Об утверждении предельно допустимых уровней содержания никотина и смолистых веществ в отдельных видах табачных изделий Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Темекі бұйымдарының жекелеген түрлерінде никотин мен шайырлы заттардың болуына рұқсат етілетін шекті деңгейлерді бекіту туралы "Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған темекі бұйымдарының жекелеген түрлерінде никотин мен шайырлы заттардың болуына рұқсат етілетін шекті деңгейлер бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Темекі бұйымдарының жекелеген түрлерінде никотин мен шайырлы заттардың болуына рұқсат етілетін шекті деңгейлер
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 шілдедегі N 687 қаулысымен бекітілген Темекі бұйымдарының жекелеген түрлерінде никотин мен шайырлы заттардың болуына рұқсат етілетін шекті деңгейлер __________________________________________________________________ Темекі түтінін        Темекі бұйымдарының жекелеген түрлерінде реттеуші құрауыш      никотин мен шайырлы заттардың болуына рұқсат етілетін шекті деңгейлер өлшемі миллиграмм сигаретке (мг/сигаретке) __________________________________________________________________ Шайырлы заттар                     14,0 артық емес Никотин                            1,2 артық емес __________________________________________________________________
Тармақ 1
1. Шайырлы заттардың, яғни шайырдың болуы бір сигаретке шаққанда ылғалды конденсаттың салмағы мен темекі түтінінің негізгі шудасында су мен никотиннің болуы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Тармақ 2
2. Фильтрсіз сигареттер үшін шайырлы заттардың болуы 16 мг/сигареттен және никотиннің болуы 1,3 мг/сигареттен аспауға тиіс.