Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении «Аппарат акима города Шымкент» Қолданыста
Басқа 0
«Шымкент қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 4-тамағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Шымкент қаласы әкімінің аппараты»
коммуналдық
мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Шымкент қаласы әкімінің аппараты»
коммуналдық
мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды атқарсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкiмi аппараты басшысының орынбасары М.Какеновке жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Шымкент қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 29 қарашадағы
№ 1501 қаулысына қосымша
«Шымкент қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Аппарат) Шымкент қаласы әкімдігінің және әкімінің қызметін қамтамасыз ету бойынша басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Аппараттың ведомствосы бар.
Тармақ 3
3. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Аппарат ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Аппарат, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Аппарат өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Аппарат басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Аппарат құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсат тұрғын алабы, Nursultan Nazarbaev даңғылы 10, индексі 160023.
Тармақ 10
10. Осы ереже Аппараттың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Аппарат қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Аппаратқа кәсіпкерлік субъектілерімен Аппараттың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Аппаратқа заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Аппараттың мақсаттары:
жергілікті атқарушы органның, әкімнің қызметін қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Аппараттың құқықтары:
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар (бұдан әрі – Басқармалар) және Шымкент қаласының аудан әкімдерінің аппараттарына міндетті орындауға жататын тапсырмалар беруге;
Аппараттың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша үйлестіру мен бақылауды жүзеге асыруға;
қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі қажетті ақпаратты және материалдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, қала әкімінің шешімдері, өкімдері мен тапсырмаларына және оның орынбасарларының тапсырмаларын орындалуына талдау жүргізуге, анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдауға, себептері мен орындалмау жағдайларын анықтауға;
занамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың билігіндегі ақпараттық деректер жиынтығын пайдалануға;
заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік көлік құралдарын, байланыс және коммуникациялар жүйелерін пайдалануға;
заңнамада белгіленген тәртіппен қала әкімдігі мен әкімі қарайтын мәселелерді дайындауға және шешуге қатысуға Аппараттың, Басқармалардың қызметкерлерін, кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдерін тартуға;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
Тармақша 2
2) Аппараттың міндеттері:
Шымкент қаласы әкімінің, әкімдіктің қызметін ақпараттық- аналитикалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
Тармақ 15
15. Аппараттың функциялары:
Тармақша 1
1) халықаралық және республикалық іс-шараларды, бизнес-форумдар мен саммиттерді дайындау және өткізу бойынша жұмысты үйлестіру және бақылау, өткізілетін іс-шараларға жауапты қызметкерлердің кезекшілігін ұйымдастыру, Аппаратта кезекшілік кестесін жасау және орындалуын бақылау;
Тармақша 2
2) қаланың «Құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсыныстарды қарау;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау бойынша тиісті жұмыстардың жүргізілуін қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) Шымкент қаласының аудан әкімдерінің аппараттары мен Басқармалары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз етуді бақылау;
Тармақша 5
5) кадрларға, оның ішінде мамандықтар мен біліктіліктер бойынша қажеттілігін іріктеу және жоспарлау, кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «Е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу;
Тармақша 7
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы, құқық бұзушылық профилактикасы, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделері бойынша комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;
Тармақша 8
8) Шымкент қаласында қалыптасқан жағдайды ескере отырып, терроризмнің алдын алу, терроризм зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу;
Тармақша 9
9) төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 10
10) қала аумағында мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 11
11) құқықтық немесе нормативтік құқықтық актілерді, шарттарды, іс жүргізу құжаттарын, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеу, оның ішінде оларды Шымкент қаласының аудан әкімдері аппараттары мен Басқармалары әзірлеген жағдайда келісу;
Тармақша 12
12) қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық салаларда мемлекеттік саясаттың іске асырылуына талдау жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу және Шымкент қаласының аудан әкімдері мен Басқармалардың осы саладағы жұмысына талдау жүргізу барысында анықталған кемшіліктер бойынша анықтамалар дайындау;
Тармақша 13
13) Шымкент қаласының әкімдігінде, оның ведомстволық бағынысты ұйымдарында олардың қызметінің барлық бағыттары, соның ішінде көрсетілетін қызметтер сапасы бойынша тиімділік және сәйкестік аудитін жүргізу;
Тармақша 14
14) қала әкімдігінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, құпия емес құжаттарды есепке алу, өткізу, қарау және жіберу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, олардың уақытылы орындалуын бақылау;
Тармақша 15
15) жеке және заңды тұлғалардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келіп түсетін өтініштерін қабылдау, тіркеу, талдау және бақылау;
Тармақша 16
16) Шымкент қаласы әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының және оның орынбасарларының алдын ала жазылу бойынша азаматтарды қабылдауын жүзеге асыру;
Тармақша 17
17) қала әкімінің халықпен кездесулерін ұйымдастыру және аудан әкімдерінің халықпен кездесулерін үйлестіру;
Тармақша 18
18) қала әкімдігі, әкіміне және Аппаратқа қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған, сондай-ақ әлеуметтік желілерде жарияланған материалдарға күнделікті талдау жасау және қажет болған жағдайда әкімдік мүшелерінің қатысуымен дер кезінде баспасөз конференциялар, брифингтер, дөңгелек үстелдер өткізу;
Тармақша 19
19) ақпараттық қауіпсіздік саласында мемлекеттік саясаттың қалыптасуына қатысу және ақпараттық қауіпсіздік саясатын қалыптастыру.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Аппаратты басқаруды Аппарат басшы жүзеге асырады, ол Аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Аппарат басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қала әкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Аппарат басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Аппарат басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Аппаратқа жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
Тармақша 3
3) Аппараттың құрылымы мен штат кестесін, оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
Тармақша 4
4) Аппараттағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
Тармақша 5
5) Аппаратта тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, Аппаратың мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
Тармақша 8
8) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, Аппаратың мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешеді;
Тармақша 9
9) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын, бағынысты қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалуының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілік тартуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 10
10) қала әкімдігінің және мәслихатының қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды;
Тармақша 11
11) дара басшылық принциптерінде іс-қимыл жасайды және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен белгіленген өз құзыретіне сәйкес Аппарат қызметінің мәселелерін дербес шешеді;
Тармақша 12
12) Аппарат атынан сенімхатсыз іс-қимыл жасайды;
Тармақша 13
13) барлық органдар мен ұйымдарда Аппараттың мүдделерін білдіреді;
Тармақша 14
14) заңнамамен белгіленген жағдайлар мен шектерде Аппараттың мүлкіне билік етеді;
Тармақша 15
15) бұйрықтар шығарады және Аппарат қызметкерлерінің орындаулары үшін міндетті нұсқаулар береді;
Тармақша 16
16) қала әкіміне, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, әкімдіктің қаулыларының жобаларын және басқа материалдар ұсынады;
Тармақша 17
17) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеуге басшылық жасайды;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, қала әкімдігінің қаулыларын орындау жөнінде Аппараттың құрылымдық бөлімдерінің жұмысын үйлестіреді қадағалайды, осылардың орындалуы бойынша шаралар қабылдайды, нәтижесі бойынша қала әкімі атына ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 19
19) сенімхаттар береді;
Тармақша 20
20) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;
Тармақша 21
21) қала әкімдігіне түскен, қала әкімі мен оның орынбасарларына берілген барлық тапсырмалардың орындалуын қадағалайды, ол туралы қала әкіміне баяндайды;
Тармақша 22
22) Аппаратта келісімшарт негізінде жұмыс атқаратын қызметкерлерді жұмысқа қабылдау мен босатуды ресімдеу, еңбек шартын бұзу, тәртіптік жауапкершілікке тарту, жыл сайынғы еңбек демалысына жіберу мен демалыстан шақырып алу бойынша бұйрықтар қабылдайды;
Тармақша 23
23) Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, қала әкімімен және осы Ережемен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Аппарат басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Аппарат басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тармақ 21
21. Аппаратты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 22
22. Аппараттың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Аппарат мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 23
23. Аппараттың бекітілген мүлкі коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 24
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Аппарат өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25
25. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Шымкент қаласы әкімі аппаратының «Шымкент қаласы әкімдігінің Іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Аппараттың қарамағындағы ұйым болып табылады.