Об утверждении Правил субсидирования затрат туроператоров в сфере въездного туризма за каждого иностранного туриста Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 1. Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау қағидалары
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 387 бұйрығымен бекітілген Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-14) тармақшасына сәйкес әзірленді және әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) туристерді орналастыру орындары - мейманханалар, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақжайлар, демалыс үйлері, пансионаттар және туристердің тұруы мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да үй-жайлар мен ғимараттар;
Тармақша 2
2) туристік оператор (бұдан әрі - туроператор) - туристік операторлық қызметті, ішкі туризм, келу немесе шығу туризмі саласындағы туристік операторлық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 3
3) туристік операторлық қызмет (бұдан әрі - туроператорлық қызмет) - қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың шығу туризмі саласындағы туристiк өнiмдi қалыптастыру, турагенттер арқылы ұсыну және өткiзу және келу туризмі мен ішкі туризм саласындағы туристік өнімді қалыптастыру, туристерге, оның ішінде турагенттер арқылы ұсыну және өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметi;
Тармақша 4
4) туристік өнім - саяхат кезінде туристің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті барлық қажетті туристік көрсетілетін қызметтер кешені;
Тармақша 5
5) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) (бұдан әрі – ЖАО) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган.
Тарау 2. 2-тарау. Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау
2-тарау. Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау
Тармақ 3
3. Субсидияны алу үшін келу туризмі саласындағы туроператор ағымдағы жыл ішінде шетелдік турист тұратын туристерді орналастыру орнының орналасқан жері бойынша ЖАО-ға өтінім берілген кезге дейін ағымдағы жылында өткізілген туристік өнімнің көрсетілген қызметтері үшін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз немесе электрондық нысанда пошта арқылы немесе қолма-қол тиісті күнтізбелік жылдың бірінші жұмыс күнінен бастап 1 желтоқсанына дейін әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындары бойынша субсидия алуға арналған өтінімді (бұдан әрі - өтінім) жібереді. Өтінімге келесі көрсетілетін құжаттар қоса беріледі:
Тармақша 1
1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға өтініш берген жағдайда - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал туроператордың өкілі өтінім берген кезде кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге нотариалды куәландырылған сенімхатты қосымша ұсынады;
Тармақша 2
2) өтінім беру жоспарланып отырған айдың алдындағы айдың бірінші күніне алынған есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) жөнелтуші тарап туроператорының мөрімен расталған шетелдік туристер тізімін қоса бере отырып, резидент емес туроператормен туристік қызмет көрсетуге арналған әріптестік шарттың (бұдан әрі - Шарт) көшірмесі;
Тармақша 4
4) келу және ішкі туризм саласындағы туроператорлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі;
Тармақша 5
5) Шарт бойынша банктік құжат немесе туристік өнімге ақы төлеу туралы фискалдық чек;
Тармақша 6
6) шетелдік турист тұратын туристерді орналастыру орнының мөрімен расталған руминг-парақ.
Тармақ 4
4. Туроператордан келіп түскен өтінімдерді қарау үшін ЖАО өтінімдерді қарау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрады. Комиссия мүшелерінің саны тақ санынан тұрады, кемінде 7 (жеті) адамды құрайтын комиссия мүшелерінің арасынан төраға және төрағаның орынбасары тағайындалады. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, комиссия отырыстарын өткізеді. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды. Комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындауды комиссия мүшесі болып табылмайтын хатшы жүзеге асырады. Комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары, комиссия хатшысы ЖАО қызметкерлері қатарынан тағайындалады. Комиссия құрамына сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана кәсіпкерлері палаталардың, салалық қауымдастықтардың өкілдері, бизнес және ұйымдардың өкілдері кіреді. Комиссия отырыстарын өтінімдердің түсуіне қарай өткізеді.
Тармақ 5
5. Осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген келіп түскен өтінімдер мен оларға қоса берілетін құжаттардың (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) ЖАО тіркейді және олар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде толықтығын қарайды. Құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда, ЖАО оларды жетіспейтін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде келу туризмі саласындағы туроператорға қайтарады. Құжаттар топтамасының толық еместігі жойылған кезде, келу туризмі саласындағы туроператор құжаттар топтамасын қайта ұсынады.
Тармақ 6
6. Ұсынылған құжаттар топтамасын осы Қағидалардың 3-тармағымен белгіленген мерзімдерді сақтамау жағдайда ЖАО қараусыз қайтарады.
Тармақ 7
7. Осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген құжаттар топтамасы толық болған жағдайда, комиссия олар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын қарайды және мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) ұсынылған құжаттардың қолданылу мерзімі өтпеген, олардың осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес келген жағдайларда, шетелдік турист туристерді орналастыру орындарында кемінде төрт күн және үш түн тұрған, шетелдік туристі туристерді орналастыру орындарында «е-Hotel» («е-Qonaq») ақпараттық жүйесі арқылы тіркеген жағдайда келу туризмі саласындағы туроператорға субсидияны төлеу туралы;
Тармақша 2
2) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес келмеген жағдайда, келу туризмі саласындағы туроператорға субсидияны төлеуден бас тарту туралы.
Тармақ 8
8. Келу туризмі саласындағы туроператорға субсидия төлеуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде ЖАО келу туризмі саласындағы туроператорға субсидия төлеуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша келу туризмі саласындағы туроператордың ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды. Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес комиссия шешім қабылдағанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау туроператор хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша комиссияның шешімі негізінде ЖАО мемлекеттік келу туризмі саласындағы туроператорға субсидия төлеу туралы нәтиже немесе келу туризмі саласындағы туроператорға субсидия төлеуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
Тармақ 9
9. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және осы Қағидалардың 7-тармағында белгіленген мерзімдерде оған қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ЖАО интернет-ресурсында орналастырылады, көшірмесі келу туризмі саласындағы туроператоратына жазбаша хабарламамен жіберіледі.
Тармақ 10
10. Комиссияның келу туризмі саласындағы туроператорға субсидияны төлеу туралы шешімінің негізінде ЖАО қырық жұмыс күні ішінде келу туризмі саласындағы қызметті жүзеге асыратын туроператордан сатып алынған туристік өнім бойынша Қазақстан Республикасына келген әрбір шетелдік турист үшін 15 000 (он бес мың) теңге мөлшеріндегі субсидия сомасын өтінімде көрсетілген екінші деңгейдегі банкте ашылған оның есеп шотына аударуды жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Субсидияны бақылау, мониторингілеу және іске асыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 35
Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау қағидаларына қосымша Нысан кімге: ___________________ (өтінімді қабылдайтын ЖАО атауы) кімнен ___________________ (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты) (ол болған жағдайда) Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындары бойынша субсидия алуға арналған өтінім Әрбір шетелдік турист үшін шығындарды өтеуге субсидия алуға арналған өтінімді қарауды сұраймын (бұдан әрі – субсидия). 1. Туроператор туралы мәліметтер. Заңды тұлға үшін: атауы _____________________________________________________________ бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ____________________________________ басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) _____________________ ___________________________________________________________________ заңды тұлғаның нақты орналасқан жері _________________________________ ___________________________________________________________________ телефон нөмірі ______________________________________________________ Жеке тұлға үшін: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) _______________________________ жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) ______________________________________ жеке басты куәландыратын құжат:______________________________________ нөмірі ______________________________________________________________ кім берді ___________________________________________________________ берілген күні _______________________________________________________ тұрғылықты мекенжайы _____________________________________________ телефон нөмірі _____________________________________________________ 2. Туроператордың туроператорлық қызметі туралы мәліметтер: Лицензия № ____________________________кіші түрлері_________________ Лицензияны алған күні ______________________________________________ 3. Екінші деңгейдегі банктің атауы, онда ашылған есеп айырысу шоты ___________________________________________________________________ 4. Шетелдік турист (ер) туралы жалпы мәліметтер: №п\п Ше­тел­дік ту­ри­стің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да) Ше­тел­дік ту­ри­стің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да бо­лу ке­зе­ңі 1. 2. 3. 5. Тиесілі субсидияны алдын ала есептеу _________________________ (____________________________________________________________) теңге. 6. Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау қағидаларының 3-тармағына сәйкес өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі: 1) _______________________________ 2) _______________________________ Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын, оның ішінде банкрот болмағанымды, «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкроттық немесе тарату рәсіміне жатпайтынымды растаймын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін. _________________________________ (Жеке тұлғаның қолы немесе заңды тұлғаның атауы) Мөр (болған кезде) Өтінім берілген күні «____» __________ 20____ жыл