Об установлении публичного сервитута на земельный участок Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, жер комиссиясының 2021 жылғы 26 тамыздағы № 792 қорытындысына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Строй Элит Дом» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қостанай қаласы, Курганская көшесі, 2, Курганская көшесі, 2 (ТП 10/0,4 кВ) – Курганская көшесі, 8 (өнеркәсіптік аймақ, ТП «Центральная», 10/0,4 кВ - 400 кВА - № 300 А) шекарасында мекенжайы бойынша орналасқан «Қостанай облысы, Қостанай қаласы 2829 Р-1 тарату шкафы тарату желісінің желілік - кабельдік шаруашылығын күрделі жөндеу» телекоммуникация объектісі бойынша телефон кәрізін салу мен пайдалану және байланыс тіректерін орнату үшін «Жапсарлас коммерциялық объектілері бар және жапсарлас салынған мектеп жасына дейінгі балалардың уақытша болатын үй-жайлары бар көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы» объектісі бойынша инженерлік өткізу желілерін (сыртқы электрмен жабдықтау) жобалау және төсеу үшін коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да желілер мен тораптарды жүргізу және пайдалану мақсатында жалпы алаңы 0,0929 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.