу деңгейін бағалау тәртібін бекітеді;
1-1) осы Заңның 3-бабының 1 және 3-тармақтарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін реттеу саласындағы қаржы ұйымдарының орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уәкілетті орган туралы ережеде айқындалады;
Тармақша 2
2) қаржы ұйымдарын ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдеріне ұшырау дәрежесі бойынша саралау тәртібін қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау әдістемесін бекітеді;
Тармақша 3
3) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адамдардың біліктілігін арттыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелерінің басшылары мен жұмыскерлерінің құзыретіне қойылатын талаптарды бекітеді;
Тармақша 4
4) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметтеріне, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ішкі тергеп-тексерулер жүргізуге қойылатын талаптарды бекітеді;
Тармақша 5
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының
бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.
Бап 14. 14-бап. Ақпарат алу және беру жөніндегі өкiлеттiктер
14-бап. Ақпарат алу және беру жөніндегі өкiлеттiктер
Уәкiлеттi органға жүктелген, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету, осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарын iске асыру мақсатында уәкiлеттi орган кез келген жеке және заңды тұлғалардан, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарынан, сондай-ақ мемлекеттiк органдардан қажетті ақпаратты, оның ішінде қызметтiк, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi өтеусіз алуға құқылы. Бұл ретте алынған ақпарат жария етілуге жатпайды.
Уәкілетті орган осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген, алынған ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, соның ішінде оның уәкілетті органның ақпараттық жүйелеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы береді.
Уәкілетті орган өз мүшелерінің (қатысушыларының) қызметін бақылауды жүзеге асыру мақсатында микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, коллекторлық агенттіктердің қаржылық және өзге де есептілігін микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдарға ұсынады.
Мемлекеттік органдар, қаржы және өзге де ұйымдар, олардың қауымдастықтары (одақтары), сондай-ақ жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары уәкілетті органның сұрау салуы бойынша құжаттарды, қаржылық есептілікті қоса алғанда, есептілікті және қажет болған жағдайда уәкілетті органның өз функцияларын орындауы үшін қажетті өзге де қосымша ақпаратты, оның ішінде электрондық түрде және (немесе) мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілері арқылы, оның ішінде электрондық түрде және (немесе) мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілері арқылы беруге міндетті.
Уәкілетті органның, микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметтік, коммерциялық, банктік немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруы барысында алынған мәліметтерді жария еткені үшін жауапты болады.
Бап 14-1. 14-1-бап. Уәкілетті органның Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкімен және Қазақстан Республикасының
Үкіметімен қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері
бойынша өзара іс-қимылы
14-1-бап. Уәкілетті органның Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкімен және Қазақстан Республикасының
Үкіметімен қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері
бойынша өзара іс-қимылы
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және Қазақстан Республикасының Үкіметімен қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша мыналар:
Тармақша 1
1) жалпымемлекеттік мәні бар болжамды іс-әрекеттер және қол жеткізілген нәтижелер туралы бір-біріне ақпарат беру;
Тармақша 2
2) қаржылық тұрақтылық үшін тәуекел факторларын бірлесіп бағалау;
Тармақша 3
3) жүйелік тәуекелді барынша азайту, қаржылық дағдарыстың туындауын болғызбау және оның салдарын барынша азайту мақсатында келісілген шешімдердің кешенін әзірлеу, қабылдау және іске асыру;
Тармақша 4
4) қаржылық тұрақтылық мәселелері бойынша келісімдер жасасу арқылы өзара іс-қимыл жасайды.
Бап 15. 15-бап. Уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттiк органдарымен және басқа мемлекеттердiң қаржы рыноктары мен қаржылық ұйымдарды реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органдарымен өзара әрекетi
15-бап. Уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттiк органдарымен және басқа мемлекеттердiң қаржы рыноктары мен қаржылық ұйымдарды реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органдарымен өзара әрекетi
Тармақ 1
1. Уәкiлеттi орган өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен өзiне берiлген өкiлеттiктерi шегiнде ешкiмге тәуелсiз. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдар уәкiлеттi органның заң тұрғысында бекiтiлген өкiлеттiктерiн iске асыру жөнiндегi қызметiне араласуға құқылы емес.
Тармақ 2
2. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құзыретi шегiнде өз қызметiн басқа мемлекеттiк органдармен үйлестiредi.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес алынған ақпаратты Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына, сондай-ақ
осы баптың 4-тармағында көрсетілген ұйымдарға осы бапта көзделген шарттармен береді.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарттарға сәйкес алынған ақпаратты Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына осындай ақпаратты ұсынған тараптың келісімімен ғана береді.
Тармақ 3
3. Алып тасталды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарты, құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарт негізінде және соларға сәйкес басқа мемлекеттердің бақылау және қадағалау органдарымен, халықаралық және өзге де ұйымдармен ынтымақтасады және құпиялылықты сақтай отырып, бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны, банк құпиясын, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алмасуға құқылы.
Осы тармақтың бірінші
бөлігінде көрсетілген өзге де ұйымдар деп «Астана» халықаралық қаржы
орталығының Қаржылық қызметтер көрсетуді
реттеу жөніндегі комитеті, банктік сектордың, бағалы қағаздар нарығының және
сақтандыру нарығының қызметін реттеудің бірыңғай стандарттарын тұжырымдау
мақсатында құрылған, басқа мемлекеттердің орталық банктерінің, бақылау және
қадағалау органдарының бірлестіктері түсініледі.
Тарау 2-1. 2-1-тарау. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі
2-1-тарау. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі
Бап 15-1. 15-1-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және
Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы
саласындағы бақылау мен қадағалау
15-1-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және
Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы
саласындағы бақылау мен қадағалау
Тармақ 1
1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және Қазақстан
Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалауды өздерінің құзыреті
шегінде уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (осы
тараудың мақсаты үшін бұдан әрі – бақылау және қадағалау органдары) жүзеге
асырады.
Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалау құзыреті шегінде бақылау және қадағалау органдарының қаржы ұйымдарының, олардың филиалдары мен үлестес тұлғаларының, Қазақстан Даму Банкінің, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің, бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, бағалы қағаздар нарығының өзге де субъектілерінің, бағалы қағаздар эмитенттерінің, кредиттік бюролардың, банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңдары операторларының, банк холдингтерінің, банк конгломераттарының, банктердің ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларының, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарийлердің, арнайы қаржы компанияларының, ислам арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларының, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғалардың, кәсіби ұйымдардың, коллекторлық агенттіктердің, төлем жүйесіне қатысушылардың, төлем жүйелері операторлары мен операциялық орталықтарының, оның ішінде олармен жасалған шарт бойынша төлем жүйесінің жұмыс істеуі үшін қызметтер көрсетуге уәкілеттік берілген кез келген өзге тұлғаның, көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің, оның ішінде олармен жасалған шарт бойынша төлем қызметтерін көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген кез келген өзге тұлғаның, төлем ұйымдарының,
«Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушылары – цифрлық активтер көрсетілетін қызметтерінің провайдерлерін қоспағанда, цифрлық активтер көрсетілетін қызметтері провайдерлерінің, цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдардың, цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің, сондай-ақ валюталық операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың, банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшіліктерінің (уақытша әкімшілерінің), тарату комиссияларының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының тарату комиссияларының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының (бұдан әрі – тексерілетін субъект) Қазақстан Республикасының банк, валюталық заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі, төлемдер және төлем жүйелері,
цифрлық активтер, әлеуметтік қорғау, бағалы қағаздар рыногы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру, пошта, Қазақстанның Даму Банкі, микроқаржылық қызмет, коллекторлық қызмет, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, өзін-өзі реттеу, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңнамасында, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларында, банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыруға және банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңының жұмыс істеуіне байланысты қатынастарды реттейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды сақтауына бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруын, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды, Қазақстан Республикасының ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне, оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қауіп төндіретін бұзушылықтарды анықтауды, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк конгломераттарының және (немесе) сақтандыру топтарының қызметіндегі кемшіліктерді және (немесе) тәуекелдерді анықтауды көздейді.
Тармақ 2
2. Бақылау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау органы осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес және өзінің бақылау функцияларын жүзеге асыру барысында тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуын, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк конгломераттарының және (немесе) сақтандыру топтарының қызметіндегі кемшіліктерді және (немесе) тәуекелдерді анықтаған жағдайда, әкімшілік іс жүргізуді қозғайды
және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды, оның ішінде құқық шектеу шараларын қолданады.
Қадағалау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау органы осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес және өзінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуын, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк конгломераттарының және (немесе) сақтандыру топтарының қызметіндегі кемшіліктерді және (немесе) тәуекелдерді анықтаған жағдайда, әкімшілік іс жүргізуді қозғамастан, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды, оның ішінде құқық шектеу шараларын қолданады.
Тармақ 3
3. Бақылау және қадағалау органы бақылауды және қадағалауды осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес тексеру жүргізу нысандары мен өзге нысандарда жүзеге асырады.
Бап 15-2. 15-2-бап. Тексеру түрлері
15-2-бап. Тексеру түрлері
Тармақ 1
1. Бақылау және қадағалау органы құзыреті шегінде дербес не басқа мемлекеттік органдарды және (немесе) ұйымдарды тарта отырып, тексерілетін субъектілердің қызметіне тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулерді, жоспардан тыс және құжаттамалық тексерулерді кешенді түрде не олардың қызметінің жекелеген мәселелері бойынша ішінара жүргізеді.
Тексерілетін субъектілердің қызметін тексеруді жүргізу кезінде бақылау және қадағалау органы тексерілетін субъектілердің үлестес тұлғаларының қызметін олардың тексерілетін субъектілердің қызметіне әсер ету дәрежесі мен сипатын айқындау мақсатында ғана тексеруге құқылы.
Осы тармақтың талаптары қаржы ұйымының ірі қатысушылары, банк холдингтері, сақтандыру холдингтері, қаржы ұйымының ірі қатысушысының немесе банк холдингінің немесе сақтандыру холдингінің белгілері бар тұлғалар болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне мынадай шарттардың бірі орындалған кезде:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің «А» рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ заңды тұлға – қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі, қаржы ұйымының ірі қатысушысының немесе банк холдингінің немесе сақтандыру холдингінің белгілері бар тұлға резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан Қазақстан Республикасының аталған бейрезидент тұлғалары шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растау болғанда;
уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі болғанда қолданылмайды. Рейтингтік агенттіктердің ең төмен рейтингі мен тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының қызметін тексеруді жүргізген кезде уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері резиденті болып табылатын шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің қызметі туралы ақпарат алуға құқылы.
Тармақ 2
2. Құзыреті шегінде бақылау және қадағалау органы тексерілетін субъектіге барып жүзеге асыратын және тексерілетін субъектіге қатысты тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тағайындалатын тексеру тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру болып табылады.
Субъектіні тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеруді құзыреті шегінде бақылау және қадағалау органы жылына бір реттен жиілетпей жүзеге асырады.
Тексерілуге жататын субъектілердің тізбесін құзыреті шегінде бақылау және қадағалау органы тексерілетін субъектілердің қызметіне байланысты тәуекелдерді бағалауды ескере отырып, жартыжылдық негізде жасайды.
Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерілуге жататын субъектілердің тізбесін құзыреті шегінде бақылау және қадағалау органының басшысы не өзге де уәкілетті лауазымды адамдар бақылау және қадағалау органы басшысының тиісті бұйрығының негізінде бекітеді.
Тармақ 3
3. Жоспардан тыс тексеруді құзыреті шегінде бақылау және қадағалау органы тексерілетін субъектіге бара отырып, мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілетін, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің және мемлекеттік органдардың сұрау салуларының келіп түсуіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы өзге де ақпараттың келіп түсуіне байланысты;
Тармақша 2
2) бақылау және қадағалау функцияларын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар не қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, банк конгломератының, сақтандыру тобының тұрақты жұмыс істеуіне және (немесе) олардың клиенттерінің мүдделеріне қатер төндіретін жағдайдың жасалуына алып келуі мүмкін кемшіліктер және (немесе) тәуекелдер анықталған жағдайда;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне, оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төнген кезде;
Тармақша 4
4) алдыңғы тексеруде анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың жойылуын бақылау мақсатында;
Тармақша 5
5) банкке күшейтілген қадағалау режимін, қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимін, реттеу режимін қолдану туралы шешім қабылданған жағдайда, сондай-ақ банктік қызмет қабілеттілігіне бағалау жүргізу үшін;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына күшейтілген қадағалау режимін, қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимін қолдану туралы шешім қабылданған жағдайда жүзеге асырады.
Жоспардан тыс тексеру бір мезгілде бірнеше субъектінің Қазақстан Республикасы заңнамасының жекелеген талаптарын сақтауы мәселелері бойынша олардың қызметін қамтуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Құжаттамалық тексеруді құзыреті шегінде бақылау және қадағалау органы әкімшілік деректерді талдау процесінде не бақылау және қадағалау органының құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке, заңды тұлғалар мен мемлекеттік органдардың өтініштері және Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын тексеруді талап ететін өзге де ақпараттың келіп түсуіне байланысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылық белгілері анықталған кезде тексерілетін субъектіге бармастан құжаттар мен ақпаратқа сұрау салу нысанында жүзеге асырады.
Бап 15-3. 15-3-бап. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеруді, жоспардан
тыс тексеруді ұйымдастыру мен жүргізудің жалпы тәртібі
15-3-бап. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеруді, жоспардан
тыс тексеруді ұйымдастыру мен жүргізудің жалпы тәртібі
Тармақ 1
1. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеруді және жоспардан тыс тексеруді бақылау және қадағалау органы құзыреті шегінде бақылау және қадағалау органы басшысының орынбасары, бақылау және қадағалау органы аумақтық бөлімшелерінің басшылары не өзге де уәкілетті лауазымды адамдар тиісті бұйрық негізінде бекіткен тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүргізеді.
Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру немесе жоспардан тыс тексеру тағайындалған жағдайларда тексеруді тағайындау туралы актілер тексеруді тағайындау туралы актілерді тіркеу журналында тіркеледі. Бақылау және қадағалау органдарының бөлімшелері құзыреті шегінде тексеруді тағайындау туралы актілерді тіркеудің жеке журналдарын жүргізеді.
Бақылау және қадағалау органы құзыреті шегінде тексеруді тағайындау туралы актіні тексеру басталғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркейді.
Тексеруді тағайындау туралы актіде:
Тармақша 1
1) актінің нөмірі мен күні;
Тармақша 2
2) тексеруші жұмыскерлердің, сондай-ақ тексеруге басшылық ету жүктелген адамдардың тегі, аты-жөні және лауазымы;
Тармақша 3
3) өзіне қатысты тексеру жүргізу тағайындалған тексерілетін субъектінің атауы, оның орналасқан жері;
Тармақша 4
4) тексерудің түрі;
Тармақша 5
5) тексеруге жататын мәселелер;
Тармақша 6
6) тексеруді жүргізу мерзімі;
Тармақша 7
7) тексерілетін кезең көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Тексерілетін субъектінің басшысына (оның орынбасарына) тексеруді тағайындау туралы актінің көшірмесі табыс етілген күн тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі. Тексерілетін субъектіге тексеруді тағайындау туралы актінің көшірмесі табыс етілгеннен кейін оның түпнұсқасына тексеруді тағайындау туралы актіні алғаны және онымен танысқаны туралы белгі қойылады.
Тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартылған немесе бақылау және қадағалау органының тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдарының тексеру жүргізу үшін қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірілген жағдайда, тиісті акт жасалады, оған бақылау және қадағалау органының тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамы қол қояды. Тексерілетін субъектінің қызметкері тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартқан кезде оған тиісті жазба жасалады. Тексеруді тағайындау туралы актіні алудан бас тарту тексеруді жүргізбеуге негіз болып табылмайды. Тексерілетін субъект тексеруші топтың сұрау салуларында көрсетілген мерзімдерде құжаттарды, ақпаратты беруден бас тартқан, осы баптың шарттарын тексеруді белгіленген мерзімдерде жүргізу мүмкін болмауына алып келген орындамау жағдайларында, сондай-ақ тексерілетін субъектінің тексеру материалдарына қосып тіркеу үшін барлық қажетті мәліметтерді, құжаттар мен ақпаратты, оның ішінде тексерілген құжаттардың көшірмелерін беруден бас тартуына байланысты тексеру материалдарын қалыптастыру мүмкін болмаған жағдайда, тексеруді тағайындау туралы актіні бекітуге уәкілеттік берілген лауазымды адаммен келісу бойынша тексеру басшысының шешімімен тексеру жүргізілмеді деп есептеледі.
Тексеруді тағайындау туралы актінің көшірмесі тексерілетін субъектінің жұмыскеріне не оның құрылтайшысына (құрылтайшыларының біріне) табыс етілген кезде тексерілетін субъект басшысының (оның орынбасарының) оны алғаны туралы белгісі бар тексеруді тағайындау туралы актінің көшірмесі тексеруді тағайындау туралы акт табыс етілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдарына ұсынылуға тиіс.
Тексеруді тағайындау туралы актінің көшірмесін тексерілетін субъектінің жұмыскеріне не оның құрылтайшысына (құрылтайшыларының біріне) табыс ету мүмкін болмаған жағдайда ол тексерілетін субъектінің және (немесе) оның басшысының (оның орынбасарының) тіркелген жері бойынша хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберіледі. Хат кері қайтарылған және тексеруді тағайындау туралы актіні оны жүргізу үшін белгіленген мерзімдерде табыс ету мүмкін болмаған кезде тексеру жүргізілмеді деп есептеледі. Бұл ретте тексеру басшысы бұл туралы тексеруді тағайындау туралы актіні бекітуге уәкілеттік берілген лауазымды адамды жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 3
3. Тексерілетін субъект тексеру басталғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірмей тексеру басшысының немесе бақылау және қадағалау органы тексеруші жұмыскерінің атына:
Тармақша 1
1) тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ тексерудің аяқталғаны туралы актімен, аралық актімен және (немесе) тексерудің нәтижелері туралы актімен танысуға және оларға қол қоюға жауапты басшы және оны алмастыратын адам;
Тармақша 2
2) тексерілетін субъектінің қажетті құжаттарды (мәліметтерді) дайындауға, оларды тексеруші жұмыскерлерге уақтылы беруге және (немесе) тексеруші жұмыскерлерден аралық актілерді алуға жауапты мамандары туралы деректерді қамтитын хатты ұсынады.
Тармақ 4
4. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімі отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс. Тексеру көлемінің елеулі болуына байланысты тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімі бақылау және қадағалау органы басшысының орынбасары, бақылау және қадағалау органы аумақтық бөлімшелерінің басшылары не өзге де уәкілетті лауазымды адамдар тиісті бұйрық негізінде бекіткен тексеруді ұзарту туралы қосымша акті негізінде – отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана, ал депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына не төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызылған банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қатысты отыз жұмыс күнінен асатын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Тармақ 5
5. Тексерілетін субъект тексеруші жұмыскерлерге өзінің әкімшілік ғимараттарына (оның ішінде мереке және демалыс күндері) кіруге рұқсат беруге, жұмыс істеу үшін ұйымдастыру техникасымен және қалааралық байланыспен жабдықталған жеке үй-жай беруге, тексерілетін субъектінің қызметіне қатысты ақпаратқа, оның ішінде автоматтандырылған жүйелер мен дерекқорға деректерді түзету мүмкіндігінсіз нақты уақыт режимінде (деректерді қағаз жеткізгішке шығару мүмкіндігімен қарау режимінде) қол жеткізуді қамтамасыз етуге, тексеруші жұмыскерлерге қажетті құжаттардың көшірмелерін, оның ішінде электрондық түрде түсіріп алуға мүмкіндік беруге, сондай-ақ тексеруші жұмыскерлердің сұрақтарына түсініктемелер (ауызша және жазбаша) беруді қамтамасыз етуге және тексеруші жұмыскерлерге тексеруді уақтылы аяқтауға жәрдем көрсетуге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің жұмыс істеу үшін ұйымдастыру техникасымен және қалааралық байланыспен жабдықталған жеке үй-жай беру міндеті бөлігіндегі талаптары шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тексерілетін субъектілерге қолданылмайды.
Тармақ 6
6. Тексеруші жұмыскерлер тексерілетін субъектінің басшысына, тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге жауапты басшыға не тексерілетін субъектінің өзге де уәкілетті жұмыскеріне көрсетілген мерзімдерде орындауға жататын жазбаша сұрау салулар жібереді.
Тексерілетін субъект тексеруші қызметкерлерден сұрау салуды алған күні не сұрау салуда белгіленген мерзімдерде барлық мәліметтерді, ақпарат пен құжаттарды, оның ішінде олардың көшірмелерін тексеру үшін және тексеру материалдарына қосып тіркеу үшін беруге міндетті.
Тармақ 7
7. Тексеруші жұмыскер ауыстырылған (тексеруші топтың құрамы өзгертілген) кезде қосымша акт ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы бұрын жасалған актінің нөмірі мен күні және тексеруші жұмыскерді ауыстыру (тексеруші топтың құрамын өзгерту) негіздері көрсетіледі.
Тармақ 7-1
7-1. Тексеруші қызметкерлердің тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеруді, жоспардан тыс тексеруді жүргізу кезінде:
Тармақша 1
1) аудио-, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерудің, жоспардан тыс тексерудің нысанасына жататын, техникалық бақылау құралдарының, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарының, фото-, бейнеаппаратураның жазбаларын пайдалануға құқығы бар.
Тармақ 8
8. Тексерілетін субъектіге тексерудің аяқталғаны туралы акт табыс етілген күн тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерудің, жоспардан тыс тексерудің аяқталған күні деп есептеледі. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерудің, жоспардан тыс тексерудің аяқталғаны туралы актіге тексеру басшысы және оның тікелей басшысы қол қояды және ол тексерілетін субъектіге тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген тексеру жүргізу мерзімі аяқталуынан кешіктірмей табыс етіледі.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тексерулерді жүзеге асыруы кезеңінде уәкілетті ұйымның қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензияны ерікті түрде қайтару туралы өтініші бойынша осы тексеруді тоқтатуға жол берілмейді.
Бап 15-4. 15-4-бап. Құжаттық тексеруді жүргізу ерекшеліктері
15-4-бап. Құжаттық тексеруді жүргізу ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Құжаттық тексеру оны тағайындау туралы актіні ресімдеуді талап етпейді.
Тармақ 2
2. Құжаттық тексеру кезінде қосымша мән-жайларды анықтау мақсатында тексерілетін субъектінің атына уәкілетті лауазымды адам қол қойған сұрау салу жіберіледі, онда:
Тармақша 1
1) тексерілетін субъектінің атауы, оның орналасқан жері;
Тармақша 2
2) құжаттық тексерудің негізі;
Тармақша 3
3) тексерілетін субъект бақылау және қадағалау органына ұсынуға міндетті құжаттардың
және ақпараттың тізбесі;
Тармақша 4
4) сұратылып отырған материалдарды ұсыну мерзімі;
Тармақша 5
5) қажет болған кезде, тексерілетін субъект тарапынан түсініктер беру талап етілетін мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Егер сұрау салуда өзгеше белгіленбесе, тексерілетін субъект сұратылған құжаттарды, ақпаратты және түсініктерді сұрау салуды алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей
береді.
Тармақ 4
4. Тексерілетін субъект тарапынан қол қоюды талап етпейтін құжаттық тексерудің нәтижелері туралы қорытындыға уәкілетті лауазымды адам қол қойған күн оның аяқталуы болып табылады.
Құжаттық тексеру жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, уәкілетті лауазымды адамның құжаттық тексеруді жүргізудің мүмкін еместігі туралы шешімге қол қойған күні құжаттық тексеруді тоқтату болып табылады.
Бап 15-5. 15-5-бап. Тексерулердің өзге де мәселелері
15-5-бап. Тексерулердің өзге де мәселелері
Тармақ 1
1. Бақылау және қадағалау органының тексеруші жұмыскерлері қажет болған кезде аралық актілер жасайды, олар тексерілетін субъектіге танысу үшін ұсынылады.
Тармақ 2
2. Тексерілетін субъект аралық актіні алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде басшы (оның орынбасары) не тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге жауапты басшы қол қойған аралық актінің бір данасын қайтарады және аралық актінің мазмұнына ескертпелері болған жағдайда тексеру басшысына өзінің жазбаша қарсылықтарын ұсынады.
Аралық актілерде жазылған қорытындылар алдын ала қорытындылар болып табылады және тексерілетін субъектіден, оның ішінде үшінші тұлғалардан алынған қарсылықтар мен қосымша ақпарат ескеріле отырып, тексеру нәтижелері туралы актіде қайта қаралуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру аяқталған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде тексерілетін субъект басшысының атына бақылау және қадағалау органының тексеруші жұмыскерлері, тексеру басшысы және оның тікелей басшысы қол қойған тексеру нәтижелері туралы актінің екі данасы жіберіледі.
Тексеру нәтижелері туралы актіде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
Тармақша 1
1) актінің жасалған күні мен орны;
Тармақша 2
2) тексеруді жүргізген органның атауы;
Тармақша 3
3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;
Тармақша 4
4) тексеруді жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты-жөні және лауазымы;
Тармақша 5
5) тексерілетін субъектінің атауы, оның орналасқан жері,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (болған кезде), тексерілетін субъект басшысының не оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде);
Тармақша 6
6) тексеруді жүргізу орны және кезеңі;
Тармақша 7
7) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы мәліметтер;
Тармақша 8
8) тексерілетін субъект басшысының (оның орынбасарының) не тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге жауапты басшысының не осы баптың
7-тармағында аталған өзге де адамның тексеру нәтижелері туралы актімен танысқаны туралы мәліметтер;
Тармақша 9
9) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы.
Тексеру нәтижелері туралы актіге тексеру нәтижелерімен байланысты қажетті құжаттар, мәліметтер немесе олардың көшірмелері қоса берілуі мүмкін.
Тармақ 4
4. Тексерілетін субъектінің басшысы (оның орынбасары) не тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге жауапты басшысы тексеру нәтижелері туралы актінің бірінші данасын қабылдайды, актінің екінші данасының әрбір парағына қол қояды, оның соңғы парағына лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (болған кезде) көрсете отырып, алған күні туралы белгі қояды және тексеру нәтижелері туралы актіні алғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірмей оны бақылау және қадағалау органына жібереді. Тексерілетін субъект тексеру нәтижелері туралы актіде жазылған тексеру нәтижелерін тексерілетін субъектінің атқарушы және басқа да басқарушы органдарының назарына жеткізеді.
Тармақ 5
5. Тексеру нәтижелері бойынша қарсылықтары болған кезде оларды тексерілетін субъект тексеру нәтижелері туралы актіні алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бақылау және қадағалау органына жазбаша түрде ұсынады.
Тармақ 6
6. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіде жазылған, тексерілетін субъектіні тексеру нәтижелері, қажет болған кезде, тексерілетін субъектінің басшылары шақырыла отырып, бақылау және қадағалау органы басшысының (оның орынбасарларының), бақылау және қадағалау органы бөлімшелері басшыларының, тексеруге басшылық ету жүктелген адамдардың төрағалық етуімен өтетін кеңесте қаралады.
Кеңес нәтижелері кеңес төрағасы қол қойған хаттамамен ресімделеді және қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тексерілетін субъектінің басшысына танысуға жіберіледі. Қарсылықтары болған жағдайда тексерілетін субъект кеңес хаттамасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды жазбаша түрде бақылау және қадағалау органына ұсынады.
Бақылау және қадағалау органы тексерілетін субъектінің кеңес хаттамасына қарсылықтарымен келіспеген кезде түпкілікті шешімді бақылау және қадағалау органының басшысы не оның орынбасары қабылдайды және ол тексерілетін субъект басшысының назарына жеткізіледі.
Тармақ 7
7. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіге тексерілетін субъект тарапынан басшы, оның орынбасары не тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге жауапты басшы қол қояды.
Тексерілетін субъектінің басшысы, оның орынбасары не тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге жауапты басшысы болмаған кезде тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіге тексерілетін субъект тарапынан оның құрылтайшысы (құрылтайшыларының бірі) не тексерілетін субъектінің атынан, оның ішінде тиісті бұйрық және (немесе) сенімхат негізінде әрекет ететін өзге де жұмыскер қол қоюы мүмкін.
Тармақ 8
8. Осы баптың 7-тармағында аталған адамдар болмаған және оларға тексеру нәтижелері туралы актіні қол қою үшін табыс ету мүмкін болмаған жағдайларда, тексеруші адамдар тексеру нәтижелері туралы актіге қол қойған күннен бастап тексеру нәтижелері туралы акт ресімделді деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Тексеру нәтижелері бақылау және қадағалау органының құзыреті шегінде өз функцияларын орындауы мақсатында ғана пайдаланылуға тиіс.
Тармақ 10
10. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіні тексерілетін субъект жарнамалық немесе өзге де мақсаттарда өзінің қаржылық дәрменділігін растау үшін пайдалана алмайды, сондай-ақ бұл Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау органының келісімінсіз үшінші тұлғаларға берілмейді.
Тармақ 11
11. Тексерілетін субъект бақылау және қадағалау органына ұсынған қаржылық және өзге де есептіліктің құжаттық деректері тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіде келтірілген мәліметтерден алшақ болған кезде тексерілетін субъект өзінің есептілігін тексеру нәтижелері туралы актіде көрсетілген нақты деректерге, оның ішінде алдыңғы есепті күндерге сәйкес келтіреді.
Тармақ 12
12. Тексерілетін субъект бақылау және қадағалау органы белгілеген мерзімде жоспарланған шаралар, жауапты орындаушылар және тексеру кезінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мерзімдері көрсетілген іс-шаралар жоспарын келісуге ұсынады.
Іс-шаралар жоспарын бақылау және қадағалау органымен келіскеннен кейін тексерілетін субъект бұзушылықтар мен кемшіліктердің жойылғаны туралы есептерді не іс-шаралар жоспары бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындамау себептері туралы түсіндірулерін ұсынады.
Тармақ 13
13. Тексерілетін субъектінің осы Заңның 15-3-бабы 2-тармағының төртінші бөлігінде, 3, 5 және 6-тармақтарында, 15-4-бабының 3-тармағында, сондай-ақ осы баптың 2, 4 және 12-тармақтарында көрсетілген талаптарды бұзуы тексерілетін субъектіге не оның басшысына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын және санкцияларды қолдану үшін негіз болып табылады.
Тармақ 14
14. Бақылау және қадағалау органының жұмыскерлеріне тексерілетін субъектінің қызметін тексеру барысында алынған мәліметтерді жария етуге не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.
Тармақ 15
15. Тексеруді жүзеге асыратын адамдар тексерілетін субъектінің қызметін тексеру барысында алынған және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Бап 15-6. 15-6-бап. Бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандары
15-6-бап. Бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандары
Тармақ 1
1. Уәкілетті орган бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына
сәйкес берілетін ақпарат пен есептілікті талдау;
Тармақша 2
2) қаржы ұйымдарына, олардың ірі қатысушыларына, банк және сақтандыру холдингтеріне, банк конгломератына және сақтандыру тобына кіретін ұйымдарға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қашықтықтан қадағалау, оның ішінде шоғырландырылған негізде қашықтықтан қадағалау;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген рұқсат беру құжаттарын келісу, беру және кері қайтарып алу, келісулер, лицензиялау, бағалы қағаздар шығарылымдарын тіркеу, бағалы қағаздарды орналастыру (өтеу) қорытындысы туралы есептерді бекіту, бағалы қағаздар шығарылымдарының күшін жою мәселелері бойынша құжаттарды, үлестес тұлғалар туралы ақпаратты қарау;
Тармақша 3-1
3-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша құжаттарды қарау;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалдарының қаржы өнімдерін бекіткені туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібін, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесін, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың микрокредиттер беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді бекіткені туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібін, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесін реттейтін нормативтік құқықтық актілерде көзделген құжаттарды қарау;
Тармақша 5
5) кредиттік тарих жүйесіне және сақтандыру жөніндегі дерекқорға қатысушылардың қауіпсіздік жүйесін және үй-жайларына, электрондық және өзге де жабдықтарына қойылатын талаптарды орындауын қарап-тексеру;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен қаржы ұйымдарына, Қазақстан Республикасы
бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына өз өкілін жіберу;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар және бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтау тұрғысынан эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мониторингі;
Тармақша 8
8) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшіліктері (уақытша әкімшілері), тарату комиссиялары және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының тарату комиссиялары ұсынатын есептілік пен өзге де ақпаратты қарау;
Тармақша 9
9) мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып, тарату комиссияларының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссияларының төрағасы мен мүшелерін тағайындау және босату;
Тармақша 10
10) мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының аралық тарату балансын және кредиторлары талаптарының тізілімін, ерікті түрде немесе мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі ерікті түрде немесе мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының кредиторлар комитетінің құрамын бекіту;
Тармақша 11
11) мәжбүрлеп таратылатын банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы есепті және олардың тарату балансын келісу;
Тармақша 11-1
11-1) қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалын тарату туралы есепті бекіту;
Тармақша 12
12) тексерілетін субъектілердің қызметін бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша олардың кездесулері мен талқылауларын өткізу;
Тармақша 13
13) күшейтілген қадағалау режимін немесе қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру режимін қолдану туралы шешім қабылданған банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық және мүліктік жай-күйін бағалау (талдау), оның ішінде банкке барып және (немесе) көрсетілетін қызметіне банк қаражаты есебінен ақы төленетін (өтелетін) бағалаушыларды, аудиторлық ұйымдарды және (немесе) өзге де мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып бағалау (талдау);
Тармақша 13-1
13-1) банкке реттеу режимін қолдану немесе банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдау үшін банктің қызмет қабілеттілігін бағалау;
Тармақша 13-2
13-2) жүйелік маңызы бар банкті реттеу жоспарын, оның ішінде оны реттеуге мемлекеттік қатысу мәселесін қарау үшін жасау;
Тармақша 14
14) банктің уақытша әкімшілігінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) орындалған жұмыс туралы есебін бекіту;
Тармақша 15
15) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың пруденциялық нормативтерді, өзге де көрсеткіштер мен өлшемшарттарды (нормативтерді) сақтауын сипаттайтын көрсеткіштердің есеп-қисаптарын қарау;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан коллекторлық агенттіктердің қызметін талдау, сондай-ақ «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес коллекторлық агенттік ұсынған мәліметтерді, құжаттар мен аудио- және (немесе) бейнежазба материалдарын (болған кезде) талдау;
Тармақша 17
17) коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу;
Тармақша 18
18) қаржы ұйымдары жарнамасының мониторингі арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес берілетін ақпарат пен есептілікті талдау;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген рұқсат беру құжаттарын беру және кері қайтарып алу, лицензиялау мәселелері бойынша құжаттарды қарау;
Тармақша 3
3) уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін қарап-тексеру;
Тармақша 3-1
3-1) банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын
заңды тұлғалардың
үй-жайларын біліктілік талаптарына сәйкестігіне қарап-тексеру;
Тармақша 4
4) валюталық бақылау агенттеріне валюталық бақылауды тиісінше жүзеге асыру мақсатында олардың орындауы үшін міндетті тапсырмалар беру;
Тармақша 5
5) тексерілетін субъектілердің қызметін бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша олардың кездесулері мен талқылауларын өткізу;
Тармақша 6
6) төлем жүйелерінің жұмыс істеуін, сондай-ақ көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер көрсететін қызметтерді талдау және бағалау;
Тармақша 7
7) жүйелік маңызы бар төлем жүйелерін байқауды жүзеге асыру шеңберінде жүйелік маңызы бар төлем жүйелеріне қатысушылардың төлем жүйелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін ұйымдастыру шаралары мен бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарға сәйкестігін қарап-тексеру;
Тармақша 8
8) төлем жүйелерінің, төлем ұйымдарының, көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізілімдерін жүргізу арқылы жүзеге асырады.
Бап 15-7. 15-7-бап. Қашықтықтан қадағалау
15-7-бап. Қашықтықтан қадағалау
Тармақ 1
1. Қашықтықтан қадағалау бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарының бірі болып табылады және оны уәкілетті орган өз құзыреті шегінде қаржы ұйымдарына, олардың ірі қатысушыларына, банк және сақтандыру холдингтеріне, банк конгломератына және сақтандыру тобына кіретін ұйымдарға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға (бұдан әрі – қашықтықтан қадағалау субъектілері) қатысты жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қашықтықтан қадағалауды уәкілетті орган қашықтықтан қадағалау субъектілерінің қызметін талдау және қашықтықтан қадағалау субъектілерінің органдарымен өзара іс-қимыл жасау арқылы тұрақты негізде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының банк заңнамасы, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі, әлеуметтік қорғау, бағалы қағаздар нарығы, микроқаржылық қызмет, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, пошта, Қазақстан Даму Банкі,
өзін-өзі реттеу, коллекторлық қызмет, инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау және қадағалау;
Тармақша 2
2) қаржы ұйымдарының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау, орын алған және ықтимал тәуекелдерді, олардың қашықтықтан қадағалау субъектілерінің орнықты қызметіне ықпал ету дәрежесін анықтау және бағалау мақсатында жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Қашықтықтан қадағалау субъектілерінің қызметін талдауды уәкілетті орган қашықтықтан қадағалау субъектілері ұсынатын есептілік және басқа да ақпарат, оның ішінде ведомствоаралық және халықаралық ынтымақтастық шеңберінде алынған ақпарат негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Қашықтықтан қадағалауды жүргізу шеңберінде уәкілетті орган қашықтықтан қадағалау субъектілерінен және олардың лауазымды адамдарынан мәліметтер мен құжаттарды, оның ішінде қашықтықтан қадағалау субъектілерінің қаржылық есептілігі мен органдары отырыстарының (сырттай өткізілгендерді қоса алғанда) материалдарын жазбаша нысанда сұратуға құқылы.
Қашықтықтан қадағалау субъектілері уәкілетті органның сұрау салуында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде ұсынуға міндетті.
Бап 15-8. 15-8-бап. Бақылау және қадағалау шеңберіндегі тәуекелге
бағдарланған тәсіл
15-8-бап. Бақылау және қадағалау шеңберіндегі тәуекелге
бағдарланған тәсіл
Тармақ 1
1. Уәкілетті орган банктердің, банк конгломераттарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру топтарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін бақылау және қадағалау шеңберінде тәуекелге бағдарланған тәсілді қолданады.
Тәуекелге бағдарланған тәсілдің негізгі міндеттері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету және олардың қызметіндегі тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу үшін ерте араласу және қадағалау әрекеттерін уақтылы қабылдау мақсатында олардың қызметіндегі тәуекелдер мен кемшіліктерді анықтау және болғызбау болып табылады.
Тәуекелге бағдарланған тәсіл, оның ішінде бизнес-модельді, корпоративтік басқаруды, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимылды, тәуекелдерді жабуға арналған капитал мен өтімділік деңгейін талдау мен бағалауды, меншікті капитал мен өтімділіктің қажетті деңгейін айқындаудың ішкі рәсімдерін бағалауды, сондай-ақ осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар қызметінің сипаты мен ауқымын ескере отырып талдау мен бағалауды қоса алғанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың қызметін сандық және сапалық талдау, олардың тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін талдау негізінде қалыптастырылатын уәжді пайымдауға негізделеді.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың қызметін бақылау және қадағалау шеңберіндегі тәуекелге бағдарланған тәсіл пропорционалдық қағидатын ескереді, бұл:
олардың қызметінің мөлшерін, маңыздылығын, сипатын, ауқымы мен күрделілігін есепке алуды;
олардың қаржы нарығындағы маңыздылығына сәйкес санатқа бөлуді;
бақылау мен қадағалаудың жиілігін, тереңдігі мен қарқындылығын айқындауды көздейді.
Тармақ 3
3. Тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша уәкілетті орган осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың назарына анықталған тәуекелдер мен кемшіліктерді жеткізеді және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қадағалап ден қою шараларын және (немесе) санкцияларды қолданады.
Тармақ 4
4. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың қызметін бақылау және қадағалау шеңберіндегі тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдану тәртібі уәкілетті органның құқықтық актісінде айқындалады, құпия ақпарат болып табылады және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатпайды.
Бап 15-9. 15-9-бап. Өкілдің міндеті, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15-9-бап. Өкілдің міндеті, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Бақылау мен
қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында уәкілетті орган банктерге, банк
холдингтеріне, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге
асыратын ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру
холдингтеріне, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға
(сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға
кепілдік беретін ұйымға уәкілетті орган өзінің қызметкерлері
арасынан тағайындайтын өз өкілін жібереді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымдардағы өкілдердің санын уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 2
2. Өкіл өз қызметінде осы Заңды, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Уәкілетті орган осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымдардағы өз өкілін кез келген кезде ауыстыруға құқылы.
Тармақ 4
4. Өкілдің негізгі міндеті уәкілетті органның бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 5
5. Өкіл өзіне жүктелген міндетті іске асыру мақсатында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) өзі өкіл болып табылатын ұйымның қаржылық жай-күйін талдайды;
Тармақша 2
2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің, сұрау салуларының, нұсқамаларының, талаптарының сақталуын бақылайды;
Тармақша 3
3) өзі өкіл болып табылатын ұйымда тексеру жүргізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 4
4) өзі өкіл болып табылатын ұйым басқармасының, директорлар кеңесінің, тұрақты не уақытша жұмыс істейтін комиссияларының (комитеттерінің, жұмыс топтарының) отырыстарына байқаушы ретінде қатысады;
Тармақша 5
5) өзі өкіл болып табылатын ұйым акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысына акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру және пікірін білдіру құқығынсыз байқаушы ретінде қатысады.
Тармақ 6
6. Өкілдің:
Тармақша 1
1) өзіне жүктелген функцияларды орындау мақсатында өзі өкіл болып табылатын ұйымнан және (немесе) оның лауазымды адамдарынан мәліметтер мен құжаттарды, оның ішінде қаржылық есептілік пен органдары отырыстарының (сырттай өткізілгендерді қоса алғанда) материалдарын ауызша және жазбаша нысанда сұратуға;
Тармақша 2
2) автоматтандырылған жүйелер мен дерекқорға деректерді түзету мүмкіндігінсіз (қарау режимінде) қол жеткізуге құқығы бар.
Тармақ 7
7. Өкіл:
Тармақша 1
1) өзі өкіл болып табылатын ұйымның өзі сұратқан мәліметтер мен құжаттарды ұсынбауы немесе уақтылы ұсынбауы, уәкілетті орган өкілінің өз функцияларын орындауына кедергі келтіру, осы ұйым тарапынан параға сатып алу, қорқыту немесе оған өзге де құқыққа сыйымсыз ықпал ету фактілері туралы уәкілетті органға хабар беруге;
Тармақша 2
2) уәкілетті органның осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымға өз өкілін жіберу туралы шешімінде көрсетілген мәселелер жөнінде уәкілетті органның тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды орындауға міндетті.
Тармақ 8
8. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымдар:
Тармақша 1
1) өкілге өз функцияларын орындауда жәрдем көрсетуге;
Тармақша 2
2) өкілге осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымдардың лауазымды адамдары мен жұмыскерлерінің ақпаратты толық және уақтылы беру мүмкіндігін және барлық ақпарат көздеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) өкілден сұрау салуды алған күні не сұрау салуда белгіленген және олармен келісілген мерзімдерде барлық қажетті мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға;
Тармақша 4
4) өздерінің қызметіне қатысты ақпаратқа, оның ішінде автоматтандырылған жүйелер мен дерекқорға деректерді түзету мүмкіндігінсіз (қарау режимінде) қол жеткізуді қамтамасыз етуге;
Тармақша 5
5) өкілді өзіне жүктелген функцияларды орындауы үшін қажетті құжаттардың көшірмелерімен қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 9
9. Өкіл өзі бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында алған, қызметтік, коммерциялық, банктік құпияны, зейнетақы жинақтарының, сақтандырудың құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, оның ішінде уәкілетті органда жұмысын тоқтатқаннан кейін де жауапты болады.
Өкіл уәкілетті органда жұмысын тоқтатқаннан кейін бір жыл ішінде өзі өкіл болып табылған ұйымға жұмысқа қабылдана алмайды.
Өкіл өзі өкіл болып табылатын немесе болып табылған ұйым органдарының отырыстары барысында қабылданатын (қабылданған) нәтижелер мен шешімдер үшін жауапты болмайды.
Тармақ 10
10. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасы
бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына қолданылады.
Бап 15-10. 15-10-бап. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар
эмитенттерінің мониторингі
15-10-бап. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар
эмитенттерінің мониторингі
Тармақ 1
1. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мониторингін уәкілетті орган олардың Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын сақтауы нысанасына:
Тармақша 1
1) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру немесе өтеу қорытындысы туралы есепті және акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту кезінде;
Тармақша 2
2) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің өз қызметі туралы ақпаратты ашуы бойынша жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мониторингін уәкілетті орган мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттері ұсынатын ақпарат және өзге де ақпарат, оның ішінде ведомствоаралық және халықаралық ынтымақтастық шеңберінде алынған ақпарат негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мониторингін жүргізу шеңберінде уәкілетті орган мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінен және олардың лауазымды адамдарынан мәліметтер мен құжаттарды, оның ішінде мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілігін және органдары отырыстарының (сырттай өткізілгендерді қоса алғанда) материалдарын жазбаша нысанда сұратуға құқылы.
Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттері уәкілетті орган сұратып отырған мәліметтер мен құжаттарды ол белгілеген мерзімдерде ұсынуға міндетті.
Тарау 2-2. 2-2-тарау. Уәкілетті органның жұмыскерлері
2-2-тарау. Уәкілетті органның жұмыскерлері
Бап 15-11. 15-11-бап. Уәкілетті орган жұмыскерлері лауазымдарының құрамы
15-11-бап. Уәкілетті орган жұмыскерлері лауазымдарының құрамы
Мемлекеттік әкімшілік және азаматтық қызметшілерге жатпайтын, уәкілетті органда лауазым атқаратын адамдар уәкілетті органның жұмыскерлері болып табылады.
Уәкілетті орган жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу уәкілетті орган жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесінің негізінде жүргізіледі.
Уәкілетті органның жұмыскерлері лауазымдарының құрамына:
Тармақша 1
1) мемлекеттік саяси қызметшілердің;
Тармақша 2
2) уәкілетті орган қызметшілерінің;
Тармақша 3
3) уәкілетті органның техникалық қызметшілерінің лауазымдары кіреді.
Саяси мемлекеттік қызметшілерге осы Заңда көзделген ерекшеліктермен бірге «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылады.
Мемлекеттік қызметшілерге жатпайтын, уәкілетті органда мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адамдар уәкілетті органның қызметшілері болып табылады.
Уәкілетті органның қызметшісі лауазымына орналасу міндетті арнаулы тексерудің оң нәтижелері алынғаннан кейін жүзеге асырылады.
Міндетті арнаулы тексерудің оң нәтижелерін алмаған адам уәкілетті органның қызметшісі лауазымына тағайындала алмайды.
Лауазымдық өкілеттіктер деп уәкілетті органның алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге сай келетін уәкілетті орган қызметшілерінің нақты мемлекеттік лауазымында көзделген құқықтар мен міндеттер түсініледі.
Уәкілетті орган қызметшілері лауазымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Азаматтық қызметшілерге жатпайтын, уәкілетті органға қызмет көрсету және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі еңбек міндеттерін орындайтын адамдар уәкілетті органның техникалық қызметшілері болып табылады.
Техникалық қызметшілер лауазымдарының тізбесін уәкілетті органның Төрағасы бекітеді.
Уәкілетті орган жұмыскерлерінің еңбегі осы Заңда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде және уәкілетті органның актілерінде белгіленген ерекшеліктермен бірге Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.
Бап 15-12. 15-12-бап. Уәкілетті органның қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату
15-12-бап. Уәкілетті органның қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату
Уәкілетті органның қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату мынадай негіздер бойынша жүргізіледі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген;
Тармақша 2
2) олардың уәкілетті органда болу мерзімін жыл сайын ұзарту құқығымен, Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толу;
Тармақша 3
3) міндетті арнаулы тексерудің теріс нәтижелері;
Тармақша 4
4) олардың кірістері мен мүлкі туралы көрінеу жалған мәліметтер ұсыну;
Тармақша 5
5) осы Заңда және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндеттер мен шектеулерді сақтамау;
Тармақша 6
6) инвестициялық қорлардың тиесілі пайларын, коммерциялық ұйымдардың облигациялары мен акцияларын сенімгерлік басқаруға бермеу;
Тармақша 7
7) уәкілетті органға кірген кезде жұмысқа қабылдаудан бас тартуға негіз болуы мүмкін көрінеу жалған құжаттарды немесе мәліметтерді ұсыну;
Тармақша 8
8) аттестаттаудың теріс нәтижелері;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер.
Уәкілетті орган жұмыскерлерінің санын немесе штатын қысқарту негізі бойынша еңбек шарты бұзылған кезде уәкілетті органның қысқаратын лауазымды атқаратын қызметшісіне кемінде үш жыл жұмыс өтілі болған кезде төрт орташа айлық жалақы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді.
Бап 15-13. 15-13-бап. Уәкілетті орган қызметшілерінің құқықтары мен міндеттері
15-13-бап. Уәкілетті орган қызметшілерінің құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Уәкілетті орган қызметшілерінің:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Конституциясымен және Еңбек кодексімен Қазақстан Республикасының азаматтарына кепілдік берілетін құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
Тармақша 2
2) өз өкілеттіктері шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатысуға, тиісті органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;
Тармақша 3
3) лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен алуға;
Тармақша 4
4) лауазымдық міндеттерін орындау үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ұйымдарға баруға;
Тармақша 5
5) басшыдан уәкілетті орган қызметшілерінің атқаратын лауазымына сәйкес лауазымдық өкілеттік міндеттері мен көлемін дәл айқындауды талап етуге;
Тармақша 6
6) жеке басының қадір-қасиетінің құрметтелуіне, басшылар, өзге де жеке тұлғалар және лауазымды адамдар тарапынан өзіне әділ және құрметпен қарауына;
Тармақша 7
7) оқуға және біліктілігін арттыруға;
Тармақша 8
8) өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне қатысты материалдармен кедергісіз танысуға және қажет болған кезде жеке түсініктемелер беруге;
Тармақша 9
9) біліктілігі, қабілеті, өзінің лауазымдық өкілеттіктерін адал орындауы ескеріле отырып, лауазымы бойынша жоғарылауға;
Тармақша 10
10) қызметшінің пікірінше негізсіз айыптаулар болған кезде қызметтік тергеп-тексеруді талап етуге;
Тармақша 11
11) педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметпен айналысуға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Уәкілетті органның қызметшілері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға;
Тармақша 2
2) уәкілетті органның актісінде айқындалған тәртіппен ант беруге;
Тармақша 3
3) жеке және заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға, олар бойынша қажетті шаралар қолдануға;
Тармақша 4
4) өздеріне берілген құқықтар шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыруға;
Тармақша 5
5) өз өкілеттіктері шегінде шығарған басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешімдері мен нұсқауларын орындауға;
Тармақша 6
6) лауазымдық міндеттерін орындау кезінде алатын, жеке тұлғалардың жеке өмірін, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді құпия сақтауға және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан осындай ақпарат беруді талап етпеуге;
Тармақша 7
7) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 8
8) өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылықтың назарына немесе құқық қорғау органдарына дереу жеткізуге;
Тармақша 9
9) лауазымдық өкілеттіктерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіптік деңгейі мен біліктілігін арттыруға;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, автоматтандырылған ақпараттық кіші жүйелермен (оларға қолжетімділік болғанда) жұмыс істеген кезде алынған ақпаратты қоса алғанда, өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындау кезінде кез келген жеткізгіш түрінде қабылдау үшін кез келген қолжетімді нысанда алынған қызметтік, коммерциялық, банктік құпияны, сақтандыру, зейнетақы жинақтарының құпиясын және заңмен қорғалатын өзге де құпияны, сондай-ақ басқа да ақпаратты үшінші тұлғаларға жария етпеуге;
Тармақша 11
11) уәкілетті орган қызметшісі лауазымына орналасқан күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өздеріне тиесілі инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын сенімгерлік басқаруға беруге және уәкілетті органның кадр қызметіне сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.
Тармақ 3
3. Уәкілетті органның қызметшілері инвестициялық қорлардың пайларын, коммерциялық ұйымдардың облигациялары мен акцияларын сатып алуға құқылы емес.
Тармақ 3-1
3-1. Егер уәкілетті
органның лауазымды адамы уәкілетті органда өзінің лауазымдық өкілеттіктерін
орындау кезеңінде жұмысын тоқтатудың алдындағы бір жылда аталған адам өзінің
лауазымдық өкілеттіктеріне байланысты осы коммерциялық ұйымды тексеру
нысанындағы бақылау функцияларын тікелей жүзеге асырса не осы коммерциялық
ұйымның қызметі оның лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес уәкілетті органның
көрсетілген лауазымды адамымен тікелей байланысты болса, уәкілетті органда
жұмысы тоқтатылғаннан кейін бір жыл бойы коммерциялық ұйымға жұмысқа қабылдана алмайды.
Тармақ 4
4. Уәкілетті органның қызметшілері өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай тексерілетін субъектілердің қызметіне тексерулерді жүзеге асырған жағдайда, лауазымдық өкілеттіктерін нақты және бейтарап орындауына кедергі келтіруі мүмкін барлық мән-жайлар туралы, оның ішінде:
Тармақша 1
1) тексерілетін субъектілердің басшы қызметкерлері болып табылатын жақын туыстары (жекжаттары), жұбайлары;
Тармақша 2
2) тексерілетін субъектілерде жұмыс істейтін жақын туыстары немесе жұбайлары;
Тармақша 3
3) тексерілетін субъектілерден алған қарыз және тексерілетін субъектілер алдындағы өзге де мүліктік міндеттемелер туралы жоғары тұрған басшылыққа дереу хабарлауға міндетті.
Бап 15-14. 15-14-бап. Уәкілетті орган жұмыскерлерінің жауаптылығы
15-14-бап. Уәкілетті орган жұмыскерлерінің жауаптылығы
Тармақ 1
1. Уәкілетті органның қызметшілері мен техникалық қызметшілері жүктелген міндеттер мен еңбек тәртібін орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жауапты болады.
Тармақ 2
2. Тәртіптік жазаны:
Тармақша 1
1) уәкілетті органның тәртіптік жауаптылыққа тартылатын қызметшісін лауазымға тағайындауға және лауазымынан босатуға құқығы бар лауазымды адам қолданады;
Тармақша 2
2) дәл сол бір теріс қылық үшін қайталап қолдануға болмайды;
Тармақша 3
3) уәкілетті органның актісінде айқындалатын тәртіппен қолданады.
Тармақ 3
3. Уәкілетті органның тәртіптік теріс қылыққа жол берген қызметшілерін оларды лауазымға тағайындауға және лауазымынан босатуға құқығы бар лауазымды адам белгіленген тәртіппен жауаптылығы туралы мәселе шешілгенге дейін лауазымдық міндеттерін орындаудан уақытша шеттетуі мүмкін.
Тармақ 4
4. Уәкілетті органның қызметшілері мен техникалық қызметшілері тәртіптік жауаптылыққа тартылуға байланысты барлық материалдармен міндетті түрде таныстырылуға тиіс, оларға қызметтік тергеп-тексеру рәсіміне жеке өзінің қатысу құқығы беріледі.
Тармақ 5
5. Уәкілетті органның жауаптылыққа тартылатын қызметшілері мен техникалық қызметшілері уәкілетті органның әрекеттері мен шешімдеріне сотқа шағым жасай алады.
Тармақ 6
6. Уәкілетті органның қызметшілері мен техникалық қызметшілері қылмыстық және өзге де құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерде және тәртіппен тиісінше қылмыстық, әкімшілік, материалдық жауаптылықта болады.
Тармақ 7
7. Уәкілетті орган бұрынғы жұмыскерлері мен Басқарма мүшелерін қоса алғанда, өз жұмыскерлерінің, Басқарма мүшелерiнің және өзі тартқан тұлғалардың уәкілетті органға жүктелген функцияларды жүзеге асыру мақсатындағы, оның ішінде банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының уақытша әкімшіліктері және тарату комиссиялары мүшелерінің міндеттерін орындауы кезеңіндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдер қабылдауына байланысты оларға қарсы талап қоюлар берілген жағдайда, оларды құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді.
Бап 15-15. 15-15-бап. Уәкілетті орган жұмыскерлерінің демалыстары
15-15-бап. Уәкілетті орган жұмыскерлерінің демалыстары
Тармақ 1
1. Уәкілетті органның жұмыскерлеріне екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күн жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы беріледі.
Уәкілетті органның жұмыскерлеріне жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.
Тармақ 2
2. Уәкілетті орган жұмыскерлерінің қалауы бойынша жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстары оларға бөліп берілуі мүмкін. Бұл ретте жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының бір бөлігі демалыс ұзақтығының күнтізбелік екі аптасынан кем болмауға тиіс.
Тармақ 3
3. Уәкілетті органның жұмыскерлеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен, оның ішінде олар жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқыған жағдайда жалақысы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.
Бап 15-16. 15-16-бап. Уәкілетті органның жұмыскерлеріне іссапарлар кезіндегі
кепілдіктер мен өтемақылар
15-16-бап. Уәкілетті органның жұмыскерлеріне іссапарлар кезіндегі
кепілдіктер мен өтемақылар
Тармақ 1
1. Уәкілетті органның жұмыскерлеріне қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстары уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша айқындайтын тәртіппен өтеледі.
Тармақ 2
2. Іссапардың бүкіл уақыты бойында уәкілетті органның іссапарға жіберілген жұмыскерлерінің жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.
Бап 15-17. 15-17-бап. Уәкілетті органның қызметін тексеру
15-17-бап. Уәкілетті органның қызметін тексеру
Уәкілетті органның қызметін мемлекеттік органдардың тексеруі Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен немесе тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.
Тарау 2-3. 2-3-тарау. Банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы
2-3-тарау. Банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы
Бап 15-18. 15-18-бап. Банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы
15-18-бап. Банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы
Тармақ 1
1. Банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы (бұдан әрі – электрондық сауда алаңы):
1) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 1-тармағында көрсетілген, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымның мүлкіне;
2) «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағы 11-7) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген микроқаржы ұйымының мүлкіне;
Тармақша 3
3) банктік қарыз шарты бойынша құқықтарға (талаптарға);
Тармақша 4
4) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарға (талаптарға) қатысты сауда-саттық өткізу үшін инфрақұрылымды қамтамасыз ететін интернет-ресурс болып табылады.
Тармақ 2
2. Электрондық сауда алаңына қолжетімділікті және оның жұмыс істеуін электрондық сауда алаңының операторы (бұдан әрі – оператор) қамтамасыз етеді.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабында және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабында белгіленген шектеулер ескеріле отырып, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдар, микроқаржы ұйымдары, сондай-ақ өзге де тұлғалар электрондық сауда алаңында өткізілетін сауда-саттыққа қатысушылар бола алады.
Тармақ 4
4. Оператор электрондық сауда алаңындағы сауда-саттықты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде бекітілген электрондық сауда алаңында сауда-саттық өткізу қағидаларына сәйкес әзірленген оператордың ішкі қағидалары негізінде өткізеді.
Электрондық сауда алаңының ақпараттық қауіпсіздігін оператор уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен қамтамасыз етеді.
Тармақ 5
5. Электрондық сауда алаңында өткізілген сауда-саттық нәтижелері бойынша жасалатын сатып алу-сату шартынан, құқықтарды (талаптарды) басқаға беру шартынан туындайтын тараптардың ақшалай міндеттемелерін сауда-саттыққа қатысушылар жасалған сатып алу-сату шартында, құқықтарды (талаптарды) басқаға беру шартында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде орындайды.
Оператор электрондық сауда алаңында өткізілген сауда-саттық нәтижелері бойынша жасалатын сатып алу-сату шартының, құқықтарды (талаптарды) басқаға беру шартының тарапы болып табылмайды.
Бап 15-19. 15-19-бап. Оператор
15-19-бап. Оператор
Тармақ 1
1. Оператор ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға бола алады.
Тармақ 2
2. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына уәкілетті органның рұқсаты болған кезде оператор қызметті жүзеге асыруға құқылы. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына уәкілетті органның рұқсатын оператордың алған күні электрондық сауда алаңының жұмыс істей бастау күні болып табылады.
Тармақ 3
3. Оператор электрондық сауда алаңының жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсаттары үшін:
Тармақша 1
1) сауда-саттыққа қойылған мүлікке қатысты хабарландырулар жариялауды;
Тармақша 2
2) сатушы мен әлеуетті сатып алушы арасында электрондық сауда алаңында өткізілетін банктік қарыз шарттары немесе микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарға (талаптарға) қатысты ақпаратты жария етпеу туралы шарт жасасуды;
Тармақша 3
3) сауда-саттыққа қатысушылардың сауда-саттыққа қойылған мүлікке қатысты ақпаратты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жария етуін;
Тармақша 4
4) сауда-саттыққа қатысушылардың сауда-саттыққа қойылған мүлікке қатысты сатып алу-сату шартының жобасын келісуін және оған өзгерістер енгізуін;
Тармақша 5
5) сауда-саттыққа қатысушылардың сауда-саттыққа қойылған, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру шартының жобасын келісуін және оған өзгерістер енгізуін;
Тармақша 6
6) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіпке сәйкес сауда-саттықта өткізілген мүлікке қатысты сатып алу-сату шартын жасасуды;
Тармақша 7
7) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіпке сәйкес, сауда-саттықта өткізілген, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру шартын жасасуды;
Тармақша 8
8) өткізілген сауда-саттық туралы нәтижелерді жариялауды;
Тармақша 9
9) электрондық сауда алаңында жүзеге асырылатын сауда-саттыққа қатысушылардың іс-әрекеттерін есепке алуды жүргізуді;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының дербес деректерді, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау туралы заңнамасының талаптарын сақтауды;
Тармақша 11
11) осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген басқа да талаптарды сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.
Өтініш берушінің электрондық сауда алаңының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін операторға қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеруді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес құрылатын комиссия жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Оператор мынадай қызмет түрлерін:
Тармақша 1
1) кредиттік бюро қызметінің негізгі және қосымша түрлерін (тиісті рұқсат болған кезде);
Тармақша 2
2) электрондық сауда алаңында өткізілетін сауда-саттықты ұйымдастыруға қатысты арнаулы бағдарламалық қамтылымды ұсыну және оған қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетуді;
Тармақша 3
3) маркетингтік және статистикалық зерттеулерді қоспағанда, оператор қызметін өзге де кәсіпкерлік қызметпен қоса атқаруға құқылы емес.
Тармақ 5
5. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына уәкілетті органның рұқсатын беру шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Тармақ 6
6. Өтініш беруші рұқсатты алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мәліметтерді қамтитын рұқсат беру туралы өтінішті;
Тармақша 2
2) құрылтай құжаттары қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында болмаған немесе уәкілетті органның оларды «цифрлық үкіметтің» веб-порталы арқылы алу мүмкіндігі болмаған жағдайда олардың нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады.
Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру туралы өтініш уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде, бірақ өтініш беруші осы тармақта көзделген құжаттарды ұсынған күннен бастап жетпіс жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қаралуға тиіс.
Тармақ 7
7. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тартуды уәкілетті орган мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізеді:
Тармақша 1
1) өтініш берушінің осы Заңға сәйкес оператор үшін тыйым салынған қызмет түрін жүзеге асыруы;
Тармақша 2
2) өтініш берушінің осы Заңның осы бабында, 15-18-бабында және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сай келмеуі;
Тармақша 3
3) егер өтініш берушіге қатысты өтініш берушінің оператор қызметін жүзеге асыруына тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі болса;
Тармақша 4
4) ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулерін белгіленген мерзімде жоймау.
Тармақ 8
8. Операторды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Бап 15-20. 15-20-бап. Операторлардың қызметін мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау ерекшеліктері
15-20-бап. Операторлардың қызметін мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау ерекшеліктері
Операторлардың қызметін мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау мақсатында уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) оператор қызметін реттеу және электрондық сауда алаңының жұмыс істеуі саласында операторлардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
Тармақша 2
2) оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат береді не беруден бас тартады;
Тармақша 3
3) осы Заңның талаптары мен уәкілетті органның оператор қызметін жүзеге асыруға және электрондық сауда алаңының жұмыс істеуіне байланысты қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы, оның ішінде уәкілетті органға өзінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруы үшін қажетті ақпарат белгіленген мерзімдерде ұсынылмаған жағдайда жазбаша нұсқамалар жібереді;
Тармақша 4
4) осы Заңда белгіленген тәртіппен және негіздерде операторларға санкциялар қолданады;
Тармақша 5
5) оператор қызметі және электрондық сауда алаңының жұмыс істеуі мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Бап 15-21. 15-21-бап. Жазбаша нұсқама және санкциялар
15-21-бап. Жазбаша нұсқама және санкциялар
Тармақ 1
1. Осы Заңды және уәкілетті органның оператор қызметін жүзеге асыруға және электрондық сауда алаңының жұмыс істеуіне байланысты қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін бұзған жағдайда, уәкілетті орган операторға жазбаша нұсқама жіберуге құқылы.
Анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қабылдау және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) белгiленген мерзiмде ұсыну қажеттілігі жөнінде операторға берілген нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.
Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағымдану Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағымдану оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
Тармақ 3
3. Оператор уәкілетті органды жазбаша нұсқамада көрсетілген шаралардың жазбаша нұсқамада көзделген мерзімдерде орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті.
Бұзушылықты іс-шаралар жоспарында не жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімдерде операторға байланысты емес себептер бойынша жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын не жазбаша нұсқаманы орындау мерзімін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен ұзартуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган осы бапта белгіленген негіздер бойынша оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру не оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттан айыру түріндегі санкцияны операторға санкциялар ретінде қолдануға құқылы.
Тармақ 5
5. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттың қолданысын уәкілетті орган мынадай негіздердің бірі бойынша алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрады:
Тармақша 1
1) осы Заңда және (немесе) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптардың сақталмауы;
Тармақша 2
2) рұқсат беруге негіз болған құжаттардың шындыққа сәйкес келмейтіндігінің анықталуы;
Тармақша 3
3) осы Заң талаптарының және (немесе) уәкілетті органның оператор қызметін жүзеге асыруға және электрондық сауда алаңының жұмыс істеуіне байланысты қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілері талаптарының бұзылуын жою туралы уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларының жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) орындалмауы.
Тармақ 6
6. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру оператор ретінде қызметті жүзеге асыруға тыйым салуға алып келеді.
Тармақ 7
7. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру туралы шешімде рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрудың негіздері мен мерзімі көрсетілуге тиіс. Көрсетілген рұқсаттың қолданысы уәкілетті органның тиісті шешімі оператордың атқарушы органының назарына жеткізілген күннен бастап тоқтатыла тұрған деп есептеледі.
Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсатының қолданысы тоқтатыла тұрған оператор электрондық сауда алаңында бұрын жасалған шарттар бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға міндетті.
Тармақ 8
8. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттан айыруды уәкілетті орган мынадай негіздердің бірі бойынша жүргізеді:
Тармақша 1
1) оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттың қолданысын уәкілетті орган тоқтата тұрған себептің жойылмауы;
Тармақша 2
2) оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттың қолданысын соңғы он екі ай ішінде бірнеше рет (екі және одан да көп рет) тоқтата тұру;
Тармақша 3
3) оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат алған кезде оператордың көрінеу жалған ақпарат беруі;
Тармақша 4
4) оператор қызметін жүзеге асыруға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
Тармақша 5
5) операторды ерікті немесе мәжбүрлеп тарату туралы шешім.
Тармақ 9
9. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттың қолданысын тоқтату «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған оператордың оператор қызметін жүзеге асыруға құқығы жоқ.
Тарау 2-4. 2-4-тарау. Іс-қимылды қадағалау
2-4-тарау. Іс-қимылды қадағалау
Бап 15-22. 15-22-бап. Қаржы нарығындағы жауапты іскерлік практикалар
15-22-бап. Қаржы нарығындағы жауапты іскерлік практикалар
Тармақ 1
1. Іс-қимылды қадағалау субъектілері қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен өзара іс-қимыл жасау кезінде қаржы нарығында жауапты іскерлік практикаларды сақтауға міндетті, онда:
Тармақша 1
1)
қаржы өнімдерін басқару;
Тармақша 2
2) қаржы өнімдері туралы ақпаратты ашып көрсету;
Тармақша 3
3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен өзара іс-қимыл жасаудың барлық кезеңінде қаржы нарығында жосықсыз практикаларға жол бермеу;
Тармақша 4
4) уәкілетті агенттердің қызметі үшін жауапкершілік алу;
Тармақша 5
5) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын қарау;
Тармақша 6
6) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру, оның ішінде тиісті іс-шараларды әзірлеу және іске асыру арқылы арттыру көзделеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында белгіленген талаптар уәкілетті агенттерге қолданылады.
Тармақ 2
2. Қаржы нарығындағы жауапты іскерлік практикаларға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
Бап 15-23. 15-23-бап. Қаржы өнімдерін басқару
15-23-бап. Қаржы өнімдерін басқару
Тармақ 1
1. Іс-қимылды қадағалау субъектісі қаржы өнімін әзірлеу, ілгерілету (жарнамалау), ұсыну, мониторингтеу және ұсынуды тоқтату кезеңдерінде қаржы өнімін басқарудың үздіксіз процесін жүзеге асырады.
Іс-қимылды қадағалау субъектісі қаржы өнімін әзірлеу кезінде:
Тармақша 1
1) қаржы өнімінің сипаттамаларын және оны ұсыну шарттарын айқындайды;
Тармақша 2
2) мақсаттарына (қажеттіліктеріне) қаржы өнімі сәйкес келетін қаржылық көрсетілетін қызметтерді ықтимал тұтынушылар санатын айқындайды;
Тармақша 3
3) қаржы өніміне ие болуына (оны алуына) және оны пайдалануына байланысты қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар үшін тәуекелдерді бағалайды;
Тармақша 4
4) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар үшін қаржы өнімінің тәуекелдерін төмендетуге бағытталған өзге де іс-шараларды жүзеге асырады.
Қаржы өнімін ілгерілету (жарнамалау) кезінде іс-қимылды қадағалау субъектісі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабында, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 52-2-бабында, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-1-бабында, «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабында көзделген талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының талаптарын сақтайды.
Қаржы өнімін ұсыну кезінде іс-қимылды қадағалау субъектісі қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға қаржы өнімінің жарамдылығы өлшемшарттарын негізге ала отырып, қаржы өнімдерін ұсынады.
Қаржы өнімін мониторингтеу кезінде іс-қимылды қадағалау субъектісі қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар үшін қаржы өнімінің тәуекелдерін, оның ішінде қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың қаржы өнімін пайдалануы туралы ақпаратты және қаржы өніміне қатысты қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын талдау негізінде анықтауға міндетті.
Іс-қимылды қадағалау субъектісі қаржы өнімін басқару шеңберінде қаржы өнімін ұсынуды тоқтату үшін әлеуетті негіздерді, сондай-ақ қаржы өнімін ұсынуды тоқтатқан кезде қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға хабар беру және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар алдындағы міндеттемелерді орындау жөніндегі іс-қимылдарды айқындауға тиіс.
Іс-қимылды қадағалау субъектісі уәкілетті органды іс-қимылды қадағалау субъектісі тиісті шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаржы өнімін бекіту, өзгерту және ұсынуды тоқтату туралы хабардар етеді.
Қаржы өнімдерін басқаруға қойылатын талаптар, іс-қимылды қадағалау субъектісі уәкілетті органды бекіту, өзгерту және ұсынуды тоқтату туралы хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесі (мөлшерлемелері мен тарифтерін көрсете отырып), осындай хабардар ету тәртібі, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Тармақ 2
2. Уәкілетті орган қаржылық көрсетілетін қызметтерін тұтынушылар үшін тәуекелдер туғызатын және (немесе) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қаржы өнімдерін басқаруға қойылатын талаптарға сай келмейтін қаржы өнімін анықтаған кезде іс-қимылды қадағалау субъектісінен анықталған тәуекелдер жойылғанға дейін және мұндай қаржы өнімі көрсетілген талаптарға сәйкес келтірілгенге дейін қаржылық көрсетілетін қызметтерін тұтынушыларға оларды ұсынуды тоқтата тұруды талап етеді.
Бап 15-24. 15-24-бап. Қаржы өнімдері туралы ақпаратты
ашып көрсету
15-24-бап. Қаржы өнімдері туралы ақпаратты
ашып көрсету
Іс-қимылды қадағалау субъектiлерi осы Заңның 15-22-бабының 2-тармағында көрсетiлген уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес қаржы өнiмдерiн ұсыну шарттары туралы қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға хабар беру арқылы өздерiнiң қаржы өнiмдерi туралы толық және анық ақпаратты ашып көрсетуге мiндеттi.
Бап 15-25. 15-25-бап. Қаржы нарығында жосықсыз
практикаларға жол бермеу
15-25-бап. Қаржы нарығында жосықсыз
практикаларға жол бермеу
Тармақ 1
1. Іс-қимылды қадағалау субъектілері қаржы өнімдерін ұсыну кезінде қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға қатысты жосықсыз практикаларға жол бермеуге міндетті.
Тармақ 2
2. Жосықсыз практикалардың түрлері мен белгілері, іс-қимылды қадағалау субъектілерінің жосықсыз практикаларды анықтау тәртібі уәкілетті орган бекіткен банк қызметін жүзеге асыруға қойылатын талаптарда, сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарда, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларында, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібінде, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарда айқындалады.
Тармақ 3
3. Іс-қимылды қадағалау субъектілері өз қызметкерлеріне қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға қатысты жосықсыз практикаларды болғызбауға бағытталған сыйақы беру саясатын әзірлейді.
Бап 15-26. 15-26-бап. Қаржы өнімдерін ұсыну кезінде уәкілетті агенттердің
қызметі үшін іс-қимылды қадағалау субъектілерінің
жауапкершілігі
15-26-бап. Қаржы өнімдерін ұсыну кезінде уәкілетті агенттердің
қызметі үшін іс-қимылды қадағалау субъектілерінің
жауапкершілігі
Іс-қимылды қадағалау субъектілері уәкілетті агенттер арқылы қаржы өнімдерін ұсыну кезінде:
Тармақша 1
1) іс-қимылды қадағалау субъектінің ішкі құжатында белгіленген тәртіппен уәкілетті агенттердің тіркелімін жүргізуге;
Тармақша 2
2) уәкілетті агенттердің қаржы өнімдерін ұсыну үшін қажетті кәсіби құзыретін қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) уәкілетті агенттердің қаржы өнімдерін ұсынуды реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының және іс-қимылды қадағалау субъектісінің ішкі құжаттарының талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
Бап 15-27. 15-27-бап. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді
тұтынушының жолданымдарын қарау
15-27-бап. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді
тұтынушының жолданымдарын қарау
Іс-қимылды қадағалау субъектілері қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың қаржы өнімдеріне және (немесе) уәкілетті агенттердің қызметіне байланысты жолданымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға міндетті.
Тарау 2-5. 2-5-тарау. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың
дауларын сотқа дейін реттеу тәртібі. Қаржы омбудсманы,
оның мәртебесі, оны сайлау және өкілеттіктерін мерзімінен
бұрын тоқтату тәртібі, қаржы омбудсманы қызметі
2-5-тарау. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың
дауларын сотқа дейін реттеу тәртібі. Қаржы омбудсманы,
оның мәртебесі, оны сайлау және өкілеттіктерін мерзімінен
бұрын тоқтату тәртібі, қаржы омбудсманы қызметі
Бап 15-28. 15-28-бап. Дауларды сотқа дейін реттеу тәртібі
15-28-бап. Дауларды сотқа дейін реттеу тәртібі
📌 Ескерту. 15-28-бап 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 16.01.2026 № 259-VIII Заңымен.
Бап 15-29. 15-29-бап. Қаржы омбудсманы
15-29-бап. Қаржы омбудсманы
📌 Ескерту. 15-29-бап 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 16.01.2026 № 259-VIII Заңымен.
Бап 15-30. 15-30-бап. Қаржы омбудсманы қызметі
15-30-бап. Қаржы омбудсманы қызметі
📌 Ескерту. 15-30-бап 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 16.01.2026 № 259-VIII Заңымен.
Бап 15-31. 15-31-бап. Қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі
15-31-бап. Қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі
📌 Ескерту. 15-31-бап 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 16.01.2026 № 259-VIII Заңымен.
Бап 15-32. 15-32-бап. Қаржы омбудсманы қызметін
қаржыландыру
15-32-бап. Қаржы омбудсманы қызметін
қаржыландыру
📌 Ескерту. 15-32-бап 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 16.01.2026 № 259-VIII Заңымен.
Бап 15-33. 15-33-бап. Қаржы омбудсманының жолданымдарды
қарау тәртібі
15-33-бап. Қаржы омбудсманының жолданымдарды
қарау тәртібі
📌 Ескерту. 15-33-бап 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 16.01.2026 № 259-VIII Заңымен.
Бап 15-34. 15-34-бап. Міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын
дауларды реттеу ерекшеліктері
15-34-бап. Міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын
дауларды реттеу ерекшеліктері
Міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды реттеу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде белгіленеді.
Тарау 3. 3-тарау. Қорытынды ережелер
3-тарау. Қорытынды ережелер
Бап 16. 16-бап. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
16-бап. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Бап 16-1. 16-1-бап. Уәкілетті органды қайта ұйымдастыру және тарату
16-1-бап. Уәкілетті органды қайта ұйымдастыру және тарату
Уәкілетті органды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 17. 17-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртiбi
17-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртiбi
Осы Заң 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.