О внесении дополнений в некоторые приказы Министра финансов Республики Казахстан Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында: бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасында: 1 «Салықтық түсімдер» санатында: 05 «Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар» сыныбында: 3 «Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер» кіші сыныбында: мынадай мазмұндағы 17 ерекшелікпен толықтырылсын: «17 Цифрлық майнинг үшін төлемақы»; бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында: 07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында: 2 «Коммуналдық шаруашылық» функционалдық кіші тобында: 810 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономиканың нақты секторы бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: 028 «Коммуналдық шаруашылығын дамыту» бюджеттік бағдарлама бойынша: мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын: «032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен».
Тармақ 2
2. «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты мен Жәбірленушілерге өтемақы қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесі» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9760 болып тіркелген) бұйрығына толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты мен Жәбірленушілерге өтемақы қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесінде: 1 «Салықтық түсімдер» санатында: 05 «Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар» сыныбында: 3 «Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер» кіші сыныбында: мынадай мазмұндағы ерекшеліктермен толықтырылсын: « Цифрлық майнинг үшін төлемақы 1 05 3 17 100 ».
Тармақ 3
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармақтың жетінші және сегізінші абзацтарын 2-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.