Об утверждении Положения государственного учреждения «Аппарат маслихата города Экибастуза» Күшін жойған
Басқа 0
«Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы Үлгілік ережеге сәйкес Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Екібастұз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 15 қазандағы «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта тіркеу және Ережесін бекіту туралы» № 471/60 шешімі жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
Екібастұз қаласы
мәслихатының 2021 жылғы
23 желтоқсандағы
№ 86/13 шешімімен
бекітілген
«Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Екібастұз қалалық мәслихатының ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Екібастұз қалалық мәслихаты хатшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да актілермен рәсімделген шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 141200, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45.
Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі:
дүйсенбі - жұма күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 11
11. Осы Ереже «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 12
12. «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Тарау 2. 2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 14
14. Міндеттері:
Тармақша 1
1) қалалық мәслихаттың ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау қызметін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) қалалық мәслихатпен қабылданған шешімдердің қолданыстағы заңнамаға сәйкес болуын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) қалалық мәслихат депутаттарының материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) халықты қалалық мәслихаттың қызметі туралы ақпараттандыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) мәслихаттың бақылау функцияларының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) мәслихаттың ақпараттық жүйелерін жетілдіру;
Тармақша 7
7) мәслихат аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлаудан өтуін қамтамасыз ету.
Тармақ 15
15. Құқықтары:
Тармақша 1
1) белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан ақпарат, анықтамалар, есептер, шешімдер жобаларын, нормативтік құқықтық актілері жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында басылуы туралы мәліметтер, ғылыми сараптамалар мен сараптамалық кеңестердің қорытындыларын, қалалық мәслихаттың қарауына енгізілген шешімдер жобалары бойынша қажетті келісулерді, сессиялардың күн тәртібі мен тұрақты (уақытша) комиссиялардың отырыстарында қаралатын мәселелер бойынша өзге де құжаттамаларды сұрау;
Тармақша 3
3) депутаттар сауалдарының және депутаттық ұсыныстардың уақтылы қаралуын және іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мекемелерге сұраулау жіберу;
Тармақша 4
4) қалалық мәслихатқа жолданған азаматтардың өтініштерінің орындалу мерзімі мен нәтижелеріне бақылауды жүзеге асыру;
Тармақ 16
16. Міндеттері:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде қалалық мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) қалалық мәслихаттың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша лауазымды тұлғаларға және мемлекеттік органдарға консультативтік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсету.
Тармақ 17
17. Функциялар:
Тармақша 1
1) қалалық мәслихат депутаттарына ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау қызметтерін көрсету;
Тармақша 2
2) қалалық мәслихаттың қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және шешімдердің өзге де жобаларын әзірлеуді бақылау, қалалық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) мәслихат қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындау, іссапар шығыстарын өтеу, депутаттарды депутаттық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті кеңсе керек-жарақтарымен және өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) бұқаралық ақпарат құралдарында мәслихат қызметі туралы мәліметтердің жариялануын ұйымдастыру, қалалық мәслихат қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілерді жариялау;
Тармақша 5
5) атқарушы органдар басшыларының ақпараттарын, есептерін жинау, талдау, қалалық мәслихат депутаттары алдында өз қызметі туралы есеп беретін мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелері туралы анықтамалар дайындау;
Тармақша 6
6) қалалық мәслихат аппаратының ресми сайтын қалалық мәслихаттың қызметі туралы қажетті ақпаратпен толықтыру және оның бөлімдерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Тарау 3. 3 тарау. Бірінші басшының мәртебесі, өкілеттігі
мемлекеттік органның атауы
3 тарау. Бірінші басшының мәртебесі, өкілеттігі
мемлекеттік органның атауы
Тармақ 18
18. «Екібастұзқаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты қалалық мәслихат хатшысы жүзеге асырады, ол «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапты.
Тармақ 19
19. Қалалық мәслихаттың хатшысы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болып табылады.
Тармақ 20
20. Қалалық мәслихат хатшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
Тармақша 2
2) қалалық мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 3
3) қалалық мәслихат сессиясының отырысын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) қалалық мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды; ;
Тармақша 5
5) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;
Тармақша 6
6) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 7
7) сайлаушылардың өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы қалалық мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады;
Тармақша 8
8) мәслихаттың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
Тармақша 9
9) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-заң) 24-бабына сәйкес әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастама жасаған мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
Тармақша 10
10) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;
Тармақша 11
11) мәслихаттың тұрақты комиссияларының, өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;
Тармақша 12
12) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда қалалық мәслихаттың атынан өкілдік етеді;
Тармақша 13
13) мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды белгілейді;
Тармақша 14
14) қалалық мәслихаттың хатшысы болмаған жағдайда оның өкілеттігін қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе қалалық мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
Тармақша 15
15) мәслихат шешімі бойынша өзге де функцияларды орындайды;
Тармақша 14
14) заңнамада белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде мәслихат аппаратының қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 15
15) «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.
Тармақ 21
21. Қалалық мәслихаттың хатшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қалалық мәслихат аппараты басшысының өкілеттіктерін айқындайды.
Тармақ 22
22. Қала мәслихатының аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке сайланатын және қызметтен босатылатын қалалық мәслихаттың хатшысы басқарады.
Тармақ 23
23. «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес айқындалады.
Тармақ 24
24. «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
Тарау 4. 4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 25
25. «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.
Тармақ 26
26. «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 27
27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 28
28. «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.