Об утверждении Правил назначения и выплаты материальной помощи на детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому Күшін жойған
Басқа 0
Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық
көмек тағайындау және төлеу Қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 07 сәуірдегі № 374 «Казакстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актіліріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 1-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1991 жылңы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік жағынан қорғау туралы» Заңының 23-бабына сәйкес және үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалардың ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға материалдық көмек көрсету мақсатында әкімият ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға берілетін материалдық көмек көлемі тоқсан сайын 5198 (бес мың жүз тоқсан сегіз) теңге көлемінде бекітілсін.
Тармақ 2
2. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық көмек тағайындау және төлеу Қағидасы бекітілсін (тіркелген).
Тармақ 3
3. Аудан әкімінің каржы бөлімі (Вера Ивановна Дорогорченко) үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға берілетін материалдық көмекті уақытымен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Еңбек және тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету бөлімі (Надежда Ивановна Плотникова) жоғарыда көрсетілген көлемдегі үсіеменің тағайындалуын және уақытында төленуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Григорий Николаевич Бодикке жүктелсін.
Басқа 6. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға
материалдық көмек тағайындау және төлеу
ҚАҒИДАСЫ
Осакаров ауданы әкімиятының
2003 жылғы «12» июня
№ 07/19 «Үйде тәрбиеленетін және
оқитын мүгедек балаларға
материалдык көмек тағайындау
және төлеу Қағидасын бекіту
туралы» қаулысымен бекітілген
Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға
материалдық көмек тағайындау және төлеу
ҚАҒИДАСЫ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Кағида Казақстан Республикасының 1999 жылғы 07 сәуірдегі № 374 «Казакстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері боиынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының 1991 жылңы 21 маусымдағы «Қазакстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік жағынан қорғау туралы» Заңының негізінде әзірленген.
Тармақ 2
2. Материалдық көмекті жалпы білім беру мекемелерінде оқи алмайтын, үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасылары алуға құқылы.
Тарау 2. 2. Материалдық көмек көрсету тәртібі
2. Материалдық көмек көрсету тәртібі
Тармақ 3
3. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларына материалдық көмек алуға құқыны бар азаматтар тұрғылықты жері бойынша еңбек және тұрғындарға әлеуметтік көмек корсету бөліміне өтініш береді және келесі құжаттарды тапсырады: көмек алушының жеке басын куәландыратын кұжат (жеке куәлік), Халық банк филиалында тұрғылықты жері бойынша ашылған есеп шоты, нөмірі көрсетілген өтініш, мүгедектік тобын белгілейтін медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясынын анықтамасы (белгіленген үлгідегі).
Тармақ 4
4. Өтініш берген азаматтар берілген ақпараттың дұрыстығына жауап береді. Егер, тәртіп бұзылған болса (табысты жасырып қалу, отбасы құрамы туралы мәліметтердің дұрыс болмауы), кінәлі адамнан төленген сомалар заңда белгіленген тәртіппен қайтарылып алынады.
Тармақ 5
5. Материалдық көмек өтініш түрінде болады, көмекті алу құқығы берілген сәттен бастап тағайындалады, бірақ көмек 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап әр тоқсан сайын 5198 теңге көлемінде ақша түрінде төленеді және өтініш иелерінің Халық банкіндегі филиалдарында ашылған жеке шоттарына аударылады (Қазақстан Республикасы Халық банкі облыстық филиалының 2000 жылғы 15 маусымдағы № 11-28-18 және облыстық еңбек, жұмыспен қамту және тұрғындары әлеуметтік қорғау басқармасының 2000 жылғы 15 маусымдағы № 8-13/2164 хаттарына сәйкес).
Тармақ 6
6. Тағайындау (бас тарту) туралы шешімді тұрлықты жердегі еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау бөлімі қабылдайды. Даулы мәселелерді әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі аудандық комиссия қарайды.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру көздері
3. Қаржыландыру көздері
Тармақ 7
7. Жоғарыда аталған жеңілдіктер түріне материалдық көмекті қаржыландыру көзі аудандық бюджет болып табылады.
Тарау 4. 4. Есепке алу, бақылау, есеп беру
4. Есепке алу, бақылау, есеп беру
Тармақ 8
8. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық көмекті тағайындау және төлеу бойынша шараларды жүзеге асыру, есепке алу, бақылау, есеп беру еңбек және әлеуметтік көмек көрсету бөліміне жүктеледі.
Тармақ 9
9. Еңбек және әлеуметтік көмек көрсету бөлімі ай сайын аудан әкімінің қаржы бөліміне үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық көмекті тағайындау және төлеу туралы мәліметтерді тапсырады.