Об утверждении Правил предоставления субъектам малого предпринимательства в имущественный наем (аренду) или доверительное управление с правом последующей безвозмездной передачи в собственность неиспользуемых объектов коммунальной собственности Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.06.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне коммуналдық меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін кейіннен меншікке өтеусіз беру құқығымен мүліктік жалға алуға (жалға беруге) немесе сенімгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 сәуірдегі N 327"Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне коммуналдық меншіктің пайдаланылмай объектілерін кейіннен меншікке өтеусіз беру құқығымен мүлік жалға алуға (жалға беруге) немесе сенімгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімияты қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне коммуналдық меншіктің пайдаланылмай объектілерін кейіннен меншікке өтеусіз беру құқығымен мүлік жалға алуға (жалға беруге) немесе сенімгерлік басқаруға беру ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы және коммуналдық меншік департаменті осы қаулымен бекітілген ережеге сәйкес коммуналдық меншіктің пайдаланылмай объектілерін кейіннен меншікке өтеусіз беру құқығымен мүлік жалға алуға (жалға беруге) немесе сенімгерлік басқаруға беруді жүзеге асыруға уәкілетті орган болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Н.Бурлаченкоға жүктелсiн.
Басқа 4
"Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне коммуналдық меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін кейіннен меншікке өтеусіз беру құқығымен мүліктік жалға алуға (жалға беруге) немесе сенімгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы" облыс әкімиятының 2003 жылғы 23 маусымдағы N 295 қаулысына қосымша Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне коммуналдық меншiктiң пайдаланылмайтын объектiлерiн кейiннен меншiкке өтеусiз беру құқығымен мүлiктiк жалға алуға (жалға беруге) немесе сенiмгерлiк басқаруға беру ЕРЕЖЕСI
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шағын кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды күшейту және оны жандандыру жөнiндегi шаралар туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398 Жарлығына , "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы N 131-I Заңына сәйкес әзiрлендi және сауда-сатып алу (делдалдық) қызметiн қоспағанда, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне өндiрiстiк қызметiн ұйымдастыру мен халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшiн коммуналдық меншiктегi пайдаланылмайтын ғимараттарды, құрылыстарды және жабдықтарды (бұдан әрi - объектiлер) кейiннен меншiкке өтеусiз беру құқығымен бiр жыл мерзiмге мүлiктiк жалға алуға (жалға бepугe) немесе сенiмгерлiк басқаруға беру, сондай-ақ объектiлердi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне меншiкке беру шарттары мен тәртiбiн реттейдi.
Тармақ 2
2. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне кейiннен меншiкке өтеусiз беру құқығымен бiр жыл мерзiмге мүлiктiк жалға алуға (жалға бepуге) немесе сенiмгерлiк басқаруға бiр жылдан астам уақытта мақсаты бойынша пайдаланылмаған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң (бұдан әрi - ұйымдар) объектiлерi берiледi.
Тармақ 3
3. Объектiлердi беру тендерлiк негiзде жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Пайдаланылмайтын объектiлер тiзбесiн қалыптастыру
2. Пайдаланылмайтын объектiлер тiзбесiн қалыптастыру
Тармақ 4
4. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне берiлуге жататын объектiлердi айқындау мақсатында Оңтүстік Қазақстан облыстық қаржы және коммуналдық меншік департаменті (бұдан әрi - уәкілетті орган) мен ұйымдарға қарасты мемлекеттiк басқару органдарының өкiлдерi жыл сайын ұйымдар мүлкiнiң тиімділiгіне және мақсатты пайдаланылуына тексеру жүргiзедi.
Тармақ 5
5. Уәкілетті органның жүргiзiлген тексерулердiң нәтижелерi бойынша бiр жылдан астам пайдаланылмаған, шағын кәсiпкерлер субъектiлерiне беруге жататын объектiлердiң тiзбесiн (бұдан әрi - тiзбе) қалыптастырады және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне кейiннен меншiкке бepу құқығымен объектiлердi мүлiктiк жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға беру жөнiнде тендерлер өткiзу кестесiн айқындайды.
Тармақ 6
6. Тендерлер өткiзу тiзбесi мен кестесiн уәкілетті орган мемлекеттiк басқару органдарымен келiседi. Тендерлер өткiзу тiзбесi мен кестесiн өзгертуге мемлекеттiк басқару органдарының келiсiмiнсiз жол берiлмейдi.
Тармақ 7
7. Ұйымдар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне объектiлердi бергенге дейiн олардың сақталуын қамтамасыз етедi.
Тарау 3. 3. Тендер өткiзуге дайындық
3. Тендер өткiзуге дайындық
Тармақ 8
8. Тендер өткiзу мен шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүлiктiк жалға алу (жалға беру) немесе сенiмгерлiк басқару шарттарының талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асыру үшiн уәкілетті орган тұрақты жұмыс iстейтiн комиссиялар (бұдан әрi - комиссия) құрады. Комиссияның құрамына уәкілетті органның және мүдделі жергілікті органдардың (келісім бойынша) өкілдері кіреді. Уәкілетті органның өкiлi комиссияның төрағасы болып табылады.
Тармақ 9
9. Комиссия:
Тармақша 1
1) өз жұмысының регламентiн әзiрлейдi және бекiтедi;
Тармақша 2
2) объектiлердiң техникалық жағдайына байланысты бepу (мүлiктi жалға алу (жалға беpу) немесе сенiмгерлiк басқару) түрiн айқындайды;
Тармақша 3
3) тендер өткiзу күнi туралы шешiм қабылдайды;
Тармақша 4
4) тендер шарттарын айқындайды;
Тармақша 5
5) жалдау ақысының мөлшерiн айқындайды (объектiлердi мүлiктiк жалға алуға берген кезде);
Тармақша 6
6) кепiлдi жарнаның мөлшерiн айқындайды;
Тармақша 7
7) тендер өткiзу туралы хабарламаның жариялануын жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) тендер өткiзедi;
Тармақша 9
9) тендер жеңiмпазын айқындайды;
Тармақша 10
10) осы Ережемен көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Комиссияның отырысы, eгep оған комиссия мүшелерiнiң кемiнде 2/3-ci қатысса, заңды болып табылады. Комиссия шешiмi қатысушы комиссия мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады, дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
Тарау 4. 4. Тендерлiк құжаттама
4. Тендерлiк құжаттама
Тармақ 11
11. Тендерлiк құжаттаманы дайындаудың нақты тәртiбiн, мазмұнын және шарттарын комиссия айқындайды.
Тармақ 12
12. Ақпараттық хабарлама тендер өткiзу жарияланған күнге дейiн 15 күннен кешiктiрмей республикалық ресми баспасөзде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жариялануға және мынадай мәлiметтердi:
Тармақша 1
1) тендердiң шарттары мен жеңiмпазды таңдау өлшемдерiн;
Тармақша 2
2) тендер объектiсiнiң қысқаша сипаттамасын;
Тармақша 3
3) тендер өткiзу күнiн, уақытын және орнын;
Тармақша 4
4) тeндepгe қатысуға өтiнiмдердi қабылдау мерзiмдерiн;
Тармақша 5
5) жалға беру ақысының мөлшерiн (мүлiктiк жалға алуға берген кезде);
Тармақша 6
6) тендерге қатысуды рәсiмдеу тәртiбiн;
Тармақша 7
7) кепiлдi жарнаның мөлшерiн және оны енгiзу үшiн банктiк деректемелердi (кепiлдi жарнаның мөлшерi ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейiн өзгертiлмейдi) қамтуы тиiс.
Тармақ 13
13. Тендерлiк құжаттама комиссия айқындайтын тәртiппен қатысушының сұрауы бойынша жиынтыққа берiледi.
Тармақ 14
14. Тендерлiк құжаттама мынадай негізгі бөлiмдердi:
Тармақша 1
1) тендер объектiсi туралы мәлiметтi;
Тармақша 2
2) өтiнiмдер мен онымен бipгe ұсынылатын құжаттардың мазмұны бойынша талаптарды;
Тармақша 3
3) тендер өткiзу тәртiбi мен шарттарын;
Тармақша 4
4) мүлiктi жалдау шарттарының жобасын;
Тармақша 5
5) тендерге қатысуға өтiнiмнiң нысанын қамтуы тиiс.
Тармақ 15
15. Тендерге қатысушыларды тiркеу тендер өткiзу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргiзiледi және тендер өткiзуге дейiн бiр күн бұрын аяқталады.
Тармақ 16
16. Комиссия тендер өткiзу туралы хабарлама жарияланғаннан кейiн барлық ниет бiлдiрушiлердiң объектiлер мен тендер өткiзудiң шарттары туралы ақпаратқа еркiн қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге міндетті.
Тарау 5. 5. Тендер өткiзу
5. Тендер өткiзу
Тармақ 17
17. Тендерге қатысуға ниет бiлдiрген шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi белгiленген мерзiмдерде:
Тармақша 1
1) үмiткердiң тендерге қатысуға келiсiмі және оның тендер шарттарын орындау мен тиiстi шартты жасасу жөнiндегi мiндеттемелерiн қамтитын тендерге қатысуға арналған өтiнiмдердi;
Тармақша 2
2) осы объектiде өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету жөнiндегi бизнес-жоспарды;
Тармақша 3
3) заңды тұлғалар - құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты мен жарғы) нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн және салық төлеушi куәлiгiнiң көшiрмесiн; жеке тұлғалар - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру құқығын растайтын құжаттың көшiрмесiн, сондай-ақ жеке тұлғаның басын куәландыратын құжаттардың көшiрмесiн және салық төлеушiнiң куәлiгiн;
Тармақша 4
4) салық берешегiнiң жоқтығы туралы салық органының анықтамасын;
Тармақша 5
5) кепiлдi жарнаның енгiзiлуiн растайтын төлем құжатының көшiрмесi;
Тармақша 6
6) ақпараттың хабарламада көрсетiлген өзге де құжаттарды бередi.
Тармақ 18
18. Өтiнiмдердi қабылдау және тендерге қатысуға ниет бiлдiрген тұлғаларды тiркеу талап етiлетiн құжаттардың толық жинақтамасы болған кезде жүргiзiледi.
Тармақ 19
19. Тендерге қатысуға ниет бiлдiрген шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн тiркеуден бас тарту үшiн мыналар:
Тармақша 1
1) талап етiлген құжаттардың толық жинақтамасын ұсынбау;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк бюджет алдында салық берешегiнiң болуы;
Тармақша 3
3) белгiленген талаптарды бұзып ұсынылған құжаттар негiз болып табылады.
Тармақ 20
20. Тендерге қатысушы:
Тармақша 1
1) тендерге жеке өзi немесе тиiстi түрде ресiмделген сенiмхаттың негiзiнде өзiнiң өкiлдерi арқылы қатысуға;
Тармақша 2
2) тендерге қойылатын объект бойынша қосымша мәлiметтердi, нақтылайды тегiн алуға;
Тармақша 3
3) объектiнi алдын-ала қарауға;
Тармақша 4
4) оның құқықтары бұзылған кезде сотқа жүгiнуге;
Тармақша 5
5) өзiнiң тендерге қатысуға арналған өтiнiмiн бұл туралы комиссияға оны өткiзгенге дейiн 3 күн бұрын хабарлай отырып, қайтарып алуға құқылы.
Тармақ 21
21. Егер өтiнiмдердi қабылдау мерзiмi аяқталған сәтте (үшінші және келесi тендерлердi қоспағанда) бiр ғана өтiнiм тiркелген болса, тендер өтпедi деп танылады.
Тармақ 22
22. Тендер өтетiн күнi отырыста комиссия мүшелерi тендерге қатысушылардың ұсыныстары бар конверттердi ашады және олардың ұсыныстарын жариялайды. Конверттi ашу алдында комиссия мүшелерi олардың бүтiндiгiн тексередi, бұл комиссия отырысының хаттамасында тiркеледi. Конверттердi ашу және ұсыныстарды жариялау кезiнде тендерге қатысушылардың немесе олар уәкiлеттiк берген өкiлдердiң қатысуға құқығы бар.
Тармақ 23
23. Конверттердi ашқаннан және ұсыныстарды жариялағаннан кейiн комиссия ұсыныстарды талқылау және бағалау үшiн кеңесуге кетедi. Тендерге қатысушылардың (олардың өкiлдерiнiң) ұсыныстарды талқылау және бағалау кезiнде қатысуға құқықтары жоқ.
Тармақ 24
24. Комиссияның шешiмi бойынша ұсыныстары тендерлiк құжаттамадағы барлық талапқа жауап беретiн және тендер талаптарын орындау бөлiгiнде үздiк болып табылатын қатысушы тендер жеңiмпазы деп танылады.
Тарау 6. 6. Тендер нәтижелерiн рәсiмдеу мен шарттың мазмұны
6. Тендер нәтижелерiн рәсiмдеу мен шарттың мазмұны
Тармақ 25
25. Тендер қорытындылары бойынша тендер жеңiмпазын айқындайтын комиссияның қорытындысы немесе өзге шешiмi комиссияның барлық қатысып отырған мүшелерi қол қоятын хаттамамен рәсiмделедi. Теңдер жеңiмпазын айқындайтын хаттама тендердi жеңiп алған тұлға да қол қояды.
Тармақ 26
26. Хаттамада мынадай деректер:
Тармақша 1
1) комиссияның құрамы;
Тармақша 2
2) тендер талаптары;
Тармақша 3
3) тендерге қатысушылар мен олардың ұсыныстары туралы мәлiметтер;
Тармақша 4
4) мүлiктi пайдаланғаны үшiн ұсынылып отырған төлемнiң ставкалары (мүлiктi жалға алуға берген кезде);
Тармақша 5
5) тендер жеңiмпазы;
Тармақша 6
6) тараптардың мүлiктiк жалға алу немесе сенiмгерлiк басқару шартына қол қою жөнiндегi мiндеттемелерi болуға тиiс.
Тармақ 27
27. Тендер нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесi жеңiмпазға берiледi және оның мүлiктiк жалға алу немесе сенiмгерлiк басқару шартын жасасу құқығын куәландыратын құжат болып табылады.
Тармақ 28
28. Teндep нәтижелерi туралы хаттаманың негiзiнде жеңiмпазбен тендерге қатысу кезiнде мәлiмделген ұсыныстарға жауап беретiн талаптарда мүлiктiк жалға алу немесе сенiмгерлiк басқару шарты (бұдан әрi - шарт) жасалады.
Тармақ 29
29. Жеңiмпаз тендерге қатысу кезiнде мәлiмделген ұсыныстарға жауап беретiн талаптарда шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, комиссия жеңiмпазды тендерге қатысушылардың қалғандарының iшiнен (егер қалғандарының саны кемiнде eкeу болса) анықтауға не жаңадан тендер өткiзу туралы шешiм қабылдауға құқылы.
Тармақ 30
30. Кепiлдi жарна:
Тармақша 1
1) eгep тендерге қатысушы өзiнiң ұсынысынан бас тартқанда нeмece оны тендер мерзiмi өткенге дейiн өзгерткенде;
Тармақша 2
2) тендер жеңiмпазына тендерге қатысу кезiнде мәлiмделген ұсыныстарға жауап беретiн талаптарда тиiстi шарт жасасудан бас тартқан жағдайда қайтарылмайды. Барлық қалған жағдайларда кепiлдi жарналар тендер аяқталған күннен бастап 10 банктiк күннен кешiктiрмейтiн мерзiмде, ал егер ақша шотқа тендерден кейiн түссе, онда олар түскен күннен бастап 10 банктiк күн iшiнде қайтарылады.
Тармақ 31
31. Уәкілетті орган тендер жеңiмпазымен тендердiң хаттамасына қол қойылған күннен бастап 10 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей бiр жыл мерзiмге шарт жасасады. Жасалатын шартта, eгep өндiрiстiк қызмет пен халыққа қызмет көрсету шарт жасалған күннен бастап алты ай iшiнде ұйымдастырылмаған жағдайда, оның бұзылуға жататындығы көзделуi тиiс.
Тармақ 32
32. Шарт мiндеттi түрде мынадай жағдайларды:
Тармақша 1
1) шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне берiлетiн объектiнiң техникалық сипаттамалары туралы деректер;
Тармақша 2
2) объектiнi пайдаланғаны үшiн төлем енгiзу тәртiбi мен мерзiмдерiн (мүлiктiк жалға алуға берген кезде);
Тармақша 3
3) бизнес-жоспарға сәйкес алынған шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң мiндеттемелерiн;
Тармақша 4
4) жалдаушының (сенiмдi басқарушының) мерзiмдерi мен есеп беpу нысандары;
Тармақша 5
5) шартты мерзiмiнен бұрын бұзу негiздемесi мен талаптарын қамтуға тиiс.
Тармақ 33
33. Шартқа қол қойылғаннан кейiн 10 күннен кешiктiрмей баланс ұстаушы объектiнi тiркеу есебiнде тендер жеңiмпазы тұрған салық комитетiнің бiр уақытта хабардар ете отырып, уәкілетті орган объектiнi мүлiктiк жалға алуға (жалға бepугe) немесе сенiмгерлiк басқаруға бepу туралы қабылдау тапсыру актiсi бойынша тендер жеңiмпазына бepугe тиiс. Ғимарат пен құрылысты мүлiктiк жалға алу (жалға бeру) шарты мемлекеттiк тiркелуге жатады және осындай тiркеу сәтiнен бастап жасалған деп саналады. Мүлiктiк жалға алу (жалға беру) шарттарын мемлекеттiк тiркеу шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Тендер жеңiмпазының кепiлдi жарнасы мүлiктiк жалға алу шарты бойынша тиесiлi төлемдердiң есебiне жатады.
Тарау 7. 7. Шарт талаптарының орындалуын бақылау және объектiнi меншiкке беру тәртiбi
7. Шарт талаптарының орындалуын бақылау және объектiнi меншiкке беру тәртiбi
Тармақ 34
34. Шарт жасалған сәттен бастап алты ай өткеннен кейiн комиссия жергiлiктi жерге шығып, шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң өндiрiстiк қызметтi жөндеу (халыққа қызмет көрсету) туралы шарттың орындауға тексерудi жүзеге асырады.
Тармақ 35
35. Шарттың осы талабы орындалмаған жағдайда, комиссия шартты оның мерзiмi аяқталғанға дейiн бұзудың орындылығы туралы қорытынды жасайды. Қорытындыға комиссия мүшелерiнiң барлығы қол қояды және ол мiндеттi түрде: тексеру өткiзу уақыты мен орнын, комиссияның құрамын, объектiнiң атауын, жасалған шарттың нөмiрi мен күнiн, жүргiзiлген тексеру нәтижелерiн, шарт талаптары мен ұсынылған бизнес-жоспардың орындалуы, шартты оның мерзiмi аяқталғанға дейiн бұзудың орындылығы туралы комиссияның тұжырымдарын қамтуы тиiс. Комиссияның әрбiр мүшесi комиссия қорытындысымен келiспеген жағдайда, қорытындыда көрсетілуге тиiс айрықша пiкiр бiлдiруге құқылы.
Тармақ 36
36. Қол қойылған қорытындының бiр данасы тексеру жүргiзiлген күннен бастап 5 күнтiзбелiк күн iшiнде объектiнi мүлiктiк жалға алуды немесе сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асыратын шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне қол қойғызып немесе тапсырыстық хатпен берiлуге тиiс. Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi комиссияның қорытындысымен келiспеген жағдайда, ол комиссияның қорытындысына заңнамада белгiленген тәртiппен шағым беруге құқылы.
Тармақ 37
37. Шарттың талаптары орындалмаған кезде комиссия қорытындысының негiзiнде уәкілетті орган шартты бұзады және объектiнi тендерге қайта қояды.
Тармақ 38
38. Егер шарт бұзылған жағдайда, шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне ол өз қаражаты есебiнен және уәкілетті органның келiсiмiмен жалға алынған объект үшiн зиян келтiрместен бөлiнбейтiн жүргiзiлген жақсартулардың құны өтеледi.
Тармақ 39
39. Объектiнiң сақталуын қамтамасыз етпеу, оны мақсатты пайдаланбау және т.б. салдарлардан зиян келтiрiлген жағдайда, шағын кәсiпкерлiк субъектiсi заңнамада белгiленген тәртiппен келтiрiлген материалдық залалдың орнын толтырады.
Тармақ 40
40. Шарттың мерзiмi аяқталғанда және талаптарын уәкілетті орган толық орындаған кезде комиссия қорытындысының негiзiнде объектiнi шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң меншiгiне өтеусiз беру туралы бұл жөнiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiсi тiркеу есебiнде тұрған салық органын хабардар ете отырып шешiм қабылдайды.
Тармақ 41
41. Объектiнi шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң меншiгiне беру объектiнi өтеусiз беру туралы шартпен және қабылдау-беру актiсiмен рәсiмделедi. Объектiні өтеусiз беру туралы шарттарда шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң үш жыл iшiнде уәкілетті органның келiсiмiнсiз объектiлердi сату және объектiлердi иелену құқықтарын шектеу, сондай-ақ уәкілетті органның шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен объектiлердi шарттың талаптарына қайшы келетiн мақсаттарда пайдаланған жағдайда объектiлердi алу құқығы көзделуi тиiс. (Объектiнi меншiкке өтеусiз бepу туралы шарттың үлгi нысаны қоса берiлiп отыр). Мәмiленi тiркеу қолданыстағы заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Тармақ 42
42. Шарт жасалғаннан кейiн уәкілетті орган тіpкeу есебiнде салық төлеушi - шағын кәсiпкерлiк субъектiсi тұрған салық органын коммуналдық меншiк объектiсiн мүлiктiк жалға алуға (жалға бepугe) немесе сенiмгерлiк басқаруға беру туралы хабардар етедi.
Тарау 8. 8. Қорытынды ережелер
8. Қорытынды ережелер
Тармақ 43
43. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне объектiлердi кейiннен өтеусiз меншiкке беру құқығымен мүлiктiк жалға алуға (жалға бepугe) немесе сенiмгерлiк басқаруға беру кезiнде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаралады.
Басқа 105
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне коммуналдық меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін кейіннен меншікке өтеусіз беру құқығымен мүліктік жалға алуға (жалға беруге) немесе сенімгерлік басқаруға беру ережесіне қосымша Объектiнi шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне меншiкке өтеусiз беру туралы ҮЛГIЛIК ШАРТ Шымкент қаласы 200__ жылғы "___" ________ N ____ Бұдан әрi "Уәкілетті орган" деп аталатын Ереже негiзiнде әрекет ететiн Уәкілетті органның атынан бастығы, ___________________________________________________________________ (уәкiлеттi тұлғаның аты-жөнi) бiр тараптан және бұдан әрi "Кәсiпкер" деп аталатын __________________________________________ негiзiнде әрекет eтетiн ___________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы немесе жеке ___________________________________________________________________ тұлғаның аты-жөнi мен мекен-жайы) шағын кәсiпкерлiк субъектiсi атынан _______________________________, (уәкiлеттi тұлғаның аты-жөнi) екiншi тараптан мына төмендегi туралы осы шартты жасасты.
Тарау 1. 1. Шарттың мәнi
1. Шарттың мәнi
Тармақ 1
1. Бұдан әрi "Объект" деп аталатын 200_жылғы "___" ________ N ____ тендер хаттамасымен _______________ уәкілетті органдағы 200__ жылғы "___" ________ N ___ тендерге Кәсiпкер сатып алу құқығын иеленген және 200_жылғы "___" ________ N ____ мен 200_жылғы "___" ________ N ____ хаттамаларымен, 200_ жылғы "___" ________ N ____ мүлiктiк жалға (сенiмгерлiк басқару) шартының талаптарын орындау туралы уәкілетті органның 200_ жылғы "___" ________ N ____ бұйрығымен құрылған комиссия қорытындысының негiзiнде ____________ шаршы метр алаңдағы __________________ мекен-жайында орналасқан _______________________ (объектiнiң атауы) Кәсiпкердiң меншiгiне өтеусiз беру Шарттың мәнi болып табылады.
Тармақ 2
2. Уәкілетті орган бередi, ал Кәсiпкер жалға беру (сенiмгерлiк басқару) шартын жасасу сәтiнде қалдық сомасы _________ ________________ құнымен объектiнi өтеусiз сатып алады. (жазбаша) Объектiнi бepу осы шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын Объектiнi қабылдау-беру актiсiнiң негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Осы шарт қолданыстағы заңнамада көзделген тәртiппен мемлекеттiк тiркелуге жатады.
Тарау 2. 2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган қабылдау-беру актiсi бойынша осы шарт жасалған сәттен бастап 3 күн iшiнде Объектiнi Кәсiпкергe беруге міндеттенеді. Уәкілетті орган Объектiнi кәсiпкердiң меншiгiне берген сәттен бастап үш жыл iшiнде объектiнiң пайдалану тұрғысына __________________________________________________________________ (шағын кәсiпкерлiк субъектiсi қызметiнiң түрi көрсетiлсiн) мақсаттарда тексерулер жүргізуге құқылы.
Тармақ 5
5. Кәсiпкер үш жыл iшiнде объектiнi __________________________________________________________________ (шағын кәсiпкерлiк субъектiсi қызметiнiң түрi көрсетiлсiн) мақсаттарда пайдалануға мiндеттенедi. Кәсiпкер үш жыл iшiнде Объектiнi иеленудi Уәкілетті органның келiсiмi болған кезде ғана жүзеге асыра алады.
Тармақ 6
6. Объектiнi орынсыз пайдаланған жағдайда, Кәсiпкер объектiнiң сақталуын қамтамасыз етпеумен келтiрiлген материалдық залалдың орнын толтыра отырып, объектiнi Уәкілетті органға мiндеттi.
Тарау 3. 3. Қосымша шарттар
3. Қосымша шарттар 7. Осы шарт оны мемлекеттiк тiркеген күннен бастап күшiне енедi. 8. Шарт заң күші бірдей, мемлекеттік және орыс тілдерінде төрт данада жасалады, оның екеуі Уәкілетті органда, екеуі Кәсіпкерде қалдырылады.
Тарау 4. 4. Тараптардың орналасқан жері мен қолдары
4. Тараптардың орналасқан жері мен қолдары Уәкілетті орган Кәсіпкер Басшы ______________________ Басшы ______________________ (қолы, мөр орны) (қолы, мөр орны)