Об утверждении Положении государственного учреждения «Управление энергетики и развития инфраструктуры города Шымкент» Қолданыста
Басқа 0
«Шымкент қаласының
энергетика және
инфрақұрылымды дамыту
басқармасы» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің ережесін бекіту
туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабының 1-тармағына және 39 бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-1 бабы 3 тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы»
коммуналдық
мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы»
коммуналдық
мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды атқарсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкiмiнің орынбасары М.Айманбетовке жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Шымкент қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1633 қаулысына қосымша
«Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) энергетика және коммуналдық шаруашылық салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Басқарма егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Тауке хан даңғылы 6, индексі 160011.
Тармақ 10
10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Басқарма кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқарма заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Шымкент қаласы аумағында энергетика және коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) Шымкент қаласының барлық мемлекеттік органдарынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты сұрату және алу;
Тармақша 2
2) басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды тұлғалармен келіссөздер жүргізу және келісімдер жасасу;
Тармақша 3
3) басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі;
Тармақша 4
4) әкімшілік, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар;
Тармақша 5
5) Шымкент қаласының әкіміне Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 6
6) белгіленген тәртіпте Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің және мәслихат шешімдерінің жобаларын енгізу;
Тармақша 7
7) энергетика, коммуналдық шаруашылық, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясат шараларын іске асыру үшін Шымкент қаласы әкімдігінің жанынан комиссиялар, кеңестер, жұмыс топтарын және басқа да кеңесші органдар құруға бастама көтеру;
Тармақша 8
8) басқармаға бөлінген қаражат шегінде белгіленген тәртіпте Басқарманың құзыретіне жататын мәселелерді дайындау үшін ғылыми-зерттеу ұйымдарын, сондай-ақ жекелеген мамандарды тарту;
Тармақша 9
9) электр энергетикасы, өнеркәсіптік қауіпсіздік, газбен жабдықтау, коммуналдық шаруашылық саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау өндірісін жүзеге асыру;
Тармақша 10
10) техникалық қондырғыларда өнеркәсіптік қауіпсіздік, энергетика, коммуналдық шаруашылық, газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға, заңнамаға сәйкес келмейтін материалдар мен бұйымдарды, конструкцияларды, жабдықтарды қолдануға тыйым салу;
Тармақша 11
11) энергияны үнемдеу, энергетикалық салаға және коммуналдық шаруашылыққа қызмет көрсету, коммуналдық қызметтерді жеткізу бойынша жұмысты жақсарту туралы бағдарламалар, ұсыныстар әзірлеу және Шымкент қаласының әкімдігі мен қалалық мәслихатқа және өзге де мемлекеттік органдарға енгізу;
Тармақша 12
12) заңнамамен белгіленген тәртіпте тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 13
13) энергетика және коммуналдық шаруашылық саласында әлеуметтік, экономикалық және техникалық саясатты әзірлеу мақсатында қоғамдық бірлестіктермен және өзге де ұйымдармен ынтымақтастық жасау;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексімен белгіленген тәртіпте сотқа талап-арызбен жүгіну;
Тармақша 15
15) өзіне берілген мүлікті басқару;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзуды ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) қаланың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының жерге орналастыру жобаларына жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық-экономикалық негіздемелерді дайындауды ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) азаматтық-құқықтық шарттар негізінде мүлікті сатып алу және жасау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) қазыналық кәсіпорындардың тиісті саланың таза кірісінің белгіленген бөлігін бюджетке аударуының толықтығы мен уақтылылығын бақылайды;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысады;
Тармақша 6
6) мемлекеттiк бюджеттен, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерi бойынша берiлетiн сыртқы қарыздардан және өзге де көздерден қаржыландырылатын объектiлердi жобалау мен салуға конкурстарды ұйымдастыруға және өткiзуге қатысады;
Тармақша 7
7) инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды, сондай-ақ Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асырудың жылдық жоспарларын әзірлеуге қатысады;
Тармақша 8
8) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне және басқа да мемлекеттік органдарға есеп беруді ұйымдастырады;
Тармақша 9
9) мүлікті, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық іс-шараларға қатысу және көрсетілген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды және даму бағдарламаларын іске асыру, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын инженерлік желілерді салу, реконструкциялау, қалпына келтіру, жаңғырту және қалпына келтіру кезінде тапсырыс берушінің функцияларын орындайды;
Тармақша 11
11) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік органның функцияларын жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Шымкент қаласы әкімдігінің және әкімінің энергетика саласы және коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылайды;
Тармақша 13
13) қаланың сумен жабдықтау және су бұру желілерін, тазарту құрылыстарын, электр беру желілерін, басқа да инженерлік инфрақұрылым объектілерін салуды, реконструкциялауды және пайдалануды ұйымдастырады;
Тармақша 14
14) кернеуі 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталама (шунт) электр беру желілерін және қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды береді;
Тармақша 15
15) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 16
16) электр берудің резервтік (шунттық) желілері мен қосалқы станцияларын жобалау мен салуды келіседі;
Тармақша 17
17) әкімдіктің энергетика және коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-қимыл бағдарламаларын әзірлеу және олардың орындалуына мониторинг жүргізеді;
Тармақша 18
18) энергетика және коммуналдық шаруашылық саласындағы өңірлік ғылыми-техникалық саясатты әзірлеу және іске асырады;
Тармақша 19
19) жаңартылатын энергия көздерін дамытудың нысаналы мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға қатысады;
Тармақша 20
20) Шымкент қаласының энергетикалық кешені мен коммуналдық шаруашылығының жай-күйіне күнделікті жедел мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 21
21) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылайды;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын іске асыруға қатысады;
Тармақша 23
23) коммуналдық сектордағы газбен жабдықтау объектілерін есепке алуды жүзеге асыруды бақылайды;
Тармақша 24
24) өндірістік бақылаудың тиімділігін, ұйымдардың авариялар мен олардың зардаптарын жоюға дайындығын, газ тұтыну және газ тарату объектілеріндегі авариялардың зардаптарын оқшаулау және жою жөніндегі жұмыстарды бақылайды;
Тармақша 25
25) құрылыс жұмыстары аяқталған және реконструкцияланған газ тарату және газ тұтыну жүйелерін Қазақстан Республикасының газбен жабдықтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестігіне пайдалануға қабылдау бойынша жұмыскерлердің жұмысына қатысады;
Тармақша 26
26) коммуналдық шаруашылық саласындағы газ тарату және газ тұтыну объектілері мен көтергіш құрылыстарды салуды, реконструкциялауды жобалау кезінде жобалау ұйымдарының қауіпсіздік ережелері талаптарын, техникалық шарттарды, мемлекеттік стандарттарды сақтауын бақылайды;
Тармақша 27
27) мұнай өнімдерін тұтыну болжамын дайындайды және бағалары қалада алдағы күнтізбелік жылға мемлекеттік реттеумен белгіленген жанар-жағармай материалдарына бағалардың мониторингін жүзеге асырады;
Тармақша 28
28) сұйытылған мұнай газын өндірушілерді есепке алуды жүргізеді және олардың тізбесін өздерінің интернет- ресурстарында жариялайды;
Тармақша 29
29) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газы айналымына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 30
30) өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газының көлемдерін бөлуді уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады;
Тармақша 31
31) сұйытылған мұнай газының көлемдерін бөлу жөніндегі комиссияларды құрады;
Тармақша 32
32) Шымкент қаласының алдағы тоқсанға сұйытылған мұнай газына деген қажеттілігін айларға бөле отырып, уәкілетті органға тоқсан сайын береді;
Тармақша 33
33) топтық резервуарлық қондырғылар иелерінің тізілімін жүргізеді және интернет-ресурста жариялайды;
Тармақша 34
34) уәкілетті органға Шымкент қаласы аумағында сұйытылған мұнай газын тұтыну болжамын ұсынады;
Тармақша 35
35) уәкілетті органға Шымкент қаласы аумағында сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтерді ұсынады;
Тармақша 36
36) жылу желілеріне (магистральдық және блокішілік) жоспарлы техникалық қызмет көрсетуді үйлестіреді;
Тармақша 37
37) барлық қуаттағы қазандықтарды және жылу желілерін (магистральдық және блокішілік) күзгі және қысқы жағдайларда пайдалануға әзірлік актілерін береді;
Тармақша 38
38) жылу желілеріндегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының дайындығы мен жүргізілуіне және олардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 39
39) жылу желілеріндегі (магистральдық және блокішілік) технологиялық бұзушылықтарға тексеру жүргізеді;
Тармақша 40
40) жылу желілерін (магистральдық, ішкі орамдық) жөндеу жоспарларын келіседі;
Тармақша 41
41) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 172 (үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 300 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 300-2 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 301 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 301-1 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 301-2 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 301-3 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 303 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 304 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілерінің, жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері бөлігінде), 305 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі, жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері бөлігінде), 307 (коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар бөлігінде), 309-2 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі және жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері бөлігінде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтырады;
Тармақша 42
42) жылумен, энергиямен, сумен, газбен жабдықтау жүйесінің, кәріздің және су қашыртудың пайдалану мен жөндеудің тиімді жұмыс істеуі саласындағы қызметті үйлестіреді;
Тармақша 43
43) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен, жылу энергетикасы саласындағы басшылықты және сала аралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен және электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен, «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1- тармағының 3), 4) және 14) тармақшаларында көзделген салалардағы табиғи монополиялар субьектілерімен және энергия өндіруші ұйымдармен бірлесіп, энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мен салу жөніндегі инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын айқындай отырып, табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесін қалыптастырады;
Тармақша 44
44) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқармаға жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Басқарманы басқаруды Басқарма басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Басқарма басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қала әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.
Тармақ 18
18. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Басқарма басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Басқарманың қызметін ұйымдастырады және басқарады;
Тармақша 2
2) Басқармаға жүктелген міндеттер мен қызметтердің, қала әкімі мен жетекшілік ететін қала әкімі орынбасарының тапсырмаларының орындалуына дербес жауапты болады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Басқарма қызметкерлерін, сондай ақ, қарамағындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың басшыларын және олардың орынбасарларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Басқарма қызметкерлерінің, Басқармасының қарамағындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың басшыларының міндеттері мен уәкілеттіктерін анықтайды;
Тармақша 5
5) Басқарманың жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 6
6) Басқарманың атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 7
7) сенімхаттар береді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарманың қызметкерлеріне, сондай-ақ мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың басшыларына көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 9
9) өз құзыреті шегінде қарамағындағы кәсіпорындардың және Басқарманың барлық қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 10
10) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
Тармақша 11
11) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) келісім-шарттар жасасады;
Тармақша 14
14) банкте шоттар ашады;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіліктерді жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне қарсы әрекеттерді күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына дербес жауапты;
Тармақша 17
17) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың мүдделерін білдіреді;
Тармақша 18
18) Басқарманың қызметкерлеріне және қарамағындағы кәсіпорындардың басшыларына Қазақстан Ресаубликасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сыйақы шараларын белгілейді;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы ережемен және қала әкімдігі мен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады;
Тармақша 20
20) Басқарманың басшысысы мемлекеттік мекеменің қаржы-шаруашылық қызметіне және мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады;
Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Басқарма басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай- ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.
Тармақ 22
22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
Тармақша 1
1) Шымкент қаласы әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
Тармақша 2
2) «Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қуатжылуорталық-3» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.