Об утверждении Инструкции по осуществлению государственного контроля за охраной окружающей среды должностными лицами Центрального исполнительного органа Республики Казахстан в области охраны окружающей среды Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы Орталық атқарушы орган лауазымды тұлғаларының қоршаған ортаны қорғауда мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8 , 76 және 77-баптарына және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 156-ІІ Заңының 3-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы Орталық атқарушы орган лауазымды тұлғаларының қоршаған ортаны қорғауда мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруы жөніндегі нұсқаулық" бекітілсін.
Тармақ 2
2. Заң департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылдың 17 қазанында N 1267 тіркелген "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы Орталық атқарушы орган лауазымды тұлғаларының қоршаған ортаны қорғауда мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қоршаған ортаны қорғау Министрінің 2000 жылғы 18 қыркүйектегі N 371-П бұйрығы күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Вице-Министр Н.А. Ысқақовқа жүктелсін.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы Орталық атқарушы орган лауазымды тұлғаларының қоршаған ортаны қорғауда мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруы жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2003 жылғы 24 маусымдағы N 144-п бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы Орталық атқарушы орган лауазымды тұлғаларының қоршаған ортаны қорғауда мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруы жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Конституциясына , "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы Орталық атқарушы органы (бұдан әрі - Орталық атқарушы орган) және оның аумақтық органдары лауазымды тұлғаларының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруы кезінде заңнамаларды қолдануын нақтылайды.
Тармақ 3
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан әрі - Мемлекеттік бақылау) қоршаған ортаның сапасын сақтау және жақсарту мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік бақылаудың басты міндеттері қоршаған ортаның жағдайына және шаруашылық және өзге де қызметтердің ықпалымен оның өзгеруін бақылау, қоршаған ортаны қорғау және сауықтыру жөніндегі жоспарлар мен іс-шаралардың орындалуын тексеру, табиғи ресурстарды жаңғырту және тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамалардың және оның сапалық нормативтері мен экологиялық талаптарының сақталуы болып табылады.
Тармақ 5
5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша өкілеттік берілген Орталық атқарушы органның және оның аумақтық органдарының лауазымды тұлғалары лауазымы бойынша бір мезгілде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор (бұдан әрі - мемлекеттік инспектор) болып табылады.
Тармақ 6
6. Қоршаған ортаны қорғау үшін мемлекеттік бақылауды ұйымдастыруды жүзеге асырудың тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1991 жылғы 18 желтоқсандағы N 785 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны пайдалануды және қорғауды мемлекеттік бақылау туралы ережемен" анықталған.
Тарау 2. 2. Табиғат қорғау заңнамаларының бұзылуын жою жөнінде шаралар қабылдау, кінәлілерді жауапқа тарту және құжаттарды ресімдеу тәртібі
2. Табиғат қорғау заңнамаларының бұзылуын жою жөнінде шаралар қабылдау, кінәлілерді жауапқа тарту және құжаттарды ресімдеу тәртібі
Тармақ 7
7. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік инспектор табиғат қорғау заңнамалары бұзылуының алдын алу, ашу мен жою және кінәлілерді жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдайды.
Тармақ 8
8. Шаруашылық субъектілерін тексеру кезінде мемлекеттік инспектор табиғат қорғау заңнамаларын сақтауды тексерудің Акт-нұсқамасын жасайды. Акт-нұсқама 2 данада жасалады. Бұзушылардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаманы белгіленген мерзімінде орындауы міндетті болып табылады. Кәсіпорын басшысы қоршаған ортаны қорғау органына нұсқаманың орындалу мерзімі өткеннен кейін 7 күннен кешіктірмей нұсқаманың орындалуы жөніндегі ақпаратты тапсыруы тиіс (N 1-қосымша).
Тармақ 9
9. Тексеру барысында табиғат қорғау заңнамаларының бұзылуы ашылған жағдайда мемлекеттік инспектор "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 554 , 635 және 636-баптарына сәйкес Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды. Хаттама 2 данада жасалады. Егер бұзушылық қоршаған ортаға келтірілген елеулі залалмен (зиянмен) орайлас болса, не қылмыстық бұзушылық белгілері бар болса хаттама 3 данада жасалады. Табиғат қорғау заңнамалары бұзылуының мән-жайы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада қайда және қашан жасалғаны және қандай іс-әрекетпен немесе іс-әрекетсіз көрініс тапқаны анық түрде сипатталуы тиіс. Бұзушы(лар) Хаттамаға қоса берілетін Хаттаманың мазмұны жөніндегі ескертпені және оған қол қоюдан бас тарту жазбасын ұсынуға құқылы.
Тармақ 10
10. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың негізінде мемлекеттік инспектор (өз құзыреті шегінде) бұзушыға табиғат қорғау заңнамаларын бұзу ауыртпалықтарына байланысты бір немесе бірнеше ықпал ету шараларын қолдану туралы шешім қабылдайды:
Тармақша 1
1) "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабының 2-тармағының және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 650 және 651-баптарының негізінде Әкімшілік тәртіп бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығарады;
Тармақша 2
2) "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабының 2-тармағының негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамалардың бұзылу нәтижесінде келтірілген зиянның мөлшерін анықтайды (анықтауға қатысады) залалды (зиянды) ерікті өтеу туралы талапты кінәлі адамдарға ұсынады не сотқа талап-арызды ұсынады;
Тармақша 3
3) "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабының 2-тармағының негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық талаптарды және заңнамаларды бұза отырып жүзеге асырған шаруашылық және өзге де қызметтерді шектеу және тоқтатып қою туралы сот органына ұсыныс енгізеді;
Тармақша 4
4) "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабының 2-тармағының және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 53-бабының 4-тармағының негізінде, ерекше жағдайларда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық талаптарды және заңнамаларды бұза отырып жүзеге асырған жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның шаруашылық және өзге де қызметтерін, сотқа талап ету арыздарын көрсетілген мерзімде міндетті түрде ұсына отырып үш күннен аспайтын мерзімге тоқтатып қояды немесе тиым салады. Бұл орайда Қызметтерді тоқтатып қою немесе тиым салу туралы нұсқама сот шешімі шығарылғанға дейін қолданылады (N 2-қосымша);
Тармақша 5
5) "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабының 3-тармағының негізінде экологиялық талаптарды бұза отырып жүзеге асырған шағын кәсіпкерлік субъектісінің шаруашылық және өзге қызметтеріне тиым салу немесе тоқтатып қою туралы сотқа талап ету арызын жібереді;
Тармақша 6
6) "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабының 2-тармағының негізінде Экологиялық талаптарды бұза отырып немесе экологиялық сараптаманың оң қорытындысы жасалмай жүзеге асырылған шаруашылық және өзге қызметтер объектілерінің құрылысын қаржыландыруды және пайдалануға беруді тоқтату туралы нұсқаманы тиісті қаржы-кредит ұйымдарына енгізеді (N 3-қосымша);
Тармақша 7
7) "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабының 2-тармағының негізінде табиғат қорғау заңнамаларын бұзғаны үшін кінәлілерді әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тарту туралы материалдарды тиісті органдарға жібереді.
Тармақ 11
11. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 650 және 651-баптарына сәйкес жасалады. Қаулы әр құқық бұзушыға (заңды, лауазымды тұлғаларға, азаматтарға) қатысты жеке қолданылады және 2-ден кем емес данада жасалады, оның бірі 3 күн ішінде бұзушыға қолы қойдырылып тапсырылады немесе почта арқылы жіберіледі. Әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы заң күшіне енген күннен бастап не "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 701-бабында көзделген кейінге қалдырылған мерзімі толған күннен бастап 30 (отыз) күннен кешіктірілмей әкімшілік жауапкершілікке тартылған адам айыппұлды төлеуі тиіс. Кінәлі адам белгіленген мерзімде айыппұлды төлемеген жағдайда мемлекеттік инспектор айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген тәртіппен қарау үшін сотқа жібереді.
Тармақ 12
12. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамалардың бұзылуы нәтижесінде келтірілген залалды (зиянды) өтеу туралы талап "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 86-бабына сәйкес ұсынылады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамалардың бұзылуы салдарында келтірілген залалды (зиянды) өтеу зиянды есептеудің белгіленген тәртіптегі бекітілген мөлшеріне және әдісіне сәйкес, ал олар жоқ болған жағдайда - келтірілген залалды ескере отырып қоршаған ортаның бұзылған жағдайын қалпына келтіруге арналған іс жүзіндегі шығындар бойынша ерікті түрде немесе сот шешімімен жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Экологиялық талаптарды бұза отырып жүзеге асырылған шаруашылық және өзге қызметтерді тоқтатып қою немесе тиым салу туралы нұсқама тәртіп бұзушы экологиялық талаптар мен нормативтерді бұза отырып шаруашылық және өзге қызметтерді жүргізуі кезінде оған белгіленген тәртіппен жіберіледі. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабының 3-тармағына сәйкес Нұсқама барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылады.
Тармақ 14
14. Экологиялық талаптарды бұза отырып немесе экологиялық сараптаманың оң қорытындысы берілмей жүзеге асырылған шаруашылық және өзге қызметтер объектілерінің құрылысын қаржыландыруды және пайдалануға беруді тоқтату туралы нұсқама Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және Экологиялық талаптарды бұза отырып жүзеге асырған шаруашылық және өзге де қызметтерді тоқтатып қою немесе тиым салу туралы нұсқамамен бір мезгілде тиісті қаржы-кредит органына жіберіледі.
Тармақ 15
15. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 85-бабына сәйкес қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамалардың бұзылуына кінәлі заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапқа тартылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде экологиялық қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген ( 277 - 294-баптар ).
Тармақ 16
16. Тексеруді сапалы ұйымдастыруды және бақылауды қамтамасыз ету мақсатында бланкілердің қатаң есептілік жүйесі енгізілуі тиіс. Қатаң есептілік бланкілері берілгенге дейін нөмірленеді және арнаулы журналда тіркеледі.
Тармақ 17
17. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік инспекторлар өз құзыретінің шегінде қабылдаған шешімдері барлық заңды тұлғалардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың орындауы үшін міндетті және бағыныстылық тәртібімен немесе сотта шағымдалуы мүмкін.
Басқа 1
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы N 144-п бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғауда Орталық атқарушы орган лауазымды тұлғаларының қоршаған ортаны қорғауда мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруы жөніндегі нұсқаулығына N 1 қосымша Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі ___________________________________________________________________ қоршаған ортаны қорғау органы ___________________________________________________________________ мекен-жайы, телефоны, факсі Табиғат қорғау заңнамаларының сақталуын тексеру АКТ-НҰСҚАМАСЫ N ________ "____" _____________ 200__ ж. ______________________________ объектінің орналасқан орны Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор(лар): ___________________________________________________________________ тегі, аты-жөні ___________________________________________________________________ "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 маусымдағы Заңының 77-бабы негізінде басшысы _________________________________________________ болып табылатын тегі, аты-жөні ___________________________________________________________________ кәсіпорынның, объектінің ___________________________________________________________________ немесе ғимараттың атауы, жоғары тұрған ұйым, ____________________________________________________ табиғат қорғау кәсіпорынның почта мекен-жайы, телефоны, факсі заңнамаларының сақталуы тексерілді Тексеру ___________________________________________________________ лауазымы, тегі, аты-жөні ___________________________________________________________________ ________________________________________________________ қатысуымен ______________________________________ қатысып отыруымен жүргізілді кәсіпорын өкілінің лауазымы, тегі, аты-жөні ___________________________________________________________________ Объектінің қысқаша сипаттамасы ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Табиғат қорғау заңнамаларының сақталуын тексеру кезінде мыналар анықталды: ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 маусымдағы Заңының 77-бабын басшылыққа ала отырып, НҰСҚАМА БЕРЕМІН: ___________________________________________________________________ N | Нұсқаманың мазмұны | Орындалу мерзімі | Негіздеме ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Нұсқаманың орындалуы туралы есеп 7 күннен кешіктірілмей мына мекен-жайға_______________________________________________________ _____________________________________________________ тапсырылсын ҚОЛДАРЫ: ________ ___________________________________________ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың тегі, аты-жөні ________ ___________________________________________ ________ ___________________________________________ ________ ___________________________________________ ________ ___________________________________________ қатысушылардың тегі, аты-жөні ________ ___________________________________________ ________ ___________________________________________ қатысып отырғандардың тегі, аты-жөні ________ ___________________________________________ ________ ___________________________________________ _____ данада жасалды, қосымшасы _____ парақ. N1 данасы ________________________________________________________ N2 данасы ________________________________________________________ N3 данасы ________________________________________________________ Акт-нұсқамамен танысты және бір данасын алды "___" ________ 200_ ж. Кәсіпорынның басшысы: __________ ________________________________ қолы тегі, аты-жөні М.О. Тіркеу N _______
Басқа 2
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы N 144-п бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғауда Орталық атқарушы орган лауазымды тұлғаларының қоршаған ортаны қорғауда мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруы жөніндегі нұсқаулығына N 2 қосымша Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі ___________________________________________________________________ қоршаған ортаны қорғау органы ___________________________________________________________________ почта мекен-жайы, телефоны, факсі Экологиялық талаптарды бұза отырып жүзеге асырылған шаруашылық және өзге де қызметтерді тоқтатып қою немесе тиым салу туралы НҰСҚАМА N ______ "___" __________ 200_ ж. _______________________________ толтырылған орны Объектінің атауы және орналасқан орны: ______________________ ___________________________________________________________________ Қызметті тоқтатып қою немесе тиым салу ______________________ ___________________________________________________________________ жекелеген өндірістік қондырғының, цехтың, кәсіпорынның, объектінің, мекеменің, ұйымның және т.б. атауы Мынадай _____________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ____________________________ бұзылушылыққа байланысты НЕГІЗДЕМЕ: "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабының 2-тармағы, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 53-бабының 4-тармағы Осы нұсқама сот шешімі шыққанға дейін қолданылады. Нұсқаманы берді: Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор: _________ __________________ қолы тегі, аты-жөні М.О. Нұсқаманы алды және орындауға қабылдады: ______________________________________ ________ ___________________ лауазымы қолы тегі, аты-жөні Тіркеу N _____
Басқа 3
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы N 144-п бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғауда Орталық атқарушы орган лауазымды тұлғаларының қоршаған ортаны қорғауда мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруы жөніндегі нұсқаулығына N 3 қосымша Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі ___________________________________________________________________ қоршаған ортаны қорғау органы ___________________________________________________________________ почта мекен-жайы, телефоны, факсі ___________________________________________________________________ қаржы-кредит органының атауы және оның мекен-жайы Экологиялық талаптарды бұза отырып немесе экологиялық сараптаманың оң қорытындысы жасалмай жүзеге асырылған шаруашылық және өзге қызметтер объектілерінің құрылысын қаржыландыруды және пайдалануға беруді тоқтату туралы НҰСҚАМА N ________ "___" __________ 200 ___ж. __________________________ толтырылған орны "___" ___________ 200 __ж. N _____ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама негізінде және "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшін ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Заңның тиісті баптарына, сондай-ақ басқа да нормативтік-құқықтық актілерге, олардың баптарына немесе тармақтарына сілтеме қаржыландыруды тоқтатуды міндеттеймін _____________________________ заңды тұлғаның атауы, оның мекен-жайы, тегі, аты-жөні ___________________________________________________________________ жеке тұлға және оның жұмыс орны (тұрғылықты жері) ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ мынадай ___________________________________________________________ ___________________________________________________________________ _________________ экологиялық талаптарды бұза отырып жүзеге асырған шаруашылық қызметтің түрлері Жұмыстың тапсырыс берушісі (инвесторы) ____________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ _________________________________________________ болып табылады заңды тұлғаның атауы, оның мекен-жайы және банктік деректемелері Осы нұсқаманы берген мемлекеттік лауазымды тұлға Хаттамада көрсетілген бұзылған экологиялық талаптардың жойылғандығы туралы хабарламаны алғаннан кейін ғана қаржыландыру жұмыстарын жандандыруға рұқсат береді. Осы нұсқаманың орындалуы туралы "____" __________ 200__ж. дейін хабарлауыңызды сұраймын. Қосымша: "___" ___________ 200 __ж. N _____ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама ____________________ парақ ________ ___________________________________________________________________ Хаттаманы жасаушының лауазымы ________________ _____________________________________________ қолы тегі, аты-жөні М.О. Тіркеу N _____