Об утверждении Инструкции по декларированию отдельных категорий товаров в определенных таможенных органах Республики Казахстан Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының белгілі бір кедендерінде тауарлардың жекелеген санатын декларациялау бойынша нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 373-бабына сәйкес, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар өткізетін, ең аз тәуекел санатына жатқызылатын тауарлардың жекелеген санаттарын кедендік ресімдеуді жетілдіру мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының белгілі бір кедендерінде тауарлардың жекелеген санатын декларациялау бойынша нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Кедендік ұйымдастыру департаменті (А.Б.Малғаждаров) осы бұйрықтың іске асырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Баспасөз қызметі (А.А.Қоңлыбаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының орынбасары С.Ж.Мулкинге жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының белгілі бір кедендерінде тауарлардың жекелеген санатын декларациялау бойынша нұсқаулық
Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 маусымдағы N 326 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының белгілі бір кедендерінде тауарлардың жекелеген санатын декларациялау бойынша нұсқаулық
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 373-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 мамырдағы N 258 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылы 5 маусымда N№2349 болып тіркелген) бекітілген сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел санатына жатқызу ережесіне сәйкес сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар ең аз тәуекел санатына жатқызылатын тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелетін тауарлардың (бұдан әрі - тауарлар) жекелеген санатына (1-қосымша) негізгі кедендік ресімдеу жүргізуді жетілдіру мақсатында әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы нұсқаулыққа сәйкес тауарларды кедендік ресімдеу рәсімін пайдалану үшін ең аз тәуекел санатына жатқызылған сыртқы экономикалық қызметке қатысушы (бұдан әрі - декларант) тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелгенге дейін алдын ала Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігіне (бұдан әрі - ҚР КБА) өтініш жасауы тиіс. Өтініште:
Тармақша 1
1) тауарларға негізгі кедендік ресімдеу жүргізілетін кеден органы (ресімдейтін кеден органы);
Тармақша 2
2) тауарлардың келуі жүзеге асырылатын кеден органы (кеден органдары) (баратын кеден органы);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өту пункті көрсетіле отырып, тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілуінің бағыттары мен тәсілдері;
Тармақша 4
4) тауарлардың келген жеріндегі уақытша сақтау орындарының іс жүзіндегі мекен-жайлары;
Тармақша 5
5) төлеуге жататын кедендік төлемдер және салықтар сомаларының болжамды мөлшерлерінің есептері;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасына тауарлар жеткізуге арналған келісім-шарттар (шарттар) көрсетіледі. Өтінішке СЭҚ-қа қатысушының есеп кәртішкесі қоса берілуі тиіс.
Тармақ 3
3. ҚР КБА 15 күннің ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және декларантқа, ресімдейтін кеден органы мен баратын кеден органына аталған декларантқа осы Нұсқаулықпен белгіленген кедендік ресімдеудің оңтайландырылған рәсімін қолдану туралы тиісті ақпарат жолдайды.
Тарау 2. 2. Алдын ала жүк кеден декларациясын беру
2. Алдын ала жүк кеден декларациясын беру
Тармақ 4
4. Декларант тауарлардың жеке санатын баратын кеден органына іс жүзінде ұсынғанға дейін қолда бар мәліметтердің және олардың құжаттарының (көшірмелерінің) негізінде ресімдейтін кеден органына алдын ала жүк кеден декларациясын (бұдан әрі - АЖКД) және оның электронды көшірмесін береді.
Тармақ 5
5. Ресімдейтін кеден органына берілетін АЖКД кеден мақсаттары үшін қажетті тауарлар туралы барлық мәліметтерді қамтуы тиіс.
Тармақ 6
6. Кеден төлемдері мен салықтары АЖКД қабылданғанға дейін немесе қабылданған күні төленеді.
Тармақ 7
7. Тиісті кеден төлемдері мен салықтарының төленгендігі фактісін растайтын төлем құжаттары АЖКД берумен бір мезгілде ұсынылады.
Тармақ 8
8. АЖКД-мен бірге берілген құжаттарды (көшірмелерді) және мәліметтерді тексергеннен кейін декларант ресімдейтін кеден органының лауазымды адамына АЖКД үшінші данасының көшірмесін береді.
Тармақ 9
9. Ресімдейтін кеден органының лауазымды адамы декларант ұсынған АЖКД көшірмесінің "Д" бағанына "ҚР КБА төрағасының .... бұйрығына сәйкес тексерілді" деген жазбаны аталған бұйрықтың нөмірі мен күнін көрсете отырып жазады, қолын қояды және жеке нөмірлік мөрінің таңбасымен растайды.
Тармақ 10
10. Ресімдейтін кеден органы АЖКД-ның үшінші (қайтарымды) данасының көшірмесін декларантқа береді.
Тармақ 11
11. Декларант АЖКД көшірмесін тауарларды тасымалдаушыға береді.
Тармақ 12
12. Ресімдейтін кеден органы осы тарауға сәйкес АЖКД ресімделгеннен кейін АЖКД тексеру аяқталған сәттен бастап үш сағаттан кешіктірмей қорғалатын байланыс арналары бойынша қызмет аймағында тауарларды әкелу жүзеге асырылатын кеден шекарасындағы өткізу пункттері орналасқан баратын кеден органы мен ресімдейтін кеден органына АЖКД ресімделгені туралы мәліметтерді береді.
Тарау 3. 3. Тауарларды өткізу пунктінде ресімдеу
3. Тауарларды өткізу пунктінде ресімдеу
Тармақ 13
13. Қызмет аймағында өткізу пункті орналасқан кеден органдарының лауазымды адамдары тауарлардың кеден шекарасы арқылы өтуі кезінде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген құжаттардың пакетінде ресімдейтін кеден органының осы Нұсқаулықтың 9-тармағында көрсетілген жазбаларымен бірге АЖКД данасы көшірмесінің болуын тексереді.
Тармақ 14
14. Өткізу пунктінде орналасқан кеден органдары АЖКД данасының көшірмесін ұсыну кезінде тауарларды баратын кеден органына жолдайды.
Тармақ 15
15. Егер онда тауарлар оларға осы Нұсқаулықтың қолданылуы таратылатын өзге тауарлармен бірге жеткізілетін жекелеген тауарлар санатының бір партиясы (аралас жүктер) әкелінсе, АЖКД данасының көшірмесі осы Нұсқаулыққа 1-қосымшада көрсетілген тауарлардың жеке санатына ғана ұсынылуы тиіс.
Тармақ 16
16. Егер бір көлік құралында жекелеген санат тауарларының бірнеше партиясы бірнеше алушының мекен-жайына әкелінсе (біріктірілген тасымалдау), онда АЖКД данасының көшірмесі оларға осы Нұсқаулықтың қолданылуы таратылмайтын тауарлардың жекелеген санаты партияларына ғана ұсынылуы тиіс.
Тармақ 17
17. Оларға АЖКД данасының көшірмесі ұсынылатын тауарлардың жекелеген санатына қатысты кедендік ресімдеуді жүргізу және тауарлардың жеткізілуін жүзеге асыру кезінде көлік құралдарының жүк бөлімдеріне (контейнерлерге) кедендік бірдейлендіру құралдары салынады.
Тарау 4. 4. Негізгі кедендік ресімдеу жүргізу
4. Негізгі кедендік ресімдеу жүргізу
Тармақ 19
19. Тауарлардың жекелеген санаты баратын кеден органына келген кезде декларант ресімдейтін кеден органын жеткізілу орнына келгендігі туралы хабардар етеді.
Тармақ 20
20. Тауарларды ұсыну кезінде тауардың көліктік және тауарға ілеспе құжаттарының көшірмелері, сондай-ақ ресімдейтін кеден органында ресімделген АЖКД көшірмесі ұсынылады.
Тармақ 21
21. Декларант АЖКД көшірмесін ұсынған жағдайда, алайда баратын кеден органында оның қабылданғандығы туралы электронды түрдегі ақпарат болмаған жағдайда, аталған кеден органы кешіктірмей (1 сағаттан аспайтын мерзімде) АЖКД-ны тіркеген және қабылдаған ресімдейтін кеден органы оның қабылданған фактісін растау туралы жедел арналар бойынша сұратады. Көрсетілген растау алынған жағдайда кедендік ресімдеу осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 22
22. Баратын кеден органдары АЖКД-ның көшірмесін ұсынған сәттен бастап 3 сағаттан кешіктірмей қорғалатын байланыс арналары бойынша ресімдейтін кеден органына тауарлардың келіп түскені туралы ақпарат береді.
Тармақ 23
23. Кеден мақсаттары үшін қажетті құжаттар тауарларды шығару туралы шешім қабылдау үшін ресімдейтін кеден органына беріледі.
Тармақ 24
24. Ресімдейтін кеден органы баратын кеден органының тауарлардың келіп түскені туралы ақпаратты және кеден мақсаттары үшін қажетті құжаттардың түпнұсқаларын алғаннан кейін тауарларға негізгі кедендік ресімдеуді жүргізеді және Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес тауарларды шығарады.
Басқа 1. Тауарлардың жекелеген санатының тізбесі
Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 маусымдағы N 326 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының белгілі бір кедендерінде тауарлардың жекелеген санатын декларациялау бойынша нұсқаулыққа 1-қосымша Тауарлардың жекелеген санатының тізбесі Тауарлардың атауы пайдалану қолайлылығы үшін келтірілген. Аталған тізбені қолдану мақсаттары үшін тек тауардың Ресей СЭҚ ТН сәйкес кодын пайдалану қажет. ------------------------------------------------------------------  N !                  Тауардың атауы            ! Тауардың СЭҚ ТН р/с!                                            !  бойынша коды ------------------------------------------------------------------  1 !                     2                      !        3 ------------------------------------------------------------------  1  Тамақты газ немесе газ және басқа да отын        7321 11     түрлерінде дайындауға және жылытуға арналған     7321 90 000     құрылғылар  2  Ауаны тазартуға арналған қондырғылар,            8415 10 100     олардың бөлшектері                               8415 81 909                                                      8415 82 800                                                      8415 83 900                                                      8415 90 900 3   Тоңазытқыштар, мұздатқыштар, олардың             8418 10 910     бөлшектері                                       8418 10 990                                                      8418 21                                                      8418 22 000                                                      8418 29 000                                                      8418 30 910                                                      8418 30 990                                                      8418 40 910                                                      8418 40 990                                                      8418 91 000                                                      8418 99 990 4   Кофе немесе шай дайындауға арналған электр       8516 71 000     жылыту приборлары, олардың бөлшектері            8516 90 000 5   Кір кептіргіштер                                 8421 12 000 6   Тұрмыстық ыдыс жуу машиналары, олардың           8422 11 000     бөлшектері                                       8422 90 100 7   10 кг астам кір сиятын кір жуғыш машиналар,      8450 11     олардың бөлшектері                               8450 12 000                                                      8450 19 000                                                      8450 90 000 8   Тұрмыстық тігін машиналары, олардың бөлшектері   8452 10                                                      8452 90 000 9   Есептеу машиналары және есептеу функцияларын     8470 10 000     атқаратын жазуға, дыбысын шығаруға және          8470 21 000     деректерді көзбен көруге арналған қалта          8470 29 000     машиналары, олардың бөлшектері                   8473 21 10  Есептеу машиналары мен олардың блоктары,      8478 (8471 10 100     олардың бөлшектері                               8471 41 100                                                      8471 49 100                                                      8471 50 100                                                      8471 60 100                                                      8471 70 100-                                                      ден басқа)                                                      8473 30 11  Электр двигателі орнатылған қол аспаптары,       8467 21     олардың бөлшектері                               8467 22                                                      8467 29                                                      8467 99 000 12  Электр двигателі орнатылған                      8509     электромеханикалық тұрмыстық машиналар,     олардың бөлшектері 13  Электр ұстаралар, шаш қиюға арналған             8510     машинкалар, олардың бөлшектері 14  Инерциясыз немесе аккумуляциялайтын электр       8516 (8516 80     су жылытқыштары, ыдысқа батырылатын электр       100-ден басқа)     су жылытқыштары, олардың бөлшектері 15  Телефон аппараттары, бейнефондар,                8517 11 000     факсимильдік аппараттар                          8517 19 100                                                      8517 19 900                                                      8517 21 000 16  Микрофондар және олардың табандықтары            8518                                                      (8518 10 100                                                      8518 21 100                                                      8518 22 100                                                      8518 29 100                                                      8518 30 100                                                      8518 40 100                                                      8518 50 100-ден                                                      басқа) 17  Электр ойнатқыш құрылғылар (дектер),             8519     олардың бөлшектері                               (8519 10 00-ден                                                      басқа)                                                      8522                                                      (8522 90 100                                                      8522 90 300-ден                                                      басқа) 18  Магнитофондар, диктофондар, олардың бөлшектері   8520 10 000                                                      8520 32                                                      8520 33                                                      8520 39                                                      8520 90 900 19  Дайын, жазылмаған тасығыштар                     8523 20  Грампластинкалар, таспалар және дыбысты          8524     жазуға немесе осыған ұқсас жазбаларға     арналған басқа да тасығыштар 21  Бейне жазу және бейне көрсету аппаратурасы,      8521 (8521 10     бейнекамералар, олардың бөлшектері               100-ден басқа)                                                      8522 (8522 90                                                      100-ден басқа)                                                      8525 20 910                                                      8525 40                                                      8529 (8529 10                                                      100                                                      8529 90                                                      100-ден басқа) 22  Радиотелефондық, радиотелеграфтық байланысқа     8527 (8527 90     немесе радио хабарларын таратуға арналған        100-ден басқа)     қабылдау аппаратурасы, олардың бөлшектері        8529 (8529 10                                                      100 0                                                      8529 90 100                                                      0-ден басқа) 23  Телевизия байланысына арналған қабылдау          8528 12     аппаратурасы, олардың бөлшектері                 8528 13 000                                                      8528 30                                                      8529 (8529 10                                                      100                                                      8529 90                                                      100-ден басқа) 24  Электронды интеграл сызбалары және микро         8542     жиналымдар 25  Фотокамералар (кинокамералардан басқа),          9006     фото жарқылдатқыштар, олардың бөлшектері 26  Фото көшіру машиналары, олардың бөлшектері       9009 21 000                                                      9009 22 000                                                      9009 91 000                                                      9009 92 000                                                      9009 93 000                                                      9009 99 000 27  Дыбысы электр тәсілімен шығарылатын              9207     немесе күшейтілетін музыка аспаптары             9209 94 000 28  Телевизия қабылдағышы пайдаланылатын             9504 10 000     бейне ойындар, электронды ойындар                9504 90 900 29  Баспахана бояуы, жазуға және сурет салуға        3215     арналған сия және шоғырландырылған немесе     шоғырландырылмаған, қатты немесе қатты емес     өзге де сия 30  Көшiру-көбейту техникаларына арналған тонер      3707 90 300 31  Шаңсорғыштарға арналған қағаз қапшықтар          4819 40 32  Баспа каталогтары мен үнпарақтары                4901 33  Жарнамалық плакаттар                             4911 34  Шаңсорғыштарға арналған мата сүзгiлер            5911 90 35  Соруға арналған көмiрлі сүзгілер                 6815 10 900 36  Желдеткiштер                                     8414 51 37  Сорғыштар                                        8414 60 38  Су жылытқыштар                                   8419 11 39  Ауа тазартқыштар                                 8421 39 300 40  Таразылар                                        8423 10 41  Кептiргiш барабандар                             8451 21 42  Yтiктеу жабдықтары                               8451 30 300                                                      8473 30 43  Плазмалық панелдер                               8471 60 900 44  Көшiру-көбейту техникаларына арналған            8472 90     аксессуарлар 45  Есептеу машиналарының бөлшектерi мен керек-      8473 30     жарақтары 46  Статикалық өзгерткiштер                          8504 40 47  Электр аккумуляторлары                           8507 20 48  Телефон аппараттарына арналған аксессуарлар      8517 90 49  Бейнежазба аппараттарының бөлшектерi             8522 90 50  Ұялы телефондар                                  8525 20 910 51  Телевизиялық байланысқа арналған қабылдау        8529 90     аппаратының бөлшектерi 52  Электр желiлерiн қорғауға арналған қондырғы      8536 30 900 53  Түрлi-түстi электронды-сәулелiк бейнелeу         8540 11     түтiкшелерi 54  Бейне аппараттарға арналған кабельдер            8544 20 55  Сылау аппараттары                                9019 10 100 56  Сiңiрiлген полимер материалдарынан жасалған      9612 10 100     таспалар __________________________________________________________________