Об автомобильном транспорте Қолданыста
Басқа 0
Автомобиль көлiгi туралы
Осы Заң автомобиль көлiгi саласында тасымалдаушылар, жолаушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қатынастарды реттейдi.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгi ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақыру жүйесі (бұдан әрі – шұғыл шақыру жүйесі) – шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерге Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары және өзге де төтенше жағдайлар туралы қалыптасқан ақпаратты беруді қамтамасыз ететін, навигациялық спутниктік жүйелердің сигналдары мен деректерін пайдалана отырып жұмыс істейтін мемлекеттік
автоматтандырылған цифрлық жүйе;
Тармақша 1-1
1-1) автобус – жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар, жолаушылар мен багажды тасымалдауға арналған автомобиль көлiгі құралы;
Тармақша 2
2) автовокзал - жолаушылар легi тәулiгiне бес жүзден астам адам болатын, жолаушыларға және автобустардың жүргiзушiлерiне қызмет етуге арналған және оған: жетпiс бестен астам адам сиятын күту залы және билет кассалары бар күрделi ғимарат, жүргiзушiлердi медициналық куәландыру және алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету пункттерi, сақтау камералары, жолаушыларды отырғызуға және түсiруге арналған перрон, автобустар тұратын алаң, автобустарды қарау посттары, диспетчерлiк пункттер және ана мен бала бөлмесi кiретiн, кемінде бес мың шаршы метр аумақта орналасқан құрылыстар кешенi;
Тармақша 2-1
2-1) автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері көрсететін қызметтер – жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды қамтамасыз етуге байланысты автовокзалдарда, автостанцияларда және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінде жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет;
Тармақша 3
3) автокөлiк құралдарын техникалық пайдалану - автокөлiк құралдарын қауiпсiз пайдалануды ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар, техникалық әсер ету (диагностикалау, техникалық қызмет ету, жөндеу) кешенi;
Тармақша 3-1
3-1) автоматтандырылған өлшеу станциясы – метрологиялық салыстырып тексеруден өткен, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыратын, автоматты режимде жұмыс істейтін, автомобиль көлігі құралдарының түрін, маркасын, мемлекеттік тіркеу белгісін, салмақтық және габариттік параметрлерін, осьтік жүктемелерін және жүру жылдамдығын
анықтайтын немесе тіркеп-белгілейтін сертификатталған бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптарының зияткерлік көлік жүйесімен интеграцияланған кешені;
Тармақша 4
4) автомобиль көлiгi – қызмет аясы автокөлiк құралдары мен инфрақұрылымды пайдалана отырып, жолаушылар, багаж, жүктер мен пошта жөнелтілімдерін тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылатын экономика саласы;
Тармақша 5
5) автомобиль көлігі инфрақұрылымы – тасымалдау процесінің үздіксіздігін, сондай-ақ автокөлік құралдарын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін құрылыстар (автовокзалдар, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері, жүк терминалдары, автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу станциялары (шеберханалары), автокөлік құралдарын сақтауға арналған құрылыстар) кешені;
Тармақша 6
6) автомобиль көлігі құралы (бұдан әрі – автокөлік құралы) – автобустарды, шағын автобустарды, жеңіл және жүк автомобильдерін, троллейбустарды, автомобиль тіркемелерін, ершікті тартқыштарға жартылай тіркемелерді, сондай-ақ арнайы бейімделген автомобильдерді (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған) және арнаулы автомобильдерді (әртүрлі, көбінесе көлікке арналмаған жұмыстарды орындауға арналған) қамтитын, автомобиль көлігі жылжымалы құрамының бірлігі;
Тармақша 6-1
6-1) автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станциясы – автомобиль көлігі құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін өлшеу жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған, осы мақсаттар үшін зияткерлік көлік жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін өлшеу құралы, стационарлық типтегі салмақ өлшеу жабдығы немесе жылжымалы ұтқыр таразылар бар стационарлық немесе ауыспалы пункт;
Тармақша 6-2
6-2) автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станциясының операторы – автомобиль көлігі құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін өлшеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
Тармақша 7
7) автомобильмен тасымалдау – автомобиль жолдары арқылы автокөлiк құралдарымен жүзеге асырылатын жолаушылар, багаж, жүктер және пошта жөнелтілімдері тасымалы;
Тармақша 8
8) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрі – тасымалдаушы) – жеңіл автокөлік құралдарын қоспағанда, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарын иеленетін, жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 9
9) автостанция - жолаушылар легі тәулігіне бес жүз адамнан аз болатын, жолаушыларға және автобустардың жүргізушілеріне қызмет етуге арналған және оған: жетпіс бес адамға дейін сиятын күту залы және билет кассалары бар күрделі ғимарат, сақтау камералары, жолаушыларды отырғызуға және түсіруге арналған перрон, автобустар тұратын алаң, диспетчерлік пункттер кіретін, кемінде екі жарым мың шаршы метр аумақта орналасқан құрылыстар кешені;
Тармақша 9-1
9-1) ақпараттық-диспетчерлік такси қызметі – клиенттердің тапсырыстарын өңдеуге және оларды таксимен тасымалдаушының орындауына, оның ішінде аппараттық-бағдарламалық кешенді, интернет-платформаларды және (немесе) таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшасын қолдана отырып беруге арналған, Қазақстан Республикасының дара кәсіпкері немесе заңды тұлғасы болып табылатын тасымалдаушы немесе өзге де тұлға құратын қызмет;
Тармақша 9-2
Тармақша 9-3
9-3) әлеуметтiк маңызы бар тасымалдаулар – қоғамның әлеуметтiк-экономикалық жағдайына әсер ететiн және тарифтердің қолжетiмдi деңгейi мен Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықтың еркiн қозғалу мүмкiндiгін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылатын тұрақты қатынаста жолаушыларды тасымалдаулар;
Тармақша 10
10) багаж - Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларында белгіленген нормалар шегінде, буылып-түйілген және автобустың, шағын автобустың багаж бөлімшесінде немесе автобусқа, шағын автобусқа ілесіп жүретін багаж автомобилінде, сондай-ақ тасымалдаушымен қосымша келісім негізінде таксимен тасымалданатын жолаушы мүлкі;
Тармақша 10-1
10-1) бөлінбейтін жүк – тасымалдау кезінде мақсатын өзгертпей, шамадан тыс шығындарсыз немесе оның бүліну тәуекелінсіз екі немесе одан көп бөлікке бөлуге болмайтын ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүк;
Тармақша 11
11) жеңіл автомобиль - жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауға арналған және жүргізушінің орнын қоспағанда, отыратын орны сегізден аспайтын автокөлік құралы;
Тармақша 12
12) жолаушы - автомобильмен тасымалдауға жасалған шарт негізінде немесе өзге де заңды негізде тасымалдаушы көрсететін қызметтерді пайдаланатын жеке тұлға;
Тармақша 12-1
12-1) жолаушылар агенттігі – жол жүру құжаттарын (билеттерді) ресімдеуге қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін, тасымалдаушымен арадағы шарт негізінде өзінің сату пункттері арқылы жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату жөнінде қызметтер көрсететін тұлға;
Тармақша 12-2
12-2) жолаушыларға қызмет көрсету пункті – жол жүру құжаттарын (билеттерді) және багаж түбіртектерін сату үшін, автокөлік құралдарының қауіпсіз аялдауына, жолаушыларды отырғызуға, түсіруге арналған алаңмен және жолаушыларды әртүрлі ауа райы жағдайларынан қорғауға арналған ғимаратпен жабдықталған, автовокзалдары немесе автостанциялары жоқ елді мекендерде жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған объект;
Тармақша 13
13) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдау – тұрақты тасымалдауға жатпайтын, белгіленген тәртіппен берілген лицензиялары бар тасымалдаушылар автобустарды, шағын автобустарды пайдалана отырып жүзеге асыратын тасымалдаулар;
Тармақша 14
14) жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау - тасымалдаушылар автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды пайдалана отырып, алдын ала келісілген жол жүру маршруттары, бастапқы және соңғы пункттері, жолаушылар отырғызу және түсіру пункттері белгіленген қозғалыс кестелері бойынша жүзеге асыратын тасымалдар;
Тармақша 15
15) жолдама парақ – жүргізуші мен автокөлiк құралының жұмысын есепке алуды жүргізу мен бақылауға арналған қағаз немесе электрондық-цифрлық нысандағы құжат;
Тармақша 15-1
15-1) жол жүру құжаты (билет) – ресімдеу арқылы жолаушыны тасымалдау шарты жасалатын қағаз немесе электрондық нысандағы құжат;
Тармақша 16
16) жүк алушы - жүкті автомобильмен тасымалдау шарты негізінде немесе өзге де заңды негіздерде жүк алуға уәкілетті жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 17
17) жүк жөнелтуші - оның атынан жүк жөнелту ресімделетін жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 17-1
17-1) жүктер – Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес тасымалдауға қабылданған мүлік;
Тармақша 17-2
17-2) инватакси – мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған такси;
Тармақша 17-3
17-3) интеллектуалды көлік жүйесі – жол жүрісін және
жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қызметін басқаруды, мониторингтеу мен бақылауды қамтамасыз ететін өзара байланысты автоматтандырылған жүйелердің, сондай-ақ автоматты режимде жұмыс істейтін, Қазақстан Республикасының жол жүрісі және автомобиль көлігі туралы заңнамасын бұзушылықты анықтайтын немесе тіркеп-белгілейтін техникалық құралдардың кешені;
Тармақша 18
18) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі – автомобиль көлігі саласындағы тасымалдау қызметіне байланысты құжаттарды тіркеуді, есепке алуды, өңдеуді және сақтауды және осындай құжаттар туралы қалыпқа түсірілген ақпаратты тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар мен тасымалдау процесіне қатысушыларға беруді қамтамасыз ететін
цифрлық жүйе;
Тармақша 18-1
18-1) көліктік бақылау бекеті – арнайы лайықталған ғимаратпен немесе арнайы автокөлікпен жабдықталған, техникалық бақылау құралдарымен жарақтандырылған стационарлық немесе жылжымалы бақылау-өткізу пункті;
Тармақша 18-2
18-2) қоғамдық көлік – жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты және тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыратын, көпшілік пайдаланатын көлік, сондай-ақ такси;
Тармақша 19
19) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 20
20) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 21
21) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 22
22) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 23
23) қол жүгi - салмақ және көлем өлшемдерi Автомобиль көлiгiмен жолаушылар және багаж тасымалдау ережелерiнде белгiленген талаптарға сәйкес келетiн, жолаушының автобус, шағын автобус немесе такси салонында тасымалдайтын жеке заттары;
Тармақша 23-1
23-2) өзі аударғыш – жүкті түсіру үшін механикалық еңкейтілетін шанағы бар, өзі түсіретін жүк автомобилі, тіркеме немесе жартылай тіркеме;
Тармақша 23-4
23-4) сервис орталығы (шеберхана) – тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 23-5
23-5) сертификаттау орталығы – 1970 жылғы Халықаралық автомобиль тасымалын жүргізетін автокөлік құралдары экипаждарының жұмысына қатысты Еуропалық келісім (ЕСТР) ережелеріне сәйкес электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды цифрлық сертификаттауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 23-6
23-6) спутниктік навигация аппаратурасы – автокөлік құралына жаһандық навигациялық спутниктік жүйелердің сигналдары арқылы оның ағымдағы орналасқан жерін, жүру бағыты мен жылдамдығын айқындау, қосымша борт жабдығымен деректер алмасу үшін, сондай-ақ жылжымалы радиотелефон байланысы желілері арқылы ақпарат алмасу үшін орнатылатын аппараттық-бағдарламалық құрылғы;
Тармақша 24
24) алынып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 25
25) такси - Автомобиль көлiгiмен жолаушылар және бағалық тасымалдау ережелерiне сәйкес жабдықталған, жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдауға арналған жеңiл автомобиль;
Тармақша 25-1
25-1) таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшасы – ұялы байланыс қызметтері немесе Интернет арқылы таксиге тапсырыс беруге және көлік құралын экипажымен қоса жалға алуға қолжетімділік беретін платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшасы;
Тармақша 25-2
25-2) таксимен тасымалдаушы – интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау қызметтерін көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
Тармақша 25-3
25-3) таксометр – жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау құнын (бағасын) есептеуге арналған құрылғы;
Тармақша 25-4
25-4) тахограф – жүргiзушiлердiң еңбек пен демалыс режимiн тiркейтін механикалық не электрондық (цифрлық) бақылау құрылғысы;
Тармақша 26
26) алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 № 188-IV Заңымен;
Тармақша 27
27) уәкiлеттi орган – автомобиль көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 28
28) халықаралық автомобильмен тасымалдау - тасымалдаушылар әр түрлi мемлекеттер аумағында орналасқан мекендер арасында жүзеге асыратын тасымалдар;
Тармақша 28-1
Тармақша 29
29) шағын автобус - жасаушы завод жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, отыратын орны он алтыдан аспайтын етiп көздеген, ерекше шағын сыныптағы автобус;
Тармақша 30
30) шұғыл қимылдайтын жедел қызметтер – Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарында жол-көлік оқиғалары мен өзге де төтенше жағдайлар кезінде шұғыл көмек көрсететін қызметтер;
Тармақша 31
Тармақша 32
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдары
2-бап. Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдары
Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың нормалары қолданылады.
Бап 3. 3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес автомобиль көлiгi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
«Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Конституциялық заңда астанада жолаушылар мен багажды тасымалдаудың ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.
Бап 4. 4-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы қызметтi жүзеге асырудың негiзгi принциптерi
4-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы қызметтi жүзеге асырудың негiзгi принциптерi
Автомобиль көлiгi саласындағы жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер мынадай негiзгi принциптер негiзiнде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) адамдар қауiпсiздiгiнiң, олардың өмiрi мен денсаулығын сақтаудың, табиғатты және мәдени құндылықтарды қорғаудың басымдығы;
Тармақша 2
2) автомобиль көлiгi саласындағы жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi жүзеге асыру кезiнде жеке және заңды тұлғалар құқықтарының теңдiгi;
Тармақша 3
3) тұтынушыға автомобиль көлiгi саласындағы көрсетілетін қызметтерді таңдау еркіндігін қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес автомобиль көлiгi саласындағы жұмыстарға және көрсетiлетiн қызметтерге баға еркiндiгiн қамтамасыз ету.
Бап 5. 5-бап. Автомобиль көлігінің жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету және оны төтенше жағдайларды жоюға тарту
5-бап. Автомобиль көлігінің жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету және оны төтенше жағдайларды жоюға тарту
Автомобиль көлiгiнің жұмылдыру дайындығын, азаматтық қорғаныс және авариялық-құтқару жұмыстары, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі iс-шараларды қамтамасыз етуге байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының арнайы заңнамалық актiлерімен реттеледi.
Әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгiзiлген кезде мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шығыстарды кейiннен өтей отырып, өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға тартуға құқылы.
Бап 5-1. 5-1-бап. Автомобиль көлігін беру міндеті
5-1-бап. Автомобиль көлігін беру міндеті
Жеке және заңды тұлғалар (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкiлдiктерiнен басқа) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының оқиғалар, төтенше жағдайлар болған жерлерге бару және шұғыл медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелерiне жеткiзу үшiн автомобиль көлігін пайдалану жөніндегі заңды талаптарын орындауға міндетті.
Жеке және заңды тұлғалардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою үшін автомобиль көлігін (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерін қоспағанда) беруі, сондай-ақ автомобиль көлігін пайдаланғаны үшін шығыстарды өтеу, осы баптың бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Жергілікті атқарушы органдар тиісті уәкілетті органның ұсынуы бойынша төтенше жағдайдың алдын алуға және оны жоюға тартылған күштер мен құралдарды тасымалдауды ұйымдастырады.
Осы баптың бірінші және үшінші бөліктерінде
көзделген жағдайларда автомобиль көлігінің иелеріне көлікті пайдаланғаны үшін шығыстар, сондай-ақ келтірілген залал Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі.
Бап 6. 6-бап. Автомобиль көлiгiндегi экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк және өрт қауiпсiздiгi
6-бап. Автомобиль көлiгiндегi экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк және өрт қауiпсiздiгi
Автомобиль көлiгiндегi экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк және өрт қауiпсiздiгi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен регламенттеледi.
Бап 7. 7-бап. Тасымалдаушыларға және автокөлiк құралдарына тасымал қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде қойылатын талаптар
7-бап. Тасымалдаушыларға және автокөлiк құралдарына тасымал қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Жолаушылар, багаж және жүк тасымалына:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарына сәйкес бiлiктiлiгiн және кәсiби жарамдылығын растайтын құжаттары;
Тармақша 2
2) тасымалдың тиiстi түрiн жүзеге асыруға жарамды және техникалық регламенттердiң талаптарына сай келетiн автокөлiк құралдары бар тасымалдаушылар жiберiледi.
Тармақ 2
2. Шағын автобустармен жолаушылар тасымалдауға жиырма бір жасқа толған, «D1» кіші санатындағы көлік құралдарын басқару құқығы және кемінде үш жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде бір жыл «С» санатына жатқызылатын көлік құралдарын басқару өтілі бар жүргiзушiлер жiберiледi.
Тармақ 2-1
2-1. Жүргізушінің орнынан басқа, он алтыдан көп отыратын орындары бар автобустармен және троллейбустармен жолаушылар тасымалдауға жиырма үш жасқа толған, кемінде үш жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде бір жыл «D1» кіші санатына жатқызылатын көлік құралдарын басқару өтілі бар жүргiзушiлер жiберiледi.
Тармақ 3
3. Автобустарда багаж қоятын бөлiмшеден тыс орында жүк, оның iшiнде багаж тасымалдауға тыйым салынады.
Тармақ 4
4. Таксимен тасымалдауды жүзеге асыру үшін кемiнде төрт есiгi бар, сериялы шығарылатын жеңiл автомобильдердi пайдалануға жол берiледi.
Таксимен тасымалдау үшiн арнаулы, оның iшiнде толықтай қолмен, рулi оң жақтан басқарылатын, сондай-ақ бүйір есiгi төрт есіктен аз автокөлiк құралдарын пайдалануға (егер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде инватаксидің бүйір есіктерінің санына қойылатын өзге де талаптар қамтылмаса) тыйым салынады.
Бап 8. 8-бап. Автомобильмен тасымалдаудың түрлерi
8-бап. Автомобильмен тасымалдаудың түрлерi
Тармақ 1
1. Автомобильмен тасымалдау:
Тармақша 1
1) жолаушылар мен багажды тасымалдау;
Тармақша 2
2) жүк тасымалдау;
Тармақша 3
3) пошта жөнелтілімдерін тасымалдау болып бөлiнедi.
Тармақ 2
2. Қатынас түрлерi бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау:
Тармақша 1
1) халықаралық – Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы немесе Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік тасымалдаулар;
Тармақша 2
2) республикаішілік – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан елді мекендер арасындағы тасымалдаулар болып бөлінеді.
Тармақ 3
Тармақ 3
Тармақ 4
4. Жолаушылар мен багажды республикаішілік тасымалдау әкімшілік-аумақтық белгісіне қарай:
Тармақша 1
1) қалалық (ауылдық) – елді мекеннің белгіленген шекаралары шегіндегі тасымалдау;
Тармақша 2
2) қала маңындағы – елді мекеннің белгіленген шекараларынан өлшенетін, ұзақтығы елу километрге дейінгі қала маңындағы аймақпен елді мекенді жалғастыратын маршруттар бойынша тасымалдау;
Тармақша 3
3) ауданішілік – бір аудан шегіндегі елді мекендер арасындағы тасымалдау;
Тармақша 4
4) ауданаралық (облысішілік қалааралық) – әртүрлі аудандардағы елді мекендер арасында жүзеге асырылатын немесе елді мекендерді облыстық маңызы бар қалалармен жалғастыратын, бір облыс шегіндегі тасымалдау;
Тармақша 5
5) облысаралық қалааралық – әртүрлі облыстардағы елді мекендер арасында жүзеге асырылатын немесе елді мекендерді республикалық маңызы бар қалалармен, астанамен жалғастыратын тасымалдау болып бөлінеді.
Тармақ 5
5. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау ұйымдастыру сипатына қарай тұрақты, тұрақты емес және таксимен тасымалдау болып бөлінеді.
Бап 9. 9-бап. Автокөлік құралдарын тахографтармен жабдықтау жөніндегі талаптар
9-бап. Автокөлік құралдарын тахографтармен жабдықтау жөніндегі талаптар
Тармақ 1
1. Тахографтармен жабдықтауға автобустар, жүк автомобильдері, оның ішінде:
Тармақша 1
1) қауіпті жүктерді автомобильмен тасымалдауды;
Тармақша 2
2) жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды;
Тармақша 3
3) жолаушыларды және багажды автомобильмен облысаралық қалааралық тұрақты тасымалдауды;
Тармақша 4
4) жолаушыларды және багажды автомобильмен облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын мамандандырылған автомобильдер жатады.
Тармақ 2
2. Тахографтарды орнатуды және оларға қызмет көрсетуді сервис орталықтары (шеберханалар) жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Тахографтарды, оның ішінде электрондық (цифрлық) тахографтарды және электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды пайдалану жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады, оларда:
Тармақша 1
1) жүргiзушiлердiң еңбек және тынығу режимiне және оны тіркеуге қойылатын талаптар;
Тармақша 2
2) тахографтарды орнату және пайдалану жөніндегі талаптар;
Тармақша 3
3) тахографтарды орнатуды және оларға қызмет көрсетуді жүзеге асыратын сервис орталықтарына (шеберханаларға) қойылатын талаптар;
Тармақша 4
4) тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтің жүзеге асырылуының басталғандығы туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу тәртібі;
Тармақша 5
5) электрондық (цифрлық) тахографтарға арналған электрондық карточкаларды сертификаттау, дайындау және беру тәртібі;
Тармақша 6
6) электрондық (цифрлық) тахографтар бойынша ұлттық дерекқордың жұмыс істеу тәртібі белгіленеді.
Тармақ 4
4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде автобустарды, жүк автомобильдерін, оның ішінде арнайы бейімделген автомобильдерді:
Тармақша 1
1) жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін тіркеудің бақылау құрылғыларынсыз (тахографтарсыз);
Тармақша 2
2) ажыратылған ақауы жоқ тахографпен;
Тармақша 3
3) толтырылмаған диаграммалық дискілермен;
Тармақша 4
4) бұрын пайдаланылған диаграммалық дискілерді қолданып;
Тармақша 5
5) электрондық (цифрлық) тахографтарды қолданған жағдайда, электрондық карточкаларды пайдаланбай;
Тармақша 6
6) жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін күнделікті тіркеу парақтарын жүргізбей (бақылау құрылғысының ақауы болған жағдайда) пайдалануға жол берілмейді.
Тармақ 5
5. Жеке немесе заңды тұлғалар тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету бойынша қызметті жүзеге асыруды бастар алдында "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдарға белгіленген нысанда хабарлама жіберуге міндетті.
Тармақ 6
6. Жеке немесе заңды тұлғалар электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындау және беру бойынша қызметті жүзеге асыруды бастар алдында "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға белгіленген нысанда хабарлама жіберуге міндетті.
Бап 9-1. 9-1-бап. Қазақстан Республикасының аумағына кіретін (әкелінетін) және басқа мемлекетте тіркелген автокөлік құралына қойылатын талаптар
9-1-бап. Қазақстан Республикасының аумағына кіретін (әкелінетін) және басқа мемлекетте тіркелген автокөлік құралына қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Басқа мемлекеттерде тіркелген автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне (әкелінуіне) мынадай:
Тармақша 1
1) автокөлік құралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық іздестіруде немесе іздестіруде болған;
Тармақша 2
2) көлік құралының басқа мемлекетте тіркелгені туралы куәлік болмаған;
Тармақша 3
3) автокөлік құралының меншік иесі туралы мәліметтерді, автокөлік құралының сәйкестендіру белгілерін, осындай автокөлік құралын жеткізу орны және қабылдау шарттары туралы мәліметтерді қамтитын, Қазақстан Республикасының аумағына автокөлік құралын тасымалдау туралы қызметтер көрсетуге арналған шарт болмаған (автокөлік құралдарын тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді пайдалана отырып, автокөлік құралдарын әкелген жағдайда);
Тармақша 4
4) көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассиінің паспорттары) және өздігінен жүретін машиналардың және басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйесінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген автокөлік құралдарының сәйкестендіру белгілері және олардың тіркеу есебі туралы мәліметтер болмаған жағдайларда, жол берілмейді.
Тармақ 2
2. Басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген автокөлік құралдарының кіруі (әкелінуі) және оларды Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кіруінің (әкелінуінің) және оларды Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланудың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртібі мен талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Автомобиль саласындағы мемлекеттік реттеу
2-тарау. Автомобиль саласындағы мемлекеттік реттеу
Бап 10. 10-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мiндеттерi
10-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мiндеттерi
Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) экономиканың және халықтың автомобильмен тасымалдауға және өзге де жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге деген мұқтажын қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау;
Тармақша 2
2) жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерiн, сондай-ақ мемлекеттiң ұлттық мүдделерiн қорғау;
Тармақша 3
3) халықаралық автомобильмен тасымалдау рыногында отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабiлеттiлiгi үшiн жағдайлар жасау;
Тармақша 4
4) автомобильмен тасымалдаудың iшкi рыногын қорғау;
Тармақша 5
5) автомобиль көлiгiнiң инфрақұрылымын одан әрi дамыту.
Бап 11. 11-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеу және бақылау
11-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеу және бақылау
Тармақ 1
1. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеу құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, техникалық реттеу, стандарттау, Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарының сақталуын мемлекеттiк бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретi шегiнде уәкiлеттi орган және басқа да мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуін бақылау Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде, сондай-ақ тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де орындарында және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында, қалалар немесе өзге де елді мекендер шекараларының шегіндегі автомобиль жолдарында жүзеге асырылады.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiн, сондай-ақ тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де орындарын және көлiктiк бақылау бекеттерін техникалық бақылау құралдарымен жарақтандырмай құруға жол берiлмейдi. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінің, сондай-ақ тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де орындарының және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Тармақ 4
4. Мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген автокөлік құралдарының салмақ және габарит өлшемдерін асыра отырып, автокөлік құралының жүріп өтуі;
Тармақша 2
2) ірі габаритті, ауыр салмақты және қауіпті жүктерді қоса алғанда, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде болуға тиіс, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттардың және (немесе) хабарламалардың болмауы;
Тармақша 3
Тармақша 4
4) ірі габаритті, ауыр салмақты және қауіпті жүктерді қоса алғанда, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол жүру маршрутын және (немесе) кестесін сақтамау;
Тармақша 5
5) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында берілген хабарламаны орындамау;
Тармақша 6
6) осы Заңның 44-бабында белгіленген талаптарды тексеру;
Тармақша 7
7) автоматтандырылған өлшеу станциясы арқылы жүріп өту тәртібін сақтамау;
Тармақша 8
8) уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде жүктерді жүк таситын және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тіркеудің болмауы уәкілетті органның лауазымды адамдарының талабы бойынша автокөлік құралын тоқтату үшін негіздер болып табылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген автокөлік құралын тоқтату үшін негіздерді интеллектуалды көлік жүйесі айқындайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген автокөлік құралын тоқтатуға негіз Қазақстан Республикасының аумағында күнтізбелік бес күннен астам болған шетелдік автокөлік құралдарына қолданылады.
Тармақ 5
5. Уәкілетті органның лауазымды адамына осы баптың 4-тармағында көзделмеген негіздер бойынша автокөлік құралын тоқтатуға тыйым салынады.
Тармақ 6
6. Автоматтандырылған өлшеу станциялары арқылы жүріп өту тәртібі автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларында айқындалады.
Бап 12. 12-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
12-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
Бап 13. 13-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
13-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастырады және іске асырады;
Тармақша 1-1
1-1) автомобиль көлігі саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) өз құзыретi шегiнде автомобиль көлiгi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi;
Тармақша 3
3) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 4
4) тиiстi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен келісім бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен облысаралық қалааралық тұрақты тасымалдаудың маршруттары мен қозғалыс кестелерiн бекiтедi;
Тармақша 5
5) жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдауды ұйымдастырады, аталған тасымалдаулардың маршруттары бойынша қозғалыс кестесiн келiседi;
Тармақша 6
6) жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық және облысаралық қалааралық тұрақты тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзедi;
Тармақша 7
7) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 8
8) осы Заңның 19-4-бабында белгiленген жағдайларды қоспағанда, автомобиль көлiгiнің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері талаптарының сақталуын бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiң қоғамдық бiрлестiктермен және қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы заңды тұлғалар бiрлестiктерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз етедi;
Тармақша 10
10) Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидасын бекiтедi;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану қағидасын бекітеді;
Тармақша 12
12) автомобиль көлiгi саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлейдi;
Тармақша 13
13) көлiктiк бақылау бекеттерiнiң жұмысын ұйымдастыру тәртiбiн бекiтедi;
Тармақша 13-1
13-1) автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 13-2
13-2) автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 14
14) жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беруді жүзеге асырады;
Тармақша 15
15) Қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру қағидасын бекітеді;
Тармақша 16
16) алып тасталды - ҚР 29.12.2014№ 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 17
17) тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін белгіленген тәртіпке сәйкес бекітеді;
Тармақша 17-1
17-1) тасымалдаушылар көрсететін қызметтердің, автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері көрсететін қызметтердің ұлттық стандарттарын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізеді;
Тармақша 17-2
17-2) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарайды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 18
18) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 19
19) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 20
20) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 21
21) электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындау және беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;
Тармақша 22
22) электрондық (цифрлық) тахографтар жөніндегі ұлттық дерекқорды жүргізеді;
Тармақша 23
23) Автомобиль көлігімен (инватаксимен) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидасын бекітеді;
Тармақша 23-1
23-1) автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлейдi;
Тармақша 23-2
23-2) автомобиль көлiгi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 23-3
23-3) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның лауазымды адамдарын нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекітеді;
Тармақша 23-4
23-4) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартын бекітеді;
Тармақша 23-5
23-5) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекітеді;
Тармақша 23-6
23-6) жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларын бекітеді;
Тармақша 23-7
23-7) автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 23-8
23-8)
республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль
көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 23-9
23-9) автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 23-10
23-10) автомобиль көлiгi құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекiтедi;
Тармақша 23-11
23-11) Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекітеді;
Тармақша 23-12
23-12) Қазақстан Республикасының аумағында автокөлiк құралдарымен тасымалдауға жол берiлетiн қауiптi жүктердiң тiзбесiн бекiтедi;
Тармақша 23-13
23-13) автомобиль көлігі саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді;
Тармақша 23-14
23-14) Қазақстан Республикасының аумағында ірi габаритті және ауыр салмақты жүктердi тасымалдауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру тәртібін бекітеді;
Тармақша 23-15
23-15) төтенше жағдайларды жоюға тасымалдаушыларды тарту тәртiбiн айқындайды;
Тармақша 23-16
23-16)
республикалық маңызы бар қалаларды, астананы және олардың агломерацияларын қоспағанда, әлеуметтік
маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 23-17
23-17) алып тасталды - ҚР 05.05.2017 № 59-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 23-18
23-18) автомобиль көлiгi саласындағы лицензияланатын қызмет (кіші қызмет) түрлеріне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi;
Тармақша 23-19
23-19) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын бекітеді;
Тармақша 23-20
23-20) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркеуге, есепке алуға, өңдеуге және сақтауға жататын құжаттардың тізбесін бекітеді;
Тармақша 23-21
23-21) автоматтандырылған өлшеу станцияларының тізілімін жүргізеді;
Тармақша 23-22
23-22) тасымалдаушылардың әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты залалын бюджет қаражаты есебінен субсидиялаудың үлгілік шартын бекітеді;
Тармақша 24
24) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 14. 14-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктiөкiлдi және атқарушы органдарының құзыретi
14-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктiөкiлдi және атқарушы органдарының құзыретi
Тармақ 1
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдары:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 2
2) өз құзыретi шегiнде жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын бекiтедi;
Тармақша 3
3) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 5
5) әлеуметтiк маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындайды;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары:
Тармақша 1
1) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), ал республикалық маңызы бар қалаларда, астанада – қалалық және қала маңындағы тасымалдауды ұйымдастырады, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзедi;
Тармақша 1-1
1-1) автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 2
2) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), ал республикалық маңызы бар қалаларда, астанада – қалалық және қала маңындағы тасымалдаулар маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiтедi;
Тармақша 3
3) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық автомобильмен тасымалдаулар маршруттарын және жүру кестелерiн келіседi;
Тармақша 4
4) республикалық маңызы бар қалаларда, астанада жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауларды ұйымдастырады;
Тармақша 4-1
4-1) республикалық маңызы бар қалаларда, астанада интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың, таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;
Тармақша 5
5) автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), ал республикалық маңызы бар қалаларда, астанада – қалалық және қала маңындағы автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзедi;
Тармақша 6-1
6-1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 6-2
6-2) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 7
7) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 8
8) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 9
9) жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзiрлейдi;
Тармақша 10
10) жолаушыларды ауданаралық (облысішілік қаларалық), ал республикалық маңызы бар қалаларда, астанада – қалалық және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтiк мәні бар тасымалдауларды жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асырады;
Тармақша 10-1
10-1) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асырады;
Тармақша 10-2
10-2) халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;
Тармақша 11
11) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 2-1
2-1. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
Тармақша 1
1) қалалық қоғамдық көлікте қолданылатын тарифтік саясатты әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 2
2) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және олардың агломерацияларының аумағында жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 3
3) уәкілетті органмен келісу бойынша жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді.
Тармақ 3
3. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары:
Тармақша 1
1) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тасымалдауларды ұйымдастырады, олардың маршруттарын бекiтедi, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастырады және өткiзедi, маршруттар бойынша жүру кестелерiн бекiтедi;
Тармақша 2
2) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзедi;
Тармақша 3
3) жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастырады;
Тармақша 3-1
3-1) шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртiбiн әзірлейді және бекiтедi;
Тармақша 4
4) алыстағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдауды ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастарда әлеуметтiк мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асырады;
Тармақша 5-1
5-1) тахографтарды орнату және оған қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;
Тармақша 5-2
5-2) интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың, таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;
Тармақша 6
6) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 14-1. 14-1-бап. Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы
14-1-бап. Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы
Бап 15. 15-бап. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi
15-бап. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде автокөлік құралдарын тоқтатуға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарының бұзылуы туралы тексерулердi жүзеге асыруға және актiлер жасауға, жолсыздықтарды жою туралы орындалуға мiндеттi нұсқамалар беруге;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) осы Заңның 19-6-бабында көрсетілген, тексеру жүргізуге қажетті құжаттарды жеке және заңды тұлғалардан сұратуға;
Тармақша 5
5) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен уәкілетті органның лауазымды адамдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалануға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдары:
Тармақша 1
1) жеке және заңды тұлғалардың автомобиль көлiгi қызметi мәселелерi жөнiндегi өтiнiштерiн қарауға және олар бойынша тиiстi шаралар қолдануға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.
Тармақ 3
3. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдары автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде нысанды киiм (погонсыз) киюге, олардың нөмiрлi омырау белгiлерi, сондай-ақ қызметтiк куәлiктерi не сәйкестендіру карталары болуға тиiс.
Автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның нысанды киiм (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдарының тізбесін, нысанды киiмнің (погонсыз), нөмiрлi омырау белгiлерiнің, қызметтiк куәлiктiң үлгiлерiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
Бап 16. 16-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы лицензиялау
16-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы лицензиялау
Автомобиль көлiгi саласындағы кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерi Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берiлетiн лицензия негiзiнде жүзеге асырылады.
Жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста
автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау лицензиарға берілген лицензияға қосымшада көрсетілген автобустармен, шағын автобустармен жүзеге асырылады.
Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жолаушылар тасымалы жүзеге асырылатын автобустардың, шағын автобустардың жылжымалы құрамының бірлігі өзгерген жағдайда, лицензияға қосымша қайта ресімдеуге жатады.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
33-бабының 3 – 8-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 17. 17-бап. Сәйкестiктi растау
17-бап. Сәйкестiктi растау
Тармақ 1
1. Автомобиль көлiгi саласындағы автокөлiк құралдарының, автокөлiкке арналған жабдықтардың, олардың өмiрлiк циклi процестерiнiң сәйкестiгiн растау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Шет мемлекет берген сәйкестiктi растау саласындағы құжат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес танылады.
Бап 17-1. 17-1-бап. Электрондық (цифрлық) тахографтарға
электрондық карточкаларды сертификаттау
17-1-бап. Электрондық (цифрлық) тахографтарға
электрондық карточкаларды сертификаттау
Электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды сертификаттауды сертификаттау орталығы Қазақстан Республикасы халықаралық шартының ережелеріне сәйкес Еуропалық комиссияның бас сертификаттау орталығының цифрлық сертификатын қолдана отырып жүзеге асырады.
Бап 18. 18-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мiндеттi сақтандыру
18-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мiндеттi сақтандыру
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында автокөлiк құралдарын пайдалануға олардың иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылған жағдайда ғана жол берiледi.
Тармақ 2
2. Жолаушылар мен багаж тасымалдауды жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын автокөлiк құралдарымен жол жүрген кезде жолаушылардың өмiрiне, денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген зиян үшiн тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi де мiндеттi сақтандырылуға жатады.
Тармақ 3
3. Автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру және тасымалдаушылардың жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерi, сондай-ақ сақтандырудың осы түрлерiн (кластарын) ұстау және оларды жүргiзу шарттары бойынша қосымша талаптар Қазақстан Республикасының сақтандырудың осы түрлерi (кластары) туралы заң актiлерiмен белгiленедi.
Бап 19. 19-бап. Тарифтер
19-бап. Тарифтер
Тармақ 1
1. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделгендерден басқа жағдайларда жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдауға еркін (шарттық) тарифтер белгіленеді.
Тармақ 2
2. Жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін жергiлiктi атқарушы орган барлық маршруттар үшін бірыңғай белгілейді.
Тармақ 2-1
2-1. Тариф жергілікті атқарушы органның шешімімен маршруттың түріне, жол жүру билетінің түріне, төлем тәсіліне, сондай-ақ тасымалдау қашықтығына немесе жүріп өткен аялдама пункттерінің санына қарай сараланады.
Тармақ 3
3. Қала маңы қатынасында жолаушылар мен багажды тасымалдау құнын тасымалдауларды ұйымдастырушы жергілікті атқарушы орган бекітетін тарифке сәйкес, тасымалдау қашықтығына қарай белгілейді.
Тармақ 4
4. Жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін жергiлiктi атқарушы орган белгілейді.
Тармақ 5
5. Осы баптың 2-4-тармақтарына сәйкес белгіленетін тарифтер жергілікті өкілді органмен келісуге жатады.
Тармақ 6
6. Егер осы баптың 2-4-тармақтарына сәйкес белгіленген тарифтер жолаушылар тасымалының рентабельділігін қамтамасыз етпесе, жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тасымалдаушылардың залалын субсидиялайды.
Тарау 2-1. 2-1-тарау. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
2-1-тарау. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
Бап 19-1. 19-1-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік бақылаудың мәні мен мақсаты
19-1-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік бақылаудың мәні мен мақсаты
Тармақ 1
1. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан әрі – көлiктiк бақылау) автомобиль көлiгiнің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілердің талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауы үшін жүргiзiледi.
Тармақ 2
2. Көліктік бақылау жүргізудің мақсаты Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 3
3. Уәкiлеттi орган орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасайды, бiрлескен бақылау шараларын қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етедi.
Бап 19-2. 19-2-бап. Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік бақылаудың түрлері
19-2-бап. Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік бақылаудың түрлері
Тармақ 1
1. Көліктік бақылау мына түрлерге бөлінеді:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының өтуін бақылау;
Тармақша 2
2) бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің автомобиль көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан бақылау.
Тармақ 2
2. Тексеру жүргізу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, тасымалдаушының және көлік кәсіпорнының қызметін тоқтатпауға тиіс.
Тармақ 3
3. Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 19-3. 19-3-бап. Көлiктiк бақылау жүргiзудiң мерзiмдерiмен кезеңдiлiгi
19-3-бап. Көлiктiк бақылау жүргiзудiң мерзiмдерiмен кезеңдiлiгi
Бап 19-4. 19-4-бап. Автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының
аумағымен жүрiп өтуін көлiктiк бақылау
19-4-бап. Автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының
аумағымен жүрiп өтуін көлiктiк бақылау
Тармақ 1
1. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуін көліктік бақылау Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де орындарында және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, сондай-ақ автокөлік құралдары автоматтандырылған өлшеу станциялары арқылы жүріп өткен кезде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде, сондай-ақ тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де орындарында автокөлік құралдарының жүріп өтуін көліктік бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерi, сондай-ақ тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де орындары және стационарлық көліктік бақылау бекеттері күрделі ғимараттармен және құрылыстармен жабдықталуға, техникалық бақылау, байланыс жасау құралдарымен, деректердi жинау, беру және шоғырландыру үшiн қазiргi заманғы телекоммуникациялық және компьютерлiк жабдықпен жарақтандырылуға тиiс. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттері қажет болған жағдайда шлагбаумдармен жабдықталады.
Бап 19-5. 19-5-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруына көлiктiк бақылау жүргiзудiң нысандары
19-5-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруына көлiктiк бақылау жүргiзудiң нысандары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыру кезiнде рұқсат беру жүйесiнiң талаптарының орындалуы көлiктiк бақылау посттарында мыналарды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруына рұқсат беру құжаттарының болуын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты көлiк құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсаттардың болуын;
Тармақша 3
3) жол жүру маршрутының халықаралық қатынастары үшiн белгiленгенге сәйкестiгiн;
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 5
5) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 6
6) 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсаттың болуын тексеру арқылы жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Тасымалдаушылардың автокөлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң еңбегi мен тынығуы режимiн сақтауын көлiктi бақылау посттарда тахографтың болуын және оны пайдаланылуын тексеру, сондай-ақ жүргізушілердің еңбегi мен тынығуы режимiн бақылаудың тiркеу парақтарын жүргiзу жолымен жүргiзiледi.
Тармақ 3
3. Көлік құралдарының нақты салмақтық және көлемдік параметрлерін тексеру және олардың Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген, жол берілетін параметрлерден асып кету шамасын айқындау арқылы ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының жүріп өтуін көліктік бақылау мыналарды:
Тармақша 1
1) өлшеу құралы мен көлем шеңберлерін;
Тармақша 2
2) стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығын немесе жылжымалы мобильді таразыларды;
Тармақша 3
3) автоматтандырылған өлшеу станцияларын пайдалана отырып жүргізіледі.
Бап 19-6. 19-6-бап. Тексеруге жататын негiзгi құжаттар
19-6-бап. Тексеруге жататын негiзгi құжаттар
Тармақ 1
1. Автомобиль көлігінде кәсіпкерлік субъектілеріне тексеруді жүргізу кезінде уәкілетті органның лауазымды адамдары жарғымен және мына:
Тармақша 1
1) мамандар мен жүргiзушiлердiң кәсiптiк бiлiктiлiгiн растайтын;
Тармақша 2
2) белгіленген маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауларды жүзеге асыру үшін қажетті (куәліктермен, қозғалыс кестелерімен, маршруттар схемаларымен, автовокзалдармен, автостанциялармен және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерімен жасасқан шарттармен, паспорттармен, келісімшарттармен);
Тармақша 3
3) қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған (Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 1, 6 және 7-сыныптағы қауiптi жүкті тасымалдауға уәкiлеттi орган берген арнайы рұқсатпен, қауiптi жүктi тасымалдау маршрутының бланкісімен, автокөлік құралы жүргізушісіне қауіпті жүк тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлікпен, көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлікпен);
Тармақша 4
4) автокөлiк құралдарына арналған (белгiленген нысандардағы
республикаішілік тасымалдаудағы жолпарақтармен және тауар-көлік құжаттарымен, билеттiк-есепке алу парақтары және оларды есепке алу журналдарымен);
Тармақша 5
5) тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті (тахографтарды салыстырып тексеру жөнінде жұмыстар жүргізу құқығына аккредиттеу аттестаты, тахографты салыстырып тексеру туралы сертификат, тахографты кезеңдік тексеру туралы куәлік, тахографтармен жұмысты есепке алу журналы, өндірістік үй-жайға техникалық құжаттама);
Тармақша 6
6) тасымалдаушының тиеу-түсіру жұмыстарын жүзеге асыруына арналған (тауар-көлік жүкқұжаты,
республикаішілік тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жолпарақтар, жүкті өлшеу (салмағын өлшеу) актілері, тиеу-түсіру және қосалқы жұмыстар жүргізуге арналған штаттық және қосалқы жабдықтың ұлттық стандарттарға сәйкестік сертификаттары, өндірістік үй-жайға техникалық құжаттама) құжаттармен танысады.
Тармақ 2
2. Тексеру жүргiзу кезiнде қажеттi құжаттардың болуы және олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi айқындалады.
Тармақ 3
3. Автомобиль көлiгiндегi кәсіпкерлік субъектiлерiн тексерудi жүргiзу кезiнде өз құзыретi шегiнде тексерудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның лауазымды адамдары:
Тармақша 1
1) жылжымалы құрамның, жөндеу және өндiрiстiк базаның, техникалық құралдардың, тиеу-түсiру тетiктерiнiң, бақылау-өлшеу аппаратураларының, жабдықталған қызметтiк үй-жайдың (меншiктi жөндеу және өндiрiстiк базасы жоқ және басқа кәсiпорындармен тиiстi жұмыс түрлерiн орындауға шарт жасасқан кәсiпорындар бұған жатпайды) болуы мен олардың жай-күйiн, сондай-ақ автомобиль көлiгiндегi шаруашылық субъектiлерiнiң экологиялық талаптар мен жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптардың нормаларын сақтауын;
Тармақша 2
2) автокөлiк құралдарының техникалық пайдаланылуының белгiленген талаптарға сәйкестiгiн;
Тармақша 3
3) автокөлiк құралдарын рейс алдында техникалық қарап тексеруден өткізу, жүргiзушiлерді рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап тексеруден өткізу үшін қызметтер мен бiлiктi персоналдың не мұндай қызметтi жүзеге асыратын тиiстi ұйымдармен шарттардың болуын және олардың сәйкестiгiн;
Тармақша 4
4) жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыру немесе автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері қызметтерін көрсету кезінде Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидалары талаптарының орындалуын;
Тармақша 4-1
4-1) тасымалдаушылар көрсететін қызметтердің, автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері қызметтерінің ұлттық стандарттарға сәйкестігін;
Тармақша 5
5) автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағында ірi габаритті және ауыр салмақты жүктердi тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларында белгіленген талаптардың орындалуын және Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілетін өлшемдерге сәйкес болуын;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде, жолаушылардың, багаж бен жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыру кезiнде рұқсат беру жүйесiн қолдану жөнiндегi қағида талаптарының орындалуын;
Тармақша 7
7) алып тасталды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 8
8) автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктердi тасымалдау қағидалары талаптарының орындалуын;
Тармақша 9
9) автокөлiк құралдарын жолаушыларды және тамақ өнiмдерiн, сондай-ақ тасымалдау кезiнде санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының қорытындысы талап етiлетiн жүктердi халықаралық тасымалдауға жiберу туралы аталған мемлекеттiк органдардың қорытындысы болуы жөнiндегi талаптардың орындалуын;
Тармақша 10
10) бақылау-өткiзу пункттерiнде қажеттi құжаттама мен аспаптардың болуын;
Тармақша 11
11) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 12
12) Жүргізушілердің еңбегі мен демалысын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидалары талаптарының орындалуын;
Тармақша 13
13) жүктерді тиеу және түсіру пункттеріне қатысты Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидалары талаптарының орындалуын тексереді.
Бап 19-7. 19-7-бап. Көлiктiк бақылауды жүзеге асыру кезiндегi уәкiлеттi органның құзыретi
19-7-бап. Көлiктiк бақылауды жүзеге асыру кезiндегi уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкiлеттi органның лауазымды адамдары мынадай бақылау функцияларын жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) автомобиль көлiгiнің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер талаптарын бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу жөнiнде шаралар қолдану;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының автомобиль көлігі саласында сақталуын бақылау;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автомобиль тасымалын ұйымдастыру кезінде рұқсат беру жүйесі талаптарының орындалуын бақылау;
Тармақша 4
4) тасымалдаушылардың Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидасын сақтауын бақылау, автобус салондарында жүк тасымалдауға жол бермеу;
Тармақша 5
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруын, оның iшiнде отандық және шетелдiк тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағында белгiленген автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген көлемдiк және салмақтық өлшемдерiн сақтауын бақылау;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының тасымалдаушылары мен шетел мемлекеттерi тасымалдаушыларының Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасын сақтауын бақылау;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының тасымалдаушылары мен шетел мемлекеттерi тасымалдаушыларының автокөлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң еңбегi мен тынығуы режимiн сақтауын бақылау;
Тармақша 9
9) автокөлiк құралы жабдығының автокөлiк құралында тахографтың болуы және оның жарамдылығы бөлігінде халықаралық шарттар талаптарына сәйкестiгiн бақылау;
Тармақша 10
10) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға арналған рұқсат беру құжаттарының болуын тексеру, жүру маршруты мен кестесiнiң сақталуын, сондай-ақ жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес халықаралық тасымалдау кезiнде жолаушылар тiзiмiнiң болуын бақылау;
Тармақша 10-1
Тармақша 11
11) шетелдiк тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша каботаждық тасымалды жүзеге асыруын айқындау және оның жолын кесу;
Тармақша 12
Тармақша 13
Тармақша 14
14) алынып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттiң аумағы бойынша жүріп-тұруына рұқсаттар беру;
Тармақша 15-1
15-1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің тасымалдаушыларына Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп-тұруына рұқсат беру;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді көлiк құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп-тұруына арнайы рұқсат беру;
Тармақша 17
17) Алынып тасталды - ҚР 2010.01.06 № 238-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
Тармақша 18
18) алынып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 19
19) алынып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 20
20) транзиттiк әлеуеттi қолдану туралы ақпаратты жинау, автокөлiк құралдары жүрiсiнiң жиiлiгiн есепке алу, белгiленген нысандағы есеп беру құжаттары түрiнде жинақталған ақпаратты берудi ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен автомобиль көлiктерiнде және автожолдарда қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасау;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру;
Тармақша 23
23) сервис орталықтарын (шеберханаларды) бақылау;
Тармақша 24
24) көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде, сондай-ақ тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де орындарында, осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2), 8), 9), 11), 15), 20), 21), 22), 23) және 24) тармақшаларында көзделгендерді қоспағанда, бақылау функцияларын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарында осы баптың бірінші бөлігінің 2) (лицензияның болуын бақылау бөлігінде), 4), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген бақылау функцияларын жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган да жүзеге асырады.
Бап 19-8. 19-8-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұруға рұқсат ету құжаттарын беру тәртiбi
19-8-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұруға рұқсат ету құжаттарын беру тәртiбi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кiру (шығу), халықаралық қатынастағы жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитi рұқсат беру құжаты - жүруге берiлген рұқсат негiзiнде жүргiзiледi.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 3
3. Үшiншi елдiң аумағындағы шығу пунктiнен Қазақстан Республикасының аумағындағы бару пунктiне дейiн немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы шығу пунктiнен үшiншi елдiң аумағындағы бару пунктiне дейiн жолаушыларды және (немесе) жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұруына рұқсат беру құжаты - шетелдiк тасымалдаушылардың үшiншi елден Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшiншi елге тасымалдауды орындауға берiлген рұқсат негiзiнде жол берiледi.
Тармақ 4
4. Уәкiлеттi орган шетелдiк мемлекеттердiң құзыреттi органдарымен рұқсат беру құжаттарының бланкiлерiмен тепе-тең айырбас жүргiзуi мүмкін.
Тармақ 5
5. Мемлекеттерімен рұқсат беру құжаттарының бланкілерін тепе-тең айырбастау жүргізілмеген шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жүріп өтуі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерлемелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті орган беретін транзитпен жүріп өтуге арналған рұқсат негізінде жүзеге асырылады. Өз мемлекетінің тіркеу және айырым белгісінсіз Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жүретін шетелдік автокөлік құралының жүріп өтуі, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше келісілмесе, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерлемелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті орган беретін транзитпен жүріп өтуге арналған рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттiк рейстен керi бағытта бара жатқан шетелдiк жүк автокөлiк құралына Қазақстан Республикасының аумағында жолшыбай жүк тиеуге Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуге арналған қосымша рұқсат болған кезде ғана рұқсат етіледі.
Бап 19-9. 19-9-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша шетелдiк автокөлiк құралдарының жүрiп-тұру тәртiбi
19-9-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша шетелдiк автокөлiк құралдарының жүрiп-тұру тәртiбi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы мен шетелдiк мемлекеттер арасындағы жүктердiң, жолаушылардың және багаждың халықаралық автомобиль тасымалы халықаралық автомобиль өткiзу пункттерi арқылы жүзеге асырылуға тиiс.
Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшiн қажеттi рұқсат беру және басқа да құжаттар Қазақстан Республикасында халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларға рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларына сәйкес ресімделуге және автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiнде болуға және уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды адамдарының талабы бойынша көрсетiлуге тиiс.
Тармақ 2
2. Шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан екi пункт арасында жолаушылар мен жүктердi тасуына жол берiлмейдi.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жолаушыларды транзиттiк тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк автокөлiк құралдарына Қазақстан Республикасының аумағында жолаушыларды отырғызуды және (немесе) түсiрудi жүргiзуге тыйым салынады.
Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушылар өз мемлекетiнiң тiркеу және айыру белгiлерi бар автокөлiк құралдарын пайдалануы тиiс.
Бұл ретте тiркемелерде немесе жартылай тiркемелерде басқа мемлекеттiк тiркеу және айырма белгiсi болуы мүмкiн.
Бап 19-10. 19-10-бап. Отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығу және оларға шетелдiк рұқсаттарды беру тәртiбi
19-10-бап. Отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығу және оларға шетелдiк рұқсаттарды беру тәртiбi
Тармақ 1
1. Отандық автокөлiк құралдары рұқсат беру құжаттары бланкiлерiмен алмасу жүргiзiлген шет мемлекеттерге шыққан жағдайда, тасымалдаушы ұсынылған өтiнiмдер негiзiнде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгiленген мөлшерлемелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлiк құралдарының жүріп өткені үшiн алым сомасы төленгеннен кейiн уәкiлеттi орган беретiн тиiстi шетелдiк рұқсат беру құжаттарын ала алады.
Әрбiр автокөлiк құралына жеке рұқсат беру құжаты берiледi.
Тармақ 2
2. Пайдаланылған шетелдiк рұқсат беру құжаттары бұрын оларды берген органға қайтарылуға жатады.
Тармақ 3
3. Тасымалдаушының оған берiлген шетелдiк рұқсат беру құжаттарын басқа тасымалдаушыға беруiне жол берiлмейдi.
Егер бөлiнген шетелдiк рұқсат беру құжаттарының саны тасымалдаушылар берген өтiнiмдердiң жалпы санынан аз болған жағдайда шетелдiк рұқсат беру құжаттарының бланкiлерiн тасымалдаушылар арасында бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
Отандық тасымалдаушылардың жолаушыларды және багажды тұрақты халықаралық тасымалдауына рұқсат беру құжаттарын беру Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 19-11. 19-11-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша отандық және шетелдік ірі көлемді және (немесе)ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсаттарды беру тәртібi
19-11-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша отандық және шетелдік ірі көлемді және (немесе)ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсаттарды беру тәртібi
Тармақ 1
1. Уәкілетті орган белгiлеген, Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлiк құралдарының жол берілетін өлшемдерінен габариттерi және (немесе) массасы және (немесе) осьтiк жүктемелерi бойынша асып түсетін, жүксіз немесе бөлінбейтін жүгi не мамандандырылған автомобиль-цистерналарда тасымалданатын сұйық жүгі бар отандық және шетелдiк iрi габариттi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүрiп өтуі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен рұқсат беру құжатының – ауыр салмақты және (немесе) iрi габариттi автокөлiк құралдарының жүрiп өтуіне арналған арнайы рұқсаттың (бұдан әрi – арнайы рұқсат) негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Арнайы рұқсатты қозғалыс маршруты белгіленгеннен және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерлемелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті орган немесе мемлекеттік кіріс органдары береді.
Тарау 2-2. 2-2-тарау. Автомобиль көлiгi саласындағы қауiпсiздiктiң жалпы талаптары
2-2-тарау. Автомобиль көлiгi саласындағы қауiпсiздiктiң жалпы талаптары
Бап 19-12. 19-12-бап. Жалпы ережелер
19-12-бап. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Автомобиль көлiгi саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектiлерi:
автомобиль көлiгi болып табылады, оған:
Тармақша 1
1) автобустар;
Тармақша 2
2) шағын автобустар;
Тармақша 3
3) жеңiл автомобильдер;
Тармақша 4
4) жүк автомобильдерi;
Тармақша 4-1
4-1) троллейбустар;
Тармақша 5
5) автомобиль тiркемелерi;
Тармақша 6
6) ершiктi тартқыштарға жартылай тiркемелер;
Тармақша 7
7) арнайы бейiмделген автомобильдер (жүктердiң белгiлi бiр түрлерiн тасымалдауға арналған);
Тармақша 8
8) арнаулы автомобильдер (әр түрлi, көбiнесе көлiкке арналмаған жұмыстарды орындайтын);
Тармақша 9
9) автомобиль көлiгiн жобалау;
Тармақша 10
10) автомобиль көлiгiн шығару (жөндеу);
Тармақша 11
11) автомобиль көлiгiн тасымалдау және сақтау;
Тармақша 12
12) автомобиль көлiгiн кәдеге жарату және жою кiредi.
Тармақ 2
2. Автокөлiк құралдары адам өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiретiн болса немесе оларды тиiстi дәрежеде орнату, қызмет көрсету және пайдалану кезiнде солардың қауiпсiздiгi мен функционалдық мақсатына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын болса, нарықта сатылмауға және пайдаланылмауға тиiс.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының нарығында сәйкестiгi расталуға тиiс автомобиль көлiгiн орналастыратын тұлға осы Заңның және техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкестiктi растау үшiн шаралар қабылдауға мiндеттi.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының нарығында автомобиль көлiгiн орналастыратын тұлға:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келетін, тұтынушының ықтимал тәуекелдердi бағалауы және оның тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдауы үшін қажетті мемлекеттiк тiлдегі және орыс тіліндегі пайдалану құжаттамасын және басқа да ақпаратты беруге;
Тармақша 2
2) автомобиль көлiгiн сату кезiнде таңдау бақылауын жүргiзуге, тұтынушылардың шағымдарын тексеруге;
Тармақша 3
3) автомобиль көлiгiнiң адам өмiрi мен денсаулығына зиян келтiру тәуекелi болғанда, пайдаланушыны уақтылы және тиiмдi ескерту, сондай-ақ автомобиль көлiгiн қайтарып жiберетiндей қажеттi iс-шаралар жүргiзу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) таратылып қойған автомобиль көлiгiнде қауiпсiздiк талаптарының бұзылуы туралы және мұндай бұзушылықтарды жою жөнiндегi өзi қабылдаған шаралар туралы тиiстi мемлекеттiк бақылау органдарына дереу хабарлауға;
Тармақша 5
5) шығарушыдан, уәкiлеттi өкiлден, импорттаушыдан, пайдаланушыдан немесе мемлекеттiк бақылау органдарынан автомобиль көлiгiнiң осы Заңның және техникалық регламенттердiң белгiленген талаптарына сәйкес келмеуi туралы ақпарат алынған болса, автомобиль көлiгiн сатпауға мiндеттi.
Тармақ 5
5. Автомобиль көлiгiнде қажеттi ескерту жазбалары немесе қауiптiлiк және қауiпсiз пайдалану шарттары туралы белгiлер болуға тиiс.
Тармақ 6
6. Пайдалану құжаттамасындағы қауiпсiздiк талаптары осы Заңда және техникалық регламенттердiң белгiленген талаптардан төмен болмауға тиiс.
Бап 19-13. 19-13-бап. Автокөлiк құралдарын жобалау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
19-13-бап. Автокөлiк құралдарын жобалау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
Тармақ 1
1. Автокөлiк құралдарын жобалау кезiнде өмiрлiк циклдiң барлық сатыларындағы, оның iшiнде қалыпты пайдалану, төтенше жағдайлар (бұзылулар мен сыртқы әсерлер), персоналдың болжамды қателерi және пайдалануға болмайтын кезiндегi бүкiл ықтимал қауiптер сәйкестендiрiлуге тиiс.
Тармақ 2
2. Пайдалану (қолдану) жөнiндегi нұсқауды (нұсқаманы) және паспортты (немесе формулярды) әзiрлеу автокөлiк құралдарын жобалаудың ажырамас бөлiгi болып табылады.
Бап 19-14. 19-14-бап. Автокөлiк құралдарын шығару кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
19-14-бап. Автокөлiк құралдарын шығару кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
Тармақ 1
1. Шығару кезiнде автокөлiк құралдарының дайындалуы жобалық құжаттаманың, осы Заңның, техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкестiгi қамтамасыз етiлуi қажет.
Тармақ 2
2. Автокөлiк құралдарын шығару кезiнде дайындаушы жобалық құжаттамада айқындалған қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi барлық iс-шаралар кешенiн орындауға және қауiпсiздiкке байланысты барлық технологиялық операциялардың орындалуын бақылау мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тармақ 3
3. Егер автокөлiк құралдарын дайындау процесiнде немесе одан кейiн қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн сынақтар жүргiзу қажет болса, онда олар жобалық құжаттаманың барлық талаптары орындала отырып, толық көлемде жүргiзiлуге тиiс.
Тармақ 4
4. Автокөлiк құралдарын шығару кезiнде жобалық құжаттамадан ауытқу жобалаушымен келiсiледi және ол техникалық регламенттерде белгiленген жол берiлетiн тәуекелден аспауға тиiс.
Бап 19-15. 19-15-бап. Автокөлiк құралдарын тасымалдау және сақтау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
19-15-бап. Автокөлiк құралдарын тасымалдау және сақтау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
Тармақ 1
1. Автокөлiк құралдарын тасымалдау және сақтау процесiнде олардың сақталуын, олардың қауiпсiздiгi көзделетiн техникалық сипаттамаларды сақтауды қамтамасыз етуге қойылатын барлық қажеттi талаптар, оның iшiнде консервациялауға, тасымалдау және сақтау жағдайларына қойылатын талаптар, белгiленген сақтау мерзiмдерi, жай-күйiн қайта куәландыру, сақтау мерзiмi аяқталған жеке элементтердi, бөлшектердi, тораптарды ауыстыру мерзiмдерi бойынша нұсқаулар автокөлiк құралдарына арналған техникалық құжаттамада жазылуға тиiс.
Тармақ 2
2. Автокөлiк құралдарын, олардың тораптары мен бөлшектерiн тасымалдау және сақтау жобалаушы қарастырған және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық қауiпсiздiк талаптары ескерiле отырып жүргiзiледi.
Тармақ 3
3. Консервациялау үшiн қолданылатын материалдар мен заттар қауiпсiз болуға тиiс.
Бап 19-16. 19-16-бап. Автокөлiк құралдарын кәдеге жарату және жою кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
19-16-бап. Автокөлiк құралдарын кәдеге жарату және жою кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
Жеке және заңды тұлғалар автокөлiк құралдарын кәдеге жаратуды, жоюды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай талаптардың сақталуын ескере отырып қамтамасыз етедi:
Тармақша 1
1) автокөлiк құралдарын пайдалану тоқтатылғаннан кейiн оларды пайдалану мүмкiндiгiн болдырмау шаралары қабылдануға тиiс;
Тармақша 2
2) пайдалану процесiнде уытты заттармен, радиоактивтi аэрозольдармен ластанған автокөлiк құралдары оларды кәдеге жарату, жою кезiнде қолданылатын зиянды заттардың уыттылығына, физика-химиялық қасиеттерiне қарай арнайы ерiтiндiлермен (әдiстермен) залалсыздандыру жөнiндегi мiндеттi өңдеуден өткiзiлуге тиiс;
Тармақша 3
3) автокөлiк құралдарын кәдеге жаратудың және жоюдың барлық кезеңiн өткiзетiн персоналдың қажеттi бiлiктiлiгi болуға, олар тиiстi оқудан өтуге және еңбек қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға тиiс.
Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органда тіркеу есебінен шығарылмаған автокөлік құралдарын кәдеге жаратуға тапсыруға тыйым салынады.
Бап 19-17. 19-17-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне)
бармай профилактикалық
бақылауды жүргізу тәртібі
19-17-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне)
бармай профилактикалық
бақылауды жүргізу тәртібі
Тармақ 1
1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган талдау және
цифрлық жүйелердің деректері, сондай-ақ бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтер негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Мыналар бақылау субъектілері болып табылады:
Тармақша 1
1) таксимен тасымалдаушылар және ақпараттық-диспетчерлік такси қызметтері;
Тармақша 2
2) автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері қызметтерін көрсететін тұлғалар;
Тармақша 3
3) жолаушылар мен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсететін автомобильмен тасымалдаушылар;
Тармақша 4
4) жүк жөнелтуші және (немесе) жүк алушы ретінде әрекет ететін тұлғалар;
Тармақша 5
5) қауіпті жүкті тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсететін автомобильмен тасымалдаушылар;
Тармақша 6
6) ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсететін автомобильмен тасымалдаушылар;
Тармақша 7
7) халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын автомобильмен тасымалдаушылар;
Тармақша 8
8) тез бұзылатын жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсететін автомобильмен тасымалдаушылар;
Тармақша 9
9) техникалық қарап-тексеру операторлары;
Тармақша 10
10) тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;
Тармақша 11
11) электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындау және беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;
Тармақша 12
12) автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станцияларының операторлары.
Тармақ 3
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өзі дербес жою құқығын бақылау субъектісіне беру және бақылау субъектісіне әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
Тармақ 4
4. Бақылау субъектілеріне бұзушылықтарды өзі дербес жою құқығын беру үшін бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салдарын жою мүмкін болатын бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша бақылау субъектісіне бұзушылықтарды жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамай, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным жасалады.
Тармақ 6
6. Ұсыным бақылау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту және алу фактілері расталатын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Тармақ 7
7. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) қолма-қол – ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
Тармақша 2
2) поштамен – тапсырысты хатпен;
Тармақша 3
3) электрондық тәсілмен – уәкілетті орган сұрау салған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Тармақ 8
8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
Тармақ 9
9. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органға ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
Тармақ 10
10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
Тармақ 11
11. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
Бап 19-18. 19-18-бап. Автомобиль көлігі құралдарының салмағын
өлшеу станциялары
19-18-бап. Автомобиль көлігі құралдарының салмағын
өлшеу станциялары
Тармақ 1
1. Автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станцияларында автокөлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін өлшеу меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станцияларының операторындағы метрологиялық салыстырып тексеруден өткен өлшеу құралдарымен жүзеге асырылады.
Салмақтық және габариттік параметрлердің өлшемдері туралы деректер автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен зияткерлік көлік жүйесіне беріледі.
Тармақ 2
2. Автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станцияларының операторлары өз қызметтерін жария шарт негізінде көрсетеді.
Тарау 3. 3-тарау. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдау
3-тарау. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдау
Бап 20. 20-бап. Жолаушының құқықтары мен мiндеттерi
20-бап. Жолаушының құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Жолаушының:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасында көзделген тәртiппен кез келген автобуспен, троллейбуспен және таксимен жол жүруді жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) жол жүру құжатын (билетiн) сатып алуға;
Тармақша 3
3) сатып алған жол жүру құжатына (билетiне) сәйкес орын алуға;
Тармақша 4
4) егер ол жеке орын алмаса, өзiмен бiрге жеті жасқа дейiнгi бір баланы тегін, не таксиден басқа көлікте, он бес жасқа дейiнгi балаларды оларға жеке орын беріп, елу пайыз мөлшерде жол ақысын төлеп, алып жүруге;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының тасымалдаушылары жүзеге асыратын халықаралық тасымалдарда 5 жастан 12 жасқа дейiнгi балаларға жол жүру құжатының (билетiнiң) толық құнының елу процентiн төлеп, жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатып алуға;
Тармақша 6
6) 7 жастан 15 жасқа дейiнгi балаларға жол жүру құжатының (билетiнiң) толық құнының елу процентiн төлеп, жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатып алуға;
Тармақша 7
7) егер тасымалдаушы кестеде көзделген автобустың орнына жүру ақысы қымбаттау басқа автобус ұсынса, үстемеақы төлемей, сатып алынған жол жүру құжаты (билетi) бойынша жол жүруге;
Тармақша 8
8) жол жүру құжатын (билетiн) тасымалдау басталғанға дейiн өткiзуге және көзделген алымдар шегерiле отырып, тасымалдауға төленген соманы керi қайтарып алуға;
Тармақша 9
9) Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларында белгіленген тәртіппен жоғалған (бүлінген) жол жүру құжатын (билетті) қалпына келтіруге;
Тармақша 10
10) Автомобиль көлiгiмен жолаушылар және багаж тасымалдау ережелерiнде белгiленген нормалар шегiнде қол жүгiн өзiмен бiрге тегiн алып жүруге;
Тармақша 11
11) тариф бойынша ақы төлеп багажды тасымалдауға өткiзуге;
Тармақша 12
12) тасымалдауға тапсыру кезiнде багаждың құндылығын жариялауға;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тасымалдау сапасы деңгейiнiң оның сертификатына сәйкестiгiне дауласуға құқығы бар.
Жолаушының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтары бар.
Әлеуметтік маңызы бар қатынастарда, сондай-ақ жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық), қала маңындағы қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауларда «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналардың, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың тегін жол жүруге, ал 15 жастан 18 жасқа дейінгі адамдардың жол жүру құжатының (билетінің) толық құнының елу пайызын төлей отырып, жол жүру құжатын (билетін) сатып алуға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Жолаушы:
Тармақша 1
1) электрондық нысанда ресімделген жол жүру құжатын (билетін) қоспағанда, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарында жол жүру кезінде ақы төлеуді және (немесе) жол жүру құжаты (билеті) болуға және оны сапар аяқталғанға дейін сақтауға;
Тармақша 1-1
1-1) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау кезінде қоғамдық көлікте жол жүргені үшін тасымалдаушы өкілінің талап етуі бойынша жол жүру құжатын (билетін) көрсетуге;
Тармақша 2
2) қоғамдық тәртiптi, Автомобиль көлiгiмен жолаушылар және багаж тасымалдау ережелерiнде белгiленген талаптарды сақтауға;
Тармақша 3
3) егер шартта өзгеше көзделмесе, құндылығы жарияланған багажды тасымалдау кезiнде тасымалдаушының көрсеткен қызметтерiне ақы төлеуге мiндеттi.
Жолаушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мiндеттер атқарады.
Бап 21. 21-бап. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру
21-бап. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру
Тармақ 1
1. Егер:
Тармақша 1
1) автомобиль жолдарының өткiзу қабiлетi белгiлi бiр маршруттар бойынша автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың тұрақты жүрісін жүзеге асыруға мүмкiндiк берсе;
Тармақша 2
2) автомобиль жолдарының жай-күйi және жайластырылуы жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес келсе, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау ұйымдастырылуы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Халықаралық тасымалдауларды қоспағанда, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауларды көрсетілген жолаушылар мен багажды тасымалдаулар маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурста жеңiп алған және тасымалдаушылар мен тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар не уәкілетті ұйымдар арасында жасалатын шарттар негiзiнде оларға қызмет көрсету құқығына куәлік алған тасымалдаушылар жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттары тасымалдаушылар арасында конкурстық негiзде бөлiнедi. Конкурсқа жеке маршрут та, бiр лотпен бiрнеше маршрут та қойылуы мүмкiн.
Тармақ 4
4. Жолаушылар мен багажды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), ауданішілік және халықаралық тұрақты тасымалдаулар тасымалдаушылар мен автовокзалдардың, автостанциялардың немесе жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің әкiмшiлiктері арасында жасалатын шарттар негiзiнде автовокзалдардан, автостанциялардан немесе жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінен ғана жүзеге асырылады.
Автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің әкімшіліктері қызметтің осы түрiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жіберілген жолаушылар мен багажды тасымалдаушылармен шарт жасасудан бас тартуға құқылы емес.
Тармақ 4-1
4-1. Жол жүру құжаттары (билеттер) электронды түрде сатылған кезде автовокзалдың, автостанцияның, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің әкімшіліктері жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатудың тасымалдаушы таңдаған
цифрлық жүйесі арқылы тасымалдаушының маршруттарына жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 5
5. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылар автобустарды, троллейбустарды, шағын автобустарды рейс алдында (ауысым алдында) техникалық қарап тексерудi және олардың ақауы болған жағдайда уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тармақ 6
6. Егер жолаушылар мен багажды тасымалдау маршрутына қызмет көрсету құқығына бір ғана қатысушының өтінімі берілсе, онда конкурс өткізілмеді деп танылады. Егер конкурсты қайта өткізу кезінде осы маршрутқа бір қатысушының өтінімі берілсе, онда конкурс талаптарына сай келген жағдайда, онымен шарт жасалады.
Тармақ 7
7. Маршрутқа (маршруттарға) қызмет көрсету құқығын үшінші тарапқа беруге жол берілмейді.
Бап 21-1. 21-1-бап. Автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметін ұйымдастыру
21-1-бап. Автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен және ұлттық стандарттармен белгіленген талаптарға сәйкес болған кезде автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің тізіліміне енгізу;
Тармақша 2
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдану;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де тетіктерді қолдану арқылы автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметін ұйымдастырады.
Тармақ 2
2. Автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері көрсететін қызметтер осы Заңның талаптарына, Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларына, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне және ұлттық стандарттарға сәйкес болуға тиіс.
Тармақ 3
3. Автовокзалдарда, автостанцияларда және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінде, оның ішінде билет кассаларында ақпарат мемлекеттік тілде және орыс тілінде, қажет болған кезде басқа тілдерде де беріледі.
Ақпарат мәтіні «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Бап 22. 22-бап. Тасымалдаушының құқықтары мен мiндеттерi
22-бап. Тасымалдаушының құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Тасымалдаушының:
Тармақша 1
1) өз құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында қоғамдық бiрлестiктердi, сондай-ақ заңды тұлғалардың қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы бiрлестiктерiн құруға;
Тармақша 1-1
1-1) қоғамдық көлікте жол жүргені үшін ақы төлеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ ақы төлеу фактілерін тексеру үшін көліктік бақылау қызметін құруға;
Тармақша 2
2) қауiпсiздiк және гигиена талаптарына сай тынығуға және еңбек жағдайына;
Тармақша 3
3) жолаушылардың қоғамдық тәртiптi және Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидасын сақтауын талап етуге;
Тармақша 4
4) жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын алуға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушы:
Тармақша 1
1) автокөлiк құралдарының техникалық жарамды күйiн қамтамасыз етуге және белгiленген техникалық, экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға және өрт қауiпсiздiгi талаптарына жай-күйi сай емес автокөлiк құралының маршрутқа шығуына жол бермеуге;
Тармақша 1-1
Тармақша 2
2) автокөлiк құралдары жүргiзушiлерiн рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап тексеруден өткізуді, олардың еңбек және тынығу режимiн сақтауды қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) жолаушының қауiпсiздiгiн, оған қажеттi қызмет ету жайлылығы және шарттары жасалуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) багаждың уақтылы тасымалын және сақталуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын ақысыз тасымалдауды жүзеге асыруға немесе оларға жол ақысы бойынша өзге де жеңiлдiктер беруге;
Тармақша 5-1
5-1) тасымалдауды ұйымдастырушыға, халықаралық және облысаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органның диспетчерлік жүйесіне автокөлік құралының ағымдағы тұрған жері туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде беретін спутниктік навигация аппаратурасымен автокөлік құралдарын жабдықтауға;
Тармақша 6
6) жол жүру құжаттарын (билеттерді) және багаж түбіртектерін маршруттың аялдама пункттерінде өздері не автовокзалдар, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері арқылы сатуды, оның ішінде оларды Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғылары арқылы сатуды қоса алғанда, электронды сатуды қамтамасыз етуге;
Тармақша 7
7) жолаушылар және багаж тасымалының тарифтерiн жариялауға, оларды шарттарда, жол құжатында (билетте) және багаж түбiртегiнде тiркеуге;
Тармақша 8
8) жарияланған тарифтердi сақтауға және тарифтердiң алдағы өзгеруi туралы жолаушыларды күнi бұрын хабардар етуге;
Тармақша 8-1
8-1) жолаушылар мен багаж тасымалдарын ұйымдастыру туралы ақпаратты «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес мемлекеттік тілде және орыс тілінде беруге;
Тармақша 9
9) тасымалдауларды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты адамды айқындауға;
Тармақша 10
10) ұлттық стандарттарды сақтауға міндетті.
Тармақ 3
3. Жолаушылардың және багаждың тұрақты емес автомобиль тасымалдарын (таксиден басқа) жүзеге асыратын тасымалдаушы:
Тармақша 1
1) осы баптың 2-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5-1) тармақшаларында көрсетілген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап тексеруден өткені және автокөлiк құралын техникалық қарап тексеруден өткiзгені туралы белгiсi бар борт журналы болуға;
Тармақша 3
3) жолаушылардың қауіпсіз отырғызылуы мен түсірілуін қамтамасыз етуге;
Тармақша 3-1
3-1) жолаушылар мен багаж тасымалдарын ұйымдастыру туралы ақпаратты «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес мемлекеттік тілде және орыс тілінде беруге;
Тармақша 4
4) ұлттық стандарттарды сақтауға міндетті.
Тармақ 4
4. Он алты жасқа толмаған, ата-анасы және (немесе) өзінің заңды өкілі ертіп жүрмеген адамды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіріп кетуге тыйым салынады.
Бап 23. 23-бап. Жолаушыларды және багажды республикаішілік автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шартының талаптары
23-бап. Жолаушыларды және багажды республикаішілік автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шартының талаптары
Тармақ 1
1. Жолаушыларды және багажды республикаішілік автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шартында:
Тармақша 1
1) тариф;
Тармақша 2
2) жол жүру құжаттарын (билеттер) сату тәртiбi мен орны, олардың жолаушыларда болуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары белгiлеген тариф тасымалдау шығындарын жаппаса, сондай-ақ жолаушылар мен багажды жеңiлдiк жағдайларымен немесе тегiн тасымалдау үшiн тасымалдаушыға өтем төлеу мөлшерi мен мерзiмдерi;
Тармақша 4
4) маршрутта пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың, шағын автобустардың қозғалыс кестесi, типi (класы) және саны;
Тармақша 4-1
4-1) маршрутта пайдаланылатын автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды жаңарту жөніндегі талаптар;
Тармақша 5
5) тараптардың шарт бойынша мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн жауапкершiлiгi;
Тармақша 6
6) шарттың қолданыста болуының кемiнде үш жыл болатын ең аз мерзiмi;
Тармақша 7
7) шарттың қолданылу мерзімін ұзарту тәртібі көзделуге тиіс.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде жолаушыларды және багажды республикаішілік автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шартының өзге де мiндеттi талаптары белгiленуi мүмкiн.
Тармақ 3
3. Тасымалдаушы мен жергілікті атқарушы органдар жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шартының талаптарын сақтауға міндетті.
Тасымалдаушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді атқарады.
Тармақ 4
4. Жергілікті атқарушы органдар жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру кезінде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орнатылатын жолаушыларды отырғызу мен түсіру пункттерін безендіруді және күтіп-ұстауды қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) автобустар, шағын автобустар және троллейбустар қозғалысының белгіленген кестесінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
Бап 24. 24-бап. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру
24-бап. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру
Тармақ 1
1. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың автовокзалдар (автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері) аумағынан және жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттары бойынша жолаушылар отырғызуына тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Республикаішілік қатынаста тұрақты емес тасымалдау кезінде жолаушылар мен багажды тасымалдау шарты тапсырыс беруші мен тасымалдаушы арасында екі данада – тараптардың әрқайсысына бір-біреуден жазбаша нысанда жасалады.
Бұл ретте шартта:
Тармақша 1
1) шарттың мәні;
Тармақша 2
2) сапардың мақсаты;
Тармақша 3
3) жүріс маршруты, жолаушыларды отырғызу мен түсірудің бастапқы және соңғы пункттері;
Тармақша 4
4) жеткізу мерзімі;
Тармақша 5
5) кіре ақысы;
Тармақша 6
6) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
Тармақша 7
7) шарт бойынша міндеттемелерді тараптардың орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігі;
Тармақша 8
8) дауларды шешу тәртібі;
Тармақша 9
9) жолаушылар тізімінің болуы көзделуге тиіс.
Бап 25. 25-бап. Ұйымдасқан балалар тобын тасымалдау
25-бап. Ұйымдасқан балалар тобын тасымалдау
Тармақ 1
1. Ұйымдасқан балалар тобын тасымалдау кемiнде екi есiгi бар, техникалық жай-күйi Автомобиль көлiгiмен жолаушыларды және багажды тасымалдау ережелерiнде белгiленген талаптарға сай келетiн автобустармен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Ұйымдасқан балалар тобын тасымалдауға арналған автобустар сары түстi шұғылалы шырақшамен жабдықталуға тиiс.
Тармақ 3
3. Бұл автобустардың алдына және артына "Балалар тасымалы" деген тану белгiсi орнатылуға тиiс.
Тармақ 4
4. Ұйымдасқан балалар тобын тасымалдауға жасы кемiнде жиырма бестегi, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және кемiнде бес жыл жұмыс стажы бap жүргiзушiге рұқсат етiледi.
Тармақ 5
5. Екi және одан көп автобус колонналарына жол жүрісі қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган көздеген тәртiппен жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның арнаулы автомобильдерi iлесiп жүруге тиiс.
Бап 26. 26-бап. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру
26-бап. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастар алдында жергілікті атқарушы органға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.
Тармақ 2
2. Таксимен тасымалдаушылар:
Тармақша 1
1) интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың тасымалдауларды жүзеге асыруын қоспағанда, Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларына сәйкес жолаушылар мен багажды тасымалдау үшін бірыңғай түсті гаммасы және айырым белгілері бар таксилерді пайдалануға;
Тармақша 1-1
1-1) жүргізушіні Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес онымен еңбек шарты жасалғаннан кейін жеңіл таксиді басқаруға жіберуге;
Тармақша 2
Тармақша 3
3) автокөлiк құралдарының рейс алдында техникалық қарап тексеруден, такси жүргiзушiлерінің рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап тексеруден өтуін қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
Тармақша 5
5) таксидің ақауы болған жағдайда оны уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етуге;
Тармақша 6
6) жолаушының такси көрсететін қызмет құны (бағасы) туралы хабардар болуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 7
7) он және одан көп такси болған кезде әрбір он таксиге шаққанда кемінде бір инватаксиінің болуына;
Тармақша 8
8) такси жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимін сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.
Таксимен тасымалдаушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мiндеттерді атқарады.
Тармақ 2-1
2-1. Интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға осы бапта көрсетілген талаптарды дербес орындайды.
Тармақ 2-2
2-2. Осы баптың 2-тармағының 7) тармақшасын қоспағанда, интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның осы бапта белгіленген талаптарды сақтауын бақылау ақпараттық-диспетчерлік такси қызметіне жүктеледі.
Тармақ 3
3. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдаушының:
Тармақша 1
1) такси тұрағы, жолаушыларды отырғызу және түсiру үшiн арнайы жабдықталған такси тұрақтарын пайдалануға;
Тармақша 2
2) жол жүрісі қағидаларының талаптарын сақтай отырып, жол желiсiнiң кез келген учаскелерiнде жолаушыларды отырғызуды және түсiруді жүргізуге;
Тармақша 2-1
2-1) ақпараттық-диспетчерлік қызметінің болуына немесе ақпараттық-диспетчерлік қызмет көрсету жөнінде шарт жасасуға;
Тармақша 2-2
2-2) автокөлік құралын таксометрмен жабдықтауға;
Тармақша 3
3) жергілікті атқарушы органдарға арнайы жабдықталған такси тұрақтарын ұйымдастыру жөнінде ұсынымдар беруге құқығы бар.
Таксимен тасымалдаушының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтары бap.
Тармақ 4
4. Таксимен тасымалдаушы болып табылмайтын өзге де тұлға құратын ақпараттық-диспетчерлік такси қызметі интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың, таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізіліміне енгізілген таксимен тасымалдаушылармен ақпараттық-диспетчерлік қызмет көрсету жөнінде шарт жасасады.
Интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, таксимен тасымалдаушы ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар туралы мәліметтер рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік
цифрлық тізілімінде орналастырылады.
Тармақ 5
5. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары әуежайларда, вокзалдарда, 1 және 2-санатты стационарлық сауда объектілерінде, сауда базарларында, театрларда, цирктерде, кинотеатрларда, мәдени-демалыс ұйымдарында (мәдениет және демалыс парктері), сондай-ақ алаңдарда, даңғылдарда, көшелерде, орамдарда такси тұрақтарын ұйымдастыруды және жабдықтауды, электрқуаттау станцияларына арналған инженерлік инфрақұрылымды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 6
6. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау қызметі осы Заңның талаптарына, Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларына, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне және ұлттық стандарттарға сәйкес болуға тиіс.
Бап 26-1. 26-1-бап. Автокөлік құралын жалдау шарты бойынша жолаушылар мен
багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру
26-1-бап. Автокөлік құралын жалдау шарты бойынша жолаушылар мен
багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру
Интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар автокөлік құралын жалдау шарты бойынша жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуге құқылы.
Интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың, таксимен тасымалдаушы ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізіліміне енгізілген дара кәсіпкер немесе заңды тұлға автокөлік құралын жалдау шарты бойынша жеке тұлғаға жеңіл автомобиль ұсынады.
Осы Заңның 26-бабы 2-тармағының 1), 1-1), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларын қоспағанда, жеке тұлғаның талаптарды сақтауын бақылау жеңіл автомобильдің иесі болып табылатын дара кәсіпкерге немесе заңды тұлғаға жүктеледі.
Бап 26-2. 26-2-бап. Таксимен тасымалдаушылармен ақпараттық-диспетчерлік
қызмет көрсету жөніндегі шарт
26-2-бап. Таксимен тасымалдаушылармен ақпараттық-диспетчерлік
қызмет көрсету жөніндегі шарт
Ақпараттық-диспетчерлік қызмет көрсету шарты бойынша таксидің ақпараттық-диспетчерлік қызметі клиенттердің таксимен тасымалдаушыларға не тікелей такси жүргізушілеріне тапсырыстарын ұсынады.
Бап 27. 27-бап. Жалпы пайдаланудағы көлiкпен тасымалдау кезiнде жолаушылардың жекелеген санаттарына арналған басымдықтар
27-бап. Жалпы пайдаланудағы көлiкпен тасымалдау кезiнде жолаушылардың жекелеген санаттарына арналған басымдықтар
Тармақ 1
1. Жолаушылардың жекелеген санаттары мынадай басымдықтарға ие:
Тармақша 1
1) автобусқа, троллейбусқа, таксиге кезектен тыс отыру құқығы;
Тармақша 2
2) автобустың, троллейбустың алдыңғы бөлiгiнде арнайы орындар бөлу.
Көрсетілген артықшылықтарды мүгедектігі бар адамдар,
зейнеткерлер, жүкті әйелдер, мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушылар пайдаланады;
Тармақша 3
3) кезексiз билеттер сатып алу құқығы бар.
Аталған артықшылықты Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестiрiлген ардагерлер және басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері пайдаланады.
Тармақ 2
2. Автовокзалдарда:
Тармақша 1
1) 5 жасқа дейiнгi балалары бар жолаушыларға және жүктi әйелдерге қосымша қызмет көрсетуге арналған ана мен бала бөлмесi;
Тармақша 2
2) мүгедектігі бар жолаушыларды отырғызуға және түсіруге
арналған құрылғылар жасалады.
Тармақ 3
3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын
көлік мүгедектігі бар жолаушыларды отырғызуға және түсіруге арналған құрылғылармен
жабдықталады.
Мемлекеттік органдар жолаушыларды
тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурстар өткізген кезде көлік
құралдары мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуіне ыңғайластырылған жеке және заңды тұлғалар артықшылыққа
ие болады.
Бап 27-1. 27-1-бап. Автомобиль көлігі саласындағы
көрсетілетін қызметтердің
мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігі
27-1-бап. Автомобиль көлігі саласындағы
көрсетілетін қызметтердің
мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігі
Тармақ 1
1. Мүгедектігі бар адамдардың автомобиль
көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуі үшін автовокзалдар мен
автостанцияларда:
Тармақша 1
1) мүгедектігі бар адамдардың автокөлік құралдарын қоюға арналған, арнаулы
жол белгілері орнатылған орындардың бөлінуі;
Тармақша 2
2) ғимараттардың, ғимараттарға кірме жолдың (ғимаратқа кіреберістің, баспалдақтардың),
ғимарат ішіндегі қозғалыс жолдарының, мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда, халықтың
жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін ыңғайластырылуы;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, есту және көру
қабілеттері бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ақпараттық сигналдық
құрылғылармен және байланыс құралдарымен жабдықталуы;
Тармақша 4
4) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруы
шектеулі басқа да топтарына қызмет көрсету үшін кезекші кресло-арбаның болуы;
Тармақша 5
5) күту залдарында кресло-арбалармен
жүріп-тұратын адамдардың қажеттіліктері ескеріле отырып жабдықталуға тиіс, мүгедектігі
бар адамдарға арналған арнаулы орындардың бөлінуі;
Тармақша 6
6) қоғамдық дәретханалардың кресло-арбалармен
жүріп-тұратын адамдарға арналған кабиналармен жабдықталуы;
Тармақша 7
7) мүгедектігі бар адамдарға қызмет
көрсету үшін арнаулы билет кассаларының жабдықталуы;
Тармақша 8
8) кресло-арбалармен жүріп-тұратын
адамдарға арналған арнаулы таксофондардың орнатылуы қамтамасыз етілуге тиіс.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасының
күші жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне қатысты қолданылады.
Тармақ 3
3. Әуежайларда, вокзалдарда, білім
беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, бос уақытты өткізу
және демалыс объектілерінде, сондай-ақ алаңдарда, даңғылдарда, көшелерде, орамдарда
мүгедектігі бар адамдардың арнаулы автокөлік құралдарын қоюға арналған тегін тұрақ
орындары бөлінеді, оларға өзге автокөлік құралдары қойылмауға тиіс.
Егер тұрақ орындарының саны:
Тармақша 1
1) қоса алғанда онға дейін болса
– мүгедектігі бар адамның арнаулы автокөлік құралын қою үшін бір орын;
Тармақша 2
2) оннан астам болса – мүгедектігі
бар адамның арнаулы автокөлік құралын қою үшін тұрақ орындарының жалпы санының кемінде
он пайызы бөлінеді.
Бұл ретте, егер есептеу қорытындысы
бойынша тұрақ орындарының саны 0,5-тен бастап және одан жоғары бөлшек мәнді құраса,
мұндай мән бүтін бірліктерге дейін дөңгелектеуге жатады.
Тармақ 4
4. Республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық тасымалдауды жүзеге асыру үшін сатып алынатын автокөлік құралдарын жасаушы зауыт халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын тасымалдау үшін ыңғайластыруға тиіс.
Бап 28. 28-бап. Сот иесiз деп танығанға дейiн багажға билiк ету
28-бап. Сот иесiз деп танығанға дейiн багажға билiк ету
Тармақ 1
1. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жолаушы немесе багажды алуға уәкiлеттi адам тасымалдаушыға байланысты емес себептер бойынша багажды алмаған жағдайда, тасымалдаушы багажды сот иесiз деп танығанға дейiн межелi немесе жөнелту пунктiнiң автовокзалында немесе автостанциясында сақтауға мiндеттi.
Тармақ 2
2. Сот багажды иесiз деп таныған жағдайда, багаждың жаңа иесi тасымалдаушыға оның сақталуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi, оны сақтауға, тиеп-түсiру операцияларына және тасымалдауға жұмсалған шығыстарды өтейдi.
Бап 29. 29-бап. Жолаушыларды және багажды автомобиль көлiгiмен тасымалдау ережелерi
29-бап. Жолаушыларды және багажды автомобиль көлiгiмен тасымалдау ережелерi
Жолаушыларды және багажды автомобиль көлiгiмен тасымалдау ережелерiнде:
Тармақша 1
1) жол жүру құжаттарының (билеттердiң), багаж түбiртектерiнiң нысаны, сатылу тәртiбi мен қолданылу мерзiмi;
Тармақша 2
2) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының ашылу және жабылу тәртібі, тасымалдаулардың көрсетілген түрлерiн орындау үшiн пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың, шағын автобустардың санитариялық жай-күйiне, сыртқы безендiрiлуiне және жабдықталуына қойылатын талаптар;
Тармақша 2-1
2-1) жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауларда шұғыл шақыру жүйесін ұйымдастыру тәртібі;
Тармақша 3
3) жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi;
Тармақша 4
4) маршрутқа қызмет көрсету құқығына куәлiк беру, тоқтата тұру және керi қайтарып алу тәртiбi мен шарттары, оны беруден бас тарту шарттары мен негiздерi, сондай-ақ нысаны;
Тармақша 5
5) автовокзалдарға, автостанцияларға, жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ олардың жұмыс істеу тәртібі;
Тармақша 6
6) жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбi;
Тармақша 7
7) тапсырыс берiлген автобустармен, шағын автобустармен және жеңiл автомобильдермен жолаушыларды және багажды тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбi;
Тармақша 8
8) жолаушыларды және багажды таксилермен тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбi;
Тармақша 9
9) багажды қабылдау, сақтау және беру тәртiбi;
Тармақша 10
10) жол жүру құжаттарын (билеттерiн) және олардың құнын қайтару тәртiбi мен шарттары;
Тармақша 11
11) халықаралық және республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарында жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерiн, сондай-ақ таксимен тасымалдау кезiнде жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерiн безендiру мен күтiп-ұстауға қойылатын талаптар;
Тармақша 12
12) жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты және тұрақты емес тасымалдау маршруттарында жүргiзушiлердi рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап тексеруді ұйымдастыру және одан өткізу тәртiбi;
Тармақша 13
13) жол жүру құжаттарын (билеттерді) алдын ала және электронды сатуды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі;
Тармақша 14
14) ақпараттық-диспетчерлік такси қызметтеріне қойылатын талаптар айқындалады.
Тарау 4. 4-тарау. Жүктерді және пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдау
4-тарау. Жүктерді және пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдау
Бап 30. 30-бап. Жүктi автомобильмен тасымалдау шарты
30-бап. Жүктi автомобильмен тасымалдау шарты
Тармақ 1
1. Жүктi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы өзiне жүк жөнелтушi сенiп тапсырған жүктi, тасымалдау шарттарын сақтай отырып, межелi пунктiне жеткiзуге және оны жүктi алуға уәкiлеттi адамға (жүк алушыға) бepугe мiндеттенедi, ал жүк жөнелтушi шартқа немесе тарифке сәйкес автомобильмен жүк тасымалдағаны үшiн ақы төлеуге мiндеттенедi.
Тармақ 2
2. Жүктi автомобильмен тасымалдау шартын жасасу қағаз немесе электрондық нысанда тауар-көлiк жүкқұжатының жасалуымен расталады.
Бап 31. 31-бап. Жүктi автомобильмен тасымалдау шартын өзгерту және бұзу
31-бап. Жүктi автомобильмен тасымалдау шартын өзгерту және бұзу
Жүктi автомобильмен тасымалдау шарты өзгерген немесе бұзылған жағдайда тараптар, егер шартта өзгеше көзделмесе, шарт талаптары өзгергенге дейiн немесе бұзылғанға дейiн оны орындауға байланысты шығарған шығыстардың өтелуiн талап етуге құқылы.
Бап 32. 32-бап. Жүктердi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушының және жүк жөнелтушiнiң құқықтары мен мiндеттерi
32-бап. Жүктердi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушының және жүк жөнелтушiнiң құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Тасымалдаушының жүктердi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша:
Тармақша 1
1) өзiнiң сипаты, салмақ және көлем өлшемдерi бойынша тасымалдау құжаттарында көрсетiлген жүк туралы деректерге сәйкес келмейтiн жүктi автомобильмен тасымалдаудан бас тартуға;
Тармақша 2
2) егер жүктi одан әрi автомобильмен тасымалдау жүктi тасымалдау қауiпсiздiгiне және оның сақталуына қатер төндiрсе, жүктi түсiруге;
Тармақша 3
3) егер шартта өзгеше көзделмесе, осы баптың 2-тармағының 1), 4) тармақшаларына сәйкес, жүктердi тасымалдау қауiпсiздiгiн немесе олардың сақталуын қамтамасыз етуге байланысты шығарған шығындарын өтеуге;
Тармақша 4
4) жүк жөнелтушi (жүк алушы) көрсеткен жаңа межелi пунктiне еңсерiлмейтiн күштiң салдарынан жүктi жеткiзуге мүмкiндiк болмаған жағдайда, автомобильмен тасымалдаудан бас тартуға және жүк жөнелтушiнi бұл туралы алдын ала хабардар етiп, жүктi оған қайтаруға құқығы бар; егер шартта өзгеше көзделмесе, тасымалдаушының осыларға байланысты қосымша шығыстарын жүк жөнелтушi (жүк алушы) төлейдi.
Тасымалдаушының Қазақстан Республикасының заңдарымен және шартпен белгiленген өзге де құқықтары бар.
Тармақ 2
2. Тасымалдаушы жүктердi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша:
Тармақша 1
1) жүктердi тасымалдау қауiпсiздiгiне және олардың сақталуына қатер төнгенi туралы жүк жөнелтушiнi (жүк алушыны) дереу хабардар етуге, бұл орайда жүк жөнелтушiден (жүк алушыдан) алынған нұсқауларды сақтауға, сондай-ақ жүктердi тасымалдау қауiпсiздiгiн және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде өзi жүргiзген әрекеттер туралы дереу хабардар етуге;
Тармақша 2
2) жүктi қабылдау кезiнде тауар-көлiк жүкқұжатындағы жүк орындарының санына, олардың маркалануы мен нөмiрлерiне қатысты жазбалардың дәлме-дәлдiгiн, сондай-ақ жүктiң және оның орамасының сыртқы жай-күйiн тексеруге;
Тармақша 3
3) автокөлiк құралына тиеудiң белгiленген нормаларын сақтау, автомобильмен тасымалдауды орындау қауiпсiздiгiн және жүктiң сақталуын қамтамасыз ету мақсаттарында жүктiң салынуы мен бекiтiлуiн бақылауға;
Тармақша 4
4) жүк алушы автомобильмен тасымалдаушыға қатысы жоқ себептермен жүктi алмаған жағдайда, жүктi межелi пунктiнде, келген күннен бастан отыз күн бойы, тез бүлiнетiн жүктi - төрт күн бойы сақтауға мiндеттi.
Тасымалдаушы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де мiндеттердi мойнына алады.
Тармақ 3
3. Жүк жөнелтушiнiң жүктi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша:
Тармақша 1
1) мәлiмделген жүктi тасу үшiн тиеудiң алдында автокөлiк құралының жарамдылығын тексеруге;
Тармақша 2
2) мәлiмделген жүктi тасу үшiн автокөлiк құралы жарамсыз болған жағдайда, тасымалдаушының қызметiнен бас тартуға құқығы бар.
Жүк жөнелтушiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына және шартқа сәйкес өзге де құқықтары бар.
Тармақ 4
4. Жүк жөнелтушi жүктi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша:
Тармақша 1
1) автокөлiк құралының келу және кету уақыты туралы
республикаішілік тасымалдаудағы жолпараққа белгi соғуға;
Тармақша 2
2) автокөлiк құралының жарамсыздығы себептi тасымалдаушының қызметiнен бас тартқан жағдайда тиiстi акт жасауға;
Тармақша 3
3) автокөлiк құралына жүк тиеу процесiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген рұқсат етiлген салмақ пен көлем өлшемдерiнен асыруға жол бермеуге;
Тармақша 4
4) тасымалдаушыға тауар-көлiк жүкқұжатын, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қажет болған жағдайларда, жүк тасымалдары үшiн қажеттi өзге де құжаттарды (сертификат, тиісті рұқсат, ветеринариялық құжаттар, кеден декларациялары) көрсетуге мiндеттi.
Тармақ 5
5. Жүктерді автомобильмен тасымалдау қызметтері осы Заңның, Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларының талаптарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болуға тиіс.
Бап 33. 33-бап. Автокөлiк құралдарын беру, жүктердi тиеу және түсiру
33-бап. Автокөлiк құралдарын беру, жүктердi тиеу және түсiру
Тармақ 1
1. Тасымалдаушы Автомобиль көлiгiмен жүк тасымалдау ережелерiне және шартқа сәйкес жүктердi автомобильмен тасымалдауға жарамды автокөлiк құралдарын автомобильмен жүк тасымалдауға қабылданған өтiнiмде (тапсырыста) немесе шартта белгiленген мерзiмде тиеу үшiн жүк жөнелтуге беруге мiндеттi.
Тармақ 2
2. Жүктердi автокөлiк құралына тиеу (бекiту, жабу, байлау), сондай-ақ жүктердi түсiру Автомобиль көлiгiмен жүк тасымалдау ережелерiнде көзделген талаптар сақтала отырып, шартта көзделген тәртiп пен мерзiмдерде жүзеге асырылады.
Тасымалдаушы не жүк жөнелтушi өзiнiң сипатына қарай автомобиль жолдарының ластануын туғызуы және жол қозғалысы қауiпсiздiгiне қатер төндiруi мүмкiн жүктердiң жабылуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тармақ 3
3. Жүк жөнелтушi автокөлiк құралдары жүк тиейтiн орынға келгенге дейiн жүктi автомобильмен тасымалдауға тиеу, тасымалдау қауiпсiздiгi, жүктiң және автокөлiк құралының сақталуы қамтамасыз етiлетiндей етiп дайындауға мiндеттi.
Бап 34. 34-бап. Жүктi автомобильмен тасымалдауға кедергiлер
34-бап. Жүктi автомобильмен тасымалдауға кедергiлер
Тармақ 1
1. Жүк жөнелтушiнiң кiнәсiнен жүктi автомобильмен тасымалдауға кедергiлер туындаған жағдайда, тасымалдаушы осындай кедергiлер туындаған сәттен бастап бiр тәулiктiң iшiнде бұдан әрi тасымалдау мүмкiн еместiгi туралы жүк жөнелтушiнi хабардар етуге мiндеттi.
Тармақ 2
2. Жүк жөнелтушi жүктi автомобильмен тасымалдауға кедергiлердi жою жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
Тармақ 3
3. Егер жүк жөнелтушi осы баптың 1-тармағына сәйкес тасымалдаушы хабардар еткен сәттен бастап үш тәулiк iшiнде (тез бүлiнетiн жүкке қатысты бiр тәулiк iшiнде) жүктi автомобильмен тасымалдауға кедергiлердi жою жөнiнде шаралар қолданбаған жағдайда, автомобильмен тасымалдаушы үш тәулiк iшiнде жүктiң сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде келтiрiлген шығындарды ескере отырып, жүктi жүк жөнелтушiге соның есебiнен қайтаруға, ал тез бүлiнетiн жүктi белгiленген тәртiппен өткiзуге құқылы.
Бап 35. 35-бап. Жүктi беру
35-бап. Жүктi беру
Тармақ 1
1. Тасымалдаушының жауапкершiлiгiндегi жүктiң бүлiнуi немесе бұзылуы салдарынан оның сапасының және (немесе) санының соншалықты өзгеруiнен, жүктi тiкелей мақсатында толық немесе iшiнара пайдалану мүмкiн болмайтын жағдайда ғана жүк алушы жүктi қабылдаудан бас тартуы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Жүктердi қалааралық автомобильмен тасымалдау кезiнде тасымалдаушыға байланысты емес себептер бойынша жүктi жүк алушыға беру мүмкiн болмаған жағдайда, жүк жөнелтушi Автомобиль көлiгiмен жүк тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiппен тасымалдаушыға жүктi жаңа межелi пунктiне жеткiзу туралы нұсқау беруге мiндеттi.
Бап 36. 36-бап. Құндылығы жарияланған жүктердi автомобильмен тасымалдау
36-бап. Құндылығы жарияланған жүктердi автомобильмен тасымалдау
Тармақ 1
1. Тасымалдаушы жүк жөнелтушiмен (жүк алушымен) келiсiм бойынша құндылығы жарияланған жүктер тасуы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Iлесусiз тасымалданатын бағалы металдарды (тастарды), олардан жасалған бұйымдарды, өнер заттарын, антикварлық мүлiктердi және өзге де көркем құндылықтарды, бейне- және дыбыс аппаратураларын, электрондық-есептеу және көбейту техникаларын, машиналардың тәжiрибелiк үлгiлерiн, жабдықтарды, аспаптарды, жеке (тұрмыстық) қажетке арналған жүктердi автомобильмен тасымалдаған кезде құндылықты жариялау мiндеттi.
Тармақ 3
3. Құндылығы жарияланған жүктердi автомобильмен тасымалдау үшiн жүк жөнелтушiден (жүк алушыдан) қосымша ақы алынуы мүмкiн, оның мөлшерi жүктi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.
Бап 37. 37-бап. Қауiптi жүктердi автомобильмен тасымалдау
37-бап. Қауiптi жүктердi автомобильмен тасымалдау
Тармақ 1
1. Тасымалдау, тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу және сақтау кезiнде олардың өзiндiк ерекшелiгiне байланысты техникалық құралдардың, құрылғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың жарылысына, өрт шығуына немесе бүлiнуiне, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың өлiм-жiтiмiне, жарақат алуына және ауруына себеп болуы, қоршаған табиғи ортаға зиян келтiруi мүмкiн кез келген заттар, материалдар, бұйымдар, өндiрiс және өзге де қызмет қалдықтары қауiптi жүктер деп танылады.
Тармақ 1-1
Тармақ 1-2
1-2. 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдары қозғалыс жылдамдығы, маршрутының сақталуы туралы деректерді нақты уақыт режимінде үздіксіз беру құрылғыларымен қосымша жабдықталады.
Тармақ 2
2. Қауiптi жүктердi автомобильмен тасымалдауға ұсынған кезде жүк жөнелтушi құжаттарда (тауар-көлiк жүкқұжатында, автокөлiк құралының жүргiзушiсiне арналған жазбаша нұсқаулықта) осы жүктен туатын нақты қауiптi және қолданылуы тиiс сақтық шараларын көрсетуге мiндеттi.
Автокөлiк құралының жүргiзушiсiне арналған жазбаша нұсқаулықтар автомобильмен тасымалдаушыға қауiптi жүктi автомобильмен тасымалдауға арналған тапсырыс түскеннен кешiктiрiлмей берiлуге тиiс.
Тармақ 3
3. Қауiптi жүктердi тиеудi және түсiрудi осы жұмыстарды жүргiзуге рұқсаты бар (жiберiлген) жүк жөнелтушi, жүк алушы жүргiзедi.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 1, 6 және 7-класты қауiптi жүктi тасымалдауға рұқсат беру құжаты – Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүктi тасымалдауға арналған арнайы рұқсат негiзiнде, арнайы бейімделген автомобильмен немесе осы мақсаттар үшін арнайы қайта жабдықталған басқа да автокөлік құралдарымен жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Жүргiзушiге халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктерді автокөлiк құралдарымен тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлiкті халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдары жүргізушілерін арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер немесе заңды тұлғалар береді.
Тармақ 6
6. Дара кәсiпкер немесе заңды тұлға халықаралық және республикаішілік қатынастарда қауiптi жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдары жүргізушілерін арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастар алдында "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органға белгіленген нысанда хабарлама жіберуге міндетті.
Тармақ 7
7. Автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктерді тасымалдау қағидаларында:
Тармақша 1
1) қауiптi жүктердi тасымалдауды ұйымдастыру тәртiбі;
Тармақша 2
2) қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiне қойылатын талаптар;
Тармақша 3
3) қауiптi жүктерді тасымалдайтын автокөлiк құралдарына қойылатын талаптар;
Тармақша 4
4) қауiптi жүктерді тасымалдайтын автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп-тұру тәртібі;
Тармақша 5
5) 1, 6 және 7-сыныптағы қауiптi жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсатты беру тәртібі;
Тармақша 6
6) көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру тәртібі айқындалады.
Тармақ 8
8. Көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлікті уәкілетті орган міндетті техникалық қарап тексеруден өтудің белгіленген мерзімділігіне сәйкес келесі міндетті техникалық қарап тексеруден өту мерзімі көрсетілген техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасы негізінде береді.
Көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлік техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасының қолданыс мерзіміне беріледі.
Бап 38. 38-бап. Iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi автомобильмен тасымалдау
38-бап. Iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi автомобильмен тасымалдау
Тармақ 1
1. Автокөлiк құралының көлемi мен салмағын ескергенде, автомобиль жолдарымен жүру үшiн автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағында белгiленген, рұқсат етілген көлемдік және салмақтық параметрлерден асатын жүктер iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктер деп танылады.
Тармақ 2
2. Бөлінбейтін жүктерді немесе мамандандырылған
автомобиль-цистерналарда тасымалданатын сұйық жүктерді тасымалдау жағдайларын қоспағанда, уәкілетті орган белгілеген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін өлшемдерінен габариттері және (немесе) массасы және (немесе) осьтік жүктемелері бойынша асып түсетін жүгі бар отандық және шетелдік ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуіне жол берілмейді.
Тармақ 2-1
2-1. Техникалық жол берілетін ең жоғары массасы он екі тоннадан асатын автокөлік құралдарының иелері автоматтандырылған өлшеу станциялары жұмыс істейтін аймақ арқылы жүріп өткен кезде автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларында айқындалған тәртіппен автоматтандырылған өлшеу станциясында осындай автокөлік құралының нақты салмақтық және габариттік параметрлерін өлшеуді қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 3
3. Алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
📌 Ескерту. Автокөлік құралдарының меншік иелері, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында автокөлік құралдарын иеленетін тұлғалар, сондай-ақ автокөлік құралын экипажымен қоса жалдау шарты бойынша беру жағдайларын қоспағанда, автокөлік құралдары уақытша иеленуге және пайдалануға берілген тұлғалар; егер автокөлік құралы Қазақстан Республикасының аумағымен халықаралық тасымалдарды жүзеге асырса, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтанушылар осы баптың 2-1-тармағындағы автокөлік құралдарының иелері деп танылады.
Бап 38-1. 38-1-бап. Жүктерді өзі аударғыш автомобильмен тасымалдау
38-1-бап. Жүктерді өзі аударғыш автомобильмен тасымалдау
Бап 38-2. 38-2-бап. Жүктерді өзі аударғыш автомобильмен тасымалдау
38-2-бап. Жүктерді өзі аударғыш автомобильмен тасымалдау
Бап 39. 39-бап. Пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдау
39-бап. Пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдау
Тармақ 1
1. Тасымалдаушылар пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдауды пошта операторларымен жасалған пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдау шарты негiзiнде жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Пошта жөнелтілімдерін тасымалдау үшiн арнайы жасалған автокөлiк құралы пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдау шартына сәйкес қатаң тiкелей мақсатында пайдаланылуға тиiс. Мұндай автокөлiк құралында пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдауға қатысы жоқ бөгде адамдарды тасымалдауға тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерiн ұсынатын пошта операторы көлiгiнiң автомобиль, темiржол, су станциялары мен вокзалдарының, әуежайлардың аумақтарында орналасқан жүк және багаж кешендерiне пошта жөнелтiлімдерiн алмасу үшiн өтуi бiрiншi кезекте және ақысыз жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Егер пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдау шартында өзгеше белгiленбесе, пошта жөнелтілімдерін тиеудi және түсiрудi, сондай-ақ оған iлесiп жүрудi және оның жүру жолында сақталуын пошта операторлары қамтамасыз етедi. Егер шарт талаптарынан өзгеше жағдай туындамаса, автомобильмен тасымалдау кезiнде пошта жөнелтілімдерінің сақталуы мен тұтастығы үшiн пошта операторы жауаптылықта болады.
Бап 40. 40-бап. Жүктерді аралас тасымалдау
40-бап. Жүктерді аралас тасымалдау
Бiрыңғай тауар-көлiк жүкқұжаты (бiрыңғай коносамент) бойынша әртүрлi көлiк түрлерiмен жүктердi тасымалдауға қатысатын тасымалдаушылардың, сондай-ақ басқа да тұлғалардың қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамалық актiлерiнде айқындалады.
Бап 41. 41-бап. Автомобиль көлiгiмен жүк тасымалдау ережелерi
41-бап. Автомобиль көлiгiмен жүк тасымалдау ережелерi
Автомобиль көлiгiмен жүк тасымалдау ережелерi:
Тармақша 1
1) жүктi жеткiзу мерзiмiн;
Тармақша 2
2) жүктi автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн;
Тармақша 3
3) тауар-көлiк жүкқұжатының нысанын және оны қолдану тәртiбiн;
Тармақша 4
4) жүк тиеу және түсiру пункттерiне қойылатын талаптарды;
Тармақша 5
5) автомобильмен тасымалдауға жүктердi қабылдау, сондай-ақ жүктi межелi пунктiнде өңдеу, сақтау және беру тәртiбiн;
Тармақша 6
6) тез бүлiнетiн жүктi өткiзу тәртiбiн;
Тармақша 7
7) құндылығы жарияланған жүк тасымалдау тәртiбiн;
Тармақша 8
8) жүктi маркалау тәртiбiн;
Тармақша 9
9) жүктi пломбалау тәртiбiн;
Тармақша 10
10) актiлер жасау тәртiбiн;
Тармақша 11
11) жүктi тасымалдау шарттарын өзгерту және бұзу тәртiбiн;
Тармақша 12
12) жүктi ұстап қалу тәртiбiн;
Тармақша 13
13) жүктiң жекелеген түрлерiн тасымалдау тәртiбiн;
Тармақша 14
14) халықаралық қатынаста тез бұзылатын жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдарын куәландыру тәртібін;
Тармақша 15
15) тез бұзылатын жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдарына қойылатын талаптарды айқындайды.
Бап 41-1. 41-1-бап. Жүктерді жүк таситын және мамандандырылған
автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ
арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету
жөніндегі қызметті тіркеу
41-1-бап. Жүктерді жүк таситын және мамандандырылған
автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ
арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету
жөніндегі қызметті тіркеу
Тасымалдаушының уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде жүктерді жүк таситын және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тіркеуге құқығы бар.
Тарау 5. 5-тарау. Халықаралық автомобиль тасымалдары
5-тарау. Халықаралық автомобиль тасымалдары
Бап 42. 42-бап. Халықаралық автомобиль тасымалдарын мемлекеттiк реттеу
42-бап. Халықаралық автомобиль тасымалдарын мемлекеттiк реттеу
Тармақ 1
1. Халықаралық автомобиль тасымалдары Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарына, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кiру және одан сыртқа шығу, сондай-ақ оның аумағы арқылы транзитпен жүріп өту тәртiбiн уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 3
3. Халықаралық автомобиль тасымалдарын орындаудың рұқсат етiлген жүйесi қолданылатын елдерде халықаралық автомобиль тасымалдарын орындау уәкiлеттi орган беретiн рұқсаттар негiзiнде жүзеге асырылады.
Шет мемлекеттiң тасымалдаушыларына Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуге рұқсаттар және Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттiң аумағымен жүріп өтуге рұқсаттар беруді – осы Заңның 19-7-бабына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес, оның ішінде Қазақстан Республикасында халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларға рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларында белгіленген тәртіппен, шетелдік рұқсаттар бланкілерін автоматты түрде үлестіру жүйесін пайдалана отырып мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары жүргізеді.
Егер халықаралық автомобиль тасымалдарын орындаудың рұқсат ету жүйесi қолданылатын елдерге қатысты рұқсаттарға сұраныс Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына берiлетiн рұқсаттар санынан acca, онда рұқсаттар бiрiншi кезекте:
Тармақша 1
1) гуманитарлық жүктердi автомобильмен тасымалдауға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн жүктердi автомобильмен экспорттық тасымалдауға;
Тармақша 3
3) көлiктiң басқа түрлерiнiң тасымалдаушыларымен бiрлесiп орындалатын автомобиль тасымалдарына;
Тармақша 4
4) тез бүлiнетiн өнiмдердi автомобильмен тасымалдауға;
Тармақша 5
5) жолшыбай бағытта орындалатын автомобильмен тасымалдауларға беріледі.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы тасымалдаушыларының және шет мемлекет тасымалдаушыларының халықаралық автомобиль тасымалдарын орындаған кезде Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарын сақтауын бақылауды осы Заңның 19-7-бабына сәйкес мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Шет мемлекет тасымалдаушылары Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автомобиль тасымалдарын орындаған кезде пайдаланатын автокөлiк құралдарын уәкiлеттi органның лауазымды адамдары тексерiп қарауы мүмкiн.
Бап 43. 43-бап. Жолаушыларды және багажды автомобильмен халықаралық тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру
43-бап. Жолаушыларды және багажды автомобильмен халықаралық тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру
Тармақ 1
1. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты халықаралық тасымалдау уәкiлеттi орган мен шет мемлекеттiң тиiстi құзыреттi органы арасында автобустардың, шағын автобустардың келiсiлген маршруттары (бастапқы, соңғы және аялдау пункттерiн көрсете отырып) және қозғалыс кестесi бойынша ұйымдастырылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының тасымалдаушылары жолаушыларды және багажды автомобильмен халықаралық тұрақты емес тасымалдауды орындаған кезде автобус жүргiзушiлерiнде уәкiлеттi органның лауазымды адамдары куәландырған жолаушылар тiзiмi болуға тиiс.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасымен шет мемлекеттер арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өткiзу пункттерi арқылы ғана жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Жолаушылар мен багажды халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде, Қазақстан Республикасы облысының шет мемлекетке шығу немесе шет мемлекеттен кіру жүзеге асырылатын елді мекендері арасында отандық тасымалдаушылардың жолаушылар мен багажды тасымалдауын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде құжаттарды ресімдеу және тұрақты маршруттар бойынша, сондай-ақ туристік операторлар ұйымдастырған тұрақты емес тасымалдар бойынша жолаушыларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын автобустарды өткізу кезектен тыс жүргізіледі.
Бап 44. 44-бап. Шет мемлекеттің аумағында тiркелген автокөлiк құралдарымен жолаушыларды, багажды, жүктердi автомобильмен тасымалдаулар
44-бап. Шет мемлекеттің аумағында тiркелген автокөлiк құралдарымен жолаушыларды, багажды, жүктердi автомобильмен тасымалдаулар
Шет мемлекеттің аумағында тiркелген автокөлiк
құралдарымен:
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан
пункттер арасында;
Қазақстан
Республикасының аумағында уақытша мемлекеттік есепке қойылған автокөлік құралдары үшін халықаралық қатынаста
жолаушыларды, багажды, жүктердi тасымалдау жөніндегі кәсiпкерлiк қызметке тыйым
салынады.
Бап 45. 45-бап. Халықаралық автомобиль тасымалдауларын жүзеге асыру кезiнде тасымалдаушыларға, жүргiзушiлерге және автокөлiк құралдарына қойылатын талаптар
45-бап. Халықаралық автомобиль тасымалдауларын жүзеге асыру кезiнде тасымалдаушыларға, жүргiзушiлерге және автокөлiк құралдарына қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Халықаралық автомобиль тасымалдауларын жүзеге асыратын тасымалдаушылар халықаралық талаптарға сай келетiн, өз мемлекетiнiң тiркеу және айырым белгiлерi бар автокөлiк құралдарын пайдалануға тиiс.
Белгiленген талап тiркемелер мен жартылай тiркемелерге қолданылмайды.
Тармақ 2
2. Халықаралық автомобиль тасымалдауларын жүзеге асыру кезiнде автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерi Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасында белгiленген жүргiзушiлердiң еңбегі мен тынығуы режимiн сақтауға мiндеттi.
Тармақ 3
3. Жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдаулар уәкілетті орган беретін автомобильмен халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыруға рұқсат ету туралы куәліктің және автокөлік құралдарына рұқсат ету карточкасының негізінде жүзеге асырылады. Тасымалдаушыға қойылатын талаптар Жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидасында белгіленеді.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасында тіркелген, тез бұзылатын жүктерді тасымалдауға арналған автокөлік құралдарында автомобильмен халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган беретін Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасында белгіленген талаптарға олардың сәйкестігі туралы куәлік болуға тиіс.
Тармақ 5
5. Шет мемлекеттерде тіркелген автокөлік құралдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткеннен кейін Қазақстан Республикасының аумағында межелі пунктпен халықаралық жүк тасымалын жүзеге асырған кезде сәйкестендіру құралдары пайдаланыла отырып өткізіледі.
Сәйкестендіру құралдарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ оларды пайдалану тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 6
Тарау 6. 6-тарау. Автомобиль көлігіндегі жауапкершілік
6-тарау. Автомобиль көлігіндегі жауапкершілік
Бап 46. 46-бап. Автокөлiк құралдарын жөнелтудi кiдiрткенi үшiн жүк жөнелтушiлер мен жүк алушылардың жүктi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша жауапкершiлiгi
46-бап. Автокөлiк құралдарын жөнелтудi кiдiрткенi үшiн жүк жөнелтушiлер мен жүк алушылардың жүктi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша жауапкершiлiгi
Тармақ 1
1. Тиеуге немесе түсiруге берiлген автокөлiк құралдарының келiсiлген мерзiмнен тыс бос тұрғаны үшiн жүк жөнелтушi немесе жүк алушы, егер кiдiру өздерiнiң кiнәсiнен болса, тасымалдаушыға тараптардың келiсiмiмен (шартымен) көзделген айыппұл төлейдi, ал аталған келiсiм болмаған жағдайда - бос тұрған әрбiр сағаты үшін:
Тармақша 1
1) жүк көтергiштiгi төрт тоннаны қоса алғанға дейiнгi автокөлiк құралдары бос тұрған кезде - айлық есептiк көрсеткiштiң он екi процентi мөлшерiнде;
Тармақша 2
2) жүк көтергiштiгi төрт тоннадан жетi тоннаны қоса алғанға дейiнгi автокөлiк құралдары бос тұрған кезде - айлық есептiк көрсеткiштiң он үш процентi мөлшерiнде;
Тармақша 3
3) жүк көтергiштiгi жетi тоннадан он тоннаны қоса алғанға дейiнгi автокөлiк құралдары бос тұрған кезде - айлық есептiк көрсеткiштiң он төрт процентi мөлшерiнде;
Тармақша 4
4) жүк көтергiштiгi он тоннадан астам автокөлiк құралы бос тұрған кезде - айлық есептiк көрсеткiштiң он бес процентi мөлшерiнде төлейдi.
Тармақ 2
2. Арнайы бейiмделген автокөлiк құралдарының бос тұруы кезiнде осы баптың 1-тармағында аталған айыппұл мөлшерi екi есе ұлғаяды.
Аталған айыппұлды жүк жөнелтушi немесе жүк қабылдаушы, өздерiнiң кінәсінен автокөлiк құралдары тасымалдаушының көлік жайында немесе жол үстiнде тұрып қалғаны үшiн де төлейдi.
Тармақ 3
3. Автокөлiк құралдарының тұрып қалғанына айыппұл есептеу үшiн тауар-көлiк жүкқұжатындағы және
республикаішілік тасымалдауда жолпарақтағы келу және кету уақыты туралы белгiлер, ал көлiкжайда тұрып қалғаны үшiн жүк жөнелтушiнiң немесе жүк алушының жүктi жөнелтуден немесе қабылдаудан бас тартуы негiз болып табылады.
Тармақ 4
4. Автомобиль тасымалдарына тыйым салынған жүктi немесе автомобиль тасымалдары кезiнде ерекше сақтық шараларын талап ететiн, атауы немесе өзiндiк ерекшелiгi толық көрсетiлмеген жүктi ұсынғаны үшiн, жүк жөнелтушi келтiрiлген шығындардан басқа, тасымалдаушыға шартта көрсетiлген тасымалдау ақысының бес есе мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
Тармақ 5
5. Жүк жөнелтушiлер мен жүк алушылар жүктi тиеу және түсiру, дұрыс тиемеу, дұрыс буып-түймеу немесе дұрыс бекiтпеу кезiнде бұл операцияларды тасымалдаушы жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, автокөлiк құралдарына артық тиеу, олардың зақымдануы салдарынан тасымалдаушыға өздерiнiң кiнәсiнен келтiрген шығындарының орнын толтыруға мiндеттi.
Тауар-көлiк жүкқұжатында кедендiк, санитарлық және басқа да ережелердi орындау үшiн қажет тиiстi құжаттар қоса берiлмеуi салдарынан автокөлiк құралдары мен контейнерлердiң кiдiртiлгенi үшiн жүк жөнелтушi (жүк алушы) тасымалдаушыға осы баптың 1 және 2-тармақтарында және осы Заңның 49-бабында белгiленген мөлшерде айыппұл төлейдi.
Бап 47. 47-бап. Жолаушыны және багажды жөнелтудiң кiдiртiлгенi немесе межелi пунктке кешiгiп жеткенi үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi
47-бап. Жолаушыны және багажды жөнелтудiң кiдiртiлгенi немесе межелi пунктке кешiгiп жеткенi үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi
Тармақ 1
1. Тасымалдаушының кiнәсiнен жолаушы тасымалдайтын автокөлiк құралының кiдiргенi немесе мұндай автокөлiк құралының межелi пунктке (қалалық, қала маңындағы, ауданішілік және ауылдық қатынастар тасымалын қоспағанда) кешiккенi үшiн тасымалдаушы кешiккен әрбiр сағат үшiн жолаушыға жол жүру құжаты (билетi) құнының үш процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi, егер кiдiру немесе кешiгу еңсерiлмейтiн күштiң салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, келтiрiлген зиянды да өтейдi. Бұл орайда айыппұл сомасы жолаушы сатып алған жол жүру құжатының (билетiнiң) құнынан аспауға тиiс.
Тармақ 2
2. Жөнелтудiң кiдiртiлуiне байланысты жолаушы автомобиль тасымалынан бас тартқан жағдайда, тасымалдаушы жолаушыға жол жүру ақысын толық мөлшерде қайтаруға, сондай-ақ мұндай кiдiрiске байланысты оның шеккен шығындарын өтеуге мiндеттi.
Тармақ 3
3. Тасымалдаушы багажды жеткiзу мерзiмiн кешiктiргенi үшiн багажды алушыға толық емес тәулiктi толық тәулiк деп есептей отырып, кешiктiрген әрбiр тәулiкке багажды автомобильмен тасымалдау төлемақысының он процентi мөлшерiнде, бiрақ тасымалдау ақысының елу процентiнен аспайтын мөлшерде айыппұл төлейдi.
Багажды жеткiзу мерзiмiнiң өтуi багаж келуге тиiс күнтiзбелiк күнгi сағат жиырма төрттен бастап есептеледi. Багажды жеткiзу мерзiмiнiң өтiп кеткенi үшiн айыппұлды тасымалдаушы жолаушының талабы бойынша жасалған акт негiзiнде багажды беру кезiнде төлейдi.
Тармақ 4
4. Тасымалдаушы багажды жөнелтушiден немесе алушыдан кiдiртуге байланысты туындайтын шығындарды, егер олар орын алған болса, өтеуге мiндеттi.
Тармақ 5
5. Ауданаралық (облысішілік қалааралық) облысаралық қалааралық және халықаралық маршруттарда автобусты, шағын автобусты жөнелту тасымалдаушының кiнәсiнен сегіз сағатқа және одан да көп уақытқа кешiктiрiлген жағдайда тасымалдаушы жолаушыларға өз есебiнен қонақ үйден орын алып беруге және тамақпен қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тармақ 6
6. Жолаушының сұрауы бойынша автомобиль тасымалы мерзiмiнiң кешiгуi немесе рейстiң тоқтатылуы туралы оған ресми құжат берiледi немесе жүру құжатында (билетте) белгi соғылады.
Тармақ 7
7. Рейс тоқтатылған кезде, еңсерiлмейтiн күштiң әсер ету жағдайларын қоспағанда, тасымалдаушы жолаушының таңдауы бойынша жолаушыны жүру құжатында (билетiнде) көрсетiлген межелi пунктке дейiн жуық арада жүретiн рейспен жөнелтудi қамтамасыз етуге нeмece жолаушыға жол жүру құжатының (билеттiң) екi еселенген құнын қайтарып беруге мiндеттi.
Бап 48. 48-бап. Жүктердi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша автокөлiк құралдарының берiлмеуi және пайдаланылмауы үшiн жауапкершiлiк
48-бап. Жүктердi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша автокөлiк құралдарының берiлмеуi және пайдаланылмауы үшiн жауапкершiлiк
Тармақ 1
1. Егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, тасымалдаушы автокөлiк құралдарын жүктердi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша, автомобильмен тасымалдау шартында көзделген мөлшерде бермегенi үшiн, жүк жөнелтушiге (жүк алушыға) автокөлiк құралын бермеген әрбiр жағдай үшiн, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
Тармақ 2
2. Егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, тасымалдаушы пайдаланылуы уақытша тариф бойынша төленетiн, автомобильмен тасымалдау шартында көзделген мөлшерде автокөлiк құралдарын бермеген кезде, тасымалдаушы жүк жөнелтушiге (жүк алушыға) автомобильмен тасымалдау шартында көрсетiлген пайдалану уақытын ескере отырып, автокөлiк құралдарын пайдалану құнының қырық процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
Тармақ 3
3. Егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, жүк жөнелтушi (жүк алушы) жүктердi автомобильмен тасымалдау шартында көзделген мөлшерде автокөлiк құралдарын толық немесе iшiнара пайдаланудан бас тартқан кезде, ол тасымалдаушыға автокөлiк құралын пайдаланудан бас тартқан әр жағдай үшiн он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде немесе жұмысы уақытша тариф бойынша төленетiн автокөлiк құралдарын пайдаланудан бас тартқан кезде, автомобильмен тасымалдау шартында көрсетiлген пайдалану уақытын негiзге алып, автокөлiк құралдарын пайдалану құнының қырық процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
Бап 49. 49-бап. Контейнерлердiң берiлмегенi және пайдаланылмағаны үшiн жауапкершiлiк
49-бап. Контейнерлердiң берiлмегенi және пайдаланылмағаны үшiн жауапкершiлiк
Тасымалдаушының контейнерлердi жүк жөнелтушiге бермегенi үшiн, ал жүк жөнелтушi контейнерлердi пайдаланбағаны үшiн тасымалдаушыға тараптардың келiсiмiнде көзделген мөлшерде, кiдiртiлген әрбiр сағат үшiн, ал аталған келiсiмдер болмаған жағдайда:
Тармақша 1
1) жалпы салмағы бес тоннадан кем контейнер үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң он бес процентi;
Тармақша 2
2) жалпы салмағы бес тоннадан он тоннаға дейiнгi контейнер үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң отыз процентi;
Тармақша 3
3) жалпы салмағы он тоннадан асатын контейнер үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң алпыс процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
Бап 50. 50-бап. Жүк жөнелтушiнiң құжаттарды уақтылы бермегенi үшiн жауапкершiлiгi
50-бап. Жүк жөнелтушiнiң құжаттарды уақтылы бермегенi үшiн жауапкершiлiгi
Жүк жөнелтушi жүктi автомобильмен тасымалдау үшiн қажеттi құжаттардың уақтылы берiлмеуi салдарынан келтiрiлген шығындар үшiн, сондай-ақ ол тауар-көлiк жүкқұжатында көрсеткен мәлiметтердiң дұрыс еместiгi, дәл еместiгi немесе толық еместiгi үшiн тасымалдаушының алдында жауапты болады.
Бап 51. 51-бап. Тасымалдаушының жүктiң немесе багаждың жоғалғаны, жетiспегенi және зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн жауапкершiлiгi
51-бап. Тасымалдаушының жүктiң немесе багаждың жоғалғаны, жетiспегенi және зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн жауапкершiлiгi
Тармақ 1
1. Тасымалдаушы жүктi немесе багажды тасымалдауға қабылдап алған кезден бастап - алушыға, оған уәкiлеттi адамға немесе багажды алуға уәкiлеттi адамға бергенге дейiн олардың сақталуын қамтамасыз етедi.
Тармақ 2
2. Тасымалдаушы, егер жүктiң немесе багаждың жоғалғаны, жетiспегенi немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) өзiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, жүктiң немесе багаждың жоғалғаны, жетіспегені немесе зақымданғаны (бүлінгені) үшін жауап бередi.
Тармақ 3
3. Жүктi немесе багажды тасымалдау кезiнде келтiрiлген зиян Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде өтеледi.
Тармақ 4
4. Тасымалдаушы анықталған зиянды өтеумен қоса жөнелтушiге (алушыға) жоғалған, жетiспеген, бүлiнген немесе бұзылған жүк пен багажды тасымалдағаны үшiн өндiрiп алынған тасымалдау төлемақысын, егер бұл ақы жүктiң құнына кiрмесе, қайтарады.
Бап 52. 52-бап. Жүктердi жеткiзу мерзiмдерiн бұзғаны үшiн жауаптылық
52-бап. Жүктердi жеткiзу мерзiмдерiн бұзғаны үшiн жауаптылық
Тасымалдаушы жүктердi жеткiзу мерзiмдерiн бұзғаны үшiн, егер кешiктiру өзiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, жүк жөнелтушiге (жүк алушыға) кешiктiрiлген әрбiр тәулiк үшін тасымалдау төлемақысының бес пайызы мөлшерiнде, бiрақ тасымалдау төлемақысының елу пайызынан аспайтын мөлшерде айыппұл төлейдi.
Бап 53. 53-бап. Жауаптылықтан босату
53-бап. Жауаптылықтан босату
Тармақ 1
1. Тасымалдаушының кiнәсi дәлелденген жағдайларды қоспағанда, тасымалдаушы қол жүгi ретiнде жолаушы өзiмен бiрге алып жүрген багаждың сақталуына жауапты болмайды.
Тармақ 2
2. Егер жүктi автомобильмен тасымалдау туралы шартта өзгеше көзделмесе, жүк жөнелтушi, жүк алушы апат немесе еңсерiлмейтiн күш салдарынан тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу мүмкiн болмаған жағдайда жауаптылықтан босатылады.
Бап 54. 54-бап. Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
54-бап. Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасын бұзушылық Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Бап 54-1. 54-1-бап. Өтпелi ережелер
54-1-бап. Өтпелi ережелер
Тармақ 1
1. Осы Заңның 1-бабының 2) және 9) тармақшаларында белгiленген, автовокзалдар мен автостанциялар аумағының алаңына қойылатын талаптар 2011 жылғы 1 қаңтарға дейiн пайдалануға қабылданған автовокзалдар мен автостанцияларға қолданылмайды.
Тармақ 2
2. 37-баптың 1-1-тармағының қолданысы 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
Тармақ 3
3. Осы Заңның 11-бабының 4 және 5-тармақтарының қолданысы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
Бап 55. 55-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
55-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
Осы Заң 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 9-баптың 3) тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.