Об утверждении Правил лицензирования деятельности по инвестиционному управлению пенсионными активами Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51 және 58-баптарына, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26 және 28-баптарына және Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 15-1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті реттеуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі бекітілсін (осы қаулының 1-қосымшасы).
Тармақ 2
2. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің және нормативтік құқықтық актілердің құрылымдық бөліктерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, "Активтерді Басқарушылар қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ. Сәйденовке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күннен кейін күшіне енгізіледі.
Басқа 0. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ЕРЕЖЕСІ
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 мамырдағы N 177 қаулысына 1-қосымша Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ЕРЕЖЕСІ Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия (бұдан әрі - лицензия) берудің, беруден бас тартудың, қолдануды тоқтата тұрудың және қайтарып алудың тәртібі мен шарттарын белгілейді.
Тарау 1. 1. Осы Ережеде қолданылатын ұғымдар
1. Осы Ережеде қолданылатын ұғымдар
Тармақ 1
1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) өтінуші - лицензия алуға үміткер заңды тұлға;
Тармақша 2
2) инвестициялық саясат - зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметтің перспективалық жоспары бар құжат;
Тармақша 3
3) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметтің регламенті - өтінушінің зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібін айқындайтын ішкі құжаты;
Тармақша 4
4) қор - жинақтаушы зейнетақы қоры.
Тарау 2. 2. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру шарттары
2. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру шарттары
Тармақ 2
2. Өтінушіге:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген, құрылтайшыларға (акционерлерге), басқару органдарына, атқарушы органдарға және басқарушы қызметкерлерге қойылатын талаптарды сақталған;
Тармақша 2
2) жарғылық капиталдың, меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері және қорлардың қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын мемлекеттік органның, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - лицензиар) нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оларды қалыптастырудың тәртібі сақталған;
Тармақша 3
3) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметтің регламенті, инвестициялық саясат және есеп саясаты болған;
Тармақша 4
4) штатта осы Ереженің 4-тармағының талаптарына сәйкес бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі жұмыстарды орындау құқығы бар үшінші санаттағы біліктілік куәліктерін иеленген қызметкерлер болған;
Тармақша 5
5) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған бөлек үй-жай болған;
Тармақша 6
6) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті бағдарламалық-техникалық құрал-жабдық, ұйымдық техника және коммуникациялық жабдық болған кезде лицензия беріледі.
Тармақ 3
3. Қордың ұйымдық құрылымында зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі функцияны жүзеге асыратын бөлек құрылымдық бөлімше (бөлек құрылымдық бөлімшелер) бар болған жағдайда қорға лицензия беріледі. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті орындауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне қордың басқа бөлімшелерінің функцияларын, сондай-ақ оларға басқа бөлімшелердегі лауазымдарды қоса атқаруға жол берілмейді.
Тармақ 4
4. Өтінушінің мынадай қызметкерлері бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі жұмыстарды орындау құқығы бар үшінші санаттағы біліктілік куәліктерін иеленуі тиіс:
Тармақша 1
1) қор болып табылмайтын өтінуші үшін: атқарушы органның бірінші басшысы және оның орынбасарлары, бас бухгалтер және оның орынбасарлары, филиалдың басшысы және бас бухгалтері;
Тармақша 2
2) қор болып табылатын өтінуші үшін: атқарушы органның басшысы және оның өтінушінің зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру мәселесіне жетекшілік жасайтын орынбасары, бас бухгалтер, қор филиалының бірінші басшысы және бас бухгалтері (филиал зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі функцияларды орындаған жағдайда);
Тармақша 3
3) өтінушінің зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары;
Тармақша 4
4) өтінушінің зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі, оның ішінде: басқаруға қабылданған зейнетақы активтеріне және меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау мақсатында ұсыныстар даярлау үшін ақпарат жинау, талдау; басқаруға қабылданған зейнетақы активтеріне және меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау мақсатында ұсыныстар даярлау; басқаруға қабылданған зейнетақы активтеріне және меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау; басқаруға қабылданған зейнетақы активтерінің және меншікті активтерінің ішкі аудитін жүзеге асыру жөніндегі функцияларды орындау жүктелетін қызметкерлері.
Тарау 3. 3. Лицензия беру және беруден бас тарту тәртібі
3. Лицензия беру және беруден бас тарту тәртібі
Тармақ 5
5. Өтінуші лицензия алу үшін мынадай құжаттар ұсынады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша өтініш;
Тармақша 2
2) лицензиялық алымның төленгендігін растайтын құжат.
Тармақ 6
6. Өтінуші осы Ереженің 5-тармағында белгіленген құжаттардан басқа оның осы Ереженің 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестілігін растайтын құжаттарды, оның ішінде:
Тармақша 1
1) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін;
Тармақша 2
2) статистикалық карточканың көшірмесін;
Тармақша 3
3) барлық өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса әділет органының белгісі бар құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;
Тармақша 4
4) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын филиалдардың тізімін (осындайлар болған жағдайда);
Тармақша 5
5) осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген қызметкерлердің еңбек кітапшаларының көшірмелерін (еңбек кітапшалары болмаған жағдайда - өтінушінің қызметкерлермен жасаған жеке еңбек шарттарының көшірмелерін не оларды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмелерін);
Тармақша 6
6) осы Ереженің 7-тармағына сәйкес құрылтайшылар (акционерлер) туралы мәліметтерді;
Тармақша 7
7) жеке құрамын, азаматтығын, жұмыс орнын және атқарып отырған лауазымдарын көрсете отырып өтінушінің органдары туралы мәліметтерді (директорлар кеңесінің және басқарманың Қазақстан Республикасының резидент еместері болып табылатын мүшелері үшін (өтінушінің басшы қызметкерлерін қоспағанда) - қаржы рыногындағы қызметін жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыс тәжірибесі туралы куәландырылатын құжаттарды қосымша);
Тармақша 8
8) жарғылық капиталдың төленгендігін растайтын төлем құжаттарды;
Тармақша 9
9) өтінушінің атқарушы органының бірінші басшысы, оның бас бухгалтері қол қойған және мөрмен расталған соңғы аяқталған жылдың (егер өтінуші бір жылдан астам бұрын құрылған болса) және лицензия беруге өтініш берген тоқсанның алдындағы соңғы тоқсан соңындағы қаржылық есепті (бухгалтерлік баланс, қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі туралы есеп, ақша қозғалысы туралы есеп, меншікті капиталдың өзгерісі туралы есеп);
Тармақша 10
10) соңғы аяқталған жылдың және лицензия беруге өтініш берген тоқсанның алдындағы соңғы тоқсан соңындағы қаржылық есептің шынайылығын растайтын аудиторлық есепті (бұл ретте аудитор растаған қаржылық есепке аудитор қол қоюы және оның мөрімен расталуы тиіс) не оның нотариат растаған көшірмесін;
Тармақша 11
11) лицензия беруге өтініш берген тоқсанның алдындағы соңғы тоқсан соңындағы жағдай бойынша меншікті капиталдың есебін;
Тармақша 12
12) өтінушінің басқару органы бекіткен, осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес жасалған инвестициялық саясатты екі данамен;
Тармақша 13
13) өтінушінің басқару органы бекіткен, осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес жасалған зейнетақыны инвестициялық басқару жөніндегі қызметтің регламентін;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған есеп саясатын екі данамен ұсынады.
Тармақ 7
7. Өтінушінің құрылтайшылары (акционерлері) туралы мәліметтер мынадай құжаттарды ұсынумен расталады:
Тармақша 1
1) заңды тұлға болып табылатын құрылтайшы (акционер) үшін: осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сауалнамаларды; мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің және статистикалық карточканың көшірмелерін; барлық өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса әділет органының белгісі бар құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін; құрылтайшының (акционердің) бірінші басшысы, бас бухгалтері қол қойған, мөрімен расталған соңғы аяқталған жылдың және өтінушінің акцияларын төлеу үшін құрылтайшы (акционер) ақша енгізер алдындағы тоқсан соңындағы қаржылық есепті (бухгалтерлік баланс, қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі туралы есеп, ақша қозғалысы туралы есеп, меншікті капиталдың өзгерісі туралы есеп); акционерлік қоғамдар үшін - лицензия беруге өтініш беру сәтіне дауыс беретін акциялардың бес және одан көп процентін иеленген бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімінен үзінді-көшірмелер;
Тармақша 2
2) жеке тұлға болып табылатын құрылтайшы (акционер) осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сауалнаманы ұсынады.
Тармақ 8
8. Қор лицензия алу үшін зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу кезінде не ол көрсетілген қызметті жүзеге асыру кезеңінде бұрын ұсынған құжаттарды ұсынбайды.
Тармақ 9
9. Лицензиар лицензия алу үшін ұсынылған құжаттарды келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде қарайды.
Тармақ 10
10. Лицензиар Осы Ереженің 5 және 6-тармақтарына сәйкес өтінуші ұсынған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша лицензия беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 11
11. Лицензия беру туралы шешім лицензиардың жоғары органының қаулысымен ресімделеді.
Тармақ 12
12. Лицензия өтінушінің бірінші басшысына не сенімхат негізінде оның орынбасарына беріледі. Лицензия берген кезінде өтінушіге зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызмет регламентінің, инвестициялық саясаттың және есеп саясатының лицензиардың белгісі қойылған бір данасы қайтарылады.
Тармақ 13
13. Мынадай негіздердің бірі бойынша:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заң актілерінде өтінуші жатқызылған субъектілердің санаттары үшін зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға тыйым салынса;
Тармақша 2
2) өтінуші осы Ережелерге сәйкес талап етілген барлық құжаттарды ұсынбаса;
Тармақша 3
3) лицензиялық алым енгізілмесе;
Тармақша 4
4) өтінушіге қатысты соттың оған зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға тыйым салатын шешімі болса лицензия беруден бас тартылуы мүмкін.
Тармақ 14
14. Лицензия беруден бар тартылған кезде лицензиар өтінушіге осы Ереженің 9-тармағында белгіленген мерзімде жазбаша түрде дәлелді жауап жібереді.
Тармақ 15
15. Лицензия алған заңды тұлға (бұдан әрі - лицензиат) негізінде осы Ережеге сәйкес лицензия берілген құжаттарға өзгерістер мен толықтыруларды осы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап он күн ішінде ұсынады.
Тарау 4. 4. Лицензияны қолдануды тоқтата тұру және қайтарып алу
4. Лицензияны қолдануды тоқтата тұру және қайтарып алу
Тармақ 16
16. Лицензиар мынадай негіздердің бірі бойынша:
Тармақша 1
1) негізінде лицензия берілген құжаттардағы мәліметтердің шынайы еместігі анықталса;
Тармақша 2
2) лицензиат зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметтің регламентін бұзса;
Тармақша 3
3) лицензиат Қазақстан Республикасының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметтің тәртібін реттейтін заңдарын бұзса;
Тармақша 4
4) қордың зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясын қолдану тоқтатыла тұрса лицензияны қолдануды тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 17
17. Лицензиар лицензияны қолдануды алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрады.
Тармақ 18
18. Лицензиардың лицензияны қолдануды тоқтата тұру туралы шешімінде оны қолдануды тоқтата тұрудың себептері және мерзімі көрсетіледі.
Тармақ 19
19. Лицензиар лицензияны қолдануды тоқтата тұрудың жалпы мерзімінің алты айдан аспау шартымен оны қолдануды тоқтата тұру мерзімін ұзарта алады.
Тармақ 20
20. Лицензияны қолдануды тоқтата тұруға негіз болған себептер жойылғаннан кейін лицензиат тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін лицензияны қолдануды тоқтата тұру үшін негіз болған, ол жасаған заң бұзушылықтардың жойылғандығы расталатын құжаттарды қоса бере отырып лицензияны қолдануды жаңарту туралы өтінішпен лицензиарға жүгінеді.
Тармақ 21
21. Лицензиар лицензияны қолдануды жаңарту туралы өтінішті қарайды және өтініш алынған күннен бастап бір ай ішінде тиісті шешім қабылдайды. Егер лицензиардың шешімінде лицензияны қолдануды жаңартудың өзге күні белгіленбесе, лицензиардың шешімі лицензиатқа жіберілген күннен бастап лицензияны қолдану жаңартылған болып саналады.
Тармақ 22
22. Лицензиар мынадай негіздердің кез келгені бойынша:
Тармақша 1
1) лицензиат лицензияны қолдануды тоқтата тұруға негіз болған себептерді жоймаса;
Тармақша 2
2) соттың лицензиатқа зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға тыйым салатын шешімі болса;
Тармақша 3
3) лицензиат лицензия алу кезінде қасақана жалған мәліметтер ұсынса лицензияны қайтарып алу туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 23
23. Лицензиардың лицензияны қайтарып алу туралы шешімінде оны қайтарып алудың себептері көрсетіледі.
Тармақ 24
24. Егер лицензиардың шешімінде лицензияны қолдануды тоқтата тұрудың не лицензияны қайтары алудың өзге күні белгіленбесе, лицензиар тиісті шешімді лицензиаттың атқарушы органына жіберген күннен бастап лицензияны қолдану тоқтата тұрылған немесе лицензия қайтарылып алынған болып саналады.
Тармақ 25
25. Лицензия қайтарылып алған жағдайда ол бұл туралы ресми хабарланған күннен бастап он күн ішінде лицензиарға қайтарылады.
Тарау 5. 5. Қорытынды ережелер
5. Қорытынды ережелер
Тармақ 26
26. Лицензиардың лицензия беруден бас тарту, лицензияны қолдануды тоқтата тұру және оны қайтарып алу туралы шешімі жөнінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленбеген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Тармақ 27
27. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Басқа 1. Инвестициялық саясат
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 мамырдағы N 177 қаулысына 1-қосымша Инвестициялық саясат Инвестициялық саясат ағымдағы күнтізбелік жылға (айлар және тоқсандар бойынша) және алдағы үш жылға (жылдар бойынша) жасалады және оған мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) өтінушінің атауы;
Тармақша 2
2) қызметтің негізгі бағыттарының қысқаша сипаты және рыноктың өтінушінің зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметі бағдарланған сегменті;
Тармақша 3
3) өтінушінің экономиканы және рыноктарды талдау және олардың даму үрдістері негізінде әзірленген инвестициялық саясатының толық сипаты;
Тармақша 4
4) өтінушінің зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы бәсекелестік жай-күйін талдау негізінде жасалған маркетинг саясатының толық сипаты (маркетинг әдістерінің және жарнамалардың сипатын қоса отырып);
Тармақша 5
5) өтінушінің маркетинг саясаты негізінде жасалған өтінушінің маркетингке және жарнамаға арналған қысқа мерзімді бюджеті, сондай-ақ өтінушінің маркетингке және жарнамаға арналған орта мерзімді бюджетінің жобасы;
Тармақша 6
6) өтінушінің технологиялық саясатының сипаты;
Тармақша 7
7) өтінушінің маркетинг саясаты негізінде жасалған өтінушінің бағдарламалық-техникалық және коммуникациялық құрал-жабдықтарын сатып алуға және жетілдіруге арналған қысқа мерзімді бюджеті, сондай-ақ өтінушінің бағдарламалық-техникалық және коммуникациялық құрал-жабдықтарын сатып алуға және жетілдіруге арналған орта мерзімді бюджетінің жобасы;
Тармақша 8
8) өтінуші инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын зейнетақы активтері көлемінің жоспары (болжам);
Тармақша 9
9) өтінушінің жоспарланған (болжалған) ақша ағымдары (оптимистік, пессимистік және салықтар мен резервтік капиталға аударылған ақшаны есепке ала отырып өзге ықтимал нұсқалары);
Тармақша 10
10) өтінуші кірістерінің жоспары (болжамы) (кіріс көздерін көрсете отырып);
Тармақша 11
11) өтінуші шығыстарының жоспары (болжамы) (шығыс мақсаттарын көрсете отырып);
Тармақша 12
12) шығынсыздық шегін талдау;
Тармақша 13
13) тәуекелдерді бағалау, оның ішінде қаржы құралдары бойынша кірістіліктің төмендеуі тәуекелдерін, қаржы құралдарын сату кезіндегі баға тәуекелдерін, үшінші тұлғалар көрсеткен қызмет үшін ақы төлеу кезіндегі баға тәуекелдері, қаржы құралдары эмитенттерінің төлем қабілеттіліктерінің тәуекелдерін, инфляциялық тәуекелдерді, валюталық тәуекелдерді, бәсеке тәуекелдерін, өтінушінің техникалық және операциялық қателерінің тәуекелдерін және басқа да ықтимал тәуекелдерді.
Басқа 2. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызмет регламентінің мазмұнына қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 мамырдағы N 177 қаулысына 2-қосымша Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызмет регламентінің мазмұнына қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметтің регламентіне мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) өтінушінің атауы;
Тармақша 2
2) өтінушінің ұйымдық құрылымы және қызметкерлердің аты-жөнін көрсете отырып оның штаттық кестесі;
Тармақша 3
3) ішкі аудитті жүзеге асыратын ұйымдық құрылым туралы ереже;
Тармақша 4
4) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдық құрылымдар туралы ереже, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті орындауды қамтамасыз ететін қызметкерлердің өтінушінің қызметкерлерінің негізгі функциялары, құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері бар лауазымдық нұсқаулықтары;
Тармақша 5
5) мыналар: зейнетақы активтеріне және меншік активтерге қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау тәртібі; зейнетақы активтерінің және меншік активтердің қатысуымен мәмілелер жасау және олардың жасалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі; деректердің тұтастығын және ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуді ішкі бақылау тәртібі енгізілген зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібі;
Тармақша 6
6) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті реттейтін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келетін өзге де ережелер.
Тармақ 2
2. Зейнетақы активтеріне және меншік активтерге қатысты инвестициялық шешімдер инвестициялық шешімдер қабылдауға арналған ұсыныстар (бұдан әрі - ұсыныстар) негізінде қабылданады.
Тармақ 3
3. Зейнетақы активтеріне және меншікті активтерге қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау тәртібінде:
Тармақша 1
1) ұсыныстар беруге арналған ақпаратты жинау және өңдеу тәртібі:
Тармақша 2
2) ұсыныстар беруге уәкілетті тұлғалардың тізбесі (ұсыныстар беруге уәкілетті алқалы органның атауы);
Тармақша 3
3) мыналарды: меншікті активтер мен зейнетақы активтері портфелінің жай-күйін; инвестициялауды жүзеге асыру болжалатын қаржы құралдарының болуын, айналысын және кірістілігін; инвестициялауды жүзеге асыру болжалатын қаржы құралдарына байланысты тәуекелдерді; лицензиардың нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген түрлендіру нормаларының сақталуын; ұсыныстар беру үшін маңызды өзге де факторларды талдау көзделетін ұсыныстар беруге арналған ақпаратты талдау тәртібі;
Тармақша 4
4) ұсыныстарды және олардың негізінде қабылданған инвестициялық шешімдерді бірыңғай тіркеу журналында тіркеу тәртібі;
Тармақша 5
5) инвестициялық шешімдер қабылдауға уәкілетті тұлғалардың тізбесі (инвестициялық шешімдер қабылдауға уәкілетті алқалы органның атауы);
Тармақша 6
6) алқалы органның инвестициялық шешімдер қабылдау тәртібі болуы тиіс.
Тармақ 4
4. Ұсыныста:
Тармақша 1
1) ұсыныс берілген күн және нөмірі;
Тармақша 2
2) ұсыныс беру үшін пайдаланылған ақпарат көздерінің тізбесі (сипаты);
Тармақша 3
3) ұсыныс беру үшін пайдаланылған ақпаратты талдау нәтижесі;
Тармақша 4
4) инвестициялық шешімнің ұсынылған нұсқалары;
Тармақша 5
5) ұсыныс берген тұлғалардың қолдары болуы тиіс.
Тармақ 5
5. Инвестициялық шешімде:
Тармақша 1
1) инвестициялық шешім қабылданған күн және нөмірі;
Тармақша 2
2) негізінде инвестициялық шешім қабылданған ұсыныс берілген күн және нөмірі;
Тармақша 3
3) жасалуға тиісті мәміленің түрі;
Тармақша 4
4) мәміле жасалуы тиісті болатын қаржы құралының идентификаторы;
Тармақша 5
5) жасалуға тиісті мәміленің көлемі, бағасы және сомасы (көлемнің, бағаның және соманың диапозоны);
Тармақша 6
6) мәміле жасау мерзімі;
Тармақша 7
7) мәміле жасау болжалған рыноктың түрін (бастапқы немесе қайталама) көрсету;
Тармақша 8
8) көмегі арқылы мәміле жасау болжалған делдалдың (брокердің) атауы (егер мұндай бар болса);
Тармақша 9
9) зейнетақы активтерінің есебінен мәміле жасау болжалған қордың атауы;
Тармақша 10
10) инвестициялық шешімді қабылдаған тұлғалардың қолдары болуы тиіс.
Тармақ 6
6. Зейнетақы активтерінің және меншікті активтердің қатысуымен мәміле жасау және олардың жасалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібінде:
Тармақша 1
1) көмегі арқылы зейнетақы активтерінің не меншікті активтердің қатысуымен мәміле жасау жобаланған делдалмен (брокермен) (егер мұндай бар болса) өзара іс-қимыл жасау тәртібі;
Тармақша 2
2) зейнетақы активтерінің және меншікті активтердің қатысуымен мәміле жасалуын бақылауды жүзеге асыратын тұлғалардың тізбесі;
Тармақша 3
3) зейнетақы активтерінің және меншікті активтердің қатысуымен мәміле жасалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі;
Тармақша 4
4) кастодиан-банктермен және қорлармен салыстырып тексеруді жүзеге асыру тәртібі;
Тармақша 5
5) ішкі аудитті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің зейнетақы активтерінің қатысуымен мәмілелер жасаудың және кастодиан-банктермен және қорлармен салыстырып тексеруді жүзеге асырудың дұрыстығын тексеру тәртібі және кезеңділігі;
Тармақша 6
6) ішкі аудитті және құжат айналымын жүргізу тәртібі болуы тиіс.
Тармақ 7
7. Зейнетақы активтерінің және меншікті активтердің қатысуымен мәміле жасалуын бақылауды жүзеге асыру үшін: мәміле жасау үшін тапсырыстарды есепке алу журналы; жасалған және жасалмаған мәмілелерді есепке алу журналы; депозиттік шарттарды есепке алу журналы; кастодиан-банктің бұйрықтарды тіркеу журналы; кастодиан-банктермен және қорлармен салыстырып тексеру актілерін тіркеу журналы толтырылады.
Тармақ 8
8. Деректердің тұтастығын және ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуді ішкі бақылау тәртібінде:
Тармақша 1
1) құпиялылық санатына жатқызылған ақпараттың тізбесі;
Тармақша 2
2) құпия ақпарат бар құжаттарды жасау, ресімдеу, тіркеу, есепке алу және сақтау тәртібі;
Тармақша 3
3) атқаратын тұлғаларына құпия ақпаратқа рұқсат берілген лауазымдарды көрсете отырып құпия ақпаратқа рұқсат беру тәртібі;
Тармақша 4
4) деректердің электрондық массивтерін сақтауды қамтамасыз ету тәртібі болуы тиіс.
Басқа 3. ҚҰРЫЛТАЙШЫНЫҢ (АКЦИОНЕРДІҢ) САУАЛНАМАСЫ (заңды тұлға үшін)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 мамырдағы N 177 қаулысына 3-қосымша ҚҰРЫЛТАЙШЫНЫҢ (АКЦИОНЕРДІҢ) САУАЛНАМАСЫ (заңды тұлға үшін) ___________________________________________________________________                 (өтінушінің толық атауы) 1. Құрылтайшы (акционер) __________________________________________ ___________________________________________________________________                          (толық атауы) 2. Орналасқан жері ________________________________________________ ___________________________________________________________________                   (почта индексі, мекен-жайы) 3. Байланыс деректемелері _________________________________________ ___________________________________________________________________ (телефон және факс нөмірлері, бар болса электрондық почтаның адресі) 4. Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер ____________ ___________________________________________________________________       (құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берген) 5. Қазақстан Республикасының резиденті/резидент емесі _____________ 6. Берілген рейтинг және рейтинг агенттігі (Қазақстан Республикасының резидент еместері үшін) ___________________________ 7. Қызмет түрі ____________________________________________________ ___________________________________________________________________                     (қызметтің негізгі түрлері) 8. Өтінушінің капиталындағы үлес _________________________________, оның ішінде төленгені: ___________________________________________ 9. Өзге заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу туралы мәліметтер:________________________________________________________                   (толық атауы және тіркеліп орналасқан жері) ___________________________________________________________________                     (қызметтің негізгі түрлері) ___________________________________________________________________                     (жарғылық капиталдағы үлес) 10. Өтінуші құрылтайшыларының (акционерлерінің) акционерлері/ қатысушылары туралы мәліметтер: ___________________________________________________________________ Атауы/|   Тіркеліп    |  Жарғылық  |Қызметтің |      Қазақстан аты-  |  орналасқан   |капиталдағы |   түрі   |    Республикасы жөні  |  жері/тұр.    |   үлесі    |          |       резидент      | ғылықты жері  |            |          |     еместерінің      |  (Қазақстан   |            |          |   бағалы қағаздарын      |  Республика.  |            |          |    нақтылы ұстау      |    сының      |            |          |      (Қазақстан      |  резиденті/   |            |          |    Республикасының      |резидент емесі)|            |          |  резиденттері үшін) ___________________________________________________________________  1          2               3           4               5 ___________________________________________________________________      11. Өтінуші құрылтайшысының (акционерінің) басшысы туралы мәліметтер: ____________________________________________________________________                 (аты-жөні, туған күні және жылы) Білімі ____________________________________________________________ ___________________________________________________________________         (оқу орнының атауы, бітірген жылы, мамандығы)
Басқа 4. ҚҰРЫЛТАЙШЫНЫҢ (АКЦИОНЕРДІҢ) САУАЛНАМАСЫ (жеке тұлға үшін)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 мамырдағы N 177 қаулысына 4-қосымша ҚҰРЫЛТАЙШЫНЫҢ (АКЦИОНЕРДІҢ) САУАЛНАМАСЫ (жеке тұлға үшін) ___________________________________________________________________                     (өтінушінің толық атауы) 1. Құрылтайшы (акционер) __________________________________________                                        (аты-жөні) 2. Туған күні және жылы ___________________________________________ 3. Азаматтығы _____________________________________________________ 4. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері ____________________ ___________________________________________________________________ (құжаттың атауы, нөмірі, сериясы және берілген күні, кім берген) 5. Тұратын жері ___________________________________________________ ___________________________________________________________________                     (почта индексі, мекен-жайы) 6. Байланыс деректемелері _________________________________________ ___________________________________________________________________           (телефон нөмірі, электрондық почтаның адресі) 7. Білімі _________________________________________________________               (оқу орнының атауы, бітірген жылы, мамандығы) 8. Жұмыс орны (мекен-жайын көрсете отырып), лауазымы ______________ ___________________________________________________________________ 9. Өтінушінің капиталындағы үлес _________________________________, оның ішінде төленгені: ___________________________________________ 10. Өзге заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу (тікелей немесе аффилиирленген тұлғалар арқылы) туралы мәліметтер: ___________________________________________________________________             (толық атауы және тіркеліп орналасқан жері) ___________________________________________________________________                     (қызметтің негізгі түрлері) ___________________________________________________________________                     (жарғылық капиталдағы үлес)
Басқа 5. Күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілердің және нормативтік құқықтық актілердің құрылымдық бөліктерінің тізбесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 мамырдағы N 177 қаулысына 2-қосымша Күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілердің және нормативтік құқықтық актілердің құрылымдық бөліктерінің тізбесі
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу кезiнде заңды тұлғаларға қойылатын талаптар туралы" 1997 жылғы 3 қазандағы N 156а қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 404 тіркелген, 1999 жылғы тамызда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының N 8 жарияланған);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi Ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 30 қаулысының 1-тармағының 6) тармақшасы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 782 тіркелген, 1999 жылғы тамызда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының N 8 жарияланған);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметтің ішкі регламентіне қойылатын талаптар" туралы нұсқаулығын бекіту туралы" 2000 жылғы 12 қаңтардағы N 54 қаулысы және көрсетілген қаулымен бекітілген Нұсқаулық (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1129 тіркелген, 2000 жылғы мамырда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының N 5 жарияланған);
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар енгізу туралы" 2000 жылғы 26 ақпандағы N 62 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1074 тіркелген, 2000 жылғы наурызда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының N 3 жарияланған);
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың бизнес-жоспарларына қойылатын талаптар" нұсқаулығын бекіту туралы" 2000 жылғы 30 қазандағы N 702 қаулысы және көрсетілген қаулымен бекітілген Нұсқаулық (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1312 тіркелген, 2000 жылғы желтоқсанда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының N 12 жарияланған);
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 106 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1515 тіркелген, 2001 жылғы желтоқсанда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының N 12 жарияланған).