О Правилах использования резерва акимата района Күшін жойған
Басқа 0
Аудан әкімдігінің резервін пайдалану Ережесі туралы
«Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 Заңының 13 бабына сәйкес аудан әкімдігі Қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің резервін пайдалану Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Жамбыл ауданы әкімдігінің резервін пайдалану Тәртібі туралы» аудан әкімдігінің 2002 жылғы 27 наурыздағы № 97 қаулысы жойылсын
Келісілген:
Ауданның қаржы
басқармасының бастығы
Л.Шайхлесова
Басқа 3. Аудан әкімдігінің резервін пайдалану Ережесі туралы
Аудан әкімдігінің 2003 жылғы
18 маусымындағы «Аудан әкімдігінің
резервін пайдалану Ережесі туралы»
№ 127 қаулысымен
Бекітілген
Аудан әкімдігінің резервін пайдалану Ережесі туралы
Тармақ 1
1. Осы Ереже тиісті каржы жылына Жамбыл аудандық мәслихаты бекіткен сомалар шегінде Жамбыл ауданы әкімдігінің (әрі қарай - әкімдік резерві) резерв қаражатын бөлу және жұмсау механизмін айқындайды.
Тармақ 2
2. Аудандық бюджет құрамында көзделмеген шығыстарды қаржыландыру үшін тиісті қаржы жылына аудан әкімдігінің резерві «Бюджет жүйесі туралы» Қазакстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 және Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі туралы» Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 2001 жылғы 7 желтоқсандағы № 261 Зандарының 13 бабына және 2000 жылғы 19 мамырдағы өзгерістерімен «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазакстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі № 19 Заңына сәйкес қалыптастырылады. Аудан әкімдігінің резервінде мыналар:
аудан әкімдігінің қаулысымен айқындалған табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтілмеген шығыстарға арналған қаражат
сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдар міндеттемелерін өтеуге арналған каражат көзделеді.
Сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу үшін аудан әкімі резервінің құрамында қарастырылған қаржы толық көлемде пайдаланылған жағдайда, егер өтелмеген міндеттемелер болса, онда аудан әкімі жергілікті бюджет туралы мәслихат шешіміне өзгертулер енгізу жолымен аудан әкімі резервінің көлемін ұлғайту туралы аудандық мәслихатқа ұсыныс енгізеді.
Тармақ 3
3. Аудан әкімдігі резервінен қаражат бөлу аудан әкімдігінің қаулысымен белгіленген, экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйектегі № 3 бұйрығымен бекітіліп, Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде 2002 жылдың 16 қазанында № 2012 тіркелген Бірыңғай бюджеттік сынаптамаға сәйкес алушысы, қаражат мөлшері және олардың мақсатты жұмсалу бағыты көрсетілген тәртіпте жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Аудан әкімдігінің резерв қаражатын мақсатты белгіленген және қаражат бөлу туралы аудан әкімдігінің қаулысында көрсетілмеген мұқтаждықтарға пайдаланыла алмайды. Аудан әкімдігінің резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімдігінің қаулысы қаржы жылы өткеннен кейін күшін жояды.
Қаражаттың пайдаланылмаған қалдығы, сондай-ақ аудан әкімдігі резервінің мақсатты пайдаланылмаған қаражаты аудандық бюджетке қайтарылады.
Тармақ 5
5. Жамбыл ауданы әкімдігінің резерв мөлшері аудандық бюджет түсімдері көлемінің екі пайызынан аспауы тиіс.
Тармақ 6
6. Бюджеттің атқарылу процесінде тапшылықтың нақтыланған деңгейінің жоғарылауы немесе бюджетке түсетін кірістердің едәуір төмендеуі қалыптасқан жағдайда, белгіленген тәртіпте аудан әкімдігінің резерв шығыстары бойынша секвестрлеу енгізіледі.
Тарау 2. 2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу
2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу
Тармақ 7
7. Бюджеттік бағдарламалардың аудандық әкімшілері төтенше жағдайларды жоюға аудан әкімдігі резервінен қаржы бөлу мәселелерін төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық басқарма аудандық қаржы басқармасымен келісе отырып қарастырады, аудан әкімдігінің қаржы бөлу туралы қаулысы жобасына белгіленген тәртіпте бұрыштама қояды. Бүл ретте негізделген материалдар мен олардың тізбесін ұсыну ережесін қаржы басқармасы мен
төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссия анықтайды.
Тармақ 8
8. Аудан әкімдігінің резервінен төтенше жағдайларды жою үшін, сондай-ақ:
төтенше жағдайлардың туындау нәтижесінде зардап шеккен азаматтарға материалдык көмек көрсетуге;
зардап шеккен тұрғындар тұратын және тамақтанатын уақытша пункттер ашуға және ұстауға;
шұғыл әрекет ету апаттық-құтқару және апаттық қалпына келтіру бөлімшелерін техникалық құтқару құралдарымен, жабдықтарымен, жарақтарымен қосымша жабдықтауға;
кәсіпорындар мен ұйымдарды тарта отырып жүзеге асырылған құтқару және апаттық қалпына келтіру жұмыстарын өткізуге арналған шығыстарды, олардың меншік түрінен тәуелсіз етуге;
төтенше жағдайлар аймағын тасымалдармен, күштермен және құралдармен қамтамасыз ету бойынша шығатын шығындарды өтеу;
төтенше жағдайларды жоюға байланысты басқа да іс-шараларға жүргізіледі.
Тарау 3. 3. Сот шешімдері бойынша аудандық бюджет есебінен ұсталатын жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге қаржы бөлу
3. Сот шешімдері бойынша аудандық бюджет есебінен ұсталатын жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге қаржы бөлу
Тармақ 9
9. Сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге арналған аудан әкімдігі резервінен қаржы бөлу туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасын белгіленген заңды тәртіпте аудан әкімі аппаратының құқық мәселесі жөнінен бас маманы немесе аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган дайындайды.
Тармақ 10
10. Сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу соттың атқарушы құжаттары болған және мекеме сметалары есебінен өтеу мүмкін болмаған жағдайда аудан әкімдігінің резерві есебінен қамтамасыз етіледі.
Тарау 4. 4. Өзге күтілмеген шығыстарға қаржы бөлу
4. Өзге күтілмеген шығыстарға қаржы бөлу
Тармақ 11
11. Ағымдағы жылы және ағымдағы қаржы жылында кідіріссіз шешімді талап ететін аудандық бюджетті және аудан бюджетін толығымен қалыптастыруда көзделмеген өзге де күтілмеген шығыстарды қаржыландыру аудан әкімдігі резервінен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері өзге де күтілмеген шығыстарға аудан әкімдігі резервінен қаражат бөлу үшін ауданның қаржы басқармаларына негіздемелермен есептерге сәйкес қаражат бөлу туралы өтініш ұсынады.
Тармақ 13
13. Ауданның қаржы басқармасы ұсынылған өтініш негізінде аудан әкімдігі резервінен қаражат бөлудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
Тармақ 14
14. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтініші бойынша оң қорытынды болған жағдайда, өзге де күтілмеген шығыстарға аудан әкімдігі резервінен қарақат бөлу туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасы белгіленген заңды тәртіпте осы бюджеттік бағдарламалар әкімшілері дайындайды.
Тарау 5. 5. Бақылау және есеп беру
5. Бақылау және есеп беру
Тармақ 15
15. Ауданның қаржы басқармасы тоқсан сайын аудан әкімдігі резервіндегі қаржы және оны пайдадалану туралы мәліметтерді аудан әкімдігіне ұсынады.
Тармақ 16
16. Аудан әкімдігі резервінен қаржы алған бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия аудандық қаржы басқармасы белгілеген тәртіпте және мерзімде болінген қаражат мөлшері мен орындаған жұмыстарының құны туралы есепті аудандық қаржы басқармасына ұсынуы тиіс.
Тармақ 17
17. Аудан әкімдігі резервіндегі қаржының мақсатты пайдаланылуын бақылауды ауданның қаржы басқармасы, қазынашылық басқарма жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес аудан әкімдігі резервінің қаражатын пайдалану ережесін бақылауды мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және бақылау департаменті жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Бөлінетін бюджеттік қаражатты мақсатты және тиімді пайдалану жауапкершілігі Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген тәртіпте алушыға жүктеледі.