Об утверждении Положения государственного учреждения «Управление физической культуры и спорта города Шымкент» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды атқарсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М. Исаховқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 1502 қаулысына қосымша «Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Мәделі Қожа көшесі, ғимарат № 1 А, индекс 160021.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Басқарманың мақсаттары: дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Басқарманың өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Құқықтары: - заңнамамен бекiтiлген тәртiпте мемлекеттiк органдардан, басқа да ұйымдардан өз қызметiн жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтер сұратуға, сондай-ақ, басқа мемлекеттiк органдарға мәлiметтер ұсынуға; - дене шынықтыру және спорт ұйымдарының қызметін зерделеуді ұйымдастыруға; - Басқарманың құзыретiне кiретiн қала әкiмдiгiнiң және (немесе) әкiмiнiң шешiмдерiнiң, өкiмдерiнiң, қаулыларының жобасын дайындауға; - Басқарманың қарамағындағы ұйымдарды құру, қайта құру және тарату бойынша қала әкiмдiгiне ұсыныстар енгiзуге; - Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылған өзге де құқықтарды жүегзе асыру.
Тармақша 2
2) Міндеттері: - дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау; - дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту; - ұлттық, олимпиадалық, олимпиадалық емес, паралимпиадалық, паралимпиадалық емес және сурдлимпиадалық спорт түрлерін дамыту; - дене шынықтыру мен спортты, бейімдік дене шынықтыру мен спортты, спорттық медицинаны қолдау және ынталандыру; - дене шынықтыру мен спорт саласындағы жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда инфрақұрылым жасайды;
Тармақша 2
2) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) аккредиттелген ұлттық және (немесе) жергілікті спорт федерацияларымен бірлесе отырып, қалалық жарыстарды өткізеді;
Тармақша 4
4) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларымен бірлесе отырып өткізетін республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды өткізуге қатысады;
Тармақша 5
5) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларының тізілімін жүргізеді;
Тармақша 6
6) спорт түрлері бойынша қаланың командаларын даярлауды және олардың жоғары жетістіктер спорты бойынша республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) қала аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
Тармақша 9
9) балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы, оның ішінде бейімдік дене шынықтыру және спорт клубтарын құрады;
Тармақша 10
10) білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қолданады;
Тармақша 11
11) спортшыларға: «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат», 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді, спортшыларды осындай спорттық разрядтардан айырады;
Тармақша 12
12) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;
Тармақша 13
13) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін бекiтедi және оның iске асырылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 14
14) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
Тармақша 15
15) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады;
Тармақша 16
16) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асырады;
Тармақша 17
17) олимпиадалық резервтің қаланың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған қаланың мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын іске асырады;
Тармақша 18
18) олимпиадалық резервтің қаланың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған қаланың мектеп-интернаттарының үлгілік оқу жоспарларын келіседі;
Тармақша 19
19) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстарымен спорт түрлері бойынша қала командаларының құрамдарын қалыптастырады және бекітеді;
Тармақша 20
20) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының, сондай-ақ қала командаларының спортшыларын даярлаудың жеке жоспарларын бекітеді;
Тармақша 21
21) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекіткен, өңірлер бөлінісіндегі спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін іске асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 22
22) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңға сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
Тармақша 23
23) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
Тармақша 24
24) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
Тармақша 25
25) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;
Тармақша 26
26) спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе береді;
Тармақша 27
27) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларымен келіседі;
Тармақша 28
28) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай қамтылым төлеуді жүзеге асырады;
Тармақша 29
29) спорттық медицина және оңалту ұйымдарының жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 30
30) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелер өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды әзірлейді және белгіленуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 31
31) мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізеді;
Тармақша 32
32) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте дене шынықтыру және спорт саласындағы нысаналы индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 33
33) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Басқарманы басқаруды басқарма басшысы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Басқарманың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қала әкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Басқарма басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Басқарманың қызметін ұйымдастырады және басқарады;
Тармақша 2
2) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Басқарма қызметкерлерін, сондай-ақ, қарамағындағы ұйымдардың басшыларын және олардың орынбасарларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
Тармақша 3
3) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Басқарма қызметкерлерінің, Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың басшыларының міндеттері мен уәкілеттіктерін анықтайды;
Тармақша 4
4) Басқарманың жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 5
5) Басқарманың атынан әрекет етеді;
Тармақша 6
6) сенімхаттар береді;
Тармақша 7
7) өз уәкілеттігі шегінде барлық Басқарма қызметкерлеріне және қарамағындағы ұйымдардың басшыларына орындауға міндетті бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды және нұсқаулар береді;
Тармақша 8
8) Басқарма қызметкерлеріне, қарамағындағы ұйымдардың басшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сыйақы шараларын белгілейді және тәртіптік жаза қолдана алады;
Тармақша 9
9) Басқарманың ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
Тармақша 10
10) Басқармада «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының орындалуына дербес жауапты болады;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады. Басқарманың басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.
Тармақ 22
22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. «Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. «Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
Тармақша 1
1) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының жоғары спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының Олимпиада резервін даярлау орталығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
Тармақша 4
4) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының № 1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 5
5) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының № 2 жеңіл атлетика мен велосипед спортынан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 6
6) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының Ләззат Тәжиева атындағы № 4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 7
7) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының № 6 теннис түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 8
8) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының № 8 қысқы спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 9
9) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының № 9 көркем гимнастикадан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 10
10) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының № 10 күрес түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 11
11) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының № 11 көпсалалы мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 12
12) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының № 12 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 13
13) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының № 13 ойын түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 14
14) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының № 14 ату және ұқсас спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 15
15) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының № 15 жекпе-жек түрлерінен кешенді олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 16
16) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының № 16 гимнастикадан олимпиада резервiнiң мамандандырылған балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебi» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 17
17) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының № 17 футболдан олимпиада резервiнің мамандандырылған балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебi» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 18
18) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының № 18 олимпиада резервiнiң мамандандырылған балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебi» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 19
19) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының № 19 мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 20
20) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының № 20 ауыр атлетикадан балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебi» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 21
21) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының ұлттық және ат спорт түрлері бойынша кешенді спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 22
22) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент кәсіпқой бокс түрлері клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 23
23) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Оңтүстік» футбол академиясы – спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 24
24) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент» ойын түрлерінен спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 25
25) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының дене шынықтыруды дамыту және іс-шараларды өткізу дирекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 26
26) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 27
27) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының спорт ғимараттары дирекциясы» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсіпорын;
Тармақша 28
28) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Орталық су-спорт кешені» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 29
29) «Ордабасы» кәсіби футбол клубы» акционерлік қоғамы;
Тармақша 30
30) Шымкент қаласының «Спорт сарайы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.